АҚселеу-дәурен өтті де кетті



жүктеу 69.82 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі69.82 Kb.

АҚСЕЛЕУ-ДӘУРЕН... ӨТТІ ДЕ КЕТТІ 

12 желтоқсан - Ақселеу Сейдімбектің туған күні. 

Ол 68 жасқа толар еді 

Ханкелді Әбжанов, 



Мемлекет тарихы институты 

директорының орынбасары, 

тарих ғылымының докторы, профессор 

Ақселеудей ұлыны 

тануға уақыт керек 

Ұлыларды танып-білу үшін уақыт қажет. Дүниеден озған қарапайым жандар жыл өткен 

сайын бізден алыстай берсе, ұлылардың жарқын бейнесі мен өшпес мұрасы тарих тозаңына 

кемілмейтіні былай тұрсын, қайта бұрынғыдан анық әрі қанық ашылып, өзі араласқан-құраласқан 

замандастарынан гөрі кейінгі ұрпаққа түсінікті де жақын тарта түсетін тәрізді. Олар тыңдырған 

істер мен көтерген идеялардың нәтижесі, өміршеңдігі уақытпен бірге өркештене, салалана, 

ірілене, дәйектеле бермек. 


ТҰЛҒА 

Қазақ: "Жақсының жаттығы жоқ", дейді. Сондағы жақсысы - ұлы адам дегені болар. 

Шынында да, нағыз ұлыны әрбір кәсіп иесі, әр жастағы ерлер мен әйелдер өз ақылшысындай, 

сырласындай қабылдайды ғой. Ақселеу Сейдімбектің ұлылығын, ұлт тарихы мен тағдырындағы 

қадыр-қасиетін ұғынуға талпыныс енді басталды. Бұл - интеллектуалдық ұзақ жолдың басы ғана. 

Менің кәсіп таңдау жолымда Ахаңның орны алабөтен десем, еш қателеспеймін. Бәрі орта 

мектепті аяқтап, Алматыға оқуға келгеннен басталды. Үйден шыққанда Қазақ университетінің 

философия факультетіне түсуге жоспар құрған едім. Ауылдағы көңіл қабылдау комиссиясында 

нілдей бұзылды. Философия факультетіне екі жылдық еңбек өтілімен қабылдайды екен. Мен 

мектепті енді ғана бітірген баламын. Сонда не істеу керек? 

Қабылдау комиссиясынан сүмірейіп, шығып келе жатсам, университеттің бас ғимараты 

алдында жерлесім Ақселеу Сейдімбеков тұр (Сейдімбек атанғаны тәуелсіздік тұсында). Ағасы 

Хасен мұғалім бізге алгебрадан сабақ берген. Сол мұғаліміміз - Ахаңның қасында. Қуанып кеттім. 

Сәлем беріп, жағдайымды түсіндірдім. 

- Сен былай істе, - деді Ахаң бірден. - Философия - тарихқа жақын кәсіп. Құжаттарыңды 

тарих факультетіне тапсыр. Түссең, философияны сонда жүріп-ақ игересің. 

Бұған дейін Ахаңмен ауызба-ауыз сөйлеспесем де, сыртынан жақсы білуші едім. Танымал 

адамның сөзін жерге тастамайтын ауыл баласы емеспіз бе. Айтқанынан шықпадым, 

кұжаттарымды тарих факультетіне тапсырып, сол 1971 жылы Қазақ университетінің студенттері 

қатарына қосылдым. 

Осылайша, Ахаңнын ақылымен кәсіби тағдырым анықталды. Ойлап тұрсам, Ахаң сонда бар 

болғаны 28-29 жастағы мөлдіреген жігіт екен ғой. 

Уақыт өте берді. Ол кісі - Қарағандыда, мен - Алматыдамын. Етене араласып кетпесем де, 

газет-журналдарға жазғандарын оқумен "таныстығымды" тереңдете түстім. 

Ахаң "Социалистік Қазақстанға" ауысқаннан кейін жақынырақ танысудың реті туды. Бір 

жолы редакцияда жолыққанымда көшпелілер өркениеті жайлы кітап жазып жатқанын айтып, 

ондағы қадау-қадау ойларымен бөлісті. Ұлы даладағы шаруашылық-мәдени кешен мен қоғамдық 

қатынастарға махаббаты, қылаудай шаң жуытқысы келмейтін ұстанымы сол заман үшін ғылыми-

идеологиялык ерлікпен пара-пар еді. Қазақ хандығы, оған іргелес түркі мемлекеттері Еуропадағы 

өнеркәсіптік төңкерістерден, техникалық ғылым жетістіктерінен жырақ қалғанын, түптеп 

келгенде, отарлық қамытын киюге мәжбүр болғанын алға тартып көрдім. Уәжімді жоққа 

шығармаса да, Азияның қилы тағдыры еуропалықтардың ындынының бұзықтығымен 

анықталғанын бірінші орынға қойды. Әңгіме қылған кітабы 1981 жылы "Күңгір-күңгір 

күмбездер" атауымен жарық көргенін жұртшылық жақсы біледі. Ал мен ғылыми пікір-таластың, 

ойды қисынды дәйектеудің алғашқы тамаша мектебінен өттім. 

1986 жылғы желтоқсан қасіретінен кейін қуғынға ұшыраған Ахаң М.Әуезов атындағы 

Әдебиет жэне өнер институтына болар-болмас қызметке орналасты. Достары - күйінді, 

дұшпандары - сүйінді. Ара-тұра кездесіп қалғанда ашылып сөйлесе де алмадық. 1987 жылдың 

жазында пәтер алған едім. Қоныстойды сылтауратып, Орал жеңгей екеуін жаңа үйге қонаққа 

шақырдым. 

Сол күнгі отырыс әлі есімнен кетпейді. "Қызметтен қуылдым, қатарымнан қалдым" - деген 

ойдан қажыған Ахаң жоқ. Шешіліп әңгіме айтты, балаларыма батасын берді, жеке кітапханаммен 

танысты. Көңілі қалап тұрған соң, жарық көргеніне көп бола қоймаған "Құран" кітабының орысша 

аудармасын сыйладым. Ең бастысы - қиыншылыққа қасқая қарсы тұрудың адам қызыққандай 

үлгісін көрдім. Азаттықтың ақ таңы осындай ерлердің арқасында атқанына енді көзіміз жетуде. 

1992 жылы 30 қазанда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтындағы 

арнайы кеңесте докторлық диссертация қорғайтын болдым. Бірнеше күн қалғанда Ахаңа 

кездейсоқ жолығып қалдым да, ананы-мынаны әңгіме қылып, диссертация қорғайтынымды айтуға 

батпай, тарқап кеттік. "Ел құлағы - елу", деген емес пе. Біреулерден естіген Ахаң курстасым 

Нұрсан Әлімбаевқа: "Ханкелдінің мұнысы несі екен, әлде бірдеңеге ренжіп жүр ме, диссертация 

қорғайтынын менен неге жасырды?" деген ойларын айтыпты. Қалай болғанда да, қорғауға келіп, 

сәттілік тілеп, шаруалары бар екенін айтып, соңын күтпестен кетіп қалды. Ағаның мұнысы да 

маған сабақ болды. Үлкен басымен кішіге ілтипат көрсетуі Ұлы далаға тән ізгілікті қастерлегені 


АҚСЕЛЕУ-ДӘУРЕН... ӨТТІ ДЕ КЕТТІ 

екен ғой. 

Елорда Алматыдан Астанаға көшкенде алдыңғы толқынмен Ахаң да келді. 2004 жылдан 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы "Еуразия" гуманитарлық 

зерттеулер ғылыми орталығында 5 жыл бойы бірге қызмет еттік. Бас-аяғы оншақты адамнан 

тұратын орталығымыз қыруар жұмыс тындырды. Оның ғылыми-шығармашылық әлеуеті қандай 

дәрежеге көтерілгені мына деректерден-ақ көрініп тұр: бас ғылыми қызметкер Ақселеу Сейдімбек 

"Қазақтың күй өнері" монографиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды, орталық 

директоры Мырзатай Жолдасбеков, бөлім меңгерушілері Қойшығара Салғараұлы мен Қаржаубай 

Сартқожаұлы әр жылдары Күлтегін атындағы сыйлықпен марапатталса, ақын Несіпбек 

Айтұлының "Бәйтерек " поэмасы дүниеге келіп, өзі "Парасат" орденімен ұлықталды. Орталық 

атынан ұсынылған айтыскер ақындар Аманжол Әлтаев пен Дәулеткерей Кәпұлы бірі - ҚР еңбегі 

сіңген қайраткері атанса, екіншісі - жастардың "Дарын" мемлекеттік сыйлығын алды. Қаншама 

қызметкеріміздің қолдары пәтерге жетіп, қоныстойларын тойлады десеңізші. 

Мырзекеңнің бастауымен құрылған "Күлтегін клубы" қоғамдық бірлестігінің 

отырыстарына Астананың игі жақсылары жиналатын. Күн құрғатпай БАҚ өкілдері келіп, небір 

тақырыптарга сұхбат алып жатушы еді. Сол жылдары Елбасының қабылдауында болған Мырзатай 

Жолдасбеков, Ақселеу Сейдімбек, Қаржаубай ағаларымыз орталықтың ғана емес, университеттің, 

ұлт ғылымы мен руханиятының мәртебесін асқақтатты. 

Ахаңмен бірге қызмет ету, ойлап тұрсам, менің бейресми университетім екен. Бес жыл 

ішінде ұлтымыздың мәдени-имандық қасиеттерін әлеуметтік-кәсіби біліктілікпен ұштастырудың, 

тәуелсіздіктің интеллектуалдық іргетасын бекемдеуге қызмет етудің толымды курстарын өткен 

тәріздімін. 

Ахаңның тұла бойы талғампаздыққа, ұқыптылыққа, үздіксіз ізденіске, қарапайымдылыққа, 

қамқорлық пен жанашырлыққа толы еді-ау. Осының бәрі жүріс-тұрысынан, мұнтаздай киген 

киімінен, компьютерде бастыруға Үржамал мен Шолпанға әкелген қолжазбаларынан, тіпті 

насыбай атқанынан көрініп тұратын. 

Интеллектуалдық жомарттығы мен дархандығын айрықша айтқым келеді. Қоғамдық-

гуманитарлық ғылымдардың қай саласынан болмасын даярлығы мол Ахаң кесек-кесек ойларын 

ортаға салып, түркітану, қытайтану, мәдениеттану, тарих, этнология, өнер, тіл жайлы тың пайым-

болжауларын, методологиялық ұстанымдарын жарияланбай тұрып-ақ әріптестерімен бөлісе 

беретін. Бұл аз болса, нақты тақырып бойынша жаңаша көзқарастың сулбесін түсіндіріп, әрі қарай 

зерттеуге, жазуымызға жол сілтейтін 

Бір ғана мысал келтірейін. 2004 жылы С. Сейфуллиннің 110 жылдығы тойланып жатты. 

Ерте көктем шамасы болса керек, орталықтағы кабинетімізде Сәкен шығармашылығы төңірегінде 

әңгіме қозғала қалды. Ақселеу ағам: 

- Сәкен мұрасы - эвфемизм. Ол белгілі себептермен қолданылмайтын ұғым-түсінікті, яки 

сөзді, ойды басқаша жеткізуді білдіреді. "Аққудың айрылуы", "Ақсақ киік" - эвфемистік 

әдебиеттің классикалық үлгісі дей келе, маған қарата - Ханкелді, сен кеңестік Қазақстан мәдениеті 

тарихына осынау жаңа аксиологиялық пайымды қолданып, Сәкен шығармаларын мысалға ала 

отырып, бірдеңе жазсайшы, - деді. 

Шынында да, Ахаң қозғаған ойдың салмағы зіл батпандай еді. Біраз кітаптарды ақтаруға 

тура келді. Бірер айдан соң мақаланың алғашқы нұсқасы жазылды, бірақ өзіме ұнамады. Екінші 

нұсқасы жазылды, тағы ұнамады. Несін айта берейін, "осы дұрыс-ау" деген нұсқаны Ахаңа бердім. 

Ертеңіне лаборантка Лаураға түзеткен нұсқасын қалдырып кетіпті. Қып-қызыл! Жаңадан 

жазылмаған бет, толықтырылмаған сөйлем жоқ. Бір ауыз хат жазған екен. Хат мәтіні мынадай: 



«Хангелді! 

Сәкен туралы мына тезистерімнен бірдеңе шығаруға болатын сияқты. Табанымыз бір 

топыраққа тиіп, кіндік қанымыз бір топыраққа тамған ізбасар інілері ретінде Сәкен туралы 

қатар лебіз білдірсек- жарасар. 

Сөйлемдер кедір-бұдыр - сүргілерсің, ойлар келте қайырылған - дамытарсың, деректері 

тапшы- толықтырарсың. 

Бастауында Сәкеннің (жалпы тарихи тұлғалардың) орынын парықтауда жаңаша 

әдіснамалық ұстанымның керектігін негізгі мақсат ретінде салмақтап көрсет. 

Жалпы бұл еңбек Сәкен өміріне қатысты белгілі деректі қайталау емес, ғылыми-

теориялық ұстанымы тың, интеллектуалды өресі биік, айтары соны дүние болып шықса деймін 

ғой... 

Тәңірім ойыңа шабыт, бойыңа қуат берсін! 

Ағаң Ақселеу 

31.05.2004 ж.». 

Ахаңның бастамасымен жазылған осы мақала кейін "Егеменде" екеуміздің атымыздан 

жарияланды. 

Ақселеу ағамыз Отан тарихын зерттейтін ғылыми институттың Елордада болғанын аңсады. 

Ұмытпасам, 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаевқа осы мәселеге қатысты хат 

жазылған еді. Хат соңында қол қойған бір топ ғалымдардың ішінде Ахаң да бар. Бұл хатта ұлттық 

тарихымыздың зерттелу және насихатталу жайы кімді болсын бей-жай қалдыра алмайтындығы, 

Отан тарихы ақиқат биігінен зерделенбей, ұрпақ тәрбиесін дұрыс жолға түсіру, қазақстандық 

патриотизмді қалыптастыру әсте мүмкін еместігі, Ордалы ұжым — Ш.Уәлиханов атындағы тарих 

және этнология институты ұзақ жылдар бойы осынау абыройлы міндетті атқаруға сүбелі үлес 

қосып келгендігі, Институт ғалымдарының қаламынан шыққан 5 томдық «Қазақ ССР тарихы», 

басқа да іргелі зерттеулер өз заманында қоғамдық-тарихи сананы өрге тартқаны туралы айтылып, 

ел егемендігі нығайған бүгінгі таңда отандық тарих ғылымының алдына аса жауапты міндеттер 

қойылып отырғандығын, солардың үдесінен шығу үшін Ш. Уәлиханов атындағы тарих және 

этнология институтына қатысты бетбұрысты шешім қабылдау қажеттігін, ал ең бастысы -

Президентіміз Н. Назарбаевтың ғылыми-зерттеу институттарын ірі университеттермен біріктіру 

жайлы тапсырмасын жүзеге асыру әзірге күн тәртібінен түспегендігін, Астанада оған мүмкіндік 

жасайтын тарихшы ғалымдардың үлкен шоғыры барлығын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеттің материалдық-техникалық базасы 50-60 адамдық ҒЗИ-ді орналастыруға 

әбден жететіндігін, Есілдің сол жағалауында ұлттық археография және деректану орталығының 

жұмыс істеп тұрғандығын, демек, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтын 

университет құрамына беруге ешқандай бөгесін жоқтығын, ал бұл ұсыныс жүзеге аса қалса, 

Астананың, яғни тәуелсіздіктің де ғылыми-интеллектуалдық іргетасын нығайтуға пәрменді серпін 

берілетіндігі жөнінде айтылған еді. Абзал ағаның бұл арманы да орындалды. 2008 жылдан бері 

Елордамыз Астанада Мемлекет тарихы институты жұмыс істеп тұр. 

Сөйткен Ахаң 2009 жылгы 16 қыркүйекте дүниеден озды, 18 қыркүйекте жамбасы жерге 

тиді. Атасу елді мекенінен шыға берістегі Қарауылтөбенің басынан мәңгілік орнын тапты. 

Жерлеуге жиналған жүртта қисап жоқ еді. Жас қабірге топырақ салып, оқылған Құранға бетімізді 

сипаған соң, келген көлігімізге міне бастадық. Автобустағы алдыңғы орында Еуразия ұлттық 

университетінің профессоры, математик Нұрлан Темірғалиев жайғасқан болатын. Соның ұялы 

телефоны шырылдай жөнелде. Қоңырау шалған кісімен қысқа сөйлескен Нұрлан Жаңаарқада 

жүргенін айта келе, кенет орысшалап: 

- Великий Ақселеу умер! - деп саңқ етті. 

Біз басымызды үнсіз изей бердік. Ахаңның жас қабіріне үйілген торқалы топырақ алыста 

қалып бара жатты. Ол Қарауылтөбені одан сайын биіктетіп жібергендей еді. 

Алаштың әйгілі азаматы Ақселеу Сейдімбектің шарапатын көп көрген жандардың бірі 

болғанымды мақтан тұтамын. 


АҚСЕЛЕУ-ДӘУРЕН... ӨТТІ ДЕ КЕТТІ 

Сақ Қайрат Өмірбайұлы, 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 

Баспасөз және баспа ісі 

кафедрасының меңгерушісі 

Рухани 

аға 

Ақаң туралы өткен шақты сөйлеу қандай 

қиын!.. 

Рухани аға тумысы мен болмысы жөнінде 

ақжарылқап сөзімізді жақсы бір күні өзіне жолдаймыз ғой деп жүрген қазақтың бірі едік. Тағдыр 

оны жазбапты... 

Кеше ғана емес пе еді, ақылшы ағаммен алдағы жоспарларымыз туралы кеңесіп, 

сәрсенбінің сәтіне (қайтыс болған күн) кафедраның кеңейтілген мәжілісін өткізуге келіскенбіз. 

Сұм ажал арамыздан жұлып алып кететінін сезсемші сонда... 

Алаштың Ақселеуімен алғаш жолыққанда-ақ, мейірім, ықыласына айрықша 

шомылғандықтан ба, онсыз да қалың елі қазағына атқарған қыруар шаруасына тәнті рухани інісі 

едім, одан сайын тонның ішкі бауындай жақын тартқанына төбем көкке жеткендей қуанышқа 

бөленген болатынмын. Алғашқы сұхбаттасуымыз да қызық өрбігені әлі есімде. Сөз қонағы 

келгенде: «Қазақта ел қадірлейтін екі Ақаң бар, бірі - Ахмет Байтұрсынов та, екіншісі - Ақселеу 

Сейдімбек», - деген көңіл төріндегі ықылас, ілтипатымды білдіргенде, Ақаң ризашылық таныта 

тұрып: «Мені үшіншісіне қоссаң да жарайды, екінші Ақаң - Ахмет Жұбанов қой»,-деп түзету 

жасап еді. 

Міне, осындай әсерлі сәттер көзден ұшқан сағымдай мұнарланып барады. Бірақ көңілден 

ешқашан өшпек емес. 

Бүкіл саналы ғұмырын ұлт мүддесі, ел мұраты жолына арнаған, қаймана қазақ жоғын 

түгендеумен бар өмірін сарп еткен ұлағатты ұстаз, ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, 

көкірек көзі ояу жастардың рухани ағасы Ақселеу Сланұлының халқым деп соққан ұлы жүрегі 

алпыс жетіге қараған шағында соғуын тоқтатты, дамыл тапты. Қалың елі қазағының қабырғасын 

қайыстырып кеткен қаза үстінде көңілге медет тұтатынымыз - Ақаңның артында қалдырған өлмес 

мол мұрасы. 

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, 

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»,- деген Абайдың өлең шумағымен көңіл жұбатамыз, 

көз жасымызды құрғатамыз. Өзге қолдан келер шара жоқ. Бәрі бір Алланың ісі. 

Қазақ деген халық барда Ақаңның аты асқақтап, еңбегі жарқырап жана береріне сеніміміз 

кәміл. Екінші -мәңгілік өміріңіз ұзағынын сүйіндірсін, рухани аға! 



Әлменбетова Үржамал Абдуллақызы 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің «Еуразия» зерттеу 

орталығының ғылыми қызметкері 

Жаны жайсаң 

жан еді 

Мен Ақселеу ағамен алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

«Еуразия» ғылыми зерттеу орталығында таныстым. Ол кезде Ақселеу аға журналистика кафедра-

сының меңгерушісі қызметімен қоса орталықта бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейтін. Бұл 

орталық қазақтың маңдай алды ғалымдарының бас қосатын, бірігіп ой бөлісетін, оқу кұралдары 

мен монографиялар, ғылыми зерттеулер еңбектерінің жарыққа шығатын жері болатын. Сондық-

тан да ғылыми орталықтың серкесіндей болып Мырзатай Жолдасбекұлы, Қойшығара Салғараұлы, 

Қаржаубай Сартқожаұлы, Ханкелді Махмутұлы сынды ғалымдардың ортасында Ақселеу аға да 

жүруші еді. Ол кабинетке кіріп келгенде көптен көрмеген жандай жарқылдап келіп, сағыныса 

сәлемдесіп, отбасының амандығын, балаларымыздың хал-жағдайын сұрайтын. Әлі есімде 2001 

жылдың желтоқсан айының ортасы болатын. Тіршіліктің күйбеңімен жүріп, жұмысқа ұлым 

Нұрбекті ертіп келдім. Ол өте нәзік болатын. Жиі-жиі сырқаттанып, ауырып қала беретін. Сәлден 

соң кабинетке Ақселеу аға мен Қойшығара Салғараұлы кірді. Ақселеу аға Нұрбекке ерекше 

ілтипатпен күлімдеп қарап, 

- Өй, мынау кім өзі а-а?! Кәне, батыр, қолыңды әкел, - деп көтеріп алды да бетінен сүйді. 

- Атың кім? 

- Әділбеков Нұрбек 

- Нешедесің? 

- Сегіздемін, №26 мектепте 2 «сыныбында» оқимын, ата. 

- Өй, мынау мені ата деп тұр ғой. Өзің тура орны-орнымен айтасың ғой. Әкең военный ма? 

-Иә. 

- Бәрекелді! Кел екеуміз танысайық, мен Ақселеу деген атаң болам, мынау Қойшығара 



деген атаң болады. Сен енді мұнда жиі келіп тұр, ертең мына сендер ғой қазақтың атын шығаратын, 

елді қорғайтын, ұлтты көтеретін. Біздің ісімізді жалғастыратын. Баланың білгені жақсы, кейін айта 

жүреді. Ал сен өзіміздің рәміздерді білесің бе? 

- Иә. Ләззат апай үйреткен. 

- Ой, бәрекелді, міне, азамат. Сен ақылды баласың. Сенен болашақта мықты азамат 

шығады. Көрдің бе, қазақша қандай жақсы сөйлейсің. Өзіңнің ана тіліңді құрметтейді екенсің. Мен 

сені шүлдірлеп сөйлей ме деп ойлап ем, жоқ, сен нағыз қазақ екенсің! - деп арқасынан қақты. Өз 

атасы ерте қайтыс болған. Ақселеу ағаның өзіне деген ықыласы Нұрбекке ерекше әсер етті. Ал 

Ақселеу аға ұлымның денсаулығының болмай тұрғанын бірден байқап қойыпты. Келесі күні мені 

шақырып алды да: 

- Қызым, ұлың немен ауырады? - деп сұрады. 

- Суыққа, ылғалға аллергиясы бар, - дедім. 

- Сен онда былай істе. Жаз шыға салысымен балаңды жылқы ұстайтын ауылға апар. 

ТҰЛҒА 


АҚСЕЛЕУ-ДӘУРЕН... ӨТТІ ДЕ КЕТТІ 

Жылқының таңғы бестегі сүтін саумал дейді. Соны ішкіз. Ол өте шипалы. Балаға жақсы ем болады. 

Мүмкіндік болса кем дегенде 10 күндей ішсін. 

Тура ағаның айтқанындай істедік. Балам бір айдан кейін, ет алып, толықсып, нарттай 

болып шыға келді. Сауыға бастады. Жиі-жиі сырқаттануы басылды. Сөйтіп Ахаңның арқасында 

менің ұлым 3-4 жылдан бері қалмай келе жатқан сырқатынан айықты. Бұл да ағамыздың халықтың 

емін, жылқы малының ерекше қасиеттерінің бірі - саумал қымызының жанға шипа екенін жақсы 

білетін, ежелден елім, халқым деп соққан жүрегі сол ел мен жердің ата кәсібінің, салт-дәстүрінің, 

әдет-ғұрпының қасиетін терең білетіндігіне бір дәлел еді. 

Кафедра меңгеруші болып қызмет істеген жылдары, талай студенттің тағдырын шешуге 

ат салысты. Сабаққа келмей қалған, үлгерімі дұрыс болмаған, тәртіп бұзушылық болған жағдай-

ларда студенттерге әкесіндей болысып, шыр-пыр болып, болашағына үлкен үмітпен қарап, аталған 

келеңсіз жағдайлардан алып шығуға тырысатын. Сол кезде: «Болашағы бар жігіттер ғой, обал 

емес пе, жастардың ертеңін ойлау керек. Бәріміз де жас болдық қой, басымыздан не өтпеді», - деп 

отыратын. Бұл жаны жайсаң, жүрегі жомарт, көңілі ашық, елін сүйген ер, сері ағамыздың маңайын-

дағы адамдарға жасаған қамқорлығының бір көрінісі. 

Бүгінде қазақтың Ақселеудей біртуар азаматының артында айта жүрер айтулы еңбектер-

імен қатар, жанды жадырататын әзілдері, болашаққа жол сілтейтін ақыл-кеңестері, таусылмайтын 

қазынадай өсиеттері бар. Оның бәрі Ахаңның бойына Отанына, туған жерге, елге, ұлтына деген 

шексіз махаббатынан дарыған. Арамызда жоқ болса да ағамыздың қазақы кең көңілі, жомарт 



жүрегі көңілімізге шуағын шашып тұрғандай болады. 

■ 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал