А/ш. ғ. к Есентуреева Г. Д. Қазақстан, Шымкент қаласы «Өрлеу» баұо ақ филиалы ОҚО



жүктеу 31.71 Kb.

Дата07.05.2017
өлшемі31.71 Kb.

    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     



BIOLOGY 

 

 

а/ш. ғ. к Есентуреева Г. Д. 



 

Қазақстан, Шымкент қаласы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО 

бойынша ПҚБАИ 

 

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ТІРЕК БЕЛГІЛЕРІН 



ПАЙДАЛАНУ 

 

The  role  of  the  basic  abstract  at  biology  lessons  for  development 



logical ability of pupils are considered in this paper. 

 

«Мұғалім»  –  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана 



мұғалім.  Оқытудың  мәңгілік  сауалы  «нені  оқыту?  қалай  оқыту? 

Мұғалімнің алдында тұрған міндеті  заман талабына сай, өз ойын еркін 

жеткізе  алатын,  дарынды,  белсенді,  білімді,  сауатты  тұлға  қалып-

тастыру.  

Әр  оқушы  мектеп  табалдырығын  оқып  үйрену  деген  үлкен 

ынтамен  аттайды.  Оқушыларды  қабілетті,  қабілетсіз  деп  айтуға 

болмайды.  Қабілеттілік    оқушының  жеке  психологиялық  ерекшелігі. 

Оны әрі қарай дамыту үшін талаптың болуы шартты. Талап көру және 

есту анализаторларынан құралады. 

Оқушының танымдық көзқарасын, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, 

өзіндік  ойлау,  өмірлік  ұстанымын  қалыптастыру  мұғалімнің 

шеберлігіне, шығармашылық  қызметіне байланысты.  

Осы  орайда  оқыту  үрдісінің  жаңа  технологияларының  бірі 

Т.Т.Ғалиев  пен  В.  Ф.Шаталов  технологияларын  басшылыққа  ала 

отырып  пәндерді  оқыту  барысында  тірек  белгілері  арқылы 

құрастырылған  тірек  конспектілерін  пайдалануға  болады.    Осы 

жаңашыл  әдістердің  элементтерін  өз  тәжірибемде  (оқушыларға, 

студенттерге  білім  беру  кезінде)  жүзеге  асырып  келдім,  ол  өз 

тиімділігін көрсетті. 

Пәнді тірек  конспектісін  пайдаланып оқытудың тиімділігі: 

-

 

оқушының таным әрекетін жүйелі түрде басқару, 



-

 

оқушылар тақырыпты оңай ұғынады, 



-

 

нашар  оқитын  оқушылардың  өзі  тірек  конспектісін 



пайдаланып, жаңа сабақтарды айта алады,  

-

 



«2» деген баға аз қойлады немесе мүлдем қойылмайды, 

-

 



оқушының алған білімдерін күнделікті тексеруде қолайлы, 

Scientific and Practical Results in 2014. Prospects for Their Development 

-



 

сабақ сұрағанда қажетті көрнекі құрал, 

-

 

оқушылар  бақылау  жұмысын  жазғанда  ,  ал  мұғалімге  оны 



тексергенде  өте тиімді, 

-

 



сабақ  жоспарын жазғанда уақытты тиімді пайдаланасыз, 

-

 



оқушының танымдық қабілетін дамыту, ой өрісін кеңейтуге, 

шығармашылықпен іздене білуіне мүмкіндік жасайды. 

-

 

екінші  сабақта  оқушылар  бірінші  сабақта  өтілген 



тақырыптың  тірек  коспектісін  5-7  минут  дәптерге    жаңаша  еске 

түсіреді.конспектіні  жазып-сызу  үшін    түрлі-түсті  қалам,  фламастер, 

ватман  қағаз,  дәптер,  интерактивті  тақта  немесе  тақтаны  пайдалануға 

болады.  

Тірек  конспектілері  бір  тақырыпқа,  үш  немесе  төрт  тақырыпқа 

немесе кейбір тараулардан соң пысықтау сабағын өткізуге байланысты  

бір  тарау  бойыншада  құрастыруға  болады.  Тірек  конспектісі  оқулық 

материалының  негізгі  мазмұнын  беруі  тиіс.  ТК  оқушылардың 

танымдық қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейтуге, шығармашылықпен 

іздене білуіне мүмкіндік жасайды [1;2]. 

Төменде    биология  сабақтарында  қолдануға  болатын  бірнеше 

(ТК-1;ТК-2; ТК3) тірек конспетілері келтірілген. 

 

 

 



Сурет 1. ТК-1 – өсімдік жапырағы және оның сыртқы құрылысы 

    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

Сабақтың  тақырыбы,  мақсаты  баяндалғаннан  кейін  мұғалім 



жапырақтың сыртқы құрылысы және түрлерімен таныстырып, әр түрлі 

өсімдіктердің  жапырақтарының  кеппе  шөптері  мен  суреттерін 

көрсетеді. 

Сабақты  пысықтау  үшін  оқушыларға  сұрақтар  беріліп,  оларды 

қатыстыра  отырып  4  бөліктен  тұратын  тірек  конспектісі  (Сурет-1) 

құрылады. 

ТК-1 бөліктері: 

Б-1.Жапырақ  жиегіндегі  иректердің  әр  түрлі  болатындығы 

көрсетілген; 

Б-2.  Жапырақ  алақанының  санына  байланысты  екіге  бөлінуі; 

жай және күрделі; 

Б-3.  Жапырақтың  сабақта  орналасуына  байланысты  екіге 

бөлінуі: сағақты және сағақсыз; 

Б-4. Жапырақ жүйеленуінің 3 түрі: торлы, қатар, доғалы. 

Жапырақтың  ішкі  құрлысы  туралы  өткенде,  сыртқы  құрылысымен 

байланыстырып  ірілендіру  бірліктері  бойынша  тірек  конспектісін 

құрастыруға болады. 

2-суретте  тұқымның  өнуіне 

қажетті  жағдайлар  туралы 

хабарлама берілген. 

 

 

Сурет 2. ТК-2 – тұқымның өнуі 



 

Мұндағы  Ұ-  ұрық,  ҚЗ-  қоректі  заттар,  Ө-  өскін  дегенді 

білдіреді. 

ТК-3 тірек коспектісінде өсімдіктерде жүретін фотосинтез және 

тыныс  алу  әрекеттеріне  салыстырмалы  түсінік  берілген.  Фотосинтез 

арқылы  жыл  сайын  Жер  бетіндегі  өсімдіктер  170  миллиярд  тонна 

көміртегіні  байланыстырып,  40  миллиярд  тонна  шамасындай 

органикалық  зат  түзіледі,  ал  өсімдік  жапырағының  1м

2

-да 


 

1  грам 


крахмал түзіледі жайлы қосымша айтуға болады [3]. 

Тірек  конспектісі  арқылы  оқыту  технологиясының  негізгі 

идеясы  –  оқушының  ой  операциясына  қозғау  салу,  білімді  саналы 

меңгерту.  Кейбір  сұрақтардың  мазмұнын  ашпай,  тірек  белгілерін 



Scientific and Practical Results in 2014. Prospects for Their Development 

басшылыққа  алып,  проблемалық  мәселе  ретінде  оқушылардың 



өздерінің  ойлап  табуына  қалдырылады.  ТК  (тірек  конспектісін) 

қолдану  жаңа  тақырыпты  түсіндіруде,  қайталау-қорытындылау, 

бақылау жұмыстарын алу сабақтарында оқушылардың ой-өрісін терең 

дамытуға, білім игеру сапасын  күнделікті тексеруде, бағалау мен өзін-

өзі бағалауды қамтамасыз етеді [4]. 

 

 



Сурет 3. ТК-3- Фотосинтез бен тыныс алуды салыстыру 

 

Тірек  белгілерін  пайдалану  сабақтың  жоспарын  жазуды 



жеңілдетеді,  себебі  тірек  белгілерінің  ішінде  жоспарда  жазылатын 

сұрақтар, проблемалар белгілер ретінде кездеседі. 

ТК-і  оқушылардың  іздену,  ойлау,  тапқырлық  белсенділігін 

арттыруда  тек  көрнекі  құрал  ғана  емес,  ол  оқу  құралы  да  болып 

табылады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Шаталов В. Ф. Точка опоры.М., Педагогика, 1987 

2.

 



Галиев Т. Т. Системный подход к интенсификации учебного 

процесса. Алматы. Ғылым, 2001. 

3.

 

Куттыкожанова  З.  А.  Психолого-педагогическая  технология 



обучения  по  системному  подходу.  Материалы  республиканской 

научно-практический конференции «Качество школьного образования 

в РК» Алматы ,2004. 

4.  Степанян Е.  Н. «Методика преподавания естествознания».  – 



Москва, 2007. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал