Асым Аманжолов шығарма шылығымен т а н ы с қ а н ы



жүктеу 22.03 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі22.03 Kb.

Қ

асым Аманжолов шығарма-

шылығымен  т а н ы с қ а н ы -

мызда өлендерінің өрнегінен де, тіл 

кестесінен де, сыр шумағынан да 

ұ лтты қ  б о я у ы н ы ң  қ а н ы қ т ы ғ ы н 

бірден байқайсын. Бұл ақынның ту-

ған жер, табиғат, махаббат және 

бірқатар этнографиялық жырла-

рынан  ж а р қ ы р а й көрініп, бірден 

баурап алады. 

«Шықшы тауға,  қарашы кең 

далаға, 

Мәз боласың,  ұқсайсың жас 

балаға. 

О шеті мен бұ шетіне жүгірсең, 

Шаршайсың ба,  құмарын бір 

қана ма?!», 

деп жазған екен бір кезде. 

Өлеңдерінің образдылығына, 

орамдылығы мен нақтылығына таң-

тамаша  қаласың.  Қазақ  ж ы р ы н а 

— Жырмен жасалған портрет, 

арман, мақсат, өсиет — бәрі бар. 

Өлеңді жақсы көрсең, оқи бер де 

тоқи бер. 

Тіршілік иесінің  қыр соңынан 

қалмайтын ең  қатал, жа н түрші-

герлік «ажал», «өлім» секілді суық 

сөздердің өзі осы ақынның жырла-

рында  қалай өзгеріп,  қандай образ-

ға оранып кетеді десеңізші: 

«Жас дәурен,  қызығыңа тоя ал-

маспын, 


Ән мен күй, өлең, сені  қоя ал-

маспын! 


Тірлікте тебіренейік, тербелейік, 

Бір күні кетсем  ұйықтап оянбас-

пын!» — дейді. Оқыған сайын ықы-

лас  қойып, ынтыға түсесіз. 

Аян Нысанәлі «Дауылпаз» атты 

т у ы н д ы с ы н д а :  « Қ а й р а т - ж і г е р і н 

ақтық демі біткенше жолғалтпаған 

Абайдан кейін әлемдік поэзия мәдениетінің жаңа 

тынысы мен жарқын үлгісін әкеліп, мектебін  қалып-

тастырғаны үшін бүгінгі XXI ғасырдың  ұрпақтары 

осы адамға мәңгілік  қарыздармыз! Өлеңім өзімменен 

бірге өлмесін деп толғанған ақын көптеген өлеңдері 

мен поэмаларында өз  з а м а н ы н ы ң  п о э з и я л ы қ 

шежіресін жасау ісіне лайықты үлес  қоса білді. Тын-

бай еңбек еткен ақын поэзиямен ғана шектеліп  қал-

ған жоқ. Драматургия жанрына да  қалам тартты. 

Әңгіме, очерктер жазды. Әдеби сынға ат салысты, 

көркем аудармалар жасады. Пушкиннің ол аудар-

ған «Полтава» поэмасы, «Тұтқын», «Чаадаевқа», тағы 

да басқа өлеңдері, Лермонтовтың «Маскарад» дра-

масы мен «Еврей сазы», «Қанжар» өлеңдері, Некра-

совтың, Шевченконың, Низамидің туындылары, 

Маяковскийдің «Бар дауыспен», Твардовскийдің «Ва-

силий Теркин» тәрізді шығармалары  қазақ поэзия-

сының алтын  қорын толықтыра түсті.  Қ.Аманжо-

ловтың шығармалары көптеген туысқан халықтар-

дың тілдеріне аударылды. Дүние-тіршілікке ғашық 

көзбен  қызыға, ынтыға  қараған ақынның іңкәр 

көңілінің лүпілі кез келген жырынан айқын аңғары-

лады. 


Әсіресе сүйіп оқитын өлеңдеріміз — ақынның 

«Дариға сол  қыз» бен «Өзім туралысы». Бүкіл бір 

дәуір бір-ақ демде көз алдыңызға келеді. Сұрапыл 

майдан.  Қыз. Өмір.  Қансырап жығылған оған өмір 

елестеп,  қыз алыстайды. Аласұрып, еңіреген. Со-

ңында ақын  қызбен, өмірмен  қайта табысады. Бұл — 

асыл арман, жеңімпаз өмір, мәңгілік махаббат тура-

лы жыр. Оқып отырып таңдай  қағып, таң  қаласыз. 

Ал көпшілікке мәлім болып кеткен «Өзім туралы-

сын» алсаңыз: 

«Дүниеге келер әлі талай  Қасым, 

Олар да бұл  Қасымды бір байқасын. 

Өртке тиген дауылдай өлеңімді 

Қасымның өзі емес деп кім айтасың?!» 

арқалы ақынның туындыларында жиі кездесетін да-

уыл, нөсер, жел, найзағай, от пен су, түгел табиғат 

тұтасып, түрленіп, жан бітеді, үйлесім мен үндестікті 

іңкәр іздетеді. Ойға ой сезімге сезім  қосады. Кірбің 

шалған жанынды таң шығымен жуып тазартады. 

Ақынның асыл мұраты, бәлкім, осы шығар. Әйтпе-

се ғазиз ана табиғатты кімнің сүйгісі келмейді? 

Шабытты шағында: 

Туған ел бұл дүниеде сен болмасаң, 

Өзімді отқа атар ем әлдеқашан. 

Сен деген  қасиетті бір махаббат. 

Ж ү р сақтап көкірегіме жуытпай шаң, — деп  қайы-

рады. Барған сайын өмірге ғашық болған жанның 

ішкі даусы ашылып, көкей күйін оятып жатыр. 

Бірақ осы жырдың ар жағында алқымға жас 

кептеліп тұрған секілді. Күрделі сезім бейне бір ақын 

жанын тулатып, нар тәуекел асау тіршілік толқы-

нына салғандай. Сондықтан ол өзекті өртейтіндей 

ой тастайды», — деп  Қасымның жан тебіренісін, 

өзіндік жан сезімін шебер сипаттайды. 

Қасым жырларынан от алған ақиық ақын Мұқа-

ғали да: 

Жеді... Тынды... Керемет дерттер төніп, 

Кең кеудеде кетті гой кектер сеуіп. 

Қасым деген —  қалғыған жанартау ғой, 

Жанартау ғой. Жанды да кетті өртеніп, — деп 

оның тағдырына  қиналып, талантына басын иген. 

XX ғасырдың  ұлы тұлғалары мен асқақ ақында-

рының бірі болған  Қасым Аманжоловтың туғанына 

биыл 90 жыл толады. Аз ғұмырында  ұрпаққа  қал-

дырған өнегелі өсиетімен, отты жырларымен өмірде 

өшпес із  қалдырып, ерен жүйрік өлеңімен өрнек 

өрген  Қасымның  қадіріне жетіп,  қасиетін тану — 

бүгінгі  ұрпақтың басты парызы болар... 



Толқын СЫЗДЫҚОВА, 

Жамбыл атындағы №7 мектеп-интернат 

гимназиясының оқушысы 

Орталық Қазақстан. - 2001. - 12 қыркүйек. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал