Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет5/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2.2. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың халықаралық-қҧқықтық тетіктері 
 
Қазіргі  кезеңде  құлдық  және  адам  саудасы  деген  кӛріністер  ғаламдық 
ақпарат алмасу және әлемдік еңбек қорларын қолдану сияқты нақты фактілерді 
білдіреді.  Бастапқыда  осы  құбылыстарды  адам  құқықтарының  әмбебап 
стандарттарының  жоғарғы  деңгейі,  оларды  қорғау  тетіктерінің  эволюциясы 
және  заманауи  құқықтық  сананың  тоқтата  алмауы  ақылға  қонбайтын  сияқты. 
Әлеуметтану  және  құқықтану  саласының  зерттеушілері  мемлекеттің  ұлттық 
қауіпсіздігіне  және  халықаралық  қауымдастықтың  тұрақтылығына  қауіп 
тӛндіретін  жеке  тұлғаның  еріксіз  ахуалымен  байланысты  ұғымдарға  жиі  кӛңіл 
бӛледі.  
Адам  саудасының  трансұлттық  құрамдас  бӛлігі  әртүрлі  бағыттардан 
жасалған  және  экономикасы  мықты  да,  нашар  да  дамыған  елдердің 
территориясынан  ӛтеді.  ХЕҰ  сарапшылары  адам  саудасы  «шындығында 
ғаламдық мәселе болып табылады, және әлемнің кӛп елдері – олар не жеткізуші, 
не алушы, не транзит орны, немесе осылардың бәрі  бір мезетте» деп санайды. 
Мәжбүрлі  еңбек  пен  қызметті  қолданудың  қаржылай  басымдылығы  БҰҰ 
жарғысымен  жарияланған  –  тілі  мен  діні,  жынысы,  нәсіліне  қарамастан 
барлығына адам еркіндігі мен құқықтарын құрметтеу және сақтау негіз болатын 
қағиданың бірімен қарсы әрекетте болып табылуы.  
Халықаралық  құқықтық  нормалар  адамды  қанаудың  кез  келген 
нысандарына тыйым салатынын атап ӛткен жӛн. 

38 
 
Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларациясының  4-бабында 
кӛрсетеді: «Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес; құлдық 
пен  құл  саудасына,  қандай  түрде  болса  да,  тыйым  салынады».   
 
 Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 8-бабында 
ешкiм  де  кiрiптарлықта  ұсталуы  тиiс  емес  (2-т.)  және  ықтиярсыз  немесе 
мiндеттi еңбекке мәжбүрленуi тиiс емес (3(а)-т.) екені айтылған. Экономикалық, 
әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні айтатын болсақ, 
мұнда  құлдыққа  немесе  кіріптарлық  күйіне  тыйым  салыну  жанама  түрде  әр 
адамның  «ӛз  еркiмен  таңдап  алған  немесе  ӛз  еркiмен  келiскен»  еңбегімен 
күнкӛрiс жасау мүмкiндiгiн жариялаған 6-баптың 1-тармағында бекітілген.   
1926  жылы  Ұлттар  лигасы  шеңберінде  қатысушы  мемлекеттер  арнайы 
құжатты  –  құлдық  туралы,  осы  құбылысқа  құқықтық  ұғым  берілен 
Конвенцияны  құрды.  Конвенцияны  қабылдау  батыс  мемлекеттерінің 
отаршылдық  саясатының  белсенді  кезеңінде  болды.  Сондықтан  оның  кіріспе 
сӛзбасында  қатысушы  елдердің  «Африкада  еріксіздерді  сатуды  жою»  және 
«құлдықты  оның  барлық  нысандарында  және  құрлық  пен  теңізде  еріксіздерді 
сатуды  толығымен  жою»  ниеттері  айтылған.  1-бап  құлдықты  «меншік 
құқығының  атрибуттары  немесе  олардың  кейбіреуі  қолданылатын  адамның 
жай-күйі  мен  жағдайы»  деп  анықтайды.  2-бап  қатысушы  мемлекеттерді 
еріксіздерді  саудаға  салуды  болдырмауға  және  жолын  кесуге,  және  құлдықты 
оның  барлық  нысандарында  толық  жоюға  қол  жеткізуді  жалғастыруға 
шақырады.  6-бап  олардан  осындай  қылмыстарды  қатаң  түрде  жазалау  үшін 
керекті шараларды қолдануды талап етеді. 
1949  жылғы  Адамдарды  сатуға  және  үшінші  тұлғалардың  жезӛкшелікті 
пайдалануына  қарсы  күрес  туралы  Конвенция  қатысушы  мемлекеттердің 
алдына тұлғаның абыройы мен жоғары құндылығымен сыйыспайтыны ретінде 
жезӛкшелік  пен  онымен  ілесе  жүретін  адам  саудасымен  күресу  мақсаттарын 
қояды.  Конвенцияның  қатысушылары  ӛзге  бір  адамды,  тіпті  сол  адамның 
келісімімен жезӛкшелік мақсатында кездестіретін, бейімдейтін немесе бұзатын 
(1-бап)  тұлғаның  әрқайсысын  жазаға  тартуға  міндеттеледі.  Сәйкес  келетін 
қылмыстардың құрамдары жезӛкшелер үйін ұстау, немесе оны басқару, немесе 
саналы түрде қаржыландыру немесе осындайға қатысу, ғимаратты немесе басқа 
орынды,  немесе  осылардың  бӛлігін  үшінші  тұлғалардың  жезӛкшелік 
мақсатында  пайдаланауға  жалға  беру  немесе  жалға  алу  (2-бап)  ретінде 
анықталады.  Алғаш  рет  адам  саудасы  мен  жезӛкшелік  жӛнінде  халықаралық 
түрдегі қылмыстармен күресте мемлекеттің 7-12 бап бекітілген dedere aut punere 
(бер не сотта) ретінде танымал ынтымақтастық ұстанымы тұжырымдалды. 
Адам  саудасына  қарсы  әрекет  ұстанымдарының  эволюциясына 
айтарлықтай маңызды болған 1919 жылы Версальдық бейбіт келісім қағидасына 
сәйкес құрылған және 1946 жылы БҰҰ жүйесінің мамандандырылған мекемесі 
болған Халықаралық еңбек ұйымының қызметі.  
1930  жылғы  Мәжбүрлі  немесе  міндетті  еңбек  туралы  ХЕҰ  №29 
Конвенциясы  осындай  еңбектi  қолдануды  оның  барлық  нысандарында 

39 
 
мүмкiндiгiнше  ең  қысқа  мерзiмде  жоюға  бағытталған.  «Мәжбүрлi  немесе 
мiндеттi еңбек» термині «ӛз қызметiн ерiктi түрде ұсынбаған кез келген адамнан 
қандай да бiр жазалау қатерiн тӛндiру  арқылы түрлiше жұмыс немесе қызмет-
талап етудi»(Конвенцияның 2-бабының 1-тармағы) бiлдiредi. Оған кірмейтіндер 
таза  әскери  сипаттағы  жұмыс  немесе  қызмет;  немесе  әдеттегi  азаматтық 
мiндеттерiнiң  бiр  бӛлiгi  болып  табылатын;  немесе  сот  органының  шешiмiмен 
шығарылған  үкiмнiң  салдарынан  қандай  да  болсын  тұлғадан  талап  етiлетiн; 
немесе  тӛтенше  жағдай  кезінде  жүргізілгенде;  және  де  ұсақ-түйек  қоғамдық 
жұмыстар (2-баптың 2-тармағы) болып табылады.  
1957 жылғы Мәжбүрлі еңбекті жою туралы ХЕҰ №105 Конвенциясы №29 
Конвенцияны  қатысушы  елдердің  осындай  еңбекті  тәсіл  ретінде  қолдануды 
тоқтатуды міндеттеді: 
 саяси  ықпал  ету  немесе  тәрбие  құралы  немесе  белгіленген  саяси, 
әлеуметтiк  немесе  экономикалық  жүйеге  қарсы  саяси  кӛзқарасын  бiлдiргенi 
немесе идеологиялық сенiмi болғаны үшiн жазалау шарасы; экономикалық даму 
мұқтаждығы үшiн жұмыс күшiн жұмылдыру мен пайдалану құралы;  
 еңбек тәртібін қолдау құралы
 ереуiлдерге қатысқаны үшiн жазалау құралы; 
 нәсiлi,  әлеуметтiк  және  ұлттық  қатыстылығына  немесе  дiни  сеніміне 
қарай кемсiтушiлiк шаралары (1-бап. 
1956  жылы  ХЕҰ  Құлдықты,  құл  саудасын  және  құлдыққа  ұқсас 
институттар  мен  әдет-ғұрыптарды  жою  туралы  қосымша  Конвенцияны 
қабылдауға бастама кӛрсетті. Конвенция мұндай институттар санына қарыздық 
кіріптарлықты,  басыбайлы  жағдайын  және  әйелдер  мен  балаларды  сыйақы 
үшінберуге  байланысты  дәстүрлерді  («отбасылық»  құлдық  деп  аталатын) 
жатқызады.  Бұл  Конвенцияда  құл  саудасы  ұғымы  кеңейтілген.  Ол  қылмысқа 
кіретін құрамының тізіміне қандай да болмасын кӛлік құралдарымен бір елден 
екінші  елге  құлдарды  тасымалдауға,  не  құлдарды  тасуға(немесе  оны  қорлау) 
талпыныс  жасау  немесе  мұндайға  бірге  қатысу  кіреді.  Конвенцияға 
қатысушылар  олардың  туларын  заңды  пайдаланатын  кемелер  мен  ұшатын 
аппараттардың  құлдарды  тасымалдауына  бӛгет  жасауға  міндеттеледі. 
Қатысушы мемлекеттердің порттары, аэродромдары мен жағалаулары құлдарды 
тасу үшін пайдаланбауы керек (3-баптың 2-тармағы). 
1956  жылғы  Конвенцияның  6-бабының  1-тармағықұлдыққа  қатысты 
қылмыстық  әрекеттер  құрамының  тізіміне  «ӛзге  адамды  құлға  айналдыру 
немесе  басқа  адамды  немесе  басқа  адамнан  тәуелді  адамды  құлдыққа  беруге 
кӛндіру  немесе  мұндай  әрекеттерді  жасауға  ұмтылу,  немесе  оған  бірге 
қатысуды»  қосады.  Қатысушы  елдерден  осы  құрамдарды  ұлттық  қылмыстық 
заңнамаға  инкорпорациялауды  және  кінәлі  адамдарды  жазалауын  жүзеге 
асыруды талап етеді. 
ХХ ғасырдың 20-50-шы жылдары қабылданған және құлдық пен мәжбүрлі 
еңбекке қарсы күреске  бағытталған халықаралық-құқықтық  шарттардың  басты 
басымдылығы ретінде келесілерді санауға болады:  

40 
 
адам  саудасы  процесін  сүйемелдейтін  қылмыстардың  құрамы  мен 
құқықтық анықтамасы белгіленген;  
халықаралық-құқықтық  нормаларды  қатысушы  мемлекеттердің  ұлттық 
заңнамасына енгізу жүйесі ішінара қарастырылған;  
қатысушы елдердің осы істермен күресте, және әсіресе адамдарды заңсыз 
әкелу  мен  ұстауды  ескертуде  ақпаратпен  алмасу  және  ынтымақтасу  тетігі 
ұсынылған.   
1998  жылы  қабылданған  Халықаралық  қылмыстық  соттың  Римдік 
статуты(ХҚС)  құлдыққа  салуды,  сексуалдық  құлдыққа  және  жезӛкшелікке 
мәжбүрлеуді адамзатқа қарсы қылмыс ретінде анықтайды (7-баптың 1 с) және g) 
тармақтары).  «Құлдыққа  салу»  термині  «кез  келген  немесе  тұлғаға  қатысты 
меншік  құқығына  байланысты  барлық  заңдылықты  жүзеге  асыру,  адам  және 
әсіресе  әйелдер  мен  балалардың  саудасы  кезінде  осындай  ӛзіне  заңдылықты 
қамтиды(7-баптың 2 с) тармағы». 
Құлдық  ахуалы  немесе  адамның  еріксіз  жағдайы  келесі  белгілермен 
анықталады: 

 
адамның жеке тұлға негізіне салынған табиғи, бастапқы құқықтары 
мен бостандығын кеміту ;  

 
адамның  бостандығына  шек  қою  және  жүріс-тұрысын  заңсыз 
бақылау, соның ішінде  тікелей  зорлықты және оның жанама әдісін де қолдану 
(қауіп-қатерлер,бопсалау, қорқыту); 

 
адамның  еңбек  қызметіне  тиісті  ӛтемақы  тӛлеуден  бас  тарту  және 
оның келісімінсіз ауыр және қауіпті жұмысқа оны еріксіз кӛндіру; 

 
адамды  белгілі  бір  жабық  жерде  ұстау,  оны  күштеп  орнын 
ауыстыруы және оған зорлап берген істің түрін мәжбүрмен орындау; 

 
адамдардың  жеке  топтарының  қорғалмаған  жағдайын  пайдалану 
(соғыс кезіндегі соғысқа қатысы жоқ жергілікті халық, отбасы дәстүріне тәуелді 
әйелдер, кәмелет жасқа толмаған балалар). 
Мамандардың бағалауы бойынша жыл сайын тек еуропалық елдерге адам 
саудасынан  зардап  шегуші  ретінде  200  мыңнан    500  мыңға  дейін  адамдар 
жіберіледі.  Жыл  сайын  700  мыңға  жуық  адам  сауда  нысаны  жағдайына 
ұшырайды және елдердің шекарасы арқылы орын ауыстырады. 
Адам саудасының қазіргі нысандары келесі факторларға негізделеді: 

 
иммиграцияның  басым  құрамдас  бӛлігі  оның  заңсыз  бӛлігінде 
кӛрсетілген,  одан  құқықтық  алаңнан  тыс  қолданылатын  адамдар  контингенті 
қалыптасады; 

 
бүгінгі  күні  еңбек  кӛші-қоны  жұмыс  берушіге  кӛбінесе  жұмыспен 
қамтудың  кез  келген  шартына  дайын  жалдамалы  жұмысшылардың  кең  түріне 
ие және ұсынады

41 
 

 
азаматтық  қоғамда  ең  осал  санаттар  отбасылық  ортаға,  дәстүр  мен 
әдет-ғұрыпқа тәуелді әйелдер, балалар мен жасӛспірімдер болып табылуда
31

2010 жылғы 30 шілдеде БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ-ның адам саудасына 
қарсы күрестің Ғаламдық жоспарын қабылдады, ол тӛрт аспектіні қамтиды: 
1.  
Адам  саудасының  алдын  алу  (теңсіздіктің  әкономикалық,  саяси, 
мәдени  факторларын  жою;  осы  мәселені  зерттеу;  ақпараттық-түсіндіру 
науқандарын кӛбейту; мүше елдермен ынтымақтасу арқылы және т.с.с.); 
2.
 
Адам  саудасының  құрбандарын  қорғау  және  оларға  кӛмек  кӛрсету 
(қылмыскерлердің  қылмыстық  жауапкершілігі;  адам  саудасынан  зардап 
шегушілерге кӛмек кӛрсету алгоритмі; адам саудасынан зардап шеккендер үшін 
БҰҰ ерікті жарналарының мақсатты қорын құру және т.с.с.); 
3.
 
Адам  саудасы  түріндегі  қылмысты  қудалау  (адам  саудасының 
болжамды  жағдайларын  тергеуді  күшейту;  мемлекеттің  құқықтық,  кӛші-қон, 
шекаралық және басқа сәйкес органдарының ақпарат алмасу арқылы бір-бірімен 
ынтымақтасуға қозғау салу және т.с.с.); 
4.
 
Адам  саудасымен  күрес  ісінде  серіктестік  ынтымақтастықты 
нығайту  (адам  саудасымен  күрес  ісінде  халықаралық,  аймақтық  және 
субаймақтық  ынтымақтастықты  күшейту;  адам  саудасымен  күрес  жӛніндегі 
Мекемеаралық үйлестіру тобын нығайту). 
ЕҚЫҰ  және  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымын  қоса  алғандағы  әртүрлі 
халықаралық  ұйымдар  адам  саудасымен  күрес  мәселесімен  белсенді 
айналысатынын кӛрсеткен жӛн.  
Мысалы,  2003  жылы  ЕҚЫҰ  Министрлер  кеңесі  ЕҚЫҰ-ның  адам 
саудасымен  күрес  бойынша  әрекет  етужоспарын  бекітті  және  ЕҚЫҰ  аясында 
осы жамандыққа қарсы әрекет тетігін құрды. Адам саудасына қарсы әрекет ету 
мәселесі  бойынша  ЕҚЫҰ-ның  арнайы  ӛкілі  мен  үйлестірушісінің  бюросы 
жұмыс істейді.  
Ӛз  кезегінде  Халықаралық  кӛші-қон  жӛніндегі  ұйым  әлем  елдерінің 
үкіметтеріне  адам  саудасымен  күреске,  адам  саудасын  тоқтатуға  бағытталған 
әртүрлі бағдарламаларды орындау, адам саудасынан зардап шеккендерге кӛмек 
кӛрсету және қорғау, снымен қатар адам сатушыларды қудалау арқылы қолдау 
кӛрсетеді.   
Қӛтеріліп  отырған  адам  саудасы  мәселесі  барлық  елдерде,  соның  ішінде 
Еуропалық  одақтың  елдерінде  байыпты  мазасыздықты  тудырады.  Зардап 
шегушіні ескерту, қорғау, қолдау және саудашыларды қудалау мақсатында 2012 
жылы  Еуропалық  комиссия  2012-2016  жылдарға  арналған  адам  саудасын  жою 
жӛніндегі  Еуропалық  Одақтың  стратегиясын  қабылдады.  Еуропалық  Одақтың 
заңына  сәйкес  адам  саудасы  адамды  сексуалдық  немесе  еңбекке  қанау 
мақсатында жасалған қылмысты ғана қоспайды, оның  негізгі құқықтарын бұзу 
да  кіреді.  Еуроодақтың  ықпал  негізінде  үш  ұстаным  жатыр:  адам 
                                                 
31
Адам  саудасына  және  заңсыз  еңбек  кӛші-қонына  қарсы  іс-қимылдың  халықаралық-құқықтық  тетіктері, 
Еуразиялық заң журналы № 4 (47) 2012, http://www.eurasialegal.info/index.php?catid=116:2011-09-19-
12-34-31&id=1210:2012-05-11-06-17-59&Itemid=1&option=com_content&view=article
 

42 
 
саудасыныңалдын  алу;  қылмыскерлерден  зардап  шегушіледі  қорғау;  адам 
саудалаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту. 
 
 
2.3. Балаларды қанаудан қорғаудың халықаралық-қҧқықтық ҧстанымдары 
 
Балаларды адам саудасынан қорғау туралы мәселе  аса маңыздылыққа ие 
болып  отыр,  ол  кӛбінесе  қамқорлық  тақырыбы  және  бір  уақытта  олардың 
жасына,  дербессіздігіне,  қорғансыздығына  байланысты  мәжбүрлеу  нысаны 
ретінде қабылданады. 
БҰҰ мәліметтері бойынша жыл сайын ӛз елінен әкетілетін және құлдыққа 
сатылатын  әйелдер  мен  балалардың  әлем  бойынша  саны  1  млн.-ға  жуық. 
Сарапшылар  балалар  саудасыұйымдасқан  балалар  жезӛкшелігі  және 
порнография  ӛндірісі,  ӛндіріс  пен  қызмет  кӛрсету  саласындағы  балалар  еңбегі 
және  үй  құлдығы,  балаларды  қайыршылық  және  мүшелер  мен  тіндерді  алу 
мақсатында  қолдану,  балаларды  заңсыз  асырап  алу  сияқты  нысандарда 
айқындалады деп санайды.  
Балаларды  қорғау  бастапқыда  әмбебап  халықаралық  келісімдерде 
қарастырылған.  АСҚХП  24-бабының1-тармағы  әрбір  баланың  нәсілiне,  түр-
түсiне,  жынысына,  тілiне,  дiнiне,  ұлттық,  немесе  әлеуметтiк  тегiне,  мүлiктiк 
немесе туу жағдайларына қарамастан, ешқандай кемсiтусіз отбасы, қоғам және 
мемлекет  тарапынан,  ӛзiнiң  жас  шамасы  талап  ететiн  тиiстi  қорғау  шараларын 
иеленуге құқығын бекітеді. 
Қазақстан  Республикасы  қатысатын  1989жылы  қабылданған  Бала 
құқықтары  туралы  Конвенцияның  35-бабы  балаларды  ұрлау,  бала  саудасына 
немесе балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау 
әрекеттеріне жол бермеу үшін ортақ  қағида орнатады және ол үшін қатысушы 
мемлекеттерді ұлттық, екі жақты және кӛп жақты деңгейде шаралар қолдануға 
шақырады.  Оларға  Конвенцияның  34-бабы  баланы  сексуалдық  қанаудың  және 
сексуалдық  азғырудың  барлық  түрінен  қорғауға  міндеттетеді.  36-бабы  баланы 
әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да барлық нысандарынан 
қорғауды талап етеді. 
Бала  ересек  адам  болатын  жасты  анықтау  мәселесі  физиологиялық  және 
психологиялық  салалар  тұрғысынан  да  және  құқықтық  салада  да  айтарлықтай 
күрделі  болып  табылады.  Құқық  субъектісі  институты  адамның  жеке  және 
азаматтық  мәртебесімен  тығыз  байланысты.  Бала  құқықтары  туралы 
Конвенцияның  1-бабы  «әрбір  адам  баласы  18  жасқа  толғанға  дейін,  егер  осы 
балаға  қолданылатын  заң  бойынша  ол  кәмелеттік  жасқа  бұрынырақ  толып 
қоймаса, бала болып саналады» нормасын бекітеді. Халықаралық және ұлттық 
құқық  жүйесі  арасында  кәмелетке  толу  жасын  анықтауда  белгілі  мәміле  бары 
айқын.  Конвенцияның  3-бабының  2-тармағықатысушы  мемлекеттер  заң 
бойынша  бала  үшін  жауапкершілікті  мойнына  алған  оның  ата-анасының, 
қамқоршыларының  немесе  басқа  да  адамдардың  құқықтары  мен  міндеттерін 

43 
 
назарға  ала  отырып,  баланың  игілігі  үшін  қажетті  қорғау  мен  қамқорлықты 
қамтамасыз етуді қадірлеу қағидасын жариялайды. 
1999  жылы  қабылданған  Балалар  еңбегінің  ең  жаман  түрлеріне  тыйым 
салу және жою жӛніндегі шұғыл шаралар туралы ХЕҰ №182 Конвенциясы (ҚР 
оған 2002 ж. қосылды) мыналарды: 

 
құлдықтың  барлық  түрлерiн  немесе  мысалы,  балаларды  сату  және 
оларды  саудалау,  қарыз  кiрiптарлығы  мен  басыбайлы  тәуелділік,  сондай-ақ 
мәжбүрлi немесе мiндетті еңбек, оның iшiнде балаларды қарулы қақтығыстарда 
пайдалану  үшiн  оларды  мәжбүрлi  немесе  мiндеттi  жалдау  сияқты  құлдыққа 
ұқсас практиканы

 
баланы  жезӛкшелiкпен  айналысу  үшiн,  порнографиялық  ӛнiм 
ӛндiру үшiн немесе порнографиялық қойылымдар үшiн пайдалануды, азғырып-
кӛндіруді немесе ұсынуды; 

 
белгілі  бір  халықаралық  келісімдерде  белгiленгендей,  баланы 
заңсыз  қызметпен  айналысу  үшiн  қолдануды,  азғырып-кӛндіруді  немесе 
ұсынуды (есiрткi заттарды ӛндiру және сату үшін); 

 
ӛзiнiң  орындалу  жағдайы  немесе  сипаты  жағынан  балалардың 
денсаулығына,  қауiпсiздiгiне  немесе  адамгершiлiгiне  зиян  келтiруi  мүмкiн 
қызметті жатқызады (3-бап). 
ТМД  елдерінің  аумағында  сексуалдық  құлдыққа  тартылған  балалардың 
кӛп  пайызын  бастапқыда  ӛзінің  ата-аналары  немесе  жақын  туыстары 
отбасындағы  материалдық  ӛтемақыға  сатылғандар  құрайды.  Бұл  туралы  ХЕҰ 
зерттеулерінде «Қазіргі Ресейдегі еріксіз еңбек: реттелмейтін кӛші-қон мен адам 
саудасы»  келтірілген  осындай  сауда-саттықтың  зардап  шегушілерімен 
сұхбаттың  қорытындысы  айтады.  Қазақстанның,  Қырғызстанның,  Украинаның 
азаматтары  болып  келетін  балалар  мен  жасӛспірімдер  олардың  отбасының 
осындай  келісімге  бару  себебін,  РФ  аумағына  кіру  жолдарын  және  адам 
саудасымен айналысатындарда немесе оларды ұстап отырған кіші ӛндірістерде 
ӛмір сүру жағдайлары туралы баяндайды.    
 2000  ж.  БҰҰ  Балаларды  саудалауға,  балалар  зинақорлығына  және 
балалар  порнографиясына  қатысты  Бала  құқықтары  туралы  Конвенцияның 
Факультативтік  хаттамасы  (ҚР  оған  2001  жылы  қосылған)  осындай 
құбылыстарға  құқықтық  анықтаманы  қамтамасыз  ететін  және  оларға  қарсы 
күресте  белсенді  халықаралық  ынтымақтастық  ретіндегі  құжат  болып 
қабылданды.  Мұнда  «балаларды  саудалау»  термині  «баланың  сыйақы  үшiн 
немесе  кез-келген  басқаша  ӛтем  жасаған  үшiн  кез-келген  тұлғамен  немесе 
тұлғалар тобымен басқа тұлғаға немесе тұлғалардың тобына берiлуiн кӛздейтiн 
кез-келген  келісімдi  немесе  мәміленi»  бiлдiредi.  Е.Б.  Мизулина  2-баптың  а) 
тармағының  ахуалын  былай  бағалайды:  «шын  мәнінде  осы  анықтама 
пайдакүнем  келісімдерді  қамтиды.  Оған  соңы  бала  құлға  айналатын,  қанауға 
ұшырайтын  келісімдер  кірмейді.  Сонымен  қатар  Бала  құқықтары  туралы 
Конвенциядағы  «балаларды  саудалау»  ұғымы  басқаша  кең  маңынада 
қолданылады,  немесе  «балаларды  саудалау»  кез-келген  мақсатта  және  кез-

44 
 
келген  түрінде  тыйым  салынады...»  Шындығында,  баланы  еріксіз  еңбек  пен 
сексуалдық  қанауға  беру  ақысыз  түрде  жүзеге  асуы  мүмкін,  мысалы,  
немқұрайлықтан немесе оған қамқор болудан құтылу ниетімен. 
Хаттаманың  3-бабының  1-тармағы  қатысушы  мемлекеттерді  ӛздерінің 
ұлттық  қылмыстық  заңдарында  балаларды  саудалаумен  байланысты 
қылмыстық істер құрамын қамтамасыз етуге шақырады: 

 
баланы  сексуалдық  пайдалану,  оның  дене  мүшелерiн  сыйақы  үшiн 
беру немесе ерiксiз жұмыстарда пайдалану мақсаттарда баланы қайсыбiр әдiстi 
қолдану арқылы ұсыну, беру немесе алу; 

 
асырап алуға қатысты қолданылатын халықаралық құқық актілеріне 
қайшылық келтiре отырып, делдалдық негiзде баланы асырап алуға негiздемесiз 
тарту; 

 
балалар жезӛкшелігі мақсатында баланы ұсыну, беру немесе алу; 

 
балалар  порнографиясының  ӛндiрiсi,  таратылуы,  импорты, 
экспорты, ұсынылуы, сатылуы немесе сақталуы. 
Бұдан  басқа,  3-баптың  2-тармағы  осы  тізімге  «осындай  әрекеттердiң  кез 
келгенiмен қастандық жасауға, кӛмекшілік және осы істерді істеуге араласуды» 
қосады. 
Аталған  қылмыстар  5-бап  бойынша  ұстап  беруге  әкеп  соғатын  әрекет 
ретінде  қарастырылады.  Осы  Хаттамаға  қатысушылар  үшін  ол  ұстап  беру 
туралы  екіжақты  шарт  болмаған  жағдайда  қылмыскерді  тапсыруға  құқықтық 
негіз  болады.  Зардап  шеккен  балалардың  әлеуметтік  ықпалдасуы  және 
физикалық  пен  психологиялық  қалпына  келуіне  қамтамасыз  етумен  қатар 
қатысушы елдер оларға азаматтық-құқықтық қорғау мүмкіндігін, яғни ешқандай 
кемсітусіз нұқсан келтіргені үшін ӛтемақы алуына кепіл беруі керек (9-бап). 
2005  жылғы  Адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл  туралы  Еуропа  Кеңесі 
Конвенциясының  2-бабының  2-тармағы  қатысушы  мемлекеттер  егер  сӛз  бала 
туралы болса, кезкелген түрде зардап шегушінің жеке басын ашуды немесе оны 
теңдестіретін  мағлұматтарды  жариялауды  болдырмау  үшін  шара  қолдануды 
нұсқайды.  Ерекшелік  оның  отбасын  табу  үшін  немесе  осындай  әдіспен  оның 
қорғауы  мен  әл-ауқаты  қамтамасыз  етілетін  жағдайлар  құрайды.  Егер  кәмелет 
жасқа  толмаған  тұлғаның  жасы  туралы  күмән  болған  жағдайда,  ол 
анықталмайынша арнайы қорғауға құқығы бар бала болып саналады (10-баптың 
3-тармағы).  Осы  Конвенцияның  жақтары  адам  саудасына  ұшыраған  балаларға 
олардың  мүдделерін  заңды  ӛкілдікпен;  тұлғаны  және  азаматтығын  анықтау; 
егер  баланың  мүддесіне  жауап  беретін  болса,  отбасын  тезірек  табуды 
қамтамасыз етуі керек (10-баптың  4-тармағы).  
Балаларды  саудадан  және  қанаудан  қорғау  оларды  еріксіз  пайдалану 
түрлерінің кең жиынтығына тыйым салу тәсілінбілдіреді. Осылардың әрбір түрі 
баланың  әл-аухатына  зиян  тигізеді  және  оның  тұлға  болуына  түбегейлі  түрде 
әсер етеді. Тек қана осы қорғаудың арнайы тетіктерін күшейту ғана балалардың 

45 
 
еріксіз күйін болдырмауға кепіл береді және халықаралық пен ұлттық деңгейде 
олардың жеке және азаматтық құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді
32

Балаларды  қорғау  және  баланы  мемлекетаралық  асырап  алуға  қатысты 
ынтымақтастық  туралы  конвенциясы  (ҚР  оған  2010  жылы  қосылды)  шетелдік 
асырап  алу  баланың  ең  жақсы  мүддеде  оның  құқығын  сақтаумен  болуына 
кепілдеме қарастырады, Конвенция нормалары орындау үшін орталық органды 
тағайындауды  кӛздейді,  сонымен  қатар  мемлекеттердің  ӛкілетті  ұйымдарымен 
ынтымақтасу тетігін қарастырады.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал