Ашық сабақ жоспары



жүктеу 46.67 Kb.

Дата20.03.2017
өлшемі46.67 Kb.

Ашық 

 сабақ  жоспары                                                                      

«Бекітемін»

 

                                                                                                                          ___________________ 

                                                                                                                          Оқу ісінің меңгерушісі 

                                                                                                                                     21.01.2014ж 

 

Сабақтың тақырыбы: 

 Калькулятор. Блокнот 

Сыныбы: 6 «А»

 

 

Сабақтың мақсаты:

 

         Білімділік: Оқушыларға калькулятор, блокнот туралы ақпарат бере отырып, олардың 

қолданыстағы атқаратын орны және мүмкіндіктерін ұғындыру 

         Тәрбиелілік: Техника қауіпсіздігін қатаң сақтауға, алған білімдерін тиянақты пайдалана 

білуге тәрбиелеу 

         Дамытушылық: Оқушылардың білім – білік дағдысын, ептілігін, логикалық ойлау 

қабілеттерін дамыту 

 

Сабақтың 

 түрі: жаңа сабақ 

Сабақтың 

 типі: ойын сабақ  

Сабақтың әдісі:

 топтық оқыту, сұрақ –жауап, сөзжұмбақ 

Сабақтың 

 көрнекілігі: дербес компьютер,  интерактивті  тақта, Венн  диограммасы, Эдвард  де 

Боно ойды жеделдету әдісі, көрнекілік суреттер. АКТ, ұялы телефон, қойын дәптері, презентация. 



Пәнаралық

  байланысы: қазақ тілі, математика  

 

Сабақтың барысы:



 

Ұйымдастыру

: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, тақтаның тазалығын қадағалау, 

оқу құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару. 

Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу. І топ – Калькулятор,  ІІ топ – Блокнот.  Әр топтың 

басшылары сайланады. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды тиянақты орындаған оқушыларға 

1 фишкадан беріліп отырады. Сабақ соңында  ең көп фишка жинаған оқушыларды бағалаймыз. 

 

Үй

 тапсырмасын тексеру: 

2 топқа  5 -5тен  10 сұрақ қойылады. 

І топ:  

1.

 



Microsoft Office Word қандай бағдарлама? 

2.

 



Microsoft Office Word бағдарламасын қалай ашамыз? 

3.

 



Ең қарапайым графикалық редактор? 

4.

 



Paint бағдарламасының құрал – саймандар тақтасында неше құрал бар? 

5.

 



Microsoft Office Word бағдарламасына суретті қалай кірістіреміз? 

 

ІІ топ: 



     1.   Қазіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген  Word бағдарламасы қалай аталады? 

     2.   Paint бағдарламасында суретті бояуға арналған неше түс бар? 

     3.   Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? 

     4.   Суреттің көлемін қалай  үлкейтеміз және кішірейтеміз? 

     5.   DELETE пернесі қандай қызмет атқарады? 

 

Жаңа сабақты түсіндіру. Миға шабул.Вен диограммасын пайдалана отырып, есепшот пен 



калькулятордың айырмашылықтарын, артықшылықтарын анықтау. 

 

 



 

 

 



 

 

         есепшот 



                    

калькулятор 



Сұрақ. Ең алғашқы есептеуіш құралы қалай аталады? Оның жасы нешеде? 

 

Калькулятор

  -  қазіргі  уақытта  барлығымызға  таныс  есептің  теңдеуін  шығаруға  көмектесетін 

құрал.  Қалта  калькуляторлары,  ұялы  телефонда  және  дербес  компьютерде  қолданылатын 

калькуляторы.  Адамдар  есептеуді  жүргізуді  есептеу  аспаптары  мен құрылғылары   пайда  болмай 

тұрып  бастаған.  Ол  үшін  олар  қол  саусақтарын,  тастарды,  ағаш  таяқшаларды  пайдаланды.  Олар 

тастарды  үйіп,  заттардың  санын  жерге  сызған  сызықшалармен  немесе  жіптерге  түйілген 

түйіншектермен  есептеген.  Бірақ  бұл  есептеулер  көлемінің  артуы  есептеу  құралдарының  пайда 

болуына себепші болды. Ең бірінші пайда болған есептеу құралы ол есепшот болды. Есепшоттың 

жасы 2000 – 5000 жылдар шамасында. Пайда болған жері Ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, 

ежелгі  Греция  болуы  мүмкін.  Гректер  мен  Батыс  Еуропалықтар  «абак»  деп,  қытайлықтар 

«суанпан»,  жапондықтар  серобян  деп  атаған.   Есепшотпен  есептеулер  орналасқан  тастарды 

жылжыту   арқылы  жүргізілген.  Есепшот  Ресейде  ХҮІ  –  ХҮІІ  ғасырларда  пайда  бола  бастаған. 

ХҮІІ  ғасырда  Джон  Непер  логарифм  түсінігін  енгізді.  1761  жылы  ағылшын  Д.Робертсон 

жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасап шығарды. 

Логарифм  құралын  жасау  идеясын  1660  жылы   Исаак  Ньютон    ұсынған.  1642  жылы  француз 

математигі Блез Паскаль дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарды. Ол жетектер 

мен  дөңгелектерден  тұратын  механикалық  машина  болатын.   Онда  көп  мәнді  есептерді  қосу 

мүмкін  болды.  1694  жылы  неміс  математигі  Лей

бниц  механикалық  есептеу  машинасы 

арифмометрді  құрастырып  жасады.  Онда  дөңгелектердің  орнына  цифрлар  жазылған  цилиндр 

қолданылды.  Онда  көбейту,  бөлу,  квадрат  түбірін  табу  амалдарын  орындау  мүмкін  болды.  Бірақ 

арифмометр  кейін  бірнеше  жетілдірілді,  бұл  бағытта  орыс  өнертапқыштары    П.Л.Чебышев  пен 

В.Т.Однер  көп  еңбек  етті.  Осы  арифмометр  қазіргі  қолымызда  жүрген  калькулятордың  негізін 

салды. 

 

    Блокнот  –  кішігірім  мәтіндік  файлдармен  жұмыс  істеуге  арналған  редактор.  Қазіргі  уақытта 



блокнот дербес компьютерлерде де, соңғы үлгідегі сенсорлық телефондарда да кеңінен қолданыла 

басталы. Блокнотқа мысалыға өзімізге керекті   мәліметті (ақын – жазушылардың өлең жолдарын, 

нақыл  сөздерді,  мақал – мәтелдерді,  жақындарымыздың туған  күндерін,  байланыс  нөмірлерін  де) 

қосымша  жазып,  сақтап  қоя  аламыз.  Қазіргі  блокноттарда  мәтін  мен  қатар    фотосуреттерді  де, 

аудио жазба мен қатар видео жазбаларды да енгізе аламыз. Тіпті мәтінді енгізбей керек ақпаратты 

дыбыстық  нұсқада  да  енгізе  аламыз. Оның  мүмкіндігі  көптеген  қарапайым  мәтіндік  редакторлар 

мүмкіндіктеріне  қарағанда  төмендеу.  Оның  бір  талассыз  жақсы  жағы  бар-  ол  қарапайым  әрі 

жинақы  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді,  жедел  жадта  тіпті  ешқандай  орын  алмайды  десе  де 

болады.  Бұл  программаны  іске  қосу  үшін  Пуск  –  все  программы  –  стандартные  –  Блокнот 

командаларын орындаймыз. Блокнот тек бір ғана қаріп түрін (жүйелік шрифт) ғана  пайдаланады. 

 

Дәптермен жұмыс.Оқушылар дәптерді ашып күннің жадын және жаңа тақырыпты жазамыз.

 

Тапсырмалар



 (топтық жұмыс) 

 

1 тапсырма «Кім тапқыр?» деп аталады. Мақал – мәтелдің бірінші жолы айтылады. Сендер екінші 

жолын тауып,мақалдың толық нұсқасын  блокнотка енгізесіздер. 

 

1.



 

Білім –  

 

2.

 



Бір дос бар – мал шыққанша, 

            Бір дос бар – қан шыққаншы, 

            ---------------------------- 

3.

 



Білекті бірді жығады, 

            -------------------------- 

 

2 тапсырма. Калькулятордың көмегімен математикадан есеп шығару. Дәптерге жазу 



А)  -2*(-2,1)*(-5)*(-3)*(-1,1)= 

Б)  -3*(-2,4)*(-4)*(-2)*(-0,1)*(-0,5)= 

 


3 тапсырма. Калькуляторды пайдалану арқылы мына сандардың пайызын табамыз. 

 

А) 75- тің  50



%;         Б) 150 – дің  35%;          В) 895 – тің  20%: 

 

Сергіту сәті.

 «Кім жылдам?» деп аталады. Оқушылар сергіту сәтінде біз сендердің есте сақтау 

қабілеттерінді  анықтау үшін 3, 13, 33 сандарын  пайдаланып ойын жаттығуын орындаймыз. 

3 санын атағанда қолымызды алға созамыз, 13 санын атағанда қолымызда жоғары көтереміз, 33 

санын атағанда қолымызды төмен түсіреміз. Сандардың орны ауыстырып аталып,жылдам 

айтылады. 

 

 



Сабақты бекіту:

 Сөзжұмабақты шеш 

Б 

 

 



 

 

 



 

 

Л   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

О   


К   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Н   


 

 

 



 

 

О   



 

 

 



 

 

 



 

Т 

 



 

 

 



 

1. Кішігірім мәтіндік файлдар мен жұмыс істеуге арналған редактор? 

2. Арифмометрді құрастырған  неміс математигі? 

3. Алғашқы шыққан есептеуіш құрал? 

4. Қолға ұстап жүруге ыңғайлы есептеуіш техникасы? 

5. Қытайлықтар есепшотты қалай атады? 

6. Жапондықтар есепшотты қалай атады? 

7. Мәтінді енгізуге арналған құрылғы? 

 

Сабақты  қортындылау

.  Эдвард    де  Бононың    ойды  жеделдету  әдісін  пайдала  отырып, 

оқушыларға тапсырма беру.  

-

 

Оқушылар  бүгінгі  тақырып  Калькулятор  мен  Блокнот  болғандықтан  екі  топ  өздеріңіз 



қалайтын  осы  құралдарды  болашақта  қалай  елестетесіздер?  Сіздер  үшін  қандай  қызмет 

атқарғағанын  қалайсыздар?Идеяларыңызды  қағаз  бетіне  түсіріп,  оны  қорғап  шығасыздар. 

Жобаны сызуға 5 минут және қарғауға да 5 минут уақыт  беріледі. 

Екі  топ  өз  топтарының  атына  сәйкес  жаңа  жоба  жасап,  тың  идеяларын  ортаға  салады.  Яғни 

жобаларын қорғап шығады.  Жоба қорғаған топқа келесі топ өздерінің пікір, ұсыныстарын айтады. 

 

 Тақтаға көңіл – күйді білдіретін смайликтер ілінеді. Сол смайликтер астына топбасшыларының 



белгі қоюы арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді. 

 

Үй



  тапсырмасы:  Бізде  оқулық  жоқ  болғандықтан,  калькулятор  және  блокнот  тақырыбында  

мәліметті  кітапханада  информатика  пәнінен  қосымша  кітаптардан  қарап,  керекті  жерлерін 

дәптерге түртіп аламыз. Тақырып түсінігін айтамыз. 

 

Бағалау:



 Ең көп фишка жинаған оқушыларды бағалау. Шынайы марапат. Сабаққа ең үздік ат 

салысқан оқушыны «Ыстық орындыққа» отырғызу. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал