Ақселеумен біз бір топырақтың түлектеріміз. Соғыстан кейін мен Алматыға оқуға кеткенде



жүктеу 126.1 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі126.1 Kb.

Ақселеумен біз бір топырақтың түлектеріміз. 

Соғыстан кейін мен Алматыға оқуға кеткенде, 

ол бес жасар бала екен. Мен оның әкелерін 

білетін едім. Сейдімбек балалары ағайынды бес 

жігіт болатын. Солардың ішіндегі елге танымал, 

Жаңарқа ауылдары көлемінде шаруашылық 

басқару жұмыстарында көп жүрген Аманбек 

ағай бүкіл елдің  қадірлі жігіттерінің бірі болды. 

Елге  қайырымды, соғыс кезінде жүдеушілік 

көрген жетім-жесірлерге  қол  ұшын көп берген 

азамат еді. Екі інісі әскерге кетіп, үлкен ағасы 

елде  қайтыс болғанда, солардың жетім балалары 

да Аманбектің  қолында тәрбиеленгенін еститін 

едім. Хасен деген кіші інісі аяғы ауыратындық-

тан әскерге алынбай, мұғалім болып істеді. 

Кейін Жаңарқаның тәжірибелі, үздік ұстаз-

дарының санатына кірді. 

Ақселеу аты жетпісінші жылдары газет-

журнал беттерінде көрініп, оның әңгімелері мен 

очерктері басыла бастаған тұста, сол кісілер 

есіме түсіп, "Қайсысының баласы екен?" деп 

елең ете  қалғаным да сондықтан. Ақселеудің 

"Лениншіл жас" газетінің  Қарағанды облысын-

дағы тілшісі болып істейтінін де газеттен білдім. 

Сөйтіп жүріп,  Қарағандыға бір барған са-

парымда онымен танысудың сәті түсті. Ақселеу 

өзі сәлемдесе келіпті. Аманбек пен Хасеннің 

арасында Слан деген жігіт болғанын, соның ба-

ласы екенін, әкесі соғыстан  қайтпай, Аман-

бектің  қолында өскенін айтты. Мен оның 

жазғандарын  қадағалап оқып жүргенімді, аяқ 

алысы ширақ журналист екендігі жайындағы 

ойымды жеткіздім. 

Шынында да, о бастан-ақ Ақселеу  қала-

мынан шыққан дүниелердің оқырмандарға 

ерекше әсер етіп,  қызықтырып оқытатын бөлек 

сипаттары байқалатын еді. Ел өмірін терең 

зерттеп өскен, алыс ауылдарда малшы, аңшылар 

ортасында көп болған жас таланттың көрген-

дерін  қадағалап, зердесіне түюі, сол арқылы 

адам мен оны  қоршаған ортаның, дала та-

биғатының сырын ойшылдықпен, сезім-

талдықпен пайымдауы оны әдебиет әлеміне 

алып келген-ді. Жас кезінде көрген-

деріне кейін журналистік, үлкен 

газеттің тілшісі болып жүрген кезде 

таныған шындығы  қосылып, оның 

қаламының карымымен мөп-мөлдір 

өмір суреттері болып кітапқа түсті. 

"Ақиық" (1972) атты алғашқы шағын 

кітабын ол далада мал бағып, оңаша 

жатқан адамдардың малға  қоса 

аңшылықгы кәсіп етуін, осы саладағы 

хикаяларын суреттеуге арнады. Су-

реттелетін оқиғалардың ортасында ең 

алдымен, адамды көрсетуге  ұмтылды. 

Даланың малшылары Сыздық, Мұса, 

Жәкендер өздері бастан кешіп жатқан 

өмір тіршілігімен, іс-әрекеті, мінез-құлқымен 

жап-жақсы көрінген кейіпкерлер. Оларды 

ортақтастыратын бір мүдде — аңшылық, бүркіт 

ұстап, оны  қолға үйретіп, баптау, аңға  қосу 

қызығы. Осы оқиғалар легінде бүркіт  ұстаудың 

өзіндік сырлары мен оны қолға үйретудің қиын 

жолын Ақселеудің аса білгірлікпен суреттеп, 

танытуы ерекше назар аудартады. Ол бүркіттер-

дің тұқымы, олардың өзара айырмасы мен 

м і н е з - қ ұ л ы қ  қ а л п ы н , аңға түсу әдісін 

білгірлікпен әңгімелейді. 

тағдырдың кермесіне іліккен жастар тағдыры, 

Абзал мен Ақбілектің өз жолдарын табуға деген 

батыл  қимылдары, "Аққыз" хикаятындағы 

базарлы, батыр жігіт Наймантай мен ел намысы 

мен  қыз намысын  қатар  қорғаған Аққыз, 

"Күзеудегі" күнделікті тіршілігін шайқамай 

жүріп-ақ көңіл ауанына берілген Ршыман — 

бәрі де  с ә т і жасалған образдар. 

Ақселеу шығармаларында пейзаждың 

атқаратын  қызметі өте үлкен. Өйткені, ол 

адамды туған табиғатынан бөлмей, тұтас күйінде 

суреттеуге  құмар. Оның адамдары,  Қасым ақын 

айтқандай, "табиғат анасына тартып туады". 

Қыран  ұстап баптаған  қарттардың өзі сол 

қырандар сияқты елестейді. Шыңына  қыран  ұя 

салған таудың өзі Бүркітті атанып, "зеңгір көкке 

сұғына көтеріліп, бұл төңіректе айбарлы 

салқындықпен көзге  ұрып тұрады. Ал, тақала 

келсеңіз, бір-біріне шаншыла сүйініскен 

жақпар-жақпар  құз-қиялары арса-арса болып, 

ұ ңғыл-ш ұ ңғыл ы молая , тылсым , ж ұ мба қ 

суықтықпен үңілгендей болады. Кейде  ұшар 

басы сұсты  қаталдықта  қара  қошқылданып 

шырқау биіктен төніп тұрған белгісіз бір 

құбыжыққа да  ұқсар еді". 

"Аққыз" хикаятында түнгі жорыққа аттанған 

жігіттерді шығарып салған жазғы түннің 

қоңыржай күйін жазушы: "Жер-дүние шырт 

тыныштыққа бөгіл мүлгіп тұр. Айдың  қорғалап 

туар мезгілі-тін. Аспан ашық, жұлдызды 

болғанымен, түн түнегінен жеңілген әлсіз сәуле 

арқан бойынан арғыны көрсетпейді. Тек 

төңіректегі жал-жал төбелер, еркеш-еркеш 

биіктер ғана ирек жасап нобай танытады. Олар 

да түнек пен тыныштыққа бой  ұсынғандай,  құр 

сүлдерімен меңірейе  қарайды" — деп суретгейді. 

Осындағы керкем тіл, керікті сурет оқырман 

сезіміне өсер етіп, оларды болашақ оқиғаларға 

дайындайтын сияқты. Ақселеудің суреткерлік 

қаламы түрлі мінезді адамдарды да, әр күйдегі 

табиғат сырын да тапқыр, ойлы өрбітеді. 

Осындай басы идеяға толы, көрген, таныған, 

түйгені көп журналистің Алматыға келуі оның 

мекен еткен көшпелілердің елдік тұтастығын 

көрсетуге автор түркі халықтарына ортақ 

мұраларды (Қорқыт ата, Асан  қайғы, 

"Қырымның  қырық батыры", т.б. ноғайлы 

эпостары) тілге тиек етеді. Елдің өсіп-өркендеу 

жолын сол даланы  қоныс еткен сақ, ғұн, түркі, 

ұйғыр, хазар, бұлғар,  қарахан  қағанаттары, 

Хорезмшах, Могол, Алтын орда,  ұлы Темір 

мемлекеттері жайлы әңгіме арқылы жалғас-

тырып,  қазақ хандығына әкеп тірейді. Мүмкін, 

тарихи жаңалығы аз болар, бірақ автордың 

жаңалығы — осы  құрылымдардың елдік, 

Зерттеудің бұл белігі "Күй -шежіренің" екінші 

кітабын (1997)  құрады. Сөйтіп, 1997 жылы 

Ақселеу филология ғылымдарының докторы 

атағына диссертация  қорғады. Соңғы зерттеуін 

біріктіріп, толықтырып 2002 жылы "Қазақтың 

күй өнері" атты үлкен еңбек жариялады. 

"Қазақтың күй өнері" кітабының "Сауға" 

деп аталатын сөзбасында Ақселеу былай дейді: 

"Тарих кешінің  ұлы шеруінде әр  ұрпақтың 

өзіне ғана тиесілі міндеті болады. Ол міндетті 

тек сол  ұрпақ  қана келістіріп атқара алуға тиісті. 

Себебі, кез келген  ұрпақ — өзі ғұмыр кешкен 

кезең үшін өткен мен болашақ арасының жанды 

көпірі. Оның тал бойында өзіне дейінгі сан 

ғасырдың жүгі бар. Сол жүктің сабақты жібіне 

дейін  қалдырмай, болашаққа  қол жалғау — жер 

басып жүрген тірілердің ең киелі міндеті". 

Осы ғибратты сөзде Ақселеу өз  ұрпағының 

тарих алдындағы  ұлы мұратын баяндаған еді. 

Сондықан "ұлтты өлтіріп алмау үшін" төлтума 

мәдениеттің асылдарын теріп, болашақ ұрпаққа 

жеткізу жолында жан аямай тер төккен. 

Ғ а л ы м н ы ң  " Қ а з а қ т ы ң күй өнері" мен 

"Қазақтың ауызша тарихы" деп аталатын соңғы 

зерттеулері осыны айғақтайды. 

70-жылдардың бас кезінде  Қарағандыда 

қызмет істейтін Ақселеудің Алматыға келген бір 

сапарында маған соққаны бар. Сонда ол 

қазақтың күй өнерінің тууы жайлы аңыздарды 

жинап жүргендігін, содан кандидаттық 

диссертация дайындау ойында барын айтқан еді. 

Әрбір аңыздың сол аттас күйлердің тууына негіз 

болғанын, оларды жоғалтып алмай, сол күйінде 

сақтаудың  қажеттігін  қызыға әңгімеледі. Мен 

оған түсіністікпен  қарадым. Мен  қызмет істеп 

жүрген  Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік 

педагогикалық институтының ректоры атына 

арыз жазып, ғылыми атаққа ізденуші ретінде 

тіркеуді сұрау керектігін түсіндірдім.  Қоса 

жіберілуге тиіс  құжаттар тізімін бердім. Бірақ 

Ақселеу бл уәдесін орындаған жоқ. Еркін 

жүріп-тұрып, ойындағысын кең толғап айта 

алатын журналист-тілшінің  қызметін  қызықтап 

қазақтардың азаттық жолындағы күресі кезеңі" 

деп алады. Осылардың әрқайсысы тудырған күй 

аңыздарын талдап  қоймай, зерттеуші сол 

дәуірлердегі рухани таным мәселелеріне 

қатысты мол ойлар айтады. 

Осындай талдаулардан соң автор өзі жинаған 

күй аңыздардың мол текстін  ұсынған. Олар әр 

дәуірде туған күйлер мен күйшілер туралы 

мәліметтермен бірге берілген. Аңыз, күй 

(нотасымен) авторлар туралы деректер мол 

мәліметтерді  қамтиды. 

Тұтастай алғанда, Ақселеудің бұл еңбегі  қа-

зақгың ұлттық мұрасының өміршең бір саласына 

арналып, сол арқылы автордың өз  ұлты мен 

оның өнерін сүйген жүрек сезімін айғақтайды. 

Ақселеудің осы үлгідегі екінші бір үлкен 

еңбегі "Қазақтың ауызша тарихы" (2008) атты 

зерттеуі. Бұл  қазақтың тарихи-этнографиялық, 

шежірешілдік дәстүріне негіздеп, халық тарихын 

ауызша сақтаған елдің рухани биік мәдениетін 

зерттеуге арналған туынды.  Қазақтардың 

этникалық өмірбаянын терең зертеп, ол туралы 

көп мәліметтер жинаған автор көнекез  қарт-

тардың әңгімелеріне, рулардың шежірелеріне 

сүйеніп,  ұлттық сана мен елдің, жердің тарихы 

туралы жан-жақты таным-түсінік  қалып-

тастыруға  ұмтылады. Оның негізінде өз  ұлтына 

деген патриоттық сезім, шежірелер арқылы 

бойға сіңген "қарға тамырлы казақтың" өзара 

туыстығы, "әкенің баласы болмай, адамның 

баласы болуға" тәрбиеленген өнегесі жатыр. 

2002 жылы Ақселеудің  " Қ а з а қ т ы ң төл 

шежіресі" деп аталатын бір беттік плакат — 

шежіресі шыққаны есімде. Ол түп-тамыры сақ, 

скиф, түркі,  қазақ болып басталатын алып 

бәйтерек үлгісінде сызылып,  қазақ ру-тайпалары 

бәйтеректің діңінен өрбіген бір  ұлттың 

тұтастығын бейнелеген кұрнекі  құрал сияқты 

еді. Оның идеясында  қазақтың этномәдени 

тұтастығын көрсету кезделген. 

Ақселеудің этнографиялық зерттеулері 

негізінен ауызша тарихқа арналған. Ауызша 

тарих әлі толық халық тарихының өзі емес, ел 

жадында сақталған нұсқасы ғой. Ақселеу 

оны сол толық тарихты жасауға  қажет 

деректердің мол кезі ретінде  ұсынады. Оны 

көзі  қарақты, көкірегі ояу қазаққа жеткізіп, 

жоғалтпай, кейінгі  ұрпаққа тапсырып кетуді 

көздейді және оны автор толығымен 

орындаған. Оны оқыған адам  қазақтың 

кеше ғана өткен тұрмыс-тіршілігінің 

ортасында туып, кең далада табиғат 

аясында,  қазақы болмыстың тәрбиесінде 

өскен жігіттің көргені мен түйгенін, ол 

туралы пайымдауларын толығынан түсіне 

қабылдайды. Оның көңілі таза, сезімі 

ұшқыр, қиялы кең. Сондықтан ол өзі 

көргендері арқылы бүкіл  қазақтың болмысын, 

әдет-салтын суреттеуге тырысады. Оны кешегі 

заман тарихының толық суреті деп тану да 

қиын. Өйткені, көп нәрселер жоғалып кетті. Ал, 

оның сақталып  қалған белгілерін тап басып 

таныған жазушы ниетінде  қапы жоқ. Ол төгіле 

жазып, өткенді  қызықтыра еске алып, бүгінгі 

ұрпаққа ұлтының тарихы мен табиғаты жайында 

сыр шертеді. Ақселеудің тілінде де  қазақтың 

қайнаған ортасынан шы қ қ а н байлық мол 

кездеседі. Ғылымдық мәселелердің өзін түсінікті 

кеткенін байқадым. Ғылыми атақ алу, ғылым 

кандидаты болудың ондай мамандық иесі үшін 

қажеттігі жоғы да рас еді.  К е й і н н е н ол 

"Социалистік  Қазақстан" газетінде, "Білім және 

е ң б е к " журналында жауапты  қызметтер 

атқарған кезде де ғылымның  қажеттігін сөзіне 

қойған жоқ. Одан соңғы жұмыссыз жүрген 

күндерінде ғана "ғалымның хаты өлмейтінін", 

басқа лауазымның бәрі де өткінші екендігін 

аңғарған сияқты. Ғылым академиясының 

М.Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер 

мекендік, тілдік, салт-дәстүр тұтастығын көрсету 

арқылы көшпелілер әлемі деген  ұғымды  қалып-

тастыруда, олар жайындағы еуроцентристік 

көзкарасқа  қарсы жауап беруінде. 

Осы екі кітап кейін автордың "Қазақ әлемі" 

(1997) деген үлкен зерттеуіне негіз болды. 

Ақселеу онда кешпелілер әлемінің, оның 

ішіндегі  қазақ этносының тарихы мен дамуы 

жолын, мәдениетін,  ұлттық  құрылымын кеңірек 

қ арастырады , халы қ наман ы танытаты н 

дәстүрлік, этнографиялық бітімін талдап 

ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ өміріне үлкен өзгеріс 

жасағанын Ақселеудің өзі де көп айтатын. Оның 

жазып жүргендері көп болғанымен, кітаптары 

Алматыға келгеннен кейін ғана басыла бастады. 

Оның  қызметі ауысуына сол кездегі партияның 

кадрларды іріктеу, біртіндеп есіру принципі, 

оны адал атқарған азаматтар көмектесті. Бұл бір 

ескі басқару жүйесінің үйренетін ісі еді ғой. 

Бүгінгідей өз таныстарынан команда  құрмай, 

бос орынға іскер адамдарды іздейтін. 

Бір күні  Қазақстан Компартиясы Орталық 



Аңшылық, дала аңының сырын жетік білуге 

ұмтылу, сол арқылы табиғат сұлулығын тану 

Ақселеу кейіпкерлерінің жан дүниесін таныта-

ды. "Қазіргі шақта тұғыр үстіндегі ақиық  қы-

ранды  қаумалап тұрған мына төрт шал осынау 

кең дүниеде  құстан асқан сұлулық, мұнан өткен 

қызық, бұған жетер мағыналы тіршілік бар 

дегенде еш иланбас еді" — дейді жазушы. 

Жазушының бұл өмірді жетік білетіні, сол 

ортаның, кәсіптің өзіндік тілін, сөз саптау ерек-

шеліктерін ("Келте сонар", "Құс зар күйінде 

екен", "Тамағына бола таңын көрмейді", 

"Дәлекті түлкі" т.б.) де меңгергендігінен 

көрінеді. Ол аңшылық кәсіпті ақтай сөйлейді. 

Оны адамның көңіл  құмарын  қызықтаудың 

заңды жолына санайды. "Дүние-мүліктің буына 

мас болып, көңіл  құмарыңды  қызықтамай 

ғұмыр кешу адамға лайық па? — дейді Мұса 

қарт. — Оған  қанағат етсе, ол адам ба? ... 

тіршілікте  құлқынның жөні бөлек, көңілдің 

жөні бір бөлек. Айналаңа, төңірегіңе, ортаңа 

әбестігі жоқ әрекет еткің келеді екен, ол әре-

кеттен көңіл  құмарың  қанағат табады екен — 

ендеше оның несі айып? Байлаудағы тоқтыдай 

бауыздауыңнан шыға тойғанға мәз болғың 

келмейді екен, әсем табиғаттан уаз кешіп, 

саятшылықты алданыш еткің келеді екен — оны 

қ алайш а айып санарсың" . Осы сөздерде 

Ақселеудің өз танымы да жатқанын енді, ол жоқ 

кезде, біліп отырмыз. 

Осыдан бастап табиғатты тануға, оның 

тылсым сырларын аңдап, ғажайыптарын тү-

сінуге  ұмтылу Ақселеудің шығармашылық өмі-

рінің негізгі нысанасына айналды. Ол табиғатты 

"дүние дидарындағы ең сұлу, ең  қымбат, адам 

баласына ең жақын, ең  қатал, ең дана, ең әділ" 

деген сөздермен сипаттады. "Жер бетіндегі тір-

шілік атаулыны өз заңдылығына бағындырып, 

ұлы тұтастықта  қозғалысқа келтірудегі та-

биғаттың  құдіретін" мойындады. Оның "қай-

таланбас сұлулығын, таусылмайтын қызығын, 

мың сан жаратылысын, асқақтығы мен ерлігін, 

шексіздігін, нәзіктігін"  қайран  қала жырлады. 

Адамды осы табиғаттың  қорғаушысы,  қамқор-

шысы болуға шақырды. Сондықтан да табиғат 

аясында жүріп, өзі кезімен көрген не бір  қызық 

та ғажайып жайларды шығармаларына тақырып 

етіп алды. Мұндай шығармалар жазушының 

"Тауға біткен жалбыз" (1979) атты кітабының 

негізін  құрады. 

"Күн  ұзын байқамаппын, көз алдымда 

көлбендеген түлкінің ақша  қармен тоғысқан 

өрттей қызыл жоны,  қобыз кеудесі,  қиылған 

белі, жұмыр  құйрығы, тіптен сол  ұлпа  құй-

рықтың  ұшындағы болмашы  қараға дейін мінсіз 

сұлулық  құрайды екен.  Қазіргі сәттегі еппен 

қозғалған нәзік  қимылының өзі суреттей тар-

тымды еді" деп суреттейді жазушы түлкі 

сұлулығын осы еңбегінде. 

Ақселеу таныған дала табиғаты мен оны 

құрайтын айнала тіршіліктің сұлулығы болашақ 

үлкен жазушы-ғалым көзқарасының  қалыпта-

суына себеп болғаны даусыз. Даланың аңдары, 

тіршілік  құрайтын дүниелерін былай  қойғанның 

өзінде, оның адамдары да сол дала табиғатына 

ұқсап, дарқан да жомарт, сал да сері, ержүрек 

батырлығымен, намысты  қылықтарымен көзге 

түседі. "Қыр хикаялары" (1977) атты кітабында 

Ақселеу  қыр адамдары өмірін табиғат аясында 

суреттей отырып, даланың  ұлдары мен  қыз-

дарына тән ерлік пен ізгілік, сән-салтанат, 

махаббатқа тұрақтылық, сезімге адалдық сияқты 

адами  қасиеттерді жазады. Жазушы дала өмірін, 

ел ішіндегі әрқилы әңгімелер мен аңыздарды 

жетік біледі. Көпшілік сахналарда да, жеке адам 

тағдыры жайлы суреттеме, баяндауларында да 

ол шындықты шынайы  қалпынан жалтармай, 

бар болмысымен кең жайып сап бейнелейді. 

" Қ ы з  ұзатқандағы" теңіне  қосыла алмай, 

комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің 

баспасөз жөніндегі орынбасары Әбдеш  Қалмыр-

заев маған телефон соқты. Амандық-саулық 

сұрасқаннан кейін ол бірден: 

— Секе, бір нәрсе ақылдасайын деп едім. 

"Социалистік  Қазақстан" газеті редакциясына, 

баяғы өзіңіз істеп кеткен орынға (мен онда 

1955-1958 жылдары істегем) ыңғайлы, әдебиет 

пен өнерді жақсы білетін,  қаламы жүйрік адам 

керек болып тұр. Сіз әдебиетшілерді жақсы 

білесіз  ғ о й , кімді атар едіңіз, — деді. 

— Менің ойыма бірден Ақселеу түсті. Бірақ 

оны атамай: 

— Ондай адамды тек Алматыдан ғана 

іздейсіңдер ғой. Облыстардан іздесеңдер, табуға 

болады, — дедім. 

— Жақсы жігіт болса, алдырамыз. Үй алуына 

да көмектесеміз. 

"Социалистік  Қазақстан" редакциясындағы 

әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі 

редакциялық коллегиясының мүшесі ретінде 

Орталық комитеттің номенклатурасына кіретін. 

Ал, Орталық комитеттің номенклатуралық 

қызметкерлерді облыстардан да шақырып 

алатын әдеті болатын. Сол ойыма түсті. Мен 

Ақселеудің атын атадым. Сол кездегі "Социа-

листік  Қазақстанның" редакторы Сапар Бай-

жанов та оны бірден  қолдай кетіпті. Сөйтіп, 

Ақселеу Алматыға келді, үй алды, шығарма-

шылық ортаға араласып кетті. 

Бірақ мен Ақселеудің Алматыға ауысуына 

себепкер болғанымды оған айтқан емеспін. Ол 

оны кешірек, біраз жылдар еткеннен кейін 

естіді. Оны Әбдеш айтып  қойыпты. Үйге 

арсаландап жетіп келген Ақселеудің: 

— "Аға-ау, неге айтпағансыз?  Қалай 

келгенімді өзім де білмей жүр едім. Әбдештен 

естідім. Бұл бір  ұмытылмайтын мәселе болды. 

Егер мен Алматыға келмесем, көп болса, облыс 

көлеміндегі танымал бір журналист болып  қалар 

едім ғой", — деп ағынан жарылғаны бар. Осы 

сөзді Астанада өзінің алпыс жылдық тойында 

да айтты. 

Бұдан Ақселеуге "мен көмектестім" деген 

ұғым тумауы керек. Ақселеудің ешкімні ң 

сүйеуіне мұқтаж жігіт болмағанын елдің бәрі 

біледі. Мен оны "әр нәрсенің бір себебі бар" 

деген мағынада еске алып отырмын. 

Ақселеудің ел, жер тарихы мен этнология-

сына байланысты ізденістері, шыққан кітаптары 

жайлы  ұнамды пікірлер оны ғылымның осы 

саласында еңбек істеуге жігерлендірді. Ол өзі 

жинап-терген деректерді ғылыми ой-пікірлерге 

сүйеніп, сұрыптап жариялай бастады. Оның бұл 

жүйедегі алғашқы ой-бағамдарын "Күмбір-

күмбір күмбездер" (1981) кітабынан көреміз. . 

Кітап негізінен  қазақ этнологиясы туралы 

болса да, автор онымен шектеліп  қалмайды. 

Ұлы даланы ң көне м ұ ралары , шежірелік 

мәліметтердің маңызы, ел мен жер тарихына 

байланысты атаулар,  қазақтардың әдет-ғұрпы, 

салт-санасы туралы ойлар, наурыз тойының 

дәстүрлік сипаты, киіз үй және оның адамзат 

баспаналары легіндегі орны мен ерекшеліктері, 

күй-шежіре және оны тудырушылар жайлы әң-

гімелерде оқырман  қызығушылығын туғызатын 

мәліметтер мол. Ұлы дала ғимараттары — Алаша 

хан, Жошы хан, Домбауыл, Үстірт бойындағы 

ескерткіш мұралар жөнінде әңгімелейді. Бұл 

тұрғыда "Күмбір-күмбір күмбездер" — Ақ-

селеудің ғылымға ынтасын оятып, ізденістерін 

бір жүйеге бағыттаған кітап. 

1995 жылы Ақселеу "Көшпелілер тарихы" 

атты жаңа еңбек жариялады. Бұл — көшпелі 

түркі руларының осы күнге шейін еуропа-

лықтардың  ұғынып келгеніндей, жабайы халық 

емес, өзіндік көшпелі мәдениеті, елдік тұтас 

тарихы мен дәстүрі бар ел болғандығын дә-

лелдеуге арналған. Еуразияның  ұлы даласын 

көрсетеді, даладағы тарихи белгілер мен табиғат 

сұлулығын құраған (өзі "Сұлулық туралы-сыр 

деп атаған)ескерткіштер жайына тоқтайды. 

"Социалистік  Қазақстан" газетінде 7 жылдай 

қызмет істеген Ақселеу 1983 жылы "Білім және 

еңбек" журналына редактор болып ауысты. 

Жастарға арналған ғылыми-көпшілік мәліметгер 

тарататын журнал Ақселеудің күйттеп жүрген 

істерін жалғастыруға тым  қолайлы еді. Ол дала 

тарихы мен этнографиясына  қатысты, жалпы 

қазақ елінің  ұлттық проблемаларын көтеретін 

материалдарды көп жариялады.  Ұлт рухы 

бойына сіңген авторларды көптеп тартты. 

Олардың жазғандары жас оқырмандар бойында 

ұлттық сезім, намыс, азаматтық сезімдерді 

оятуға  қызмет ете бастағаны да жасырын емес 

еді. Кеңес өкіметі мен коммунистік идеоло-

гияның күшті кезінде мұндай жұмыстарды 

жасқанбай атқару  қауіпті де болатын. 

Мемлекеттік  қауіпсіздік органдары оны көрмей 

ете алмады. Жастар журналы бетінде 

жарияланып жатқан "ұлтшылдық" материалдар 

жайлы дабыл  қағылды. Солардың ыңғайымен 

Қазақстан комсомолының Орталық комитеті 

Ақселеуді редакторлықтан босатты. Оның 

құйрығына  қоңырау байланып,  қайда,  қандай 

жұмысқа баруы жабық бақылауда болды. 

1987 жылы Ақселеу  Қазақ ССР академия-

сының Әдебиет және өнер институтына 

осындай жағдайда келген еді. Ақселеуді 

жұмысқа  қабылдауға пейіл танытқан институт 

директоры Ш.Елеукеновке бір күні мемлекеттік 

қауіпсіздік комитетінің бір  қызметкері келіп, 

оның бақылауда жүргендігін айтып, жауапты 

жұмысқа алуды бөгей тұруды  ұсыныпты. 

Ақселеу аға лаборант болып орналасты. Көп 

кешікпей, институттың директоры  қызметіне 

мен келдім де, бұл сорақылықты бірден түзедім. 

Маған ақыл айтып ешкім келе  қойған жоқ. 

Коммунистік партия идеологиясының әлсірей 

бастаған тұсы ғой. Оның үстіне Алаш 

қайраткерлері мен оның әдебиетін ақтап алу 

туралы мәселе көтерілді. Өзбекәлі Жәнібеков 

(идеология жөніндегі хатшы) бастаған идеолог 

жігіттердің барлығы дерлік (ішінде Мырзатай 

Жолдасбеков бар) бұл жөніндегі  ұсыныстарды 

қолдап шықты. Осындай жағдайда Ақселеудің 

"ұлтшылдығымен" шұғылдануға ешкімнің 

мұршасы келмей  қалды. Ол кіші ғылыми 

қызметкер, аға ғылыми  қызметкер, бас ғылыми 

қызметкер міндеттерін атқарып,  қолжазба 

орталығының бөлім меңгерушісі  қызметіне 

көтерілді. Ғылыми жұмысқа төселіп, оның ішкі 

қыр-сырын түсінді. Кандидаттық диссертация 

дайындады. Оның "Қара өлең —  қазақтың 

дәстүрлі халықтық лирикасының көне жанры" 

атты зерттеуі өлеңнің ескі түрі есебінде кезінде 

Ш о қ а н Уәлихановтың назарын аударған 

мәселеге арналды. Диссертация ретінде 

қорғалғаннан кейін ол "Мы ң бір маржан" 

(1989) деген атпен басылып шықты. 

Ақселеудің кандидаттық диссертациясы 

қазақ халық поэзиясының теориялық мәсе-

лелерін көтеруде де маңызды, байсалды зерттеу 

болды. Онда  қара өлеңнің жанрлық ерекше-

ліктері, көркемдік сипаты, бітім  құрылысы, 

қалыптасу жолдары,  қоғамдық-әлеуметтік 

қызметі жан-жақты әрі терең талдауға түсті. Тек 

бір жанрмен шектелмей, ол жалпы халық 

поэзиясы туралы, оның ғылымдық тұтас сипаты 

жайында  қызықты ойлар айтты. 

Осыдан  қолы босағаннан кейін ғана Ақселеу 

өзі көп жылдар жинаған қазақтың күй аңыздары 

туралы мәліметтерін тірілтуге кірісті. Оның ал-

ғашқы нұсқасы "Күй-шежіре" деген атпен 1992 

жылы жарияланды. Онда негізінен күй аңыз-

дарының текстологиясы  қаралды. Кейін ол күй 

аңыздарының  құрылымын, жанрлық ерекшелік-

терін  қамтитын кең көлемдегі зерттеу жасады. 

институтына лаборант болып орналасудың өзі 

оған ғылым босағасынан ішке аттап өтумен 

бірдей еді. Сонда жүріп ғылымның дәмін татты. 

Ғылыми атағына лайық лауазымы да,  қызметі 

де өсті. Сөйтіп, ол  қазақтың фольклортанушы 

ғалымдарының сапына  қосылды. 

Ақселеудің халық әдебиетін зерттеушілік 

еңбегіне  қоса, онда ұлттық дәстүр мен халықтық 

мәдениет үлгілерін көп  қарастырған, оны 

ұқыпты зерттеген адамға тән айрықша бір 

мәдениеттанушылық сипат бар еді. Ол өзін тек 

фольклортанушы ғана деп  ұ қ қ а н емес, кең 

мағынасында  ұлт мұрасының зерттеушісі, 

мәдениеттанушы деп есептеді. Бұл оның кейінгі 

еңбектерінде де кең көрінді. Ақселеу шығар-

машылығының осы ерекшелігі ең алғаш "Білім 

және еңбек" журналында жариялаған көптеген 

мақалалары ("Торғайдың бойы тұнған шежіре", 

"Бесқаладан Таразға дейін", "Жыр — семсер", 

"Өнер академиясы", "Көненің көзі", "Сөз 

қадірі" т.б.) мен "Күмбір-күмбір күмбездер" 

атты кітабында, тағы басқа баспасөз беттерінде 

жарияланған еңбектерінде байқалған еді. Өзінің 

бүкіл өмірін арнаған "Қазақтың күй аңызы" осы 

үлгідегі алғашқы тұтас зерттеу болып туды. 

"Қазақтың күй өнерінің" тарихнамасын 

автор тым әріден бастайды. Ән мен күй жанр-

ларының салалануын ол  қазақ этнонимінің 

тарих сахнасына шығуынан бұрынғы дәуірге 

жатқызады. Оны бүкіл түркі халықтарына ортақ 

Қорқыт (ІХғ.), Кетбұға (ХІІ-ХІІІғ.), Сары 

Салтық (ХІІІ-ХІVғ.), Асан  Қайғы (ХVғ.),  Қаз-

туған (ХVғ.) сияқты тарихи тұлғалардың музы-

калық мұрасын бүгінгі күнге жеткізіп, иемденіп 

отырған бірден-бір халық  қазақтар болғанымен 

дәлелдейді. Бүгін  қазақта бес мыңдай ән, бес 

мыңдай күй мұрасы тіркеуге алынса, олардың 

тақырыптық мазмұнында екі жарым мың 

жылдық тарихи оқиғалар мен шежірелер, аңыз-

дар  қамтылған екен. Тарихпен осындай біте 

кдйнасып жатқан  қазақ музыкасы өмір шынды-

ғына  қоса, адам сезімі мен көңіл күйінің ша-

лымдылығымен, әуездік-әуендік тілінің орам-

дылығымен баурайды.  Қазақтың фольклоры, 

поэзиясы,  қол өнері сияқты, философиялық, 

эстетикалық ой-өресі де музыкалық туындылар-

да біртіндеп байып, биіктеп отырған. Мұны 

Ақселеу жалпы түркілік мәдениеттің жарқын 

көріністерінің бірі деп  қарайды. "Этнос атаулы-

ны адамзат мәдениетіне  қосқан үлесімен ғана 

парақтау  қажет болса, онда  қазақ халқының 

мағұрлана бетке  ұстары, ең алдымен, музыкасы 

болуға тиіс" — дейді ол. 

"Күй аңыздары" — Ақселеу еңбегінің негізгі 

нысанасы. Өйткені, бұл музыкаддн гөрі 

фольклорға, әдебиетке жақын, күйдің тууына 

себеп болған жағдайларды, оның туу процесін 

таныта алатын аңыз-әңгімелер. Осы күнге дейін 

музыкалық фольклордың өзін ғана сөз етіп, 

оның филологиялық сыңарын сөз етпей келген 

болсақ, Ақселеу соның орнын толтыра зерт-

тейді. Әнмен, күймен біте  қайнасып жатқан 

өлең, жыр, толғау, аңыз, әңгіме сияқты көп-

теген жанрларды еске алады. Бұларсыз музы-

калық фольклордың және онымен шендесіп 

жатқан күй аңыздарының ерекшеліктері туралы 

ой өрбуі мүмкін емес. 

Күй  а ң ы з д а р ы н ы ң даму кезеңдерін 

қарастырғанда, Ақселеу Ә.Марғұлан  ұсынған 

дәуірлеу принципін пайдаланады. Олар: 1) ең 

байырғы заман; 2) оғыз-қыпшақ заманы; 3) 

тдрихи дәуірлер (ХІІІ-ХІV) немесе  қазақ 

даласындд Жошы  ұлысының ірге тебуі; 4) 

Жоңғармен екі ғасырға созылған күрес кезеңі; 

5) феодалдық  қайшылықтарға  қарсы күрес 

кезеңі. Тек Ә.Марғұлан  қолданған соңғы атауды 

зерттеуші "Ресей отаршылдығына  қарсы 

е т і п баяндап, этнография мен этнология 

терминдеріні қазақша, нұсқаларын жасады. 

Ақселеуден  қалған әдеби-мәдени және ғы-

лымдық мұра бұл аталған еңбектермен шектел-

мейді. Оның әдеби шығармалары іріктеліп, 2002 

жылы "Атамұра" баспасынан "Айқыз" деген 

атпен басылды. Журналистік  қызметі кезінде 

жазғандарынан  құрастырылған "Кеніш" (1979), 

"Серпер" (1981) деген жинақтары бар. Әдебиет 

және оны зерттеу мәселелерін  қозғайтын кейбір 

ойлары "Сонар" (1989), "Ой толғақ" (1997) атты 

кітаптарына кірді. Үлкен зерттеулерге дайын-

далып жүрген кездерде "Қазақтың әйгілі күйші-

лері" (1992), "Балталы-Бағаналы ел аман бол" 

(1993) атты кітаптар шығарды. Астанада Еуразия 

университетінде ол "Ел тұтқа" деген  қазақ 

тарихының көрнекті тұлғалары жайлы кітап 

жазуға  қатысты. Осыларды  қоссақ, Ақселеу 

мұрасы толыға,  ұлғая түседі. Оны түгендеу, 

терең талдау — болашақтың ісі. 

Тәуелсіздік жылдары Ақселеу көптеген 

ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарына  қатысып, 

көп нәрсеге ақыл кеңесін  қосты. Білім және 

ғылым министрлігінің Білім проблемалары 

институтын (1997-1998),  Қазақтың Білім 

академиясын (1998-1999) басқарды. 2000 жылы 

Еуразия университетіне ауысып, сонда ор-

нықты. Университетте лекция оқу, студент-

термен бетпе-бет тілдесу — маманды өсіретін 

биік кәсіп  қой. Ғылыми-зерттеу институтында 

істейтін ғалымдардың бәрі лектор бола алмайды. 

Олар ылғи ғылымның бір проблемасымен ғана 

шұғылданып, соған үйреніп  қалады. Ал лектор 

болу үшін кең эрудиция, жан-жақты білгірлік, 

көп оқу, көп іздену керек. Осы жағдай 

Ақселеуді ысылдырғанын мен соңғы жылдары 

жиі байқайтын едім. Ол өз мамандығының  қай 

мәселесіне салсақ да, іркілмейтін, кесіп 

айтатын, шешен, алғыр, үлкен ұстаз дәрежесіне 

көтерілген лектор болып  қалыптасып еді. Және 

осы  ұстаздығын, білгірлігін, шешендігін басқа 

орталарда да танытып үлгерді. Сөйтіп, 

халықтың, кең аудиторияның мойындауына ие 

болды. Ол өнердің барлық саласына  қатысты 

ақыл-кеңесін  қосты. Елдің онымен жылап 

қоштасуының сыры да осында деп білемін. 

Ол туыстыққа, жолдастық-достыққа адал, 

мейірімді, көңілі кең азамат еді. Достары да, 

сыйластары да көп болды. Өзімен араласпаса да, 

еңбектерін оқып, оған  құрметпен  қараған көп 

азаматтар оны шығарысуға келгенін көрдік. 

Ол Астанасын сүйді. Оған өз еркімен барып, 

оның мәртебесін көтеруге  қызмет істеді. Алма-

тыға  қайтып келіп, бір ғылыми мекемелерге 

бастық болу идеясы туған кезде де оған 

бұрылмағанын көрдім. Мен де айтып едім: 

"Секе-ау, елге таянып барып  қалдым. Орнық-

тым. Енді жылы орнымды суытпай-ақ  қойғаным 

дұрыс шығар. Астана өсіп келеді" — деді.  Қайта 

мені Астанаға келуге үгіттейтін. Менің Еуразия 

университетінің ғылыми бағдарламасына 

қатысқан бір тұсымда: "бұл келудің басы ғой" 

деп  қуанып, тілек  қосқаны бар.  Қайтыс 

боларының алдында ғана университетте 

жеңгесін (Әлия Бейсенова) кездестіріп әңгімеге 

тартып, айналшақтап кеп тұрғанын, кетіп 

қалып, қайта келіп, тағы да сөйлескенін естіп 

едім.  Қоштасып жүр екен ғой, жарықтық! 

Ақселеуім менің! Дәл елің тәуелсіздік алып, 

өзің жаныңды сала  қорғаған  ұ л т ы ң н ы ң 

көтерілуіне  қажет бір тұсыңда кетіп  қалдың-ау! 

Не айтайын,  Құдай алдыңнан жарылқасын! 

Сенен  қалған еңбек өлмейді. Ол — халқыңа, 

оның келешегіне,  ұрпаққа арналған еңбектер. 



Серік  ҚИРАБАЕВ, 

академик. 

Егемен Қазақстан. - 2009. - 12 желтоқсан (№ 416/418). - 5 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал