Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет3/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

салушыларды  қудалау  адам  саудасына  қарсы  күресте  баға  жетпес  элемент 
болып  табылады  және  қатысушы  мемлекеттерді  адам  саудасымен  байланысты 
қылмыстарды  криминалдандыруға  міндеттейді.  Мемлекеттік  шекараны  кесіп 
ӛтетін  адам  саудасы  туралы  сӛз  қозғалған  жағдайда  адам  саудасының  жолын 
кесу  құқық  қорғау  органдары  арасындағы  мемлекетаралық  ынтымақтастықты 
талап  етеді.  Адам  саудасының  жолын  кесуде  азаматтық  сектормен 
ынтымақтастық пен ӛзара тығыз іс-қимылды дамытудың маңызы зор. 
Қазақстан  Республикасында  адамды  саудаға  салушыларды  қылмыстық 
қудалау  жӛніндегі  шаралар  жүргізу  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  Адам 
саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және алдын алу 
жӛніндегі  2012-2014  жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарына  сәйкес  жүзеге 
асырылады. 
Қазақстан 
Республикасы 
адам 
саудасымен 
байланысты 
қылмыстарды Палермо хаттамасының талаптарына сәйкес криминалдандырды. 
Алайда  практикада  сарапшылар  адам  саудасымен  байланысты  қылмыстарды 
жіктеуде  проблемалардың  бар  екенін  атап  ӛтеді.  Қоғамдық  құқық  қорғау 
ұйымдарының  мәліметтері  бойынша  адамды  саудаға  салу  қылмыстарының 
Қылмыстық  кодекстің  ауырлығы  аз  баптары  бойынша  сараланған  жағдайы 
орын алған, мысалға, қылмыстар ҚР ҚК 133 «Кәмелетке толмағандарды саудаға 
салу»  бабының  орнына  ҚР  ҚК  132-1  «Кәмелетке  толмаған  адамды 
жезӛкшелікпен  айналысуға  тарту»  бабы  бойынша  сараланған.  Сондай-ақ 
практикада  Қазақстандағы  адам  саудасының  құрбандары  білікті  мемлекеттік 
қорғауға  ие  бола  алмай  жатады,  ал  адвокат  адам  саудасынан  зәбірленушілер 
үшін мемлекет кепілдік берген тегін заңгерлік кӛмек шеңберінде тек кәмелетке 
толмағандар  үшін  ғана  бӛлінеді,  ал  ол  кезде  адамды  саудаға  салушылардың 
бірден бірнеше кәсіби қорғаушыларды тартуға қаржылық мүмкіндіктері жетеді.  

17 
 
Құқық  қорғау  органдары  қызметкерлері  тарапынан  жыныстық  және 
еңбекпен  қанау  адам  саудасының  құрбандарына  теріс  қарауы  мәселесі  ӛзекті 
болып қалуда. Адам саудасы саласындағы қылмыстарға сапалы тергеу жүргізу 
үшін  құқық  қорғау  органдары  қызметкерлерінің  біліктілігін  кӛтеру  жұмысын 
күшейту, адам саудасы құрбандарын, қылмыстық іс жүргізуге қатысушыларды 
қорғау  саласында  мемлекеттік  қаржыландыруды  қамтамасыз  ету,  адам 
саудасымен  байланысты  қылмыстарды  ашу  үшін  ведомствоаралық  және 
мемлекетаралық ынтымақтастықты жолға қою қажет. 
Сипатталған  бағыттардың  әрқайсысының  адам  саудасына  қарсы  іс-
қимылдағы маңызы зор. 
Жоғарыда  баяндалғанды  ескере  отырып,  сондай-ақ  адам  саудасы 
құрбандарының  құқықтарын  қорғау  мақсатында  ҚР  Президенті  жанындағы 
Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссия  мүдделі  мемлекеттік  органдармен  және 
ҮЕҰ-мен,  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  Қазақстандағы  Ӛкілдігімен 
бірлесіп  «Қазақстан  Республикасындағы  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл 
саласындағы  адам  құқықтарын  қорғаудың  ӛзекті  проблемалары»  атты  арнайы 
баяндама (бұдан әрі – арнайы баяндама) дайындады. 
Бұл  арнайы  баяндама  адам  саудасының  ӛзекті  мәселелеріне, 
Қазақстандағы  адам  саудасы  құрбандары  құқықтарының  ахуалын  және 
қатыгездік 
қарым-қатынас 
құрбандарын 
арнайы 
әлеуметтік 
қызмет 
кӛрсетулермен қамтамасыз етілуін кешенді талдауға арналған. 
Арнайы баяндаманың мақсаты Қазақстан Республикасының Президентін, 
Парламентін  және  Үкіметін  Қазақстан  Республикасындағы  адам  саудасына 
қарсы  күрестің  ӛзекті  мәселелері  мен  саудасы  құрбандары  құқықтарының 
ахуалы  туралы  хабардар  ету,  адам  саудасына  қарсы  күрес  жӛніндегі  ұлттық 
заңнама  мен  құқық  қолдану  практикасындағы  ақтаңдақтарды  айқындау,  адам 
саудасы құрбандарының құқықтық және әлеуметтік қорғалуы және олардың ӛз 
құқықтары  туралы  хабардарлығы  деңгейін  анықтау,  сондай-ақ  адам  саудасы 
құрбандарының  құқықтарын  және  заңды  мүдделерін  қорғаудың  түйінді 
проблемалары мен оларды шешудің жолдарын айқындау болып табылады. 
Бұған қоса, бұл арнайы баяндама мыналарға: 
- билік құрылымдары мен жұртшылықтың назарын адам саудасына қарсы 
күрестің  ӛзекті  мәселелеріне,  адам  саудасы  құрбандарының  құқықтарын 
қамтамасыз ету және қорғау саласындағы орын алған проблемаларға аударуға
-  адам  саудасы  құрбандарының  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және  қорғау 
саласындағы  жұмыстың  биліктің  барлық  тармақтары  мен  азаматтық  қоғамның 
кідіріссіз, үйлесімді іс-қимылын талап ететін басымдық бағыттарын анықтауға
-  Қазақстанда  адам  саудасы  құрбандарының  құқықтарын  қамтамасыз  ету 
мен  қорғау  саласындағы  заңнама  мен  құқық  қолдану  практикасын  дамытудың 
адам  құқықтарын  қорғаудың  ұлттық  және  халықаралық  стандарттар  мен 
нормаларды, мемлекеттік және қоғамдық тетіктерді қамтитын кешенді жүйесін 
құруға ықпал ететін негізгі бағыттарын анықтауға; 

18 
 
- адам  құқықтарын  қорғаудың  ішкі  мемлекеттік  (ұлттық)  жүйесінің 
халықаралық-құқықтық жүйелермен тығыз үйлестірілуін қалыптастыруға; 
- адам саудасы құрбандарына зиянды ӛтеу тетіктерін құруға; 
- адам саудасы құрбандарын қайта жіберудің ұлттық тетіктерін анықтауға 
және енгізуге
-  әлеуметтік  бейімсіздікке  және  әлеуметтік  депривацияға  әкеп  соққан 
қатыгездік  қарым-қатынастың  болғанын  бағалау  критерийлерін,  сондай-ақ 
қатыгездік  қарым-қатынас,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам  саудасы 
құрбандары  үшін  арнайы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетулердің  бірыңғай 
стандартын әзірлеуге және енгізуге
-  жалпы  халықты,  сондай-ақ  қатыгездік  қарым-қатынас,  соның  ішінде 
адам саудасы құрбандарын құқықтық ағартуды дамытуға жағдай жасайды. 
Арнайы баяндама Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның құқық қорғау 
қызметі  мен  оның  ӛткен  уақыт  мерзіміндегі  арнайы  зерттеулерінің 
нәтижелеріне  негізделген.  Онда  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
органдарының 
және 
үкіметтік 
емес 
ұйымдары 
мен 
дағдарыстық 
орталықтарының, 
Халықаралық 
кӛші-қон 
ұйымының 
Қазақстандағы 
Ӛкілдігінің,  ҚР-дағы  БҰҰ  Даму  Бағдарламасының  (ПРООН),  Астанадағы 
ЕҚЫҰ  Орталығының,  басқа  да  халықаралық  ұйымдардың  деректері, 
Халықаралық  әлеуметтанушылар  қауымдастығының  (ISA)  тұрақты  мүшесі 
болып  табылатын  тәуелсіз  Қазақстан  әлеуметтанушылары  қауымдастығы 
жүргізген  «Қазақстандағы  адам  құқықтары:  қоғамдық  пікір»  атты 
әлеуметтанулық  зерттеулерінің  нәтижелері,  сондай-ақ  Халықаралық  кӛші-қон 
ұйымы  мен  БҰҰДБ  жүргізген  әлеуметтанулық  зерттеулерінің  нәтижелері 
кеңінен тартылған. 
Баяндамада сондай-ақ Адам құқықтары жӛніндегі комиссия мүшелері мен 
сарапшыларының  денсаулық  сақтау,  әлеуметтік  қорғау,  білім  және  мәдениет 
мекемелерінде,  құрылыс  нысандары  мен  сауда  нүктелерінде,  басқа  ұйымдарда 
болу  нәтижесінде  алынған  мәліметтер;  Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссия 
2000 және 2014 жылдар аралығындағы кезеңде ҚР мемлекеттік органдары мен 
ҮЕҰ-мен,  БҰҰДБ-мен,  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымымен  және  Астанадағы 
ЕҚЫҰ  Орталығымен,  адам  құқықтары  саласындағы  басқа  да  халықаралық 
ұйымдармен  бірлесіп  ӛткізген  халықаралық  конференциялардың,  «дӛңгелек 
үстелдердің»,  семинарлар  мен  тренингтердің  материалдары;  жеке  және  заңды 
тұлғалардың  Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссияға  ӛтініштерін  қорыту  мен 
талдау нәтижелері пайдаланылды. 
Арнайы баяндама кіріспеден, бес бӛлімнен және қорытындыдан тұрады. 
Баяндаманың  құрылымы  үкіметтік  емес  құқық  қорғау  ұйымдары 
(дағдарыстық  орталықтары),  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымы,  ЕҚЫҰ,  БҰҰ 
АҚЖКБ, БҰҰДБ, басқа да халықаралық ұйымдардың тарапынан кӛңіл бӛлінген 
адам саудасы құрбандарының азаматтық (жеке), әлеуметтік, еңбек және мәдени 
құқықтарының сақталуы мәселелерін егжей-тегжейлі қамтиды. 

19 
 
Бірінші  бӛлімде  Қазақстан  Республикасындағы  адам  саудасының  кӛші-
қон  процестері  барысындағы  жалпы  ахуалы  егжей-тегжейлі  талданады,  адам 
саудасының түрлері мен олардың жіктелуі келтіріледі, адам саудасына қарсы іс-
қимыл  саласындағы  заңдылықтың  жай-күйі  мен  адам  құқықтарының  сақталуы 
мәселелері қаралады. 
Екінші  бӛлімде  Қазақстан  Республикасындағы  адам  саудасына  қарсы  іс-
қимылды  нормативтік-құқықтық  реттеу,  адам  саудасына  қарсы  іс-қимылдың 
халықаралық  және  ұлттық  тетіктері,  сондай-ақ  адам  саудасына  қарсы  іс-
қимылдың шетелдік тәжірибесі қаралады. 
Үшінші  бӛлімде  Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссияның  Қазақстанда 
адам  саудасының  алдын  алудың  ӛзекті  мәселелеріне  арналған  мониторингтік 
зерттеулерінің нәтижелері ұсынылған. 
Тӛртінші бӛлімде Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның адам саудасы 
құрбандарын  сәйкестендіру  және  олардың  құқықтарын  қорғау  мәселелеріне 
арналған  арнайы  зерттеулерінің  нәтижелері  ұсынылған.  Дәл  осы  бӛлімде 
әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік 
қарым-қатынастың  болғанын  бағалау  критерийлерін  анықтау  тәртібі, 
қылмыстан  зардап  шеккендерге,  соның  ішінде  адам  саудасы  құрбандарына 
зиянды ӛтеу, адам саудасы құрбандарына ӛтемақы тӛлеу Қорын құру мәселелері 
келтірілген. 
Бесінші  бӛлімде  Қазақстандағы  адам  саудасы  құрбандарына  әлеуметтік 
және құқықтық кӛмек кӛрсету жүйесінің талдамасы келтірілген. Бұған қоса, бұл 
бӛлімде  қатыгездік  қарым-қатынас,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам 
саудасы  құрбандары  үшін  арнайы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетулердің  бірыңғай 
стандартының жобасы ұсынылған. 
Арнайы  баяндаманың  барлық  бӛлімдерінде  адам  саудасына  қарсы  күрес 
саласын,  адам  саудасы  құрбандарының  құқықтарын  мен  бостандықтарын 
қорғауды  реттейтін  ұлттық  заңнаманың  оның  халықаралық  стандарттарға 
сәйкестігі  тұрғысынан  салыстырмалы-құқықтық  талдамасы,  адам  саудасы 
құрбандарының  құқықтарын  қамтамасыз  ету  мен  қорғау  саласындағы  ұлттық 
заңнама  мен  құқық  қолдану  практикасын  жетілдіру  жӛніндегі  қорытындылар 
мен ұсынымдар берілген. 
Баяндаманың 
қорытынды 
бӛлімінде 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің  жанындағы  Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссияның 
Қазақстандағы  адам  саудасына  қарсы  күрес,  адам  саудасы  құрбандарының 
құқықтарын  қамтамасыз  ету  мен  қорғау  жүйесін  жетілдіру  мәселелеріне 
арналған негізгі қорытындылары тұжырымдалған. 
Арнайы баяндамада Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 1 қазандағы 
мерзімге дейінгі қолданыстағы заңнамасы пайдаланылды.
 

20 
 
 
1.1. Адам саудасы ҧғымы, адам саудасының тҥрлері мен олардың жіктемесі 
 
Адам  саудасының  неғұрлым  келісілген  халықаралық  анықтамасы 
Палермо хаттамасы ретінде танымал БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа 
қарсы  конвенциясын  толықтыратын  Адамның,  әсіресе  әйелдер  мен  балалар 
саудасының алдын алу және жолын кесу әрі ол үшін жазалау туралы хаттамада 
берілген.  Бас  Ассамблеяның  2000  жылғы  15  қарашадағы  қарарымен 
қабылданған  және  Қазақстан  Республикасын  қоса  алғанда  150-ден  астам  ел 
ратификациялаған  Палермо  хаттамасы  адам  саудасын  былай  анықтайды: 
«пайдалану мақсатында адамдарды күш қолданамын деп қорқыту немесе оны 
қолдану  немесе  мәжбүрлеудің,  ұрлаудың,  алаяқтықтың,  алдаудың,  билігін 
асыра  пайдаланудың  немесе  жағдайының  осалдығын  пайдаланудың  басқа 
нысандары  арқылы  не  басқа  адамды  бақылайтын  адамның  келісімін  алу  үшін 
төлемдер немесе пайда түрінде параға сатып алу арқылы жүзеге асырылатын 
арбауды,  тасымалдауды,  тапсыруды,  жасыруды  немесе  адамдарды  алуды 
білдіреді». 
Ӛз  кезегінде  кәмелетке  толмағандарды  саудаға  салу  Палермо 
хаттамасында былай сипатталады: «пайдалану мақсаттары үшін баланы арбау, 
тасымалдау,  тапсыру,  жасыру  немесе  алу,  егер  тіптен  3  баптың  (а) 
тармақшасында  көрсетілген  ықпал  ету  құралдарының  кез  келгенін  қолдануға 
байланысты болмаған жағдайларда да «адамдарды сату» деп саналады.  
Хаттамада бӛлек «Хаттаманың 3 бабының (а) тармақшасында айтылған 
адамдарды  сату  құрбанының  жоспарланған  пайдалануға  келісімі,  егер  3-
баптың  (а)  тармақшасында  көрсетілген  ықпал  ету  құралдарының  кез  келгені 
пайдаланылған болса, ол назарға алынбайды» деп кӛрсетілген. 
Хаттамаға  сәйкес  «пайдалануға,  кем  дегенде,  басқа  адамдардың 
жезөкшелігін пайдалану немесе нәпсіқұмарлық пайдаланудың басқа нысандары, 
мәжбүрлі  еңбек  немесе  қызметтер  көрсету,  құлдық  немесе  құлдыққа  ұқсас 
әдет-ғұрыптар, бағынышты жағдай немесе органдарды кесіп алу кіреді».  
Адам саудасының негізгі түрлеріне мыналар жатады: 

 
мәжбүрлі еңбек; 

 
борышкерлік құлдық; 

 
еріксіз үй жұмыстары; 

 
сексуалдық қанау; 

 
мәжбүрлі қайыр сұрау және ӛзге де криминалдық қызмет түрлері; 

 
бала еңбегін қанау; 

 
ағзаларды алу. 
Адам саудасы құрбандарын қанаудың типтік салалары: 

 
құрылыс; 

 
ауыл шаруашылығы; 

 
тӛмен білікті ӛндіріс (мысалға, тігін ӛндірісі); 

21 
 

 
қоғамдық сервис (мысалға, қонақ үйлер, мейрамханалар);  

 
үйді күту қызметін кӛрсету;  

 
кӛңіл-кӛтеру индустриясы және секс-қызмет кӛрсетулер.  
Адам  саудасы  барлық  уақытта  бірдей  халықаралық  шекараны  кесіп  ӛтуді 
білдірмейді  – ол мемлекеттің ішінде де болуы мүмкін. Бұл ретте халықаралық 
шекараны кесіп ӛту заңды да, заңсыз да жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Адам 
саудасының  құрбандарына  тек  шетелдік  азаматтар,  мысалға  еңбекші-
мигранттар ғана емес, сонымен бірге бару елінің азаматтары да айналуы мүмкін. 
Адам  саудасының  құрбандарына  әйелдер  мен  қыздар  ғана  емес,  ерлер  мен  ер 
балалар да айналады. 
 
1.2. Мигранттарды заңсыз алып кіру элементтері 
 
БҰҰ  Мигранттарды  құрлық,  теңіз  және  әуе  жолымен  заңсыз  алып  кіру 
туралы  хаттамасы  халықаралық  қоғамдастықтың  трансұлттық  ұйымдасқан 
қылмыстық  топтармен  және  олардың  адамды  азаптап  пайдаға  кенелетін  және 
үлкен  кіріс  табатын  мигранттар  контрабандасы  жӛніндегі  желілерімен  күресті 
күшейту үшін әзірленген. 
Халықаралық қоғамдастықта танылған «мигранттарды заңсыз алып кіру» 
ұғымы  Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған  БҰҰ  Трансұлттық 
ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы  конвенциясын  толықтыратын  Мигранттарды 
құрлық,  теңіз  және  әуе  жолымен  заңсыз  алып  кіруге  қарсы  хаттамада 
келтірілген. Хаттамаға сәйкес «мигранттарды заңсыз алып кіру» дегеніміз «бұл 
адам  азаматы  немесе  резиденті  болып  табылмайтын  қатысушы  елдің 
аумағына  тікелей  немесе  жанама  қаржылық  немесе  өзге  де  материалдық 
пайда табу мақсатында адамды заңсыз алып кіруді жүзеге асыруды»білдіреді. 
Басқа сӛзбен айтқанда, мигранттарды заңсыз алып кіру немесе мигранттар 
контрабандасы  жәрдемдесуді,  тасымалдауды  немесе  тасымал  жасауға  ниетін, 
немесе  жасырын  немесе  алдап  немесе  жасанды  құжаттарды  пайдаланып 
халықаралық  шекараны  бір  немесе  бірнеше  елдің  заңнамасын  бұза  отырып 
заңсыз кесіп ӛтуді білдіреді. Мигранттарды заңсыз алып кіру немесе мигранттар 
контрабандасы  кӛбінесе  мигранттар  келіскен  жағдайда  қаржылық  немесе 
материалдық пайда табу мақсатында жүзеге асырылады. Дейтұрғанмен, заңсыз 
кіргізілген  мигранттар  басқа  қылмыстардың,  мысалға  егер  мигранттар  келген 
жолының  соңында  еңбек  немесе  сексуалдық  қанауға  ұшыраса,  онда  адамды 
саудаға салу қылмысының құрбандарына айналуы мүмкін. 
 
1.3. Адам саудасының және мигранттарды заңсыз алып кірудің негізгі 
айырмашылықтары мен ҧқсастықтары 
 
Кӛп  жағдайда  практикада  адам  саудасы  мен  мигранттарды  заңсыз  алып 
кіру  ұғымдарын  шатастырады.  Мигранттарды  заңсыз  алып  кіру  және  адамды 
саудаға салу қылмыс болып табылады. Қай жағдайда да адамдар ӛміріне қауіпті 

22 
 
және  адами  қадыр-қасиетін  қорлайтын  жағдайға  тап  болады.  Сонымен  қатар 
адам  саудасы  мен  мигранттарды  заңсыз  алып  кірудің  арасында  айтарлықтай 
айырмашылықтар  бар.  Адам  саудасы  мен  мигранттарды  заңсыз  алып  кірудің 
арасындағы кейбір айырмашылықтар №1 кестеде келтірілген. 
№1 кесте
29
 
Адам саудасы 
Мигранттарды  заңсыз  алып  кіру 
немесе адамдар контрабандасы 
Міндетті  түрде  алдау,  мәжбүрлеу 
немесе  күш  қолдану  элементтері 
болады 
Заңсыз 
кіргізілген 
адамдар 
контрабандашылармен  ерікті  түрде 
ынтымақтасады 
Адам саудасы құрбандарын қанау 
Қанау  немесе  мәжбүрлеу  фактілері 
жоқ 
Адам  саудасынан  зардап  шеккен 
адамдар құрбандар болып табылады 
Заңсыз  кіргізілген  адамдар  қылмысқа 
қатысушылар болып табылады (алайда 
олар  заңсыз  кіргізілген  жағдайларға 
қарай құрбандарға айналуы мүмкін) 
Адам 
саудасының 
құрбандарын 
оқшаулайды,  олардың  жүріп-тұруы 
шектелген,  олардың  құжаттарын  алып 
қойған 
Заңсыз  кіргізілген  адамдар  еркін 
жүріп-тұрады, 
жұмыс 
орнын 
ауыстырады және т.б.  
Халықаралық  шекараны  кесіп  ӛту 
міндетті емес 
Мемлекеттік  шекараларды  кесіп  ӛту 
міндетті 
 
Адам  саудасы  мен  мигранттарды  заңсыз  алып  кірудің  арасындағы 
айтарлықтай  айырмашылықтарға  қарамастан  бұл  қылмыстарда  ұқсастық  бар. 
Бірінші  кезекте  екі  қылмысты  олардың  адамдарды  заңсыз  тартатын  тиімді 
заңсыз бизнес болып табылатындығы біріктіреді. Екінші кезекте екі қылмысты 
да кӛбінесе ұйымдасқан криминалдық топтар жүзеге асырады. 
Адам  саудасының  құрбаны  процеске  заңсыз  алып  кіргізілген  мигрант 
ретінде  де  тартылуы  мүмкін  екенін  тағы  да  атап  ӛту  қажет.  Алайда  апаратын 
елге  келген  соң  қылмыскерлер  заңсыз  кіргізілетін  мигранттарды  бақылауын 
жалғастырып,  оларды  еріктеріне  қарсы  әртүрлі  жұмыстар  істеуге  мәжбүрлеуі 
мүмкін.  Мұндай  жағдайлар  мигранттарды  заңсыз  алып  кіру  фактісі  болуын 
тоқтатып,  адам  саудасы  фактілеріне  айналады.  Мысал  ретінде  Мексика 
азаматтарын АҚШ аумағына заңсыз алып кіру мысалын келтіруге болады, онда 
әрі  қарай  олардың  осал  тұстарын  пайдаланып,  қылмыскерлер  АҚШ-қа  келген 
соң оларды мәжбүрлі еңбекке сатады. 
 
                                                 
29
Ұсынылып  отырған  кесте  мигранттарды  заңсыз  алып  кіру  (адамдар  контрабандасы)  мен  адам  саудасы 
арасындағы  нақты  заңдық  айырмашылықты  бермейді  және  бұл  тек  кейбір  айырмашылықтарды  кӛрсету  үшін 
берілген.  
 

23 
 
1.4. Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықтың жай-кҥйі 
туралы және Қазақстандағы адам қҧқықтарының сақталуы мәселелері 
 
Қазақстан Республикасында келу ережелерін бұзған адамдарды айқындау 
жӛніндегі  жедел-профилактикалық  іс-шараларды ӛткізу  барысында  тәжірибеде 
ішкі  істер  органдары  бірінші  кезекте  оларды  әлеуетті  адам  саудасы 
құрбандарының  емес,  кӛші-қондық  заңнаманың  бұзушылары  ретінде 
қарастырады.  
Аталған  санаттағы  қылмыстарды  барынша  тиімді  айқындау  үшін 
жезӛкшелік  пен  Қазақстан  Республикасының  аумағына  келу  ережелерінің 
бұзылу  фактілері  бойынша  қосымша  тергеулер  жүргізу  және  адам  саудасы 
қылмысының белгілерін анықтау үшін зерделеу қажет. 
Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  мәліметтері  бойынша  адам  саудасы 
құрбандары кӛмек алу үшін кӛбінесе ұйымға полиция, үкіметтік емес ұйымдар, 
ӛзге  елдердегі  кӛші-қон  жӛніндегі  халықаралық  ұйымның  ӛкілдіктерін  қоса 
отырып,  халықаралық  ұйымдар,  елшіліктер  және  11616  сенім  телефонына 
хабарласу арқылы қайта бағытталады. 
2012  жылы  ҚР  ІІМ  және  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымы  арасында 
барынша  тығыз  ӛзара  іс-қимылды  (ақпаратпен  алмасу,  профилактикалық 
шараларды  ӛткізу)  жолға  қоюға  мүмкіндік  беретін  Адам  саудасына  қарсы  іс-
қимыл  саласындағы  ынтымақтастық  туралы  меморандумға  қол  қойылды.  Бұл 
ретте  ішкі  істер  органдары  қылмыстық  процеске  қатысушы  адамдардың 
қауіпсіздігі туралы заңнаманы кеңінен қолданған жӛн.  
Прокуратура  органдары  Қазақстанда  тіркелген  бірқатар  халықаралық 
ұйымдармен  белсене  ынтымақтастық  жүргізуде,  біліктілікті  арттыру 
семинарлары  мен  курстардың  жұмысына  қатысу  үшін  халықаралық 
сарапшыларды тарту жӛнінде жұмыс жолға қойылған.  
2014 жылы ҚР Бас прокуратурасы заңсыз кӛші-қон және адам саудасына 
қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасады, ол да 
бұдан әрі ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.  
Адам  саудасы  –айқындау  мен  тергеудің  ерекше  әдістемесін  талап  ететін 
қылмыстың айтарлықтай айрықша түрі. 
Соттардың бұл санаттағы істерді қарау туралы статистикалық деректерді 
талдау  (№2  кестені  қараңыз)  ҚК  271-бабында  кӛрсетілген  қылмыстар  жиі 
жасалынатынын  кӛрсетіп  отыр  (Жезөкшелiкпен  айналысуға  арналған 
притондар ұйымдастыру  немесе  ұстау  және  жеңгетайлық).  Нақты 
қылмыстық  істерді  талдау  кӛрсетіп  отырғандай,  кӛп  жағдайларда  бұл  санатта 
қарастырылатын  барлық  қылмыстар  притондарда  сексуалдық  пайдалану  және 
жеңгетайлық үшін әйелдерге қатысты жасалынады. 
Мәселен,  2013  жылғы  17  маусымдағы  Ақмола  облысының  Кӛкшетау 
қалалық  сотының  үкімімен  Тиесова  Р.  ҚР  ҚК  271-бабы  бойынша  кінәлі  деп 
танылды және 500 ЕАК айыппұл тӛлеу жазасымен сотталды.  

24 
 
Адам  саудасына  қатысты  қылмыстық  іс  бойынша  бұл  қылмысқа 
жауапкершілікті 
белгілейтін 
қылмыстық 
заңның 
арнайы 
нормасы 
қолданылмайтын мысалдар бар. 
Балжанов  пен  Искендироваға  қатысты  қылмыстық  іс  бойынша  ҚК  128 
бабында(Адамды  саудаға  салу)  кӛрсетілген  олардың  іс-әрекеттерінде  қылмыс 
құрамының  айқын  белгілеріне  қарамастан,  айып  тағылмаған,  олардың  іс-
әрекеттері  жезӛкшелікпен  айналысу  үшін  притондарды  ұйымдастыру  және 
пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру тәрізді анықталған.   
Қылмыстық статистикада ұйымдасқан топтар жасайтын қылмыстардың аз 
бӛлігі ғана кӛрсетіледі. Мұндай топтардың қылмыстары қылмыстық істерде бір 
немесе  аз  адамдардың  жеке  қылмыстары  ретінде  беріледі.  Криминологтардың 
айтуынша,  қылмыстардың  латенттілік  деңгейі  70%  құраса,  ұйымдасқан  топтар 
жасаған қылмыстардың латенттілігі 100% жетеді. 
Қылмыстың бұл және басқа белгілері бұл санаттағы істерде де қандай да 
бір деңгейде кӛрініс табады. Қылмыстық істерді зерттеу кӛрсеткендей, құлдық 
және  адамды  пайдалану  кӛріністерінің  факті  орын  алады  (мәжбүрлі  еңбекке 
және жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу). Бұл қылмыстардың кӛбісі әлі де 
жасырын қалуда.  
Аталған  санаттағы  қылмыстық  істердің  үкімдерін  зерттеу  болжамды 
тергеу  органдары  қауіпті  қылмыстардың  бұл  түрімен  күресуде  қолданыстағы 
заңнаманың мүмкіндіктерін толық қолданбайтынын кӛрсетті.  
Атап 
айтқанда, 
жеткіліксіздік 
ретінде 
қылмыстық 
тергеу 
органдарытарапынан  ұйымдасқан  топтың  қылмыстық  әрекет  жасауы  тәрізді 
сипаттамасы ҚР ҚК баптарында есепке алынбауын айтуға болады. 
Негізінен  адам  саудасымен  (ҚР  ҚК  128-бабы),  адамның  бостандығын 
шектеумен немесе ұрлаумен (ҚР ҚК 125, 126-баптары) байланысты қылмыстар 
үшін  соттарғандарға  бас  бостандығынан  айыру  жазылады.  Заңда  кӛрсетілген 
жағдайларда үкімді орындауды кейінге қалдыру қолданылған.  
Жасалған  қылмыстар  туралы  хабарламалар  негізінен  жәбірленушілерден 
және олардың туысқандарынан, кейбір жағдайларда бӛгде адамдардан түскен.  
Бұл санаттағы қылмыстардың құрбандары ӛздері құқық бұзушылар болып 
табылатын заңсыз мигранттар жиі болып табылады.  
Шекарадан  заңсыз  ӛту,  заңсыз  келу,  жасанды  құжаттарды  қолдану 
қылмыстық  жауаптылыққа  тартудан  қорқатындықтан  оларға  құқық  қорғау 
органдарына жүгінуге мүмкіндік бермейді, олардың қылмыстардың құрбандары 
болу процесін жеңілдетеді.  
Осыған  орай,  бұл  баптарға  қатысты  қылмыстарды  айқындауда  күдікті  
адам саудасы құрбаны болып табыла ма, оның құқыққа қарсы әрекеттері оның 
адам  саудасына  тәуелділігінің  салдары  болып  табылмай  ма  соны  айқындау 
қажет.  
Осылайша,  қылмыстардың  талданып  жатқан  түрін  саралауда  бұл 
әрекеттерді  жасаушы  қылмыстық  топтардың  ұйымдасқан  сипатына,  тиісті 

25 
 
жағдайларда  кінәлілердің  әрекеттерін  ұйымдасқан  топтардың  қылмыс  жасау 
белгісіне қарай саралауға мән беру қажет.  
№2 кесте 
2011-2013 жылдары және 2014 жылдың 9 айы ішіндегі ҚР ҚК 113, 125, 126, 128, 132-1, 133, 270, 271 
баптары бойынша тіркелген қылмыстар туралы статистикалық мәліметтер  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал