Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет17/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

4. Уақытша болу ҧйымында тҧру жиілігі мен жағдайлары 
 
29.  Қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам  саудасының  құрбандары  қатарынан 
қызмет  алушылардың  уақытша  болу  ұйымында  тұру  жиілігі  үш  айды  құрайды,  уақытша  тұру  жергілікті 
атқарушы органдардың шешімімен алты айдан ұзақ емес уақытқа созылуы мүмкін. 
 
30.Қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  құрбандары  қатарынан  қызмет  алушылардың 
уақытша тұру ұйымында тұру жиілігі бір айдан ұзақ емес уақытты құрайды; ерекше жағдайларда ғана, мысалы 
баспананың  болмауы  жағдайында,  қысқы  уақытта  және/немесе  кәмелетке  толмаған  балалар  болған  жағдайда, 
олардың  уақытша  тұру  ұзақтығы  әлеуметтік  ахуал  бағасы  мен  жергілікті  атқарушы  органдардың  шешімі 
нәтижелері негізінде тұрақты тұрғылықты жер мәселелерін шешкенге дейін ұзартылуы мүмкін, алайда 2 айдан 
ұзақ мерзімге емес.  
 
31.Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам  саудасының  құрбандарына  жәбірленушілердің  қауіпсіздігінің 
қылмыстық құқықтық шараларының тӛмендегілерді қоса алғандағы барабар кӛлемін қабылдауға дейін уақытша 
жүріп-тұру ұйымдарында тұру мүмкіндігі беріледі: 
1) қатыгездік танытумен, зорлық-зомбылықпен, адам саудасымен байланысты қылмыс жасаған адамды/адамдар 
тобын ішкі істер органдарына жеткізу;  
2) қорғау ұйғарымын шығару;  
3) әкімшілік ұстау;  
4) зорлық-зомбылық жасаған адамдардың әрекетіне қатысты соттың ерекше талаптарды бекітуі;  
5) қылмыстық процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану;  

145 
 
6) криминологиялық болжамды анықтау
7)  зорлық-зомбылық  рецидивін  болдырмау  және  зорлық-зомбылық  жасаған  адамдардың  әлеуметтенуінің 
жоспарын бекіту. 
 
32.  Уақытша  болу  ұйымында  тұру  жағдайы  санитарлық-эпидемиологиялық  нормаларға,  ғимараттардың 
қауіпсіздігі, оның ішінде ӛртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуға тиіс. 
 
33. Құрылтайшы уақытша болу ұйымын заманауи техникалық жарақтандыруды және кадрлық қамтамасыз етеді. 
 
34.  Уақытша  болу  ұйымының  аумағы,  ғимараты  мен  орындары  құрылыс  нормалары  мен  қағидаларына  сәйкес 
онда  тұру  ыңғайлылығы  мақсатында,  күндізгі  жұмысбастылықты,  ӛзіне-ӛзі  қызмет  кӛрсетуді,  ғимараттың 
ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және  оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес 
жатқан  аумақта  жүріп-тұруды  қамтамасыз  ету  мақсатында  санитарлық-тұрмыстық,  жатын  бӛлмелік 
құрылғылармен жабдықталады.  
 
35.  Қызмет алушылар бӛлмелерге денсаулық жағдайына, жынысы және  психологиялық үйлесімділігі ескеріліп 
орналастырылады. 
 
36.  Уақытша  болу  ұйымында  тұру  тәртібі  уақытша  болу  ұйымының  басшысы  бекітетін  ішкі  тұру  тәртібі 
қағидасында айқындалады. 
 
5.  Қызмет  алушылардың  арнаулы  әлеуметтік  қызметке  сҧранысынайқындау  және  оларды  кӛрсету 
туралы шарт әзірлеу 
 
37. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен кӛлемін) әлеуметтік жұмыс жӛніндегі мамандар 
уақытша  болу  ұйымының  психологтарымен,  заңгерлерімен  және  басқа  мамандарымен  бірлесе  (бұдан  әрі  – 
уақытша  болу  ұйымының  мамандары)  медициналық  байқау,  сот-медициналық  куәландырудың  нәтижесін, 
баспана шарттарын тексеру актілерін және ӛзге мәліметтер мен құжаттарды ескере отырып, айқындайды. 
 
38.  Қызмет  алушылар  тергеу,  куәландыру,  қолдауды  жоспарлау  процесіне  қатысады,  психоәлеуметтік  оңалту 
мен  агрессия  рецидивін  болдырмаудың  барабар  шараларын  таңдау  жӛніндегі  олардың  пікірлері  мен 
ұсыныстары қолдау шараларын жоспарлауда ескерілуі мүмкін.  
 
39. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының мамандары бағалау акті мен 
Әлеуметтік психологиялық және құқықтық оңалтудың жеке жоспарын және жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін 
қалпына келтіргісі келетін әрбір қызмет алушыға шарт (бұдан әрі – шарт) әзірлейді (осы стандартқа 3-қосымша). 
 
40.  Шартты  қызмет  алушыларды  уақытша  болу  ұйымының  мамандары  тексерген,  бағалағаннан  және 
бақылағаннан кейін  уақытша  болу ұйымына  түскен күннен бастап  күнтізбелік жеті  күн ішінде әзірлейді  және 
оған уақытша болу ұйымының басшысы мен қызмет алушы қол қояды. 
 
41. Шартта: 
1)  арнаулы  әлеуметтік  қызметтің  кӛрсетілетін  кӛлемі  мен  түрлері,  күтілетін  нәтижелер  мен  жауапты 
орындаушылары; 
2) уақытша болу ұйымында болу режимі, ережелері мен қызмет алушының құқықтары мен міндеттемелері; 
3) уақытша болу мерзімі кӛрсетіледі. 
 
42. Шартта кӛрсетілген оңалту іс-шараларын және агрессия рецидиві профилактикасы шараларын уақытша болу 
ұйымының мамандары шартта белгіленген мерзімде қызмет алушының қатысуымен жүргізеді.  
 
43.Күтілген нәтижелер мен Шартта кӛрсетілген уақытша болу ұйымының міндеттемелері белгіленген мерзімде 
орындалмаса, болу мерзімі оларды орындау күніне дейін, бірақ бір айдан асырмай ұзартылады.  
 
44.  Уақытша  болу  ұйымы  мамандарының  жұмыс  сапасын  уақытша  болу  ұйымының  басшысы  және  аудандық 
(қалалық)  уәкілетті  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  органдары  (бұдан  әрі  –  уәкілетті  орган) 
оңалтылған  және  қалыпты  ӛмір  сүру  салтына  қайтып  оралған  қызмет  алушылар  санының  кӛбеюі  бойынша 
бағалайды. 
 
45. Уақытша болу ұйымының потенциалы аз болған жағдайда және қажетті штаттық мамандар болмаған  кезде 
шарт негізінде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады  

146 
 
 
46.  Уақытша  болу  ұйымының  әрбір  маманы  лауазымдық  нұсқаулыққа  сәйкес  арнаулы  әлеуметтік  қызмет 
кӛрсетуге қатысады және оңалту іс-шараларының нәтижелерін тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға 
белгілеп отырады. 
 
47.  Уақытша  болу  ұйымының  әкімшілігі  уақытша  болу  ұйымының  барлық  мамандарына  қатысты  қызметтік 
міндеттемелердің  сапалы  және  ӛз  уақытында  орындалуына,  Шарттың  талаптарынының  орындалуына  ұдайы 
бақылауды жүзеге асырады 
 
6. Арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету шарттары 
 
 
48.  Қатыгездік  таныту,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам  саудасы  құрбандары  үшін  уақытша  болу 
ұйымдарында кӛрсетілетін әлеуметтік-тҧрмыстық қызметтерге мыналар жатады:  
1)   қызмет  алушыларды  қабылдау,  сатитарлық  ӛңдеу,  киімін,  тӛсек-орын  жабдықтарын    дезинфекциялау  және 
уақытша орналастыру; 
2)  жатын  орындар  ұсыну  (ересектер  үшін  бір  жатын  орынға  тӛрт  шаршы  метрден  кем  емес,  бала  үшін  бес 
шаршы метрден кем емес); 
3)күндізгі жұмысбастылықты іске асыруды, санитарлық-гигиеналық рәсімдерді және еңбектік және тұрмыстық 
дағдыларды  қалыптастыру  үшін  тұрмыстық  қажеттіліктерді,  қызмет  алушылардың    тұлғалық  және  әлеуметтік 
мәртебесін, физикалық  жағдайын қалпына  келтіруді, ӛз  бетінше  даму үшін қажетті жағдайлар мен шарттарды 
қамтамасыз  етуді,  қызмет  алушылар  мен  олардың  балаларын  оқытуды  және  психоәлеуметтік  оңалтуды  
қамтамасыз ететін ортақ пайдалану орындарын беру; 
4) дағдарыс жағдайындағы қызмет алушылар үшін жеке орын беру; 
5) жиһаз ұсыну, жұмсақ жабдықтармен, тӛсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен, ішкиіммен және 
қажет болған жағдайда киіммен және аяқ-киіммен қамтамасыз ету (осы Стандартқа 6 қосымша).  
6)  бір жыл ішінде уақытша болу ұйымына қайта түскен кезде қажеттіліктер бағасы мен баспаналық шарттарды 
тексергеннен кейінгі актінің негізінде қызмет алушылар қажеттігіне қарай іш киіммен және киіммен қамтамасыз 
етіледі; 
7)  қызмет  алушылардың  жасына  және  денсаулық  жағына  байланысты  диеталық  және  балалар  тамағын  қоса 
отырып, тамақ ұсыну; 
8)  ӛз-ӛзіне  қызмет  кӛрсетудің  жағдайларын  жасау,  санитарлық  гигиеналық  іс-шараларды  ұйымдастыру,  жеке 
киімдері мен киімдерін жуу, кептіру, үтіктеу, ыдыс-аяқ жуу, мекемені тазалау, олардың денсаулығына қандай да 
бір  зиян,  дене  және  моральдық  азаптаулар  мен  ыңғайсыздықтар  келтірмей,  режимге  сәйкес  уақытша  болу 
ұйымының аумағын кӛгалдандыру; 
9) хат жазуға және оқуға кӛмек кӛрсету; 
10)  емдеу,  оңалту,  оқу,  қызмет  алушылардың  мәдени  және  бос  уақыттық  іс-шараларға  қатысуы  үшін  қызмет 
алушыларды тасымалдауға кӛлік қызметін ұсыну;  
11) жол жүру құжаттарын сатып алу және баратын жеріне дейін азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы 
тұрған жеріне жӛнелтуге жәрдемдесу; 
12) тұрғылықты  жері  бойынша  жүріп-тұруы  қиын  адамдарға,  шетел  азматтарына  уақытша  болу 
ұйымыжергілікті әкімшілік және ішкі істер органдары мен мекемелерінің ӛзара әрекеттестігі арқылы   баратын 
жеріне дейін ілесіп барумен қамтамасыз ету.  
 
49. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 
1)  берілетін  тұрғын  үй  орынжайлары  кӛлемі  мен  басқа  да  кӛрсеткіштері  бойынша  (ғимараттар  мен 
орынжайлардың  жай-күйі,  олардың  жайлылығы)  санитарлық-эпидемиологиялық  нормалар  мен  талаптарға 
сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді
2)  тұрғын  орынжайларға  (бӛлмелерге)  қызмет  алушыларды  орналастыру  кезінде  олардың  денсаулық  жағдайы, 
жас  ерекшеліктері,  физикалық  және  психикалық  хал-жайы,  әдеттері,  психологиялық  үйлесімділігі,  туыстық 
байланыстар, жеке даму және әлеуметтену деңгейі ескеріледі; 
3)  қызмет  алушылар  діни  ғұрыптарды  ӛткізуі  үшін  қызмет  алушылардың  діні,  жасы,  жынысы,  дене  жағдайы, 
түрлі конфессияларда қабылданған діни ғұрыптардың ерекшеліктері ескеріледі; 
4)  санитарлық  нормалар  мен  ережелерге,  қауіпсіздік  талаптарына,  ӛртке  қарсы  талаптарға  сай  келетін  барлық 
тұрғын,  қызметтік  және  ӛндірістік  орынжайлар  коммуналдық-тұрмыстық  кӛріктендіру  амалдарымен 
қамтамасыз етіледі; 
5) оңалту іс-шараларын, күндізгі жұмысбастылықты және білім беру қызметін,мәдени және тұрмыстық қызмет 
кӛрсетуді  ұйымдастыру  үшін  ұсынылатын  орынжайлар  кӛлемі,  орналасуы  мен  конфигурациясы  бойынша 
қызмет кӛрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды 
ӛткізуді қамтамасыз етеді; 

147 
 
6) стационарлық типтегі ұйым мамандарының кабинеттері байланыс құралдарымен (телефон, интернет, дербес 
компьютер), 
қажетті 
жиһазбен 
және 
мамандандырылған 
жабдықтармен 
жабдықталады; 
әрбір 
мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады; 
7)  қызмет  алушылардың  пайдалануына  берілетін  жиһаз,  жабдық,  жұмсақ  тӛсек-жиһаз  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  қолданылатын  техникалық  реттеу  саласындағы  стандарттау  жӛніндегі 
нормативтік  құжаттарға  сәйкес  болады,  қызмет  алушылардың  дене  жағдайы  мен  жасын  ескере  отырып, 
таңдалынған, заманауи дизайн талаптарына сәйкес келеді
8)қызмет  алушыларға  берілетін  киім,  аяқ-киім  және  ӛзге  де  алғашқы  қажетті  заттар  киюге  ыңғайлы,  қызмет 
алушылардың жынысына, бойы мен ӛлшемдеріне, үлгі мен түсі бойынша сұраныстарына сәйкес келеді, сондай-
ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді; 
9) тамақтану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекітілген  
интернат-үйлерде, оңалту орталықтарында, мүгедек-балаларға арналған оқу орындарында, әлеуметтік бейімделу 
орталықтарында қызмет кӛрсетілетін адамдарға ұсынылатын тамақтанудың табиғи нормаларына сәйкес келеді; 
10)  ыстық,  соның  ішінде  диеталық  тамақ  сапалы  тағамдардан  әзірленуге,  теңгерімділік  және  калориялық 
талаптарға  жауап  береді,  санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сәйкес  болады  және  қызмет  алушылардың 
денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады; 
11) Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандары үшін уақытша 
болу  ұйымдарының  басшысы  маусымға  қарай  (кӛктем-жаз,  күз-қыс)  ағымдағы  апталық  мәзірді  және  екінші 
аптаға перспективалық мәзірді бекітеді; 
12)  қызмет  алушыларды  емдеу,  оқыту  үшін  автомобиль  кӛлігімен  тасымалдау  кезінде  автокӛлік  құралдарын 
пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады. 
 
50.Әлеуметтік  бейімдеу  орталықтарында  кӛрсетілетін  әлеуметтік-медициналық  қызметтерге  мыналар 
жатады: 
1)  алғашқы  медициналық  тексеру  және  алғашқы  санитарлық  тазалау  жүргізу,  киімді,  тӛсек-орын  киімдерін, 
жеке заттарды дезинфекциялау; 
2)  дәрігерге  дейін  медициналық  кӛмек  кӛрсету,  емделуге  мұқтаж  қызмет  алушыларды  денсаулық  сақтау 
ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу; 
3)  сот-медициналық,  медициналық-әлеуметтік,  наркологиялық  және  психиатриялық  сараптамаға  жіберу  үшін 
құжаттарды дайындауға жәрдемдесу
4)қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам  саудасының  құрбандары  үшін  уақытша 
болу  ұйымның  орналасу  жері  бойынша  жедел  және  алғашқы  медициналық-санитарлық  кӛмек  кӛрсету 
ұйымдарында тегін медициналық кӛмектің кепілді кӛлемін алуға жәрдемдесу; 
5)  дәрігерлердің  қорытындысы  бойынша  дәрі-дәрмекпен  және  медициналық  мақсаттағы  бұйымдармен 
қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 
6)  арнайы  маманның,  оның  ішінде  денсаулық  сақтау  ұйымы  маманының  медициналық  консультация  беруіне 
жәрдемдесу; 
7) емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық 
ем-домдарды жасауды жүргізу; 
8) психиатриялық және наркологиялық кӛмек алуға жәрдемдесу. 
 
51. Әлеуметтік-медициналық қызмет кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 
1) 
тегін 
медициналық 
кӛмектің 
кепілді 
кӛлемін 
алуға 
жәрдемдесу 
денсаулық 
сақтау 
саласындағы заңнамалықжәне нормативтік құқықтық актілерде кӛзделген шеңберде жүзеге асырылады; 
2)  денсаулық  сақтау  саласындағы  стандарттарға  сәйкес  медициналық  ем-домдар  жасауды  жүргізу  қызмет 
алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады; 
3)  дәрігерге  дейін  медициналық  кӛмек  кӛрсету  денсаулық  сақтау  саласындағы  уәкілетті  орган  бекіткен 
стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады; 
4)  қызмет  алушыларды  денсаулық  сақтау  ұйымдарына  жатқызу  немесе  жатқызуға  жәрдемдесу  жедел  және 
уақтылы жүргізіледі; 
5)  медициналық  ұйымдарда  профилактикалық  тексеруден,  диспансерлеуден,  иммундаудан  ӛтуге  жәрдемдесу 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес кӛрсетіледі; 
6)  салауатты  ӛмір  салтын  насихаттауды  жүргізу;  қызмет  алушылармен  зиянды  әдеттердің  алдын  алу  және 
олардан  арылу  жӛніндегі  жеке  жұмыс  зиянды  әдеттердің  (алкоголь  ішу,  есірткі  пайдалану,  темекі  шегу) 
қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл 
әдеттердің алдын алу немесе олардан арылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі
7) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық 
кӛлемде кӛрсетілуі тиіс; 
8)  санитарлық-гигиеналық  қызметтерді  кӛрсету  қызмет  алушылардың  денсаулық  жағдайы  мен  хал-жайының 
жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді; 

148 
 
9)  дәрігерлердің  қорытындысы  бойынша  дәрі-дәрмекпен  және  медициналық  мақсаттағы  бұйымдармен 
қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының, жарақаттарының уақтылы алдын алуға және 
емдеуге ықпал етеді; 
10)  денсаулық  сақтау  ұйымдарының  білікті  мамандарынан  консультация  алуға  жәрдемдесу  қызмет 
алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емдеуді қамтамасыз етеді. 
 
52. Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандары үшін уақытша 
болу ұйымдарында кӛрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге мыналар жатады:  
1)  психологиялық  диагностика  және  жеке  адамды  тексеру,  тексеріске  және  психологиялық-медициналық- 
педагогикалық консультация беруге жәрдемдесу; 
2) әлеуметтік-психологиялық патронаж  (уақытша болу ұйымында болу кезіндегі жүйелі бақылау); 
3) қызмет алушылармен психологиялық алдын алу жұмыстары; 
4) психологиялық консультация беру; 
5) дағдарыс жағдайында шұғыл психологиялық кӛмек; 
6) қызмет алушыларға психологиялық кӛмек кӛрсету, оның ішінде сӛйлесу, әңгімелесу, тыңдау, кӛңілін кӛтеру, 
белсенділікке ынталандыру; 
7) психологиялық тренингтер; 
8) қызмет алушыларды психологиялық түзету; 
9) ӛзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ ӛткізу. 
 
53. Әлеуметтік-психологиялық қызмет кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 
1)  психологиялық  консультация  беру  қызмет  алушыларға  жанжалдың  алдын  алу  және  жою  үшін  тұлғааралық 
қарым-қатынастарды  жақсарту,  виктимдік  емес  әрекетті  дамыту  бойынша  білікті  кӛмек  кӛрсетуді  қамтамасыз 
етеді;  психологиялық  консультация  беру  қызмет  алушыдан  алынған  ақпараттар  мен  туындаған  әлеуметтік-
психологиялық  проблемаларды  онымен  талқылау  негізінде  ішкі  ресурстарды  ашуға  және  жұмылдыруға  және 
осы проблемаларды шешуге кӛмектеседі; 
2)  қызмет  алушылардың  психологиялық  диагностикасы  уақытша  болу  ұйымының  психологы  әзірлеген 
психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады; 
Тұлғаны  психодиагностикалау  және  тексеру  қызмет  алушылардың  мінез-құлқындағы  және  айналасындағы 
адамдармен  қарым-қатынаста  ауытқушылықтарға  әсер  ететін  олардың  психикалық  жай-күйін  және  жеке 
тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын 
жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді
3)  белсенді  психологиялық  ықпал  ретінде  психологиялық  түзету  қызмет  алушылардың  мінез-құлқындағы, 
эмоционалдық  жай-күйіндегі  ауытқушылықтарды  (жекелеген  адамдардың  эмоционалдық  жауап  қайтару  және 
мінез стереотипінің жайсыз нысандары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) 
жеңу  немесе  бәсеңдетуді  қамтамасыз  етеді,  бұл  аталған  кӛрсеткіштерді  жас  нормалары  мен  әлеуметтік  орта 
талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді; 
4)  белсенді  психологиялық  ықпал  ретінде  психологиялық  тренингтердің  психологиялық  жара  салу 
жағдайларының,  нервтік-психологиялық  шиеленістердің  салдарын  жоюда,  тұрмыс-тіршіліктің  бейәлеуметтік 
нысанын  жеңуші  адамдарды  әлеуметтік  құнды  нормаларға  дағдыландырудағы,  ӛзгермелі  жағдайларға 
бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады; 
5)  әлеуметтік-психологиялық  патронаж  қызмет  алушыларды  жүйелі  тексеру  негізінде  психикалық  жайсыздық, 
тұлғалық  немесе  тұлғааралық  жанжал  және  қызмет  алушылардың  қиын  ӛмірлік  жағдайын  одан  әрі  қиындата 
түсетін  басқа  да  жағдайларды  уақтылы  анықтауды  және  оларға  осы  сәтте  қажетті  әлеуметтік-психологиялық 
кӛмек кӛрсетуді қамтамасыз етеді; 
6)  қызмет  алушыларды  ӛзара  қолдау  топтарында,  қарым-қатынас  клубтарында  сабақ  ӛткізуге  тарту  қызмет 
алушылардың  жайсыздық  жағдайынан  шығуына,  психикалық  денсаулығын  сақтау  және  нығайтуды,  стреске 
тӛзімділігін,  ең  алдымен  тұлғааралық  байланыс,  жанжалдарды  шешу  және  қарым-қатынас  саласында 
психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға кӛмек кӛрсетуді қамтамасыз етеді; 
7)  шұғыл  психологиялық  кӛмек  қызмет  алушыларға  дереу  психологиялық  консультация  беруді,  дағдарыс 
жағдайынан  шығу  үшін  олардың  физикалық,  рухани,  тұлғалық,  зияткерлік  ресурстарын  жұмылдыруды, 
туындаған  проблемаларды  ӛздігінен  шешу  және  қиындықтарды  жеңу,  ӛзіне  деген  сенімін  нығайту  үшін 
қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді; 
8) психологиялық алдын алу жұмысы қызмет алушыларда психологиялық білімге және оларды ӛзін түзеу және 
ӛз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір 
жас  кезеңінде  толыққанды  психикалық  дамуы  үшін  жағдай  жасайды,  тұлғаның  қалыптасуы  мен  дамуындағы 
ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседі; 
9)  сӛйлесу,  әңгімелесу,  тыңдау,  кӛңілін  кӛтеру,  белсенділікке  ынталандыру,  ӛмірлік  тонусын  психологиялық 
қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске тӛзімділігі мен психикалық 
қорғалуын қамтамасыз етеді. 

149 
 
 
54. Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандары үшін уақытша 
болу ұйымдарында кӛрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне мыналар жатады: 
1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жӛнінде іс-шаралар жүргізу; 
2) уақытша болу ұйымының аумағында ӛз-ӛзіне қызмет ету, қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу; 
3) күндізгі жұмысбастылық,  
4) кәсіби бағдарлану және консультация беру; 
5) таңдалған бейін бойынша еңбектік дағдыларды қалыптастыру; 
6) қызмет алушыларды қол жетімді кәсіптік дағдыларға жұмысбастылық орталықтары арқылы үйрету жӛніндегі 
іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу;  
7) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, бұрынғы оқу мен еңбек қызметіне қосу. 
 
55. Әлеуметтік-еңбек қызметін кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 
1)  еңбек  дағдыларын,  білім  мен  шеберлікті  қалыптастыру  мақсатында  қызмет  алушыларға,  олардың  жеке 
қажеттіліктеріне  қарай  қызмет  алушылардың  жеке  және  әлеуметтік  мәртебесін  қалпына  келтіруге 
жәрдемдесетін  қолжетімді  кәсіптік  дағдыларға  үйрету  жӛніндегі  іс-шараларға  белсенді  қатысуын  қамтамасыз 
ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады; 
2)  қоғамдық  пайдалы  жұмыстар  жүргізу  уақытша  болу  ұйымының  аумағында,  арнайы  ұйымдастырылған 
кабинеттерде  (шеберханаларда)  жүзеге  асырылады  және  қызмет  алушыларды  олардың  денсаулық  жағдайын 
ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді; 
3)  қолжетімді  кәсіби  дағдыларға  оқыту  іс-шаралары  қызмет  алушының  тұлғалық  және  әлеуметтік  мәртебесін 
қалпына келтіруге ықпал етеді; 
4)  кәсіптік  білімі  жоқ  қызмет  алушыларды  кәсіптік  бағдарлау  оларға  кәсіп  таңдауға  кӛмек  кӛрсететін  іс-
шаралармен бірге жүргізіледі; 
5) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жӛніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, 
мүмкіндіктерінің  шектелу  дәрежесін,  қызмет  алушылардың  физикалық  және  психикалық  жай-күйін  ескеріп 
жүргізіледі. 
 
56. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында кӛрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге мыналар жатады: 
1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру; 
2) клуб және үйірме жұмыстарын, қолӛнер,  ӛнер сабақтарын ұйымдастыру және жүргізу; 
3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени-патриоттық іс-шараларға қатысуға тарту; 
4)  мамандардың  қатысуымен  телефон  немесе  скайп  арқылы  туысқандарымен/достарымен/мамандармен 
байланысу мүмкіндіктерін беру; 
5) істің құжаттарын, түрлері мен материалдарын қызмет алушының туған тіліне аудару; 
6)  медициналық  тексеріс  кезінде,  сотта,  мемлекеттік  органдар  мен  мекемелерде  мәселелерді  шешуде 
аудармашымен (мүмкіндігінше қызмет алушымен бірдей жыныстағы) қамтамасыз ету. 
 
 
57. Әлеуметтік-мәдени қызмет кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 
1)   мәдени-патриоттық  және  тынығу  іс-шараларын  ӛткізу  уақытша  болу  ұйымының  басшысы  бекіткен 
тоқсандық жоспар бойынша оңалтудың жеке жоспарын ескере отырып, жүзеге асырылады; 
2)  кӛркемӛнерпаздар  үйірмелерін  ұйымдастыру  қызмет  алушылардың  әлеуметтік-мәдени  және  рухани 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады; 
3)қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен ӛткізілетін іс-шаралар бағдарламаларының/сценарийлерінің 
жобасын  әзірлеуге  тарту  қызмет  алушылардың  жалпы  және  мәдени  ой-ӛрісінің  кеңеюіне,  шығармашылық 
белсенділігінің артуына ықпал етеді; 
4)қызмет алушыларды оқуға, ӛнермен/қолӛнермен айналысуға, бағдарламаларды/кинофильмдерді кӛруге, пікір-
таластарға  және  тынығу  іс-шараларына  қатыстыру  уақытша  болу  ұйымы  ұжымының  қоғамдық  ӛміріне 
қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жӛнге салуға жәрдемдеседі; 
5)  мамандардың  қатысуымен  телефон  немесе  скайп  арқылы  туысқандарымен/достарымен/мамандармен 
байланысу  мүмкіндіктерін  беру  агрессия  рецидивін  болдырмау  мәселелерін  жылдам  әрі  тиімді  шешуді, 
құрбандардың мүліктік, азаматтық және ӛзге құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді
6) істің құжаттарын, түрлері мен материалдарын қызмет алушының туған тіліне аудару;  медициналық тексеріс 
кезінде,  сотта,  мемлекеттік  органдар  мен  мекемелерде  мәселелерді  шешуде  аудармашының  болуы  қызмет 
алушының  проблеманы  шешу  барысына  енуін  қамтамасыз  етеді,  оның  қайталанбалы  агрессиясын  болдырмау 
қабілетін арттырады.  
 
58.  Қатыгездік  құрбандары  үшін  уақытша  болу  ұйымдарында  кӛрсетілетін  әлеуметтік-экономикалық 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал