Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет9/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

3.3. Зерттеулер жҥргізу және мәліметтер жинау 
Зерттеу  қызметі  адам  саудасының  алдын-алу  жӛніндегі  жұмыстың 
маңызды  элементтерінің  бірі  болып  табылады,  себебі  бұл  құбылысты  және 
оның  ӛзгермелі  динамикасын  дұрыс  түсіну  құбылысты  тӛмендету  ісінде  оның 
тиімділік деңгейін арттыратын аса тиянақты саясатты жасауға мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ зерттеулер адам саудасы проблемаларын шешу бойынша күш салуға 
жаңа  серпін  берудің  маңызды  құралдарының  бірі  болып  табылады,  ӛйткені 
статистикалық  мәліметтер  бұл  құбылыстың  нақты  масштабтарына  назар 
аударуға мүмкіндік береді.  
Мәліметтерді жүйелі жинау, талдау және тарату нақты фактілер негізінде 
саясат құруды қамтамасыз етуде негізгі рӛл атқарады. Осындай мәліметтер кем 
дегенде жасы, жынысы, ұлттық шығу тегі және пайдалану нысандары бойынша 
дезагрегациялануы  керек,  сонымен  қатар  барлық  елдер  үшін  стандартталуы 
қажет.  Мәліметтер  жинау  базистік  желілерді  орнату  үшін  сындарлы  мәнге  ие, 
оларды  салыстыру  арқылы  адам  саудасымен  күрес  жӛніндегі  іс-шараларды 
жүзеге асырудағы прогресті анықтауға және бағалауға болады. 
БҰҰ  Есірткі  және  қылмыс  жӛніндегі  басқармасының  адам  саудасы 
туралы  Дүниежүзілік  баяндамасының
39
  мәліметтері  бойынша,  анықталған 
                                                 
38
ЕҚЫҰ  2003  жылғы  24  шілдедегі  Адам  саудасына  қарсы  күрес  жӛніндегі  іс-қимыл  жоспары, 
https://www.osce.org/ru/pc/42712?download=true
 
39
Баяндама БҰҰ Есірткі және қылмыс жӛніндегі басқармасымен әзірленді, 2012. www.unodс.org/glotip.html 

72 
 
пайдалану нысандарының арасында мәжбүрлі еңбек үлесі қарқынды ӛсуде: 2003 
жылдан  2006  жылдар  кезеңіндегі  18%-бен  салыстырғанда,  2007  жылдан  2010 
жылдар  аралығы  кезеңінде  анықталған  жағдайлар  үлесі  екі  есе  артқан  және 
36%-ға  жеткен.  Қазақстанда  мәжбүрлі  еңбек  саласындағы  қылмыстар  ӛсімі 
Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  мәліметтерімен  де  расталады.  Сондай-ақ 
анықталған қылмыстардың арту себептерінің бірі ретінде ҚР ҚК-не 2013 жылғы 
ӛзгерістер мен толықтырулар енгізудің нәтижесі саналатынын атап ӛту керек.  
Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы маңызды зерттеулердің бірі 
АҚШ Мемлекеттік департаментінің жыл сайынғы адам саудасы туралы, сондай-
ақ  бұл  құбылыспен  әлемнің  басқа  елдеріндегі  күрес  туралы  баяндамалары
40
  
болып табылады.  
АҚШ  Мемлекеттік  департаментінің  2014  жылғы  баяндамасынан 
кӛретініміз, біздің ғаламшарымызда 20 миллионнан кем емес адамды ХХІ ғасыр 
құлдары санатына жатқызуға болады.  
АҚШ  Мемлекеттік  департаментінің  есебіне  сәйкес,  әлемнің  200-ге  жуық 
елі сол елдердегі айқын және жасырын құл саудасының деңгейі бойынша тӛрт 
топқа  бӛлінді.  Осы  елдер  үкіметтеріне  адам  саудасын  жол  беруге  болмайтын 
әлеуметтік феномен ретінде жою үшін күш салуы да ескерілді.  
Қазақстанға қатысты айтатын болсақ, баратын ел деп аталды және тӛмен 
дәрежеде мәжбүрлі еңбек пен сексуалдық құлдық үшін әйелдердің, балалардың 
және  ерлердіңшығу  және  транзиті  елі  аталды.Сондай-ақ  Қазақстанда  адам 
саудасының ішкі деңгейі жоғары. Есепте кӛрсетілгендей, қазақстандық әйелдер 
және  қыздар,  негізінен,  БАӘ-ге,  Ресейге,  Ӛзбекстанға,  Кипрге,  Люксембургке, 
Швецияға  және  Түркияға  сексуалдық  құлдыққа  сатылады.  Ӛзбекстан, 
Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Қазақстанның  ӛзінің  ауылдық  аудандарының, 
сондай-ақ  Ресей,  Молдова  және  Украинаның  әйелдері  және  қыздары 
Қазақстандағы сексуалдық сауда құрбандары болуда.  
Сондай-ақ қазақстандық ерлер, әйелдер және балалар Ресей мен Оңтүстік 
Кореяға  мәжбүрлі  еңбек  үшін  сауда  объектілері  болып  табылады.  Қазақстан 
аумағында  мәжбүрлі  еңбекке  Қазақстан  азаматтары  және  де  Ӛзбекстан, 
Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Филиппин азаматтары тап болуда.  
Есепте  Қазақстан  үшін  ұсынымдар  берілген,  олардың  ішінде  келесілер 
бар:  

 
адам  саудасы  құрбандарын,  әсіресе  мәжбүрлі  еңбек  объектілері 
болған шетелдік азаматтар арасында анықтау бойынша шараларды нығайту

 
адам саудасымен күрес жӛніндегі арнайы заң қабылдау; 

 
Қазақстан  аумағында  болу  үшін  адам  саудасының  шетелдік 
құрбандары  үшін  уақытша  мәртебе  беру  және  адам  саудасы  құрбандарының 
отанына қайта оралуының заңды баламаларын ұсыну; 
                                                 
40
АҚШ Мемлекеттік департаментінің Баяндамасы, 2014, 
http://www.state.gov/j/tip/rls/tiprpt/2014/?utm_source=NEW+RESOURCE:+Trafficking+in+Persons+R 

73 
 

 
мемлекеттік  қаржыландыру  аясында  адам  саудасы  құрбандарына 
қорғау мен кӛмекті қамтамасыз етудің тетіктерін әзірлеу; 

 
полициялардың,  соттар  және  прокурорлардың  адам  саудасына  жол 
бермеу бойынша әлеуетін арттыру. 
ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның пікірі 
бойынша Халықаралық кӛші-қон ұйымының, ЮНОДК, ХЕҰ және ЕҚЫҰ адам 
саудасының  алдыналу  және  профилактикасы  бойынша  жүргізген  зерттеулері 
адам  саудасымен  күресудің  және  адам  саудасы  құрбандарының  құқығын 
қорғаудың  ұлттық  және  халықаралық  тетіктерін  теориялық  жетілдіруге  едәуір 
үлесін  қосты.  Аталған  зерттеулерде  адам  саудасына  қарсы  әрекет  жӛнінде 
қадамдық  тетіктері  жазылғанын  ескере  келе,  келесі  міндетті  қадам  барлық 
елдердің  Үкіметтері  тарапынан  зерттеу  нәтижелерін іс  жүзінде қолдану  болып 
табылады.  
3.4. Білім беру және қҧқықтық ағарту 
 Ғылыми  зерттеулермен  қатар,  білім  беру  және  ақпаратқа  қолжетімділік 
адам  саудасының  алдын  алудың  маңызды  құралдары  болып  табылады. 
Қазақстан Республикасы азаматтардың құқықтар және міндеттемелерге қатысты 
ақпаратқа  қолжетімділігіне  құқықтарын  барлық  заңдарды,  еліміз  мүше 
саналатын халықаралық келісімдерді ресми жариялау арқылы заңнамалық түрде 
бекітті.  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  18-бабының  3-тармағына 
сәйкес, мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және 
бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа ӛзiнiң құқықтары мен мүдделерiне 
қатысты  құжаттармен,  шешiмдермен  және  ақпарат  кӛздерiмен  танысу 
мүмкiндiгiн  қамтамасыз  етуге  мiндеттi.  Сонымен  қатар,  азаматтардың 
құқықтары,  бостандығы  және  міндеттеріне  қатысты  нормативтік  құқықтық 
актілерді ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. 
ҚР Конституциясы 20-бабының 2-тармағына сәйкес, әркiмнiң заң жүзiнде 
тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және оны таратуға 
құқығы  бар.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттiк  құпиясы  болып 
табылатын  мәлiметтер  тiзбесi  заңмен  белгiленедi.  Адамның  және  азаматтың 
құқықтары  мен  бостандықтары  конституциялық  құрылысты  қорғау,  қоғамдық 
тәртiптi,  адамның құқықтары  мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы  мен 
имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi 
мүмкiн(ҚР Конституциясы 39 бабының 1-тармағы). 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 
Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  Ақпараттық  қауіпсіздігінің 
2016  жылға  дейінгі  тұжырымдамасында  азаматтардың  ақпарат  алу  және 
таратуға  конституциялық  құқықтарын  іске  асыру  Қазақстан  Республикасының 
ақпараттық  саладағы  негізгі  ұлттық  мүдделерінің  бірі  болып  табылатыны 
бекітілген.  
Сонымен  қатар,  құқықтық  мәдениет  деңгейін  бұдан  әрі  арттыру, 
құқықтық  түсіндіру  жұмысының  нысандары  мен  әдістерін  жетілдіру, 
азаматтардың  құқықтық  білім  алуы  және  тәрбиелену  тиімділігін  арттыру 

74 
 
мақсатында,  ҚР  Үкіметімен  2012-2014  жылдарға  арналған  Қазақстан 
Республикасы  азаматтарының  құқықтық  мәдениетінің  деңгейін  арттыру 
жӛніндегі кешенді жоспар бекітілді.  
Осы  жоспар  шеңберінде,  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 
құқықтық 
мәдениетінің 
деңгейін 
арттыру 
мақсатындағы 
түсіндірме 
жұмыстарын  жүргізуге  бағытталған  іс-шаралар  қатары  қарастырылған: 
азаматтарға мемлекеттік органдар қызметіне қатысты мәселелер бойынша кеңес 
беру;  ашық  есік  күндерін  ӛткізу  практикасын  енгізу  және  алқалармен 
азаматтарға  тегін  негізде  құқықтық  кеңестер  беру;  мерзімдік  баспасӛз 
басылымдарында  құқықтық  тақырыптар  бойынша  ақпараттық  мағлұматтарды 
тарату;  мемлекеттік  органдардың  және  лауазымды  тұлғалар  қызметінің  ӛзекті 
мәселелері  бойынша  халықаралық,  республикалық  ғылыми-практикалық 
конференциялар,  семинарлар  ӛткізу;  мемлекеттік  органдардың,  соның  ішінде 
жергілікті  атқарушы  органдардың  интернет-ресурстарының,  әсіресе  құқықтық 
түсіндіру тарауларын (айдарларын) арттыру және қажетті құқықтық ақпаратты 
жариялау  бойынша  қызмет  етуін  жетілдіру;  құқықтық  тақырыптар  бойынша 
жарнамалық-имидждік 
роликтерді 
жасау 
және 
тарату 
(трансляция); 
телеарналарда  халықтың  құқықтық  мәдениеті  деңгейін  ары  қарай  арттыруға 
бағытталған  деректі  фильмдер  жасау;  құқықтық  ағарту  мәселелері  бойынша 
үкіметтік емес ұйымдармен ӛзара әрекеттестік және т.б.  
Қазіргі  уақытта  әділет  органдары  тарапынан  мүдделі  мемлекеттік 
органдармен  бірге  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  2 
наурыздағы 
№285 
қаулысымен 
бекітілген 
Қазақстан 
Республикасы 
азаматтарының  құқықтық  мәдениет  деңгейін  арттыру  жӛніндегі  2012-2014 
жылдарға арналған Кешенді жоспар жүзеге асырылуда.Аталған жұмыс аясында, 
ҚР  Әділет  министрлігі  ӛзінің  құзіретінде  халық  үшін  құқықтық  түсіндірме 
жұмыстарды  тұрақты  негізде  жүргізіп  жатыр.  Мүдделі  мемлекеттік 
органдардың  барлығы  ӛзінің  жетекшілік  ету  саласында  тиісті  жұмысты  іске 
асыруы тиіс. Бұл үкіметтік бағдарламаны тиімді іске асыруға мүмкіндік ашады. 
Қолданыстағы  заңнама  адам  саудасы  құрбандарына  мақсатты  құқықтық  білім 
беру  туралы  жеке  нормаларды  қарастырмайды.  Олар  тиісті  қызметтерді  ортақ 
негізде,  басқа  азаматтармен  бірге  ала  алады.  Алайда,  қоғамдық  хабардар 
болушылық  мемлекеттің  нормативтік  құқықтық  базасының  баспасӛздегі 
жариялануымен  шектелмейді.  Адам  саудасының  алдын  алудың  ерекше  тиімді 
тәсілі  халықтың,  соның  ішінде  қоғамның  айтарлықтай  осалтоптарының 
құқықтық сауаттылығының мәселелері болып саналады. 
 
Мемлекеттер  адам  саудасы  проблемаларын  академиялық  зерттеулер 
тақырыптарына қосуды қамтамасыз ету үшін әр түрлі әдістерге баруы мүмкін, 
сонымен  қатар  білім  беру  жүйелерін  оқушыларды  осы  құбылыс  туралы 
хабардар ету мақсатында қолданады. Мысалы, 2002 жылдың 20 қыркүйегіндегі 
Адам  саудасының  алдын-алу  туралы  Брюссель  декларациясында:  «Орта  және 
жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына мазмұнды және шынайы оқу 
курстарын  әзірлеу  және  қосу,  сондай-ақ  адам  құқықтары  мәселелері  мен 

75 
 
гендерлік  проблемалар  бойынша  оқушылар  мен  студенттерді  ақпаратпен 
қамтамасыз  ету  мақсатында  білім  беру  саласы  қызметкерлерімен  және  білім 
министрліктерімен  аса  тығыз  байланыс  орнату  керек.  Осы  тақырыптар  адам 
саудасымен  айналысушылар  әрекеттерінің  тәсілдеріне  және  осы  саудамен 
байланысты  қауіп-қатерлерге,  шетелде  заңды  кӛші-қон  және  еңбекке 
орналасудың  мүмкіндіктеріне  және  заңсыз,  реттелмейтін  кӛші-қонмен 
байланысты  маңызды  тәуекелдерге  қатысты  мәселелер  бойынша  жастарға 
айқын үйлесімде баяндалуы тиіс»,- делінеді. 
Адам  саудасы  құрбандарының  құқықтық  сауатсыздығы  –  шығу  елі  үшін 
де, баратын елі үшін де ӛте маңызды мәселе, реттелмейтін кӛші-қон, жұмыспен 
қамту  ағымының  артуына  әсер  етеді,  бұл  ӛз  кезегінде  мигранттардың 
құқықтарының бұзылуына, қаналуына алып келеді.  
Қазақстанның  Оңтүстік  ӛңірінде  2013  жылы  «Сана  сезім»  ҚБ  ӛткізген 
сұрау  еңбек  мигранттарының  60%  астамы  олардың  мекендеу  еліндегі  еңбек 
қызметін  реттеуші  Қазақстан  Республикасының  заңдарын  білмейді
41

Респонденттердің 22% жауап беруге қиналды. Сұралғандардың тек 15% шетел 
азаматтарының  еңбек  қызметін  реттеуші  Қазақстанның  заңнамасымен  таныс, 
бірақ осы респонденттердің ӛзі заңдардың аттарын естеріне түсіре алмады.  
«Қазақстандағы  адам  құқықтары:  қоғамдық  пікір»  жобасы  аясында 
Қазақстанның  әлеуметтанушылар  қауымдастығы  сарапшыларының  жүргізген 
сауалдамасысұралған  1500  тұлғалардың  52,6%  Қазақстанда  адам  құқықтары 
туралы және оларды қорғау мүмкіндіктері туралы ақпарат жоқ деп санайтынын 
кӛрсетті
42
. Сұралғандардың тек үштен бірі - 30,7% адам құқықтары мен оларды 
қорғау мүмкіндіктері туралы ақпарат санымен қанағаттанған, респонденттердің 
16,7% жауап беруге қиналған.  
Алынған  нәтижелер  халықты,  соның  ішінде  еңбек  мигранттарын 
құқықтық  ағартудың  қажеттігі  туралы,  құқықтық  ақпараттың  қолжетімді 
орталықтарын  құру  туралы  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Білім  беру 
және  денсаулық  сақтау  мекемелерінде,  сондай-ақ  әлеуметтік  тапсырыс 
шеңберінде  республикалық  және  жергілікті  бюджеттерден  қаржыландырылуы 
тиіс  БАҚ  арқылы  әрдайым  ақпараттық  науқандар  ӛткізуден  тыс,  адам 
құқықтары  бойынша  қолжетімді  ақпараттық  орталықтардың  бірі  ретінде 
Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  академиялық  кітапханасының  веб-
сайтында  орналастырылған: 
http://hrc.nabrk.kz
ҚР  Президенті  жанындағы  Адам 
құқықтары жӛніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы болуы мүмкін.  
3.5. Жҧртшылықты хабардар ету мәселелері 
Қоғамдық  хабардарлық  деңгейін  арттыру  бойынша  науқандар  адамдарға 
адам  саудасымен  байланысты  қауіптер  мен  оны  анықтауға  кӛмекші  себептер 
туралы  ақпарат  берумен  қатар,  осындай  сауданың  құрбаны  болған  тұлғаларды 
                                                 
41
«Сана сезім» ҚБ зерттеуінің нәтижелері, 2013 http://sanasezim.org/?q=node/62 
42
2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл 
жоспары, http://www.undp.kz/userfiles/plan_ru.pdf 

76 
 
құтқаруға мүмкіндік беретінін атап ӛту керек.  
Құқықтық  насихаттың  және  құқықтық  кӛмек  кӛрсетудің  тиімді 
тетіктерінің  бірі  Құқықтық  ақпараттық  қызметтің  жұмысыболып  табылады, 
оның 
қызметкерлері 
облыстық, 
аудандық 
орталықтардың, 
ауылдық 
аумақтардың  және  Астана,  Алматы  қалаларының  тұрғындарына  телефон 
бойынша кеңес беру түрінде тегін білікті құқықтық кӛмек ұсынады.  
2013 жыл аралығы мен 2014 жылдың бірінші тоқсанында Қызмет барлығы 
103 981 кеңес берді. Орташа саны күніне 500-ге жуық кеңесті құрады.  
Құқықтық  насихаттың  пәрменді  құралдарының  бірі  болып  ҚР  Әділет 
министрлігінің интернет-ресурсы саналады (www.adilet.gov.kz)
Соңғы  үш  жыл  аралығында  Әділет  министрлігінің  сайтында  РФ, 
Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Украина, Беларусь, Қырғызстан және соңғы екі 
жылда – Ӛзбекстан қолданушылары болған. 
Сондай-ақ  Әділет  министрлігі  Қазақстан  Республикасының  нормативтік-
құқықтық актілерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толық электрондық 
жинағын  қамтитын  «Әділет»  тегін  ақпараттық-құқықтық  жүйесін  әзірлеуші 
болып табылады. 
«Әділет» АҚЖ Интернет-технология арқылы Қазақстан Республикасының 
заңнамасына  тәулік  бойы  қолжетімділікке  мүмкіндік  береді.  Рұқсат  Әділет 
министрлігінің  ресми  сайты  арқылы  немесе  http://adilet.zan.kz/  электрондық 
ресурсы бойынша тікелей іске асырылады. 
2009  жылдан  бастап  Қазақстан  Республикасының  азаматтарымен  жедел 
байланысты  қамтамасыз  ету  мақсатында,  адам  саудасымен  күрес  мәселелері 
бойынша  «11616»  («Call  Centre»)  қызу  желі  қызмет етеді,  ол  адам  саудасымен 
байланысты  жағдайларда  телефон  бойынша  халыққа  құқықтық  және 
психологиялық  қызмет  кӛрсетуші  шұғыл,  анонимді  кӛмек  кӛрсету  қызметі 
болып табылады.   
Қазіргі  қызу  желінің  негізгі  мақсаты  экстремальді,  дағдарыстық 
жағдайдағы  кез  келген  адамға  білікті,  уақтылы  телефон  бойынша  кӛмек  беру 
мүмкіндігі  болып  табылады,  кейбір  жағдайларда  бұл  адам  саудасынан  зиян 
шеккендердің  орналасу  жерін  және  сәйкестендіруді  анықтау  болып  табылады. 
Қоңырауға білікті психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және заңгерлер жауап 
береді. Сенім телефоны тәулік бойы жұмыс тәртібінде жұмыс істейді.   
Жұмыс  жылдарында  5000-нан  астам  кеңестер  берілді,  адам  саудасынан 
зиян  шеккендер  және  қатал  қарау  мен  пайдалануға  ұшырағандар  анықталды, 
олар негізінен әйелдер мен балалар.  
Полицияның  адам  саудасына  байланысты  қылмыстарға  жол  бермеуі 
жӛніндегі қызметі туралы халыққа ақпарат беру үшін ҚР ІІМ және облыстардың 
ІІД  wеb-сайттарында  «Сенім  парағы»,  «Тікелей  байланыс»,  «Министр  блогы» 
айдарларында тақырыптық материалдар үнемі орналастырылады. 
Адам  саудасына  байланысты,  соның  ішінде  бала  еңбегін  пайдаланумен 
байланысты  қылмыстардың  профилактикасы  мақсатында  еліміздің  аумағында 
2009  жылдан  бастап  «1409»  сенім  телефоны  жұмыс  етеді.  ҚР  ІІМ  сұрауы 

77 
 
негізінде,  қолданыстағы  нӛмір  туралы  ақпарат  «Қазақстан»,  «Хабар» 
телеарналарында  және  «Астана»  радиосында  2014  жылдың  тамызынан 
желтоқсанға  дейінгі  аралықта  таратылады.  Сондай-ақ,  ҚР  ІІМ  бастамасы 
бойынша,  2013 
жылдың 
20  тамызында 
«Алтел» 
АҚ 
тарапынан 
Dalacom/Pathword  абоненттеріне  «11616»  сенім  телефоны  туралы  мәтін 
жіберілді.    
ҚР  Бас  прокуратурасы  да  тұрақты  негізде  адам  саудасымен  күрес 
саласында  қабылданған  шаралар  туралы  ақпараттық-насихаттық  сипаттағы  іс-
шаралар ӛткізеді.   
Халықтың  кең  ауқымын  адам  саудасымен  байланысты  қылмыстардың 
алдын-алу  және  жоюға  бағытталған  құқықтық  түсіндірме  жұмысымен  қамту 
мақсатында,  прокуратура  қызметкерлері  баспасӛз  беттерінде,  телеарналарда 
және  радиоэфирлерде  тұрақты  түрде  сӛз  сӛйлейді.  Анықталған  қылмыстар, 
олардың 
алдын-алу 
және 
болдырмау 
бойынша 
қабылданған 
ұйымдастырушылық-құқықтық  шаралар  туралы  ақпарат  тұрақты  түрде 
орналастырылады.  Сонымен  қатар,  прокурорлар  азаматтарды  шетелде  жұмыс 
туралы  тартымды  ұсыныстары  бар  әр  түрлі  хабарламаларға  қатысты  ерекше 
мұқият  және  қырағы  болуға,  тиісті  лицензиялардың  болуына  кӛңіл  қоюға,  ал 
олардың  тазалығына  күмән  туындаған  жағдайда  прокуратура  органдарына 
баруға шақырады.  
2013  жылы  ішкі  істер  органдары  радио,  телеарналарда  және  баспаларда 
436  жарияланымдар,  еңбек  заңнамасы  мәселелері  бойынша  1690  түсіндірме 
семинарлары мен сабақтарын ӛткізді. 
 
3.6. Адам саудасы нысанына айналған адамдарға сҧраныс 
Адам  саудасымен  күресті  ұсыныс  және  сұраныс  тұрғысынан  жүргізу 
қажеттігін  мойындай  отыра,  адамды  пайдаланудың  барлық  нысандарын 
ынталандыратын  және  адам  саудасының  кеңеюіне  әкелетін  сұранысқа  кедергі 
болуы  қажет.  Бару  мемлекеттеріадам  саудасы  үшін  тартымды  факторларды 
зерттеп, осы мәселелерді кешенді негізде шешуді қамтамасыз ету керек.  
«Сұраныс»  терминінің  келісілген  анықтамасы  жоқ.  Сұраныс  әдетте  тауар, 
еңбек  немесе  қызметтің  қандай  да  бір  түріне  иемдену  тілегінің  болуын 
білдіреді,  алайда  адам  саудасы  тұрғысында  ӛзінің  табиғаты  бойынша 
пайдаланатын  еңбек  немесе  ұсынатын  адам  құқықтарын  бұзатын  қызмет 
түрлеріне  сұраныс  туралы  айтылады.  Әдетте,  ол  адам  саудасының  объектісі 
болған  тұлғаларды  пайдалану  сипаты  мен  дәрежесіне,  баратын  орнына  келу 
бойынша,  сондай-ақ  әлеуметтік,  саяси,  экономикалық  және  құқықтық 
факторлар  мен  даму  деңгейіне  қатысты  болады,  олар  осындай  сұранысты 
тудырады және сауда процесіне әсер етеді. 
Іс  жүзінде  бұл  әбден  заңды  әріқолайлы  (ӛндірістік  нарықтың  кәдімгі 
элементтері  болып  табылатын)  еңбеккежәне  қызмет  кӛрсетулерге  сұраныс  пен 
заңды  емес  және  қолайлы  еместері  арасындағы  айырмашылықтыаңғарудың 

78 
 
қиындығының сирекқұбылыс емес екенін білдіреді. Қызметкерлерді жалдайтын 
тұлға  немесе  қызметті  тұтынушы  ұсынылған  қызметті  сауда  құрбаны  болған 
тұлға  ұсынатынын  білмеуі  мүмкін.  Тиісінше,  адам  саудасының  объектілері 
болған  тұлғаларға  сұранысты  еңбектің  немесе  қызметтің,  оларды  орындауы 
үшін  адам  саудасының  объектілері  болған  тұлғалар  пайдаланылуы  мүмкін, 
кейбір түрлерін аса кең зерттеу тұрғысында ӛткізген орынды.  
         Фактілер  адам  саудасына  байланысты  сұраныстың  үш  деңгейінің  болуын 
кӛрсетеді: 

 
жалдаушылар  (жұмыс  берушілер,  иеленушілер,  басқарушылар 
немесе қосалқы мердігерлер) тарапынан сұраныс

 
тұтынушылар 
(секс-индустрия 
шеңберіндегі 
клиенттер), 
корпоративті  сатып  алушылар  (ӛңдеуші  ӛнеркәсіпте),  үй  шаруашылығы 
мүшелері (үй бойынша жұмыс) тарапынан сұраныс; 

 
процеске  қатысты  үшінші  тараптар  (тартушылар,  агенттер, 
тасымалдаушылар және пайдалану мақсатында адамдардың орын ауыстыруына 
әдейі қатысатын басқа тұлғалар) тарапынан сұраныс. 
Адам 
саудасына 
сұраныспен 
күресті 
жүргізудіңӛткір 
қажеттігі 
қатынасында  халықаралық  консенсус  қолданылады  деп  есептелінеді.  Палермо 
хаттамасының  9  бабының  5  тармағында  «Қатысушы-мемлекет,  мысалы,  білім 
беру,  мәдениет  салаларында  немесе  әлеуметтік  салада  заңнамалалық  немесе 
басқа  шараларды,  соның  ішінде  адамдардың,  әсіресе,  әйелдер  мен  балалардың 
барлық  нысандапайдалануды  тудырушы  сұранысқа  қарсы  іс-қимылға 
бағытталған  екіжақты  және  кӛпжақты  ынтымақтастық  жолымен  қабылдайды 
немесе  жетілдіреді,  себебі  бұл  адам  саудасына  әкеледі»,-  делінгенін  атап  ӛту 
керек. 
БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  әйелдер  және  қыздар  саудасы  туралы  мәселе 
бойынша  61/144  Резолюциясы  үкіметті  ұқсас  түрде  «пайдаланудың  кез  келген 
нысанында  қолдану  үшін,  сатылып  жатқан  әйелдер  мен  қыздарға  сұранысты 
жоюға»  шақырады»,  АҚЖКБ  адам  құқықтары  және  адам  саудасы  туралы 
мәселелер  бойынша  Ұсынылған  қағидалар  мен  басқарушы  ережелерде,  оларда 
«адам  саудасының  алдын-алуға  бағытталған  стратегиялар  сұранысты  осындай 
сауданың түпкілікті себептерінің бірі ретінде қарастыруы керек» деп айтылған, 
мемлекетке  «коммерциялық  мақсатта  пайдаланылатын  жезӛкшелік  пен 
пайдаланылатын  еңбекке  сұранысты  тудырушы  факторларға»  талдау  ӛткізу 
және  «осы  проблемаларды  шешу  үшін  заңнамалық,  стратегиялық  және  басқа 
шешуші шараларды» қабылдау ұсынылады.  
Еуропа 
Кеңесінің 
Адам 
саудасына 
қарсы 
іс-қимыл 
туралы 
конвенциясының  19  бабында,  ӛз  кезегінде  «әр  Тарап  қызметтерді,  осы 
Конвенцияның  4  бабының  а)  тармақшасына  сәйкес,  оларды  кӛрсетуші  тұлға 
адам  саудасының  құрбаны  болып  табылатынын  біле  тұра,  пайдалану  ішкі 
құқығына  сәйкес  әрекетті  қылмыстық  жазаланатын  ретінде  мойындау  үшін 
қажет  болуы  мүмкін  осындай  заңнамалар  мен  басқа  шараларды  қабылдау 
мүмкіндігін қарастырады». 

79 
 
Елдер  қатарында  сұраныс  проблемасы  қызметтерді,  оларды  ұсынушы 
тұлғалардың  адам  саудасының  құрбандары  болып  табылатынын  біле, 
пайдалануды қылмыстандыру жолымен шешілуде.  

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал