Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет14/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

V БӚЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫ 
ҚҦРБАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӚРСЕТУ ЖҤЙЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ 
БАҒАЛАУ 
 
5.1.Адам саудасы қҧрбандарына кӛмек кӛрсету жӛніндегі жҧмысты 
институционалдық ҧйымдастыру 
 
Осы  баяндаманың  алдыңғы  тарауларында  айтылған  басқа  елдердің 
тәжірибелерінен,  мінсіз  нұсқада,  адам  саудасының  проблемасымен  бірнеше 
министрліктер  айналысуы  керек  және  де  әр  министрліктің  міндеттері  нақты 
кӛрсетілуі  қажет.  Жұмысты  осы  проблема  бойынша  арнайы  құрылған 
ведомствоаралық  комитет  үйлестіреді,  немесе  үйлестіруші  қызметтерін 
министрліктердің  біреуіне  табысталады.      Қазақстан  жағдайында,  үйлестіруші 
қызметтерін  ҚР  Ішкі  істер  министрлігі  ӛзіне  алғаны  орынды  болып  кӛрінеді, 
сонымен  қатар  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрлігі,  Сыртқы 
істер  министрлігі,  сондай-ақ  жергілікті  әкімшіліктер  мен  үкіметтік  емес 
ұйымдар ӛз қызметтерін қажеттілік шамасына қарай, мысалы, адам саудасының 
құрбаны  ресми  түрде  солай  танылған  кезде,  яғни  әлеуметтік  жәрдем  алуға 
құқылы болғанда ӛз қызметтерін ұсынатын болады.  
Бізге Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл жүйесін 
келесідей  ұйымдастыру  орынды  болып  кӛрінеді.  Құқық  қорғаушы  орган 
түріндегі ҚР ІІМ адам саудасы жағдайларын анықтауға жауап береді және адам 
саудасы  анықталған  жағдайда,  істі  әрі  қарай  қайда  жіберетінін  шешеді.   
Осындай  кезде,  кӛбінесе,  құрбанды  белгілі бір  уақытқа ӛзіне  қабылдауға  және 
оған  әлеуметтік  және  қайта  оңалту  қызметтерінің  кешенді  қатарын  кӛрсетуге, 
сондай-ақ  құрбанға  әр  түрлі  заңды  және  әлеуметтік  проблемаларды  шешуде 
кӛмек беруге әзір дағдарыстық орталықтардың кӛмегі қажет болады.  
ҚР  қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес,  қатыгездік  қарым-қатынас 
нәтижесінде  (тұрмыстық  зорлық-зомбылықпен,  адам,  соның  ішінде  кәмелеттік 
жасқа  толмағандардың  саудасымен,  оларды  пайдаланудың  басқа  түрлерімен, 
сондай-ақ адам ұрлаумен байланысты әрекеттер  нысандары  болып табылатын) 
әлеуметтік  бейімсіздікке  және  әлеуметтік  депривацияға  әкелген,  ауыр  ӛмірлік 
жағдайда қалған адамдарға келесі қызмет түрлері ұсынылуы мүмкін: 

 
әлеуметтік-тұрмыстық;  

 
әлеуметтік-медициналық;  

 
әлеуметтік-психологиялық;  

 
әлеуметтік-құқықтық;  

 
әлеуметтік-еңбек;  

 
әлеуметтік-мәдени; 

 
әлеуметтік-экономикалық; 

 
әлеуметтік-педагогикалық.  

120 
 
Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  мемлекеттік  қаржыландыру  аясында,  тек  бір 
ғана  қайта  оңалту  орталығы  Астана  қаласында  қызмет  етеді,  оның  елімізде 
анықталған адам саудасы құрбандарының барлығына қажетті жәрдеммен толық 
шамада  қамтамасыз  ете  алмайтынын  атап  ӛту  керек.  Кӛкшетауда  және 
Алматыда  жұмыс  істейтін  орталықтар  қаржыландыруды  тек  халықаралық 
ұйымдардан  ғана  алады.    Сонымен  бірге,  жыл  сайынғы  мемлекеттік  тапсырыс 
шеңберінде  адам  саудасымен  күрес  жӛніндегі  жобаларға  әкімшіліктер  бӛлетін 
қаражаттар  адам  саудасы  құрбандары  үшін  кӛрсететін  қызметтермен 
байланысты шығындарды ӛтеуге қауқарсыз. 
Кінәлі  адамдарды  қылмыстық  жауапкершілікке  тарту  мақсатында  құқық 
қорғау  органдарына  жүгінуге  келіскен  зардап  шеккен  адамға  құқықтық  және 
заңды жәрдем беру процесіне әр түрлі мемлекеттік органдар тартылуы тиіс: сот, 
прокуратура, полиция бӛлімшелері – тергеу және сот процесі барысында; еңбек 
жӛніндегі инспекция – пайдалану барысындағы еңбек ӛтілін растау үшін; кӛші-
қон полициясы бӛлімшесі, консулдық қызметтер – тұлғаны құжаттандыру үшін. 
Басқаша  айтқанда,  адам  саудасының  проблемасы  кӛп  қырлы  және  заңды, 
экономикалық,  әлеуметтік  және  психологиялық  сипаттағы  кӛптеген 
аспектілерге  ие.  Салдары  ретінде,  негізгі  мемлекеттік  органдар  мен  үкіметтік 
емес  секторды  тартумен  осы  проблеманы  шешуде  кешенді  тәсіл  қажет.  Бұл 
пікірді  қазақстандық  және  шетелдік  сарапшылар  да  қолдайды.    Мәселен,  ҚР 
Жоғарғы  Сотының  судьялары  Р.Юрченко  мен  Т.Қожан  Комиссияның  және 
Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  сарапшыларымен  сұхбатында  осы 
проблеманы  шешуде  кешенді  үйлесімді  тәсілді  дамыту  қажеттігін  растады. 
Олардың  пікірінше,  адам  саудасымен  күрес  жӛніндегі  жұмысты  басқа  мүдделі 
мемлекеттік  органдарды  тарту  арқылы  жалпы  институционалдық  қайта 
ұйымдастыру қажеттілігі пісіп жетілген.   
 
5.2. Гендерлік біржақты пікірлер 
 
Адам  саудасы  құрбандарын  анықтау  жағдайында,  проблемалардың 
бірікӛптеген 
үкіметтік 
емес 
ұйымдардың 
күш 
салуларыәйелдердің 
мұқтаждықтарына  пропорционалды  шоғырландырылмау  фактісі  болып 
табыдады,  және  де  бұл  Қазақстанда  адам  саудасы  құрбандарының  саны  ерлер 
мен әйелдер арасында шамамен тең деген кӛптеген хабарламаларға қарамастан, 
ал  іс  жүзінде  кейбір  сарапшылар  адам  саудасы  құрбандарының  ерлер 
арасындағы саны айтарлықтай жоғары екендігін айтады.    
Бұл  жердеосы  тармақ  бойыншасұралған  респонденттердің  пікірлері 
айтарлықтай алшақ болғанын атап ӛту қажет. Мәселен, сарапшылардың бірі ең 
алдымен  сексуалдық  пайдалану  құрбандары  болған  әйелдерге  қатысты  белгілі 
бір «таңба»таңылуы себебімен адам саудасы құрбандарының басым бӛлігі еңбек 
мигранттарының  арасында  сәйкестендіріледі  деп  санайды.  Сонымен  қатар, 
басқа  респондент  тікелей  қарама-қарсы  пікір  айтады,  ішінара  алғандаерлер  ең 

121 
 
алдымен  құрбан  ұғымының  ӛзімен  байланысты  жағымсыз  имиджден,  адам 
саудасының құрбаны ретінде сәйкестендірілуден қашады.   
Басқа  сарапшының  пікіріне  сәйкес,  бірнеше  жыл  бұрын  адам  саудасы 
құрбандарының  шамамен  80%  ерлер  болды  және  соңғы  уақытта  адам 
саудасының  біршама  феминизациясы  байқалса  да,  адам  саудасы  құрбандары 
ерлер  арасында  бәрібір  кӛп,  тиісінше  шелтерлер  (адам  саудасы  құрбандары 
үшінкӛмек  кӛрсетілетін  баспана)  мәжбүрлі  еңбек  құрбандарына  қатысты  ӛз 
жұмысын шамалы қайта қарау керек.   
Сондай-ақ 
кӛп 
жағдайларда 
еңбек 
мигранттары 
қайтақанауғаұшыраутәуекеліне  басын  тіге  жаңа  жұмыс  іздей  отырып,еңбек 
нарығына мүмкіндігінше тез оралуға мәжбүр болатыны туралы пікір айтылды.  
Адам  саудасы  құрбандарына  кӛмек  кӛрсетумен  айналысатын  үкіметтік 
емес сектор ӛкілдерімен сұхбатта негізгі екпін сексуалдық құлдық құрбандары 
болған әйелдерге кӛмек кӛрсетуге жасалды.   
Мәселен,  2013  жылы  адам  саудасына  байланысты  350  қылмыстық  істің 
213-і  жезӛкшелікті  ұйымдастыру  үшін  болған.  Кейбір  мағынада,  мұндай 
гендерлік  аспект  түсінікті,  себебі  әйелдер  (және  балалар)  халықтың  аса  осал 
топтары ретінде қарастырылуы мүмкін.   
Палермо  хаттамасы  әйелдер  мен  балаларды  жеке  санат  ретінде  бӛліп 
қарастырады. 
Сонымен 
қатар, 
сексуалдық 
құрбандыққа 
мұндай 
пропорционалды  емес  топталу  адам  саудасы  құрбаны  түсінігінің  ӛзінің  және 
оны сәйкестендірудің әлі де жеткілікті пысықталмағанын кӛрсетеді.  
Адам  саудасы  құрбандарын  анықтау  кӛзқарасы  тұрғысынан  мұндай 
гендерлік  теңсіздікті  күшейтетін  факторлардың  бірі  ерлердің  еңбек  нарығына 
қайтып  келуге  жиі  ұмтылатыны  және  сәйкесінше  ұзақ  оңалуға  даяр  еместігі 
фактісі болып табылады
45
. Алайда адам саудасы проблемасы кӛбінесе әйелдерге 
қатысты  проблема  ретінде  түсіндірілу  тәуекелі  бар.  Басқаша  айтқанда,  адам 
саудасы  мәселесін  жынысқа  байланысты  санатқа  бӛлместен,  еріксіз  еңбек 
тұрғысынан айтарлықтай кең тұрғыда қарастырған жӛн.  
 
5.3. 
Дағдарыстық орталықтардың қызметі және олардың проблемалары 
туралы
 
 
ЮНИСЕФ-тің  «Тәуекелді  мінез-құлық,  сексуалдықпайдалану  және  адам 
саудасына  қатысты  балалардың  осалдығын  бағалау»  атты  баяндамасына 
(2012 ж.)  сәйкес,  құлдықтан  сатылғаннан  кейін  кӛптеген  құрбандар  әр  түрлі 
заңдық,  психологиялық  және  медциналық  проблемаларды  шешу  мақсатында,  
қандай да бір уақытын баспаналарда немесе үкіметтік емес ұйымдар жанындағы 
                                                 
45
  ЮНОДК,  «Мемлекеттік  органдар  мен  азаматтық  қоғам  институттары  арасындағы  адам  саудасы  құрбандары 
мен  заңсыз  әкелінген  мигранттарды  қорғау  және  қолдау  саласындағы  ынтымақтастық  тетіктерін  жетілдіру», 
2013, Астана
 

122 
 
адам  саудасы  құрбандарына  арналған  орталықтарда  ӛткізеді
46
.  Дәл  сол  үшін 
дағдарыстық орталықтарды қолдау қажетті жәрдем алуда маңызды бағыт болып 
табылады.  
Қазақстанда  адам  саудасының  құрбандарына  берілетін  жәрдем 
Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  адам  саудасымен  күрес  жӛніндегі 
бағдарламасы  аясында,  сондай-ақ  ҚР  Әділет  министрлігінің  мемлекеттік 
әлеуметтік  тапсырысы  шеңберінде  (тек  қана  «Қорғау-Астана»  ЖҚ  үшін)  
қаржыландырылады.  Ӛкілдердің  пікірлеріне  сәйкес,  әкімдіктердің  адам 
саудасымен  күрес  жӛніндегі  жобаларға  жыл  сайынғы  мемлекеттік  әлеуметтік 
тапсырыстары 
шеңберінде 
бӛлінетін 
қаражаттар 
адам 
саудасының 
құрбандарына  кӛмек  кӛрсететін  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қажеттіліктерін 
қамти алмайды. 
Соңғы  уақытта  халықаралық  ұйымдардан  қаржылық  кӛмектің 
айтарлықтай қысқаруы, ал ҚР Әділет министрлігі жуырда оңалту орталықтарын 
қаржыландырудағы  ӛз  үлесін  айтарлықтай  қысқартуды  жоспарлауы  фактісін 
назарға  ала  отырып,  оңалту  орталықтарынбүкіл  ел  бойынша  құруды 
қарастырып, мемлекеттік қаржыландырудың жаңа тиімді тетігін әзірлеу қажет.   
Шелтерлер қызметкерлері тап болатын әр түрлі қиындықтарды талқылай 
келе,  кӛбісі  үкіметтік  емес  ұйымдарға  ӛтеусіз  қаржыландыруға  ӛтінім  берудің 
күрделі, ұзақ және болжанбайтын процесін атап ӛтті.  
Қаржыландыру  бойынша  шешімдер  жиі  созылатынын  ескере  келе, 
кӛптеген  үкіметтік  емес  ұйымдар  алдымен  қызметтерді  ӛз  қалтасынан 
қаржыландыра  отырып  ұсыну  керек,  содан  кейін  ғана  мемлекеттен  ӛз 
шығындарын  ӛтеу  керек.  Осылайша  бір  респондент  2013  жылы  мемлекеттен 
бірінші  қаржылық трансфертті  2013  жылдың  маусымында,  яғни жаңа жылдың 
басталғанынан  6  ай  ӛткен  соң  ғана  алған.  Осы  уақыт  ішінде  оларға, 
қайырымдылыққа  сүйене  және  кӛбінесе  қызметтерді  ӛздерінің  қалталарынан 
тӛлеу  арқылы  ӛздерін  қаржыландырудың  әр  түрлі  нұсқаларын  іздеуге  тура 
келген
47
.  Оларға  мұндай  ӛтінімдерді  әр  жылы  беруге  тура  келетінін  ескерсек, 
бұл проблема ӛте ӛзекті.  
«Кӛмек» уақытша тұру және оңалту орталығы ӛкілінің пікірі бойынша бұл 
проблеманы  шешу  нұсқаларының  бірі  шелтерлерді  тәуелсіз  мемлекеттік 
агенттікпен  басқару  және  қалалық  әкімдікпен  қаржыландыру  нұсқасы  болып 
табылады.    Мысал  ретінде,  үйсіздер  үшін  баспаналардың  сәтті  тәжірибесіне 
жүгінуге болады.   
Басқа проблема ӛңірге байланысты қаржылық кӛмек кӛлемі айтарлықтай 
ӛзгешеленуі мүмкін екендігіне қатысты.  
                                                 
46
Робин  Н.  Хаарр,  «Қазақстанда  тәуекелді  мінез-құлық,  сексуалдық  пайдалану  және  адам  саудасына 
қатысы бойынша балалардың осалдығын бағалау» (ЮНИСЕФ, 2012),
 84-85 беттер.
 
47
Нина Балабаевамен сұхбат, Алматы, 2013 жылғы тамыз, Анна Рыльмен сұхбат, 2013 жылғы тамыз, 
Астана.
 

123 
 
Атап  ӛтілгендей,  мемлекеттік  тапсырыстарды  қалыптастыру  жергілікті 
бюджеттен  шығады,  осыған  байланысты  кӛптеген  ӛңірлер  дағдарыстық 
орталықтар  мұқтаждықтарын  барабар  қаржыландыра  алмайды.  Мәселен, 
Солтүстік  Қазақстан  облысының  дағдарыстық  орталығы  ӛкілінің  ақпаратына 
сәйкес,  2013  жылы  олардың  лоты  бар-жоғы  200  мың  теңгені  құраған.  Бұл 
шелтерлерге  Қазақстанда  онсыз  да  шамамен  ештеңе  құймайтын  шетелдік 
донорлар  салымдарынсыз  ӛмір  сүру  қиын  дегенді  білдіреді
48
.  Сол  себепті 
орталықтарда  шелтерлерді  қаржыландыру  жүйесін  қайта  қарап,  пікірсайысқа 
жергілікті  билікті  және  де  әр  түрлі  министрліктерді  тартудың  маңызды 
қажеттігі бар.   
Қазақстандағы  дағдарыстық  орталықтардың  анық  емес  бейінімен 
байланысты  проблемалар  жеке  тақырыппен  айтылды.  Ішінара  алғанда,  кейбір 
респонденттер сексуалдық пайдалану құрбандары ӛздерін шелтерлерде ӛте жиі 
жайсыз сезінгеніне, себебі олар тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына тап 
болған,  бірақ  сексуалдық  пайдалану  құрбандары  туралы  ештеңе  білмейтін 
әйелдермен  тұруға  тура  келгеніне  назар  аударды.  Сондықтан  тұрмыстық 
зорлық-зомбылық  құрбандары  сексуалдық  пайдалану  құрбандарына  теріс 
түсінікпен қараған, бұл әрине осы екі топтың жайлы қатар ӛмір сүруіне жағдай 
жасамайды.  Сол  себепті  идеалында  кӛптеген  дағдарыстық  орталықтар 
тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарының қалыпты ӛмір 
сүруі үшін бірнеше жеке бӛлмелердің болғанын қалайды.   
 
5.4. Адам саудасы қҧрбандарына әлеуметтік және заңгерлік қызмет 
кӛрсетудегі кедергілер 
 
Қазақстанда  адам  саудасы  құрбандарына  заңгерлік,  медициналық, 
психологиялық  жне  материалдық  кӛмек  ұсынатын  кӛптеген  үкіметтік  емес 
ұйымдар  сәтті  және  бұрыннан  жұмыс  істейді.  Алайда  бұл  ұйымдардың  басым 
бӛлігі олардың жұмысын қиындататын және қызметтерінің тиімділігін түсіретін 
кӛптеген кедергілерге ұшырайды. Комиссия мен Халықаралық кӛші-қон ұйымы 
сарапшыларының  сұхбаттасуға  сәті  түскен  үкіметтік  емес  сектор  ӛкілдері 
қатарындағы  шамамен  барлық  респонденттер,  егер  мемлекет  адам  саудасы 
құрбандарына  әлеуметтік  және  заңгерлік  қызметтер  ұсыну  саласындағы 
проблемалар  қатарына  назар  аударса,  олардың  жұмысының  тиімділігі 
айтарлықтай артатын еді деген фактіні атап ӛтті.  
Құжаттарға қатысты проблемалар  
Ішінара  алғанда,  кӛптеген  респонденттер  үйге  оралу  үшін  (шетелдік 
азаматтар үшін) ғана емес, сондай-ақ тергеу уақытында келу және жұмыс іздеу 
елінде  адам  саудасы  құрбанының  тұлғасын  сәйкестендіру,  мәртебесін 
рәсімдеуге  (Қазақстан  азаматтары  және  де  шетелдік  азаматтар  үшін)  жоғалған 
                                                 
48
  ЮНОДК,  «Мемлекеттік  органдар  мен  азаматтық  қоғам  институттары  арасындағы  адам  саудасы  құрбандары 
мен  заңсыз  әкелінген  мигранттарды  қорғау  және  қолдау  саласындағы  ынтымақтастық  тетіктерін  жетілдіру», 
2013 жылғы қыркүйек, Астана
 

124 
 
құжаттарды  алудың  және  қалпына  келтірудің  қиындықтарын  атап  ӛтті.  Шын 
құжаттарға  ие  болмаған  адам  саудасы  құрбандарына,  мысалы,  негізгі 
медициналық кӛмек сияқты ең жеңіл мемлекеттік қызметтерге рұқсат алу қиын. 
Оларға  сондай-ақ  заңды  жұмыс  табу  қиын.  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымы 
ӛткізген сауалдамаға сәйкес сұралған мигранттардың тек 16%  ықтияр хатқа ие. 
Бұл мәртебесіз олардың тегін медициналық кӛмекке рұқсаты жоқ.  Нәтижесінде 
бұл  адамдар  жиі  ӛте  қиын  жағдайда,  үйсіз,  күнкӛріс  қаражатынсыз  және 
құжатсыз болып шығады.   
ЮНИСЕФ  адам  саудасы  құрбандары  арасында  ӛткізген  сауалдамаға 
сәйкес  құрбандардың  кӛпшілігі  ӛздерінің  құқықтық  проблемаларын  кӛбінесе 
құжаттардың  жоғалуымен  байланысты  проблемаларын  шешуде  ӛте  сирек 
жәрдем  алған.  Адамдар  қаржылық  қиыншылықтарға  және  соттық  тергеу 
уақытындағы  құқықтық  проблемаларға  және  де  олардың  жеке  басын 
куәландыратын  жаңа  құжаттарды  (Қазақстан  азаматтары  жағдайында)  алуда 
ұзақ күткеніне наразылық білдірген. 
Шетелдік мигранттардың және адам саудасы құрбандарының құжаттарын 
қайта  қалпына  келтіру  оңалту  орталықтарының  қызметкерлеріне  ӛте  қиын, 
себебі  олардың  осы  мигранттар  азаматтары  болып  келетін  елдердің 
елшіліктерімен жұмыс істеуі қажет.  
Егер  адам,  адам  саудасының  құрбаны  болып  ресми  мойындалса  және 
оның  жұмыс  берушілеріне  қатысты  қылмыстық  іс  қозғалса,  онда  құжаттарды 
қайта  қалпына  келтіру  және  тұрғын  үй  жалдау  үшін  қаражаттар  беруге  заңды 
негіздер  бар.  Бірақ  егер  қылмыс  фактісі  айқындалмаса,  онда  адамды  ресми 
түрде адам саудасының құрбаны ретінде мойындау күрделі.   
Екінші  проблема  еңбек  ӛтілін  белгілеумен  байланысты.  Астанадағы 
дӛңгелек үстелде сӛз сӛйлеген үкіметтік емес сектор ӛкілдерінің тәжірибесінен 
адам  саудасы  құрбандарының  еңбек  ӛтілін  мойындау  проблемасы  ӛте  ӛзекті 
болып  табылады  және  мүмкіндігінше  тездетіп  шешілуі  тиіс.  Мәселен,  20  жыл 
құлдықта  жұмыс  істеген,  денсаулығын  жоғалтқан  және  зейнетақыға  табыс  ала 
алмаған  адам  мысалға  келтірілді
49
.  Дӛңгелек  үстелде  айтылғанбасқа  ұқсас 
жағдайда  адам  құлдықта  15  жыл  істеген,  адам  саудасының  құрбаны  болып 
ресми  мойындалған,  бірақ  оған  тек  ең  аз  зейнетақы  есептелген,  мұны  еңбек 
ӛтілінің  жетіспеуімен  түсіндіреді.  Осындай  мысалдар  адам  саудасы 
құрбандарына  қатысты  еңбек  және  қаржылық  мәселелерді  реттеумен 
байланысты айқын проблемаларды меңзейді.  
 
5.5.Қазақстандағы адам саудасы қҧрбандарына кӛрсетілен қызметті 
бағалау (әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерінің негізінде) 
 
Аталмыш Баяндаманы әзірлеу аясында Халықаралық кӛші-қон ұйымының 
                                                 
49
ЮНОДК,  «Мемлекеттік  органдар  мен  азаматтық  қоғам  институттары  арасындағы  адам  саудасы  құрбандары 
мен  заңсыз  әкелінген  мигранттарды  қорғау  және  қолдау  саласындағы  ынтымақтастық  тетіктерін  жетілдіру», 
2013 жылғы қыркүйек, Астана
 

125 
 
сарапшылары  Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссия  сарапшыларымен  бірлесе 
«Қазақстан  Республикасында  адам  саудасы  құрбандарына  кӛрсетілетін 
әлеуметтік  қызметтерге  деген  тең  қолжетімдікті  ілгерілету»  атты  зерттеу 
жүргізді.  Адам  саудасымен  күрестің  басымдықтарының  бірі  адам  саудасы 
құрбандарына  оңалту  және  реинтеграциялық  кӛмек  кӛрсету  болып  табылады, 
Халықаралық  кӛші-қон  ұйымы  қызметінің  аясында  қазіргі  кезеңде  мыңдаған 
адам кӛмекке ие болған. Адам саудасы құрбандарына оңалту және реинтеграция 
жӛніндегі  тікелей  қызметтерді  адам  саудасымен  күрес  жӛніндегі  жобаларды 
іске асыру бойынша Халықаралық кӛші-қон ұйымының серіктестерінің желісіне 
кіретін Қазақстанның ҮЕҰ кӛрсетеді.  
2004  жылдан  2013  жылға  дейінгі  аралықта  айқындалған  жағдайлардың 
кӛбі  халықаралық  кӛші-қонмен  байланысты,  алайда  ішкі  кӛші-қон 
жағдайларының  үлесі  де  айтарлықтай  және  40%  құрайды  (жалпы  1078  адам 
санынан).  2009  жылға  дейін  шекарадан  ӛту  арқылы  болған  адам  саудасы 
жағдайларының саны ішкі адам саудасы жағдайларының санынан басым болды. 
2009 жылдан бастап бұл кӛрсеткіштер халықаралық адам саудасы жағына қарай 
үлестің біршама кӛп болуымен теңесті  деуге болады.  
Аталмыш  бастаманың  аясында  кӛмек  алып  жатқан  адам  саудасы 
құрбандары  негізінен  баратын  елі  Қазақстан  болғандар.  Ішінде  азиялық  және 
еуропалық  елдер  де  бар  ӛзге  бару  елдерінің  үлесіне  10%  жағдай  тиесілі. 
Олардың  ішінде  Біріккен  Араб  Әмірліктері,  Түркия  және  Ресей  алда.  Адам 
саудасы  құрбандарының  кӛбі  –  Қазақстан  мен  Ӛзбекстанның  азаматтары. 
Айқындалған  жағдайлардың  үштен  екісі  дерлгін  әйелдер  құрайды. 
Құрбандардың  жасы  негізінен  30  жастан  аспайды,  әрбір  алтыншы  адам  (16%) 
кәмелетке  толмай  адам  саудасы  құрбанына  айналған.  Кӛмек  алып 
жатқандардың  арасында  еңбек  және  сексуалдық  пайдалану  құрбандары  бірдей 
үлесті 
құрайды. 
Соңғы 
үш 
жылда 
айқындалған 
еңбек 
арқылы 
қанаужағдайларының саны сексуалдық қанаужағдайларының санынан артты.  
Қолданыстағы  оңалту  орталықтарында  (біреуі–  Әділет  министрлігінің 
пилоттық 
жобасының 
аясында, 
екеуі 
– 
Халықаралық 
кӛші-қон 
ұйымынанқаржыландырылып  жатқан  орталық)  кӛрсетілетін  қызметтердің 
сапасын әрі қарай арттыру мақсатында Халықаралық кӛші-қон ұйымы тәуелсіз 
мамандарды  жұмылдыру  арқылы  ҮЕҰ  ұсынатын  әлеуметтік  қызметтердің 
(әлеуметтік-тұрмыстық;  әлеуметтік-медициналық;  әлеуметтік-психологиялық; 
әлеуметтік-құқықтық;  әлеуметтік-экономикалық;  әлеуметтік-педагогикалық) 
негізгі 6 түрінің тізімі аталған мақсатты топтың қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін жеткілікті ме және адам саудасы құрбандары оларға кӛрсетілген кӛмектің 
сапасына  қаншалықты  қанағаттанады  деген  мәселені  зерделеді  (зерттеудің 
толық нұсқасын Халықаралық кӛші-қон ұйымы қалың бұқараға жария етті және 
ашық сипатта қолжетімді).  
Зерттеудің міндеттері: 
1.
 
адам  саудасы  құрбандарының  оларға  кӛрсетілетін  кӛмекке 
қанағаттану деңгейін бағалау;  

126 
 
2.
 
адам  саудасы  құрбандарында  кӛмекке  қанағаттанбаушылық 
қажеттіліктерінің болуын анықтау;  
3.
 
адам  саудасы  құрбандарына  әлеуметтік  қызметтер  кӛрсететін 
мамандардың  аталмыш  мақсатты  топқа  әлеуметтік  қызметтер  кӛрсетудің 
тиімділігі мен мүмкіндіктерін қабылдауын бағалау;  
4.
 
Қазақстан Республикасында адам саудасы құрбандарына әлеуметтік 
қызметтер кӛрсету жүйесін жетілдіру жӛнінде ұсынымдар әзірлеу;  
5.
 
Қазақстан 
Республикасында 
адам 
саудасы 
құрбандарына 
кӛрсетілетін  әлеуметтік  қызметтердің  мониторингі  мен  бағалау  жүйесін 
жетілдіру жӛнінде ұсынымдар әзірлеу.  
Зерттеудің  мақсатты  тобы  Қазақстан  Республикасында  адам  саудасы 
құрбаны  ретінде  әлеуметтік  қызметтер  алған  адамдар  және  аталмыш 
қызметтерді  (қаржыландыру  кӛзінеқарамастан  (Халықаралық  кӛші-қон  ұйымы 
бағдарламалары,  мемлекеттік  бюджет)  кӛрсететін  мамандар.  Осылайша, 
жүргізілген  зерттеу  нәтижелерін  арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  ұсыну 
стандарттарын әзірлеуде назарға алу қажет болады.   
 
5.5.1. Мәліметтерді жинақтау әдістері 
 
Зерттеу  сапалы  әлеуметтанулық  әдіснама  аясында  жүргізілді,  кӛбінесе 
әртүрлі  феномендерді  айқындау  мен  сипаттауға  бағытталған,  ал  олардың 
сандық  таралуына  азырақ  мән  беріледі.  Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттеріне 
сәйкес  зерттеудің  негізгі  әдісі  жартылай  құрылымданған  сұхбат,  ол  келесі 
информанттарды  қамтыды:  Қазақстан  РеспубликасындағыХалықаралық  кӛші-
қон  ұйымының  Қазақстан  Республикасындағы  адам  саудасымен  күрес 
жӛніндегі  бағдарламасының  қызметі  аясында  және  ҚР  Әділет  министрлігінің 
әлеуметтік  мемлекеттік  тапсырысын  іске  асыру  аясында  және  адам  саудасы 
құрбандарына  әлеуметтік  қызметтер  ұсынатын  ұйымдардың  қызметкерлерінен 
әлеуметтік қызметтер алған адам саудасы құрбандары. Зерттеудің қосалқы әдісі 
Қазақстан 
Республикасының 
кӛмек 
кӛрсететін 
(шелтерлер) 
әртүрлі 
орталықтарға  сайт-сапарлар  (3  сапар)  болып  табылды.  Зерттеуге  келесі 
шелтерлер қатысты: 

 
 «Әйелдер мен балаларғаарналған әлеуметтік-психологиялық оңалту 
және  бейімдеу  «Родник»  орталығы»  (Алматы  қаласы)  қоғамдық  қоры,  2006 
жылы  АҚШ-тың  Халықаралық  даму  жӛніндегі  агенттігінің  қаржылай 
қолдауымен  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  «Орталық  Азиядағы  адам 
саудасымен  күрес»  жобасының  аясында  құрылған.  Шелтер  қауіпсіз  мекендеу, 
медициналық  кӛмек,  психологиялық  консультациялар  беру,  кәсіби  оқыту, 
Отанға  оралу,  құжаттарды  қалпына  келтіру  және  реинтеграциялық  кӛмек 
бойынша  қызметтер  ұсынады.  Шелтер  ең  кӛп  дегенде  алты  адамды  (әйелді)  –
резидентті  қабылдау  алады.  Шелтерде  бес  қызметкер  жұмыс  істейді:  шелтер 
жетекшісі, психолог, үш әлеуметтік жұмыскер.  

 
«Феминистская  лига»  (Кӛкшетау  қаласы)  ҚБ,2008  жылы 

127 
 
Нидерланды  Елшілігінің  қаржылай  қолдауымен  Халықаралық  кӛші-қон 
ұйымының «Қазақстандағы адам саудасымен күрес: Адам саудасын болдырмау 
және адам саудасы құрбандарын қорғау» жобасының аясында құрылған. Жалпы 
шелтерге  10  резидентті  (ерлер  мен  әйелдер)  орналастыруға  болады.Шелтерде 
қауіпсіз  мекендеу,  медициналық  кӛмек,  психологиялық  консультациялар  беру, 
заңгерлік  сүйемелдеу,  кәсіби  оқыту  курстарын  ұсыну,  Отанға  оралу, 
құжаттарды қалпына келтіру және реинтеграциялық кӛмек бойынша қызметтер 
ұсынылады. Шелтерде алты қызметкер жұмыс істейді: жетекші, тӛрт әлеуметтік 
жұмыскер, психолог, медициналық қызметкер.  

 
«Кӛмек»  адам  саудасының  құрбандарыныңуақытша  тұратын 
орталығы  ЖМ  2009  жылы  ҚР  Әділет  министрлігінің  бастамасымен  «Қорғау-
Астана»  ҚЖ  (Астана  қаласы)  жанынан  құрылды,  20  адам  сияды.  Орталықтың 
басым бағыты уақытша тұратын орын ұсыну және «адам саудасы құрбандары» 
анықтамасына  кіретін  адамдарға,  жәбірленушілерге  құқық  қорғаушылық, 
медициналық, психологиялық және ӛзге де аралас қызметтер кӛрсету.  
Адам саудасы құрбандарымен сұхбат  
Қызметтерді  алушылар  -  адам  саудасы  құрбандарының  тәжірибесі  мен 
пікірлерінің  барлығын  кӛрсетуді  қамтамасыз  ету  үшін  болжамды  түрде 
статистикалық  деректерді  талдаудың  негізінде  адам  саудасына  қатысты 
әлеуметтік  демографиялық  және  ӛзге  де  сипаттамаларға  негізделген 
респонденттердің құрамына квоталар белгіленген (1-кесте). 
Аталған жобаның аясында іріктемені қалыптастырудың бұл амалы шелтер 
қызметкерлерінің  кӛмегімен  іске  аса  алар  еді.  Осыған  орай,  Қазақстанда 
рекрутталғанреспонденттер – бұл кӛп жағдайда әлеуметтік кӛмекті алу процесін 
сәтті  аяқтаған  және  шелтер  қызметкерлерімен  позитивті  байланыстарды 
сақтаған  адамдар,  яғни  «табыстылар»  қатарына  жатқызуға  болатын  оңалту 
жағдайлары.  Бұл  факт  зерттеу  нәтижелерін  түсіндіру  мүмкіндіктеріне 
шектеулер қояды. 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал