“Қарттары бар ел – қазыналы ел”



жүктеу 32.02 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі32.02 Kb.

«БҚОӘББ  Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

                                               Бекітемін 

                           Тәрбие жұмысы бойынша                                                       

                           директордың орынбасары 

                      _________ Н.Г.Хайруллина 

                      «____»____________2014ж. 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты:  

Қарттары бар ел – қазыналы ел” 

 

 

 

Дайындағандар: Жубанова Ф.Е. 

Амангалиева А.Х. 

СТ-521, СТ-621 топ оқушылары 

 

 

 

Орал – 2014ж 

Тақырыбы: «Қарттары бар ел – қазыналы ел» 

 

Мақсаты: Оқушы  бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай 

білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып 

өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы 

сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.  

 

Көрнекілігі: «Ата-балаға сыншы», «Аталы бала ақылды, әжелі бала еркетай», «Атаның 

сөзі-ақылдың көзі», «Отбасының қос шынары-ата мен әже», «Ақылды қария-ағып 

жатқан дария» деп жазылған нақыл сөздер  

 

 



1 – жүргізуші: 

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар, 

Ақыл кенін арқалаған аталар. 

Алдарыңда жауқазындай құлпырған, 

Біз алаңсыз балғын шақты балалар. 

 

2 – жүргізуші: 

Армысыз ауылымның асылдары 

Жайнасын кӛңілдердің жасыл бағы 

Сіздер үшін ән мен күй, ӛлең мен би 

Сіздер үшін мереке шашулары 



 

1 – жүргізуші: 

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған, 

Зейнет емес бейнеттен арылмаған. 

Тәңірімдей табынып ӛтем мәңгі, 

Қариялар ӛзіңді ел сыйлаған. 

 

2 – жүргізуші: 

Зымыраған  сағат  тілінің  шексіз  тықылдап  соғуына  мән  бермеген  біз  уақыттың  қалай 

жылдам  ӛтіп  кеткенін  сезбей  қалыппыз.  Неткен  шіркін  уақыт  десеңші,  осылайша 

ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған 

игі істері ерекше орын алады. 

 

1 – жүргізуші: 

Қарттар  күні  саналы  ғұмырларын  отан  деп,  тынымсыз  еңбектерімен  мемлекетіміздің 

негізін  салуға  жол  ашқан  әже-аталарымыздың  тӛл  мерекесі.  Сіздердің  ӛмір  жолдарыңыз 

біз үшін жас ұрпақ үшін табылмас қазына. 

 

2 – жүргізуші: 

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді

білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының 

алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз. 

 

 

1 – жүргізуші: 



Кешіміздің  сыйлы  қонақтары  колледж  қабырғасында  25  жыл  бойы  еңбек  еткен  ардақты 

ұстаз,  қазіргі  кезде  зейнеткер  әжелеріміз  Ханшайым  Женсебайқызы  мен  Танзиля 

Киеловна келіп отыр.  

 

 



2 – жүргізуші: 

Қымбатты  ақ  жаулықты  әжелер,  асыл  ана  «Ветеринария»  және  «Жерге  орналастыру» 

мамандығы  оқушыларының  қатысуымен  қариялар  күніне  орайлас  ұйымдастырылып 

отырған  «Қарттары  бар  ел  –  қазыналы  ел»  атты  ашық  тәрбие  сағатына  тағыда  қош 

келдіңіздер!  

 

1 – жүргізуші: 

Егеменді ел болып қалыптастық, 

Ӛркениетке нақты анық бастық. 

Туған жердің тұғыры биік бол деп, 

Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық. 

Ән: «Мерекем» орындайтын Бұзаубағарова Қарашаш 

 

2 – жүргізуші: 

Немеренің бар қылығы сүйкімді 

Қуанышқа бӛлер әркез қартыңды 

Қарақат қыз «испан» биін сыйласын 

Гүлдендіріп, нұрға бӛлеп бүл күнді. - деп испан биімен бишілерімізді ортаға шақырамыз. 

 

1 – жүргізуші: 

Қазағымның шежіресін шертіп 

Күй ойнатқан күмбірлетіп санаңа 

Ұлтымның ұлылығын ұққызған 

Қасиетіңнен айналайын домбыра 

Күй: «Әке толғауы» Орындайтын: Амангалиев Тӛремұрат 

 

2 – жүргізуші: 

Асқар тауым, ақылгӛйім, ғұлама, 

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама 

Ер жетсем де еркелігім қалмайды, 

Кӛз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана! 

Ӛлең: Орындайтын: Бахтиярұлы Нұрғиса 

 

1 – жүргізуші: 

Ауыл бар ма ақсақалсыз, анасыз  

Оның айтқан сӛздеріне қанасыз  

Сӛз берейік әжемізге тӛрдегі  

Тағылымнан зор ғибрат аласыз  

Сӛз беру: ______________________________ 

 

2 – жүргізуші: 

Арайлы ақ тілекпен 

Ән жолдаймын ӛзіңе 

Сағыныш саз жүрекпен 

Сыр арнаймын ӛзіңе 

Ән: «Кӛңілді күн» Орындайтын: Қабден Айя  



1 – жүргізуші: 

Той деп бүгін халқым шашу шашады 

Той деп бүгін әлем сырын ашады 

Қарттар күні мейрамына арналған 

Бишілер ӛнерлерін шашады 

Би: «Вальс» 



2 - жүргізуші: 

Қадірлі ардагер - ұстаздар! 

Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам ӛміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін 

және ардагерлерге қамқорлық кӛрсететін күн болып табылады. 

Қарияларға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел президенті 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қазақстанда 

ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Біз, сіздердің 

балаларыңыз бен немерелеріңіз, тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп ӛсіргендіктеріңіз үшін, 

ӛмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге 

үйреткендеріңіз үшін терең алғысымызды білдіреміз. 

 

1 - жүргізуші: 

Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды 

білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, кӛтеріңкі кӛңіл - күй, отбасыларыңыз бен 

замандастарыңыз арасында атап ӛтетін мереке күндеріңіз кӛп болсын деп тілейміз. Егде 

тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, ӛмірлік күш - қуаттарыңыз ұзағынан болғай! 

Жүректен шыққан ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар. 

Баршаңызға мықты денсаулық, кӛтерінкі кӛңіл күй, ұзақ ғұмыр тілей отырып, Амангалиев 

Тӛремұрат келесі әнді ӛздеріңізге арнайды. 

 

2 – жүргізуші: 

Абырой амандығың арта берсін 

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін. 

Ұрпағың жақсы кӛрген жиі келіп, 

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін. 

Тыныштық елімізге бере берсін. 

Молшылық жерімізге ене берсін. 

Соғыстан ел жұртымыз аман болып 

Қызығын бейбіт ӛмір кӛре берсін 

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін 

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін 

Тап-таза абыройлы болғаныңды 

Қазіргі ел билеген жастар кӛрсін 

деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға кӛп – кӛп 

рахмет.  

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал