Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет2/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Шығу  елі  -  кӛші-қон  легінің  (заңды  немесе  заңсыз)  қайнар  кӛзі  болып 
табылатын ел
18

«Транзит  ел»кӛші-қон  легі  (заңды  немесе  заңсыз)  жүретін  елді 
білдіреді
19

«Адам  саудасы  қҧрбандарын  сәйкестендіру»  -  Құрбандарды  айқындау 
шешуші  мәнге  ие  және  кӛбінесе  тереңделген  тергеулер  жүргізуді  талап  ететін 
шетін мәселе. Адам саудасы құрбанын айқындау міндетін лайықсыз іске асыру 
оның негізгі құқықтарының бұзылуына алып келуі және адам саудасына кінәлі 
адамдарды жауапқа тарту үшін қажетті куәгерлік жауаптардың салдарын жоюы 
мүмкін
20

«Оңалтуға және ойлануға арналған кезең» («бағдарлық кезең» ретінде 
де белгілі) адамға ол құрбан болып табылады деп ойлауға ақылға қонымды негіз 
бар болған жағдайда оңалу және ойлану үшін берілетін  ұзақтығы 30 күннен кем 
емес  кезең.  Бұл  кезең  адамның  саудаға  салушылармен  байланыстан  қаша 
отырып  оңалтудан  ӛту  мүмкіндігін  алуы  үшін  және/немесе  құзырлы 
органдармен  ынтымақтастық  туралы  негізделген  шешім  қабылдай  алуы  үшін 
жеткілікті  болуға  тиіс.  Бұл  кезеңнің  ішінде  оған  қатысты  оны  елден  шығару 
жӛніндегі ешқандай шаралар қолданылуы мүмкін емес
21

«Реттелетін  кӛші-қон»  -  мойындалған  заңды  арналар  арқылы  болатын 
кӛші-қон
22

Реттелмейтін  кӛші-қон  –  жӛнелту  елінің,  транзиттік  және  қабылдаушы 
елдердің  реттеуші  нормаларынан  тыс  болатын  жүріп-тұру.  Реттелмейтін  кӛші-
қонның  нақты  немесе  жалпыға  ортақ  қабылданған  анықтамасы  жоқ.  Бару  елі 
тұрғысынан  –  бұл  заңсыз  кіру,  осы  елде  болу  немесе  жұмыс  істеу.  Бұл 
мигранттың  иммиграция  заңнамасына  сәйкес  осы  елге  кіруге,  онда  тұруға 
немесе жұмыс істеуге қажетті рұқсаты немесе құжаттары жоқ дегенді білдіреді. 
Шығу  елі  тұрғысынан  мысалы,  адам  халықаралық  шекарадан  тӛлқұжатсыз 
немесе  жол  жүру  құжатынсыз,  не  осы  елден  шығуға  қойылатын  әкімшілік 
талаптарды  сақтамай  ӛткен  жағдайлар  заңсыз  болып  табылады.  «Заңсыз  кӛші-
қон» терминінің пайдаланылуын шектеу және оны мигранттарды заңсыз әкелу 
мен адамдар саудасына қатысы болғанда ғана қолдану беталысы орын алады
23

                                                 
16
Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық 
конвенцияның 2-бабы, 1990 ж. 
17
 Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 
18
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 
19
 Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 
20
 Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясы, 10 бап, 2005 ж. 
21
 Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясы, 13 бап, 2005 ж. 
22
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 
23
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 


 
2011  жылғы  22  маусымдағы  Қазақстан  Республикасының 
«Халықтың кӛші-қоны туралы» Заңына сәйкес: 
кӛшіп-қонушысебебі 
мен 
ұзақтығына 
қарамастан, 
Қазақстан 
Республикасына  келген  және  Қазақстан  Республикасынан  кеткен,  сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам болып табылады
кӛші-қон  –  жеке  тұлғалардың  бір  мемлекеттен  екінші  мемлекетке, 
сондай-ақ  мемлекет  ішінде  тұрақты  немесе  уақытша,  ерікті  түрде  немесе 
мәжбүрлі түрде қоныс аударуы; 
еңбек кӛші-қоны – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың 
басқа 
мемлекеттерден 
Қазақстан 
Республикасына 
және 
Қазақстан 
Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы
заңсыз кӛшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың 
келу  және  болу  тәртібін  реттейтін  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын, 
сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  аумағы  арқылы  транзитті  жолжүруді 
бұза 
отырып, 
Қазақстан 
Республикасына 
келуі 
және 
Қазақстан 
Республикасында болуы; 
заңсыз  кӛшіп  келуші  –  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  бұза 
отырып,  Қазақстан  Республикасына  келген  және  Қазақстан  Республикасында 
болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам
кӛшіп  келу  –  шетелдіктердің  немесе  азаматтығы  жоқ  адамдардың 
Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі; 
кӛшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру 
үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 
тҧрақты  тҧруға  арналған  рҧқсат  –  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасындабелгіленген  талаптарды  сақтаған  кезде  кӛшіп  келушілерге  ішкі 
істер  органдары  беретін  және  оларға  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
тұрақты тұру құқығын беретін құжат; 
уақытша 
тҧруға 
арналған 
рҧқсат 
(тіркеу) 
– 
Қазақстан 
Республикасының  заңнамасындабелгіленген  талаптарды  сақтаған  кезде  кӛшіп 
келушілерге  ішкі  істер  органдары  беретін  және  болу  мақсатына  қарай  оларға 
Қазақстан  Республикасының  аумағында  белгілі  бір  мерзімге  тұру  құқығын 
беретін құжат; 
халықтың кӛші-қоны мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган – кӛші-қон 
процестерін  реттеуді  және  халықтың  кӛші-қоны  саласындағы  жұмысты 
үйлестіруді ӛз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган; 
шетелдік  қызметкерге  жҧмысқа  орналасуға  берілетін  рҧқсат  – 
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  айқындайтын  адамдардың  тізбесіне 
кіретін шетелдік қызметкерге Қазақстан Республикасында ӛз бетінше жұмысқа 
орналасу үшін халықтың кӛші-қон мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган бӛлген 
квота шегінде жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат; 
ішкі  кӛші-қон  –  жеке  тұлғалардың  Қазақстан  Республикасының  ішінде 
тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы; 

10 
 
ішкі кӛшіп-қонушы  – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс 
аударушы  немесе  Қазақстан  Республикасының  ішінде  ӛз  бетінше  қоныс 
аударушы адам; 
этникалық  кӛшіп-қонушы  –  шетелде  тұрақты  тұратын  ұлты  қазақ 
шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам. 
2008  жылғы  29  желтоқсандағы  Қазақстан  Республикасының 
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына сәйкес: 
арнаулы әлеуметтік қызметтер - ӛмірлік қиын жағдайда жүрген адамға 
(отбасына)  туындаған  әлеуметтік  проблемаларды  еңсеру  үшін  жағдайларды 
қамтамасыз ететін және оның қоғам ӛміріне қатысуына басқа азаматтармен тең 
мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені; 
 
арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  кӛрсететін  субъектілер  -  арнаулы 
әлеуметтік  қызметтер  кӛрсету  жӛніндегі  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 
секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар
 
арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  кӛрсету  стандарттары-  арнаулы 
әлеуметтік  қызметтер  кӛрсету  сапасын,  кӛлемін  және  шарттарын  белгілейтін 
нормативтік құқықтық актілер; 
әлеуметтік  бейімсіздік  -  жеке  адамның  әлеуметтік  ортамен  ӛзара 
байланысының бұзылуы; 
әлеуметтік  депривация  -  адамның  (отбасының)  негізгі  ӛмірлік 
қажеттіліктерін  ӛз  бетінше  қанағаттандыру  мүмкіндігін  шектеу  және  (немесе) 
одан айрылу; 
 
әлеуметтік  қызметкер  -  арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  кӛрсететін және 
(немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды 
жүзеге  асыратын,  белгіленгенталаптарғасәйкес  келетін  қажетті  біліктілігі  бар 
қызметкер; 
 
әлеуметтік  орта  -  адамның  (отбасының)  ӛмір  сүруінің,  қалыптасуы  мен 
қызмет  атқаруының  материалдық,  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси  және 
рухани жағдайларының жиынтығы; 
ӛмірлік  қиын  жағдай  -  адамның  тыныс-тіршілігін  объективті  түрде 
бұзатын,  ол  оны  ӛз  бетінше  еңсере  алмайтын,  осы  Заңда  кӛзделген  негіздер 
бойынша танылған ахуал. 
 
I БӚЛІМ. ӘЛЕМДЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 
КӚШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІ БАРЫСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ 
АХУАЛЫН ТАЛДАУ
 
Кіріспе
 
 
Адам саудасы елеулі трансұлттық қылмыс және адамның құқықтары мен 
бостандығын  ӛрескел  бұзу  болып  табылады.  Адам  саудасы  –  бұл  барша 
адамзаттың  проблемасы,  ол  қандай  да  бір  дәрежеде  әлемнің  әрбір  еліне 
қатысты, ұлттық қауіпсіздікке және мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына 

11 
 
қатер тӛндіріп, азаматтардың ӛмірі мен әл-ауқатына нақты қауіп тудыруда. 
Жыл сайын жүздеген мың ерлер, әйелдер мен балалар ӛз елдерінде және 
шетелдерде  адам  саудасының  құрбандарына  айналады.  Адам  саудасының 
құрбандары қанаудың мәжбүрлі еңбекті, сексуалдық қанауды, құлдықты немесе 
құлдыққа  ұқсас  әдет-ғұрыптарды,  еріксіздік  жағдайы  мен  ағзаларын  алып 
қоюды қоса алғандағы әрқилы түрлеріне ұшырайды. 
Адам  саудасына  жағдай  жасайтын  факторлар  әр  қилы  және  бір  елде 
екінші  елден  ерекше.  Алайда  әмбебап  себептер  бар,  олардың  ішінде  кедейлік, 
экономикалық  және  әлеуметтік  теңсіздік,  сыбайлас  жемқорлық,  саяси 
тұрақсыздық,  адам  құқықтарының  сақталмауы,  әлеуетті  құрбандардың  тұрған 
елінде  мүмкіндігі  жоқ  болуынан  жұмыс  іздеп  кӛшіп-қонуы  бар.  Адам 
саудасының ӛркендеуіне жағдай жасайтын елеулі фактор арзан жұмысшы күші 
мен  ақылы  жыныстық  қызмет  кӛрсетулерге  сұраныстың  болуы  болып 
табылатынын атап ӛту маңызды. 
Қазіргі  уақытта  дүние  жүзіндегі  адам  саудасы  құрбандарының  жалпы 
саны бойынша дәл бағасы жоқ. Бұл бірінші кезекте адам саудасы фактілерінің 
барлық фактілері бірдей елдердің ресми қылмыстық-құқықтық статистикасына 
кіре  бермейтінімен  байланысты,  ӛйткені  адам  саудасы  ӛз  сипаты  бойынша 
жасырын  қылмыс  болып  табылады  және  адам  саудасының  құрбандары  құқық 
қорғау  жүйесіне  сенімсіздік  таныта  отырып,  не  болмаса  елеулі  қылмыстың 
құрбаны  болғанын  толық  түсіне  алмай  адамды  саудаға  салушылар  тарапынан 
қудалаудан  қорқып  оларға  қатысты  жасалған  қылмыстық  әрекеттер  туралы 
барлық уақытта бірдей хабарлай бермейді. 
Әлемде  адам  саудасына  қатысты  жаһандық  ахуалдың  әртүрлі  жуық 
бағалары бар. 
2014  жылы  жарияланған  БҰҰ  Есірткі  және  қылмыс  жӛніндегі 
басқармасының  адам  саудасы  туралы  Дүниежүзілік  баяндамасы  кӛрсеткендей, 
әлемде  балалар,  әйелдер  мен  ерлер  адам  саудасынан  қорғалған  жер  жоқ.  БҰҰ 
ЕҚБ-на  ұлттық  биліктер  ұсынған  ресми  деректер  адам  саудасының  тек 
анықталған  жағдайларын  ғана  кӛрсетеді.  Қазіргі  заманғы  құлдықтың  ауқымы 
анағұрлым  кӛп  екені  айдан  анық.  Сондай-ақ  баяндамада  адам  саудасының 
белгілі  құрбандарының  әрбір  үшіншісі  –  бала  екені  айтылады,  яғни  2007-2010 
жылдармен  салыстырғанда  құрбан  болған  балалар  санының  артуы  байқалады. 
Құрбан  болған  балалардың  үштен  екісі  –  қыздар,  олар  әйелдермен  бірге  бүкіл 
дүние жүзіндегі айқындалған адам саудасы құрбандарының жалпы кӛлемінің 70 
пайызын құрайды
24

«Пайда  және  кедейлік:  мәжбүрлі  еңбек  экономикасы»  атты  баяндамада 
ұсынылған  Халықаралық  еңбек  ұйымының  бағалауы  бойынша  қазіргі  таңда 
әлемде  мәжбүрлі  еңбек  есебінен  алынған  заңсыз  пайда  жылына  150  миллиард 
                                                 
24
БҰҰ Есірткі және қылмыс жӛніндегі басқармасының адам саудасы туралы Дүниежүзілік баяндамасы, 2014 ж., 
http://www.unodc.org/documents/human-trafficking/2014/GLOTIP_2014_full_report.pdf 

12 
 
долларды  құрайды  және  еріксіз  жұмыстарға  шамамен  21  миллион  адам 
жұмылдырылған
25
.  
Еуроодақтың статистикалық қызметі 2014 жылы жариялаған адам саудасы 
жӛніндегі деректерге сәйкес Еуропалық Одаққа қатысушы 28 елдің аумағында 
2010-2012  жылдары  30146  адам  саудасының  құрбаны  және  адам  саудасы  үшін 
қылмыстық қудалаудың 8551 фактісі тіркелген
26
.  
ЮНИСЕФ-тің  мәліметтері  бойынша  жыл  сайын  дүние  жүзінде  1,2 
миллиондай  бала  адам  саудасының  құрбаны  болады.  Кӛп  миллиондық  бизнес 
болып  табылатын  бұл  сауда  балаларды  денелік  және  жыныстық  зорлық-
зомбылыққа және ауыр эмоциялық күйзеліске ұшыратады
27

2014  жылдың  соңында  Walk  Free  Foundation  (WFF)  қазіргі  заманғы 
құлдық  пен  адам  саудасына  қарсы  жаһандық  қозғалысының  баяндамасы 
жарияланды, онда дүние жүзінде 35 миллионнан астам адамның қазіргі заманғы 
құлдық  нысанының  тұзағына  ілінгені  хабарланады  және  мәжбүрлі  еңбектің, 
адам саудасының, мәжбүрлі некенің, қарыздық кіріптарлық және коммерциялық 
сексуалдық  қанаудың  кең  тарағаны  атап  ӛтілген.  Жыл  сайын  WFF  Жаһандық 
құлдық индексін жариялап отырады, соған сәйкес 2014 жылы Қазақстан әлемнің 
167  елінің  ішінен  93  орынды  иеленеді  (бір  жыл  бұрын  162  елдің  ішіндегі  85 
орында болған). WFF есептеуі бойынша 2014 жылы адам саудасының мәжбүрлі 
еңбекті  қоса  алғандағы  барлық  нысандарының  орбитасына  тартылғандар  саны 
58791 адамды құраған
28

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасы  адам  саудасы  құрбандарының 
баратын елі, шыққан елі және транзит елі болып табылады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ӛзінің 2012 
жылғы  14  желтоқсандағы  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы:  қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында он 
жаһандық  сын-қатерлерді  атап  кӛрсетті.  Екінші  сын-қатер  –  бұл  жаһандық 
демографиялық  теңгерімсіздік,  ол  күн  сайын  ӛткірленіп,  жаңа  кӛші-қон 
толқынын  қалыптастырады  және  бүкіл  әлем  бойынша  әлеуметтік  шиеленісті 
күшейтеді.  Кӛптеген  елдердегі  туудың  тӛмендігі  мен  адамзаттың  егделенуі 
еңбек  нарығындағы  проблемаларды,  ішінара  алғанда,  еңбек  ресурсының 
жетіспеуін арандатады. 
Президент  мемлекеттің  жыныстық  құлдықтың  әбден  асқынған 
жағдайларының,  әйелге  тауар  ретінде  қараудың  қатаң  жолын  кесуге,  әйелдер 
мен  балаларға  қатысты  кез  келген  зорлық-зомбылықтың  жолын  кесуге 
тиіс  екенін  ерекше  атап  ӛтті  және  әйелдер  мен  балаларға  бағытталған 
                                                 
25
ДСҰ-ның 
«Пайда 
және 
кедейлік: 
мәжбүрлі 
еңбек 
экономикасы» 
баяндамасы, 
2014 
ж., 
http://www.un.org/russian/news/story.asp?NewsID=21671 
26
«Адам саудасы» Еуростат статистикалық  баяндамасы,  2014 ж. баспа,  http://ec.europa.eu/dgs/home-affairs/what-
is-new/news/news/docs/20141017_working_paper_on_statistics_on_trafficking_in_human_beings_en.pdf 
27
Балалардың  тәуекелді  мінез-құлыққа,  жыныстық  қанаушылыққа  және  Қазақстандағы  адам  саудасына 
осалдығын  бағалау,  Қазақстан  Республикасындағы  БҰҰ  (ЮНИСЕФ)  Балалар  қоры,  2014  ж., 
http://www.unicef.kz/files/00001023.pdf?sid=76us8c2h287k1e 
28
Жаһандық құлдық индексі,Walk Free Foundation қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасына қарсы жаһандық 
қозғалыстың баяндамасы, 2014 ж.,  http://www.globalslaveryindex.org/ 

13 
 
қылмыстар,  соның  ішінде  адам  саудасы  ҥшін  жазаны  қатайту  бӛлігінде 
заңнаманы жетілдіру жӛнінде тапсырма берді. 
Айқындалған  және  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымынан  кӛмек  алған  адам 
саудасының  құрбандары  бойынша  статистикалық  мәліметтерге  сәйкес  2004-
2014  жылдары  Қазақстан  Республикасының  аумағында  1159  адам  саудасының 
құрбаны тіркелген.  
Қазақстанның  географиялық  орналасуы  мен  экономикасының  дамуы 
қарқынына орай еліміз кӛршілес Орталық Азия мемлекеттерінің жұмыс іздеген 
және кӛбінесе адам саудасының құрбанына айналатын азаматтары үшін келуге 
тартымды  жер  болып  табылады.  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының 
мәліметтеріне  сәйкес  шетел  азаматтарының  ішінде  республика  аумағындағы 
адам  саудасының  құрбандары  кӛбінесе  Ӛзбекстанның,  Тәжікстанның  және 
Қырғызстанның  азаматтары  болып  табылады.  Алайда  Халықаралық  кӛші-қон 
ұйымы сондай-ақ Қазақстан аумағында Ресей, Қытай, Моңғолия, Беларусь және 
басқа мемлекеттер азаматтарының қаналуы фактілерін тіркеген. 
Ішкі адам саудасының ӛскелең проблемасына ерекше кӛңіл бӛлу қажет, ол 
Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  мәліметтеріне  сәйкес  бүгінгі  таңда 
айқындалған  және  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  бағдарламалары 
шеңберінде кӛмек алған адам саудасы құрбандарының 40% құрайды. 
Бұл ретте Қазақстан әлі де Ресей, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері 
сияқты  елдерге  алып  шығатын  адам  саудасы  құрбандарының  шығу  елі  болып 
қалуда.  Ӛткен  жылдардағы  мәліметтер  сол  сияқты  адам  саудасы 
құрбандарының  Қазақстаннан  Грекияға,  Оңтүстік  Кореяға,  Францияға, 
Италияға,  Португалияға,  Бельгияға,  Израильге  және  басқа  елдерге 
шығарылғанын кӛрсетеді. 
Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  Қазақстан  Республикасы  жӛніндегі 
статистикасы айқындалған әйелдер мен қыздардың саны айқындалған ерлер мен 
ұл  балалардың  санынан  20%  артық  екенін  кӛрсетеді,  алайда  еңбекпен  қанау 
мақсатындағы  адам  саудасының  деңгейі  соңғы  жылдары  жыныстық  қанау 
мақсатындағы  адам  саудасы  деңгейінен  жоғары.  Адам  саудасының  әрбір 
жетінші құрбаны кәмелетке толмаған қыз екені маңызды. 
ҚР  Бас  прокуратурасының  мәліметтері  бойынша  Қазақстанда  адам 
саудасымен  байланысты  қылмыстар  саны  жыл  сайын  ӛсіп  келеді. 
Статистикалық  деректерге  сәйкес,  2012  жылы  ҚР-да  267  адам  саудасымен 
байланысты  қылмыс  тіркелсе,  2013  жылы  –  350  қылмыс,  ал  2014  жылдың 
алғашқы  9  айында  –  262  қылмыс  тіркелген.  Ұқсас  қылмыс  жасағаны  үшін 
сотталған  адамдар  саны  да  ӛсу  үстінде:  2012  жылы  116  адам  сотталса,  2013 
жылы – 166, ал 2014 жылдың алғашқы 9 айында – 134 адам сотталған. 
Қазақстан  Республикасындағы  адам  саудасының  пайда  болуының  негізгі 
себептері мыналар болып табылады: 
– Қазақстанға адам саудасы құрбандары үшін шығу, транзит және бару елі 
болуға  мүмкіндік  беретін  елдің  географиялық  орналасуы,  сондай-ақ  әкімшілік 
орталықтардың шалғайлығы және жалпы облыстық аумақтардың ауқымы

14 
 
–  елдегі  және  жалпы  ӛңірлердегі  кӛлік  коммуникацияларының 
дамығандығы; 
– кӛрші мемлекеттермен визасыз режим; 
– шығу елдеріндегі, сондай-ақ ауылды ӛңірлердегі жұмыссыздық; 
–  құрылыс  пен  ауыл  шаруашылығы  және  ақылы  жыныстық  қызмет 
кӛрсетулер үшін Қазақстанда арзан жұмысшы күшіне сұраныстың болуы; 
–  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл  саласындағы  құқық  қолдану 
практикасының жетілдірілмеуі; 
–  адам  саудасына  қарсы  іс-қимылға  жұмылдырылған  мемлекеттік 
органдардағы сыбайлас жемқорлық фактілері
–  құқық  қорғау  органдарында  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл 
саласындағы ҮЕҰ-мен қалыптасқан үйлестірудің жоқтығы; 
– құқық қорғау органдарының адам саудасына қарсы күрес мәселелерімен 
айналысатын  жекелеген  қызметкерлерінің  тӛмен  біліктілік  деңгейі,  соның 
ішінде кадрларды жиі ротациялау себебі. 
Адам  саудасына  қарсы  іс-қимылдағы  «үш  П»  (ағылшыншадан,  «3Ps»
парадигмасына:  адам  саудасының  алдын  алуға  (Prevention),  адам  саудасының 
құрбандарына  кӛмектесуге  және  қорғауға  (Protection),  адамды  саудаға 
салушыларды  қудалауға  (Procecution)  негізделген  халықаралық  ұстаным  адам 
саудасымен күресу үшін бүкіл әлемде үкіметтер пайдаланатын негізгі ұстаным 
болуын  жалғастыруда.  «Тӛртінші  П»  –  әріптестік  (Partnership)  «үш  П» 
негізделген  адам  саудасына  қарсы  күрес  жӛніндегі  кешенді  күш  салуды  іске 
асырудағы прогреске қол жеткізу үшін қажет. 
Адам  саудасының  алдын  алу,  яғни  жұртшылықтың  адам  саудасының 
қатерлері туралы хабардар болуын кӛтеру жӛніндегі науқандарда қабылданатын 
профилактикалық  шаралар  адам  саудасымен  күресте  маңызды  компоненттер 
болып табылады. Адам саудасының алдын алу сондай-ақ кӛші-қон және еңбек 
қатынастарын  реттеу  саласындағы  заңнаманы  жетілдіру,  әлеуметтік 
жауапкершілікті  арттыру  және  бизнес  жүргізудің  жоғары  этикалық 
стандарттарын енгізу, арзан жұмыс күшіне сұранысты тӛмендету арқылы адам 
саудасының  алдын  алуға  бағытталған  заңнама  қабылдау  жӛніндегі  шараларды 
да білдіруі мүмкін. 
Қазақстан  Республикасында  адам  саудасының  алдын  алу  шаралары 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  Адам  саудасына  байланысты  қылмысқа 
қарсы  күрес,  оны  болдырмау  және  алдын  алу  жӛніндегі  2012-2014  жылдарға 
арналған  іс-шаралар  жоспарында  анықталған.  Бұл  жұмысты  негізінен  адам 
саудасына  қарсы  іс-қимыл  саласында  жұмыс  істейтін  қоғамдық  ұйымдар  мен 
құқық  қорғау  органдары  адам  саудасының  проблемаларын  БАҚ-тар  жариялау, 
тәуекелді  топтар  арасында  ақпараттық  науқан  жүргізу,  ҚР  ІІМ,  Халықаралық 
кӛші-қон  ұйымының  және  «Қазақстанның  дағдарыстық  орталықтары  одағы» 
ЗТБ  қолдауымен  11616  республикалық  сенім  телефонының  жұмыс  істеуін 
қолдау  арқылы  жүргізеді.  Алайда  ақпараттық  науқандарды  қаржыландыру 
қысқа  мерзімді  сипатқа  ие  және  республиканың  барлық  облыстарында  бірдей 

15 
 
бӛліне  бермейді,  сенім  телефонын  қолдау  негізінен  Халықаралық  кӛші-қон 
ұйымының  қаражаты  есебінен  жүзеге  асырылады.  Сондай-ақ  қазіргі  уақытта 
арзан  жұмысшы  күшіне  сұранысты  тӛмендету  үшін  қабылданып  жатқан 
шаралар жеткіліксіз. 
Адам  саудасы  қҧрбандарына  кӛмек  және  оларды  қорғау  –  бұл  адам 
саудасымен күрестегі екінші маңызды компонент. Адам саудасы құрбандарына 
кӛмек  және  оларды  қорғау  адам  саудасы  құрбандарының  мүдделерін  ескере 
отырып  және  одан  әрі  қауіпсіз  әрі  жемісті  ӛмір  сүруі  үшін  мүмкіндіктер 
қамтамасыз  ету  мақсатында  жүзеге  асырылады.  Адам  саудасы  құрбандарын 
қорғаудағы алғашқы маңызды қадам адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру 
немесе  айқындау  болып  табылады.  Адам  саудасы  құрбандарын  проактивті 
сәйкестендіруді  енгізу  және  құқық  қорғау  және  ӛзге  жұмылдырылған 
органдарды жүйелі оқыту адам саудасымен күресте бірінші кезекті маңызға ие. 
Адам  саудасы  құрбандарын  сәйкестендіргеннен  кейін  құрбандардың 
құқықтарын  қорғау  мен  басымдық  сұраныстарын  қанағаттандыруды 
қамтамасыз  ету  қажет.  Тиімді  кӛмек  кӛрсету  үшін  адам  саудасы  құрбандарын 
баратын  елінде  қалу  және  реттелмеген  құқықтық  мәртбесіне  орай  ұстаудан 
немесе  шығарып  жіберуден  деп  қорықпастан  кӛмек  алу  мүмкіндігімен 
қамтамасыз  ету  қажет.  Сол  сияқты  адам  саудасы  құрбандарына  оңалту  және 
ойлану үшін ұзақтығы 30 күннен кем емес мерзім беріледі. Бұл мерзім сондай-
ақ  құрбандардың  құзырлы  органдармен  ынтымақтастық  туралы  негізді  шешім 
қабылдай  алуы  үшін  керек.  Кейбір  ерекше  жағдайларда  адам  саудасы 
құрбандарына  барған  елінің  азаматтығын  алу  немесе  иммиграциялық 
жеңілдіктер  алу  мүмкіндігі  беріледі.  Адамды  саудалаушылар  тарапынан  қатер 
тӛнетін  жағдайда  адам  саудасы  құрбандары  ғана  емес,  олардың  қауіпті 
жағдайда  болуы  мүмкін  отбасы  мүшелері  де  қорғалуы  тиіс.  Адам  саудасы 
құрбандарына  кӛрсетілетін  қызметтердің  ішінде  мыналарды  бӛліп  кӛрсетуге 
болады:  кӛмек  кӛрсету  орталықтарына  қауіпсіз  орналастыру,  оңалту  ол 
медициналық,  психологиялық  кӛмекті,  заңгерлік  қызмет  кӛрсетуді,  сондай-ақ 
жеке  басын  куәландыратын  құжаттарын  қалпына  келтіруді  және  сот  процесі 
кезінде  сүйемелдеуді,  кәсіптік  білімге  қол  жеткізуді,  ерікті  репатриациялауды 
және реинтеграцияны қамтиды. 
Қазақстан  Республикасында  адам  саудасы  құрбандарын  қорғау  және 
оларға  кӛмек  кӛрсету  шаралары  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  Адам 
саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және алдын алу 
жӛніндегі  2012-2014  жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарында  анықталған. 
Мәселен,  2009  жылдан  бастап  ҚР  Әділет  министрлігінің  бастамасы  бойынша 
Астана  қаласында  «Қорғау  –  Астана»  ЖФ  жанындағы  адам  саудасы 
құрбандарына  арналған  уақытша  тұру  орталығы  жұмыс  істейді.  Заң  жүзінде 
адам  саудасы  құрбандарының  мемлекеттік  қолдау  шеңберінде  кӛмек  алу 
мүмкіндігі  Арнайы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетулер  туралы  Заңда  бекітілген. 
Алайда  қазіргі  уақытта  бұл  заң  адам  саудасы  құрбандарына  қатысты  іске 
асырылмайды  және  республика  ӛңірлерінде  адам  саудасының  құрбандарына 

16 
 
кӛмек  пен  оларды  қорғауды  негізінен  халықаралық  ұйымдардың  қаржылай 
қолдауымен қоғамдық ұйымдар ұсынады. Кӛмек кӛрсету мен қорғауда маңызды 
рӛлді мемлекет атқаруға тиіс болғандықтан мына бағыттар бойынша қосымша 
күш жұмсау қажет: адам саудасының құрбандарына кӛмек кӛрсету және оларды 
қорғау  жӛніндегі  орнықты  мемлекеттік  тетік  құру;  адам  саудасының 
құрбандарына  арналған  орталықтарды  мемлекеттік  қаржыландыру  және 
Қазақстанның  басқа  ӛңірлері  үшін  жаңа  орталықтар  құру;  адам  саудасының 
құрбандарының  қызмет  кӛрсетулерге  қолжетімдігін  олардың  құқық  қорғау 
органдарымен 
ынтымақтастыққа 
келісімінің 
бар-жоғына 
қарамастан 
қамтамасыз  ету;  адам  саудасының  құрбандарын  айқындауды  жақсарту  және 
оларды  кӛмек  алу  үшін  қайта  бағыттау;  Қазақстандағы  адам  саудасының 
шетелдік  құрбандарына  оңалуға  және  ойлануға  мерзім  беру;  адам  саудасының 
құрбандарына  білікті  қызмет  кӛрсету  үшін  жұмылдырылған  барлық 
мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың әлеуетін дамыту. 
БҰҰ  Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы  конвенциясын 
толықтыратын  Адамдарды,  әсіресе  әйелдер  мен  балаларды  саудаға  салудың 
алдын алу және жолын кесу, ол үшін жазалау туралы хаттама адамды саудаға 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал