Асыл ағамыз Евней Арыстан ұлы Бөкетовтің соңғы жылдары



жүктеу 16.63 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі16.63 Kb.

БІР ӘҢГІМЕ

ХАҚЫНДА

Асыл ағамыз Евней Арыстан-

ұлы Бөкетовтің соңғы жылдары

жазған «Жиеннің» жиендігі жай-

ында Жақыпбектің айтқаны» де-

ген әңгімесін «Орталық Қазақ-

стан» газеті жариялай бастаған-

да таныстар, оқырмандар теле-

фон арқылы: «Бұл болған хикаят

па? Әлде Евекеңнің өз қиялынан

туған шығарма ма?» деп сұрай

бастады. Қалың оқырманға

түсінікті болуы үшін сол жайға тоқ-

тала кеткенді жөн көрдім.

Менің есімде сақталғаны мы-

надай жай. Жаздың жайма-шуақ

күндерінің бірінде, шамамен 80-

ші жыл болуы керек, бір топ

шәкірті, жақсы көретін жолдаста-

ры, араларында бірнеше ұлттың

өкілі бар (марқұм Евней өмірінде

ұлтқа бөліп көрмеген еді), серуен-

ге шығып, судың жағасында

үйден апарған көрпе-жастықта-

рын жайып тастап, әртүрлі әңгіме

айтып күлісіп отырады. Сондай

сәттің бірінде техника ғылымда-

рының кандидаты Александр

Алексеевич Щербаков деген бір

жолдасы өзінің басынан өткен

қызықты бір хикаяны әңгімелеп

береді. Соны тыңдап болып, бар-

лығы күлісіп отырғанда біреуі:

«Мынау өте жақсы, жазса тартым-

ды әңгіме болып шығады екен», -

дегенді айтады.

Сонымен, барлығы рахаттана

күлісіп алады. Евекең ол кезде

ректорлық қызметтен босап,

уақытының кеңейген кезі еді.

Бірде сол әңгімеге оралып, «Рас-

сказ Алексея Александровича

Плетнева, как он вора поймал»

деген атпен орысша жаза бастай-

ды. Мұнда әкесінің аты мен өз

атын әдейі ауыстырып жазып,

Щербаковты «Плетнев» деп

өзгертіп алады. Щербак деген

қазақтың шарбақ дегені, жай ха-

лықоны плетень дейді. Шығарма-

ны жазу үстінде Евекең Щерба-

ковты бірнеше рет шақырып

алып, мұқият сұрап, болған жағ-

дайды әңгіме етіп, қағазға түсіріп

қойыпты. Бірақ ешбір баспа ор-

нына ұсынбаған екен.

Кейінірек, 1983 жылы болуы

керек. Жүректен сырқаттанып,

ауруханада жатқанда бұл әңгімені

«Жиеннің» жиендігі жайында

Жақыпбектің айтқаны» деген ат-

пен қазақша жазып шығады. Оны

шәкірттерінің біріне машинкаға

бастыртады. Содан кейін шамасы

көп ойланған болуы керек (ол кез-

де асыл ағаның атын ешбір бас-

пасөзде ататтырмай қойды ғой),

«Орталық Қазақстан» газетінің

сол кездегі жауапты хатшысы

Рымқүл Сүлейменовке мынадай

өтініш жазыпты:

«Сүлейменов Рымқұлға

28-01-83

Қалқам, Рымқұл!

Емханада ұзақ жатсаң, әр

нәрсенің басын шатыстырып, ши-

майлай бастайды екенсің. Мынау

сол шимайдың бірі. Өзің оқып

көр. Кәдеге асса Арыстан Қаби-

ден (әкем аты - Арыстан, өз атым

- Ибн-Қабиден) деген псевдо-

ниммен жарқ еткіз. Кәдеге аспа-

са, мен айтқанды түсінетін адам

екенімді білесің ғой.

Сәлеммен Евней», -

деп қолын қойып, біреуден

беріп жіберіпті.

Газет қызметкерлері ерлік жа-

сап, «Күдік құрт» деген атпен

Қабыкен деп, бірталай қысқар-

тып, 1983 жылғы 24 және 25

қыркүйектегі екі санында жария-

лады. Бұл асыл ағамыздың көзі

тірісіндегі соңғы жарияланым еді.

Мен мұны асыл ағаның 80

жылдық торқалы тойы қарсаңын-

да халқы қадірлеген ағамызды

тағы бір қырынан көрсету мақса-

тында жазып отырмын. Әңгімені

толығымен қайта жариялағаны

үшін редакция ұжымына, оның

бас редакторы Мағауия Сланбе-

кұлы Сембайға шын жүректен ри-

зашылығымды білдіремін.



Қамзабай БӨКЕТОВ.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал