«Ашаршылық жылдарына қатысты құпия деректердің бәрі толық жария болды» деген пікірмен келісесіз бе?



жүктеу 0.75 Mb.

бет7/7
Дата22.04.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Қазір бізде қазақша жақсы 

меңгергендіктері сонша, тіпті 

телеэкранда қазақша хабар 

жүргізіп жатқан да өзге ұлт 

өкілдері бар, Осыдан неге тәлім 

алмасқа?

 – Олар болашақта Қазақстанда жақсы 

өмір, кең жер барын түсініп, осында 

ұрпағымыз тұрса тілі мен салтын білуі керек 

деп іс қылып жатқандар дер едім. Біз 

тілімізді үйреніп жатыр деп мәз боламыз, 

бірақ олар қазақ үшін емес, өз болашақтары 

үшін, өздері үшін үйреніп жатыр ғой. Солай 

болуға тиіс. Бірақ біз тіпті осылай «наны» 

үшін болса да үйренгеніне тәуба дейміз. 

Былай қарасақ, қанша жыл барлық 

рахатыңды көріп отырған ұлт тым құрыса 

он сөзіңді үйренуге тиіс қой. Ол деген – 

ұлтқа құрмет, ол – адамгершілік. Біз осы 

шетелге бару үшін ағылшын сөзін 

үйренбесек, аштан өлетінімізді білеміз ғой. 

Өзгелерге өкпе жоқ шығар, бірақ өз ана 

тілін білмейтін қазақтарды неге жоғары 

қызметке қоямыз? 

Әңгімелескен Мәриям ӘБСАТТАР

АЛАШ АЗАМАТЫ

Қандай органға өтініш 

білдіруім қажет?

АЛАШ-АҚПАРАТ

Туберкулезді екі 

сағатта анықтайтын 

мүмкіндік туды

Сәрсенбі күні Туберкулез мәселелері 

ұлт тық орталығында GeneXpert қон ды р-

ғы сын Қазақстанға ресми тапсыру рәсімі 

болып өтті. Оған АҚШ-тың Қазақстандағы 

төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фейр-

факс, USAID-тың Орталық Азия елдеріндегі 

аймақтық миссиясының директоры Эрин 

Элизабет МакКи, USAID TB CARE бағдар-

ла масының директоры Т.Базиков, ҚР ДСМ 

Медициналық көмекті ұйымдастыру де-

пар  таментінің директоры Ажар Төле ға-

лиева, Алматы қаласы Денсаулық сақтау 

бас 


қармасы бастығының орынбасары 

Нұр лан Балтабеков қатысты. 



Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, Туберкулез  мә се ле-

лері ұлттық орталығының директоры, ме-

ди цина ғылымының докторы, профессор:

– Қазақстанда көптеген дәріге тө-

зім ді туберкулезді инновациялық әдіс-

пен жедел анықтау қолға алынуда. Бұл 

ретте USAID халықаралық даму ұйымы 

бізге үлкен көмек беріп отыр. Біз осы 

ап 

параттың көмегімен туберкулезді 

жедел анықтап, науқасты дер кезінде 

қоғамнан оқшаулап, нәтижелі емдеу 

әдістерін жасайтын боламыз. Бұл халық 

ортасында туберкулездің тез таралуына 

тосқауыл болады. Бұрын біз Bactec-

Mgit – 960 аппараты арқылы науқаста 

туберкулездің бар-жоқтығын 7 мен 28 

күн аралығында анықтайтынбыз. Кейін 

Hain-test аппаратын алдық, ол екі күн-

де анықтап бере алатын еді. Енді соңғы 

енгізіліп отырған GeneXpert қон дыр ғы-

сы туберкулезді екі сағатта айқындап 

береді. Демек, бұл аппарат еліміздегі 

туберкулездің эпидемиологиялық 

ахуа лын жақсарта түсуге көмектеседі 

деп күтудеміз. Сондай-ақ бұл аппа рат-

ты тек туберкулезді ғана емес, онко ло-

гия лық, басқа да Вич, СПИД секілді 

ин фекциялық ауруларды анықтауға да 

бейімдеуге болады. Біз мұнымен тоқ-

тап қалмаймыз. Бұл қондырғының нә-

ти  желілігін  тексергеннен  кейін  рес пуб-

ли 

 

камыздағы басқа да емдеу 

ме ке мелеріне  енгізу  жоспарымызда 

бар. 

Қорыта айтар болсақ, елімізде тубер-

ку лезге қарсы іс-шаралар өзінің оңды нә-

ти жесін беруде. Мәселен, 2000 жыл дар-

мен салыстыратын болсақ, қазір 

ту 


бер 

кулезбен алғашқы науқастану екі 

есеге төмендеген. Ал өлім көрсеткіші 2002 

жылмен сараласақ, үш есе, 1995 жылмен 

таразылап көргенде бес есеге азайған. 

Мұның барлығы – мемлекеттік қам қор-

лық тың әрі қолға алынған бағдарламаның 

дұрыс бағытта жүргізілгендігінің нақты ай-

ға 

ғы. Қазақстанда туберкулезге қарсы 



күрес жүргізу «Саламатты Қазақстан» 

мем  лекеттік бағдарламасының басым ба-

ғыт тарының бірі екендігін көрсетеді.

Серік ЖҰМАБАЕВ

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА,

ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері:

ДАТ!


АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

 Мен қазағымның әлі де асыл туатынына, дана туатынына шәк 

келтірмеймін. Бір жерден батыр туады – Махамбет секілді, бір 

жерден дана туады Абай секілді. Қазақтың ұрпағы өлмейді, бірақ 

қиналады ғой... Ал ұрпақ қиналмасын десе, бүгінгі аға ұрпақ 

ертеңгі келер жас ұрпақтың алдындағы парызын өтеуі керек. Ал 

оның орнына сол аға ұрпақ орман-тоғайдағы аң-құсты қызық үшін 

ермекке атып жатыр. Солардың ертең бұл елде немересі, шөбересі 

өспей ме, оны неге ойламайды? Бүгінгі байлыққа, бүгінгі қызыққа, 

тек қана өзінің жеке басының бүгінгі рахатына бүтін ұлттың 

болашағын, бақытын, ұлттың рухы мен намысын неге сатады 

кейбіреулер? Оны халық көріп отыр, демек, ертеңгіге тарих айтады. 

Жер – жұмыр, дүниеде бәрі айналып келеді.

Көлік те тұрғылықты мекенжай 

бойынша тіркелуі керек пе?

Мүлікті бағалау жөніндегі маман болып қызмет атқарғым келеді. Тиісті 

жоғары білімім бар. Ол үшін қандай органға өтініш беруім қажет?

Талғат ЖҮГІНІСОВ, Алматы қаласы

ҚР Әділет министрлігі мамандарының 

мәліметінше, Бағалау қызметімен айна-

лысу құқығын алудан үміткерлерге ар-

нал ған біліктілік емтиханын өткізу ере-

жесіне сәйкес, үміткер министрліктің 

Тір кеу қызметі және құқықтық көмек 

көр сету комитетіне өтініш білдіруі қажет. 

Өтінішпен бірге «бағалау» мамандығы 

бойынша жоғары білім алғанын рас тай-

тын дипломның нотариуспен бекітілген 

көшірмесі және жеке куәліктің көшірмесі 

тапсырылуы керек. Үміткердің емтиханға 

жіберілгені туралы ақпарат тоғыз жұмыс 

күні ішінде оның көрсетілген мекен-

жайына жолданады. Тіркеу қызметі және 

құқықтық көмек көрсету комитетінің 

мекенжайы:  Астана қаласы, Солтүстік 

жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй.

Өзім Алматы қаласында тұрғылықты мекенжайға 

тіркелгенмін, көлігім де Алматыда тіркелген, бірақ 

қазір Астанада тұрамын. Көлігімнің де Астанада 

тіркеуге алынғанын қалаймын, енді мен көлігімді 

қайта рәсімдеу үшін қайда хабарласуым керек? 

Қандай құжаттар талап етіледі?

Еркебұлан, Астана қаласы

Астана қалалық ішкі істер 

де партаментінің Жол поли-

ция сы  басқармасы  ма ман да-

ры ның түсіндіруінше, авто-

кө 


лікті кез келген қаладан 

сатып алуға болғанымен, 

оны тіркету қожайынның 

тұр ғылықты 

мекенжайы 

бойын 


ша іске асырылады. 

Сіздің жағдайыңызда көлі гі-

ңіз де, өзіңіз де Алматы қа ла-

сында тіркеуде тұрғандықтан, 

көлікті қайта рәсімдеуді сол 

қа лада іске асырған ыңғайлы. 

Бірақ Астана қаласына тұр ғы-

лық 


ты мекенжай бойынша 

тірке 


ліп жатсаңыз, көлікті 

Алма тыға бармай-ақ, Астана 

қалалық ІІД Жол полициясы 

басқармасының Тіркеу-ем ти-

хан алу бөлімшесіне қаты нас 

хат жазу арқылы есептен шы-

ға руға да болады.

Қазақстанға шетелден 

туберкулезді жедел анықтайтын 

аппарат алып келінді. Жаңа 

технология елімізге АҚШ-тың 

USAID халықаралық даму 

агенттігінің қаржысы арқылы 

USAID TB CARE жобасы аясында 

жеткізіліп отыр. GeneXpert деп 

аталатын бұл қондырғы әзірге ҚР 

Денсаулық сақтау министрлігінің 

Туберкулез мәселелері ұлттық 

орталығына, Алматы қаласына, 

Ақмола және Шығыс Қазақстан 

облыстарындағы туберкулезді 

емдейтін мекемелерге 

орнатылды. Бұл аппараттың 

бір ерекшелігі, адамда 

туберкулездің бар-жоқтығын 

екі-ақ сағатта анықтайды екен.

Байлық та керек, 

бірақ сауатсыз 

байлық орға 

жығады 


№150 (832) 

24.08.2012 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДОДА


СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ 

БОКС


Бразилияға бой бермедік

Футзалдан студенттер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігіне біздің жігіттердің де 

қатысып жатқанын естігенмін. Алғашқы нәтижелер белгілі болды ма? Қазақстан 

құрамасының аяқ алысы қандай?

Мейіржан ТӨЛЕУХАНОВ, 

Қарағанды

Португалияның Брага қаласында футзалдан 

студенттер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. 

Тамыздың 25-іне дейін жалғасатын біріншілікке 

Қазақстан құра масы да қатысуда. Студент футзал-

шыларымыз Оман, Испания және Бразилия құра-

ма ларымен бірге «В» тобына түскен. 

Алғашқы кездесу біздің құрама үшін сәтті бастал-

ған жоқ. Испаниямен өткен матчта Қазақ стан сту-

денттері 2:6 есебімен жеңіліп қал ды. Ал айда екінші 

кездесуде Оман жігіттерін 7:2 есебімен тізерлетті. Ал 

үшінші матчта Бразилия құра масымен кездесіп, азу-

лы  қар сы лас тарымен  тайталасып  бақты.

Осыдан екі жыл бұрын өткен студенттер дода-

сында Бразилия футзалшылары чемпион атанған 

еді. Десек те, Владимир Кравченко жат тық тыра-

тын қазақстан дықтар атышулы қарсы ластарынан 

қаймықпады. Бұл матчта 2:1 есебімен Бразилия 

жеңіске жеткенімен, біздің жігіттер намысты 

қолдан бермеуге тырысты.

Сөйтіп, «В» тобында жеті ұпай жинаған Ис-

пания мен Бразилия көш бастады, ал Қазақстан 

құра масы енді 9-16 орындар үшін доп додасы-

на түседі. Алғашқы қарсыласы – Израиль құра-

масы.

Америка біріншілігіне қатысатын қазақстандықтар



Лондондағы теннис бәсекесін қызыға тамашаладым. Әсіресе, Сирена Уильямстың ше-

берлігіне сөз жетпейді. Бірнеше күннен соң Американың ашық біріншілігі «US Open» де 

басталады. Осы сынға біздің қыздар қатысады ма? Алыстағы Сирена үшін емес, өзіміздің 

арулар үшін жанкүйер болғым келген.

Жанар АҚЫЛБЕКОВА, 

ШҚО

27 тамыз күні басталатын «US Open» тур-

нирінің әйелдер арасындағы додасына Галина 

Воскобоева, Ярослава Шведова және Ксения 

Перак қаты сады. Ал Ресейден аттай қалап әкел-

ген мақтаулы Юлия Путинцевамыз Нью-Йоркта 

өтіп жатқан тур нирдің електік сынында-ақ есе 

жіберіп алды.

Италия қызы Анна Флорис үш сеттің қоры-

тындысы бойынша мақтаулы Юлиямыздан ба-

сым түсіп, жаңа қазақстандықты бәсеке бастал-

май жатып, үйіне қайтарды. 

Негізгі топқа шығу үшін жанталасып жүрген 

Андрей Голубев аргентиналық Агусин Велоттиді 

жеңді. Екінші айналымда Голубев америкалық 

Райан Уильямспен кортқа шығады. 

Ал ерлер арасында біздің елдің намысын 

қорғайтын Михаил Кукушкин – «US Open» тур-

ниріне іліккендер қатарында.

Жалпы, АҚШ-тың осы ашық біріншілігінде 

қазақстандық теннисші Ярослава Шведова аме-

рикалық Ваня Кингпен жұптасып, 2010 жылы 

жеңімпаз атанған.

Жалпы, қайда барсақ та, қоладан көз 

аш пайтын болдық. Демек, елдегі күрес 

дең гейі – осы. Міне, жеткіншектеріміз де 

екі қола ны қанағат қылды. 

Екінші қоланы құрама қоржынына 54 

келі салмақта белдескен Бауыржан Төре-

беков салды. Ол алғашқы айналымда 

бе лорус Валерий Романенконы жолынан 

тай дырып, одан соң поляк Питер Мажка-

ны да жеңіп, жартылай финалға жолдама 

алған. «Осы белестен де сүрінбей өтер 

деп» сенімді болып, финалдың жайын ой-

лай бастаған едік. Алайда ол үндіс Манн 

Айшибикке қарсы ешқандай айла-тәсіл 

қолдана алмай, амалы таусылды. Екі ке-

зең де де ойсырай ұтылып, қола медаль 

үшін белдесуге мүмкіндік алды. 

Біздің жігіттерден үндістандықтар 

мық ты  екендігін  тағы  да  байқатып  жатыр. 

Со ны мен, қола медаль үшін белдесуде 

кана далық Диллан Уильмсты таза жеңіп, 

үшінші орынға ие болды.

Сонымен қатар тағы екі жігітіміз үшінші 

орын үшін белдесуде өз қарсыластарына 

есе жіберіп, қолда тұрған қоладан айы ры-

лып қалды. 46 келі салмақтағы Жақ сыбек 

Ғалымжан жапон балуанына жол берсе

63 келідегі Ілияс Жұмайдың Иран жігітіне 

шамасы жетпеді.

Енді әйелдер күресіндегі бұрымдылар 

өз белдесулерін бастайды. 



Бекжан 

ҚАЛМҰХАМЕДҰЛЫ

«Арландардың» соққысына 

Украина «жұдырығы» қуат береді

Бүкіләлемдік бокс 

сериясында (WSB) бақ 

сынайтын «Астана 

арландары» кәсіби клубы 

құрамын біраз екшеп, 

нығайта түсті. «Арландар» 

сапындағы бүгінгі таңдағы 

басты жаңалық Қазақстан 

клубының сапына украин 

маманы Сергей Корчинский 

мен оның төл шәкірті 

Сергей Деревянченконың 

келуі болып отыр.

«Астана арландары» өткен жексенбі-

ден бастап Алуштада (Қырым, Украина) 

жаңа маусымдағы алғашқы оқу-жаттығу 

жиынын өткізе бастады. Бұл жиын кезінде 

боксшылардың бәрі дәрігерлік тексерістен 

өтіп, мейлінше қаралады. Естуімізше, ол-

ар мен бірге Лондон Олимпиадасына қа-

тыс қан боксшыларымызбен жұмыс жаса-

ған ұлттық құраманың дәрігерлері де 

Алуш таға  аттаныпты.

Қырымға аттанған боксшылар сапын-

да Мирас Жақыпов, Мейірболат Тойытов 

(екеуі де – 54 келі), Самат Бәшенов, Ер-

жан Мұсафиров (екеуі де – 61 келі), Әсет 

Ай син, Мирас Байырханов (екеуі де – 73 

ке лі), өзбек Рамжон Ахмедов (85 келі) 

жә не алып Руслан Мырсатаев сынды өзі-

міз ге танымал былғары қолғап шеберлері 

бар.


Ең бастысы, алдағы маусымда Қазақ-

стан клубын көпшілікке танымал Украина 

маманы Сергей Корчинский жаттықты-

ратын болды. «Астана арландары» клубы-

ның қызметкерлері таратқан мәліметке 

сүйенсек, Сергей Корчинскиймен алдын 

ала бір жылға келісімшартқа қол қою жө-

нінде сөз байласып, келісілген көрінеді. 

Жалпы, бұл маман осал жаттықтыру-

шы емес. Былтыр Италияның Dolce& Gab-

bana Milano Thunder клубын өрге сүйреп, 

осы командамен WSB жеңімпазы атан-

ған. Әрі Бүкіләлемдік бокс сериясының екі 

мау сымында да теңдессіз шыққан Сергей 

Деревянченконың жеке бапкері.

Сергей Корчинский өзінің шәкірті 

Сергей Деревянченкомен Астанаға шіл-

де айы ның басында келіп, қазақстандық 

клуб басшыларымен келіссөздер жүргіз-

ген екен. Бірақ ол кезде «Астана арлан-

дары» бұл жайында тіс жарып, ештеңе 

мә лім де меген. Бізде бәрі құпия болмаса 

да, көпшілікке жария етілмей жасалып, 

тек «болары болып, бояуы сіңгеннен» 

кейін ғана мәлімденеді ғой. Яғни үй-

реншікті жағдай. Сол сапарында Украи-

на маманы Астана мен Алматыдағы бокс 

залдарымен және базаларымен таны-

сып, «арландар дың» жағдайына көңі лі 

толып қайтыпты.

Негізі, Корчинский мен «Астана арлан-

дары» арасындағы «роман» өткен мау-

сым ның бел ортасынан бастап «тұтанған» 

секілді. Қазақстан клубының баспасөз 

қыз меткерлері таратқан мәліметке сенсек, 

украин маманына басқа клубтар «құда» 

түскен көрінеді. Бірақ Корчинский біздің 

клубты таңдапты. Өйткені білікті бапкер 

үшін бір тілде сөйлеп, тез түсінісу мәселе-

сіне айрықша көңіл бөледі екен. Әрі «Ар-

ландар» – үнемі алдына үлкен мақсат қоя-

тын азулы команда.

Сергей Корчинскийге өткен екі мау-

сымда «Астана арландары» клубының тіз-

гінін ұстаған Бейбіт Есжанов, Олег Коваль-

чук және Виталий Демьяненко көмекте-

сетін болады. Әйгілі Демьяненкомен жа-

қында ғана келісімшарт жасалыпты.

Ал енді команда сапын толықтыратын 

боксшыларға келсек, бас бапкерлік тізгін-

ді қолына алған Сергей Корчинскиймен 

бірге оның төл шәкірті Сергей Деревян-

чен коның да еріп келгенін жоғарыда 

жаздық. Сондай-ақ Қырымда өтіп жатқан 

жаттығу жиынына украин Роман Капито-

ненко (Миландағы әлем чемпионатының 

күміс жүлдегері), молдован Вячеслав Го-

жан (Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, 

2011 жылғы Еуропа чемпионы), Израиль-

дің тәжірибелі боксшысы Константин Сни-

гур келіп, «Арландар» сапында тер төгіп 

жүргені белгілі болды. Ал 28-29 тамыз 

күндері келіссөз жүргізуге Хорватияның 

екі қыраны келмек көрінеді. Екеуі де был-

тыр француздың Paris Unitedклубының на-

мысын жыртқан. Бірі 85 келідегі Хрвое Сеп 

болса, екіншісі өткен маусымның жекелей 

сындағы финалында біздің Руслан Мыр-

сатаевтан басым түскен – Филипп Хрго-

вич. Осы жерде «Астана арландары» клу-

бы әр команданың сапында легионерлер 

болуы міндет екенін есімізге салады. Сірә, 

«легионерлер неге көп» деп даурық па-

ңыздар дегендері болар.

Қалай десек те, осы Украинада өтіп 

жат қан жаттығу жиынынан соң коман да-

ның құрамы толыққанды жасақталып бо-

луы керек. Бапкерлер құрамына беріл ген 

тапсырма сондай.

Ал команда капитаны Қанат Ісләмнің 

жағдайы әлі белгісіз болып тұр. «Астана 

арландары» клубының бас директоры Бо-

лат Манкенов отандық басылымдарға 

«Қанат отбасылық жағдайларына байла-

нысты әзірше бізге нақты жауабын бере 

алмай отыр» деп түсіндіріпті, шойын жұ-

ды рықты саңлағымыздың команда са-

пында жоқтығын. Бірақ Қанат қазақтілді 

басы лымдарға берген сұхбатында «мен 

командадан түпкілікті кеттім» дегендей 

еді. Енді бізге тек әліптің артын бағу ғана 

қалды.


«Астана арландарының» толыққанды 

дайындықтары 7 қыркүйекте басталып, 

бокс шылар 18 күндей Алматының іргесін-

дегі «Ақбұлақ» базасында жаттығады.

Айтпақшы, «Арландар» биыл қоныс 

аудар мақ. Нақтырақ айтқанда, қысқы ая-

зы сықырлаған Астанадан мамыражай 

Алатау бөктеріне ойыспақ көрінеді. Тіпті 

Ал ма ты ның  іргесіндегі  Бәйтерек  ауы лын-

дағы боксшылар базасымен келісім шарт-

қа отырып, сонда қоныс тебетін болыпты. 

Бірақ бұл «Астана бокс көре алмай қала-

ды» деген сөз емес. «Арландар» былтыр-

ғы дай «үй дегі» кездесулерін Астана мен 

Ал маты да алма-кезек өткізбек. Ал WSB 

жо ба сының үшінші маусымдағы жеребесі 

«қыркүйек айының ортасында тартыла-

ды» деп жос парланған. Ал биылғы мау-

сым қараша айы ның ортасында басталуы 

керек.


Ендеше, іске сәт, қазақтың азулы «ар-

ландары»! Биыл жеңіс тұғырының ең биік 

сатысынан көрінулеріңізге тілектеспіз.

КҮРЕС


Ерен жетістігіміз қола жүлде ғана

Күрес түрлерінен Бакуде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы 

әлем чемпионатында еркін күрес балуандары өз белдесулерін 

аяқтады. Былтыр қос алтын алған қазақ балуандары биыл сол ме-

жеден көріне алмады.

Ел кубогы осымен екінші жыл қата ры-

нан елордада ұйымдастырылуда. «Қа зақ-

стан» мұзайдын сарайы мен «Барыс» спорт 

кешенінде өтіп жатқан додаға мына ко-

мандалар қатысуда: 



«А» тобы

«Бейбарыс» (Атырау), «Арыстан» (Те-

мір тау), «Алматы» (Алматы), «Астана» (Ас-

та на), «Қазцинк-Торпедо-2» (Өске мен);



«В» тобы

«Ертiс-Павлодар» (Павлодар), «Арлан» 

(Көкшетау), «Горняк» (Рудный), «Барыс-2» 

(Астана), «Сарыарқа-2» (Қараған ды).

Өздеріңіз байқап отырғандай, ел кубо-

гында бақ сынайтын командалар екі топқа 

қақ бөлінген. Кубок жолындағы дода бір 

айналымдық жүйемен өтеді. Яғни әр топ-

тағы командалар бір-бірімен кездесіп шы-

ғады. Содан соң екі топта топ жарған ко-

мандалар бас бәйгені сарапқа салады да, 

өз топтарында екінші орын алғандар үш-

інші орынға таласады.

Жалпы, бұған дейінгі ел кубогы тари-

хына көз жүгіртер болсақ, бәрінен «Қаз-

цинк-Торпедо» клубының жеңісі көп. Өс-

ке мен клубы ел кубогын төрт рет иеленсе, 

«Қазақ мыс» (Сәтбаев) клубы үш рет жеңіп 

алған болатын. Ал «Горняк» пен «Арыс-

тан» бір рет Қазақстан кубогының жеңім-

пазы атанғандарын мақтан тұта алады.

Х Қазақстан кубогының бірінші 

күнгі нәтижелері:

«Арлан» – «Ертiс-Павлодар» – 4:0

«Арыстан» – «Казцинк-Торпедо-2» – 9:2

«Сарыарка-2» – «Барыс-2»  – 4:3

«Бейбарыс» – «Астана» – 3:1

Әлихан ЖАППАР

ФУТБОЛ


Қазақстан менің бағымды ашты

Екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының 

жеңімпазы Светлана Подобедовамен көшеде кездесіп қалдық. 

Алматы облысының әкімі сыйлаған аппақ көлігімен жүрген 

жеңімпаз қыз көкейдегі сұрақтарымызға жауап беріп, біраз 

уақытын бөлді.

– Света, сәлеметсіз бе, қалай тыны-

ғып жатырсыз?

– Сәлеметсіз бе, рақмет. Бәрі жақсы. 

Бұ йыртса, жолға дайындалып жатырмын, 

Ресейдегі туған-туыстарыма барып қайт-

пақпын. Біраз демалып алған соң, қайта 

жаттығуға кірісемін. 



– Болашақ жопарыңыз қандай? 

Тұр мысқа шыққалы жатыр едіңіз ғой? 

– Иә (күлді), ол бәріңізге таныс – Вла-

димир Седов. Біз біраздан бері біргеміз. 

Бұйырса, тойдың қай күні өтетінін де бел-

гілейміз. Негізі, қыста болады деп жоспар-

лағанбыз.



– Зілтемірді жақсы көтеретініңізді 

білеміз, тамақ дайындауға келгенде 

қалайсыз?

– Тамақты жақсы дайындаймын, Во-

лодя солай дейді. Зілтемірші болғаным-

мен, мен де нәзікжандымын ғой... Үй ша-

руасы, жолдасыңның қабағы әрқашан 

бас ты  назарда  тұрады. 



– Сіздің Бейжің Олимпиадасына 

қатыса алмай қалғаныңызды білеміз. 

Сол үшін Ресейге өкпеңіз бар ма?

– Ол – өткен тақырып. Әрине, мен ол 

кезде нағыз спорттық бабымда едім. Бірақ 

сәті келмеді. Ол үшін мен ешкімге рен-

жімеймін. Отаным Ресейге де еш өкпем 

жоқ. Шынын айтсам, мен Бейжің Олим-

пиа дасын бастан-аяқ көрдім, зілтемір-

шілер шыққанда, Бейжіңге бара алмаға-

Екеуі де – азулы құрама. Екеуі де биыл 

Еуропа чемпионатына қатысқан. Сон дық-

тан біздің футболшыларға оңай бол ма йын 

деп тұр. 7 қыркүйек күні Астанада Ир лан-

дияның қайсар жігіттерін қабыл да сақ, 11 

қыр күйекте Швецияға барып, «ем  тихан 

тапсырамыз». 

Осыған орай, Қазақстан ұлттық құра-

ма  сының бас бапкері Мирослав Беранек 

осы екі матчта ел намысын қорғайтын фут-

болшылар тізімін жариялады. Әрі тізімдегі 

жігіттерді жинап алып, 29 тамыздан бас-

тап, 4 қыркүйекке дейін Алматының ір-

гесіндегі, Талғардағы базада жаттығу 

жиынын өткізбек. 5 қыркүйекте дайындық 

жұмыстарын Астанада жалғастырады да, 

7 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадио-

нында Ирландия құрамасымен кездеседі. 

Ал 9 қыркүйекте біздің құрама Швецияға 

ұшады:


қақпашылар – Антон Цирин («Ақ-

жайық», Орал), Андрей Сидельников 

(«Ақ төбе»), Александр Мокин («Шах-

тер», Қарағанды);



қорғаушылар – Қайрат Нұрдәуле тов 

(«Астана»), Мұхтар Мұхтаров («Ор-

дабасы», Шымкент), Константин Энгел 

(«Энерги» Коттбус, Германия), Алек-

сандр Кислицин («Тобыл», Қос танай), 

Михаил Рожков («Астана»), Марк Гур-

ман («Қайрат», Алматы), Александр 

Киров («Шахтер», Қара ған ды), Виктор 

Дмитренко («Астана»);

жартылай қорғаушылар – Ұлан 

Қонысбаев («Астана»), Генрих Шмид-

тгаль («Гройтер Фюрт», Германия), Ба-

уыржан Исламхан («Тараз»), Серікжан 

Мұжықов («Жетісу», Талдықорған), 

Ба уыр жан Жолшиев («Тобыл», Қоста-

най), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), 

Валерий Коробкин («Астана»), Дмит-

рий Шомко («Ертіс», Павлодар), Павел 

Шабалин («Ертіс», Павлодар), Анато-

лий Богданов («Тобыл», Қостанай);

шабуылшылар – Таңат Нөсербаев 

(«Астана»), Сергей Гридин («Шахтер», 

Қарағанды), Сергей Остапенко («Аста-

на»).


Резервтегі ойыншылар: Владимир Ло-

гиновский («Жетісу», Талдықорған), Анд-

рей Карпович («Ордабасы», Шымкент), 

Жамбыл Көкеев («Шахтер», Қарағанды), 

Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы», 

Шым кент),  Мақсат  Байжанов  («Шахтер», 

Қарағанды), Марат Шахметов («Астана»), 

Алексей Щеткин («Жетісу», Талдықорған), 

Антон Чичулин («Ертіс» Павлодар).

Айқын ЖАППАР

Ұлттық құрама ойындарын бастайды

Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2014 жылы Бразилияда өтетін 

әлем чемпионатының іріктеу додасы қыркүйек айының басында 

басталады. Біздің футболшылар әуелі Ирландиямен, содан соң 

Швециямен кездеседі.

ныма өкініп, жыладым да. Бірақ сол кезде 

өзіме «келесі олимпиадада алтын ала-

мын» деп уәде бергенмін. Міне, сол уә-

демде тұр дым. Мен өзімді мойындаттым 

деп есептеймін. Қазақстан қоржынына 

алтын салу мен үшін – үлкен мәртебе. Ма-

ған қолдау біл дірген барша қазақстан дық-

тарға алғы сым шексіз. 

– Егер сізді қазір Ресейге қайта ша-

қырса, қайтып барасыз ба?

– Жоқ, мен спорттағы биіктерге Қазақ-

станда қол жеткіздім. Сол үшін маған бар-

лық жағдай жасалды да. Қазақстандықтар 

менің жеңісіме сенді, мені бағалады. 

Сондықтан қай жақтан шақырту түссе де, 

ешқайда бармаймын. Оның үстіне, мен 

енді сіздерге келінмін ғой (күлді). Бақы-

тымды да осы елден тауып отырмын. Осы-

ның бәрін тастап кете алмаймын. 



– Қандай арманыңыз бар?

– Арманым, туған-туыстарым, барлық 

жақындарым аман болсын! Менде қазір 

бәрі бар. Таршылық көріп отырғаным жоқ. 

Талмай еңбектенген адам мақсатына же-

теді, арманы орындалады. Мен осыған көз 

жеткіздім. Айтпақшы, маған 2009 жылы 

Гоянгтағы әлем чемпионатынан кейін Ал-

маты облысының әкімі Серік Үмбетов 

ағамыз Талдықорғаннан екі бөлмелі пәтер 

сыйлаған болатын. Қазір сонда тұрып жа-

тырмыз. Бірақ содан бері бұл пәтер әлі 

заңдастырылған жоқ. Осыны тиісті азамат-

Светлана ПОДОБЕДОВА:

ХОККЕЙ


Ел кубогы додасы басталды

Сәрсенбі күні Астанада шайбалы хоккейден ерлер арасындағы 

Қазақстан кубогы додасы басталды. Осымен оныншы рет өткізіліп 

отырған мұзайдын додасына еліміздің он командасы қатысуда.

Нұрғазы САСАЕВ

Жастар арасындағы Азия чемпионаты-

на 16 елдің баскетболшылары қатысуда. 

Олар төрт топқа тең бөлініп, топтық ойын-

дарын өткізіп те үлгерді. «D» тобына түскен 

Қазақстан жастары әуелі Иран жігіттерінен 

46:105 есебімен ойсырай ұтылып, бұдан 

кейін Филиппин құрамасына да 69:83 есе-

бімен есе жіберіп алды. Содан соң Сауд 

Арабиясы бозбалаларынан 65:76 есе-

бімен ұтылып, өз топтарында соңғы орын-

ды сая ла ды. Негізі, өз тобында 1-3 орын 

ал ған командалар Азия чемпионатының 

жүл делерін сарапқа салу мүмкіндігінен 

айырылмай, аталмыш біріншіліктің екінші 

сатысына шығатын. Бірақ біздің жастары-

мыз тым болмаса үшінші орынға табан 

тірей алмады.

Ал 13-16 орындар үшін өткен алғашқы 

кездесуде Моңғолия жастарынан 52:60 

есебімен ұтылып қалып, жігерімізді құм 

қылды.


Бұл Қазақстан жастар құрамасының 

Азия чемпионатына еш дайындықсыз бар-

ғанын білдіреді. 

Моңғол жерінде Масим Рахимов же-

текшілік еткен құраманың сапы төмен-

дегідей:


Ардақжан Тоқтаров, Нұрлыбек Нұрха-

нов, Владимир Крючко, Роман Кадцин, 

Әлімжан Мақсұтов, Біржан Жұмабек, Ай-

бек Төлебергенов, Мирон Короткий, Мак-

сим Марчук, Алексей Курочка, Максим 

Налагов.


Дархан ӨМІРЗАҚ

БАСКЕТБОЛ



Жеңілістен көз ашпады

Жақында Моңғолияда баскетболдан жасөспірімдер арасындағы 

ХХІІ Азия чемпионаты басталды. Өкінішке қарай, Қазақстан 

жастары жеңілістен көз ашар емес...

тар қаперлеріне алса дейміз. Тойға дайын-

дық басталды, бәрін ескеруіміз керек қой. 

– Олимпиададан кейінгі сый-

сияпатқа көңіліз толды ма?

– Әрине, халықтың дуылдап қарсы 

алуының өзі неге тұрады. Бәрі «Жарайсың, 

Света!», «Алға, Света!» деп мадақтап жат-

ты. Елбасының өзі жеңісіммен құттықтады. 

Қабылдап, сыйлықтарын берді. Өзім жат-

тығып жүрген Алматы облысының әкі мі де 

үлкен қошемет көрсетті. Қазақ деген дар-

қан да мәрт халық екен. Шын көңілдеріне 

ризамын. 



– Әңгімеңізге рақмет. 

Сұхбаттасқан Данияр ЖҰМАЙ, 

Алматы облысы

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)



№150 (832) 

24.08.2012 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№150 (832) 



24.08.2012 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

8

ДУМАН


К

е

зекшi  ред



ак

тор – Гүлнар А

ХМЕ

ТОВ


А

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1599

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1541

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



д

ак

цияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiк

тi 

тiлшiлер қосыны, т



е

л.: 


388-80-62

Тар


ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 414«б»

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


н

а б


ю

росының ж

ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



28

29 


30

31

24



25

26

27

Тамыз 2012

Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

06,08

13,33

19,41

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қ

а



р

а

ға



н

д

ы



 –

 Қ

ы



зғ

ал

д



ақ

 А

Й



ТЖ

А

Н



О

ВА

, т



ел.: 

87014901976

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Ор

ал – Т



оқт

ар КЕНЖЕҒА

ЛИЕВ, т

ел.: 87756720806



Ауа райы

Тамыздың 24-і

Алаштың атаулы күні

 13 жыл бұрын (1999) Бішкек қаласында «Шанхай бестігі» 

саммитіне қатысушы мемлекеттер – Қазақстан Республикасы, Қытай 

Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, 

Тәжікстан Республикасы басшыларының кездесуі басталды.

 Жеті жыл бұрын (2005) Алматыда белгілі ғалым Темірхан 

Жақыповтың тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. 

Темірхан Жақыпов (1912-2002) мал шаруашылығы кешенін 

қалыптастыру және мал шаруашылығын индустриалды негізге 

аудару бойынша қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.



Туған күн иелері

Бисен Саппаев (1923) – генерал-майор, мемлекет қауіпсіздігі 

саласының құрметті қызметкері;



Сүйіншілік Тиесов (1946) – «КОРЭМ» АҚ басқарма төрағасы;

Төлеген Сәрсембеков (1949) – мемлекет қайраткері;

Ғани Баянов (1949) – суретші;

Толымбек Ғабділәшімов (1950) – ҚР Парламенті Сенаты аппа-

раты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту 

комитеті мен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісі, медицина 

ғылымы ның  докторы;



Ғайнулла Жарқынбаев (1954) – Қызылорда облыстық мұрағаттар 

мен құжаттама басқармасының бастығы;



Құмар Ақсақалов (1965) – «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының  

жетекшісі;



Ахметжан Күшенов (1966) – «Жетісу» ӘКК бастығының орынбасары;

Сатыбалды Бұршақов (1968) – ҚР Парламенті Сенаты парламен-

тара лық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің 

меңгерушісі.

Тамыздың 25-і

Алаштың атаулы күні

 Жеті жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан энергетиктерінің алғашқы кеңесі 

болып өтті.

 Жеті жыл бұрын (2005) Алматыда «Жеті жарғы» баспасы Қазақстан 

Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерейтойына орайластырған 

заңнама актілер жинағын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 

сыйлық комплектісін басып шығарды.

 Үш жыл бұрын (2009) Астанада «Нұр Отан» халықтық-демократиялық 

партиясының орталық аппаратында Қазақстан әйелдері ұйымдарының форумы 

өтті.


Туған күн иелері 

Қалмұхан Исабаев (1925) – жазушы, драматург, Халықаралық «Алаш» 

сыйлығының иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері;



Марфуға Айтхожина (1936) – ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Болат Зәкиев (1950) – генерал-лейтенант;

Алпысбай Айнабеков

 (1952) – техника ғылымының докторы, профессор, 

академик;

Сағыр Кенесарин (1954) – ҚР Премьер-министрі кеңсесі әлеуметтік-

экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары;



Нұрғали Ораз (1960) – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының 

иегері;


Сағынбек Мұташев (1966) – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы;



Серік Сүйінбаев (1969) – ҚР Ішкі істер министрлігі Жедел жоспарлау 

департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі;



Нұрлан Ыбырайым (1973) – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым коми-

теті төрағасының міндетін атқарушы ;



Айдар Жексенбиев (1976) – Мұнай және газ министрлігі департамент 

директо рының  орынбасары.



Тамыздың 26-сы

Алаштың атаулы күні

 172 жыл бұрын (1840) Оралда орталық мәдениет және демалыс бағы ашылды. 

 14 жыл бұрын (1998) Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік университетінің 

алдына ұлы тарихшы, шығыстанушы, ойшыл, ақын, қолбасшы Мұхамед Хайдар 

Дулатиге ескерткіш орнатылды.

 13 жыл бұрын (1999) Қазақ ұлттық университеті ғимаратында академик 

Өмір бек Жолдасбековке ескерткіш тақта орнатылды.

Туған күн иелері 

Құлман Әміров (1939) – Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы;

Анатолий Дерновой (1951) –  ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 

жауапты хатшысы, медицина ғылымының докторы, доцент;



Ерлан Тайғұлов (1957) – «Астана медициналық университеті» АҚ хирургия 

кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор;



Сәкен Қаныбеков (1966) – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

Қанат Кәрімов (1964) – Павлодар облыстық мәдениет басқармасының 

бастығы;


Ербол Бекбаев (1974) – белгілі журналист, «Хабар» агенттігі жаңалықтар 

қызметінің продюсері;



Ернар Әліпбек (1979) – «Window on Kazakhstan Consulting Group» ЖШС бас 

директоры;



Үлес Нысанбек (1980) – Қазақстан Президенті жанындағы стратегиялық 

зерттеу институты директорының орынбасары;



Ертай Нүсіпжанов (1983) – «Алаш айнасы» газетінің Қытайдағы меншікті 

тілшісі.


Тамыздың 27-сі

Алаштың атаулы күні

 1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің Қостанай уезін 

Челябинск облысына қосу туралы шешімі қабылданды. Алайда шешімге қарсы 

білдірген Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың саяси наразылығы 

Қостанайды Қазақстанға қайтаруға негіз болды.

 20 жыл бұрын Қазақстан мен  Армения арасында дипломатиялық қарым-

қатынас орнатылды.

 20 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кино үйінде Асанәлі Әшімовтің «Елім-ай» 

киностудиясы түсірген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» фильмінің премьерасы 

болды.  


 Бес жыл бұрын (2007) Ақтауда 80-нен астам тарихи құнды ескерткіштері бар 

28 тарихи-археологиялық кешен табылды.



Туған күн иелері

Бексұлтан Сәрсеков (1953) – Есірткі, психотроптық заттар және олардың 

ұйытпасының заңсыз айналымымен күрестің Орталық Азия аймақтық 

ақпараттық үйлестіру орталығы ұшу фазасының директоры, профессор, 

генерал-майор;  



Дастан Сартаев (1959) – Павлодар облысының прокуроры, 3-сыныпты 

мемлекеттік кеңесші;



Бекет Аймағамбетов (1960) – Жамбыл облыстық ІІД бастығы, полиция 

полковнигі;



Қанат Жанғаскин (1961) – экономика ғылымының докторы;

Айзада Аққайсиева (1969) –  экономика ғылымының докторы.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Жапон 

төсеніші


Ауруды итпен 

емдеу түрі

Пеш түрі

Италия 


автокөлігі

Қашқар-


гүл

Үлкен


С.Бәйте-

рековтің 

әні

Клеопат-


раның 

нөкері


Голландия

ф/клубы


Осман 

империя. 

әскери атақ

Дәнді 


дақыл

Ұрғашы 


шошқа

Намаздың 

кіріспе 

бөлімі


Отқа төзімді 

шойын


Шал

Риза емес, 

қарсы

Сегіз жасар 



бүркіт

Пропан, 


метан

Геометрия-

лық дене

Елі, Отаны 

үшін қайтыс 

болған адам

Ит, бұғы 

жегетін шана

Ат

ауыстыру


Жұмағали 

Саинның


поэмасы

Шекер


Ұзатылатын 

қыздың үйінде 

айтылатын 

өлең


Күлте

Қайғылы 


жағдай

Айыр


Алыс қашық-

тыққа жүгі-

ретін спортшы

Латвия 


қаласы

Даниядағы 

округ

Алматтың әзілдері

Бірде мал дәрігері ауруханаға түсіп қалыпты. 

Дәрігер одан сұрайды:

– Қай жеріңіз ауырады?

– Сен көп сөзді қой да, мені емде, мен малды 

емдегенде одан «қай жерің ауырады?» деп 

сұрамаймын.

– Онда, медбике, науқастың аяғын йодпен 

сылағын. Егер көмектеспесе, кесіп тастай салар-

мыз. 

***  

Баламыз екеуміз жаңа оқу жылына дайында-

лып жатырмыз. Ең әуелі күнделік, белдік және бас 

ауруының дәрісін сатып алдым. 

*** 

Мені отбасым жұмыста деп ойлайды, жұмыс-

тағылар болса отбасымен бірге деп есептейді. Ал 

мен жағажайда қыздармен қыдырып жүрмін.

***   

Күйеуі әйеліне:

– Есікті жөндеймін деп айттым – бітті, түбі жөн-

демей қоймаймын!

– Есіктің қирап тұрғанын әрбір жарты жыл са-

йын есіме сала бермеші... 

+23+25

о

 

 +13+15

о

+22+24

о

 

+12+14

о

+20+22

о

 

+10+12

о

 +28+30

о

 

+18+20

о

 +28+30

о

 

+15+17

о

 

+21+23



о

 

+11+13

о

 

+17+19



о

 

+9+11

о

+23+28

о

 

  +16+18

о

+28+33

о

 

+15+17

о

+30+32

о

 

 +17+19

о

+23+25

о

 

+12+14

о

+23+25

о

 

+16+18

о

 

+28+30

о

 

 +14+16

о

 

+28+30

О

 

+18+20

О

  

+29+31

о

 

+20+22

о

        


+20+22

о

 

+10+12

о

 

+35+37

О

 

+21+23

О

  

+27+29

о

 

+11+13

о

ОҚЫРМАН ЛЕБІЗІ



Газетіміздің  №149 (831) санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Рупор. Әуе. Негр. Олифа. Бат. Елтірі. Этюд. Теккене. Ишара. Маг. Арал. Плац. Ренн. Ида. Аш. Вася. Бөрі.  

ТІГІНЕН: Бушлат. Шалма. Юта. Конфедерация. «Реал». Кар. Түк. Араб. Бәрбі. Емле. Арена. Нар. Бесті. Егінші. 

 

 



  

ШАРА


Тәлімгерлер әскери 

дайындықтарын 

пысықтады 

Жуырда ХХХ жазғы Олимпиада ойында-

рын дағы толағай табыстары Қазақстан 

ұлт тық құрамасын әлем бойынша 12-орын-

ға шығарғандығы барша жанкүйер ді 

ерекше қуанышқа бөледі. ҚазҰАУ әскери 

кафедрасы Лондондағы орасан зор табыс-

тың құрметіне және алдағы Конститу ция 

күніне орай арнайы спорттық-мерекелік 

шара өткізді.

Әскери кафедраның офицерлері төрешілік еткен 

бұл шара бағанаға тартылу, автоматты шашып, қайта 

жи нау, қорғаныш костюмдерін кию және футбол ойы-

ны сынды бөлімдерден тұрды. Әр жаттығулар бойын-

ша тыңғылықты дайындалған взвод құрамдары 

жеңіс ке деген құштарлықтарын білдіріп, Олимпиада 

ойын да рынан алған керемет әсерлерін сайыста да 

көрсете білді. Ең әуелі курсанттар взвод құрамында 

автоматты шашып, қайта жинау жаттығуында бақ 

сынасты, нәтижесінде 3-ротаға қарасты төрт взвод бұл 

жарыс түрінен бірінші орынға иеленді. Екінші кезекте  

бағанаға тартылу сайысында суырылып алға шыққан 

2-рота құрамындағы 2-взвод болды. Келесі қорғаныш 

костюмін кию жарысында 3-ротаға қарасты 2-взвод-

тың асығы алшысынан түсті. Ең ақырғы кезекте тартыс-

ты әрі қызықты өткен жарыс түрі – футбол. Ел сүйіп 

ойнайтын ұлы ойын ұлылығын бүгін де танытты. Әр 

ротаға жанкүйер болған адамдардың жан айқа йымен 

қызулы өткен ойындар шараның сәнін келтірді. Ал-

ғаш қы жұпты құраған 1-інші және 3-рота құрама ко-

ман далары екеуара кездесу өткізіп, ойын 1:0 есе бі мен 

1-рота ойыншыларының пайдасына шешілді. Келесі 

ойын 1-інші және 2-рота арасында өтті. Жалпы, үш 

рота қатысқан футбол жарысының мықты құрамасын 

анықтайтын осы ойын болды. 1-тайм 0:0 есебімен 

аяқ талса, 2-таймның соңында намысқа тырысқан 

1-ро таның спортшылары намысты қолдан бермей, 

тағы да ұпайлар санын 1 голмен толықтырып, жалпы 

есепте көш бастады. 



Олжас СЕРІКҰЛЫ, 

ҚазҰАУ Жастар саясаты бөлімі нің меңгерушісі

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Ұйқы шақыратын 

тағамдар анықталды



Американың ғалымдары адам ағзасын 

әлсіретіп, ұйқы шақыратын тағамдардың 

бестігін анықтады. Олардың қатарында 

диеталық ет те, макарон да, тәттілер де бар. 

Segodnya.ua интернет порталының хабар-

лауынша, зерттеушілер кейбір тамақ түрлерінің 

адам ағзасын әлсіретіп жіберетінін анықтаған. 

Бірақ бұл тізімдегі ең алғашқы орында алкоголь 

тұр. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, спирттік 

ішімдіктер ұйқыны тез шақырып, денені босаң-

сытқанымен, адам бойындағы күшті қалпына 

келтіре алмайды. Ал екінші орында тұрған тәт-

тілер қан құрамындағы глюкоза деңгейін бір-

ден өзгертіп, ағзаны тез арада әлсіретіп жібере-

ді. Үшінші саты күркетауық етіне бұйырған. 

Ма мандардың сөзіне сенсек, диеталық бұл 

ет тің құрамында релаксиялық әсер беретін 

ақуыздар көп көрінеді. Сонымен қатар ұннан 

жасалатын тағамдар да тізімге енді. Әсіресе ақ 

бидай ұнынан әзірленген макарондардың ағза-

ны тез шаршатып, әлсірететіні анықталып отыр. 

Бестіктің қатарындағы соңғы орында қуырыл-

ған тағамдар тұр. Мамандардың ай туын ша, 

қатты қуырылған ас ұйқы шақырғаннан бөлек, 

асқорыту жүйесін бұзып, салмақ қосуға үлкен 

үлес қосады екен.

Есектерге Wi-Fi орнатылды



Израильдегі саябақтардың бірінде 

есектер сымсыз ғаламтор құрылғы лары-

мен жабдықталды. Серуендеушілер 

жануарларға отырып, интернетті емін-

еркін пайдаланатын болады.

Newsru.com-ның хабарлауынша, Из раиль-

дің Кфар Кедем саябағына келушілерді қы-

дыр  татын есектер Wi-Fi роутерлерімен жаб-

дықтал 

ды. Демалыс орнының әкімшілік 



қыз  мет кер лерінің  айтуынша,  олар  өз  қонақ-

тарына сымсыз ғаламтор желісінің қызметін 

ұсынып қуантпақ. Есекпен жүріп серуендеу 

жарты сағаттан бір сағатқа дейін созылады. 

Саябақта демалушылар енді Facebook пен 

Twitter-ге суреттерін еркін жүктей алады. Әзір-

ше 30 есектің бесеуі ғана бұл құрылғылармен 

жабдықталған. Мамандардың айтуынша, 

қызмет түрі жоғары сұранысқа ие болса, Wi-Fi 

жануарлардың барлығына орнатылады. Парк-

те қызмет етуші менеджерлердің мәлім деуін-

ше, орнатылған роутерлердің орталық нүктесі 

3G арқылы жұмыс істейді.

segodnya.ua



newsru.com

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал