Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет6/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
2.3.1. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың ҧлттық тетіктері 
 
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу 
комитетінің  ресми  мәліметі  бойынша  2014  жылдың  біріші  тоқсанында 
жасӛспірімдерге  қарсы  327  (2013  жылы  -  3184)  зорлық-зомбылық  қылмыстар 
жасалған, соның ішінде 10 (2013 жылы - 25) – жасӛспірімдерді саудалау, 4 (2013 
жылы - 25) – жасӛспірімдерді жезӛкшелікпен айналысуға тарту.  
 Ратификацияланған 
халықаралық 
шарттарды, 
Қазақстан 
Республикасының  қолданыстағы  заңдары  мен  Экономикалық,  әлеуметтік  және 
мәдени  құқықтар  туралы  халықаралық  пактіні  «әрбір  адамның  білім  алуға 
құқығы»  бӛлігінде  (13-бап)  ескере  отырып,  республикада  адам  саудасынан 
зардап шеккендердің құқықтарын, сондай-ақ олардың балаларының білім алуы 
құқықтарын  (тегін  және  міндетті  бастауыш  және  орта  білім,  қажетті  барлық 
қаражаттар  кӛмегімен  әркімнің  мүмкіндігі  негізінде  барлығы  үшін  жоғарғы 
білімнің қол жетімділігі)қамтамасыз ету жӛніндегішаралар қабылданып жатыр.  
Қиын  ӛмірлік  жағдайға  тап  болған  балалардың  білім  алу  мәселесі 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі 
және  олардың  құқықтарын  қорғау  жӛніндегі  ведомствоаралық  комиссияның 
2012  жылдың  20  сәуірдегі  оныншы  отырысында  қарастырылған.  Отырыстың 
нәтижесі  бойынша  орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдарға,  сонымен 
қатар мүдделі ұйымдарға ұсыныстар берілді.
 
Қазіргі 
уақытта 
республиканың 
мектептерінде 
психологиялық, 
оқытушылық,  заңды  кӛмек  кӛрсету  міндеттері  жатқызылған  7561  психолог, 
3643 әлеуметтік педагог және 1610 мектеп полиция инспекторы жұмыс істейді. 
Сонымен  қатар  қиын  ӛмірлік  жағдайға  тап  болған  балаларға  кӛмек 
кӛрсету  мақсатында  кәмелет  жасқа  толмағандарды  бейімдеу  орталықтары 
(КБО)  жұмыс  істейді.  КБО-лардың  қызметі  «Жетiм  балалар  мен  ата-анасының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  бiлiм  беру  ұйымдарының  түрлері 
қызметінің  үлгiлік  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім 
және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығы бойынша 
жүзеге асады.  
                                                 
32
Адам  саудасына  және  заңсыз  еңбек  кӛші-қонына  қарсы  іс-қимылдың  халықаралық-құқықтық  тетіктері, 
Еуразиялық  заң  журналы
№  4  (47)  2012,http://www.eurasialegal.info/index.php?catid=116:2011-09-19-12-34-
31&id=1210:2012-05-11-06-17-59&Itemid=1&option=com_content&view=article 

46 
 
Білім  беру  органдарының  мәліметтері  бойынша  2014  жылдың  1 
маусымында  КБО-ларға  2471  кәмелет  жасқа  толмаған  адам  орналастырылған, 
соның  ішінде  1482  қатал  қараудың  салдарынан  қиын  ӛмірлік  жағдайға  тап 
болған  кәмелет  жасқа  толмағандар.  Барлық  балаларға  құжаттарын  толтыруға 
кӛмек, сонымен қатар психологиялық-түзетулікқолдау кӛрсетілген.  
КБО-лар  жанында  Отбасын  қолдау  қызметтері  жұмыс  істейді.  2014 
жылдың  5  айы  ішінде  45  ата-анаға  және  126  кәмелет  жасқа  толмағандарға 
құжаттарды  рәсімдеуге  кӛмек  кӛрсетілген,  667  ата-анаға  және  595  кәмелет 
жасқа  толмағандарға  кеңес  берілген.  КБО-лардың  Отбасын  қолдау 
қызметтерінің мобильді топтары 112 рет отбасына, 23 рет оқу орындарына және 
16  рет  жетім  балаларға  және  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалғандарға 
арналған ұйымдарға шығуды ұйымдастырған. 
Адам  саудасынан  зардап  шеккендер  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссияның  серіктесі  Қазақстанның  ҮЕҰ  болып 
табылады.   
Мысалға,  «Қазақстан  дағдарыс  орталықтары  одағы»  ЗТБ  адам 
саудасыныңпрофилактикасы  мен  болдырмау  мәселелерімен  айналысады.  2008 
жылдан Одақтың базасында адам саудасынан зардап шеккендерге жедел кӛмек 
белгілеу  үшін  «11616»  қауырт  желісі  істейді.  Одақтың  жұмыс  тәжірибесінен 
қатерге  кӛбірек  ұшырайтындар  тартылатын  немесе  ұрланатын,  кейін  ауыл 
шаруашылығында, үй ішінде және жеке кәсіпорында қиын жұмысқа, секуалды 
қызмет  кӛрсетуге  мәжбүрленетін  республиканың  кәмелет  жасқа  толмаған 
азаматтары  мен  кӛрші  елдердің  азаматтары  болып  табылатыны  айқындалған. 
Айқындалған  адам  саудасы  құрбандарының  жылдан  жылға  ӛсу  үрдісі 
байқалады. 
Ресми  сандар  тиісті  қылмыстардың  жасырын  түрінің  басымдылығына 
байланысты нәрсенің ақиқат жағдайын кӛрсетпейді. 
Кәмелет  жасқа  толмағандарды  толық  қалпына  келтіру  үшін  Білім  және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген 
«Кәмелет  жасқа  толмағандарды  бейімдеу  орталықтарында  кәмелет  жасқа 
толмаған  балаларды  ұстау  қағидаларына»  толықтырулар  енгізу  қажет  деп 
санаймыз: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

47 
 
Ережелер мәтіні  
 
НҚА-ге  ӛзгерістер  мен 
толықтырулар  
Ескерту 
2-тармақ. 
Кәмелетке  толмаған-
дарды 
қабылдау, 
ҧстау 
және 
шығару  тәртібі.  8-бап.  Орталыққа 
мыналар қабылданады: 
1)  ата-аналарын  немесе  басқа  заңды 
ӛкiлдерiн анықтау үшін қадағалаусыз 
және панасыз қалған балалар
2) уақытылы орналастыру мүмкiндiгi 
болмаған, сондай-ақ олардың ӛмiрiне 
немесе  денсаулығына  тiкелей  қауiп 
тӛнген  кезде  қамқоршылық  және 
қорғаншылық  органы  ата-анасынан 
(оларды  бiреуiнен)  немесе  оларды 
қамқорлыққа 
алған 
басқа 
да 
адамдардан 
алып 
қойған 
ата-
анасының  қамқорлығынсыз  қалған 
балалар; 
Қағиданың 
8-бабына 
қосымшалар  енгізу  және 
келесі редакцияда баяндау: 
4)  қатыгездік  пен  адам 
саудасы 
салдарынан 
әлеуметтік 
бейімсіздену 
менәлеуметтік депривацияға 
алып  келген  қиын  ӛмірлік 
жағдайдағы балалар. 
Құрбан 
балалар 
шұғыл 
қамқорлық  пен  қорғауға  ие 
болуға, 
қауіпсіздікке, 
тамақтану 
және 
қауіпсіз 
жерге 
орналасуға, 
медициналық  кӛмекке  және 
психоәлеуметтік қолдауға қол 
жеткізуге  құқықтық  кӛмекке, 
әлеуметтік  қызметтер  мен 
білімге құқығы бар.  
 
5.
 
Орталықтың 
негізгі 
міндеттері: 
1)
 
ӛмiрде  қиын  жағдайға  тап 
болған 
кәмелетке 
толмағандарға 
және  олардың  ата-аналарына  немесе 
басқа 
заңды 
ӛкілдеріне 
осы 
жағдайдан  шығу  үшін  әлеуметтік 
және психологиялық кӛмек кӛрсету; 
2)
 
 кәсіптік-еңбек, 
оқу-таным- 
дық  және  шынықтыру-сауықтыру 
бағыттарындағы 
компонеттерден 
тұратын  кәмелетке  толмағандарды 
әлеуметтік  бейімдеудің  жекелеген 
бағдарламаларын  әзірлеу  және  оның 
іске асырылуын қамтамасыз ету
3)
 
кәмелетке 
толмағандардың 
әлеуметтік 
мәртебесін 
қалыпқа 
келтіру; 
Қағиданың  5-бабының  3-
тармағына 
қосымшалар 
енгізу 
және 
келесі 
редакцияда баяндау: 
3)
 
кәмелет 
жасқа 
толмағанды  құжаттандыру 
жолымен  кәмелет  жасқа 
толмағанның 
әлеуметтік 
мәртебесін 
қалпына 
келтіру; 
Қазіргі 
уақытта 
қылмыс 
процесі 
кезінде 
зардап 
шегуші  деп  танылған  адам 
саудасының  құрбандарын  – 
Қазақстан Республика- сының 
азаматтарын 
құжаттандыру 
мәселесі әлі шешілмеген.  
Қолданыстағы  ҚР  ҚІЖК-де 
құжаттарды дайындау мерзімі 
туралы,  сонымен  қатар  іс 
бойынша  жұмыс  жүргізетін 
құқық  қорғау  органдарына 
тиісті 
жауапкершілікті 
артатын 
қағидалар 
қарастырылмаған. 
Адам  саудасының  құрбандарына  педагогикалық  және  психологиялық 
кӛмек  кӛрсету  саласында  ҚР  БҒМ үкіметтік  емес  сектормен белсенді ӛзара іс-
қимыл жасауда.  
ҚР  БҒМ  Бала  құқықтарын  қорғау  комитетi  жанында  ҮЕҰ  Кеңесі  жұмыс 
атқарады,  оның  қызметінің  бір  бағыты  балаларға  қатысты  зорлықты,  адам 
саудасын және балалар еңбегін қанауды болдырмау болып табылады. 
Балалар  саудасының  алдын  алу  мен  профилактикасы  мәселесі  тәуекел 
топқа  жататын  балаларға  тұрақты  түрде  назар  аудару  мен  бақылауды  талап 
етеді.  Тәуекел  топтағы  балалар  (қашуға  бейім,  мектепке  бармайтын 
сәтсізотбасылардан  шыққан, балалар үйінің тәрбиеленушілері) адам саудасына 
себептес  болу  жағдайына  түсу  мүмкіндігін  ескере  отырып  ҚР  БҒМ  ҮЕҰ-мен 
бірге жыл сайын профилактикалық іс-шараларын жүргізеді.  

48 
 
Қараусыз  және  қорғансыз  қалған  балаларды  анықтау  үшін  жүйелі  түрде 
рейдтік  іс-шаралар  мен  акциялар  жүргізіледі:  «Балалар  түнгі  қалада», 
«Жасӛспірім», «Кӛше», «Қамқор», «Мектепке жол» және тағы басқалар. 
Білім органдарының мәліметіне сәйкес 2014 ж. 5 айында 34786 білім, ішкі 
істер,  денсаулық  сақтау  органдарының,  ҮЕҰ,  ата-аналар  қоғамы,  жастар  мен 
балалар  ұйымдарының  ӛкілдерінің  қатысуымен  15523  рейдтік  іс-шара 
жүргізілген.   
Рейдтік  іс-шара  аяасында  балалар  еңбегін  қолданудың  34  фактісі 
анықталған  (2  бала  асхана  жұмысшысы,7-даяшы,  4-кондуктор,  4-  машина 
жуушылары болып жұмыс істеген, 1- базарда жұмыс істеген,15- қайыршылық 
жасаған, 1-жезөкшелікпен айналысуға тартылған).  
Алматы  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  жергілікті  атқарушы 
органдар 
мен 
ҮЕҰ 
кӛмегімен 
балалар 
еңбегінің 
ең 
нашар 
түрініңпрофилактикасы мен алдын алу орталықтары жұмыс істейді.  
Осы  облыстарда  аймақтық  «Қарлығаш»,  «Сана  сезім»  атты  ҮЕҰ 
кӛмегімен балалар еңбегін қолдануды жою жұмыстары жүріп жатыр. 
Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер кӛрсету стандартын 
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы 
№  262  қаулысына  сәйкес  әлеуметтік  бейімсіздікке  және  әлеуметтік 
депривацияға  әкеп  соқтырған  қатыгездік  құрбаны  болған  балаға  (балаларға) 
арнаулы әлеуметтік қызметтерді кӛрсету кӛлемі мен шарттарын белгілейді. 
«Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 
арналған  білім  беру  ұйымдарының  түрлері  қызметінің  үлгілік  қағидаларын 
бекіту  туралы»  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  18  маусымдағы 
№229 бұйрығына қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік 
депривацияға  әкеліп  соғатын  ӛмірлік  қиын  жағдайға  тап  болған  балалар 
санатын қосу бойынша толықтырулар енгізілген. 
Ахуалды  мониторингтеу  мақсатында  ҚР  БҒМ  республика  ӛңірлерінің 
адам  саудасының  құрбандарына  жергілікті  жерлерде  педагогикалық  және 
психологиялық  кӛмек  кӛрсету  туралы  ақпарат  ұсыну  жӛніндегі  әкімшілік 
есептер нысанынәзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 
Соңғы  жылдары  үлкен  маңыздылыққа  ие  болған  жеке  мәселе  –  бұл 
кәмелетке  толмаған  нәрестелерді  қайта  сату  мақсатында  ұрлау.  Статистика  із-
түссіз жоғалған балалардың есебінде тұрғандар санының ӛскенін кӛрсетеді.  
Сонымен  қатар  кейбір  жағдайларда  медицина  қызметкерлерінің  салқын 
қараушылығы  орын  алады,  олар  нәрестенің  жоғалғаны  туралы  құқық  қорғау 
органдарына  хабарламайды,  ӛйткені  нәрестелерді  перзентханадан  шыққаннан 
кейін есепке алуы керек. 
Медициналық  мекемелерде  нәрестелердің  қатаң  есебінің  жоқтығы, 
медициналық  қызметтің  толық  қамтылмауы  және  халықтың  медициналық 
мекемелерге  бекітілуі  міндетті  еместігі,  сонымен  қатар  бала  табатын  жастағы 
әйелдер, «қылмыстық» босануды іске асыруға және балалардың одан әрі сатылу 
мүмкіндігіне жағдай жасайды. 

49 
 
Қылмысттардың  осы  санатының  ӛршуі  бірінші  кезекте  бала  туу 
мәселесіне байланысты. Статистика мәліметтері бойынша 100 ерлі-зайыптылар 
жұбының  10-ы  бала  таба  алмайды.  100-дің  15-інде  олардың  ӛз 
қалағандарынаназ  балалары  бар.  Әдеттегідей  баласы  жоқ  жұптардың 
репродуктивті  немесе  жалпы  денсаулығында  нашарлаулар  бар.  Оның  үстіне 
Қазақстан  азаматтарының  балаларды  асырап  алудыңқолданыстағы  тәртібі 
қиындатылған  және  ұзақ  мерзімді  болып  табылады  (құжаттарды  жинау, 
әртүрлі  мінездемелер  алуы,  белгілі  жас  шектеліміне,  табыс  деңгейіне  сәйкес 
келмеуі  салдарынан  қабыл  алмау  ықтималдығы  және  т.б.).  Тексерілу  және 
одан  кейінгі  емделу  қымбатқа  түседі.  Ӛкінішке  орай  нәрестелерді  сатудан 
жиренбейтін адамдар санаты бар. Сонда «баланы сатып алу» экстракорпоральді 
ұрықтану сияқты репродуктивті емделу шараларын ӛтуге қарағанда, әлдеқайда 
оңай  және  тиімді  болып  тұр.  Бұл  факторлар  үмітін  үзген  адамдарды  баланы 
асыраудағы заңды әрекеттен қаша тұра осындай амалға итермелейді. 
Баланың  туылған  кезде  міндетті  түрде  әкелігін  анықтау  талабын  орнату 
қажет деп санаймыз, ол нәрестелерді есепке алуды күшейтумен қатар «алимент 
тӛлеуші»  мәселесімен  тиімді  күресуге  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар 
Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  балаларды  асырап  алу  тәртібі  мен 
шарттарын қайта қарауды ұсынамыз.  
Осы саладағы қатаң талаптар халықаралық тәжірибеде де талап етіледі. 
Еуропаның  құқық  қорғау  қызметтерінің  нәрестелерді  ұрлау  бойынша 
тұтас қылмыстық желілерін анықтауы, олардың ауқымдылығы мен географиясы 
сондай  қылмыстардың  трансұлттық  сипаты  туралы  айтады,  ол  күштерді 
біріктіруді  және  ұрланған  балалардың  бірыңғай  деректер  банкін  құруды  талап 
етеді. 
 
2.4. Әйелдерді адам саудасынан және кемсітуден қорғаудың 
халықаралық-қҧқықтық кепілдіктері 
 
1979  жылғы  Әйелдердi  кемсiтудiң  барлық  нысандарын  жою  туралы 
Конвенциясы  (Қазақстан  оны  1998  жылы  ратификациялаған)  «әйелдерге 
қатысты  кемсіту»  терминінің  мағынасын  анықтайды.  Онда  «әйелдердің  саяси, 
экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени,  азаматтық  немесе  кез-келген  басқа 
салалардағы  адамның  құқықтары  мен  негізгі  бостандықтарын  олардың 
отбасылық  жағдайына  қарамастан,  ерлер  мен  әйелдердің  теңдігі  негізінде 
пайдалануын  немесе  іске  асыруын  әлсіретуге  немесе  мойындалуын  жоққа 
шығаратын  жыныс  белгісі  бойынша  кез-келген  айырмашылық,  қоспай  қою 
немесе 
шектеу»(1-бап)  бекітілген. 
Бұл  оның 
мазмұны 
құрылатын 
Конвенцияның негізгі нормасы. 
Осы Конвенцияның баптарының стандартты моделі қандайда бір әйелдер 
мен  ерлерге  ортақ  құқықты  немесе  бостандықты  орнатады,  және  сосын 
әйелдерге осы құқықтың арнайы кепілдемесін ұсынады. 9-баптың 1-тармағында 
былай  делінген:  «Қатысушы  мемлекеттер  әйелдерге  азаматтығын  алуға, 

50 
 
ӛзгертуге  немесе  сақтап  қалуға  ерлермен  тең  құқық  береді.  Олар,  шетел 
азаматымен  некелескенде  және  некеде  тұрғанда  күйеуінің  азаматтығының 
ауысуы  бірден  әйелінің  азаматтығының  ауысуына,  азаматтығы  жоқ  тұлғаға 
айналуына  жол  бергізбеуді  қадағалайды  және  күйеуінің  азаматтығын 
қабылдауға мәжбүр еткізе алмайды».   
Конвенциядағы  нормалар  құрылымы  тәртібінен  ӛзгешелікті  6-бап 
құрайды,  қатысушы  мемлекеттерге  «әйелдер  саудасы  мен  жезӛкшелікті 
пайдаланудың барлық түрін жою үшін, заңнамалық түрді қоса отырып, барлық 
тиісті шараларды» қабылдауға міндеттейді. 
БҰҰ  Адам  саудасына  қарсы  хаттамасы  (ҚР  оған  2008  жылдан  бері 
қатысады)  «шыққан,  тасымалданған  және  жеткен  елдерде  адам  саудасымен 
күреске  тегіс  қамти  алатын  халықаралық  тәсілді»  құру  мақсатында 
қабылданған.  Хаттаманың  негізгі  мақсаттары  «әйелдер  мен  балаларға  ерекше 
назар аудара отырып, адамдарды сатудың алдын алу және онымен күресу» және 
«адам  құқықтарын  толық  құрметтей  отырып,  осындай  сауда  құрбандарын 
қорғау және оларға кӛмек кӛрсетуден»(2-бап) тұрады. Хаттама барлық алдыңғы 
халықаралық  келісімдер  бӛлімінен  туындайтын  адам  саудасына  кең  және 
кешенді анықтама ұсынады. 
«Жағдайдың  осалдығы»  термині  әйелдер  мен  балалар  сияқты  ерекше 
санатқа  жататын  топқа  қолданады.  Әйелдер  мен  балаларға  отбасының  немесе 
туыстарының  кӛрсететін  қысымын  ескере  отырып,  3-баптың  б)  тармағы  адам 
саудасы құрбандарының жоспарланған пайдалануға келісімі, егер мәжбүрлеудің 
кез  келген  түрі  қолданылған  болса  еске  алынбайтынын  айтады.  Осылайша 
Хаттама  халықаралық  құқықта  орын  алған  адам  саудасы,  басыбайлы  жағдайы 
және мәжбүрлі еңбек тұжырымдамаларына ерекше қорытынды жасайды.  
6-баптың  4-тармағы  қатысушы  мемлекеттерден  адам  саудасының 
құрбандарына  кӛмек  кӛрсеткен  кезде  олардың  жасын,  жынысын  және  ерекше 
қажеттіліктерін  ескеруді  талап  етеді.  Қазіргі  уақытта  елдің  ерікті  түрде  іске 
асатын  әйелдер  мен  балаларды  отанына  қайтару  туралы  шешімді  қабылдауды 
дайындау кезіне назар  салынуда(8-бап). Ел аралық зерттеулер жүргізген, Әйел 
саудасына  қарсы  Коалиция  мен  Еуропалық  әйелдер  лоббиінің  мамандары  12 
жастан  кіші  адамдарды  жезӛкшелікке  қолданған  жағдайда  «оларды  әрдайым 
отбасының  бір  мүшесі,  оларды  сексуалдық  қанауға  ұшырататын  жағдайға 
орналастыра немесе сата отырып алып келеді» деген қорытындыға келді.  
Проблема  ӛзінің  отбасының  бастамасымен  немесе  олардың  қатысуымен 
сауда-саттықтың  құрбаны  болған  әйелдер  мен балаларға  отанында  баспанамен 
қамтамасыз ету қажеттігінде.   
9-бап әйелдер мен балаларды ревиктимизациялаудан қорғау керектігін(1b) 
тармағы)  және  қатысушының  осалдығына  себеп  болатын:  қайыршылық, 
дамудың  тӛмен  деңгейі  мен  тең  мүмкіндіктерінің  болмауы  сияқты 
факторлардың  әсерін  жұмсартуға  бағытталған  шараларды  қабылдауын  (4-
тармақ) кӛрсетеді.  

51 
 
 9-баптың  5-тармағы  мемлекеттердің  адамдарды,  әсіресе  әйелдер  мен 
балаларды пайдалануды тудыратын сұранымға, қарсы әрекет етуге бағытталған 
білім  беру,  мәдениет  немесе  әлеуметтік  салаларында  жағдай  жасауға 
бағытталған.   
Әйелдер  жағдайының  ерекшелігі  ол  отбасының  немесе  жақын 
туыстарының қолындағы затқа айналуы мүмкін болуынан. Мұнда басым болған 
әдет, дәстүр немесе салт, әйелдер мен еркектердің тең құқығын ескермеушілік 
немесе жыныстық белгісі бойынша кемсіту себеп болып табылады
33
.  
Сарапшылар «алдын алу шаралары адам саудасы қандай қауіп тӛндіретіні 
үйдің  экономикалық  мүмкіндіктерін  ұсынумен  үйлесуі  және  әйелдерге  заңды 
кӛші-қон  арналарын  құру  мәселесі  бойынша  ағартуды  қосуы  қажет,  олай 
болмайтын  болса  контрабандашылардың  және  заңсыз  саудагерлердің  кӛмегіне 
жүгінуі мүмкін. Халықаралық кӛші-қон баруелдерінде әйелдердің мүмкіндіктері 
мен міндеттеріне әсерін тигізеді. 
 
2.4.1. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен кҥрес 
 
БҰҰ Бас Ассамблеясының 48/104 Қарарымен 1993 жылғы 20 желтоқсанда 
жарияланған  Әйелдерге  қатысты  зорлық-зомбылықты  түбегейлі  жою  туралы 
декларациясына сәйкес әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жыныстық белгісі 
негізінде  жасалған  және  әйелдерге  дене,  жыныстық  немесе  психологиялық 
залал келтіретін немесе жапа шектіретін кез келген зорлық-зомбылық іс-әрекеті, 
сондай-ақ  осындай  іс-әрекеттерді  жасауға  қоқан-лоққы  кӛрсету,  қоғамдық 
немесе  жеке  ӛмірінде  болсын  мәжбүрлеу  немесе  ерікті  түрде  бостандығынан 
айыру дегенді білдіреді. 
БҰҰ  «гендерлік  зорлық-зомбылық»  терминін  мұндай  зорлық  гендерлік 
теңсіздіктен  шығатынын  және  заңдар,  институционалдық  және  қоғамдық 
нормалар  оған  жол  беретінін  дәлелдеу  үшін  қолданады;  гендерлік  зорлық-
зомбылық  бұл  тек  қана  гендерлік  теңсіздіктің  кӛрінуі  емес,  ол  кӛбінесе 
гендерлік  теңсіздіктің  нығаюына  мүмкіндік  туғызады  (Heise,  Ellsberg  and 
Gottemoeller, 1999).  
Гендерге негізделген зорлық-зомбылық – бұл бір жыныс ӛкілінің қарама-
қарсы  жыныс  ӛкіліне  қарсы  қолданатын  зорлық-зомбылығы.  Зорлықтың  бұл 
түрі  әйелдер  мен  ерлер  арасындағы  теңсіздікті  кӛрсетеді  және  нығайтады, 
сондай-ақ  зардап  шегушінің  денсаулығына,  абыройына,  қауіпсіздігі  мен 
бостандығына  зиян  тигізеді.  Ол  адам  құқығы  бұзылуының  кең  спектрін, 
балаларға  сексуалдық  зорлық  кӛрсету,  зорлау,  үй  зорлығы,  сексуалдық 
дәмешілік,  әйелдер  мен  қыздарды  саудалау  және  жаман  әдеттерді  қоса  алады. 
Бұл  жағдайлар  терең  психологиялық  зақым  қалдырады,  денсаулықты  бұзады, 
                                                 
33
Адам  саудасына  және  заңсыз  еңбек  кӛші-қонына  қарсы  іс-қимылдың  халықаралық-құқықтық  тетіктері, 
Еуразиялық  заң  журналы
№  4  (47)  2012,  http://www.eurasialegal.info/index.php?catid=116:2011-09-19-12-34-
31&id=1210:2012-05-11-06-17-59&Itemid=1&option=com_content&view=article 

52 
 
әйелдердің  репродуктивті  және  сексуалдық  денсаулығын  қоса  алғандағы 
денсаулығын бұзады және кей кездері ӛліммен аяқталады
34

Гендерлік негіздегі зорлықтан (ГНЗ) зардап шегушілер туралы кӛп жалған 
стереотиптік  нанымдар  бар,  ал  шындығында  кез  келген  әйел  оның  құрбаны 
болуы  мүмкін.  ГНЗ  зардап  шегушілері  арасында  байлар  мен  кедейлер, 
білімділер  және  сауатсыздар,  тұрмыс  құрғандар,  жесірлер  және  ажырасқандар 
кездеседі. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ерте ме, кеш пе әрбір 
бесінші  әйел  ГНЗ  құрбаны  болатыны  туралы  баға  берді  (WHO,  1997).  Басқа 
бағалау бойынша әйелдердің үштен бірі зорлықтың құрбаны болады.  
2008 жылдың ақпан айында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун дүние жүзінде 
әйелдер  мен  қыздарға  қарсы  зорлықты  болдырмауға  және  тоқтатуға 
бағытталған күш салуға бірігуіне арналған кӛпжылдық науқанды күшейтті. 
Науқан  2008-2015  жылдарға  есептелген,  сол  арқылы  Мыңжылдық 
декларациясында  тұжырымдалған  даму  саласындағы  мақсаттарға  жетудің 
белгіленген  мерзімінеорайластырылған.  Науқан  үкіметті,  азаматтық  қоғамды, 
әйелдер  ұйымдарын,  жастарды,  жеке  секторды,  БАҚ  және  БҰҰ-ның  барлық 
жүйесін  әйелдер  мен  қыздарға  қарсы  зорлықтың  әлемдік  пандемиясына  қарсы 
күресте  күш  біріктіруге  шақырады.  Науқанның  негізі  ретінде  халықаралық 
саяси-құқықтық  қоры  және  осы  мәселенің  аясында  шоғырланған,  БҰҰ 
жүйесінің серіктері, үкіметтер мен ҮЕҰ тарапынан бастамалар санының кӛбеюі 
кӛрсетілген мықты қозғайтын күшті қолданады.  
Отбасындағы  зорлық-зомбылық  (үй  зорлығы)–интимді  серіктесінің 
немесе  отбасы  мүшесі  жасаған  тәни,  психологиялық,  сексуалдық,  сонымен 
қатар экономикалық зорлық. 2007 жылғы 8 наурызда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги 
Мун «Әйелдерге қарсы зорлықтың жүгенсіздігі барлық континентте де, барлық 
елдерде  және  қоғамның  барлық  тобында  жалғасуда.  Ол  әйелдер,  олардың 
отбасылары  мен  қоғам  үшін  тұтасымен  ең  ауыр  зардабын  тигізеді.  Дегенмен 
мұндай  зорлық  кӛпшілік  қоғамда  тыйым  салынғанымен,  шынайы  ӛмірде  оны 
кӛбінесе жасырады немесе оған бойсұнып кӛнеді» деген болатын. 
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресте стратегияны анықтаған 
негізгі  құжат  халықтың  артуы  мен  дамуы  жӛніндегі  халықаралық 
конференцияның іс-әрекеттер бағдарламасы (Каир, 1994 жыл) болып табылады, 
оның қатысушылары әйелдерге кӛптеген құқықтар беру, қыздар мен әйелдерге 
қатысты  зорлық-зомбылықтың  барлық  түрлерін  жою  халықтың  артуы  мен 
дамуы  саласындағы  саясаттың  негізгі  мәселелері  болып  табылады  деген  ортақ 
пікірге келді.  
Әйелдердің  жағдайы  жӛніндегі  бүкіләлемдік  тӛртінші  конференцияда 
қабылданған  Пекин  іс-әрекеттер  платформасында  зорлық-зомбылық  актілері 
немесе  мұндай  актілерді  жасау  қауіптері  отбасында  немесе  қоғамда, 
мемлекеттің  ӛзінде  немесе  ӛз  бетінше  кетуі  жағдайында  қолданылуы  немесе 
                                                 
34
Гендерлік  негіздегі  зорлық-зомбылықты  тоқтату  және  оған  орташа  және  тӛмен  табыс  деңгейіндегі  елдердің 
реакциясы  –  жалпы  шолу  және  талдау,  Дүниежүзілік  Банктің  талдамалы  баяндамасы,  2005, 
http://siteresources.worldbank.org/INTECAREGTOPGENDER/Resources/PreventVialenceRU.pdf 

53 
 
қолданылмауына  қарамастан,  әйелдер  ӛміріне  қорқыныш  және  қауіпсіздіктің 
жоқтығы сезімін ұялатады және олардың теңдікке, даму мен бейбітшілікке жету 
ұмтылысын  іске  асыруға  кедергілер  болып  табылады.  Зорлық-зомбылықтан, 
соның  ішінде  алымсақтықтан  қорқу  әйелдердің  мобильділігіне  үнемі  кедергі 
болады  және  олардың  ресурстар  мен  іс-әрекеттің  негізгі  түрлеріне  деген 
қолжетімдігін  шектейді.  Бұдан  бӛлек,  әйелдерге  қатысты  зорлық-зомбылық 
әйелдерге  қатысты  жасалынатын  белгілі  бір  актілер  туралы  хабарлауға 
мүмкіндік  бермейтін  әлеуметтік  қысыммен,  ең  бастысы  ұялу  сезімімен; 
әйелдерде  заңдық  ақпарат  пен  оларды  қорғауға  деген  қолжетімдіктің 
болмауымен;  әйелдерге  қатысты  зорлық-зомбылыққа  тыйым  салатын 
заңдардың 
жоқтығымен; 
қолданыстағы 
заңнаманы 
реформалауға 
қабілетсіздігімен;  мемлекеттік  органдар  тарапынан  қолданыстағы  заңдар  мен 
оларды  орындауды  қамтамасыз  ету  туралы  ақпаратты  таратуға  жәрдемдесуге 
айтарлықтай  күш  жұмсамауымен  және  зорлық-зомбылықтың  себептері  мен 
салдарларын жою жӛніндегі ағартушылық және ӛзге шаралардың жоқтығымен 
тереңдейді.  Осыған  байланысты  әйелдерге  қатысты  зорлық-зомбылық 
әлеуметтік-экономикалық  және  денсаулық  сақтау  саласындағы  жоғары 
шығындармен  байланысты  және  гендерлік  негіздегі  зорлық-зомбылықпен 
байланысты  шығындар  қоғамның  әрбір  мүшесіне  қатысты  екені  ерекше 
маңызды
35
.  
Осыған  байланысты  гендерлік  негіздегі  зорлық-зомбылықпен  күрес 
қазіргі уақытта аса маңызды болып табылады.  
Қазақстанда  әйелдер  мен  балаларға  қатысты  зорлық-зомбылықтың 
деректерін  тоқтатуға  арналған  қажетті  заңнамалық  база  құрылған.  2009  жылы 
«Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы  туралы»  және  «Ерлер  мен 
әйелдердің  тең  құқықтарының  және  тең  мүмкіндіктерінің  мемлекеттік 
кепілдіктері туралы» ҚР Заңдары қабылданды. 
Зорлық-зомбылық  субъектілеріне  әйелдер  мен  балаларға  қарсы  қылмыс 
пен  заң  бұзушылық  үшін  қылмыстық  және  әкімшілік  жауапкершілік 
қарастырылған. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал