АҚШ тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Журналистердің сұрақтарына берген жауаптары



жүктеу 19.6 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі19.6 Kb.

АҚШ

-

тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі

 

Журналистердің сұрақтарына берген жауаптары

 

Гуманитарлық

 

заң университеті

 

Астана, 23 мамыр, 2011 жыл

 

 

Сұрақ

Жақында Қазақстан Парламенті ел сарбаздарының Ауғанстандағы Халықаралық 

коалицияның жұмысына қатысу мүмкіндігін қарастыратын заң жобасын қабылдады. Бұған 

жауап ретінде «Талибан» қозғалысы ескерту жариялап, Қазақстанға бұл шешімнің 

салдары нашар болатынын айтты. «Талибаннан» шынымен қатер төніп тұр деп ойлайсыз 

ба? 


 

 

Жауап:

 

«Талибанның» бұл мәлімдемесінен соң



 

қандай да бір қауіптің күші артып кетті деп 

ойламаймын. Меніңше, Ауғанстандағы әрекетке тікелей араласқан

-

араласпағанына 



қарамастан, террорға қарсы күреске қатысып жатқан елдердің барлығы белгілі бір 

деңгейде тәуекелге барып отыр. Және ең дұрысы –

 

барлығымыз



 

бірлесе ат салысып, 

әлемдегі террордың көзін жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Себебі, 

әлемнің әр

 

түкпірінен көріп отырғанымыздай, террор баршамыздың халқымызға қатер 



төндіріп тұр және біз алдымызға ұлы мақсат қойып, тиімді түрде күреспесек, бұл 

зұлымдық ешқашан аяқталмай, жалғаса бермек. Ашығын айтсақ, тіпті АҚШ

-

тан гөрі 



Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне «Талибаннан» көбірек қатер төніп тұр, Сондықтан 

біз Қазақстан әскерінің де жұмылдыруын ілтипатпен қабылдадық. Меніңше, бұл біздің 

жұмысымызды үйлесімді етіп, ынтымақтастығымызды күшейте түседі

 

және Орталық Азия 



аймағында террорға қарсы шаралар жүргізуде бәріміз қалағандай тиімді әрекет етуге 

мүмкіндік береді. 

  

 

Сұрақ



: 

Біз айтып отырған заң жобасына сәйкес Қазақстан террорға қарсы шараға

 

қандай 


жолмен қатысуы мүмкін? 

 

 



Жауап:

 

Меніңше, сіз ең алдымен мұны Қазақстанның Қорғаныс министрлігінен сұрауыңыз 



керек. Әйтеуір

 

дәл қазіргі сәтте біз штаб офицерлерінің шағын бөлігі туралы әңгіме қозғап 



отырмыз, олар Ауғанстанда штаб деңгейінде Коалиция күштерімен бірге жұмыс істейтін 

болады. 


 

 

Сұрақ:

 

«Болашақ» қозғалысы Кирилл Денякиннің өліміне қатысты адамдарды жазалауды



 

өтініп АҚШ президентінің атына хат тапсырды. Бұған қатысты комментариіңіз немесе 

ресми жауабыңыз бар ма? 

 

 



Жауап:

 

Бұл туралы алдыңғы бірнеше сұхбатта талқылаған сияқтымыз. АҚШ Мемлекеттік 



хатшысының көмекшісі Роберт Блейк жақында ғана осы мәселеге қатысты

 

шағын сұхбат 



берді. Десе де, біз осы бір қайғылы оқиғаның орын алғаны үшін және онда Қазақстан 

азаматының қаза болғаны үшін қатты қапалымыз. Вирджиния штатының жергілікті өкіметі 

бұл бойынша арнайы тергеу жүргізіп жатыр, бұл ашық және жария процесс болады

 

және 



ол аяқталған соң оның нәтижелері жарияланады және марқұмның отбасына 

тапсырылады. Мұнымен қоса, Америка Құрама Штаттарында осы сияқты жағдайға тап 

болған отбасы азаматтық сотта полиция қызметкерін немесе жергілікті басшылық өкілін 

сотқа беріп, әділдікті талап ете алады. Меніңше, марқұмның отбасына осындай 

мүмкіншілік беріліп отыр. Біз бұл мәселені

 

жіті қадағалап отырамыз және тергеуді 



жалғастыру, Қазақстан жағымен байланыс орнату ісінде қолымыздан келген көмектің 

бәрін көрсетеміз. 

  

 

Сұрақ:



 

АҚШ


-

тың Қазақстандағы жаңа тағайындалған елшісі туралы хабарыңыз бар ма? 

 


 

Жауап:

 

Келесі елшінің кандидатурасы ұсынылған, енді оны Сенат бекітуі керек. Бұл 



шаруа осы жазда аяқталып, жаңа елші күздің басында қызметке кіріседі деп үміттенемін. 

Бірақ бұл толығымен Сенаттың құзырындағы шаруа, кейде ондағы жағдайды

 

болжап білу 



тіпті мүмкін емес. Ал әзірге мен Қазақстанға қайта

 

келіп істеп жатқан жұмысымның 



рахатын көріп жатырмын.   

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал