Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет4/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
ҚР ҚК 
113 б. 
ҚР ҚК 
125 б. 3 
б. «б» т.  
ҚР ҚК 
126 б. 3 
б. «б» т.  
ҚР ҚК 
128 б. 
ҚР ҚК 
132-1 б.  
ҚР ҚК 
133 б. 
ҚР ҚК 
270 б. 
ҚР ҚК 
271 б. 
 2011 жыл 

23 
10 
25 

21 
22 
184 
2012 жыл 


15 
19 
13 

27 
187 
2013 жыл 

15 

33 
17 
25 
40 
213 
2013 
жылғы 9 ай  

16 

32 
14 
17 
35 
186 
2014 
жылғы 9 ай  



16 
12 
17 
20 
187 
2011-2013 жылдары және 2014 жылдың 9 айы ішінде адам саудасымен байланысты қылмыстар 
жасағаны үшін сотталған адамдар саны туралы статистикалық деректер (заңды күшіне енген үкімдер 
бойынша) 
Кезеңдер  
Келесі баптарда кӛрсетілген қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдар: 
ҚР ҚК 
113 б. 
ҚР ҚК 
125 б. 
3 б. 
«б» т.  
ҚР ҚК 
126 б. 
3 б. 
«б» т.  
ҚР ҚК 
128 б. 
ҚР ҚК 
132-1 
б.  
ҚР ҚК 
133 б. 
ҚР ҚК 
270 б. 
ҚР ҚК 
271 б. 
2011 жыл 



14 



122 
2012 жыл 


10 




89 
2013 жыл 


12 


14 

121 
2014 жылдың 9 ай  





18 

102 
2013  жылы  адам  саудасы  бойынша  және  адам  саудасына  қатысты  деп 
кінәланған 166 адам сотталған, соның ішінде: 

 
ҚК  125  бабы  3  бӛлігінің  б)  тармақшасы  бойынша  (Адамды  пайдалану 
мақсатында ұрлау) - 6; 

 
126 бабы 3 бӛлігінің б) тармақшасы бойынша (Пайдалану мақсатында 
заңсыз бас бостандығынан айыру) – 12; 

 
ҚК 128 бабы бойынша (Адам саудасы) – 7; 

 
ҚК 132-1 бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен 
айналысуға тарту) – 2; 

 
ҚК 133 бабы бойынша (Кәмелетке толмағандарды саудаға сату) – 14; 

 
ҚК 270 бабы бойынша (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) – 4; 

26 
 

 
ҚК  271  бабы  бойынша  (Жеөзкшелікпен  айналысу  үшін  притондар 
ұстау және жеңгетайлық) – 121. 
ҚК  113  бабында  кӛзделген  қылмыстар  (Адамның  органдары  мен  тiнiн 
алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу) туралы қылмыстық істер қарастырылған 
жоқ. 
2012-2013  жылдар  ішінде  бұл  санаттағы  қылмыстық  істерді  оңалтушы 
негіздер бойынша ақтау немесе тоқтату фактілері болған жоқ.  
2013 жылы сотталғандардың саны 2012 жылғы 116-дан 166-ға дейін, яғни 
43,1% кӛбейгенін статистика кӛрсетіп отыр (№2 кестені қараңыз).  
2014  жылдың  9  айы  ішінде  адам  саудасы  және  адам  саудасына  қатысты 
қылмыстар үшін айыпталған 134 адам сотталды, соның ішінде: 

 
ҚК  125  бабы  3  бӛлігінің  б)  тармақшасы  бойынша  (Адамды  пайдалану 
мақсатында ұрлау) - 4; 

 
126 бабы 3 бӛлігінің б) тармақшасы бойынша (Пайдалану мақсатында 
заңсыз бас бостандығынан айыру) – 1; 

 
ҚК 128 бабы бойынша (Адам саудасы) – 3; 

 
ҚК 132-1 бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен 
айналысуға тарту) – 2; 

 
ҚК 133 бабы бойынша (Кәмелетке толмағандарды саудаға сату) – 18; 

 
ҚК 270 бабы бойынша (Жезөкшелікпен айналысуға тарту)– 2; 

 
ҚК  271  бабы  бойынша  (Жезөкшелікпен  айналысу  үшін  притондар 
ұстау және жеңгетайлық) – 102. 
ҚР  ІІМ  деректері  бойынша  адам  саудасына  байланысты  қылмыстардан 
жәбірленушілер  айқындалған:  2011  жылы  –  84,  2012  жылы  –  85,  2013  жылы  - 
136, 2014 жылдың 9 айы ішінде – 78 адам. 
ҚК  113  бабында  кӛзделген  қылмыстар  (Адамның  органдары  мен  тiнiн 
алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу) туралы қылмыстық істер қарастырылған 
жоқ. 
Талдау  жүргізілген  кезеңдерде  бұл  санаттағы  қылмыстық  істерді 
оңалтушы негіздер бойынша ақтау немесе тоқтату фактілері болған жоқ.  
 
Жазалаудың шартты шарасы ҚК 271 бабында кӛзделген қылмыстар үшін 
беріледі - 102. 
2013  жылы  ҚК  133  бабы  (Кәмелетке  толмағандарды  саудаға  салу) 
бойынша сотталғандардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 50% артты. 
Бұл  қылмыстарды  жасауға  ықпал  ететін  негізгі  себептер  мен  шарттар 
сотталғандардың қиын материалдық жағдайы, балаларды асырауға қаражаттың 
жоқтығы,  жұмыстың  жоқтығы,  спирттік  ішімдіктерді  асыра  қолдану  және 
материалдық баюға ұмтылу болып табылады.  
2013  жылғы  20  мамырдағы  Алматы  облысы  Қарасай  аудандық  сотының 
үкімімен  А.Славенко  ҚК  133  бабының  1  бӛлігі  бойынша  түзеу  колониясында 
жазасын ӛтеу арқылы 5 жыл бас бостандығынан айырылды.  

27 
 
Сот Славенконы 2013 жылы қаңтарда ӛзінің әлі туылмаған баласын сату-
сатып алу туралы Юхненкомен келіскені үшін кінәлі деп тапты. 2013 жылғы 13 
ақпанда  Славенко  қызды  дүниеге  әкелген  және  2013  жылғы  20  ақпанда 
перзентханадан шығарылғаннан кейін Юхненкоға 6000 АҚШ долларына баланы 
сатқан.  
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  облыстық  перинатальды  орталықтың 
медбикелері  Ташбаева  Г.  және  Халматова  О.  жаңа  туылған  нәрестені  сату 
фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.  
2013  жылғы  15  мамырдағы  Шымкент  қаласының  Әл-Фараби  аудандың 
сотының  үкімімен  Ташбаева  және  Халматова  ҚК  133  бабы  2  бӛлігінің  «а» 
тармағы  бойынша  түзеу  колониясында  жазасын  ӛтеумен  8  жылға  бас 
бостандығынан айырылды.  
Бұл қылмысты жасаудың себебі анасы Г.Асилованың баласынан бас тарту 
фактісі  болып  табылды.  Ташбаева  және  Халматова  Асиловаға  баласын  15 
жылдан  бері  балалы  бола  алмай  жүрген  отбасына  беруді  ұсынған.  Оның 
келісімін  алған  сотталушылар  Г.Конурбаеваға  баланы  6000  АҚШ  долларға 
сатып алуды ұсынған.  
Ӛзге  мысал,  2013 жылғы 27  маусымдағы  Талдықорған  қалалық  сотының 
үкімімен  Козлова  И.  және  Козлова  А.  ҚК  133  бабының  2  б.  «а»  т.  бойынша 
түзеу  колониясында  жазасын  ӛтеумен  8  және  7  жыл  бас  бостандығынан 
айырылған.  
2013  жылғы  9  сәуірде  алдын  ала  келісім  бойынша  жаңадан  туылған 
А.Козлованы (07.06.2011 жылы туылған) Г.Бейсеноваға 30 000 АҚШ долларына 
сатқаны үшін сот кінәлі деп тапқан.  
ҚР  ҚК  271  бабында  (Жезөкшелікпен  айналысу  үшін  притондар  ұстау 
және  жеңгетайлық)  кӛрсетілген  қылмыстар  жасалынатынын  статистикалық 
деректер дәлелдеп отыр. 
ҚР ҚК 271-бабында сипатталған қылмыстар жекелеген жағдайларда жеке 
бостандық пен адамның ӛзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы жасалған 
әрекеттермен байланысты қылмыстық бизнестің тізбегін аяқтайды. Сексуалдық 
пайдалануға әйелдер тап болады. Қарастырылып отырған қылмыстар бойынша 
жәбірленушілер  кӛп  жағдайда  әйелдер  болып  табылатынын  статистикалық 
деректер дәлелдейді.  
Мәселен, 2012 жылы  адам ұрлау  сияқты  қылмыстың  (ҚР ҚК  125  бабы) 
жәбірленушілері әйелдер болды. Мұндай үрдіс 2013 жылы да байқалады.  
2013  жылғы  27  мамырдағы  Кӛкшетау  қалалық  сотының  үкімімен 
Булегенов Ш.,  Кушубаев  Н.  және  Исмаилов  Р.  ҚК  126  бабы  3  бӛлігінің  «б» 
тармағы  бойынша,  270  бабы  2  бӛлігінің  «г»  тармағы  бойынша  7,  6,  және  5 
жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.  
 
Ауырлығы орташа қылмысқа жататын притон құру жӛніндегі қылмыстық 
ниеті адамның жеке бас бостандығына және қолсұғылмаушылығына қастандық 
жасалынатын ауыр қылмыстарды жасауға алып келуі мүмкін (ҚК 125, 126, 120, 
128, 270 баптары). 

28 
 
Қарастырылып отырған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі 
туралы  жәбірленушілер  кӛп  жағдайда  әйелдер  және  кәмелетке  толмағандар 
болып  табылатыны  растайды.  Бұл  жағымсыз  құбылыстарды  зерттеу  ҚК  125, 
126,  128,  133,  270,  271  баптарында  кӛзделген  барлық  қылмыстар  ӛзара 
байланысты  және  біздің  қоғамымыздың  дамуының  қазіргі  кезеңінде  орын 
алатын  жағымсыз  құбылыстардың  кешенді  кӛрініс  болып  табылатынын 
кӛрсетті.  
2013  жылғы  12  сәуірдегі  Алматы  облысы  Текелі  қалалық  сотының 
үкімімен Шевчук М. ҚР ҚК 133 бабы 2 бӛлігінің «ж, к» тармақтары, 132-1 бабы 
2 бӛлігі  бойынша 7 жыл бас бостандығынан айырылды. 
2012 жылы қарашада Иванова ӛзінің балаларын, сонымен қоса кәмелетке 
толмаған қызы А.Иванованы (05.12.1999 ж.т.) Шевчукке уақытша қамқорлыққа 
қалдырып  кеткен.  Шевчук  «Рашид»  лақап  есімді  адамға  кәмелетке  толмаған 
Иванованы  сексуалдық  пайдалану  үшін  20000  теңгеге  ұсынған.  Қылмыстық 
тергеу органы Шевчукті «Рашидке» кәмелетке толмаған баланы беруге әкелген 
пәтерде ұсталды.  
2013  жылы  аппеляциялық  инстанция  соты  11  адамға  қатысты  11 
қылмыстық іс қарады. Олардың ішінде прокурордың наразылығы бойынша – 5 
және процеске қатысушылардың арызы бойынша – 6.  
Прокурордың наразылығы бойынша 2 сот қаулысы болмаған, оның ішінде 
1  –  істі  қарау  кезінде  кеткен  қылмыстық-процестік  заңнаманың  бұзылуынан 
болған. 
Арыз  бойынша  6  адамға  қатысты  6  үкім  ӛзгертілген,  соның  ішінде  3  – 
қылмыстық  заңнаманы  дұрыс  қолданбауына  байланысты  және  3  –  сотталушы 
жазасының қылмысының ауырлығы мен тұлғасына сәйкес келмеуі.  
2012  жылғы  27  желтоқсандағы  Ақтӛбе  облысының  кәмелетке  жасқа 
толмағандар  ісі  бойынша  мамандандырылған  ауданаралық  сот  үкімімен 
Мирзагалиева  Ш.  ҚК  132-1  бабы  1  бӛлігіменТК-да  4  жыл  бас  бостандығынан 
айыра отырып, сотталды.  
Осы  үкіммен  Нигметов  А.  ҚР  ҚК  132-1  бабының  2  бӛлігі  бойынша  6 
жылға бас бостандығынан айыра отырып, ТК сотталды.  
Сот үкімімен Мирзагалиева 2011 жылғы қарашадан 2012 жылғы мамырға 
дейін  кәмелетке  толмағандарды  жезӛкшелікпен  айналысуға  тартқаны  үшін 
кінәлі деп танылған. 
Нигметов  Мирзагалиевамен  бірге  кӛндіру,  мектепте  жезӛкшелікпен 
айналысып  жүргенін  айтып  беремін  деп  бопсалау,  оларды  немесе  олардың 
туыстарын  жәбірлеумен  қорқыту  жолымен  жезӛкшелікпен  айналысуға 
кәмелетке  толмағандарды  тапқаны  үшін  кінәлі  деп  танылған.  Одан  соң 
Мирзагалиева  кӛрсеткен  мекен-жайға  Нигметов  кәмелетке  толмағандарды 
жезӛкшелікпен айналысуға қызмет кӛрсететін жерге алып барған, Мирзагалиева 
клиенттерден  белгілі  бір  тӛлем  алып,  бӛліп  отырған.  Клиенттердің 
тапсырыстары  бойынша  белгілі  бір  тӛлемге  кәмелетке  толмаған  қыздарды 
жеткізіп отырған. 

29 
 
Тергеу  практикасын  талдау  адам  саудасы  құрбандарын  айқындаудың 
келесі негізгі амалдарын кӛрсетеді: 

 
түрлі  рейдтер,  тексерістер,  тергеулер  және  ӛзге  іс-шаралар  кезінде 
(барлық  мұндай  фактілер  заңсыз  мигранттарға,  жасырын  жүргізілетін 
ӛндірістерге,  притондарға  қатысты  жедел-профилактикалық  шаралар  кезінде 
айқындалады); 

 
қылмыстардың құрбандарының, туысқандарының, ҮЕҰ, әлеуметтік 
жұмыскерлердің жүгінуі; 

 
БАҚ-тағы, интернет-ресурстердегі басылымдар; 

 
полиция қызметкерлері белгілі бір проблемалық секторларды (ауыл 
шаруашылығы,  құрылыс,  ӛндіріс)  байқау  және  бақылау  арқылы,  тұрақты 
патрульдеу  кезінде,  анонимдік  хабарламалар  арқылы  адам  саудасы  туралы 
ақпарат ала алады.  
Адам  саудасына  қатысты  күдік  туралы  полицияға  хабарлауы  ықтимал 
адамдарға келесілер жатады: адам саудасы құрбандарының қызметтестері, ата-
аналары  немесе  достары,  кӛршілер,  сексуалдық  қызметтерді  тұтынушы 
клиенттер, 
қатыгездікке 
күдіктенгендер; 
консулдық 
мекемелердің 
қызметкерлері сиқты ӛзге саланың дереккӛздері.  
Әдетте  адам  саудасы  арналарын  айқындау  және  болдырмау,  заңсыз 
миграция ұйымдастырушыларын айқындау үшін ішкі істер органдары тұрақты 
түрде адам саудасымен байланысты қылмыстарды айқындауда барынша тиімді 
шаралар  болып  табылатын  «Мигрант»,  «Нелегал»,  «Стоп  -  трафик»  жедел-
профилактикалық іс-шараларды ӛткізіп тұрады.  
Алайда  бұл  статистика  адам  саудасы  құрбандарына  барабар  қорғау 
ұсынылмайтынын  кӛрсетеді.  Бұл  әсіресе  ӛзге  мемлекеттерден  шыққан 
құрбандарға  қатысты,  олар  әкімшілік  жазаға  жиі  тартылады  және  адам 
саудасынан  жәбірленуші  ретінде  кӛмек  және  қорғау  алудың  орнына  кӛші-қон 
заңнамасын бұзғаны үшін қуып шығарылады.  
 
2013  жылғы  29  сәуірде  Қазақстан  Республикасының  заңдылықты, 
құқықтық  тәртіпті  және  қылмыспен  күресті  қамтамасыз  ету  жӛніндегі 
үйлестіруші  кеңестің  кезекті  отырысында  адам  саудасымен  байланысты 
қылмыстарды  айқындау  тетігінің  тиімділігі,  сондай-ақ  кінәлі  адамдарды 
қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері қаралды.  
Үйлестіруші  кеңестің  шешімімен  Қазақстан  Республикасы  Үкіметіне 
келесі мәселелер бастама ретінде қойылды: 

 
Адам  саудасына  қарсы  іс-қимылға  және  құрбандарды  әлеуметтік 
қорғаумен  қамтамасыз  етуге  бағытталған  іс-шараларға  қаржылық  қолдау 
кӛрсету туралы қосымша шаралар қабылдау туралы

 
аталған  саладағы  мемлекеттік  саясатты  үйлестіретін  мемлекеттік 
органды  белгілеу  және  бұл  органғаАдамдарды  сату,  заңсыз  әкелу,  әкетумен 
күрес  мәселелері  бойынша  ведомствоаралық  комиссияның  қызметтерін 
аталмыш органға беру туралы.
 

30 
 
2003 жылдан бастап Қазақстанда Адамдарды сату, заңсыз әкелу, әкетумен 
күрес  мәселелері  бойынша  ведомствоаралық  комиссия  (бұдан  әрі  –  Комиссия) 
жұмыс  істейді,  ол  адамдарды  сату,  заңсыз  әкелу,  әкетумен  күрес  және  адам 
саудасы  құрбандарына  кӛмек  кӛрсету  мәселелері  бойынша  ұсыныстар  мен 
ұсынымдар әзірлеу үшін құрылған. 
Қазіргі таңда Комиссияның жұмысшы органының фукнцияларын ҚР Ішкі 
істер  министрлігі  жүзеге  асырады,  ал  2016  жылғы  қаңтардан  бастап  аталған 
функциялар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минитрлігіне берілетін 
болады. 
 
 
 

31 
 
 
II БӚЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ 
САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫ НОРМАТИВТІК-ҚҦҚЫҚТЫҚ 
РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ 
2.1. Адам саудасымен кҥрес саласындағы ҧлттық заңнама 
 
 
Адам  саудасына  қарсы  күрестің  ең  негізгі  элементтерінің  бірі  тиімді 
заңнаманың  болуы.  Соңғы  жылдары  Қазақстан  Республикасы  бұл  бағытта 
бірқатар шаралар қабылдады. 
 Атап  айтқанда,  2006  жылғы  наурызда  «Қазақстан  Республикасының 
кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері 
бойынша  ӛзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заңы  қабылданды.  Бұл 
қадам  БҰҰ-ның  Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы  конвенциясына 
және  оны  толықтыратын  адамдарды,  әсіресе  әйелдер  мен  балаларды  сатудың 
алдын алу мен жолын кесу туралы  хаттамаға қол қойған кездегі Қазақстанның 
адам  саудасымен  күресудегі  халықаралық  міндеттерін  орындау  қажеттілігін 
мойнына  алғандықтан  жасалынды.  Қазақстан  бұл  құжаттарға  2000  жылы  қол 
қойған және 2008 жылы ратификациялады. 
Қабылданған  заңға  сәйкес  Қылмыстық  кодекстің  бірқатар  баптарына 
ӛзгерістер  енгізілді  (баяндама  қосымшасын  қараңыз).  Адам  саудасы  үшін 
жазалауды бекітетін негізгі ереже болып табылатын ҚР ҚК 128 бабы түбегейлі 
ӛзгерістерге  ұшырады.  Бастапқы  редакцияда  аталмыш  бап  адам  саудасының 
жеке кӛріністері – тарту, тасымалдау, адамдарды сексуалдық және басқа түрлері 
бойынша  қанау  үшін  әкелу  және  әкету  бойынша  ғана  жазалады.  Жазалаудың 
жоғарғы  шарасы  8  жылға  дейін  бас  бостандығынан  айыру  болатын,  ал 
ауырлығы жеңілдеу қылмысқа жазалау айыппұл немесе бас бостандығынан бір 
жылға дейін айыру ретінде қаралатын.  
Бұл  бап  бойынша  қылмыстық  іс  қозғау  үшін  жәбірленушінің  тартушы 
жағынан алданған фактісін дәлелдеу керек болатын. Заңды қайта қарағандықтан 
бұл бап ӛзгерді және 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 
мүлкі  тәркіленетін  жаза  қарастырылған  кең  спектрлі  әрекетке  қарасты  бола 
бастады.  Жәбірленушінің  алдану  фактісін  дәлелдеу  талабы  басым  болуы 
тоқталды. 
Адам  саудасына  қатысты  Қылмыстық  кодекстің  басқа  баптарына  да 
қылмыстың  осы  түрлеріне  қатысты  жазалауды  қатайту  мақсатында  ӛзгерістер 
енгізілді.  Енді  адам  саудасына  байланысты  барлық  қылмыстар  ауырлығы 
орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған
30

Қазақстан  Республикасы  Yкiметiнiң  адамдарды  сатуға  байланысты 
                                                 
30
  Қазақстанда  адам  саудасымен  күресу  саласындағы  істердің  қазіргі  жағдайын    талдау.  2010  жылғы  ЕҚЫҰ 
Шолу 
Конференциясының 
үшінші 
сессиясына 
баяндама, 
Астана, 
2010 
ж. 
26-28 
қараша 
http://www.osce.org/ru/home/73775?download=true 

32 
 
қылмысқа  қарсы  күрес, оны болдырмау  және  оның алдын  алу  жӛнiндегi  2012-
2014  жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарын  (Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  2012  жылғы  24  қазандағы  №1347  қаулысымен  бекітілген)  іске 
асыру аяасында заңнаманы жетілдіру бойынша: 

 
2012 жылы ҚР Еңбек кодексіне жұмысшыларды жалдаумен, жұмыс 
берушінің кәмелетке толмаған жұмысшылардың тізімін жүргізудің нормаларын 
бекітумен  және  т.б.  байланысты  аталған  кодекс  ережелерін  жетілдіруге 
бағытталған түзетулер қабылданды; 

 
2012  жылы  «Адамды  саудаға  салғаны  үшін  жауапкершілікті 
анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының № 7 
нормативтік қаулысы қабылданды

 
2013  жылы  адам  саудасымен  күресу  мәселелері  бойынша 
ҚК,ҚІЖК,ӘҚБК  жетілдіруге  бағытталған  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 
заңнамалық  актілеріне  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл  мәселелері  бойынша 
ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. 

 
2014  жылы  ӛкілетті  органның  (ҚР  ІІМ)  қатыгездіктен  зардап 
шеккендерге  кӛмек  кӛрсету  ӛлшемдерін  әзірлеу  және  тиісті  мемлекеттік 
стандарттарды 
қабылдау 
нормалары 
қарастырылған 
«Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  тұрмыстық  зорлық-
зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар 
енгізу  туралы»  заңы  қабылданды.  Сонымен  бірге  «Арнаулы  әлеуметтік 
қызметтер  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңына  қабылданған  түзетулерді 
жүзеге  асыру  барысында  адам  саудасынан  зардап  шеккендерге  арнайы 
әлеуметтік  қызмет  кӛрсету  стандарттары  қазіргі  уақытқа  дейін  әзірленбеген. 
Осыған  байланысты  адам  саудасынан  зардап  шеккендерге  әлеуметтік  қызмет 
кӛрсету  стандарттарын  әзірлейтін  ӛкілетті  органды  анықтайтын  мәселе 
жӛніндегі шараларды заңға тәуелді келісімдер деңгейінде қабылдауды  орынды 
деп санаймыз. 
2013 жылғы 4 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір 
заңнамалық  актілеріне  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл  мәселелері  бойынша 
ӛзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Заңына  сәйкес  осыған  ұқсас 
қылмысқа  жауапкершілік  күшейтілген,  келешекте  адам  саудасын  алдын  алуда 
оңды кӛрінуі тиіс екенін айта кеткен жӛн. 
Мәселен,  «Адамды  саудаға  салу»  128-бабына  адам  саудасы  контексіне 
«сатып  алу-сату»  «ӛзге  де  мәмілелер»  түсініктердірегламенттеуші  ескертулер 
енгізілген. 
Егерде  саудаға  қарсы  БҰҰ  Хаттамасының  3  бабындағы  нормада 
кӛрсетілген  ықпал  етудің  кез  келген  амалдары  қолданылған  болса,  зардап 
шегушінің  жоспарланған  қанауға  келісімі  назарға  алынбайтынын  анықтайтын 
халықаралық талаптардың бірі болып табылатын және адам саудасымен күресті 
жетілдіруге бағытталған норманы енгізу маңызды болып табылады.  
«Кәмелетке  толмаған  адамды  жезӛкшелікпен  айналысуға  тарту»  132-1-
бабы  бойынша  қылмыстық  топпен  немесе  оны  тәрбиелеу  жӛніндегі  міндеттер 

33 
 
заңмен  жүктелген  ата-ана,  педагог  не  ӛзге  адам  қылмыс  жасағандағы 
жауапкершілігі  күшейтілген.  Бас  бостандығынан  айырудың  ең  ұзақ  мерзімі 
10жылдан 12 жылға артты. 
 «Кәмелетке  толмағандарды  саудаға  салу»  133-бабында  психикасының 
бұзылуынан  зардап  шегетіні  немесе  дәрменсiз  күйде  екені  кінәліге  кӛрінеу 
белгілі  кәмелетке  толмағанға  қатысты  және  жәбірленушінің  жеке  басын 
куәландыратын  құжаттарды  алып  қою,  жасыру  не  жоюға  байланысты 
қылмыстың жауакершілігін ауырлататын дәрежелеуші белгілері қосылған. 
Егер  «Жезӛкшелiкпен  айналысуға  арналған  притондар  ұйымдастыру 
немесе  ұстау  және  жеңгетайлық»  271-баптың  бірінші  бӛлімі  бойынша 
жауакершілікке  айыппұл  қарастырылған  болса,  онда  қазір  тек  бас 
бостандығынан  айыру  ғана  белгіленген.  Сонымен  бірге,  енді  осы  қылмысты 
ұйымдасқан  топпен  жасағаны  үшін  бас  бостандығынан  бұрынғы  бес  жылдың 
орнына  он  жылға  айырумен  жазаланады.  Іс  жүзінде  барлық  қылмыстық 
нышандар құрамына мүлікті тәркілеу қосылған. 
Осылайша қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан адамдарды ұрлау мен адам 
саудасына  байланысты  қылмыстармен  күресуді  жетілдіретін  бірнеше 
заңнамалық шаралар қабылданды. 
Жалпы,  қазіргі  қазақстандық  қылмыстық  заңнама  адам  саудасымен 
байланысты  қылмыстар  үшін  кінәлілерді  жазалау  үшін  тиімді  шараларды 
қолдануға нақты мүмкіндік береді. 
Сонымен бірге, біздің ойымызша шешімі осы жұмыстың тиімділігін бұдан 
әрі арттыра алатын бірнеше күрделі мәселелер бар. 
Мәселен,  «адам  саудасы»  қылмысының  негізгі  (тікелей)  объектісі 
адамның  бас  бостандығы  болып  табылады.  Қосымша  (факультативті) 
объектілер мыналар болуы мүмкін: абыройы мен қадір-қасиеті, жыныстық қол 
сұғылмаушылық пен жыныстық бас бостандығы; кәмелетке толмаған тұлғаның 
моральдық-ӛнегелік,  психикалық,  дене  дамуы;  заңмен  бекітілген  ҚР 
Мемлекеттік  шекарасын  кесіп  ӛту  тәртібі,  құжат  айналымы,  сонымен  қатар 
бӛгденің меншігі, адамның ӛмірі, денсаулығы. 
 
Адамның  бас  бостандығы  –  бұл  конституциялық  құқығы  болуына 
байланысты  кәмелетке  толмағандар  мен  адам  саудасы  үшін  жауапкершілікті 
белгілеуші  ҚР ҚК 128 және  133  баптарын  тұлғаға және  отбасы  мен  кәмелетке 
толмағандарға  қарсы  қылмыстарды  қамтитын  ҚК  1  және  2  тарауларына 
орналастыруы негізділігіне күмән келтіреді. Сол арада адамның және азаматтың 
конституциялық  және  басқа  құқықтары  мен  бостандығы  ҚК  3  тарауында 
жинақталған, аталған баптар осында орналасуы қажет. 
 
Мұндай  дәлсіздік  бұрын  сот  тӛрелігіне  қарсы  қылмыстар  тарауына 
азаптау  үшін  жауапкершілікті  анықтайтын  баптарды  орналастырылғанда 
жіберілген  еді.  Бірнеше  рет  сынға  алғаннан  кейін  ҚК  141-1  бабы  Қазақстан 
Республикасының  2011  жылғы  18  қаңтардағы  №  393-IV  Заңымен  тұлғаның 
және  азаматтың  конституциялық  және  басқа  құқықтары  мен  бостандығына 
қарсы құқық бұзушылық жинақталған 3 тарауға ауыстырылды. 

34 
 
Жаңа  ҚР  ҚК  -  128  (Адамды  саудаға  салу)  және  135  (Кәмелетке 
толмағандар  саудасы)  баптарының  құрылыстары  ҚК  135-бабының  2-
тармағыбойынша осы қылмыстарды жасауды қайталану белгісін нақты қолдану 
тек кәмелет жасқа толмағандарды саудаға бірнеше рет салғаннан кейін мүмкін, 
себебі  екінші  бӛлімде  тек  кәмелет  жасқа  толмағандарды  саудаға  бірнеше  рет 
салу туралы кӛрсетілген.  
Егер  кінәлі  алдымен  ересек  адамды,  ал  содан  кейін  кәмелет  жасқа 
толмағанды  саудаға  салуды  жүзеге  асырған  болса,  қайталану  белгісін  тағу 
мүмкін  болмайды,  және  екі  жағдайда  да  әрбір  қылмыс  үшін  жауапкершілік 
қайталану  белгісінсіз  тағылады,  дегенмен  шындығында  адам  саудасына 
байланысты екі қылмыс жасалған. 
ҚР  Конституциясына  сәйкес  адамның  құқығы  мен  бостандығы 
мемлекеттің жоғарғы құндылығы болып табылады. Осыған байланысты оларға 
қылмыстық  қол  сұғушылық  басқа  заңмен  қорғалатын  объектілерге  қарағанда 
айтарлықтай қатаң жазалануы керек. 
Адам  саудасы  (128-баптың  1-тармағы–  3жылдан  5  жылға  дейін  бас 
бостандығынан  айыру)  мен  кәмелетке  толмағандары  саудаға  салу  (128-баптың 
1-тармағы-  5  жылдан  7  жылға)үшін  белгілеген  жазалау  санкциялары  басқа 
қылмыстар 
үшін 
жауапкершілікті 
орнатушы 
баптардың 
жазалау 
санкцияларымен  салыстырмалы  талдау  соттың  адам  саудасымен  байланысты 
әрекеттерге  автокӛлікті  айдап  кету,  сенiп  тапсырылған бӛтен  мүлiктi иемденiп 
алу  және  басқа  ұқсас  сипаттағы  қылмыстарға  3  жылға  бас  бостандығынан 
айыруды тағайындауға хақылы екенін кӛрсетеді. 
Адам саудасы мен кәмелеттік жасқа толмағандар саудасы бойынша істер 
егер  факультативті  объектілерге  зиян  келтірмеген  болса,  әдеттегідей 
тұлғалардың  әрекетін  дәрежелеуші  белгілерінсіз  анықтамалайтынын  тәжірибе 
кӛрсетті. Осыған орай ҚР ҚК 128 және 135 баптарының жазалау санкцияларына 
сәйкес  қылмыс  жасаған  адамдарға  аз  кӛлемдегі  жаза,  шартты  түрде  айыпталу 
тағайындалады, ӛйткені бұған заңмен тыйым салынбаған. 
Осыған  байланысты  адам  мен  кәмелетке  толмағандар  саудасы  үшін 
жазалауды қатаңдату мәселесі орынды туындайды. 
Жаңа  ҚР  ҚК  71-бабының  6-тармағында  бейбiтшiлiкке  және  адамзаттың 
қауiпсiздiгiне  қарсы  қылмыстар,  сыбайлас  жемқорлық қылмыстар,  террористік 
қылмыстар,  экстремистік  қылмыстар,  азаптаулар,  кәмелетке  толмағандардың 
жыныстық  қол  сұғылмаушылығына  қарсы  қылмыстар,  сондай-ақ  жеке  адамға, 
мемлекеттің  конституциялық  құрылысының  негіздеріне  және  қауіпсіздігіне 
қарсы,  қоғамдық  қауіпсіздік  пен  қоғамдық  тәртіпке  қарсы,  экономикалық 
қызмет саласында аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға талап қою мерзiмдерi 
қолданылмайтыны кӛретілген. 
Осы  қылмыстардың  тізімін  адам  мен  кәмелет  жасқа  толмағандар 
саудасына  байланысты  қылмыстарға  қосу  ұсынылады,  себебі  олар  қылмыстық 
заңның осы нормасында кӛрсетілген азаптаулар, сыбайлас жемқорлық пен басқа 
қылмыстарға қарағанда қауіптілігі кем емес. 

35 
 
Бұдан  басқа,  еңбек  және  салық  заңнамаларының  «қылмыстық»  жұмыс 
күшін  коммерциялық  мақсатта  тартуға  мүмкінсіздік  тудыру  бӛлімін  жетілдіру 
қажеттігі кӛрініп тұр.   
Тағы 
бір 
проблема 
адам 
саудасына 
байланысты 
қылмыс 
құрбандарыныңкӛп жағдайда қорғаусыз мен жәрдемсіз қалуында.  
ҚР  қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес  мемлекеттік  қорғау  шаралары 
қылмысты ескерту немесе ашуға себеп болған тұлғаларға, оларға қарсы зорлық 
кӛрсету  немесе  қылмыстық  заңмен  тыйым  салынған  әрекеттер  істейтін  нақты 
қауіп  бар  болса,  қылмыстық  іс  қозғалмай  тұрып  қолданыла  алады.  Бірақ 
практикада  қорғау  шаралары  адам  саудасына  байланысты  қылмыстан  зардап 
шеккендер  (немесе  осындай  қылмыстық  істердің  куәгерлері,  кӛбінесе  адам 
саудасынан  зардап  шеккендер  болып  табылады)  қылмыс  процесіне  қатысушы 
деп саналғаннан кейін беріледі және оларға қорғау шараларын қолдану туралы 
арнайы  ӛтініш  беруі  керек.  Бұл  қорғау  қылмыстық  процесс  кезінде  ғана 
қолданылады,  бұл  қылмыстық  процесс  біткеннен  кейін  зардап  шегуші 
қорғаусыз қалатынынын кӛрсетеді.  
Кӛп жағдайда Қазақстанға басқа елдерден жасырын емес немесе жасырын 
түрде  әкелінген  адам  саудасының  құрбандары  соңында  кӛші-қон  заңдарын 
бұзғаны  үшін  айыпталады  және  әкімшілік  соттардың  шешімімен  елден  қуып 
шығарылады.  Бұл  олардың  қылмыстан  зардап  шегуші  ретінде  кӛмек  және 
қорғауға алынудың орнына жазалауға ұшырайтынын кӛрсетеді.   
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес оларға қарсы ауыр немес аса ауыр 
қылмыс  жасалғанын  (адам  саудасы  оған  жатады)  мәлімдеген  шетелдік 
азаматтар  олардың  ісі  бойынша  қылмыстық  процесс  аяқталғанға  дейін  елде 
қалуға құқығы бар. Бірақ бұл қағида іс жүзінде сирек қолданылады.  
Адам  саудасының  құрбандары  қылмыстық  процеске  қатысу  немесе 
қатыспауы  туралы  шешімін  кідірмей  қабылдауы  қажет.  ҚР  заңнамасы  адам 
саудасының  құрбандары  компенентті  органдармен  ынтымақтасу  туралы 
шешімді қауіпсіз жерде болып, дәлелді және саналы қабылдау үшін сауығу мен 
ойлауға  уақыт  беру  мүмкіндігі  ұйғарылмаған.  Халықаралық  тәжірибеде  бұл 
мерзімнің ұзақтығы 30 күннен кем емес.  
ҚР  Конституциясының  4-бабының  1-тармағына  сәйкес  Қазақстан 
Республикасында  қолданылатын  құқық  Конституцияның,  соған  сәйкес 
заңдардың,  ӛзе  де  нормативтік  құқықтық  актілердің,  халықаралық  шарттары 
мен  Республиканың  басқа  да  міндеттемелерінің,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік 
қаулыларының нормалары болып табылады. 
Қазақстан  Республикасы  адам  саудасымен  күресті  жандандыру  және 
күшейту  мақсатында  бірнеше  негізгі  халықаралық  актілерді  ратификациялады, 
солардың қатарында: 

 
1926 жылғы Құлдық туралы Конвенция (ҚР 2008 жылғы Заңы); 

 
1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы 
Конвенцияға ӛзгерістер енгізу туралы Хаттама (ҚР 2008 жылғы Заңы); 

36 
 

 
1949  жылғы  Адамдарды  сатуға  және  үшінші  тұлғалардың 
жӛзекшелікті  пайдалануына  қарсы  күрес  туралы  Конвенция  (ҚР  2005  жылғы 
Заңы); 

 
Адамдарды  сатуға  және  үшінші  тұлғалардың  жӛзекшелікті 
пайдалануына  қарсы  күрес  туралы  Конвенцияға  Қорытынды хаттама  (ҚР 2005 
жылғы Заңы); 

 
1956  жылғы  Құлдықты,  құл  саудасын  және  құлдыққа  ұқсас 
институттар  мен  әдет-ғұрыптарды  жою  туралы  Конвенция  (ҚР  2008  жылғы 
Заңы); 

 
1930  жылғы  ХЕҰ-ның  №29  «Мәжбүрлі  немесе  міндетті  еңбек 
туралы» Конвенциясы (ҚР 2000 жылғы Заңы); 

 
1957  жылғы  ХЕҰ-ның  №105  «Мәжбүрлі  еңбекті  жою  туралы» 
Конвенциясы (ҚР 2000 жылғы Заңы); 

 
1999 жылғы ХЕҰ-ның №182 «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне 
тыйым  салу  және  жою  жӛніндегі  шұғыл  шаралар  туралы»  Конвенциясы  (ҚР 
2002 жылғы Заңы); 

 
1966  жылғы  Азаматтық  және  саяси  құқықтар  туралы  халықаралық 
пакт (ҚР 2005 жылғы Заңы); 

 
1966  жылғы  Экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар 
туралы халықаралық пакт (ҚР 2005 жылғы Заңы); 

 
1966  жылғы  Нәсілдік  кемсітушіліктің  барлық  түрін  жою  туралы 
халықаралық Конвенция (ҚР 1998 жылғы Заңы); 

 
1979  жылғы  Әйелдерге  қарсы  кемсітушіліктің  барлық  нысандарын 
жою туралы Конвенция (ҚР 1998 жылғы Заңы); 

 
2006  жылғы  Күштеп  жоқ  қылып  жіберуден  барлық  адамдарды 
қорғауға арналған Халықаралық Конвенция (ҚР 2008 жылғы Заңы);  

 
1984  жылғы  Азаптауларға  және  басқа  да  қатыгез,  адамгершілікке 
жатпайтын  немесе  ар-намысты  қорлайтын  іс-әрекеттер  мен  жазалау  түрлеріне 
қарсы Конвенция (ҚР 1998 жылғы Заңы); 

 
1923  жылғы  12  қыркүйекте  Женевада  жасалған,  1947  жылғы  12 
қарашада Нью-Йорк, Лейк Саксессте қол қойылған Хаттамаға сәйкес енгізілген 
түзетулерімен  Порнографиялық  басылымдар  айналысының  және  оларды 
саудалаудың  жолын  кесу  туралы  халықаралық  Конвенция  (ҚР  2013  жылғы 
Заңы); 

 
1989  жылғы  Бала  құқықтары  туралы  Конвенция  (ҚР  1994  жылғы 
Заңы); 

 
1993 жылғы Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға 
қатысты ынтымақтастық туралы Конвенция (ҚР 2010 жылғы Заңы); 

 
1980  жылғы  Балаларды  халықаралық  ұрлаудың  азаматтық-
құқықтық аспектілері туралы Конвенция (ҚР 2012 жылғы Заңы); 

 
2003 жылғы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясы 
(ҚР 2008 жылғы Заңы); 

37 
 

 
2000  жылғы  БҰҰ-ның  Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы  
Конвенциясы (ҚР 2008 жылғы Заңы); 

 
Трансұлттық 
ұйымдасқан 
қылмысқа 
қарсы 
Конвенциясын 
толықтыратын  Адамдарды,  әсіресе  әйелдер  мен  балаларды  сатудың  алдын  алу 
мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы Хаттама (ҚР 2008 жылғы Заңы); 

 
Трансұлттық 
ұйымдасқан 
қылмысқа 
қарсы 
Конвенциясын 
толықтыратын  Мигранттарды  құрлық,  теңіз  және  әуе  арқылы  заңсыз  әкелуге 
қарсы Хаттама (ҚР 2008 жылғы Заңы); 

 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмысқа 
қарсы Конвенциясын толықтыратын Атыс қаруының, оның құрамдас бӛліктері 
мен  компоненттерінің,  сондай-ақ  оның  оқ-дәрілерінің  заңсыз  дайындалуына 
және айналымына қарсы Хаттама (ҚР 2008 жылғы Заңы); 

 
2002  жылғы  Азаматтық,  отбасылық  және  қылмыстық  iстер 
бойынша құқықтық 
кӛмек 
пен 
құқықтық 
қатынастар 
туралы  
Конвенция (ҚР 2004 жылғы Заңы); 

 
Қазақстан  Республикасы,  Қырғыз  Республикасы,  Тәжікстан 
Республикасы  және  Ӛзбекстан  Республикасы  арасындағы  терроризмге,  саяси 
және  діни  экстремизмге,  ұлтаралық  ұйымдасқан  қылмысқа  және  Тараптардың 
тұрақтылығы  мен  қауіпсіздігіне  ӛзге  де  қауіп-қатер  тӛндіруге  қарсы  күрес 
жӛніндегі бірлескен іс-қимыл туралы шарт (ҚР 2000 жылғы Заңы). 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал