Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет16/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

5.6. Қатыгездік қарым-қатынастың, тҧрмыстық зорлық-зомбылықтың 
және адам саудасының қҧрбандарына арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсету 
стандарты 
 
БҰҰ  және  ЕҚЫҰ  Қазақстанның  адам  саудасымен  күресте  жоғары 
стандарттарды  қамтамасыз  ететін  негізгі  халықаралық  құжаттарға  және  адам 
құқықтары  мен  негізгі  бостандықтары  жӛніндегі  халықаралық-құқықтық 
актілерге  қосылуын  оң  бағалайды.  Ұлттық  заңнамаға  халықаралық 
стандарттарға  сәйкес  түзетулер  енгізу  де  жағымды  аталды,  сондай-ақ  елдің  әр 
түрлі  елдермен,  соның  ішінде  адам  саудасы  бойынша  істерге  қатысушы 
адамдарды ұстап беруге жәрдемдесу жолымен, екі жақты келісімдер мен ӛзара 
кӛмек туралы келісімдерге қол қоюға әзірлігі де құпталады.   
 
Ұлттық  заңнамаға  адам  саудасы  және  тұрмыстық  зорлық-зомбылыққа 
қарсы  іс-қимыл  мәселелері  бойынша  ӛзгерістер  мен  түзетулер  енгізу  ерекше 
жағымды  рӛл  атқарады,  бұл  осы  саладағы  құқық  бұзушылықтар  үшін 

138 
 
жазалауды 
айтарлықтай 
күшейтуге 
және 
тиісті 
заңдардың 
құқық 
бұзушылықтың алдыналу әсерлерін нығайтуға мүмкіндіктер берді.   
 
Қазақстанның  қолданыстағы  заңнамасы  кӛп  дәрежеде  адам  саудасы  мен 
тұрмыстық  зорлық-зомбылықпен  күреске  және  аз  дәрежеде  –  әлеуметтік 
қорғаныс  және  қатыгездік  қарым-қатынас  құрбандары,  соның  ішінде  адам 
саудасы  құрбандарының  мүдделерін  қорғауға  бағытталғанын  атап  ӛту 
керек.Бұл  кӛбінесе  олардың  қайта  виктимизациясына,  алдағы  әлеуметтік 
бейімсіздігі мен депривациясына, нәтижесінде әлеуметтік шиеленіске әкеледі.  
 
Адам  саудасы  мен  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  құрбандарының 
медициналық  қызмет  кӛрсетуге,  әлеуметтік,  құқықтық  және  психологиялық 
кӛмекке  қолжетімдігін  қамтамасыз  ету  қажеттігі  Халықаралық  кӛші-қон 
ұйымының  есебінде,  сондай-ақ  ЕҚЫҰ-ның  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл 
саласындағы  Арнайы  ӛкілі  мен  үйлестірушісіофисінің  елдік  есебінде 
ескерілгенін атап ӛту керек.  
Екі маңызды мәселені шешуге ерекше назар аударылады:  
1)
 
Құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау 
және әлеуметтік қызмет мекемелері арасында қайта бағыттаудың ұлттық тетігін 
құру.  Қазақстанда  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам  саудасынан  зиян 
шеккендерді қорғау және жәрдем берудің – құрбанды сәйкестендіруден баспана 
беру және алдағы интеграция бойынша қызмет кӛрсетуге дейін толық жүйесі әлі 
де  жоқ.  Ұлттық  тетік  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам  саудасы 
жағдайларына  шапшаң  әсер  етуге  мүмкіндік  берумен  қатар,  зардап 
шеккендердің  мұқтаждықтарына  тиімді  жауап  береді  және  оларға  кәсіби  және 
кешенді жәрдем береді; 
2)
 
әлеуметтік  қызметтер  ұсынатын  субъектілер  ортасын  нақты 
анықтау  қажет,  себебі  мемлекет  қатыгездік  қарым-қатынастан  зиян 
шеккендердің  мұқтаждықтарына  әрекеттесуі  және  әлеуметтік  кӛмек 
қызметтеріне,  нақтылай  қауіпсіз  баспанаға,  медициналық  қызмет  кӛрсетуге, 
заңды  және  әлеуметтік-психологиялық  кеңестерге  қолжетімдігін  қамтамасыз 
етуі  тиіс.  Сонымен  қатар  әлеуметтік  жәрдем  қызметтерін  жеткізушілер 
құрбандардың  қажеттіліктерінің  спецификасын  білуі  және  түсінуі  тиіс,  бұл 
олардың сәтті оңалту және қайта интеграциялауына кӛмектесетін болады.  
Қатыгездік  қарым-қатынас,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам 
саудасының  құрбандарына  уақытша  тұру  жағдайында  арнаулы  әлеуметтік 
қызметтер кӛрсетудің Бірыңғай стандарты жоқ.  
Осыған  орай,  ҚР  Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары  жӛніндегі 
комиссия  Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссияның  сарапшыларымен  және 
Халықаралық  кӛші-қон  ұйымынан  тартылған  сарапшылармен  бірлесіп 
әзірленген Қатыгездік қарым-қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам 
саудасы құрбандары үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер кӛрсетудің стандарты 
жобасын ұсынады.  
ҚР  Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссияның 
пікірінше,  ҚР  Үкіметінің  ұсынған  Қатыгездік  қарым-қатынас,  тұрмыстық 

139 
 
зорлық-зомбылық  және  адам  саудасы  құрбандары  үшін  уақытша  тұру 
жағдайында  арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  ұсыну  стандартының  жобасы 
келесілерге мүмкіндік береді: 

 
қатыгездік қарым-қатынас құрбандарына, соның ішінде тұрмыстық 
зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына халықаралық стандарттарға 
сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет алуды қамтамасыз етеді

 
қатыгездік  қарым-қатынас  құрбандарына  дағдарыстық  және  қиын 
ӛмірлік жағдайдан шығу барысында айқын жәрдем береді

 
туындаған  әлеуметттік  проблемаларды  жеңуде  жағдайлар  жасау 
және  қатыгездік  қарым-қатынас  құрбандарына  қайта  әлеуметтену  және  қайта 
интеграциялау кезеңдерінен сәтті ӛтуді қамтамасыз етеді. 
 
5.6.1. Қатыгездік қарым-қатынастың, тҧрмыстық зорлық-зомбылықтың 
және адам саудасының қҧрбандары ҥшін уақытша тҧруы жағдайында 
(қорғаудағы тҧрғын ҥй) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы 
әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарттарының жобасына тҥсіндірме жазба 
 
«Қорғалған  тұрғын  үйде»  уақытша  болу  жағдайында,  қатыгездік  қарым-
қатынас,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам  саудасы  құрбандары  үшін 
әлеуметтік  қорғау  саласындағы  арнаулы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсету  стандарты 
(ары  қарай  –  Стандарт)  Қазақстан  Республикасының  2008  жылдың  29 
желтоқсанындағы  «Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  туралы»;  2014  жылғы  18 
ақпанындағы  №175-V  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 
актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 
ӛзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»;  2001  жылдың  30  қаңтарындағы 
«Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексі» 
Заңдарына сәйкес әзірленді.  
Қызметтер  қатыгездікпен  қарау  құрбандарының  дағдарыстық  және  қиын 
ӛмірлік  жағдайдан  шығуға,  олардың  виктимсіз  мінез-құлқының  дағдыларын 
дамытуға, құқықтарын қамтамасыз ету мен қайта әлеуметтенуіне бағытталады.  
Қатыгездікпен  қарау,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам 
саудасының  құрбандарының  жүйесін  Қазақстанда  дамыту  бойынша  стандарт 
пен ұсыныстар осындай қолдауды кӛрсетудің халықаралық және қазақстандық 
тәжірибесі негізінде әзірленді.  
Қиын ӛмірлік жағдайдағы тұлғаларды қолдау жүйесіне денсаулық сақтау, 
білім, әлеуметтік қорғау, ІІМ және әділет органдары мен мекемелері жатады.  
Осы  жүйеде  «қорғалған  тұрғын  үй  сияқты  жаңа  құрылымды  құрумен 
қатар,  әзірлеушілердің  пікірінше,  қамтамасыз  етілуі    ішкі  істер  органдарының 
құзіретіндегі «қызу желі» телефоны сияқты құрылым жасалуы тиіс. Бірақ қазіргі 
Стандартта бұл қызмет қосылмаған, себебі ол басқа жобаның тақырыбы болып 
табылады.  
Коммерциялық  емес  ұйымдардың  уақытша  «қорғалған  тұрғын  үй»  мен 
«Қызу желі» телефонының қызметтерін уақытша кӛрсетудің халықаралық және 

140 
 
қазақстандық  сәтті  тәжірибесін  ескере,  әзірлеушілер  жаңа  қызметті  кӛрсетуге 
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру мақсатты санайды.   
Стандарт жобасының қаржылық-экономикалық негізі 2015 жылға белгілі 
бір  тұрғылықты  орны  жоқ  тұлғалардың  әлеуметтік  бейімделу  орталығы  ҚММ 
үшін  бюджеттік  бағдарламасының  еңбек  мен  әлеуметтік  қорғау  жүйесінде 
қолданыстағы нормативтер мен қағидаларға негізделген.  
Стандартты  қабылдау  жағдайында,  біздің  есебіміз  бойынша,  уақытша 
«қорғалған  тұрғын  үй»  қызметі  үшін  жаңа  бюджеттік  бағдарлама  бекітілетін 
болады.  
Жасалынған  есептерге  сәйкес,  қатыгездікпен  қарау  құрбандары  үшін 
уақытша  «қорғалған  тұрғын  үйге»  50  орынға  2015  жылы  41610,0  мың  теңге 
сомасында шығындар қарастырылуы тиіс.    
Еңбекақы  бойынша  есептер  штаттық  кестеге  сәйкес  және  ҚР  Үкіметінің 
2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қаулысы негізінде 35,5 штаттық бірлікке 
құрылды.  
ҚР  Еңбек  кодексінің  239  бабына  сәйкес,  мемлекеттік  бюджет  есебінде 
отырған  азаматтық  қызметкерлерге  33,5  адамға  сауығуға  жәрдемақы 
жоспарланды  (сауығуға  жәрдемақы  бір  лауазымдық  қызметақы  кӛлемінде 
тӛленеді).  
Салықтар  ҚР  Салық  кодексіне  сәйкес  есептелінген,  21.06.2004  жылғы 
№683  «Әлеуметтік  аударымдарды  есептеу  және  аудару  ережесiн  бекiту 
туралы». 
«Азық-түлік ӛнімдерін сатып алу» 141 ерекшелігі бойынша шығындар ҚР 
Үкіметінің  31.08.2008  жылғы  №1354  «Интернат  үйлерінде,  оңалту 
орталықтарында,  мүгедек  балаларға  арналған  оқу  орындарында,  аумақтық 
әлеуметтік  қызметтер  кӛрсету  орталықтарында,  әлеуметтік  бейімдеу 
орталықтарында  қызмет  кӛрсетілетін  адамдар  үшін  заттай  тамақтану 
нормаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жоспарланды және 100012,0 мың 
теңге сомасын құрады.   
«Дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы ӛзге де құралдарды сатып 
алу»  142  ерекшелік  бойынша  шығындар  дәрігерге  дейінгі  кӛмек  кӛрсетуге 
лицензияға сәйкес жоспарланды және 650,0 мың теңге сомасын құрады.  
«Отын,жанар-жағар  май  материалдарын  сатып  алу»  144  ерекшелік 
бойынша шығындар 713,0 мың теңге сомасында және ҚР Үкіметінің «Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  органдарына  кӛлiк  қызметiн  кӛрсету  үшiн 
қызметтiк  автомобильдердi  пайдалануды  ретке  келтiру  туралы»  21.05.1999 
жылғы  №663  қаулысы,  сондай-ақ  ҚР  Үкіметінің  «Жанар-жағармай 
материалдардың  және  автокӛлікті  күтіп  ұстауға  арналған  шығыстардың 
нормаларын  бекіту  туралы»  11.08.2009  жылғы  №1210  қаулысына  сәйкес 
қарастырылды.  
«Ӛзге де қорларды сатып алу» 149 ерекшелігі бойынша шығындар 4285,0 
мың  теңге  сомасында  кеңсе  тауарлары,  ғимаратқа  қызмет  кӛрсету  үшін 
тауарларды  (ұнтақ,  кір  сабын,  иіссабын,  резина  қолғаптар,  станоктар,  ыдыс 

141 
 
жууға  арналған  сұйықтық,  хлорлаушы  және  дәрілеуші  заттар)  алуға 
қарастырылды.  
«Коммуналдық  қызметтерге  ақы  тӛлеу»  151  ерекшелігі  бойынша 
шығындар  1050,0  мың  теңге  сомасында  ҚР  Үкіметінің  «Бюджет  қаражатынан 
қаржыландырылатын  ұйымдар  бойынша  электр  энергиясын,  жылуды,  ыстық 
және  суық  суды  және  басқа  да  коммуналдық  қызмет  кӛрсетулерді  тұтынудың 
нормативтері  туралы»  02.11.1998  жылғы  №1118  қаулысына  сәйкес 
қарастырылды.    
«Байланыс қызметтеріне ақы тӛлеу» 152 ерекшелік бойынша шығындарда 
265,0  мың  теңге  сомасындағы  телефон  байланысы  мен  интернет  қызметтеріне 
тӛлеу шығындары қарастырылды.   
«Ӛзге де ағымдағы шығындар» 159 ерекшелік бойынша шығындар 515,0 
мың  теңге  сомасында  (картриджды  жаңартуға,  ӛрт  хабарлағыштарына 
техникалық  қызмет  кӛрсетуге,  ҚТҚ  жоюға,  дератизация,  залалсыздандыру  іс-
шараларына,  қызметкерлерді  медициналық  қарауға,  қаржылық  қызметтерге, 
автокӛліктерді қазіргі жӛндеу қызметтеріне) қарастырылды.   
«Машиналар,  жабдықтар,  ӛндірістік  және  шаруашылық  инвентарь 
құралдарын  сатып  алу»  414  ерекшелігі  бойынша  шығындар  1451,0  мың  теңге 
сомасында стандарттарға сәйкес қарастырылды. 
 
5.6.2. Қатыгездік қарым-қатынастың, тҧрмыстық зорлық-зомбылықтың 
және адам    саудасының қҧрбандары ҥшін уақытша тҧруы жағдайында 
(қорғаудағы тҧрғын ҥй) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы 
әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарттарының жобасы 
 
Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында катыгездік таныту, 
тҧрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам  саудасы  қҧрбандарына арнаулы  әлеуметтік 
қызмет кӛрсету стандарты (қорғалған тҧрғын ҥй) 
 
1. Жалпы ережелер  
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында катыгездік таныту, тҧрмыстық зорлық-
зомбылық  және  адам  саудасы  қҧрбандарына арнаулы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсету  стандарты(бұдан  әрі  - 
Стандарт)  Қазақстан  Республикасының  «Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  туралы»  2008  жылғы  29 
желтоқсандағы;  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  тұрмыстық  зорлық-зомбылыққа 
қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы  
№  175-V  ЗРК  заңдарына;  2001  жылғы  30  қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық 
бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әзірленді.  
 
2.  Қатыгездіктің  қҧрбандары  –  азаматтығы  мен  тіркеуге  қарамастан  денелік,  эмоционалдық,  сексуалдық 
зорлық-зомбылықтың,  адам  саудасының,  елемеудің,  қауіпті  жағдайға  қалдырудың,  мүдделері  мен 
сұраныстарына  назар  аудармаудың,  оқшаулаудың,  ұрлаудың,  әлеуметтік  бейімсіздену  мен  депривацияға, 
психоэмоционалдық  күйіне,  денсаулығына,  ӛміршеңдігіне,  дамуына,  не  болмаса  адамның  қадыр-қасиетіне, 
сондай-ақ  мүлкіне  нақты  немесе  әлеуетті  зиян  тигізуге  әкеп  соғатын  кез  келген  мақсаттағы  мәжбүрлеу  мен 
қанаудың кез келген түрлерін бастан кешкен кез келген жастағы адам. 
 
3. Балаларға, егде адамдарға, ой және дене дамуы бұзылған адамдарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген 
нысандары,  сондай-ақ  адамдар  топтарының  іс-әрекеттері,  алдын  ала  әдейі  келісіп  қоюдың  болуы  қылмысты 
ауырлататын факторлар болып табылады.  
 

142 
 
4.    Отбасылық-тҧрмыстық  қатынастар  –  некелік-отбасылық  қатынастағы  адамдар,  жеке  тұрғын  үй,  пәтер 
немесе ӛзге де тұрғын үй-жай шегінде бірге тұратын адамдар арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлі-зайыптылар 
арасындағы қатынастар шеңбері. 
 
5.  Тҧрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) 
қатысты дене зардабы және (немесе) психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-
әрекеті немесе әрекетсіздігі). 
 
6.    Қатыгездік,тҧрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам  саудасы  профилактикасы  –  қатыгездік  таныту 
профилактикасының субъектілері  жүзеге  асыратын, отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және 
азаматтың  конституциялық  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғауға,  тұрмыстық  зорлық-
зомбылықтың  алдын  алуға  және  жолын  кесуге,  сондай-ақ  оларды  жасауға  ықпал  ететін  себептер  мен 
жағдайларды  анықтауға  және  жоюға  бағытталған  құқықтық,  экономикалық,  әлеуметтік  және 
ұйымдастырушылық шаралар кешені 
 
7. Тҧрмыстық зорлық-зомбылық және виктимдік әрекет профилактикасының субъектілері – тұрмыстық 
зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және ішкі істер, әділет, әлеуметтік 
қорғау,  білім,  денсаулық  сақтау,  мәдениет  саласындағы  мекемелер;  жергілікті  ӛзін-ӛзі  басқару  органдары, 
бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары. 
 
8.  Уақытша  болу  жағдайында  катыгездік  таныту,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам  саудасы 
құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсетудің принциптері
1) заңдылық;  
2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға кепілдіктер беру;  
3) адамға дене және (немесе) психикалық азаптаулар келтіруді болдырмау;  
4) жанжалсыз іс-әрекет дағдыларын дамыту, қабілеттерді арттыру, отбасын қолдау және сақтау;  
5) құпиялылық;  
6) тұлғалық әдіс, әлеуметтік ахуалдың диагностикасы және бағалауы, қолдау шараларын жоспарлау;  
7)  виктимдік  әрекеттің,  қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам  саудасының 
профилактикасы шараларының басымдығы;  
8) кешенділік және жүйелілік; 
9) ведомствоаралық әдіс. 
 
9.    Осы  стандарт  қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам  саудасы  құрбандарының 
(бұдан  әрі  –  қызмет  алушылар)  тәулік  бойы  уақытша  тұруына  (алты  айға  дейін)  немесе  уақытша  болуына 
(тәуліктің  түнгі  уақытында)  арналған,  меншік  нысаны  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  уақытша  болу 
жағдайындағы ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсетудің кӛлемін 
және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді. 
 
10.    Стандарт  қызмет  алушылар  уақытша  болу  ұйымдары  қызметінің  тәртібін,  арнаулы  әлеуметтік  қызмет 
кӛрсету, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды. 
 
11.  Қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам  саудасы  құрбандары  үшін  уақытша 
болу  ұйымдары  (қорғалған  тұрғын  үй)  меншік  нысанына  қарамастан  жеке  әлеуметтік  бейімдеу  орталықтары, 
«әлеуметтік  қонақ  үй»,  «әлеуметтік  пәтер»  немесе  халыққа  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетудің  Аумақтық 
орталықтарының  тиісті  бӛлімшелері,  КБО  (кәмелетке  толмағандардың  бейімделу  орталықтары),  белгілі  бір 
тұратын мекені жоқ адамдар үшін уақытша олу үшін әлеуметтік бейімдеу орталықтары және ӛзге де әлеуметтік 
мекемелер түрінде құрылады.   
 
12.  Осы  стандартты  меншік  нысанына  қарамастан  уақытша  болу  жағдайында  арнаулы  әлеуметтік  қызмет 
кӛрсететін барлық субъектілер сақтайды. 
 
13.  Арнаулы  әлеуметтік  қызметтердің  кепілді  кӛлемін  кӛрсететін  уақытша  болу  ұйымдары  жалпы  халық  саны 
елу мың адамнан асатын қалаларда және аудандарда заңнамада белгіленген тәртіппен құрылады 
 
14.  Жергілікті  атқарушы  органдар  ӛз  шешімімен  халық  санына  қарамастан  елді  мекендерде  уақытша  болу 
ұйымдарын құруға құқылы. 
 
15.Қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам  саудасы  құрбандары  үшін  уақытша 
болу  ұйымдарына  Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  шетел  азаматтары  қатарынан  қызмет  алушылар, 

143 
 
оның  ішінде  түрлі  себептер  бойынша  жеке  басын  куәландыратын  құжаттары  жоқ,  азаматтығы  жоқ  адамдар 
қабылданады 
 
16.  Уақытша  болу  ұйымы  заңды  тұлға  болып  табылады,  оны  құрылтайшы  құрады  және  ӛз  қызметін  құрылтай 
құжаттарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 
 
17.  Уақытша  болу  ұйымы  ӛз  қызметін  органдармен  және  білім  беру,  қамқоршылық  және  қорғаншылық, 
денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, әділет, сыртқы істер мекемелерімен, Елшіліктермен және шет 
елдердің  ӛкілеттіктерімен,  құқық  қорғаушы  ҮЕҰ,  «Қызу  желі»  телефоны  арқылы  қызметтер  кӛрсететін 
ұйымдармен және ӛзгелермен тығыз байланыста атқарады.  
 
18. Қызмет алушылардың уақытша болу ұйымдарында болуына: 
1)  науқастың  ӛзіне  және  айналасындағылар  үшін  қауіпті  мінез-құлқының  ӛрескел  бұзылуына  ұштасатын 
психикалық аурулардың
2) белсенді процесс сатысындағы туберкулез, инфекциялық аурулардың, карантиндік инфекциялардың; 
3) алкогольге, есірткіге масаң күйде болу; 
4) паллиативтік кӛмек қызметі мен мейірбикенің күтімі қажет аурулардың терминалды (соңғы) сатысы; 
5)  мамандандырылған  медициналық  ұйымдарда  стационарлық  емдеуді  қажет  ететін  басқа  да  аурулардың 
және/немесе жарақаттардың болуы медициналық қарсы кӛрсеткіштер болып табылады. 
 
19.  Медициналық  қарсы  кӛрсеткіштері  бар  адамдар  тиісті  денсаулық  сақтау  мекемелеріне  бағытталады,  одан 
шығарылғаннан  кейін  қажет  болған  жағдайда  қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және 
адам саудасы құрбандары үшін уақытша болу ұйымына қызмет алу үшін қабылдана алады.  
 
2.  Қатыгездік  танытудың,  тҧрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам  саудасы  қҧрбандары  ҥшін 
уақытша болу ҧйымының (қорғалған тҧрғын ҥй) міндеттері мен функциялары 
 
20. Уақытша болу ұйымының негізгі міндеттері: 
1) қызмет алушыларға жедел пәнаралық кӛмек пен ведомствоаралық қолдау кӛрсету; 
2)  уақытша  болу  жағдайында  кешенді  арнаулы  әлеуметтік  қызметтерді  осы  стандартта  белгіленген  кӛлемге 
сәйкес кӛрсету; 
3)  қызмет  алушылардың  жеке  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  олардың  психоэмоциялық  оңалуына,  құқықтық 
қорғалу мен азаматтық және ӛзге де құқықтарын қалпына келтіруге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жеке даму, 
әлеуметтік-еңбек бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді кӛрсету; 
4) кӛрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады. 
 
21. Уақытша болу ұйымының негізгі функциялары: 
1)  қызмет  алушыларды  қабылдау  және  орналастыру,  пәнаралық  диагностика,  әлеуметтік  ахуал  мен  қызмет 
алушылардың  жеке  қажеттіліктерін  бағалауды  ӛткізу,  олардың  психоэмоционалдық  оңалуы,  әлеуметтік 
бейімделуі  бойынша  іс-шаралар  кешенін  және  зорлық-зомбылықтың  рецидивтерін  болдырмау  шараларын 
жоспалау; 
2)   тұрғынжайдан  орын  беру,  тамақпен,  тӛсек-орын  жабдықтарымен,  жеке  гигиена  заттарымен,  іш  киімменғ 
қажет болған жағдайда киіммен және аяқ-киіммен қамтамасыз ету; 
3)  құрбанның  дағдарыстан  шығуы  үшін  жедел  пәнаралық  кӛмекті  ұйымдастыру,  қызмет  алушылардың  жеке 
басының қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
4)  уақытша  болу  ұйымында  қолайлы  моральдық-психологиялық  жағдай,  ӛзіне-ӛзі  қызмет  етудің  белсенді 
күндізгі жұмысбастылықты жасау
5) дене саулығын,  психоэмоциялық және әлеуметтік мәртебесін, азаматтық, мүліктік  және ӛзге  де құқықтарын 
қалпына  келтіруге  бағытталған  қажетті  арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  кешенін  ұсыну,  қызмет  алушыларды 
қалыпты ӛмірге қайта алып келетін іс-шараларды жүргізу; 
6)  қызмет  алушыларды  арнаулы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетудің  кӛлемі  мен  түрлері,  уақытша  болу 
ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету; 
7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру; 
8) уақытша болу ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру; 
9)  қауымдастықтақатыгездік  таныту,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам  саудасын  болдырмау  үшін 
профилактикалық жұмысты жүргізу; 
10)  қызмет  алушылардың  азаматтық,  мүліктік  және  ӛзге  де  құқықтарын  қалпына  келтіру,  әлеуметтік  оңалту 
мәселелерін  шешу  үшін  жергілікті  атқарушы  органдармен,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  ішкі  істер,  әділет 
органдарымен  және  мекемелерімен,  үкіметтік  емес  ұйымдармен,  адам  саудасы  құрбандары  шыққан  елдің 
Елшіліктерімен ӛзара іс-қимыл; 

144 
 
11)  қызмет  кӛрсету  бойынша  ахуалдың  статистикалық  есебін  талдауын  жүргізу  және  қатыгездік  таныту, 
тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасын болдырмау жӛнінде ұсыныстар әзірлеу
12) уақытша болу ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес ӛзге де функциялар болып табылады. 
 
3. Уақытша болу ҧйымына қабылдау шарттары 
 
22.  Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденген кӛлемін кӛрсету үшін қатыгездік 
таныту, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандары қатарынан қызмет алушыларды уақытша 
болу ұйымына қабылдауды уақытша болу ұйымдары қызмет алушылардың жеке ӛзі барғанда (осы стандартқа 1-
қосымша) немесе қызмет алушының нақты тұрған жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту 
және  әлеуметтік  бағдарламалар  органдары,  денсаулық  сақтау,  білім  беру,  ішкі  істер  салаларындағы  уәкілетті 
органдардың жазбаша жолдамасы бойынша жүзеге асырады. 
 
23.  Жеке  басын  куәландыратын  құжаттары  жоқ  қызмет  алушылар  уақытша  болу  ұйымына  құжаттарды 
күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге дейін қалпына келтіру шартымен қабылданады. 
 
24.  Уақытша  болу  ұйымына  келіп  түскен  адам  медициналық  тексеруден  және  санитарлық  ӛңдеуден,  киімдері 
мен жеке заттары дезинфекциялаудан ӛткізіледі және тіркеуге жатады. 
 
25.  Қатыгездік  таныту,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  және  адам  саудасы  құрбандары  –  кәмелетке  толмаған 
балалары  бар  аналар  олардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  шарттары  болмаса  уақытша  болу  ұйымына 
балаларымен  бірге  қабылдана  алады.  Қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам 
саудасының құрбандары – аналарымен/ата-анасымен келген балалар қызмет алушылар болып табылады.  
 
26.   Уақытша  болу  ұйымының  мамандары  уақытша  болу  ұйымында  қызмет  алушылардың  тіркеу  карточкасын 
толтырады  (осы  стандартқа 2-қосымша),  кешенді  ведомствоаралық  диагностика  және  әлеуметтік  ахуалды 
бағалауды ұйымдастырылады. 
 
27.  Қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам  саудасының  құрбандарын  белсене 
айқындау  және  оларды  уақытша  болу  ұйымына  жіберуді  білім  беру  (балабақшалар,  мектептер,  қамқорлық 
органдары), ішкі істер, әлеуметтік қорғау, алғашқы медицина-санитарлық, жедел медициналық кӛмек органдары 
мен мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдар  қызметкерлері жүзеге асырады.  
 
28.  Қатыгездік  танытудың,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  және  адам  саудасының  құрбандарын  айқындау 
және  оларды  уақытша  болу  ұйымына  жіберу  білім  беру,  ішкі  істер,  әлеуметтік  қорғау,  алғашқы  медицина-
санитарлық,  жедел  медициналық  кӛмек  органдары  мен  мекемелерінің  қызметкерлері  арқылы  жүзеге 
асырылады.   
 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал