Ашық әңгіме алаңында Өткен жылдың жазында



жүктеу 483.9 Kb.

бет1/3
Дата09.09.2017
өлшемі483.9 Kb.
  1   2   3

Ашық әңгіме алаңында

Өткен  жылдың  жазында  «Қаламқас» халық  ән-би  ансамблі  талғампаз  Семей  жұртшылығын  ән  мен

жырға  сусындатып,  қошеметке  бөленіп  қайтқан  болатын.  Сан  сахнаны  бағындырған  ансамбльдің

шығармашылық әлеуеті әлі де зор. Ал, өнер әлемі ұдайы жаңарып, жасарып, қайта түлеп отыруы қалыптасқан

заңдылық. Ұлт мәдениетінің мәйегі саналатын ән мен би өнерінің тоқырамауы үшін ізбасар шәкірттерінің

де осал болмауы керек-ақ. Бүгінде осынау «қаламқастық» аға-әпкелерінің өнердегі ізін жалғаған «Айгөлек»

балалар ән-би ансамблі қойылар талап үдесінен шыға білуде. Құрылғанына көп болмаса да аяқ алыстары

көңіл  сүйсінтеді.  Жуырда  аталмыш  өнерпаздар  ұжымы  алаштың  рухани  астанасы  саналатын  Семей

шаһарына өнер сапарымен барып, үлкен сахнада көрерменін тәнті етіп қайтты.

Адамзаттың бәрін сүй,  бауырым деп

Бағасы  келiсiмдi

Абай  аудандық  қоғамдық-саяси  апталық  газетi

(Газет  2006  жылдан  шығады)

№ 5 (317) 1-7 ақпан 2015 жыл

Ақпан айының 4-ші жұлдызында

Семейдің  орт алығындағы  Абай

атындағы  драма  театр  көпшілікке

есігін  айқара  ашты.  Келушілердің

қарасы мол еді. Тіпті, көрермендердің

көптігі  сонша,  театрдың  кең  залы

тарлық етіп, концерт бойы тіке тұрып

тамашалағандар да болды.  Әсіресе,

туған  мекенінен  бір  елі  жырақта

жүрген,  елі  мен  жеріне  деген

сағыныштары  бар  абайлықтар  көп

жиналды. 

Кезінде 


аудан

басшылығында  абыройлы  еңбек

еткен, ауданның «Құрметті азаматы»

Хафиз  Матаев  бастаған  зиялылар,

қоғам  қайраткерлері  де  арнайы

келіпті.


Кешке  жиналғандар  ең  әуелі

мәдениет  және  тілдерді  дамыту

бөлімінің  басшысы,  әрі  әдебиетші-

драматург,  «Мәдениет  саласының

үздігі» төсбелгісінің иегері, бірнеше

кітаптардың 

авторы 

Әсет


Мырзақасымның  «Абай  аманаты»

атты  жаңа  кітабының  тұсаукесер

рәсіміне куә болысып, жүрекжарды

тілектерін ақтарды. Жаңа туындының

лентасын  белгілі  ел  ағасы  Хафиз

Матаев пен аудан әкімі Тұрсынғазы

Мүсәпірбеков  салтанатты  түрде

қиды.  Төл  әдебиетімізде  өзіндік

қолтаңбасын  қалдырып  жүрген

автордың  бүгінге  дейін  екі  кітабы

жарыққа  шыққан  болатын.  Мұнан

өзге  ұлы  тұлғалар  жайында  қалам

тербеген 

ғылыми-танымдық

мақалалары мен пьесаларының өзі бір

төбе. Салтанатты кеште тағы бір тың

туындысы оқырманына жол тартты.

300 данамен басылған кітабын шара

барысында  Әсет  Медеуханұлы  өз

қолымен облыстық Абай кітапханасы

мен  Абай  мұражайына  аманаттап

табыс етті. Мұнан өзге тұсаукесерге

арнайы келген қонақтар мен оқырман

қауымға да үлестірді.

-  Менің  туындыларыма  негізгі

арқау, басты тақырып мұхиттай терең

Абай  мен  Шәкәрім  әлемі,  -  дейді

автор. Ол сондай-ақ, қазіргі күні есімі

көп  жерлерде  айтыла  бермейтін

Қалиолла  Өскенбайұлы  жайлы  тың

мағлұматтар 

жинастырып,

ғұмырнамалық  пьеса  жазуды  қолға

алып  жатқандығын  да  жеткізді.  -

Осынау кітаптың жарыққа шығуына

тікелей қолдау танытқан аудан әкіміне

алғысым зор, - деді өз сөзінде Әсет

Медеуханұлы. 

Әрине, 

аудан


басшысының  мәдениет  пен  өнерге

деген көзқарасы дәл бұлай айрықша

болмағанда, 

бүгінгідей 

зор

жетістіктер орын алар ма еді?!



Ал өнерге ынтық бүлдіршіндерден

құралған  ансамбль  құрамында

осалдары  жоқ,  тек  облыстық,

республикалық, 

халықаралық

байқаулардың  жүлдегерлері  атанып

жүрген  кіл  дарабоздар  топтасқан.

Жалпы  жиыны  80-нен  аса  баладан

құралған өнер ұжымының бір жарым

сағаттық концерттік бағдарламаларын

тапжылмастан тамашалаған көпшілік

өнерлеріне  тәнті  болғандарын

толассыз 

жаудырған 

зор

қошеметтерімен 



білдірді.

«Айгөлектіктер» өнері бір ғана жанр

түрімен  шектелмеді.  Сахнаны

камералық  ансамбльмен  қатар

фольклорлық ансамбльмен де әрледі.

    Концерт  шымылдығын  өлеңмен

өріп, әр нөмірді рет-ретімен баяндаған

жүргізушілер Тәттімбет Оразұлы мен

Нұрлан  Маратов,  Әнел  Толымбетова

мен Аяулым Серғалиевалар кәсібилік

танытты. Үлкен ортада өздерін еркін

ұстауы,  әр  сөздің  қазақы  табиғатын

бұзбай  әуезді  жеткізулері  сахна

мәдениетін  терең  меңгергендігін

аңғартты.

  Сондай-ақ,  кеш  барыс ында

өнерлері республика көлемінде жоғары

бағаланып, тіпті, халықаралық дәрежеде

жүлдегер  атанып  жүрген жез  таңдай

әншілер  көрермендерін  тәнті  етті.

Олар,  Ақдариева  Ақбөпе  «Қазақ  елі

осындай» әнін, Толқын Оразқызы халық

әні  «Аққұм»,  Оралқызы  Зарина

«Қазағым-ай»,  Сәулет  Жанболатова

«Балапан  қаз»  әнін  және  Оразалина

Көркем  «Ізін  көрем»  әндерін  үлкен

тебіреніспен  шырқап,  ән  сүйер

қауымның  құлақ  құрышын  қандыра

білді. Өнері республиканы тамсантып,

сын  тезінен  суырылып  шыққан

«өрнектік»  кербез  бишілер   мен

«Еркеназ»  бишілер  тобын  көрермен

ерекше  қабылдады.  Ал,  Толқын

Оразқызының орындауында «Жекпе-

жек» күйі шебер шертілгенде талайдың

тамсанғаны рас. Осылайша балғындың

өнерлері  «Өрнек»  бишілер  тобы  мен

«Саз»  трио сының  «Туған  жер»

композициялық 

қойылымымен

қорытындылады.

Расында  «Айгөлек»  би  тобы  бұл

шараға ерекше даярлықпен келгендігін

дәлелдеді.

Бұл  ретте  ансамбльдің  өнеріне

жоғары  бағасын  беріп,  ерекше  разы

пейілде  екендігін жеткізген  ел ағасы

Хафиз Матаев:

 - Қаншама ел мен жерді араласам

да дәл мұндай ерекше әсер сыйлайтын

тартымды  концертті  көрген  жоқпын.

Балғын өнерпаздар өнерінің бір-біріне

ұқсамайтыны,  еш  қателікке  бой

алдырмауы мені ерекше тәнті қылды, -

дей келе ауданды айрықша біліктілікпен

басқарып  отырған  аудан  әкімі

Тұрсынғазы Жантұяқұлына өнер мен

мәдениетке  ерекше  жанашырлық

танытып отырғаны үшін ризашылығын

жеткізді.

Концерт  соңында  сахна  төріне

кө т ер і лі п   с өз   а лғ а н   Сем ей

қаласының мәдениет және тілдерді

дамыту  бөлімінің  басшысы  Берік

Көпбаев қалалықтар атынан ілтипат

б і лд і р е  келе  қа ла   ә кі м і   Ай б ек

Кәрімовтың атынан «ықылас гүлін»

табыс етті.



(Жалғасы 4-бетте)

Тоғжан РАХЫМБЕКҚЫЗЫ

«Абай елі»

Қарауыл-Семей-Қарауыл

Өнер сапары

Астанада  өтіп  жатқан  Қазақстан  халқы

Ассамблеясы  жылының  ашылу  салтанаты

барысында 

Астана 

әкімі 

Әділбек

Жақсыбеков “ҚХА - 20 ізгі іс” эстафетасын

Ақмола 

облысының 

әкімі 

Сергей

Кулагинге  табыстады.

 «Құрметті  достар,  сіздерді  бүгін  ашылып

отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылымен

құттықтаймын. Бұл еліміздегі үлкен мереке. Бүгін

біз “20 ізгі іс” эстафетасын бастаймыз. Эстафета

символы Тайқазан Түркістан қаласынан Астанаға

жеткізілді және бүгін оны елордалық Ассамблея 20

ізгі іспен толтырды”, - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.

Осыдан кейін ол Тайқазанды Ақмола облысының әкімі Сергей  Кулагинге

табыстады. 

“Бүгін - бізде нағыз мереке. Пост кеңестік елдердің ішінде бүгінде тек бізде ғана

бірлік пен бейбітшілік үстемдік құрып тұр. ҚХА - біздің мақтанышымыз, ең басты

құндылығымыз”, - деп атап өтті С. Кулагин Тайқазанды қабылдап алған соң. 

Айта кетейік, ҚХА ізгі істерінің символы ретінде Тайқазанды таңдаудың өзіндік

себептері  бар.  Ол  ықылым  замандардан  адамдарды  бірлікке  шақырып,  бір

дастархан басына тоғыстыра білген. Тайқазан - бірлік пен берекенің, тоқшылық

пен молшылықтың белгісі.

Ғаламтордан

Облыс жаңалығы

Ақпан  айының  4-і  күні  Өскемен

қаласындағы С.Аманжолов атындағы

ШҚМУ мәжіліс залында Қазақстан

Республикасының  Мемлекеттік

қызмет  істері  және  сыбайлас

жемқорлыққа  қарсы  іс  -  қимыл

агенттігінің  Шығыс  Қазақстан

облысы бойынша департаментінің

басшысы  БАҚ  өкілдерімен  ашық

әңгіме  алаңын  өткізді.  Жиынның

тақырып 

өзегі 

сыбайлас

жемқорлықпен  күрес  және  оның

алдын  алуға  байланысты  жаңадан

қабылданған заңнамадағы өзгерістер

мәселесі болды.

Мемлекет дамуына тежеу болатын

негізгі факторлардың бірі жемқорлық

фактілері  екені  белгілі.  Бұл  ретте

Елбасы  Н.Назарбаев  аталмыш

келеңсіздікпен күрес мәселесін ұдайы

алдыңғы орынға  қоюда.  Осы  орайда

құрылымы  жаңарған  мемлекеттік

қызмет  істері  және  сыбайлас

жемқорлыққа  қарсы  іс  -  қимыл

агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы

бойынша  департаментінің  басшысы

облысымыздағы  БАҚ  өкілдерімен

кездесу ұйымдастыруы орынды шара.

Өйткені, ақпараттандырушы саланың

аталмыш қылмыспен күрес барысында

атқарар қызметі орасан екендігі белгілі.

Жиынды алғысөзбен ашқан басқарма

басшысы 

Досанов 


Ғалымбек

Нұрмыханұлы өз баяндамасында ендігі

уақытта сыбайлас жемқорлыққа барған

лауазымды  тұлғаларға  қолданылатын

жазаның да қатаңдатылғанын баса айтты.

Мәселен,  аталмыш  бап  бойынша

жауапкершілікке тартылған мемлекеттік

қызметкер  жазасын  өтеу  барысында

мезгілінен бұрын шартты түрде босау

құқынан  айырылып,  өмірінің  соңына

дейін мемлекеттік қызметке қайтып келу

мүмкіндігінен айырылады екен.

Сондай-ақ,  жаңа  басқарманың

басшысы  сыбайлас  жемқорлықпен

күресті әуелі балабақша қабырғасынан

бастау керектігін атап өтті.

Қорыта  айтсақ,  жаңа  бағдар,  соны

талаппен жұмысын бастаған басқарма

ендігі аралықта сыбайлас жемқорлықпен

күрес жүйесін қатаң негізге алмақ екен.

Бұл  ретте  жемқорлық  фактілерінің

өзімен  ғана  күресіп  қоймай  оны

тудырушы  себеп-салдар  зерттелініп,

алдын алуға күш жұмылдырылмақ. Яғни,

қылмысқа  бару  жолдары  анықталып,

сарапталып,  талданған  қорытынды

басқарма жұмысына бағдар болмақ.

«Судың  да  сұрауы  бар»  екендігін

негізге  ала  отырып  облысымыздағы

“Қазақстан  Республикасының  2015-

2025  жылдарға  арналған  сыбайлас

жемқорлыққа  қарсы  стратегиясы.

Жаңадан  құрылған  органның

мақсаттары,  міндеттері 

және

функциялары”  туралы  пікірін  ортаға



салған басшы БАҚ өкілдерін аталмыш

мақсатта бірлесе күш жұмсап, жұмыла

жұмыс жасауға шақырды

Нұржан БАЙТӨС,

«Абай елі»

Қарауыл-Өскемен-Қарауыл

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



1-7  ақпан  2015  жыл

ЗАҢНАМАДА  ПРОБАЦИЯ

МӘСЕЛЕЛЕРІ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске

асыру үшін берілетін  мемлекеттік гранттар туралы

ақпарат

  «Бизнестің  жол  картасы  2020»  бағдарламасы  шеңберінде  кәсібін  жаңа



бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беріледі. Бірегейлігімен және

жаңашылдығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз



және қайтарусыз негізде бөлінеді.

Гранттарды «Бизнес кеңесші» жедел-курстарынан қысқа мерзімді оқытудан

өткеннен  кейін  бағдарламаның  жергілікті  деңгейдегі  үйлестірушісі  арқылы

ұсынады.


Бизнес-жобаның міндетті шарты кәсіпкердің ұсынылып отырған Гранттың

көлемінен кемінде 20 пайыз  мөлшерінде  оны  іске  асыру  шығындарын бірге

қаржыландыруы болып  табылады.

Кәсіпкер Грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалана алады:

1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

2) материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технологияларды сатып алу;

4) франшизге құқықтарды сатып алу;

5)  зерттеу  жұмыстарымен  және/немесе  жаңа  технологияларды  енгізумен

байланысты шығындар.

Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және жалға алу үшін төлем

ретінде пайдаланылмайды.

1. Бір Кәсіпкер үшін Гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000

(үш миллион) теңгеден аса алмайды.

Қайта құрылған заңды тұлғаның құрылтайшылары басымды мақсаттық топқа

қосылған бірнеше жеке тұлғалар болған жағдайда, көрсетілген заңды тұлғаға

Грант сомасы көрсетілген құрылтайшылар санының 3 000 000

(үш миллион) теңгеге көбейтіндісіне тең сомадан аспауы тиіс.

2. Гранттар  мына:

қайта  ұйымдастыру,  тарату  немесе  банкроттық  сатысындағы,  сондай-ақ

қызметі  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасымен  уақытша

тоқтатылған;

салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша

берешегі бар;

қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға ұсыну болып табылатын

кәсіпкерлерге берілмейді.

  Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер толығырақ ақпаратты

аудандық  кәсіпкерлік,  ауылшаруашылық  және  ветеринария  бөлімінен

алуларыңызға  болады.  Байланыс  телефоны:  9-21-06,  9-17-40.  Мекен  жайы:

Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14



Қалалармен /аудандар атауы 

Жәшіктің 

орналасқан жері 

Қарауыл ауылдық округі әкімі аппаратының 

ғимараты 

Қарауыл ауылы 

Құнанбай көшесі, 12  

Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі 

аппаратының ғимараты 

Кеңгірбай би ауылы 

 

Көкбай ауылдық округі әкімі аппаратының 



ғимараты 

Көкбай ауылы 

 

Құндызды ауылдық округі әкімі аппаратының 



ғимараты 

Құндызды ауылы 

 

Архат ауылдық округі әкімі аппаратының 



ғимараты 

Архат ауылы 

 

Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының 



ғимараты 

Қасқабұлақ ауылы 

 

Саржал ауылдық округі әкімі аппаратының 



ғимараты 

Саржал ауылы 

 

Тоқтамыс ауылдық округі әкімі аппаратының 



ғимараты 

Тоқтамыс ауылы 

 

Медеу ауылдық округі әкімі аппаратының 



ғимараты 

Медеу ауылы 

 

Аудан әкімі аппаратының ғимараты 



Қарауыл ауылы 

Құнанбай көшесі, 14 

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтың есеп беру

кездесуіне халықтан түскен ұсыныс, ескерту және пікірлерге

арналған жәшіктердің орналасуы туралы мәлімет

101 хабарлайды

КӨГІЛДІР ОТЫН – ҚАУІП КӨЗІ!

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРДЫҢ

ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Абай  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы  аудан  тұрғындарын  көлік

құралдарының иелерін  өткен кезеңдер үшін, яғни кейінгі бес жыл ішіндегі көлік салығын

төленгендігін немесе толық төленбегендігін  Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер

басқармасы ғимаратының №10 кабинетінен біле алатындығыңызды хабарлайды.

Сонымен  қатар,    көлік  құралдарыңыздың  салығы  төленбеген  жағдайда  көлік

құралдарыңыздың тіркелген  орны  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасының  БСН

(бизнесті сәйкестендіру номері) көрсете отыра, төлей алатындығыңызды хабарлаймыз.

Алдағы уақытта Абай  ауданы бойынша мемлекеттік  кірістер басқармасы  мен   Абай

аудандық ішкі істер басқармасы жол полициясы бөлімінің қызметкерлері бірлесіп Қарауыл

ауылында жеке тұлғалардың көлік салығын төлемегендерді анықтау мақсатында рейдке

шығатындығын қосымша хабарлайды.



Абай ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасы

2009 жылдың 24 тамызындағы №

858 

Қазақстан 



Республикасы

Президентінің жарлығымен бекітілген

Қазақстан  Республикасы    құқықтық

саясатының  тұжырымдамасында

мемлекеттің құқықтық саясатындағы

маңызды  буыны  қылмыстық  саясат

екені  көрсетілген.  Оны  іске  асыруда

қылмыстық, қылмыстық іс- жүргізу және

қылмыстық-атқару құқығы мен құқық

қолдануын  өзара  байланыстырудың

кешендік жолдары көзделді.

10 


тармақшадан 

тұратын


қылмыстық-атқару  кодексі  құра-

мындағы кейбір түсініктерді талқылау

бойынша  жаңа  бап  (3  б.)  алғаш  рет

заңнамамен қарастырылған.

Оның  ішіндегі  үш  тармақша

пробация  сұрақтары  бойынша

түсініктемесін  қарастырады,  яғни

пробация, пробациялық бақылау мен

пробация қызметі туралы түсіндіріледі.

Жаңа  қылмыстық-атқару  кодексіне

енгізілгеннен  бастап  қылмыстық-

атқару  инспекциясы  пробация

қызметіне  өзгертілді.  Аталған

қызметтің  міндетіне  бостандығын

айыруға баламалы шараларды: белгілі

бір  лауазымға    тағайындалу  немесе

белгілі  бір  қызметпен  айналысу

құқығынан  айырылған,  өмір  бойы

аталған жазаға сотталғандардан басқа,

қоғамдық жұмыс, түзеу жұмыстарына

тарту, бас бостандығын шектеу, шартты

сотталғандардың  жүріс-тұрысын

бақылау,  жүкті  әйелдер  мен  жас

балалары  бар  әйелдерге  сотпен

мерзімін шегертілген және мемлекеттік

марапатты  алуды  орындау  болып

табылады.

Пробация  қызметі  пробациялық

бақылауды тек шартты сотталғандарға

ғана емес, бас бостандығын шектеу, бас

бостандығынан  айыру  орындарынан

шартты алдын ала босатылғандарға да

көмек  көрсетеді. Одан басқа  аталған

Кодекске сәйкес пробация қызметінің

міндетіне  сотпен  әкімшілік  бақылау

орнатылып,  мекемеден  босатылған

тұлғаларға  қатысты  әлеуметтік-

құқықтық көмек көрсету кіреді. Бұдан

басқа  «сотталғандардың  негізгі

міндеттері» 11- бапта қарастырылған

болатын.  Нормада  барлық  сот-

талғандарға қатысты талаптар бар.

Сондай-ақ,  осы  баптың  1-

тармағының 5 тармақшасы бойынша

сотталған  жазадан  босатылмағанша,

пробациялық  бақылау  мерзімі

аяқталғанға дейін, жаза өтеу мерзімін

кейінге қалдыру мерзімі аяқталмағанша

ҚР-ның  аумағынан  шығуына  тиым

салатын норма қарастырылған. Түзеу

жұмысы  түріндегі  жазаларды

орындауда  көптеген  өзгертулер

енгізілді. Егер ескі Қылмыстық кодексте

түзеу  жұмыстар  жазасы  екі  айдан

бастап екі жылға дейін тағайындалып,

мемлекетке  бестен  жиырма  пайызға

дейінгі жалақысы ұсталып отырса, ал

жаңа  Қылмыстық  кодекстің  түзеу

жұмыстарына сотталғаннан ай сайын

жалақысынан жиырма бестен бастап

бес  жүзге  жуық  айлық  есептік

көрсеткіштер  түрінде  алынады.

Қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны

орындауда  да  өзгертулер  байқалады.

Қылмыстық кодекстің жаңа 43-бабына

сәйкес қоғамдық жұмыстардың сағат

саны үшін жүзге дейін ұзартылады. Осы

жаза  түріндегі  жаңалық  болып

табылатын  жағдай  Қылмыстық

кодекстің  43-бабы  мен  Қылмыстық-

атқару кодексінің 58-баптарына сәйкес,

сотталған  қоғамдық  жұмысты

орындаған  кезде  негізгі  жұмыс

орнынан  жазасын  өтегенге  дейін

босатылады.  Бас  бостандығынан

шектеу  жазаларын  өтеу  шарасына

өзгеріс енгізілді. Қылмыстық кодекстің

44-бабына сәйкес, сотпен бостандығын

шектеу жазасына пробациялық бақылау

орнатылып, жергілікті атқарушы орган

анықтаған жерде жыл сайын екі  жүз

қырық  сағаттан  аспайтын  мәжбүрлі

еңбекке  тартылуы  тиіс.  Шартты

сотталғандарға пробациялық бақылау

орнатуды  орындауда  пробация

қызметіне  тіркеуге  келмеген  кездегі

жауапкершілікке жеңілдік жасалынған.

Енді  жаңа  Қылмыстық-атқару

кодексінің 174-бабының 4-тармағына

сәйкес  пробация  қызметіне  тіркеуге

шартты  сотталғандар  айына  екі  рет

және  пробация  қызметінің  шақыруы

бойынша  келеді.  Қылмыстық-атқару

кодексінің  176-бабының  1-тармағына

сәйкес,  егер  тәртіп  бұзушылықтар

анықталған кезде пробация қызметі сотқа

пробациялық  бақылаудағы  мерзімін

ұзарту туралы ұсыныс жолдайды. Ұзарту

мерзімі бір жылдан артық болмауы, ал

кәмелетке толмағандарға қатысты алты

айдан артық аспауы тиіс.

Бауыржан МАЛГАЖДАРОВ,

ШҚО бойынша ҚАЖД

Абай аудандық ҚАИ

Инспекторы,

әділет аға лейтенанты

Хабарландыру

2015 жыл, 13 ақпан күні Қарауыл ауылы бойынша су тұтынушы заңды және жеке

тұлғаларға «ШЖҚ «Риза» КМК-ны жиналыс өткізеді. Онда «ШЖҚ «Риза» КМК-ның

2013 жыл және 2014 жылғы кіріс-шығыс есебімен атқарылған жұмыстары туралы су

пайдалану тарифтерімен ережелеріне мәлімет жасайды.

Жиналыс ШЖҚ «Риза» кәсіпорнының ғимаратында сағат 11: 00-де Бекбосынов көшесі

42 үйдегі жиналыс залында өтеді.

ШЖҚ «Риза» әкімшілігі

АДАМ САУДАСЫ – ҚАУІПТІ ҚЫЛМЫС

Қазіргі 


күні 

баллонға


сығымдалған пропан, бутан газдары

ас  әзірлеуге,  үй  жылытуға

пайдаланылады.  Көгілдір  отын

тұрмыста  қолдану  жағынан  өте

ыңғайлы  –  тез  тұтанады,  таза,

ыдыстарға күйе жұқпайды, түтінге

қақалмайсыз. Былай алып қарағанда

газдың  отын  ретінде  пайдасы

теңдессіз,  бірақ  адамдар  оның

қатерлі жақтарын көбінесе қаперге

ала  бермейді.  Газға  ұқыппен

қарамай, сәл ғана қателік кетсе, дос

болып  жүрген  пропаныңыз  нағыз

қатерлі жауыңызға айналып, үлкен

апаттарға  әкелуі  мүмкін.    Газ

жарылысының салдарынан қайғылы

оқиғалар  елімізде  жиі  орын  алып

тұрады. 


Бір 

адамның


ұқыпсыздығынан,  қауіпсіздік

ережелерін  сақтамауынан  көрші

тұратын  бірнеше  жанұя  қайғылы

жағдайға тап болып, зардап шегетін

кездер  аз  болмайды.  Қарапайым

ғана  ережелерді  еске  ұстамаған

жандар  орны  толмас  өкінішке

ұрынып жатады.   Соңғы жылдары

газға уланып, иіс тиіп қаза болғандар

саны артып отыр. Қазіргі кезде газ

баллондары 

барлық 


жерде

қолданылады.  Газ  баллондары

алыстағы ауылдарға да таратылған,

табиғат 


аясына 

демалуға


шығатындар өздерімен алып жүреді.

Сондықтан оның пайдасымен бірге

қаншалықты  қауіпті екендігін білген

жөн. Адамдар шоғырланған жерде

газ  баллоны  атылса,  кішігірім

бомбаның   жарылғанымен  бірдей

болады,  көп  шығын  әкеледі.

Баллондағы газды қолданып бизнес

жасайтындар өртке қарсы қауіпсіздік

ережелерін  қаншама  сақтайды

дегенмен,  газ  сығымдалған

баллондардың ақауы болуы ықтимал,

күннің көзінде тұрып қызуы мүмкін.

Осындай  ұсақ-түйек,  ескере

бермейтін  нәрселерден  қайғыға

душар ететін оқыс оқиғалар туады.

Сондықтан   көпшілік  жүретін

жерлердегі көшпелі асханалардың

газ баллондары адам өміріне қауіпті

деп  саналады.  Мысалы  кейбір

азаматтар салғырттық танытып газ

плитасынан  газ  баллонын  жалғап

тұратын  қосынды  жалғауларын

сыммен және тағы басқа қолда бар

заттармен  бұраудың  салдарынан,

жалғау бойынан газ шығып, жанып

тұрған газ плитасынан от шығарады.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал