Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет7/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

 
2.5. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесі 
 
Ұлыбританияның  адам  саудасына  қарсы  күрес  туралы  заңы  екі  бағытта 
дамуда  –  қатаң  кӛші-қон  ережелерін  енгізу  және  де  жұмыс  күшін  жалдау 
агенттігінің қызметін реттеу.  
2004  ж.  «Баспана  беру  және  кӛші-қон  туралы»  (Asylum  and  Immigration 
(Treatment  of  Claimants,  etc.)  Act  2004)  заңынасәйкестұлға  егер  Ұлыбританияда 
                                                 
35
Қазақстанның  денсаулық  сақтау  секторындағы  гендерлік  зорлық-зомбылыққа  қарсы  жауап  іс-шараларды 
күшейту,  Серіктестердің  халық  саны  саласындағы  БҰҰ-ның  Қорының  кӛмегімен  ӛткізілген  республикалық 
кеңестердің материалдары - ЮНФПА, Астана, 2011
 

54 
 
қанауға  салуға  ниет  еткен  адаминдивидтің  («жолаушы»)  Құрама  Корольдігіне 
келуін ұйымдастырған немесе жеңілдеткен болса қылмыс жасаған болады. 
Тұлғаның индивидті («жолаушы»)  Құрама Корольдігі шегінен тыс жерде 
қанауға  салу  ниетімен,  немесе,  ол  тұлға  Құрама  Корольдігі  шекарасының 
сыртында  осы  жолаушыны  басқа  адам қанай  алады  деген  оймен  оның  Құрама 
Корольдігінен  шығуын  жеңілдетуді  ұйымдастыруға  бағытталған  іс-әрекеттері 
қылмыс болады. 
Ұлыбритания  жалдамалы  еңбек  агенттіктеріне  мемлекеттік  қадағалау 
орнатқан  «Уақытша  біліктігі  жоқ  жұмысшыларды  тартатын  ұйымдарды 
лицензиялау туралы» заңды 2004 жылы қабылдады.  
Бұл  нормативтік  актінің  пайда  болуы  жұмыспен  қамтудың  бүркемелі 
схемасын  қолдану  жағдайымен  байланысты  болды,  оның  нәтижесінде  адам 
саудасының  құрбандары  техника  қауіпсіздігінің,  ӛндірістік  тазалықты  сақтау 
талаптарына жауап бермейтін жағдайларда  мәжбүрлі еңбекке тартылған, мұны 
2003 жылы 23 қытайлық жұмысшылардың қаза болу жағдайы дәлелдейді. 
Ауыл  шаруашылығындағы  жұмыстарға,  жабайы  ӛсімдіктерді  жинауға, 
балық  аулау  мен  балық  ӛсіру  шаруашылығына  және  осы  тауарларды  жасап 
шығару  мен  буып-түю  жұмыстарының  кейбір  түрлеріне  жіберетін 
жұмысшылардың  еңбек  қызметтерімен  байланысты  ұйымдардың  қызметін 
лицензиялау туралы ереже заңда қарастырылған. 
Ұйымдарға  жұмыс  күшін  тартуға  лицензияны  арнайы  мекеме  – 
Лицензиялау Органы (The Gangmasters Licensing) береді. 
Заңда  лицензияларды  беру  тәртібі  ерекше  анықталады.  Лицензиялау 
Органы  (ЛО)егер  лайықты  деп  санаса,  лицензия  беруі  мүмкін.  Осы  ұйымның 
қызметтерінің  негізгі  түрлері  лицензияда  бекітіледі.  Ол  ЛО  қажет  деп  санаған 
мерзімге  беріледі.  Лицензия  оны  иеленушінің  немесе  лицензияны  иеленушіге 
жұмыс істейтін тұлғалардың қызметіне рұқсат береді.  
Лицензиялау  Органы  біліктілігі  жоқ  жұмысшыларды  (gangmasters) 
жалдайтын ұйым ретінде қызмет атқаратын заңды тұлғаларды лицензиялаумен 
байланысты ережелер шығару құқығына ие. Сонымен қатар ережелер лицензия 
алу ӛтінішінің және басқа құжаттардың құрылымы мен мазмұнын орната алады. 
Лицензиялау  Органы  лицензия  алушыны  жазбаша  түрде  хабарландыру 
жолымен,  не  лицензия  алушының  келісімімен  немесе  ұйым  заң  талабын  және 
лицензияның  шартын  бұзды  деген  болжамдауға  негіз  болған  жағдайда 
лицензияны  (соның  ішінде  осы  лицензияның  кез  келген  шартын)  ӛзгертуге 
немесе жоюға құқығы бар. 
Лицензиялар  тізілімін  (Register  of  licenses)  құру  тәрітібін  де  атап  ӛткен 
жӛн.  Орган  лицензияланған  ұйымдардың  тізілімін  құрады  және  жүргізеді, 
сонымен  қатар  уағдаластықӛз  күшінде  қалуын  қамтамасыз  етеді,  қоғамға 
тізімнің мазмұнын тексеруге мүмкіндік береді.  
Заңда  біліктілігі  жоқ  жұмыс  күшін  жалдайтын  ұйымдардың  қызмет 
саласындағы заң бұзушылыққа жауапкершілікке тартылуы қарастырылған, оған 
мыналар кіреді: 

55 
 
1)
 
лицензиясыз қызмет атқару; 
2)
 
жалған  және  осы  ұйымның  лауазымды  адамы  білетін  немесе  бұл 
туралы білу керек болатын тиісті құжатты пайдалану; 
3)
 
лицензия рәсімді бұза отырып алынған.   
Бұл заң бұзушылыққа айыппұл және бас бостандығынан айыру түріндегі 
қылмыстық жаза санкциялары қарастырылған.   
Кӛп  елдерде  адам  саудасымен  күрес  қылмыстық  заң  негізінде  жүзеге 
асады.  
Данияда адам саудасымен күреске бағытталған заң жүйесіндегі негізгі акт 
Қылмыстық  кодекс  (2005  жылғы  27  қыркүйекте  қабылданған  №909  Жиынтық 
заңы)болып  табылатын,  онда,  ішінара  алғанда  206-бапта  зорлықты  қолданып 
немесе зорлық қатерімен, не мүлкіне тартымды зиян келтіру, жалған айып тағу 
қолданған  басқа  адамды  ӛзі  істегісі  келмеген  істі  істеуге  мәжбүрлеген  кез 
келген тұлға бұл заңсыз мәжбүрлеуде кінәлі деп саналады және айыппұл немесе 
тӛрт  жылдан  аспайтын  мерзімге  түрмеге  қамалатын  жауапкершілікке 
тартылады  делінген.  Бұдан  басқа,  бӛтен  адамды  бас  бостандығынан  айыратын 
кез  келген  тұлға  айыппұл  немесе  тӛрт  жылдан  аспайтын  мерзімге  түрмеге 
қамалатын жауапкершілікке тартылады.  
Данияның  Қылмыстық  кодексінде  адам  саудасы  құрбандарын 
тартушылар,  тасымалдаушылар  және  тапсырыс  берушілер  туралы  мәселесі 
ерекше шешіледі. Тартатын, таситын, заңсыз мәжбүрлеген, бас бостандығынан 
айыру  қауіп-қатерін  қолданып  адамдарды  берген,  коммерциялық  секс,  еріксіз 
еңбек,  құлдық  саласында  қолдану  немесе  мүшелерін  алу  мақсатында  қауіп-
қатер  қолданған  кез  келген  адам  мерзімі  сегіз  жылдан  аспайтын  мерзімге  бас 
бостандығынан айырумен жазаланады. 
Осыған ұқсас заңнама Италияда да қабылданған – «Адам саудасына қарсы 
күрес  шаралары  туралы»  2003  ж.  11  тамызындағы  №228  Заңы.  Бұл  құқықтық 
акт  Италияның  Қылмыстық  кодексінің  600-бабына  ӛзгерістер  енгізді,  соған 
сәйкес қазіргі уақытта мәжбүрлі еңбекті қолданғаны үшін кінәлі тұлға 8-ден 20 
жылға  дейін  бас  бостандығынан  айырумен  жазаланатыны  туралы 
ережебелгіленуде.    
Әрине мұндай жағдайлар тек қауіп-қатер бар кезде, алдау немесе билігін 
асыра  пайдалану  немесе  тұлға  денесінің  не  психикасының  толық  дамымаған 
адамның  жағдайын,  кедейшілік  жағдайын  ӛзінің  мүддесіне  заңсыз  пайда  табу 
мақсатында  пайдаланған  кезде  туындайды.  Егер  қылмыс  он  сегіз  жастан  кіші 
кәмелетке  толмаған  жастарға  немесе  сексуалдық  қанау,  жезӛкшелік  немесе 
мүшелерін  алу  мақсатында  жасалған  болса,  кӛрсетілген  жаза  күшейеді  және 
50% дейін артады. 
Италияның ҚК 601-бабында қылмыс жасау мақсатында адам саудасымен 
айналысатын, немесе кезкелген адамды адам саудасы процесіне алдау жолымен 
еліктірген  немесе  ондай  тұлғаны  зорлық-зомбылықты,  қорқытуды  немесе 
билікті  теріс  пайдалану  жолын  қолданған,  немесе  денесінің  не  психикасының 
толық дамымағанына және кедейлікке байланысты жағдайды қолданған, немесе 

56 
 
тұлғаның  ұлттық  аймақты  ӛту  процесіне,  осы  аймаққа  келуіне,  тұруына, 
ауысуына  жауапты  адамдарға  ақша  берген  адам  сегіз  жылдан  он  екі  жылға 
дейін мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. Кӛрсетілген баптағы 
қылмыстар  он  сегіз  жастан  кіші  кәмелетке  толмаған  жастарға  немесе 
сексуалдық  қанау,  жезӛкшелік  немесе  мүшелерін  алу  мақсатында  жасалған 
болса осы жазалау үштен бірінен50% дейін артады
36

Германияда  балалар  мен  жасӛспірімдер  еңбегін  қорғау  туралы  дербес 
Заңы,  сонымен  қатар  балалар  еңбегін  қорғау  туралы  Қағида  бар  екенін  айтып 
кеткен жӛн.   
Сексуалдық  құлдыққа  қарсы  күрес  бойынша  қоғамда  жезӛкшелік  деген 
кӛріністі  толықтай  қабылдамауды  орнату  және  онымен  ортақ  күресу,  тікелей 
интим-қызметтерін  кӛрсететін,  делдал  және  ұйымдастырушыларды  қоса 
алғанда барлық тұлғаларға жауапкершілікті күшейту қажет. 
Кең  насихаттау  жұмыстары,  қоғамда  жағымсыз  стереотипті  құру, 
жезӛкшелікпен  күресте  полиция  қызметкерлері  жағынан  формализмнің 
жоқтығы. 
Мысалы, сексуалдық қызмет кӛрсету туралы хабарландыру бірнеше баспа 
басылымдарында  бүркенішті  түрде  жарияланады,  кейбір  басылымдар  мұндай 
хабарламаны басып шығармайды. 
АҚШ-тың  қылмыстың  осы  түрімен  күресу  тәжірибесі,  мысалы  Мичиган 
штаты,  интим-қызметтерін  қолданған  тұлғаларға  жауапкершілік  барын 
кӛрсетеді. 
Сонымен  қатар,  мұндай  бұзақыларды  анықтаған  жағдайда  кінәлілерді 
жауапқа  тартып  қана  қоймай,  сексуалдық  қызметтерге  сұранысты  азайту 
мақсатында  халыққа  ашық  интернет-сайтында  «масқара  қабырғасы»  деген 
айдарға олардың суреттерін орналастырады. 
Ойластырылған  алдын  алу  амалын  енгізу  маңызды  болып  табылады. 
Кӛптеген  шет  елдерде  тәулік  бойы  қызу  желілер  немесе  сенім  телефондары, 
адам саудасы факторларын ескертетін плакаттар елшіліктердің және ӛкілдіктер 
ғимараттарында, әуежайларда, емханаларда, автобус аялдамаларында, қоғамдық 
кӛліктер мен жедел жәрдем машиналарында жапсырылады.   
Израильдің,  Белорусияның  зардап  шегушілердің  құқықтарын  қорғау 
туралы  заңнамасына  сәйкес  адам  саудасы  құрбандарының  тегін  заңдық  кӛмек 
алуға,  қылмыстық  тергеу  кезінде  сүйемелдеуге,  сот  процесі  туралы  ақпарат 
алуға, ӛз мүддесін қорғауға құқығы бар. 
Сексуалдық  құлдыққа  ұшыраған  адамдардың  әлеуметтік  бейімделуі 
үшінтұтас шаралар кешенін құру маңызды болып табылады. 
Ол  үшін  барлық  мүдделі  мемлекеттік  органдар  мен  үкіметтік  емес 
ұйымдардың тығыз әрекеттесуі қажет.   
                                                 
36
Шет 
елдерде 
адам 
саудасын 
жоюдың 
құқықтық 
негіздерін 
құру, 
П.Е. 
Морозов, 
http://www.jurvestnik.psu.ru/index.php/ru/vipusk3132011/16-2010-12-01-13-31-58/-3-13-2011/248-formirovanie-
pravovyx-osnov-ustraneniya-torgovli-lyudmi-v-zarubezhnyx-stranax 
 

57 
 
Кейбір  елдерде  зардап  шегушілерді  оқыту  мен  жұмыспен  қамту 
мемлекеттік бағдарламалары қарастырылған. 
Грекияда  жезӛкшеліктен,  адам  саудасынан  немесе  құлдықтан  зардап 
шеккендердің  қазір  баспанаға,  тамақтануға,  қарауға,  психологиялық  қолдауға, 
заңгерлік кӛмекке және кәсіби дайындыққа құқығы бар. 
Кәмелет  жасқа  толмағандарды,  әсіресе  оларды  ұрлаумен  байланысты 
сексуалдық  қанауға  тартқаны  үшін  жауапкершілікті  бұдан  әрі  күшейту  де 
жұмыстың тиімділігіне оңтайлы әсер етуі тиіс. 
АҚШ-та  сексуалдық  қанау  үшін  ең  қатаң  жаза  –  ӛмір  бойы  бас 
бостандығынан  айыру.  Бұған  қоса,  кәмелет  жасқа  толмағанды  сексуалдық 
қанағаны үшін он жыл және күш жұмсау, алаяқтық немесе мәжбүрлеу арқылы 
сексуалдық  қанау  немесе  14  жастан  тӛмен  кәмелет  жасқа  толмағанды 
сексуалдық  қанағаны  үшін  он  бесжыл  түрмеге  қамау  түрінде  ең  аз  міндетті 
түрде жазалау шарасы қарастырылған. 2011 жылы адам саудасына байланысты 
федералдық қылмыстың орташа мерзімі 11,8 жылды құрды, ал бас бостандығын 
айыру  мерзімі  10  айдан  50  жылға  дейін  мерзімді  қамтыды.  Кейбір  істерде 
федералдық прокурорлар сексуалдық қанауға кінәлі адамдардың ӛмір бойы бас 
бостандығынан айыруға қол жеткізді.   
Сарапшылар  АҚШ-тың  адам  саудасымен  күресу  және  адам  саудасы 
құрбандарының құқығын қорғаудағы тәжірибесін дамыған елдер арасындағы ең 
сәттісі  деп  мойындағанын  айта  кеткен  жӛн.  Осыған  сүйеніп,  біз  Комиссияның 
арнайы баяндамасында адам саудасымен күрес және адам саудасының құрбаны 
болған  зардап  шегушілердің  құқығын  қорғау  саласындағы  АҚШ-тың 
тәжірибесін келтіреміз. 
 
АҚШ-тың адам саудасымен кҥреске кҥш салуы
37
 
 
Америка  Құрама  Штаттары  трансұлттық  қылмыстың  бұл  түрін 
болдырмау  қажет,  ал  кінәлілер  жазалануы  тиіс  деген  берік  ұстанымда.  Кӛп 
елдер осы ұстанымға қосылады – оған дәлел олардың іс-қимылы. 
Америка  үкіметінің  құлдыққа  реакциясы  бейнеленген  негіз  болатын 
құжат бұл 2000 жылдың қазанында қолданысқа енген «Адам саудасынан зардап 
шеккендерді қорғау туралы Заңы» (АСЗҚ). Құрама Штаттар сол кезде елде және 
шетелде қолданыстағы заңдар адам саудасын тоқтатпайтынын және кінәлілерді 
қатаң  жазалауға  мүмкіндік  бермейтінін  мойындады.  Қорғау  туралы  Заң 
федералдық  ведомстволарды  ел  ішінде  адам  саудасымен  күресуге  және  басқа 
елдермен  халықаралық  деңгейде  осы  мәселені  шешу  үшін  ынтымақтасуды 
міндеттейді.  
 
2002  жылғы  16  желтоқсанда  Президент  Джордж  У.  Буш  22  ұлттық 
қауіпсіздік туралы президенттік директиваға қол қойып, Қорғау туралы Заңның 
мақсатын  мақұлдады,  «ортақ  күш  салуды,  қаржыны  және  адам  саудасымен 
                                                 
37
Жаһандық мәселелер, АҚШ-тағы адам саудасымен күрес, 2003, 
http://russian.ashgabat.usembassy.gov/uploads/RO/em/ROemUs35rF9APY6l--YEYA/E-Journal-Trafficking.pdf 

58 
 
күрес 
саясатын 
қолдау 
үшін 
үйлестіруді 
күшейтуді» 
федералдық 
ведомстволарға тапсырды.  
 
Корғау  туралы  Заң  адам  саудасын  қылмыс  деп  жариялайды  және  АҚШ 
Үкіметін  тірі  тауар  саудагерлерін  сот  бойынша  қудалауға  және  жазалауға, 
зардап  шегушілерді  қорғауға  және  құқығын  қалпына  келтіруге,  сондай-ақ  осы 
қылмыстық істі жоюға міндеттейді.  
 
Америкалық  адам  саудасына  қарсы  іс-шаралар  мен  бағдарламаларын 
бақылауды АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы басқаратын Президент жанындағы 
Ведомствоаралық  арнайы  топ  іске  асырады,  ал  олардың  орындалуымен 
федералдық  үкіметтің  жоғарғы  лауазымды  ӛкілдері  кіретін  Бас  жедел  топ 
айналысады.  Сонымен  бірге  арнайы  топ  пен  жедел  топ  құзыретті  мемлекеттік 
мекемелердің  адам  садаусымен  күрестің  барлық  кӛріністерімен  айналысуына 
қол жеткізіп жатыр. 
Құрама  Штаттардың  аумағында  адам  саудасымен  күреске  және  зардап 
шегушілерге  кӛмек  беруге  негізгі  жауапкершілікті  әділет,  денсаулық  сақтау 
және  әлеуметтік  қызметтер  министрліктері,жаңадан  құрылған  ішкі  қауіпсіздік 
министрлігі  арқалайды.  Әділет  министлігінің  прокурорлары  Азаматтық  құқық 
бӛлімі 
Қылмыстық 
секциясымен 
басшылығымен 
адам 
саудасымен 
айналысатындарға қарсы іс қозғайды және осы қылмыспен күресу туралы жаңа 
заңнама бойынша оқытады.  Әділет  министрлігінің күшімен  мәжбүрлі  еңбектің 
ауыр  түрі  мен  сексуалдық  қанаудан  жүздеген  зардап  шегушілер  сәтті 
құтқарылды,  ал  оларды  құлдыққа  сатқандар  сот  алдына  келді  және  жазаға 
тартылды.     
 
Қорғау  туралы  Заңды  қабылдағанға  дейін  Әділет  министрінің  азаматтық 
құқықтар  жӛніндегі  кӛмекшісі  және  заң  мәселелерімен  айналысатын  Еңбек 
министрлігінің ӛкілі еріксіз еңбек, құлдық және еңбек қатынастары туралы заң 
бойынша адам саудасымен айналысатындарды соттық қудалауды қадағалайтын 
адам саудасы және жұмысшыларды қанау жӛніндегі Арайы топ құру және бірге 
басқару құқығына ие болған. Қорғау туралы Заң соттық қудалауды әсерлі етіп 
және  заңмен  қарастырылған  кінәлілерді  ең  жоғарғы  деңгейде  жазалауды 
арттыру арқылы осы нормативтік актіге түзетулер енгізді. Бұл арнайы топ осы 
қылмыстық істерден зардап шеккендерге арнап кӛп тілді жалпы ұлттық телефон 
«қызу желісін» құрды және ұстап тұрады. 
 
Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  қызметтер  министрлігі(ДӘҚМ) 
адамныңшынымен адам саудасының құрбаны екенін және сондықтан уақытша 
баспанаға,  заңдық  кӛмекке,  білім  алу  мүмкіндігіне,  психологиялық  кеңеске, 
балаға  қарауға  және  басқа  жеңілдіктерге  құқығы  барын  дәлелдеуге  жауап 
береді. Бұл бағдарламаларды ДӘҚМ қолдауымен штаттар мен ондаған үкіметтік 
емес  ұйымдар  (ҮЕҰ)  жүзеге  асырады.  Кейбір  жағдайларда  құқық  қорғау 
органдары тұлғаны әлеуетті, бірақ ДӘҚМ әлі «растамаған»  зардап шегуші деп 
анықтауы  мүмкін.  Бұл  адамдарға  кӛмектесу  үшін  және  олардың  адам 
саудасымен  айналысатындарды  соттық  қудалау  кезінде  жәрдемдесуі  үшін 
Әділет  министрлігі  ҮЕҰ-ға  құқық  қорғау  органдары  анықтаған,  бірақ  ДӘҚМ-

59 
 
нен  дәлелдеме  алынбаған  зардап  шегушілерге  осындай  кӛмек  кӛрсетуге 
гранттар берді. 
 
Құрама  Штаттардағы  кӛп  зардап  шегушілер  елге  визасыз  келген  немесе 
егер бас кезде визасы бар болса, кӛші-қон заңы бойынша «мәртебеден тыс» деп, 
мысалы,  заңсыз  істердің  салдарынан  танылған  адамдар.  Қорғау  туралы  Заңды 
қабылдауға  дейін  мұндай  зардап  шегушілер  кӛбінесе  депортацияға  ұшыраған. 
Бұл ескірген тәсілдер қазірге дейін кӛп елдерде әлі қолданылады.  
 
Қорғау туралы заң бұл тәсілді жоққа шығарды. Адам саудасынан зардап 
шеккен  тұлғаны  депортациялауға  жататын  заңсыз  мигрант  ретінде  қараудың 
орнына  жаңа  заң  зардап  шегушілерге  арнайы  жасалған  «Т»  визасын  алуға 
мүмкіндік береді. Олардан адам саудасына байланысты істерді тергеуге немесе 
соттық  қудалауға  жәрдемдесу  талап  етіледі.  Егер  де  олардың  депортациясы 
оларға нағыз қиыншылық тудыратын жағдайда оларға АҚШ-та тұрақты баспана 
берілуі  мүмкін.  Зардап  шегушілер  олардың  істері  тергеліп  және  сотта 
қарастырылып  жатқанда  жеке  ӛміріне  қол  сұғылмауына,  дене  қорғауына  және 
кӛмектің басқа түрлеріне құқығы бар.  
 
Әрбір  үкіметтік  ведомстволар  ӛзінің  қызметкерлерін  Қорғау  туралы 
Заңды  қалай  орындау  және  қызмет  кӛрсету  керектігін  үйретеді,  зардап 
шегушілерге  тура  күтімді,  психологиялық,  құқықтық  және  дене  қорғауын 
айтарлықтай  деңгейде  үкіметсіз  ұйымдар  қамтамасыз  етеді,  кейде  Үкіметтің 
қаржылай  кӛмегімен.  ҮЕҰ  жағынан  мұндай  қамқорлық  мен  ықылас  әсіресе 
пайдалы, ӛйткені зардап шеккендердің кӛбі полицияға және басқа мемлекеттік 
қызметтегі  тұлғаларға  сенбейді  –  әсіресе  егер  олар  елде  заңсыз  түрде  тұрса. 
Қоғамның  санасына  бұл  адамдарды  қылмыскерлер  ретінде  емес,  зардап 
шегушілер ретінде қарау керектігін жеткізуде әсіресе ҮЕҰ кӛмегі тиімді.   
 
2013  жылғы  9  сәуірде  Ақ  үйде  ӛткен  адам  саудасымен  күрес  мәселелері 
жӛніндегі  форумда  Барак  Обаманың  Әкімшілігі  адам  саудасымен  күрес  және 
олардың  құрбандарына  кӛмек  берудің  жаңа  жоспарын  жариялағанын  айта 
кеткен жӛн.   
АҚШ-тың  Бас  прокуроры  Эрик  Холдер  жаңа  стратегиялық  жоспар  адам 
саудасымен  күреске  АҚШ-тың  федералдық  ведомстволарының  күш  салуын 
тиімді  үйлестіруге  кӛмектесетінін  атады.  «Заңгерлер,  аналитиктер,  ғалымдар, 
тергеушілер  мен  құқық  қорғау  органдарының  ӛкілдері  адам  саудасының 
заманауи  үлгілерін  зерттеу  үшін  бұрын  соңды  болмағандай  ұйымшылдықпен 
жұмыс істейді» - деп мәлімдедіХолдер. –Келесі бес жылдың ішінде бұл жоспар 
бізге  үкіметтік  емес  одақтастарымызбен  қарым-қатынасымызды  күшейтуге 
мүмкіндік береді және мемлекеттік-жеке әріптестікті түзетеді. Біз адамды іздеу 
және керекті кӛмек кӛрсетудің жаңа стратегиясын жасап шыға аламыз, сонымен 
қатар  кім  еріксіз  еңбек  пен  жезӛкшелікке  мәжбүрлеуді  қоса  алғандағы 
құлдықтың  осы  не  басқа  түріне  түскен  болса,  соны  қорғап  қылмыскерлерге 
тиісті жазасын береміз».    

60 
 
АҚШ-тың  лауазымды  адамдары  адам  саудасының  құрбандарына  кӛмек 
беру  амалдарының  Федералдық  стратегиялық  жоспары  адам  саудасымен 
күреске күш салуды жаңа деңгейге шығарады деп сендіреді. 
Жоспардың мақсаттарының бірі – тиімді іздеуге және зардап шеккендерге 
әлеуметтік  және  медициналық  мекемелер,  құқық  қорғау  органдары  мен  жедел 
елеу  қызметтерінің  қызмет  кӛрсетуге  мүмкіндік  құру.  Бұл  үшін 
федералдыққорлардыүйлестіруді 
жақсартуға 
және 
сәйкес 
заңдарды 
мемлекеттік,  штаттар  деңгейінде,  тайпалар  мен  қауымдармен  жергілікті 
деңгейде келісуге ерекше кӛңіл бӛлінеді. 
Жоспар  адам  саудасымен  айналысатындарды  жауапқа  тарту  үшін  құқық 
қорғау  органдардың  қызметіне  алдыңғы  қатарлы  технологияларды  жеткізуге 
мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік-жеке серіктестіктерді құруды қарастырады. 
Бұдан  басқа  жаңа  онлайн-қызметтер  зардап  шегушілердің  аса  қажет 
қызметтерге мүмкіндік алуға кӛмектеседі. Ақ үйдің мәліметі бойынша жетекші 
технологиялық  компаниялар  заңгерлер  мен  зардап  шеккендермен  бірге 
ынтымақтасып  адам  саудасының  құрбандарымен  интернетпен  немесе 
телефонмен  байланысып,  жергілікті  дәрежеде  қызметтерге  мүмкіндік  алатын 
жаңа қосымшалар құрып жатыр.  
Жоспарда адам саудасының құрбандарына тегін  заңгерлік кӛмек кӛрсету 
бекеттері  желісін  құру  қарастырылған.  Жаңа  мемлекеттік-жеке  әріптестік 
шарасында  АҚШ-тың  Мемлекеттік  департаменті  DLA  Piper  заңды  фирмасы 
құрған және адам саудасымен күресте тегін заңгерлік кӛмек кӛрсетуді кеңейтуге 
бағытталған New Perimeter коммерциялық емес ұйыммен ынтымақтасады. Осы 
серіктестік  «үш  «П»  қағидасымен  жүзеге  асады:  саудагерлерді  қудалау,  адам 
саудасының алдын алу, оның құрбандарына кӛмектесу. 
Холдердің  айтуы  бойынша,  Б.Обаманың  әкімшілігі  «Әділет  министрлігі 
адам  саудасымен  байланысты  кӛп  мӛлшердегі  істерді  қарауға  қол  жеткізді. 
Нәтижесінде  еңбекке  мәжбүрленген  немесе  секс-индустриясында  қолданылған 
адам  саудасымен  айналысқаны  үшін  шығарылған  айыптар  30%  ӛсті».  Бұдан 
басқа  ол  «құзырет  пен  халықаралық  шекараны  мойындамайтын  адам 
саудасымен айналысатын қылмыстық желіні тоқтататын және жоятын ӛзіміздің 
мүмкіндігімізді  кеңейте  отырып,ел  ішінде  құқық  қоғау  органдарымен,  шет 
елдерінің  үкіметтерімен,  коммерциялық  емес  және  басқада  ұйымдармен 
серітестікті  нығайттық»  деді.  Ақ  үйдегі  форумға  қатысқан  АҚШ-тың  Ішкі 
қауіпсіздік  министрі  Джанет  Наполитано  Министрліктің  блогында  «біз  тек 
соңғы  жылы  АҚШ-тың  Кӛші-қон  және  кеден  полициясының  (ICE)  жедел 
желісіне  бұрынғы  кезге  қарағанда  кӛп  қоңырау  қабылдадық.  Кӛптеген  істер 
бойынша тергеу жүргіздік және кӛп адамдарды құтқардық. 1200-ден астам адам 
саудасының құрбандары тиісті кӛмектерін алды» деп жазды. 
 
АҚШ-тың шет елдегі адам саудасымен кҥреске кҥш салуы 
 

61 
 
Қорғау  туралы  заң  АҚШ  әкімшілігін  зардап  шегушілерді  қорғауға  және 
қолдауға, сонымен қатар адам саудасымен айналысатындармен күресіп, оларды 
заң 
жүзінде 
қудалауға, 
басқа 
үкіметтермен 
жұмыс 
істеуге 
ұйғарады.Мемлекеттік  департамент,  Еңбек  министрлігі  (ЕМ)  және  АҚШ-тың 
Халықаралық даму агенттігі (ХДА) үкіметпен, халықаралық ұйымдармен және 
халықаралық  ҮЕҰ-мен  құрбандарды  құтқаруға  және  қолдауға,  кінәлілерді 
жауапқа  тартуға  және  адам  саудасын  тоқтату,  әлеуетті  құрбандарды  ағартуға 
және  оқытуға  кӛмектесіп,  экономикалық  тәуелсіздікке  деген  дағдыларын 
дамытуға  ынтымақтасып  жатыр.  Кӛптеген  ҮЕҰ-лар  босқындармен,  әскери 
қақтығыстардың  құрбандарымен,  еріксіз  қанаудағы  еркектермен,  әйелдермен 
және балалармен жұмыс істеу барысында үлкен тәжірибе жинады. Кейбір ҮЕҰ-
лардың  қандай  да  бір  дінге  қатысы  бар  да,  басқаларында  –  жоқ.  Олардың 
барлығының  ортақ  мақсаты  бар  –  зардап  шегушілерді  қорғау  және  оларға 
қажетті қызметтер кӛрсету.  
ЕМ  халықаралық  адам  саудасымен  ӛз  бағдарламаларының  шеңберінде 
және  үкіметтік  емес  және  діни  ұйымдардың  кӛмегімен  күресуде.  ЕМ 
халықаралық  деңгейде  Халықаралық  еңбек  ұйымы  аясында  ӛткізіп  жатқан  28 
елді қамтыған балалар еңбегін жою бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Бұл 
жобалар  балаларды  сатудан  және  қанаудан  құтқарады,  оларға  сауықтыру 
қызметтерін және білім алу мүмкіндігін береді және де алдын алу ақпараттарын 
таратады.  
 
ЕМ сонымен бірге жетім балалардың мәселелерін шешумен айналысады. 
2003  жылдың  мамыр  айында  министрлік  13  млн.  долларды  бұрынғы  жетім 
балаларды  қалыпты  ӛмірге  әкелу  және  сауықтыру,  бейімделуге  кӛмектесу 
бойынша  жаһандық  бастамаға  бӛлді.  Балалар  еңбегін  қолданумен  күрес 
бойныша  ӛзінің  нақты  жұмысына  қосымша  ретінде  ЕМ  Халықаралық 
техникалық  ынтымақтасу  бағдарламасы  кедейшіліктің  негізгі  себебі  – 
жұмыссыздықты,  жұмыс  қабілетінің  жетіспеушілігі  және  әлеуметтік 
қамтамасыз  ету  жүйесінің  жоқтығын  еңсеру  арқылы  адам  саудасы  мәселесін 
жеңілдетеді.   
 
АҚШ-тың  ХДА-гі  адам  саудасымен  күресу  бағдарламасын  30-дан  аса 
елдерде  ӛзінің  шетелдік  ӛкілдері  арқылы  халықаралық  ұйымдармен,  үкіметтік 
емес  ұйымдармен  және  қабылдаушы  елдермен  ынтымақтаса  жүзеге  асырады. 
ХДА  бағдарламалары  адам  саудасымен  күресті  нығайтуды  халық  арасында 
ақпараттық  және  ағартушылық  науқандары  арқылы  қолдайды.  ХДА 
бағдарламалары  адам  саудасының  ықтимал  және  нағыз  құрбандары  мен 
олардың  отбасына  экономикалық  және  кәсіби  мүмкіндіктер  туғызады,  осы 
қылмыстан  зардап  шегушілерге  кӛмектеседі  және  кінәлілерді  соттық  қудалау 
үшін  заңнамалық  реформаларды  қолдайды.  Әлем  бойынша  даму  саласындағы 
агенттіктің жалғасушы бағдарламалары адам саудасымен күресу бойынша осы 
нақты шараларды әйелдер мен балаларды саудагерлерден әлсіздігін азайтатын, 
кедейшілікті қысқартатын, қыздарға білім беруді  кең жаюға ықпалын тигізетін 

62 
 
және  заңның  күшін  қатайтатын  жағдайларды  құруға  кӛмектесе  отырып 
толықтырады.  
 
Адам  саудасынан  зардап  шеккендерді  қорғау  туралы  заң  АҚШ-тың 
Мемлекеттік  департаментінің  құрамында  Адам  саудасын  бақылау  және  оған 
қарсы  күресу  бӛлімін  (АБК  бӛлімі)  құруды  бекітті.  ХДА  мен  ЕМ  сияқты 
Мемлекеттік  департамент  әсіресе  АБК  бӛлімі  және  шетелдегі  елшіліктер 
арқылы халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды адам саудасын тоқтатуға, 
кінәлілерді  соттық  қудалауға  және  олардың  қылмыстарынан  зардап 
шегушілерді  қорғауға  бағытталған  бағдарламаларды  жүзеге  асыруына  қолдау 
кӛрсетеді.  Бұл  бағдарламалар  бүкіл  әлемде  адам  саудасымен  күресу  туралы 
заңнаманы жақсартуға және  зардап шегушілер үшін  қолдау жүйесі мен қорғау 
қызметін құруға бағытталған. Қорғау туралы Заңды қабылдағаннан кейін АҚШ-
тың үкіметі адам саудасымен күресуге арналған халықаралық бағдарламаларға 
100  млн.  доллардан  аса  қаржы  салды.  Бұдан  басқа  Мемлекеттік  департамент 
басқа елдермен бұл қылмысты олардың ұғынуы үшін адам саудасымен күресте 
ынтымақтасуды  және  Құрама  Штаттар  үшін  осы  мәселенің  маңыздылығын 
толық түсінуін қамтамасыз ету мақсатында негізгі жауапкершілікті  арқалайды. 
АБК  бӛлімі  жыл  сайынғы  адам  саудасы  туралы  баяндаманы  басып  шығаруға 
жауап береді. Бұл баяндама басқа үкіметтердің адам саудасымен күресуге күш 
салуының ресми бағасын береді. 
 
АҚШ-тың  Мемлекеттік  департаменті  басқафедералдық  ведомстволармен 
бірге  осы  трансұлттық  қылмыс  пен  адам  құқығын  бұзумен  күресу  үшін 
ынтымақтасудың  халықаралық  стандарттарын  орнату  мүмкіндігін  берік 
қолдайды.  Бұл  күш  салулар  БҰҰ-ның  Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмысқа 
қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды 
сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы Хаттамасына 
қол  қою  мен  ратификациялауға  бағытталған.  Мемлекеттік  департамент  ХЕҰ 
балалар  еңбегiнiң  ең  жаман  нысандарына  қарсы  конвенциясын  және  Бала 
құқықтары  туралы  конвенцияның  екі  –  біріншісі  балалар-жауынгерлерді 
қолдануға  қарсы,  ал  екіншісібалалар  саудасына,  балалар  жезӛкшелiгi  мен 
балалар  порнографиясына  қарсы  хаттамасын  қоса  алғанда  ӛзге  осы  тектес 
халықаралық  құжаттар  бойынша  келіссӛздерді  басқарды.  Құрама  Штаттар 
барлық үш құжатты ратификациялады. 
 
Шетелдегі  дипломатиялық  жұмыстарына,  адам  саудасымен  күресу 
бойынша халықаралық бағдарламаларына және адам саудасы туралы баяндама 
басып  шығаруға  кӛмектесуге  қосымшасы  ретінде  АБК  бӛлімі  осы  мәселені 
халық арасында ортақ түсінігін тереңдету үшін жұмыс істейді.  
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал