Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет8/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

 
АҚШ-тың Әлеуметтік қызметтері: адам саудасымен кҥрес 
 
 
2000  жылғы  «Адам  саудасынан  зардап  шегушілерді  қорғау  туралы  Заң» 
(Қорғау  туралы  Заң)  адам  саудасымен  күрес  жӛніндегі  бірнеше  маңызды 

63 
 
міндеттерді  АҚШ-тың  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  қызметтер 
министрлігіне (бұдан әрі – ДӘҚМ) артты. 
ДӘҚМ-ге  адам  саудасы  және  олардың  құрбандарына  қолжетімді 
қызметтер туралы қоғамды кең хабардар ету тапсырылған.  
ДӘҚМ  зардап  шегушілерге  олар  федералдық  бағдарлама  бойынша 
жеңілдіктер алуы үшін анықтамалар береді.  
ДӘҚМ  зардап  шегушілерге  кӛмектесетін  үкіметтік  емес  ұйымдарға 
гранттар  береді  және  АҚШ-тағы  мәселенің  ауқымы  туралы  жыл  сайын 
Конгреске баяндайды.  
 
Қоғамды хабардар ету 
 
 
ДӘҚМ  зардап  шегушіні  де,  қылмыскерді  де  анықтауды  ынталандыра 
отрып,  бұл  қызметті  кӛлеңкеден  шығару  мақсатында  адам  саудасы  туралы 
қоғамды хабардар етунауқанын жүргізеді. 
ДӘҚМ  зардап  шегушілер  ӛзінің  атын  атауға  қорықпайтын  жағдайлар 
жасады,  себебі  оларды  қорғайтынын  және  оларға  арналған  арнайы 
бағдарламалар  бар  екенін  білетін  болады.  Бұл  мақсаттарға  жету  үшін  ДӘҚМ 
Әділет министрлігімен тығыз ынтымақтастықта.  
          Қоғамды  хабардар  етунауқаны  зардап  шегушілер  және  оған  тап  болуы 
мүмкіндерді  қамту  үшін  БАҚ-пен  ағылшын  әрі  шетел  тілдерінде  және 
инновациялық  ақпарат  тарату  құралдармен  мұқият  ойластырылған  жұмыстың 
стратегиясына негізделген. Оның негізгі тезистері мынадай: 
 
адам саудасы – қылмыс; 
 
адам саудасының құрбандары қылмыскер емес және кӛмек қажет етеді
мұндай кӛмек қолжетімді
адам саудасының құрбанын қалай анықтау; 
егер сіз немесе сіздің таныстарыңыздың бірі құрбан болса не істеу керек. 
 
ДӘҚМ  қоғамды  ақпараттандыру  компаниясын  2004  жылдың  басында 
бастады. Бір мезгілде ДӘҚМ қоғамды ақпараттандыру науқанын іске асырумен 
қатар  адам  саудасы  мәселесі  бойынша  тәулік  бойы  және  демалыссыз  істейтін 
тегін телефон «қызу желісін» құрды. 
 
 
 
 
Адам саудасынан зардап шеккендерге анықтама беру 
 
 
Қорғау  туралы  Заң  зардап  шегушінің 
федералдық  деңгейде 
қаржыландыратын  қолданыстағы  бағдарламалар  бойынша  жеңілдікке  үміткер 
бола алу үшін сертификациялау рәсімін орнатты. Бұл заңды қабылдағанға дейін 
Құрама Штаттарда адам саудасының құрбандарына жиі заңды мәртебе жетпеді, 
сондықтан  олардың  мемлекеттік  кӛмек  пен  қызметтердің  кӛп  түріне  құқығы 

64 
 
болмады.  Алайда  Қорғау  туралы  Заң  ДӘҚМ-ге  зардап  шегушілерге 
босқындарға  қол  жетерлік  жеңілдіктер  мен  қызметтерді  ала  алатындай 
анықтама  беру  ӛкілеттігін  береді,  сӛйтіп  адам  саудасының  құрбандарына 
федералдық  деңгейде  және  штаттарда  кӛмектесу  бағдарламаларына  қол 
жеткізуге мүмкіндік тудырады.  
Қорғау туралы Заң анықтама алу үшін бірнеше критерийлерді белгілейді: 
 
тұлғаның  адам  саудасының  ең  жаман  нысанынан  зардап  шеккені 
белгіленуі тиіс; 
 
ересек  зардап  шегушілер  не  Әділет  министрлігінен  адам  саудасымен 
айналысатын  түлғаларды  соттық  қудалауына  қатысу  үшін,  олардың  елде 
болуын  қамтамасыз  ететін  «ұзартылған  жүріп-тұру»  мәртебесін  алу  керек,  не 
Ішкі қауіпсіздік министрлігіне «Т» визасына дәлелді ӛтініш беру керек; 
 
ересек  зардап  шегушілер  тергеуге  және  адам  саудасымен  айналысатын 
адамдарды соттық қудалауға барлық дұрыс әдіспен кӛмектесу керек. 
 
Осы  белгілерді  орындаған  жағдайда  зардап  шегуші  сертификацияланған 
анықтама алады, ДӘҚМ босқындарға қызмет кӛрсететін жергілікті ұйымдар мен 
басқа  жеңілдіктер  беретін  мекемелермен  жеңілдіктер  мен  қызметтерді 
жергілікті  бағдарламалармен  үйлестіру  үшін  байланысады.  Олар  «мұқтаж 
отбасыларға  уақытша  кӛмек»  (МЖУК),  медициналық  кӛмек,  азық-түлік 
талонын  және  қосымша  әлеуметтік  қамтамасыз  етуді  қосуы  мүмкін.  Кімнің 
МЖУК-ке немесе медициналық кӛмектің федералдық бағдарламасына қатысуға 
құқығы  жоқтарға  жалғыз  басты  ересектер  мен  баласыз  отбасыларға 
материалдық  және  медициналық  кӛмек  кӛрсететін  сегіз  айлық  ӛтпелі 
бағдарламаға қатысу мүмкіндігі бар.  
Зардап  шегушілер  сондай-ақ  жұмыспен  қамту  мен  экономикалық 
тәуелсіздікті  ынталандыратын  бағдарламаларды  қолдануға  құқығы  бар. 
Бағдарламалардың  қызметкерлері  әрбір  істі  жіті  басқарады,  зардап  шегуші 
Құрама Штаттарда орналасуына қамтамасыз ететін жан-жақты кӛмек алуға қол 
жеткізеді.  Бұл  бағдарламалар  зардап  шегушілерді  жұмысқа  тұрғызуға, 
тамақтануға,  баспанамен,  кӛлікпен,  денсаулық  пен  әлеуметтік  бейімделуге 
кӛмектесумен қамтамасыз етеді. 
 
Зардап шегушілерге кӛмектесетін ҧйымдарға гранттардың бӛлінуі 
 
 
ДӘҚМ  бағдарламалық  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  үкіметтік  емес 
ұйымдармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибе жинады. Мұндай кӛптеген ұйымдар 
Құрама Штаттардағы адам саудасының құрбандарына кӛмекке келді. ДӘҚМ үш 
жылда  37  ұйымға  жалпы  сомада  8,1  млн.  долларға  жуық  гранттар  беріп, 
олардың  жұмыстарын  қолдады  және  ынталандырды.  Бұл  гранттар  зардап 
шегушілерге  қызмет  кӛрсетуге,  жергілікті  халықпен  ӛзара  әрекет  жасасуға, 
оның адам саудасы мәселесі туралы хабардар болуынарттыруға, адам саудасына 
қарсы  күреспен  айналысатын  басқа  тұлғаларға  оқыту  және  техникалық  кӛмек 
ұсынуға мүмкіндік берді. 12 штаттың ұйымдары гранттар алды және бүкіл елде 

65 
 
зардап  шегушілерге  кӛмек  кӛрсетті.  Олар  істерді  реттеуге,  ағартуға,  кӛші-қон 
бойынша  кеңес  алуға,  отбасымен  қосылуға  және  мемлекеттік  гранттарға  қол 
жеткізу  мәселесі  бойынша  нұсқауға  кӛмектесті.  Бұдан  басқа  ДӘҚМ 
босқындарға арналған бағдарламалар бойынша гранттар алатын кӛптеген басқа 
ұйымдар адам саудасының құрбандарына кӛмектесе бастады.   
 
Зардап шеккен жас балаларға ДӘҚМ-нің арнайы кӛмегі 
 
ДӘҚМ  құрамына  кіретін  Балалар  және  отбасы  істері  жӛніндегі  басқарма 
адам саудасының құрбаны болған балаларға кӛмек туралы айрықша қамқорлық 
танытады. 
Адам  саудасының  кәмелет  жасқа  толмаған  құрбандары  жан-жақты, 
қарқынды, мамандандырылған кӛшіруді қамтамасыз ететін және сүйемелдеусіз 
жас  босқындарға  қызмет  кӛрсетуге  себептесетін  ДӘҚМ  сүйемелдеусіз  жас 
босқындарға(АЖБ) арналған бағдарламаға қатысуына құқық алды. 
 
АЖБ  қызметтері  жас  босқындарды  қабылдауға  арналған  арнайы 
бағдарламалар  бойынша  кӛрсетіледі.  ДӘҚМ  әрбір  жасӛспірімнің  жеке 
қажеттілігіне  сүйеніп,  мәдени,  тілдік  немесе  діни  ерекшелігін  ескере  отырып, 
сонымен  қатар  айрықша  медициналық,  білім  алу  және  әсершіл  қажеттілігін 
ескере отырып кәмелет жасқа толмағандарды орналастыруды үйлестіреді. Адам 
саудасының  жас  құрбандары  баспананы,  тамақты,  киімді,  медициналық  және 
психологиялық  қызметтерді,  істерді  реттеу  мен  білім  алуды  қоса  кешенді 
қызметтерді  ала  алады.  ДӘҚМ-нің  оларды  тапқан  немесе  олар  ӛздері  кӛмек 
сұраған  соң  адам  саудасынан  жас  зардап  шегушілердің  ерекше  қажеттілігіне 
қамқор болуға барлық мүмкіндігі бар. 
 
ДӘҚМ 
адам 
саудасының 
құрбандарын 
анықтау 
мен 
қолдаудыжандандыратын  және  Қорғау  туралы  Заңда  қарастырылған 
міндеттерді  дұрысырақ  орындауға  мүмкіндік  беретін  жаңа  стратегияларды 
жасаудың жаңа тәсілдерін іздеп жатқанын айта кеткен жӛн. 
ДӘҚМ адам саудасының құрбандарын білуі мүмкін (мысалы, жезӛкшелік 
таралған  аудандарда)  халықтың  топтарымен  ынтымақтасу  бойынша  жұмыс 
істейтін ұйымдарға кӛмекті  кеңейтетін гранттардың  жаңа  санатын  қарастырып 
жатыр. 
 
Жалпы, Қорғау туралы Заңды қабылдау АҚШ-тың федералдық Үкіметінің 
адам  саудасына  қарсы  күреске  нәтижелі  әрекеті  үшін  үлкен  ынталандыру 
болды.  
 
2.6. 1-ші және 2-ші бӛлімдердің ҧсынымдары 
 
1.
 
ҚР  ұлттық  заңнамасын  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл 
саласындағы  ҚР  халықаралық  міндеттемелеріне  сәйкес  келтіру  мақсатында 
«Адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл  туралы»  жеке  Заң  әзірлеу  және  қабылдау 
ұсынылады,  онда  адам  саудасының  алдын  алу,  адам  саудасы  құрбандарын 

66 
 
қорғау және оларға кӛмек кӛрсету, сонымен қоса, адамды сатушыларды қудалау 
саласындағы әрбір мемлекеттік органның құзыреттілігі кӛрсетілуі қажет. 
2.
 
Бас  прокуратураға  ҮЕҰ  мен  халықаралық  ұйымдарды  тарта 
отырып,  адам  құқықтарын  қорғау  және  адам  саудасымен  күрес  саласындағы 
Қазақстан  Республикасының  ӛзіне  алған  халықаралық  міндеттемелерін 
орындауға тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылады.  
3.
 
ҚР  2005  жылғы  16  мамырдағы  Адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл 
туралы  Еуропа  Кеңесінің  Конвенциясына  және  2007  жылғы  25  қазандағы 
Балаларды  пайдаланудан  және  сексуалдық  қорлықтан  қорғау  туралы  Еуропа 
Кеңесінің Конвенциясына қосылу мүмкіндігі қарастырылсын.  
4.
 
Адам 
және 
азаматтың 
конституциялық 
құқықтары 
мен 
бостандықтарын тиімді қорғау мақсатында ҚР жаңа Қылмыстық Кодексінің 128 
және  135  баптарын  1  және  2  тараудан  адам  мен  азаматтың  конституциялық 
және  ӛзге  де  құқықтары  мен  бостандықтарына  қарсы  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар шоғырланған ҚК-нің 3 тарауына кӛшіруді ұсынамыз.  
5.
 
Қылмыстық  жауапкершілікті  күшейту  мақсатында  адам  және 
кәмелетке  толмағандардың  саудасымен  байланысты  қылмыстарды  жасаған 
адамдарға ескіру мерзімін қолданбау туралы заңнамалық белгілеуді ұсынамыз.  
6.
 
Адам  саудасы  құрбандарына  құқық  қорғау  органдарымен 
ынтымақтастық  туралы негізделген және  саналы  шешім  қабылдауға  мүмкіндік 
беру  үшін  30  күннен  кем  емес  мерзіммен  «оңалуға  және  ойлануғаарналған 
кезең» заңнама жүзінде бекітілсін. 
7.
 
ҚР  Үкіметінің  2015-2017  жылдарға  арналған  адам  саудасымен 
байланысты  қылмыстармен  күресу,  болдырмау  және  алдын  алу  жӛніндегі  іс-
шаралар жоспарын әзірленіп, қабылдансын. 
8.
 
ҚР  Үкіметінің  2015-2017  жылдарға  арналған  адам  саудасымен 
байланысты  қылмыстармен  күресу,  болдырмау  және  алдын  алу  жӛніндегі  іс-
шаралар  жоспарының  уәкілетті  құзырлы  органдардың  орындауына  тұрақты 
мониторинг жүргізілсін. 
9.
 
Реадмиссия туралы қатысушы-елдер арасында келісімге қол қоюды 
және  ратификациялауды;  Орталық  Азия  ӛңірі  мен  ТМД  елдерінің  Еуропалық 
Одақпен, ӛзге де дамыған елдермен ынтымақтастықты нығайтуды; заңсыз кӛші-
қонды,  соның  ішінде  адам  саудасын  болдырмау  саласында  қатысушы-елдер 
арасындағы ынтымақтастықты дамытуды ұсынамыз. 
10.
 
Адам 
саудасымен 
күрес 
саласындағы 
сарапшылар 
қауымдастықтарының,  азаматтық  қоғам  институттарының  және  ҚР  құқық 
қорғау  органдарының  ТМД  және  ЕАЭО-қа  мүше-мемлекеттердің  осындай 
құрылымдарымен ӛзара іс-қимылы күшейтілсін. 
11.
 
Уәкілетті  мемлекеттік  органдарға  адам  саудасына  қарсы  іс-
қимылдың үздік халықаралық тәжірибесін (мысалы, АҚШ және әлемнің ӛзге де 
дамыған елдері) зерделеуді және оны  практикада ҚР адам саудасымен күресте 
қолдануды ұсынамыз. 

67 
 
12.
 
Полиция,  прокуратура  және  сот  корпусы  қызметкерлері  адам 
саудасын  болдырмау  және  адамды  саудаға  салушыларды  қудалау  мәселелері 
бойынша  және  тергеу  жүргізудің  заманауи  әдістемелері  мен  техникаларын 
(мысалы,  растаушы  базаны  жинақтау)  зерделеу  бойынша  жүйелі  түрде 
оқытылсын. 
13.
 
Адам  саудасына  байланысты  қылмыстарды  айқындау  жӛніндегі 
ынтымақтастықты  нығайту  мақсатында  ҚР  құқық  қорғау  органдарының 
қызметкерлері  мен  Орталық  Азия  сияқты  адам  саудасы  құрбандары  шығатын 
негізгі  елдердің  құқық  қорғау  органдары  қызметкерлерін  бірлесіп  оқытуға 
бастама жасалсын.   
14.
 
ҚР  ұлттық  заңнамасын  Қазақстан  Республикасы  халықаралық 
міндеттемелеріне  сәйкес,  сондай-ақадам  саудасына  қарсы  іс-қимыл  жӛніндегі 
халықаралық  тәжірибені  ескере  отырып  ҚР  ұлттық  заңнамасын  одан  әрі 
жетілдіру жұмысы жалғастырылсын. 

68 
 
 
III БӚЛІМ. АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ 
 
3.1. Кіріспе 
 
Адам  саудасының  алдын  алу  бұл  проблеманың  кешенді  сипатын  барлық 
мүдделі тараптардың (мемлекеттік уәкілетті органдардың, БАҚ, үкіметтік емес 
және  халықаралық  ұйымдардың)  мойындауы  негізінде  келісілген,  толық 
процесс  шеңберінде  жүзеге  асырылуы  қажет.Қылмыстың  бұл  түрін  алдын-алу 
заң  шығарушылық  процестер  дамуының  ерекше  динамикасынжәне  саясатты 
бірлесіп  жасауды  талап  етеді.  Мүдделі  жақтарды  кеңінен  тарту,  осал 
жағдайдағы тұлғалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және тәуекел 
факторлары  санын  қысқарту  Палермо  хаттамасында  тұжырымдалған  адам 
саудасының  алдын  алудың  бас  қағидалары  мен  ажырамас  бӛлігі  болып 
табылады.  Бұл  хаттамаға  сәйкес,  қылмыстың  алдын  алудың  саясаты, 
бағдарламалары және басқа шаралары үкіметтік емес ұйымдармен, басқа тиісті 
ұйымдармен  және  азаматтық  қоғамның  басқа  элементтерімен  ынтымақтастық 
туралы ережені қамтуытиіс.  
Жеке  елдердің  тәжірибесі  кӛрсеткендей,  БҰҰ  Конвенциясында  және 
осы  саладағы  басқа  Халықаралық  құжаттарда  тіркелген  нормаларды 
қабылдау  және  алдағы  сақтау  Мемлекеттерге  адам  саудасының  алдын  алу 
үшін қажет барынша барабар шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. 
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  бұл  саладағы  ең  алғашқы 
қадамдарының бірі ретінде 2003 жылғы Әділет Министрлігі тӛрағалық ететін 
Ведомоствоаралық  Комиссияныңқұрылуы  саналады.  Бастапқыда  негізгі 
міндет  ұлттық  заңнаманы  адам  саудасына  қарсы  әрекет  саласындағы  негізгі 
халықаралық  құжаттарға  сәйкес  келтіруге  бағытталған  ұсыныстарды  әзірлеу 
болды.  2003  жылдан  бастап  Қазақстанда  адам  құқықтарын  қорғау 
саласындағы  кӛптеген  Конвенциялар  ратификацияланды,  нәтижесінде  2014 
жылы  Республика  Үкіметі  Ведомоствоаралық  Комиссияға  тӛрағалықты 
ротациялық  негізде  Ішкі  істер  министрлігі  мен  Денсаулық  сақтау  және 
әлеуметтік  даму  министрлігіне  алдын  алу,  қылмыстарды  қудалау  және  адам 
саудасы  құрбандарына  кӛмек  кӛрсету  саласында  ынтымақтастық  мәселелері 
бойынша  мемлекеттік  саясатты  одан  әрі  жетілдіру  жӛніндегі  ұсыныстар 
әзірлеу үшін тапсыру туралы шешім қабылдады.  
Бұл  ретте,  ұсынымдық-кеңестік  сипатын  ескере  отырып  қазіргі  таңда 
ВАК  адамдар  саудасының  алдын  алу  мәселесі  бойынша  қалғантараптармен 
үйлестіру  және  адамдар  саудасы  құрбандарына  кӛмек  кӛрсету  бойынша 
барлық  мүдделі  мемлекеттік  органдар  қатысатын  жалғыз  алаң  болып 
табылатынын атап ӛту керек.  

69 
 
ВАК  жұмысы  шеңберінде,  адамдар  саудасымен  байланысты 
қылмыстармен күрес, оларды болдырмау және алдын-алу шаралары бойынша 
Үкіметтік іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары). Әрбір Іс-
шаралар  жоспары  жауапты  министрліктер  мен  ведомстволарды  кӛрсете 
отырып,3-жылдық  кезеңге  бекітіледі.)  жасау  жӛнінде  ұсыныстар  мен 
ұсынымдар енгізіледі.  
2012-2014  жылдарға  Іс-шаралар  жоспарын  іске  асыру  аясында,  адам 
саудасын болдырмауға бағытталған келесі шараларды атап ӛтуге болады:  

 
2-тармақ. Адам саудасы бойынша қылмыс үшін қылмыстық қудалау 
мен  жазалауды  жетілдіру  жӛнінде  заңнамалық  ӛзгерістерді  енгізу  бойынша 
ұсыныстарды әзірлеу.  

 
29-тармақ.  Еңбектік  және  коммерциялық  сексуалдық  пайдалануға 
сұранысты тӛмендету мақсатындаадам саудасымен күрес саласында заңнаманы 
жетілдіру және қабылданған шараларды ақпараттық насихаттаумен қамтамасыз 
ету.  

 
35-тармақ.  Мақта  және  темекі  терімі  кезеңінде  балалардың  жалпы 
орта білім беру мектептеріне келуін зерделеу.  
Сонымен  қатар,  құқық  қорғау  органдары  жұмысқа  орналастыру 
агенттіктерінің,  халыққа  тұрғылықты  тұру  үшін  шетелге  шығуды  рәсімдеу 
бойынша  қызметтер  ұсынатын  ұйымдардың  –  модельдік,  туристік,  неке 
агенттіктерінің  қызметін  үнемі  тексереді,  сондай-ақ  аталған  жұмысқа  талдау 
жүргізіледі. 
3.2. Адам саудасының қозғаушы факторлары 
Адам  саудасының  таралуына  ықпал  ететін  тетіктерді  әзірлеуді  қылмыс 
жасау үшін «қолайлы» факторларды анықтаудан бастау  қажет. Халықтың осал 
топтарына,  олар  бастапқыдан  қандай  себептерге  байланысты  әлсіз  болғанын 
нақты  түсінбей,  зардаптан  қорғану  үшін  кӛмек  беру  мүмкін  емес.  Сондықтан 
адам  саудасымен  күрес  бойынша  кез-келген  әрекеттер  осалдықты  тудырушы 
шарттар  немесе  факторларды  түсінуге  негізделуі  керек.  Адам  саудасы 
тұрғысындаосалдықтың бастапқы себептері экономикалық, әлеуметтік, мәдени, 
құқықтық және саяси сипатқа ие.   
Палермо  хаттамасы  елдерге,  адам  саудасы  тұрғысынан  адамдардың 
осалдығына себепші болатын экономикалық факторлардың (кедейлік, дамудың 
тӛмен  деңгейі  және  тең  мүмкіндіктердің  жоқтығы)  әсерін  әлсіретуге 
бағытталғанбірлескен шараларды қабылдауға шақырады.  
Экономикалық  осалдық  факторларының  қатарына  жұмыссыздықты  және 
мүмкіндіктерге  тең  қолжетімділіктің  жоқтығын  да  жатқызуға  болады,  бұл  ӛз 
кезегінде  адамдарды  аса  қолайлы  жағдайларды  іздеу  мақсатында  кӛшуге 
мәжбүрлейді.    
Гендерлік  аспектілер,  этникалық  шығу  тегі  және  қоғамдағы  жеке 
топтардың  тӛменгі  мәртебесін  қосқандағы  факторлардың  тұтас  кешенінің 
арқасында  орын  алатын  әлеуметтік  қорғанысқа  деген  шектеулі  қолжетімділік 
адам  саудасы  саласындағы  қылмыстар  үшін  қолайлы  жағдайлар  тудырушы 

70 
 
әлеуметтік  фактор  болып  табылады.  Ол  білім  беру  саласындағы,  жұмысқа  алу 
практикасында,  құқықтық  және  медициналық  қызмет  кӛрсетуге  қолжетімділік, 
сондай-ақ  ақпарат  пен  әлеуметтік  қамсыздандыру  жүйесіне  қолжетімділіктегі 
кемсітушілікпен  ұштастырылады.  Әлеуметтік  оқшаулану  мәселелері  адам 
саудасы  желісіне  жәбірленушілердің  ревиктимизациясы  мен  қайтадан  түсуін 
алдын-алу  жолдарын  талқылау  барысында  ерекше  мәнге  ие  болуда.  Сауда 
объектісі  болған  тұлғалар  үйіне  оралған  кезде  айтарлықтай  қиындықтарға  тап 
болады, ӛзінің қауымдарындағы қарым-қатынас пен қате түсініктердің салдары 
да бар.  
Әлеуметтік  және  мәдени  ғұрыптар  тікелей  ӛзара  байланысты  және  сол 
себепті ақталмаған жалпыламадан құтылу үшін оларға ерекше сақтықпен қарау 
керек.  Мысалы,  келісім  бойынша  некелер,  ерте  некелесу  немесе  мәжбүрлі 
некелер  секілді  мәдени  тәжірибе  түрлері,  сондай-ақ  уақытша  неке,  каталог 
бойынша  некелер  немесе  «каталог  бойынша  қалыңдыққа»  тапсырыс  секілді 
басқа бағыттағы тәжірибелер және сексуалдық пайдаланудың басқа нысандары 
– осылардың бәрі адам саудасының таралуына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, 
кӛптеген  қоғамдарда  қабылданған  мәдени  нормалар  әйелге  қарым-қатынас 
сипатында  кӛрінеді,  нәтижесінде  гендерлік  кемсітушілік  әйелдердің  адам 
саудасы  алдындағы  жоғары  әлсіздігіне  әкелетін  факторлардың  бірі  болуда. 
Аталғандардан ӛзге, белгілі қоғамға жататын әйелдер жезӛкшелік мақсатындағы 
сауда  объектісі  болып,  пайдаланудан  босағаннан  кейін  ӛз  отбасына  және 
қауымға  қайта  ықпалдасуы  аса  қиын болуымен  тап  болады.  Адам саудасының 
құрбаны болған кӛптеген әйелдер АИВ/ЖИТС немесе басқа жыныстық жолмен 
таралатын ауруларды жұқтырып алуы да мүмкін, олар туралы хабарлау бірқатар 
қоғамдарда ұятты саналады.    
Құқықтық  факторлар  қылмыстық  әділ  сот  жүйесіне  қолжетімділіктің 
жоқтығында кӛрініс табады, себебі сауда объектісі болған тұлға шетелдік болуы 
мүмкін, немесе ол құқықтық ӛкілдікке деген рұқсатқа ие емес, әлде жүйенің ӛзі 
тиісті  қорғау  құралдарымен  қамтамасыз  етпейді.  Онымен  қоса,  қауіпсіздікті 
сезінудің  жоқтығына  негіз  болып  екінші  куәгер  ережесі  немесе  айғақтарды 
негіздейтін  ереженіңкүші  болуы  мүмкін,  соның  нәтижесінде  адам  саудасының 
объектісі  болған  тұлға  сотта  тыңдалу  мүмкіндігінен  айырылады.  Қауіпсіздік 
жоқтығын сезіну сыбайлас жемқорлықпен ушығады.   
Экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  факторлардан  ӛзге,  адам 
саудасының  таралуына  саяси  тұрақсыздық,  соғыстар  және  шиеленістер 
(Ауғанстан,  Пәкістан,  Ирак,  Сирия)  әсер  етуі  мүмкін.  Бұл,  әсіресе,  ӛтпелі 
кезеңді  басынан  кешіріп  жатқан  қоғамдастықтардан  байқалады,  мұнда 
қоғамдық тәртіпсіздіктер, ұлттық бірегейлікті жоғалту және саяси тұрақсыздық, 
адам  саудасын  қосқандағы  ұйымдасқан  қылмыстың  ӛсуі  үшін  жағымды  орта 
жасауға  әкелуі  мүмкін.  Мұндай  жағдайларда  қорғаушы  құрылымдардың 
күйреуімен  қоса  жүретін  қауымдастықтың  тұрмыс  салты  бұзылады, 
нәтижесінде еріксіз кӛшірілген тұлғалардың бұқарасы пайдаланудың кез келген 
түрінен аса қорғансыз қалады.    

71 
 
Осы  осалдық  факторларларыныңәсерін  жеңілдетуге  бағытталған 
саясаттың  басқа  шаралармен,  соның  ішінде  қоғамдастықтың  хабардарлығы 
деңгейін  арттыру  бойынша  науқандармен,  сондай-ақ  адам  саудасы 
проблемалары  бойынша  зерттеу  және  ағарту  қызметтерімен  үйлестірілуі 
шешуші мәнге ие.  
БҰҰ  Трансұлттық  қылмысқа  қарсы  конвенциясына  және  оны 
толықтыратын Палермо хаттамасына сәйкес, мемлекетке ол бақылайтын аумақ 
шеңберінде  адам  саудасы  актілерін  жасаудың  алдын-алу  үшін  халықаралық-
құқықтық  жауапкершілік  артылады.  Хаттаманың  9  бабының  1  тармағы, 
сонымен  қатар  мемлекетке  «адам  саудасының  алдын-алу  және  онымен  күрес 
мақсатында  кешенді  негізде  саясатты,  бағдарламаны  және  басқа  шараларды 
жасауға және қабылдауға» міндеттейді. Осы бабтың 2 тармағында сипатталған 
бұл  шаралар  «адам  саудасының  алдын-алу  және  онымен  күреске  бағытталған 
зерттеулер,  ақпараттық  науқандар,  соның  ішінде  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында  ӛткізуді,  сондай-ақ  әлеуметтік-экономикалық  бастамаларды 
жүзеге асыруды» қамтиды.   
Мысалы, ЕҚЫҰ Адам саудасымен күрес жӛніндегііс-қимыл жоспарында, 
адам  саудасының  алдын-алу  мақсатында,  ұлттық  деңгейде  шаралар  қатарын 
қабылдау ұсынылған: a) деректер жинау және зерттеулер жүргізу; b) шекаралық 
бақылау  шаралары;  c)  адам  саудасының  түпкілікті  жоюға  бағытталған 
экономикалық  және  әлеуметтік  саясат;  d)  қоғамдық  хабардарлықты  арттыру 
бойынша шаралар; e) заңнамалық шаралар.
38
 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал