Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет13/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

4.5. Қылмыстан зардап шеккендерге, соның ішінде адам саудасының 
қҧрбандарына зиянын ӛтеу мәселелері 
 
4.5.1.Қылмыстық істің, соның ішінде адам саудасының қҧрбандарына 
зиянын ӛтеу саласындағы негізгі халықаралық-қҧқықтық актілер 
 
Қылмыстардың  құрбандарын  қорғау  мен  оларға  ӛтемақы  тӛлеу 
саласындағы  негізгі  халықаралық  құқықтық  актілер  мен  құжаттар  келесілер 
болып табылады: 

 
Адам құқықтарының жалпыға ортақдекларациясы; 

 
Қылмыс  және  билікті  асыра  пайдалану  құрбандары  үшін  әділ  сот 
тӛрелігінің негізгі ұстанымдары туралы декларация; 

 
Зорлық  кӛрсету  қылмыстарының  құрбандарына  зиянын  ӛтеу 
жӛніндегі Еуропалық Конвенция; 

 
Қылмыстардың  құрбаны  болған  балалар  мен  куәгерлердің 
қатысуымен  байланысты  мәселелерде  әділ  сотқа  қатысты  жетекшілік 
принциптер; 

 
Еуропа  Кеңесі  Министрлер  Комитетінің  «Қылмыстық  құқық  және 
процесс аясындағы жәбірленушінің ережесі туралы» Ұсынымы; 

107 
 

 
Еуропа 
Кеңесі 
Министрлер 
Комитетінің 
«Қылмыстан 
жәбірленушілерге тӛленетін ӛтемақы туралы» Резолюциясы; 

 
БҰҰ-ның  Қылмыстың  алдын  алу  және  құқық  бұзушыларға  қарау 
жӛніндегі ІХ Конгресінің ұсынымдары (Каир, 1995 ж. 29 сәуір-8 мамыр) (құқық 
бұзушылардың  құқықтарын  басымды  түрде  қорғауға  екпін  жасаудан  құқық 
бұзушының  құрбанын  басым  қорғау  мен  қоғамдық  мүдделерге  ауыстыру 
қажеттігі туралы); 

 
қылмыс пен қылмыстық әділ сотты ескерту саласындағы Әйелдерге 
қатысты  зорлықты  жою  жӛніндегі  типтік  стратегиялар  мен  практикалық 
шараларды шолу және жаңарту жӛніндегі БҰҰ-ның үкіметаралық сарапшылар 
топтары кеңесінің баяндамасы (Бангкок, 2009 жылғы 23-25 наурыз); 

 
Еуропа  Кеңесі  Министрлер  Комитетінің  балаға  жақын  әділ  сот 
бойынша ұсынымдары  (Министрлер орынбасарларының 1098-кездесуінде 2012 
жылдың 17 қарашасында Министрлер Комитеті арқылы қабылданды). 
1985  жылғы  «Қылмыс  және  билікті  асыра  пайдалану  құрбандары  үшін 
әділ  сот  тӛрелігінің  негізгі  ұстанымдары  туралы  декларацияның»  13-бабында 
БҰҰ-на  мүше  мемлекеттеріне  ұсынымдарды  білдіреді  «құрбандарға  өтемақы 
төлеу  мақсатын  көздейтін  ұлттық  қорларды  құруда,  нығайтуда  және 
кеңейтуде  көмек  көрсету».  Аса  ауыр  қылмыстардың  нәтижесінде  дене 
жарақаттарын  алған  құрбандарға  мемлекет  тарапынан  қаржылық  ӛтеу 
Декларациядан  кӛрсетілгендей  болады:  «құқық  бұзушыдан  немесе  басқа  да 
көздерден өтемақыны толықтай алу мүмкіндігі болмаған жағдайда». 
Жоғарыда  аталған  халықаралық  құқықтық  актілердің  қатарынан  Еуропа 
Кеңесінің  құжаттары  ерекшеленеді.  Еуропа  Кеңесі  қабылдаған  барлық 
нормативтік  актілердің  маңызды  міндеті  барлық  мүше  мемлекеттердің 
қоғамдық ӛмірінің тәжірибесіне мұндай заңнаманы ендіру болып табылады. Бұл 
принцип  барлық  мүше-мемлекеттерде  жәбірленушілердің  теңдігін  қамтамасыз 
ету  үшін  олардың  құқығын  анықтайтын  резолюциялар  мен  конвенцияларға 
жатқызылады.  
1970 жылдардың ортасында Еуропа Кеңесі қылмыстардың құрбандарына 
ӛтемақы  (мемлекеттік)  тӛлеу  мәселесін  кӛрсетті.  Ол  кезде  Еуропа  Кеңесіне 
мүше  мемлекеттердің  кӛбі  мұндай  ӛтемақы  беру  принциптері  бойынша 
ерекшеленетін  ережелері  болды.  Еуропа  Кеңесінің  мақсаты  барлық  мүше 
мемлекеттер үшін бірыңғай минимальді нормаларды қабылдау болды.  
Соңғы  жылдары  Еуропа  Кеңесі  қылмыстар  құрбандарының  ережелеріне 
қатысты  қосалқы  ережелер  қабылдады:  қылмыстық  құқық  және  қылмыстық 
процесс аясындағы жәбірленушілердің ережесі туралы № R (85) 11 ұсынымын, 
сонымен  қатар,  құрбандарға  кӛмек  пен  виктимизацияны  болдырмау  туралы  
№ R (87) 21 ұсынымын қабылдады.  
«Қылмыстық құқық пен қылмыстық процесс аясындағы жәбірленушінің 
жағдайы туралы» № R (85) 11 ұсыным 
1985  жылы  мүше-мемлекеттердің  Министрлер  комитеті  мемлекет  пен 
қылмыскердің  ӛзара  байланысына  негізгі  назар  аударылатын  қылмыстық 

108 
 
құқыққа деген дәстүрлі бағытты ӛзгерту үшін бұл ұсынымды қабылдады, әдетте 
олар жәбірленушілердің проблемаларын азайтуға тырысады. 
Ұсыным  қылмыстардың  жәбірленушілері  мен  олардың  қылмыстық 
процестің  барлық  кезеңдерінде  мүдделерін  қорғауға  бағытталған  жетекшілік 
принциптерді  қамтиды:  жәбірленушіні  сұрау  кезінде  полицияда,  соттың  істі 
қарауы  кезінде,  сондай-ақ  ӛтемақы  тӛлеу,  жеке  ӛмірін  қорғау  және 
жәбірленушіні  ерекше  қорғау  мәселелері  бойынша.  Құжатта  сонымен  қоса, 
татуластыру мен ымыраға келу схемаларында мүмкін болатын басымдықтарды 
зерделеу,  сондай-ақ  құрбандарға  қатысты  қабылданған  ережелердің  тиімділігі 
жӛніндегі зерттеу жүргізу қажеттігі де кӛрсетіледі.  
Ұсынымда құрбан болған балалардың жағдайына да ерекше мән беріледі. 
Құжатта  балалар  оларды  қолдай  алатын  және  оларға  кӛмектесе  алатын 
(мәселен,  олардың  ата-аналары  немесе  қамқоршылары,  я  болмаса  оларға 
кӛмектесуге  құқығы  бар  ӛзге  адамдар)  адамдардың  болуы  кезінде  сұралуы 
қажет екендігіне ерекше мән беріледі.  
Құрбандарға көмек көрсету және виктимизацияныболдырмау туралы 
№ R (87) 21 ұсыным. 
1987    жылы  Кеңестің  мүше-мемлекеттерінің  Министрлер  кеңесі  1985 
жылғы  құрбандарға  кӛмек  кӛрсету  және  виктимизацияны  ескерту  туралы 
ұсыныммен қоса құжатты аяқтады. 
Аталған  ұсынымда  кӛрсетілген  негізгі  жетекшілік  принциптер 
мемлекеттік,  сондай-ақ  үкіметтік  емес  ұйымдарды  қоса  отырып,  құрбандарға 
кӛмек кӛрсету мен оларды қолдау жүйесін дамытуға бағытталған. 
Ұсынымда жалпы жәбірленушілер үшін, құрбандардың ерекше санаттары 
үшін,  тұрмыстық  зорлық,  сексуалдық  зорлық,  ұйымдасқан  қылмыс  және 
нәсілшілдік  негізіндегі  зорлық  сияқты  қылмыстардың  құрбандары  үшін 
бағдарламалар мен құрылымдарды әзірлеуде мүше-мемлекеттер қабылдауы тиіс 
шаралар берілген.   
Балалар  құрбандардың  ерекше  категориясы  ретінде  сипатталды,  олар 
үшін кӛмек беру жүйесі құрылуы, әзірленуі және кеңеюі тиіс.  
Онымен  қоса,  құжат  мүше-мемлекеттерге  виктимизацияны  болдырмау 
жӛніндегі  шараларды  қабылдауды,  виктимизация  жӛнінде  ғылыми  зерттеулер 
жүргізуді  және  қауымдастықты  жбірленушілердің  қажеттіліктерін  түсінуге 
жұмылдыру үшін барлық жағдайларды жасауды ұсынады.  
Қылмыстардың 
құрбандарының 
маңызды 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын  кӛмек,  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  медициналық, 
психологиялық, 
әлеуметтік 
және 
материалдық 
кӛмек 
кӛрсету, 
жәбірленушілердің 
құқықтары 
туралы 
ақпарат 
беру 
және 
алдағы 
виктимизацияны  болдырмау  үшін  кеңестер,  қылмыстық  процесте  кӛмек  беру, 
сондай-ақ  тӛлем  мен  ӛтемақы  алуда  кӛмек  сияқты  жәрдем  берудің  негізгі 
нысандарын айқындайтын нақты жағдайларға қатысты жетекшілік принциптер.  
2001  жылғы  15  наурыздағы  «Қылмыстық  сот  ісін  жүргізудегі 
құрбандардың ережесі туралы» шекті шешім. 

109 
 
ЕО  қылмыстардың  құрбандарына  қатысты  негізгі  құжаты  Еуропа  Кеңесі 
қабылдаған  және  барлық  мүше-мемлекеттер  үшін  міндетті  болып  табылатын 
2001  жылғы  15  наурыздағы  «Қылмыстық  сот  ісін  жүргізудегі  құрбандардың 
ережесі  туралы»  шекті  шешім  болып  табылады.  2001  жылғы  22  наурыздан 
бастап  Кеңес  қылмыстардың  құрбандарына  мемлекеттік  ӛтемақы  беру  туралы 
директивамен жұмыс істеуде.  
Құжатта 
келесі 
ұғымдарға 
анықтамалар 
беріледі: 
«құрбан», 
«жәбірленушілерді  қолдау  ұйымы»,  «қылмыстық  іс»,  «ӛндіріс»  және 
«қылмыстық істердегі бітістірушілік». Бұл шешім ЕО-ның мүше-мемлекеттерін 
қылмыстардың 
құрбандарын 
қамтамасыз 
ету 
ережелерін 
және 
жәбірленушілердің  келесі  құқықтарын  мойындауға  міндеттейді:  сыйлау  мен 
мойындау  құқығы,  тыңдалу  құқығы,  ақпарат  алу  құқығы,  қорғау  құқығы, 
ӛтемақыға құқық.  
1983  жылғы  Зорлық  қылмыстардың  құрбандарына  өтемақы  төлеу 
туралы Еуропалық конвенция. 
1977 жылы Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті мүше-мемлекеттерге 
жәбірленушілерге  мемлекеттік  ӛтемақы  беруді  ұсынған  қылмыстардың 
құрбандарына ӛтемақы тӛлеу туралы (77) 27 қарарын қабылдады. 
Бұл шешім 1983 жылы Зорлық қылмыстардың құрбандарына зиянын ӛтеу 
туралы  Еуропалық  Конвенцияны  қабылдаудың  негізінде  жатыр  (the  European 
Covenant  on  Compensation  for  Victims  of  Violent  Crimes).  Конвенция  оған  қол 
қойған  мемлекеттерді  қасақана  жасалынған  қылмыстардың  құрбандары  мен 
зорлық  қылмыстардың  нәтижесінде  жәбірленген,  қайтыс  болған  адамдарды-
асыраудағы адамдарды мемлекеттік ӛтемақымен қамтамасыз етуге міндеттейді.   
Мемлекеттік  қаржы  есебінен  тӛленетін  ӛтемақы  егер  зиянды  ӛтеу  құқық 
бұзушыдан  немесе  ӛзге  кӛздерден  толық  кӛлемде  мүмкін  болмаған  жағдайда 
ғана тӛленеді.    
Конвенцияда  мемлекеттік  ӛтемақының  жоғары  шектері  мен  ӛзге  де 
шектеулерді белгілеуге жол беріледі.  
Атап  айтқанда,  белгіленген  зиянда  мемлекеттік  ӛтемақы  кем  дегенде 
келесі элементтерді қамтуы тиіс:еңбекақыны жоғалту, медициналық шығындар, 
медициналық  алымдар,  асыраушыны  жоғалту  (жәбірленуші  асыраудағы  адам 
болған  жағдайда).  Конвенция  мемлекеттен  және  ӛзге  де  кӛздерден  екі  жақты 
ӛтемақы  тӛлеуді  болдырмау  амалдарын  да  айқындайды.  Ол  бұл  құжатқа  қол 
қойған  мемлекеттерді  келтірілген  зиянға  мемлекеттік  ӛтемақы  алу  құқықтары 
туралы мүдделі адамдарды хабардар етуге міндеттейді. 
Қазақстан  ратификациялаған  БҰҰ  Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмысқа 
қарсы  Конвенциясының  2  бӛлімінің  25-бабында  кӛрсетілгендей,  «Әрбір 
Қатысушы-мемлекет  осы  Конвенцияда  қамтылатын  қылмыстардан  жәбір 
көргендерге  өтемақы  төлеу  және  зиянынөтеуге  мүмкіндік  жасауды 
қамтамасыз ету үшін тиісті рәсімдер белгілейді».  
БҰҰ  Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы  Конвенциясын 
толықтырушы  Адам,  әсіресе  әйелдер  мен  балалар  саудасын  ескерту  және 

110 
 
болдырмау  және  ол  үшін жазалау  туралы  хаттамада  келесі  кӛрсетілген:  «әрбір 
қатысушы-мемлекет өзінің ішкі құқықтық жүйесі адам саудасы құрбандарына 
көрген  зиян  үшін  өтемақы  алу  мүмкіндігін  беретін  шаралар  қабылдауын 
қамтамасыз етеді
Бангкок  декларациясына  қосымша  болып  табылатын  БҰҰ  Трансұлттық 
ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы  Конвенциясын  іске  асыру  жӛніндегі  заңнамалық 
органдар 
үшін 
жетекшілік 
қатысушы-мемлекет 
«қылмыстардан 
жәбірленгендерге 
ӛтемақы 
тӛлеу 
мен 
залалдың 
орнын 
толтыруға 
қолжетімділікті  қамтамасыз  етуі  үшін  тиісті  рәсімдер  орнатуы»  тиіс  екенін 
белгілейді  (350 тармақ). 
Қылмыста 
келтірілген 
залалдың 
орнын 
толтыру 
мәселелерін 
халықаралық-құқықтық  реттеуге  ерекше  мән  берілетін  тағы  бір  әмбебап 
сипаттағы  халықаралық  келісім  қылмыста  келтірілген  залалды  ӛтеу  туралы 
мәселені  шешуге  кепілдік  беретін  БҰҰ-ның  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
күрес Конвенциясы болып табылады. 
Аталған  Конвенцияның  57  бабы  3-тармағының  с)  тармақшасына  сәйкес 
сұрау  салынған  Қатысушы-мемлекет    басқа  жағдайлардың  барлығында 
тәркіленген  мүлікті  бірінші  кезектегі  тәртіппен  сұрауды  салған  Қатысушы-
мемлекетке  қайтару,  осындай  мүлікті  оның  бұрынғы  заңды  меншік  иесіне 
қайтару немесе қылмыстан зардап шеккендерге ӛтемақы тӛлеу туралы мәселені 
қарастырады. 
ТМД  аясында  жасалған  халықаралық  келісімдерді  қозғай  отырып, 
алдымен келесілерді атаған жӛн: 
Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық кӛмек 
пен  құқықтық  қатынастар  туралы  конвенция  (Минск,  1993  жылғы  22  қаңтар, 
бұдан әрі - Минск Конвенциясы); 
Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық кӛмек 
пен  құқықтық  қатынастар  туралы  конвенция  (Кишинев,  2002  жылғы  7  қазан, 
бұдан әрі - Кишинев Конвенциясы). 
Аталған  құжаттарда  ТМД-ға  мүше-мемлекеттер  азаматтық,  отбасылық 
және қылмыстық істер, атап айтқанда, қылмыстық процестегі азаматтық талап-
арыз  институтын  іске  асыру  мәселелері  бойынша  бойынша  құқықтық  кӛмек 
кӛрсету саласындағы ынтымақтастыққа келісті.  
Минск 
Конвенциясының 
6-бабында 
ТМД-ға 
мүше-мемлекеттер 
«азаматтық  талап-арыз  бӛлігіндегі  үкімдерді...  тану  және  орындау...  бір-біріне 
құқықтық  кӛмек  кӛрсететіні»  туралы  ереже  белгіленген  оның  72-бабы  егер 
ТМД-ға  мүше-мемлекеттің  азаматы  –  жеке  тұлға  ТМД-ға  мүше  ӛзге 
мемлекеттің  аумағында  қылмыс  жасаған  жағдайда  қылмыстық  процесте 
азаматтық  талап-арызды  қарауға  кепілдік  беруді  кӛздейді  және  бұл  қылмыс 
бойынша адамды қылмыстық тергеу қылмыста келтірілген зиянды ӛтеу туралы 
талап  етуді  тудырады:  «Егер  іс  қозғалған  қылмыстың  артынан  қылмыстан 
жәбірленген  адамның  азаматтық-құқықтық  талаптары  туындаса,  бұл 
талаптар зиянды өтеу туралы өтініш болған жағдайда осы істе қаралады». 

111 
 
Кишинев  Конвенциясы  Минск  Конвенциясының  орнына  келіп,  оның 
ережелерін одан әрі дамытты.  
Мысалы,  91-бап  қылмыста  келтірілген  залалды  ӛтеу  туралы  мәселені 
шешу  мүмкіндігін  тек  қылмыстық  сот  жүргізуде  ғана  емес,  азаматтық  сот 
жүргізудеде  қарастырады:  «егер  қылмыстық  iс  қозғалған  қылмыс  одан  зиян 
шеккен  адамдардың  азаматтық-құқықтық  талаптарына  әкеп  соқса,  онда 
залалды  өндiру  туралы  осындай  адамдардың  өтiнiшi  болған  кезде,  бұл 
талаптар  осы  iсте  немесе  азаматтық  сот  iсiн  жүргiзу  тәртiбiмен 
қаралады». 
104-бап  қылмыстан  келген  зиянды  ӛтеу  мәселелері  бойынша  ӛзара 
құқықтық кӛмек кӛрсету туралы міндеттемелерді қамтиды
Аталған  конвенциялардан  басқа  қалмыстардың  жеке  бір  түрлерінің 
құрбандарын  қорғаудың  кейбір  аспектілері  25.11.2005  ж.  Адам  саудасы, 
адамның дене мүшелері мен тканьдерінің саудасымен күрестегі ынтымақтастық 
жӛніндегі  ТМД-ға  мүше-мемлекеттердің  келісімінде  кӛрсетілген,  оның 
тараптары  адам,  әсіресе  әйелдер  мен  балалар  саудасының  құрбандарын  тиімді 
қорғау  мен  олардың  реабилитациясын  қамтамасыз  ету  бойынша  шаралар 
қабылдау міндеттемесін қабылдады (3-бап). 
ТМД-ның қатысушы мемлекеттерінің 2011-2013 жылдарға арналған адам 
саудасымен  күрестегі  ынтымақтастық  бағдарламасы  1.1-тармағының  б) 
тармақшасында  «қылмыстардың  құрбандарына  кӛмек  кӛрсету,  соның  ішінде 
адам  саудасы  құрбандарының  әлеуметтік  реабилитациясы,  оларға  келтірілген 
зиянды  ӛтеу,  адам  сатушыларын  қылмыстық  іздеуге  қатысушы  адамдарды 
мемлекеттік  қолдау  шараларын  қаржыландыру  үшін  мемлекеттік  қор  құруды» 
кӛздейтін  нормативтік  құқықтық  актілерді  қабылдауды  ұсынады.  Осылайша, 
ТМД-ның  ӛңірлік  құжаттары  адам  саудасы  құрбандарын  қорғаудың  бӛлігі 
ретінде мұндай Қорды құруды тікелей қарастырады. 
 
4.5.2.Адам саудасының қҧрбандарына зиянын ӛтеу саласындағы ҧлттық заңнама 
мен қҧқық қолдану практикасы 
  
Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  13-бабының  2  бӛлігі 
әркімнің  ӛз  құқықтары  мен  бостандықтарының  сот  арқылы  қорғалу  құқығына 
кепілдік  береді.  Азаматтардың  жарияланған  субъективті  құқықтарының  бірі 
заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алу құқығы 
болып табылады (ҚР Конституциясының 26-бабы). 
Бұл  конституциялық  нормалар  1998  жылғы  1  қаңтардан  бастап  күшіне 
енген ҚР ҚІЖК-де ӛзінің бұдан әрі дамуын тапты.  
ҚР 
Конституциясының 
34-бабына 
сәйкес, 
әркім 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың 
құқықтарын,  бостандықтарын,  абыройы  мен  қадір-қасиетін  құрметтеуге 
міндетті.  Азаматттың  ӛз  мүлкін  ӛзге  адам  заңсыз  тартып  алған  жағдайда 

112 
 
кінәлінің  қоғамдық-қауіпті  әрекеттерінің  нәтижесінде  келтірілген  зиянының 
орнын толтырып алуға құқығы бар.   
Қолданыстағы  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу 
кодексінің бесінші бӛлімі мүліктік мәселелерге арналған. Ол қылмыстық іспен 
бірлесе азаматтық талап-арыз беру арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық істі 
жүргізу  барысында  туындайтын  материалдық-құқықтық  аспектілермен 
байланысты  құқықтық  қатынастарды  қозғайды.  Бұл  бӛлімге  қылмыстық  іспен 
бірлесе  азаматтық  талапты  қараудың  тәртібі  мен  негіздемесін  реттеуші 
ережелері кіреді (ҚР ҚІЖК 20-тарауы).  
Атап  айтқанда,  мүліктік  зиян  шеккен  адам  тергеліп  жатқан  қылмыстық 
істің  аясында  оның  орнын  толтыру  туралы  талап  етуге  құқылы  (ҚР  ҚПК  77-
бабының 1 бӛлігі). Онымен қоса, ҚР ҚІЖК-нің 12-бабының 1 бӛлігі «әркiмнiң ӛз 
құқықтары  мен  бостандықтарын  сот  арқылы  қорғауға  құқығы  бар»  деп 
конституциялық  жағдайды  белгілейді,  ал  үшінші  бӛлігінде«мемлекет  заңда 
белгiленген  жағдайларда  және  тәртiппен  әркімнің  сот  төрелігiне  қол 
жеткізуін  және  оған  келтiрiлген  залалдың  өтелуiн  қамтамасыз  етедi»  деп 
тікелей кӛрсетеді.  
1997  жылы  ҚР  ҚІЖК-ін  қабылдауға  дейін  республикадағы  қылмыстық 
процесте  моральдық  зиянды  ӛтеу  мәселелері  тек  материалдық  зиянды  ғана 
ӛтеуді  қарастырған  1959  ж.  Қазақ  КСР-нің  ҚІЖК  реттелді.1997  жылғы  13 
желтоқсанда қабылданған ҚР ҚІЖК 2004 жылғы желтоқсанға дейін қылмыстық 
процесте қылмыстық әрекеттермен келтірілген моральдық зиянды ӛтеу туралы 
азаматтық талап-арыз ету мен қарастыру тәртібі кӛзделмеген. Тек ҚР 2004 ж. 9 
желтоқсандағы №10  «Қазақстан  Республикасының Қылмыстық,  Қылмыстық  iс 
жүргiзу,  Қылмыстық-атқару  кодекстерiне  және  Қазақстан  Республикасының 
Әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  кодексiне  қылмыстық  iстердi  тергеу 
рәсiмдерiн жеңiлдету, қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипаттан 
арылту  және  әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  заңнаманы  жетiлдiру 
мәселелерi  бойынша  ӛзгерiстер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заңын 
қабылдағаннан  кейін  ғана  ҚР  ҚІЖК  75  және  162  баптарында  тиісті  ӛзгерістер 
мен толықтырулар енгізілді, оларға сәйкес жәбірленушінің материалдық зиянды  
ӛтеу  туралыарыз-талабы  қылмыстық  процесте  мүлікті  зиянды  ӛтеу  туралы 
арыз-талабымен қатар қарастырылады. 
 
Атап  айтқанда,  моральдық  зиянды  ӛтеу  ережелерін  түсіндіретін  ҚР 
Жоғары  Сотының  нормативтік  қаулысының  3  тармағында  кӛрсетілгендей: 
«Моральдық зиян деп азаматтың құқық бұзушылық, оған тиесiлi мүлiктiк емес 
игiлiктер  мен  өзiндiк  құқықтардың  кемiтiлуiнен  немесе  олардан  айырудан 
туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет. Азаматтың жан азабы деп 
адамның кемсiтуге, ызалануға, түңiлуге, ашуға, ұятқа, қажуға, жайсыздыққа 
және  т.б.  байланысты  басынан  кешiретiн  эмоциялық-өзiндiк  жан  күйзелiсi 
сезiмдерiн түсiну қажет»
Қылмыстық іс жүргізу заңында «моральдық зиян» ұғымын және онымен 
байланысты  ұғымдарды  (моральдық  зиянды  ӛтеу,  оның  мӛлшерін 

113 
 
анықтау)анықтайтын  нормалардың  болмауы  құқық  қолдану  тәжірибесіне  кері 
әсер  етті.  Сондықтан,  соттарға  моральдық  зиянды  ӛтеуге  қатысты  мәселелерді 
түсіндіру мақсатында 1995 жылғы 22 желтоқсанда Жоғары Соттың пленумымен 
«Соттардың моральдық зиянды ӛтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» №10 
қаулысы  қабылданды,  оған  сәйкес,  моральдық  зиян  деп  жәбірленушіге  қарсы 
жасалынған  құқық  бұзушылықтың  нәтижесінде  жәбірленуші  сезінетін 
(ұшыраған,  бастан  кешіріп  жатқан)  жан  немесе  тән  азабын  (кемсіту,  ызалану, 
ашу, ұялту, түңілу, дене ауруы, қажу, жайсыздық және т.б.) түсіну қажет.   
ҚР  ҚІЖК  75-бабының  1  бӛлігімен  162-бабының  1  бӛлігіне  сәйкес, 
моральдық зиян келтіру қылмыстық процесте мүліктік және денеге келтірілген 
зиянмен  қатар,  адамды  (жеке  және  заңды  тұлға)  жәбірленуші  және  азаматтық 
арызданушы  ретінде  мойындаудың  негіздердің  бірі  болып  табылады.ҚР  АК 
моральдық зиян ұғымын  жеке тұлғалардың ӛзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен 
құқықтарының  бұзылуы,  кемсiтiлуi  немесе  олардан  айырылуы,  соның  iшiнде 
жәбiрленушiнiң  ӛзiне  қарсы  құқық  бұзушылықтың  жасалуы  салдарынан 
басынан  кешірген  (тӛзімін  тауысқан,  уайымға  салған)  жан  азабы  немесе  тән 
азабы  (қорлау,  ызаландыру,  қысым  жасау,  ашуландыру,  ұялту,  түңілту,  тән 
қиналуы,  залал  шегу,  қолайсыз  жағдайда  қалу  және  т.б.)  ретінде  анықтай 
отырып  (ҚР  АК  951-бабы),  заңды  тұлғалардың  моральдық  зиянды  ӛтеуі  де 
кӛздейді.  
Ӛкінішке  орай,  жәбірленушіге  келтірілген  мүліктік  зиян  оны  жасауда 
кінәлінің  белгіленбеуі  немесе  белгіленген,  бірақ  бұл  үшін  қаражат  болмауы, 
немесе тергеуден және соттан жасырыну себебінен ӛтелмейтін жағдайлар орын 
алады.Ұзақ  уақыт  бойы  жәбірленушілер  мүліктік  мүдделерін  қанағаттандыра 
алмайды,  егер  сотта  келтірілген  зиянды  ӛтеу  міндеті  жүктелген  сотталушы 
қандай да бір себептермен жұмыс істемесе, науқастығына байланысты жазасын 
тартудан  босатылған,  жазалау  мерзімінің  аяқталуына  байланысты  болса,тіпті 
бұған үмітін де үзуде.    
Қылмыс арқылы келтірілген зиянды маңызды сипаттамасы оның мӛлшері 
болып  табылады,  ол  әдетте  жасалғанның  қоғамдық  қауіптілігі  дәрежесінің 
бағасына әсер етеді, ал жағдайлар қатарында қылмыстың саралануын, жазаның 
мӛлшерн  анықтайды.  Қылмыстық  іс  жүргізу  кезінде  ӛтініш  білдірілген 
талаптың  құны  тәжірибеде  кӛбінесе  арызданушы  арқылы  емес,  талап-арызды 
қабылдау  және  азаматтық  талап-арызды  мойындау  туралы  мәселені  шешетін 
тергеуші  арқылы  анықталады.  Алайда  моральдық  зиянды  ӛтеу  мӛлшері 
бағасының критерийлері мен оның мӛлшерін сандық бағалаудың ортақ әдісінің 
жоқтығы құқық қолдану тәжірибеде оның қиындығын тудырады.  
Сот  материалдық  емес  зиянның  мӛлшерін  қалай  белгілейді,  келтірілген 
зиянды  ӛтеу  мӛлшерін  белгілеуде  қандай  жағдайлар  басты  рӛл  атқарады,  егер 
сот  істің  жағдайларын  ескере  отырып,  талап-арыздың  бағасын  анықтайтын 
болса,  жәбірленуші  оны  қалай  кӛрсете  алады  деген  сұрақтар  туындайды.  Бұл 
туралы  А.  Эрделевский  былай  кӛрсетеді:  «Азаптарды  ӛтеу  ғана  зиян 
келтірушіден  жәбірленушінің  пайдасына  және  азаптаулардың  құқық 

114 
 
бұзылуымен  байланысты  оның  психикасына  кері  әсерін  дұрыстау  үшін 
алынатын  ӛзіндік  айыппұл  ретінде  ақшалай  нысанда  кӛрініс  табады. 
Азаптардың  тереңдігі  нақты  ӛлшенбегендіктен,  ақшалай  тіпті  ӛлшене 
алмайтындықтан,  ӛтемақының  мӛлшерінің  қандай  да  бір  баламасы  туралы 
айтуға  болмайды.  Алайда  азаптардың  басым  тереңдігіне  ӛтемақының  үлкен 
мӛлшері және керісінше ӛтемақының мӛлшері бастан кешкен азаптарға барабар 
болуы тиіс деп пайымдау қисынды және әділетті». 
ҚР  Азаматтық  кодексінің  917-бабының  1  тармағына  сәйкес  заңсыз  iс-
әрекеттермен  (әрекетсiздiкпен)  келтiрiлген  моральдық    зиянды,  оны  келтiрген 
(қасақана немесе абайсызда) тұлға толық кӛлемiнде ӛтеуге  тиiс.Тұлға кӛбінесе 
материалдық  емес  сипатта,  адамның  рухани  саласын  кӛбірек  қамтиды,  сол 
себепті мүліктік зиянға қарағанда жәбірленушіні жиі қиналтатын және кӛбірек 
сезілетін  зиянның  ӛтемақысының  мӛлшерін  анықтау  әділетті  болуы  тиіс.  Бұл 
жағдайда  әңгіме  адамның  ӛмірі  мен  денсаулығын  ақшамен  бағалау  емес, 
жәбірленуші үшін қиын салдарларды қандай да бір мӛлшерде дұрыстау екенін 
ескеру қажет.  
Ақшалай  баламаны  нақты  анықтай  алмау  моральдық  зиянды  ақшалай 
ӛтемақы ретінде ӛтеуден бас тартудың негізі болмауы тиіс. Тұлғаға келтірілген 
мүліктік  зиянды  анықтаудың  ӛзі  де  белгілі  бір  мӛлшерде  шарттылық  пен 
дәлсіздіктен  айырылмаған.  ҚР  АК  952-бабына  сәйкес  моральдық  зиянды  ӛтеу 
мӛлшері жағдайлардың жиынтығы бойынша сот арқылы анықталады. Мүліктік 
зиян  қаншалықты  ӛтелсе  де  басқа  адамның  қылмыстық  әрекеттерінің 
нәтижесінде  жойылғанның  орнын  толтыра  алмайды.  Жауапты  адамға  заң  мен 
сот  арқылы  бекітілген  мӛлшерде  моральдық  зиян  келтіргені  үшін  қосалқы 
ӛтемақы  тӛлеу  міндеттемесін  беру  проблемаларды  шешпейді,  алайда 
жәбірленушінің жарасын қандай да бір мӛлшерде жеңілдетеді.  
ҚР  Жоғарғы  Сотының  2005  жылғы  20  маусымдағы  «Азаматтық  талапты 
қылмыстық процесте қарау туралы» №1 нормативтік қаулысының 17-тармағына 
сәйкес,моральдық  зиянды  ӛтеу  туралы  талаптарды  қарау  кезінде  «Соттардың 
моральдық  зиянды  ӛтеу  туралы  заңнаманы  қолдануы  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы №3 нормативтік 
қаулысын басшылыққа алу керек, ол ӛз кезегіндеазаматтарға тумысынан немесе 
заң бойынша тиесiлi мүлiктiк емес игiлiктер мен ӛзiндiк құқықтарды қорғаудың 
және азаматтарға келтiрiлген моральдық зиянды толық ӛтеудiң конституциялық 
құқықтар  мен  бостандықтарды  жүзеге  асырудың,  құқықтық  мемлекет  пен 
азаматтық  қоғам  құрудың  тиiмдi  тәсiлi  болып  табылатынына  соттардың 
назарын  аудартады.ҚР  АК-нің  952-бабына  сәйкес  моральдық  зиян  ақшалай 
ӛтелетіндіктен,  ал  ӛтемақы  мӛлшерін  сот  анықтайтындықтан,  сот  ӛтемақы 
мӛлшерін анықтауда, ӛтемақы мӛлшерін белгілегенде азаматтың жеке мүліктік 
емес  құқықтарының  бұзылуымен  байланысты  барлық  нақты  жағдайлар 
ескерілетін  боладыжәне  сот  белгілеген  ӛтемақының  мӛлшері  арызданушының 
талаптарын  орынды  қанағаттандыру  туралы  негіздемелі  қорытынды  шығаруға 
мүмкін  береді  деген  шарты  арқылы  әділеттілік  және  жеткіліктілік 

115 
 
принциптеріне сүйенуі тиіс.Сонымен қоса, сот істің материалдарымен расталған 
ӛзге  де  мән-жайларды  назарға  алуға  құқылы,  атап  айтқанда,  жәбірленушіге 
моральдық  зиян  келтіргені  үшін  жауапқа  тартылатын  азаматтың  отбасылық 
және мүліктік жағдайы. 
Соттар  ӛздеріне  моральдық  зиянды  ӛтеудің  «шегін»  белгілеп  алғанын 
қалыптасқан  тәжірибе  кӛрсетіп  отыр  және  моральдық  зиянды  ӛтеу  туралы 
талап-арыздың  қанағаттандырылуы  жағдайында  сома  50-100  мың  теңгеден 
аспайтынын «хаттамадан тыс» түсіндіреді. Біздің пікірімізше, адам саудасынан 
жәбірленушілердің  мұндай  сомамен  ӛздеріне  келтірілген  зиянды  ӛтеп  алуға 
мүмкіндіктері  жоқ.  Адам  саудасына  байланысты  қылмыстардың  нәтижесіндегі 
құрбан  ұрланған  мүлікті  жоғалтудан  кӛретін  азаппен  салыстыруға 
келмейтінрухани азап шегеді.  
ҚР  АК  951-бабының  4  тармағына  сәйкес,заң  актiлерiнде кӛзделген 
жағдайларды  қоспағанда,  азаматтың  мүлiктiк  құқықтарын  бұзатын  әрекеттер 
(әрекетсiздiк)  арқылы  келтiрiлген  моральдық  зиян  ӛтелуге  жатпайды. 
«Соттардың  моральдық  зиянды  ӛтеу  туралы  заңнаманы  қолдануы  туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  2001  жылғы  21  маусымдағы    №3 
нормативтік  қаулысының  13-тармағында соттарға  Қазақстан  Республикасы 
Азаматтық  кодексiнiң  951-бабының  4-тармағына  сәйкес  жеке  тұлғалардың 
мүлiктiк  құқықтарының  бұзылуы  моральдық  зиянға  ақшалай  нысанда  ӛтем 
жасау  мүмкiндiгiн  терiске  шығаратынын,  атап  айтқанда:  мүлiктi  иеленуге, 
пайдалануға  және  басқаруға  байланысты  құқықтарды;  құқықтық  қатынастарға 
қатысушылар  арасында  пайда  болатын  мүлiктiк  талаптарды  (мүлiктiк  немесе 
мiндеттемелiк  құқықтар, оның  iшiнде азаматтың  ӛмiрiне немесе денсаулығына 
келтiрiлген  зиянды  ӛтеуге,  мiндеттемелердiң  орындалмауына  немесе  тиiсiнше 
орындалмауына байланысты және т.б.), сондай-ақ авторлардың ӛздерi тудырған 
шығарма  немесе  ашқан  ӛнертабысы  үшiн  сыйақы  алу  құқығын;  мұрагерлiк 
құқықтарды  түсiну  қажет  екенi  түсiндiріледі.  Егер  iстi  қарау  кезiнде  сот 
азаматтардың  мүлiктiк  құқықтарының  бұзылуы  оның  жеке  мүлiктiк  емес 
игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуымен қатар орын алғанын анықтаса,  онда 
мүлiктiк  зиянды  ӛтеу  туралы  талапты  қанағаттандырумен  қатар  мүлiктiк  емес 
зиянды  ӛтеу  туралы  талап  та  қанағаттандыруға  жатады  (тұрғын  үйге  қол 
сұқпаушылықты  бұза  отырып,  жәбiрленушiнiң  үйiн  заңсыз  иелену; 
тұтынушының  сапалы  тауарға  құқығын  бұзу;  тауардың  фирмалық  атауына 
құқықты бұзу; артықшылықпен сатып алу құқығын бұзу және т.с.с.).  
«Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  67-бабын  қолдану 
жӛнiндегi  сот  практикасы  туралы»  ҚР  Жоғарғы  Сотының  2001  жылғы  21 
маусымдағы  №4  нормативтік  қаулысына  сәйкес,  тараптарды  татуластыру 
институтын  дұрыс  қолдану  жәбірленушiнiң  қылмыстық  процестегі  рӛлi  мен 
белсенділігін  арттыруға,  оның  бұзылған  құқықтары  мен  бостандықтарын  тез 
қалпына  келтiруге  жәрдемдеседi,  сонымен  бiрге  қылмысты  жасаған,  соңынан 
жәбiрленушiмен татуласу және зиянның есесiн толтыру түрiнде байқалатын оң 
тәртiбiмен  танылған  адамдарға  адамгершiлiкпен  қарауға  бағытталған.  Қылмыс 

116 
 
жасаған  адамның  есесiн  толтыруға  жататын  зиянға  қылмыс  арқылы 
жәбірленушiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлетiн немесе моральдық кез 
келген  зиянды  жатқызу  қажет,  бұл  ретте  тек  тiкелей  шығындар  ғана  емес, 
сонымен  бiрге  қылмысқа  байланысты,  оның  iшiнде  ӛкiлге  жұмсалатын 
шығынды  қоса  алғанда,  алдын  ала  тергеуге,  сотқа  қатысуға  байланысты 
жұмсалған  шығындарды  зиянға  жатқызған  дұрыс.  Бұл  ретте  нормативтік 
қаулыға  сәйкес,  зиянның  есесiн  толтыру  бүлiнген  мүлiктi  қалпына  келтiру, 
ұрланған мүлiктi қайтарып беру немесе тап сондай мүлiктi ұсыну, ақшалай ӛтем 
тӛлеу,  дәрi-дәрмектердi,  санаториялық-курорттық  жолдамаларды  сатып  алып 
беру,  жәбiрленушiнiң  алдында  кешiрiм  сұрау  түрiнде  және  заңмен  тыйым 
салынбаған басқа да нысандарда болуы мүмкiн.  
Қылмыстық  құқыққа  оралатын  болсақ,  ҚР  ҚК-де  кінәліні  материалдық 
жазалаудың  түрлері  тәрізді  зиянды  ӛтеу  жоқ,  бұл  қылмыстық  процестегі 
азаматтық  талаптың  тиімсіздігінің  себебінен  кемшілік  болып  табылады. 
Материалдық  жауапкершілік  жазалаудың  айтарлықтай  тиімді  шарасы  болып 
табылады,  осыған  орай,  ол  қылмыстық  заңнамада  кінәліні  жазалаудың  ӛзге 
шараларымен  қатар  жәбірленушінің  алдында  қылмыс  жасағаны  үшін  жауапқа 
тартылу  нысаны  ретінде  кӛрінуі  тиіс,  ал  оны  түзету  және  жаңа  қылмыстарды 
жасауды ескерту үшін мемлекетжазаны қолданады.  
Құқық қорғау қызметінің тиімділігін тӛмендету жағдайында азаматтардың 
қылмысқа  құқықтан  тыс  мән  беру  тәжірибесі  қалыптасады.  Оған  мыналар 
кіреді: 
а)  нақты  қылмыскерлерді  спонтанды,  соның  ішінде  жауапты 
қылмыстарды жасау арқылы жазалау; 
б)  қылмысқа  мән берудің  және материалдық  немесе  ӛзге зиянды ӛтеудің 
заңға негізделмеген салттары мен стандарттарын құру; 
в) кӛлеңкелі, соның ішінде қылмыстық әділеттің жүйесін қалыптастыру. 
Қылмыстық әрекеттерге құқықтан тыс мән берудің кӛрсеткіштерінің бірі 
латентті  қылмыс,  соның  ішінде  адам  саудасы  болып  табылады.  Құқық 
қорғаушы  ҮЕҰ  тәжірибеден  шығатыны,  әрбір  айқындалған  адам  саудасының 
құрбанына  5-7  айқындалмағандардан  келеді.Олардың  30-ға  жуық  пайызы  ғана 
полицияға  жүгінеді.  Қалғандары  әділеттілікке  сенбестен  ӛз  проблемаларын 
ӛздері шешуді қалайды, олардың пікірінше, әділеттілік келтірілген материалдық 
және  моральдық  зиянды  ӛтеу  деп  түсінеді.  Осылайша,  жәбірленушіге  адам 
саудасына  байланысты  қылмыстардан  келтірілген  зиянды  ӛтеу  мәселелерінде 
әділеттіліктің  жоқтығы  адам  саудасының  жазасыздығына,  оның  кӛбеюі  мен 
жәбірленушілер  санының  ұлғаюына,  сондай-ақ  олардың  қайталанбалы 
виктимизациясына алып келеді.  
Алайда  тіпті  құқық  қорғау  органдарына  жүгіне  алғандар  да  ӛзіне  деген 
сенімсіздікке, сыбайлас жемқорлыққа, дискриминацияға кезігеді.  
ҮЕҰ  тәжірибесінде  Атырау  қаласында  Ӛзбекстанның  екі  азаматшасын 
еңбекпен  қанау  жағдайы  болды,  олар  ӛздерін  қанаған  адамдарды  қылмыстық 

117 
 
жауапкершілікке  тартуға  сәтсіз  ұмтылғандарынан  кейін  азаматтық  істер 
сотында жалақысын тӛлетуге мүмкіндік алды.  
Бұдан  алдын  ала  айтылғандай,  мемлекеттік  органдардың  қарауының 
нәтижесінде  Қазақстанда  соңғы  үш  жылдың  ішінде  қылмыстардың 
жәбірленушілеріне/құрбандарына 
зиянды 
ӛтеу 
мәселесі 
Қазақстан 
Республикасының  жаңа  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінде  кӛрініс  тапты.  Бұл 
мәселе  алғаш  рет  саяси  деңгейде  2011  жылы  сәуірде  ел  Парламентінде 
кӛтерілген болатын.  
2011  жылғы  27  тамызда  ҚР  Премьер-Министрінің  №  116  ӛкімімен 
Қазақстан Республикасында қылмыстардан жәбірленушілерге реституция және 
ӛтемақы  тӛлеу  үшін  қор  құрудың  (бұдан  әрі  –  Қор)  орындылығы  мәселесі 
бойынша ұсыныстар әзірлеу жӛніндегі жұмыс тобы құрылды.  
2013  жылғы  13  наурызда  ҚР  Президенті  жанындағы  Құқықтық  саясат 
жӛніндегі  кеңестің  отырысында  жәбірленушілерге  келтірілген  зиянды  ӛтеудің 
мемлекеттік қорын құру туралы ұсыныс қолдау тапты.  
2013  жылғы  16  қазанда  ҚР  Әділет  министрлігінде  қылмыстардан 
келтірілген зиянды ӛтеу жӛніндегі арнайы мемлекеттік қорды құру мәселелерін 
пысықтау  және  «адам  ӛмірінің  құнын»  бағалау  әдістемесін  әзірлеу  жӛніндегі  
ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы ӛтті.   
Осылайша, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа ҚР ҚІЖК-
нің 173-бабында жәбірленушілерге келтірілген зиянды ӛтеу қоры кӛзделген. ҚР 
ҚІЖК-нің  173-бабын  іске  асыру  аясында  қылмыстан,  соның  ішінде  адам 
саудасынан  жәбірленушілерге  ӛтемақы  тӛлеу  жӛнінде  қор  құру  жоспарлануда. 
Бұл дегеніміз жәбірленушілерге келтірілген зиянды ӛтеу жүйесінің негізгі тетігі 
Қор екенін білдіреді.  
ҚР  Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссия  арнайы 
заңмен  Қор  құруды  ұсынады.  Қор  құру  жағдайында  негізгі  мәселе  –  оның 
қаржыландыру кӛздері қандай болмақ деген мәселе.  
Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссияның  позициясы  тұрғысынан  Қорды 
қаржыландыру кӛздері келесі компоненттерді енгізуі тиіс: 

 
Қорды республикалық бюджеттен қаржыландыру

 
Қорды бюджетке салықтық емес тӛлемдер қаражатын тікелей Қорға 
жіберу  жолы  арқылы  қаржыландыру  (айыппұлдар,  тәркіленген  мүлікті  іске 
асыру); 

 
Сотталғандардың  мәжбүрлі  еңбегін  пайдалану  арқылы  кіріс  табу 
жолымен қаржыландыру; 

 
меценаттық,  қайырымдылық  арқылы  Қорды  жеке  қолдау  (жеке 
меншік донорлар). 
Қылмыстардың жәбірленушілерін қолдау жүйесін қаржыландырудың бұл 
әдісі  барлық  мемлекеттерде  кездеседі.  Оның  толықтырмалы  сипаты  айқын, 
алайда  жеке  донорлардың  мүмкіндіктерін  бағаламауға  болмайды.  Кӛптеген 
мемлекеттерде  қылмыстардың  құрбандарымен  жұмыс  істеудің  инновациялық 
әдістемелері  жеке  донорлар  мен  олардың  үкіметтік  емес  сектордың 

118 
 
қаржыландырылып отырған жобаларының арқасында пайда болды. Қорға жеке 
салымдарды  ынталандыру  үшін  заңды  және  жеке  тұлғаларға  қатысты  салық 
саясатын қайта қарау талап етіледі.  
Қор  жеке  донорлардың  қаражат  аударуы  үшін  жеке  есепке  ие  бола  алар 
еді, 
бұл 
ретте 
мұндай 
қаражатты 
үкіметтік 
сектор 
қолданатын  
жәбірленушілерге  кӛмек  кӛрсету  бағдарламалары  үшін  берген  жӛн.  Жалпы, 
2012  жылы  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырысты  қаржыландыру  үшін 
мемлекеттік бюджеттен (респубикалық және жергілікті) 4,7 млрд. теңге, ал 2013 
жылы - 5,4 млрд. теңге бӛлінді. Бұл қаражаттың бір бӛлігін үкіметтік сектордың 
жұмысын қаржыландыру үшін Қорға беруге болар еді.  
Осылайша, біздің пікірімізше, қаржыландрудң аралас моделі айтарлықтай 
тұрақты  кӛрінеді,  мұнда  республикалық  бюджеттен  түсетін  салымдар  
қаражаттың  негізгі  кӛзі,  ал  мүлікті  тәркілеуден,  сотталғандардың  еңбегінен 
және  жеке  қолдаудан  түсетін  табыстар  қосалқы  кӛзі  ретінде  қолданылады. 
Қосалқы шығындар алудың үш амалы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін 
қайта қарауды талап етеді. 
 

119 
 
 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал