Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет12/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

IV БӚЛІМ. АДАМ САУДАСЫ ҚҦРБАНДАРЫН СӘЙКЕСТЕНДІРУ 
ЖӘНЕ ҚҦҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ 
4.1.Адам саудасы қҧрбандарын сәйкестендіру 
 
Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру бұл салада тәжірибе мен сауда 
құрбандары 
үшін 
қайталанатын 
виктимизацияны 
болдырмау 
үшін 
мамандандырылғанадамдар  тарапынан  кәсібилікті  талап  ететін  айтарлықтай 
күрделі (кӛбінесе ұзақ процеске ӛтетін) рәсім болып табылады.  
Адам саудасы мәселесі бойынша халықаралық құқықта, әдебиетте және 
бұқаралық  сӛз  сӛйлеулерде  мамандар  «адам  саудасы  құрбандарын 
сәйкестендіру»  немесе  «адам  саудасы  құрбандарын  айқындау»  ұғымын  жиі 
қолданады. Бұл ұғымдар синонимдер ретінде пайдаланылады.  
Халықаралық 
құқықта 
сәйкестендірудің 
ресми 
анықтамасы 
болмағанымен  де,  2005  жылғы  Еуропа  Кеңесінің  Адам  саудасына  қарсы  іс-
қимыл  туралы  Конвенциясының  10  бабында  келесі  анықтама  кӛрсетілген: 
«құрбандарды  айқындау  шешуші  мәнге  ие  және  көбінесе  тереңдетілген 
зерттеулер жүргізуді талап ететін күрделі әрі нәзік мәселе болып табылады. 
Адам саудасы құрбандарын айқындау міндетін лайықсыз іске асыру оның іргелі 
құқықтарының бұзылуына алып  келуі және адам  саудасына  кінәлі адамдарды 
жауапқа тартуға қажетті маңызды куәгерлік жауаптардың салдарын жоюы 
мүмкін»
Тәжірибеде адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру (айқындау) ретінде 
адам  саудасы  құрбанынан  немесе  сол  құрбанға  қатысты  жасалынған  құқыққа 
қарсы 
әрекеттер 
туралы 
мәліметтерге 
ие 
жеке 
немесе 
заңды 
тұлғаларданалынатын  мәліметтердің  негізінде  маманның  алынған  ақпаратқа 
талдау  жасайтын,  жасалынған  қылмыстың  белгілерін  адам  саудасын  анықтау 
элементтерімен  салыстыратын  және  аталған  тұлға  адам  саудасының  құрбаны 
болып  табылу  немесе  табылмауы  туралы  қорытынды  жасайтын  іс-әрекеттер 
кешені түсініледі. 
Адам  саудасы  құрбандарын  сәйкестендіру  жәбір  шегушілердің  қажетті 
және  жедел  кӛмектің  ең  тӛменгі  пакетіне  қолжетімділіктен  басталатын  негізгі 
элементтердің бірі болып табылады. Бұл адам саудасының әлеуетті құрбанымен 
кім  бірінші  байланысқа  шыққанжәне  болған  жағдайдың  бар  мән-жайы  туралы 
сұрау  жүргізіп  жатқанға  байланысты  болмауы  тиіс  –  басты  міндеті 
қылмыскерлердің  ізіне  түсу  болып  табылатын  құқық  қорғау  органдарының 
қызметкері  немесе  басты  міндеті  жәбірленген  адамға  қажетті  кӛмекті  кӛрсету 
болып  табылатын  арнайы  мамандандырылған  үкіметтік  емес  ұйымның 
қызметкері. 
Адам саудасы құрбандарын сәйкестендірудің негізгі элементтері: 

 
адамның  негізгі  құқықтарының  бұзылуын  сәйкестендіру  (Адам 

96 
 
құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларациясы,  БҰҰ-ға  мүше  мемлекеттердің  
Конституциялары);  

 
Палермо  хаттамасынан  «адам  саудасы  құрбаны»  анықтамасын, 
сонымен  қоса  Әйелдер  саудасына  қарсы  Бүкіләлемдік  альянсының  адам 
саудасына  қатысты  адам  құқықтарының  стандарттық  принциптеріндегі  және 
қылмыстық  іс  жүргізу  заңнамасындағы  «адам  саудасы»,  «адам  саудасы 
құрбаны» анықтамаларын қолдану;  

 
адам  саудасының  әрбір  жағдайына  жеке  амал  (адам  саудасы 
құрбанының  орташа  статистикалық  психологиялық  және  әлеуметтік  портретін 
қолдану, сондай-ақ нақты жағдайдың сипаттамасы және басқалар).  
Адам  саудасы  құрбандарын  сәйкестендіру  тәсілдері  екі  негізгі  топқа 
бӛлінеді: проактивті және реактивті. 
Адам  саудасы  құрбандарының  проактивті  сәйкестендірілуі  ретінде 
құрбандарға  кӛмек  кӛрсететін  мамандар  немесе  ұйымдар  сауда  құрбандарын 
іздестіру  бойынша  белсенді  әрекеттер  атқаратын  құрбандарды  айқындау 
амалдары  түсініледі.  Бұл  үшін  адам  саудасы  құқықтары  қай  жерлерде  болу 
немесе  қайда  бару  ықтималдылығын,  болжамды  құрбандармен  байланысу 
амалдарын,  олардың  құқықтары,  кӛмекке  жүгінуге  болатын  ұйымдар  туралы 
ақпаратты талдау қажет.  
Адам  саудасы  құрбандарын  реактивті  сәйкестендіру  ретінде  жәбір 
кӛрушілерді  айқындаудың  пассивті  стратегиясы  түсініледі,  яғни  адам  саудасы 
құрбандары ӛздері кӛмекке жүгінеді.  
Адам  саудасы  құрбандарын  сәйкестендіру  құрбандардың  құқықтарын 
қорғау үшін ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның мүддесін қорғау үшін қажет. 
Осылайша,  адам  саудасы  құрбандарын  ӛз  уақытында  сәйкестендіру  бұл 
феноменнің таралуына қарсы шара болып табылады.  
Адам саудасы құрбандарын сәйкестендірумен байланысты проблемалар: 

 
адам саудасы құрбандарын айқындау, қарсы әрекет ету салаларында 
қызмет  ететін  құқық  қорғау  органдары  қызметкерлерінің  даярлығының 
жеткіліксіз деңгейі; 

 
адам  саудасы  құрбандарын  алғашқы  айқындауды  ӛз  құзыреті 
шегінде  жүзеге  асыра  алатын  мемлекеттік  органдардың  мамандарын 
даярлаудың  жоқтығы  (мысалы,  мемлекеттік  еңбек  инспекциясы,  әлеуметтік 
қызметтер, денсаулық сақтау органдары); 

 
құқық  қорғау  және  ӛзге  де  жұмылдырылған  мемлекеттік  органдар 
қызметкерлері 
үшін 
адам 
саудасы 
құрбандарын 
сәйкестендірудің 
әдіснамасының жоқтығы; 

 
адам  саудасықұрбандарын  сәйкестендіруде  пассивті  стратегияның 
басым  болуы,  яғни  адам  саудасы  құрбандарының  ӛздерінің  құқық  қорғау 
органдарына жүгінуін күту; 

 
сауда құрбандары ӛзін-ӛзі сәйкестендірудің жоқтығы, яғни алынған 
тәжірибені талдау/түсіну және қабылдау мүмкіндігі. Онымен қоса, адам саудасы 
құрбаны  кӛбінесе  адамды  сатушыларымен  кектесуге  қорқады,  себебі  ол  тек 

97 
 
ӛзіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  отбасы  мүшелеріне  де  бағытталуы  мүмкін. 
Сексуалдық  пайдалануға  ұшыраған  адамдар  жәбірленушілердің  бұл  фактіні 
қоғамдық  сӛгуден  қорқып  жарияламайды.  Кӛптеген  жәбірленушілер 
әділеттілікке үміттенбейді және ресми құрылымдарға жүгінудің мағынасы жоқ 
деп есептейді;  

 
адам саудасының  құрбаны мәртебесін тек  құқық  қорғау  органдары 
ғана  және  қылмыстық  процестің  аясында  береді  немесе  мәртебе  расталғаннан 
кейін ғана соңғысы кӛмекке қолжетімділікке ие бола алады;  

 
адам  саудасы  құрбандарын  сәйкестендіру  қылмыстың  күрделілігі 
мен оған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуы себептеріне байланысты 
біршама уақытты талап етеді.  
ҚР-дағыХалықаралық  кӛші-қон  ұйымының  статистикасы  кӛрсетіп 
отырғандай,  сауда  құрбандарын  айқындауда  полиция  мен  үкіметтік  емес 
ұйымдар  үлкен  рӛл  атқарады  –  олар  барлық  жағдайлардың  жартысынан  кӛбін 
айқындаған.  Әрбір  бесінші  жағдай  халықаралық  ұйымдар  мен  елшіліктердің 
қатысуымен  айқындалған.  Сондай-ақ,  жағдайлардың  басым  бӛлігі  11616  қызу 
желіге хабарласу арқылы айқындалады. 
 
Мемлекеттік  қызметтерге  қарағанда  ҮЕҰ  халықаралық  құралдарға 
сүйене  отырып,  адам  саудасы  құрбандарын  сәйкестендіру  үшін  критерийлерді 
айқындауды таңдауда айтарлықтай еркін. Олардың басты мақсаты адам саудасы 
құрбандары  үшін  қажетті  кӛмекке  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету  болып 
табылады.  
Қылмыстың  саралануына  қарағанда  құрбандарды  сәйкестендіру  бірінші 
кезекте оларға қажетті қорғау мен кӛмек кӛрсетуге бағытталған екенін айта кету 
маңызды.  Сол  себепті  құрбандарды  сәйкестендіру  қылмысты  саралаумен 
салыстырғанда жылдам және жеңілдетілген тәртіпте болуы тиіс.  
Адам саудасы құрбанын сәйкестендіру – бұл айтарлықтай еркін процесс, 
ол  қылмыстық  қуғындауды  болдырмайды  және  нұсқаулықтарға  жӛн  сілтеуге 
сүйенуі  мүмкін,  сондай-ақ  белгілердің  айқын  бір  жиынтығы.  Сауда 
құрбандарын  сәйкестендіру  үшін  белгілердің  жиынтығы  адам  саудасы 
жағдайындағы уақыт түйткілдеріне, жаңа үрдістер мен ӛзгерістерге жауап бере 
алу мүмкіндігін қамтамасыз етуші икемді болуы тиіс.  
Адам саудасы құрбандарын айқындау мен сәйкестендіруде кӛші-қондық, 
шекаралық қызметтер, сондай-ақ шыққан елдің елшіліктері мен консулдықтары 
да маңызды рӛл атқарады.  
Жоғарыда  айтылғандай,  жәбірленушілерді  бастапқы  айқындау  үшін 
жұмыс  түріне  қарай  адам  саудасы  құрбандарымен  кезігетін  ӛзге  де 
құрылымдардың  қызметкерлерін  (мемлекеттік  еңбек  инспекциясы,  әлеуметтік 
қызметкерлер,  дәрігерлер,  психологтар  және  басқалар)  жұмылдыру  қажет.  Бұл 
мамандар арнайы оқудан ӛтуі және сәйкестендірудің нақты критерийлерін білуі 
тиіс. Олардың басты міндеті болжамды құрбандарды олардың қалауы бойынша 
құқық қорғау органдарына немесе мамандандырылған ҮЕҰ айтарлықтай егжей-
тегжейлі  сәйкестендіру  және  қорғау  мен  кӛмек  кӛрсету  үшін  қайта  бағыттау 

98 
 
болуы қажет. 
 
№1  кестеде  мемлекеттік  органдар  мен  қоғамдық  ұйымдар  адам 
саудасының  әлеуетті  жағдайларын  анықтай  алудың  жеке  мысалдары 
ұсынылған: 
  №1 кесте 
Мемлекеттік органдар  
Жағдай  
Кӛші-қондық/шекаралық 
қызметтер  
Мемлекеттік шекара немесе мигранттар мен 
босқындар реттелмейтін елдің аумағында 
сәйкестендіру жағдайында  
Денсаулық сақтау  
Еңбек мигранттарына, коммерциялық секс 
жұмыскерлеріне, жедел жәрдем қызметтері 
жұмыскерлеріне, дене және ӛзге де 
зорлықтан зардап шеккен адамдарға 
медициналық қызмет кӛрсетуде  
Еңбек бойынша 
инспекциялар  
Еңбек арқылы қанауғакүдіктену жӛнінде 
инспекция жүргізуде; қауіпсіздік техникасы, 
жұмысшылардың денсаулық жағдайын 
тексеру кезінде және т.б.   
Әлеуметтік қызметтер  
Әлеуметтік-әлсіз отбасылармен жұмыс 
барысында, ақпараттық-ағартушылық жұмыс 
жүргізуде, қиын ӛмірлік жағдайға тап болған 
адамдарға, топтарға қызмет кӛрсету кезінде 
және т.б. 
 
4.2. Адам саудасының қҧрбаны болған балаларды сәйкестендіру 
 
 
 
Кәмелетке толмағанды ересек туысқандарының сүйемелдеуінсіз болғанын 
айқындаған  жағдайында  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлері  балаға 
ересек  туысқанның  сүйемелдеуінсіз  кәмелетеке  толмағандар  үшін  заңнамада 
кӛрсетілген стандартты кӛмек пакетін кӛрсетуге міндетті. Онымен қоса, құқық 
қорғау  органдарының  қызметкерлері  кәмелетке  толмаған  бала  адам  саудасы 
құрбаны болып табылуы немесе табылмауы туралы қорытынды жасауы тиіс.  
Бұдан әрі жәбірленуші кәмелетке толмағандығын (яғни 18 жасқа толмаған 
тұлға) анықтаудың индикаторлары ұсынылған: 
а) жәбірленушінің қалай кӛрінуде, оның психологиялық жетілуі; 
б) жәбірленуші не айтуда; 
          в)  жәбірленушінің  ӛзімен  бірге  жеке  куәлігінің  немесе  ӛзге  де 
құжаттарының болуы немесе болмауы; 
          г) жәбірленушінің ата-анасы/туысқандары не айтуда. 
Егер  жоғарыда  аталған  тармақтардың  ешқайсысы  да  жәбірленушінің 
жасын анықтауға кӛмектесе алмаса, онда жәбірленушіні 18 жасқа толмаған адам 
деп  жобалаған  жӛн  және  жәбірленушінің  нақты  жасы  анықталмағанша  тиісті 
қорғау мен қажетті кӛмек кӛрсету жӛніндегі шараларды қамтамасыз ету қажет.  

99 
 
 
Кәмелетке  толмаған  баланың  жасын  анықтау  үшін  медициналық 
сараптамаға жіберуге болады. Мұндай жағдайда құрбандармен сұхбатты білікті 
балалар маманы жүргізуі тиіс.  
 
4.3.Қазақстандағы адам саудасы қҧрбандарының қҧқықтарын қорғау 
проблемалары
 
 
Адам  саудасы  қазіргі  заманда  адамның  ең  негізгі  құқықтары  мен 
бостандықтарын бұзып отырған ӛзекті проблемалардың бірі болып отыр. 
Адам  саудасы  құрбандарын  қорғау  ҚР  «Қылмыстық  процеске  қатысушы 
адамдарды  мемлекеттік  қорғау  туралы»  Заңының  және  ҚР  Қылмыстық  іс 
жүргізу кодексінің «Қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін 
қамтамасыз  ету»  12-тарауы  аясында  жүзеге  асырылады.  ҚР  «Қылмыстық 
процеске  қатысушы  адамдарды  мемлекеттік  қорғау  туралы»  Заңына  сәйкес 
жәбірленушілер  баспанамен,  тамақпен,  киіммен  және  дене  күзетімен 
қамтамасыз  етіледі.  ҚР  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексінің  56-
бабына  сәйкес  шетелдік  жәбірленушілерге  қылмыстық  іс  бойынша  сот  үкімі 
шыққанға дейін Қазақстанда болу мерзімі ұзартылады. 
ҚР 
Қылмыстық 
іс 
жүргізу 
кодексінің 
жаңа 
редакциясында 
жәбірленушілерге,  соның  ішінде  адам  саудасы  құрбандарына  ӛтемақылардың 
арнайы қорынан ӛтемақы тӛлеу кӛзделген.  
 
Шетелдегі  құрбандарға  кӛмек  кӛрсету  үшін  ҚР  СІМ-де  «Шетелдегі 
Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау 
және  қамтамасыз  ету»  арнайы  бағдарламасы  жұмыс  істейді,  ол  арқылы  адам 
саудасы  құрбандары  болған  қазақстандықтарды  Отанына  қайтару  жүзеге 
асырылуы  мүмкін.  Осы  мақсатта  республикалық  бюджеттен  2013  және  2014 
жылдарға әрбір жылға 25 млн.теңгеден бӛлінген болатын. 2013 жылдың 11 айы 
ішінде ҚР 59 азаматына кӛмек кӛрсетілген (соның ішінде Сириядан кӛшірумен, 
Грекиядан,  Оманнан,  Ресейден  және  Украинадан  қайтарумен  байланысты, 
сондай-ақ қайтыс болған адамдардың денесін жеткізу).  
«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  тұрмыстық 
зорлық-зомбылыққа  қарсы  іс-қимыл  мәселелері  бойынша  ӛзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  2014  жылғы  18  ақпандағы  №175-V  Заңы 
арқылы  ҚР  «Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  туралы»  2008  жылғы  29 
желтоқсандағы  Заңына  (6-баптың  2-тармағына)  және  «Кәмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың  профилактикасы  мен  балалардың 
қадағалаусыз  және  панасыз  қалуының  алдын  алу  туралы»  ҚР  2004  жылғы  9 
шілдедегі  Заңына  (11-баптың  1-ші  тармағының  4)тармақшасына)  ӛзгерістер 
енгізілді, 
оларға 
сәйкес, 
адам 
саудасының 
кәмелетке 
толмаған 
құрбандарыноңалту үшін Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталықтарына 
орналастырыла алады.  
Бұл  ретте  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 
тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ӛзгерістер 

100 
 
мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2014 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес 
ҚР  ІІМ  халықты  әлеуметтік  қорғау,  денсаулық  сақтау  және  білім  беру 
салаларындағы  уәкілетті  органдармен  бірлесе  отырып,әлеуметтік  бейімсіздік 
(тұлғаның  әлеуметтік  ортамен  ӛзара  әрекеттесуінің  бұзылуы)  мен  әлеуметтік 
депривацияға (тұлғаның (отбасының) ӛз бетімен негізгі ӛмірлік қажеттіліктерді 
қанағаттандыру  мүмкіндігінің  шектелуі  және  (немесе)  жойылуы)  алып  келетін 
қатал  қараудың  болу  бағаларының  критерийлерін  әзірлеу  мен  қабылдауды 
жүзеге  асырады.  Әлеуметтік  бейімсіздік  пен  әлеуметтік  депривацияға  алып 
келетін  қатал  қараудың  нысандары  тұрмыстық  зорлықпен,  адам,  соның  ішінде 
кәмілетке  толмағандар  саудасымен,  оларды  пайдаланудың  ӛзге  де  түрлерімен 
байланысты әрекеттер болып табылады, сонымен қатар, жасалған іс-әрекеттерге 
қатысты  қылмыстық  істі  қозғау  фактісінің  болуына  қарамастан  адамдарды 
ұрлау.  
2014  жылғы  қарашада  ІІМ,  ДСӘДМ  және  БҒМ  тұрмыстық  зорлық-
зомбылықпен  байланысты  әрекеттердің,  әлеуметтік  бейімсіздік  пен  әлеуметтік 
депривацияға  алып  келетін  адам  саудасымен  байланысты  әрекеттердің, 
қатыгездік  тартудың  болуын  бағалау  критерийлерін  анықтайтын  бірлескен 
бұйрыққа қол қойды. Аталған бұйрық қатыгездік танытудың болуын анықтауға 
және адам саудасы құрбандарын арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін қайта 
бағыттауға мүмкіндікті ұсынады.  
Бүгінгі күні ҮЕҰ адам саудасы құрбандарын жағдайға қарап анықтаса, ал 
құқық  қорғау  органдары  адамды  жәбірленуші  деп  мойындаған  жағдайда 
қылмыс құрамына қарай анықтайды.  
Адам саудасы құрбанының құқықтық мәртебесі «Адамды саудаға салғаны 
үшін  жауапкершілік  анықтайтын  заңнаманы  қолдану  тәжірибесі  туралы»  ҚР 
Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 нормативтік қаулысында 
ғана анықталған.  
ҚР  Жоғарғы  Сотының  аталған  нормативтік  қаулысына  сәйкес  адамға 
қатысты  тікелейадамды  сатып  алу-сату  немесе  адамға  қатысты  ӛзге  де 
мәмілелер жасасу, оны пайдалану, азғырып-кӛндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-
ақ пайдалану мақсатында ӛзге де әрекеттер жасау болған жағдайда жәбірленуші 
болып  табылады.  Бірақ,  ӛкінішке  орай,  ұлттық  заңнамада  «адам  саудасы 
құрбаны»  ұғымы  жоқ,  тиісінше  адам  саудасы  құрбаны  мәртебесін  берудің 
айқын тәртібі анықталмаған.  
Әдетте адам саудасы арналарын, заңсыз кӛші-қон ұйымдастырушыларын 
анықтау және болдырмау үшін ішкі істер органдары тұрақты түрде «Мигрант», 
«Нелегал»,  «Стоп  -  трафик»  жедел-профилактикалық  іс-шаралар  ӛткізеді,  егер 
ол  іс-шараларды  ӛткізуге  ҮЕҰ  қызметкерлері  шақырылса,  айтарлықтай  тиімді 
болады.  
Алайда статистика кӛрсетіп отырғандай, адам саудасының құрбандарына 
әрқашан  тиісті  кӛмек  кӛрсетілмейді.  Бұл  әсіресе  басқа  мемлекеттің 
азаматтарына  қатысты,  олар  адам  саудасы  құрбандары  бола  отырып, 

101 
 
қылмыстардан жәбірленушілер ретінде кӛмек пен қорғауға ие болудың орнына 
кӛші-қондық заңнаманың бұзылуы үшін елден жиі қуылып шығарылуы мүмкін. 
Ӛзбекстаннан,  Тәжікстаннан,  Қырғызстаннан  және  басқа  да  мемлекеттен 
Қазақстанға  қаражат  табу  үшін  келген  еңбек  мигранттары  ӛз  Отанында  жиі 
қиын  жағдайда  болады.  Мұндай  мигранттар  үшін  «қаналуғакелісу»  кӛбінесе 
жұмыс орны үшін күресте жалғыз бәсекелік басымдық болып табылады.  
Адам  саудасына  қарсы  күрес  саласындағы  Қазақстан  Республикасының 
ұлттық  заңнамасын  әрі  қарай  жетілдіру  және  бұл  қылмыстардан 
жәбірленушілердің құқықтарын тиімді қорғау үшін келесілерді орындаған жӛн:  

 
бұл  қылмыстардың  құрбандарының  құқықтық  мәртебесін,  оларды 
қорғау  мен  оларға  кӛмек  кӛрсету  рәсімін  заңнамалық  анықтау,  сондай-ақ 
мұндай  адамдардың  қауіпсіздігі  мен  қорғауын  қамтамасыз  ету  процесінде 
құпиялық тәртіпті сақтау; 

 
жергілікті  және  шетелдік  ҮЕҰ-мен,  әмбебап  және  ӛңірлік 
халықаралық ұйымдармен, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық ӛкілдіктері 
мен консулдықтармен тығыз ынтымақтастықты іске асыру. 
 
4.4.Адам саудасының қҧрбандарына қатысты адам қҧқықтарын 
қорғаудың стандартты халықаралық принциптері 
 
Халықаралық  адам  саудасынан  жәбірленген  адамдарға  қатысты 
стандартты  принциптерді  құру  (бұдан  әрі  –  Стандарттар)  адам  құқықтары 
жӛніндегі  халықаралық  құжаттарды  әзірлеу  салдарынан  мүмкін  болды,  бұл 
құжаттар  халықаралық  заңдық  нормалармен  ресми  түрде  мойындалған  болып 
табылады.  
Стандарттар  Әйелдер  саудасына  қарсы  қордың  (Нидерланды),  Адам 
құқықтары жӛніндегі Халықаралық заңдық топтың (АҚШ), Әйелдер саудасына 
қарсы  жаһандық  альянстың  (Таиланд)  бірлескен  жұмысының  нәтижесінде 
әзірленді  және  халықаралық  адам  саудасының  салдарынан  зардап  шеккен 
адамдарға  қатысты  адам  құқықтарын  сақтау  қажеттігін  қорғау  мен  түсінуді 
күшейтуге бағытталған.  
Стандарттың  мақсаты:  секс-құлдықта  пайдаланудан  жәбірленген  адамдардың, 
сондай-ақ  зорлық  кӛрсету  немесе  мәжбүрлеу  жұмыстарында,  құлдықтың  ӛзге 
түрлерінде пайдаланылған адамдардың адами құқықтарын қорғау. Стандарттық 
принциптерқорғаудың  заңнамалық  тетіктерін  қоса  отырып,саудадан  зардап 
шеккен  адамдардың  құқықтарын  қорғайды;  олар  жәбірленушілерге  қатысты 
кемсіту  әдісін  жоюға,  материалдық  түрде  ӛтеуді,  қаржылық  орнын  толтыруды 
қамтамасыз  етуге,  олардың  рухани  және  денелік  сауығуына  қолайлы  жағдай 
туығызуына бағытталған.  
Халықаралық  заңнамаға  сәйкес,  адам  құқықтарын  сыйлайтын  әрбір  ел 
зорлық-зомбылықты  жоюды  қоса  отырып,  олардың  орындалуына,  зорлық-
зомбылық салдарларын жетік тексеруін қамтамасыз етуге, зорлық қылғандарды 
жазалауға және зорлықтан жәбірленгендерге ӛтемақы беруге кепілдік беруі тиіс. 

102 
 
Стандарттар  адам  саудасын  анықтауды  қамтиды  және  адам  саудасынан 
жәбірленген адамдарға қатысты тиісті мемлекеттік міндеттемелерді кӛздейді.  
 
Стандарттар аясындағы мемлекеттердің міндеттемелері  
 
Барлық  мемлекеттер  заңнаманың  адам  құқықтарының  халықаралық 
стандарттарына  сәйкестігіне,  сауданы  жоюдағы  оның  тиімділігіне  және  адам 
саудасынан  жәбірленген  адамдардың  барлық  құқықтарының  қорғалуына 
кепілдік беру үшін заңнаманы қабылдауы және/немесе іске асыруы, бірнеше рет 
қарастыруы  және  талдауы  қажет.  Ең  аз  дегенде  бұл  заңдар  және  тиісті 
мемлекеттік саясат келесі принциптерге негізделуі тиіс:  
кемсітуді  болдырмау:саудадан  жәбірленген  адамдар,  адам  саудасы 
құрбаны  немесе  секс-индустрия  жұмыскері  мәртебесіне  қоса  отырып, 
заңнамалық  және  практикалық  деңгейде  нәсіліне,  терісінің  түсіне,  жынысына, 
тіліне,  дініне,  сексуалдық  бағдарына,  жасына,  саяси  және  ӛзге  де  сенімдеріне, 
ұлттық,  әлеуметтік  немесе  тектік-топтық  шығу  тегіне  қарамастан  кемсіту 
объектісі болып табылмайтындығына кепілдік беру;  
қауіпсіздік  кепілдіктері  мен  заңдардың  сақталуы:  әрбір  мемлекет  адам 
саудасынан жәбірленген адамдар адам құқықтарының бұзылуының құрбандары 
болып табылатынын мойындауы тиіс. Онымен қоса: 
адам  саудасынан  жәбірленген  адам  ӛзі  азаматы  болып  табылатын  елдің 
елшілігіне  немесе  консулдығына  немесе  мұндай  адамдарды  қорғау  міндеті 
болып  табылатын  мемлекеттік  немесе  халықаралық  биліктің  кез  келген 
мекемелерінің ӛкіліне қолжетімдік мүмкіндігіне кепілдік беру;  
адам  саудасы  құрбандарына  қызметтер  немесе  консультациялар  беретін 
үкіметтік емес ұйымдарға қолжетімдік мүмкіндігіне кепілдік беру;  
адам  саудасы  құрбандарын,  сондай-ақ  куәгерлерді  қорғауды  қамтамасыз 
ету;  
саудадан  зардап  шеккен  әрбір  тұлғаны,  сондай-ақ  заңды  құқықтары  мен 
рәсімдерге  қатысты  адам  саудасы  құрбаны  болуы  мүмкін  барлық  адамдарды 
ақпараттандыру;  
ӛтемақы алу, барлық жоғалтқанды қайтару және кӛмек алу; 
адам  саудасынан  жәбірленген  адамдарды  заңды  визасының  (жұмыс 
визасы)  жоқтығын  қоса  отырып,  адам  саудасы  құрбаны  мәртебесімен 
байланысты  бұзушылықтар,  сондай-ақ  қайыршылық,  жезӛкшелік,  заңсыз  келу 
немесе заңсыз визаны қолдану немесе заңсыз жол жүру немесе ӛзге де құжаттар 
үшін ұстамау, тұтқынға алмау және ізіне түспеу;  
сексуалдық  индустрияға  сатылған  адамдардың  есімдерін  жария  қылуға 
немесе жәбірленушілердің тарихтарын қолдануға тыйым салу,  
адам саудасы құрбандарымен жұмыс істеуге дайын болатын құқық қорғау 
органдарының мамандандырылған бӛлімшелерін құру.  
Әділ  сотқа  қолжетімділік:  құқық  қорғау  органдары  мен  сот  биліктерінің 
ӛкілдері  тірі  тауар  сатушыларын  жазалауға  қатысты  іс-әрекеттері 

103 
 
жәбірленушілердің  азаматтық  құқықтарын  сақтау  принциптеріне  қарсы 
келмейтіндігіне,  олардың  қадірін  тӛмендетпейтініне  және  оларға  қауіпсіздікке 
кепілдік беретінінесенімді болуы тиіс. Тірі тауарды сатушыларға қарсы зорлық-
зомбылықтың  сексуалдық  және  басқа  да  түрлерінде  (ӛлім,  мәжбүрлі  жүктілік 
немесе  мәжбүрлеп  жасанды  түсік  жасату),  ұрлауда,  жәбірлеуде,  зұлымдықта, 
адами  емес  қорлаушы  әрекеттерде,  құлдықта  немесе  құлдық  тәрізді  жағдайда 
ұстауларда кінәлау артылуы мүмкін.  
Кӛптеген  мемлекеттердің  саясаты  адам  саудасынан  жәбірленген 
адамдарды  ӛздері  бастан  кешірген  жағдайлар  туралы  билік  органдарына 
хабарлаудан  бас  тартуға  мәжбүрлейтінін  тәжірибе  кӛрсетіп  отыр,  себебі  бұл 
ұстаумен, тұтқындаумен немесе депортациямен бітуі мүмкін.  
Адам сатушыларына қарсы сот процестері сәтті болуы үшін мемлекеттер 
тиісті саясатты әзірлеуі және бірқатар заңдар қабылдауы тиіс. 
Онымен  қоса,  мемлекеттік  саясат  жәбірленуші  адамдарды  кӛмек  іздеуді, 
билік  органдарына  хабарлауды,  егер  олар  қаласа  куәгер  болуды  қолдауға 
бағытталуы тиіс.Жәбірленушілердің есімдері бұқаралық құжаттарда қолжетімді 
болмауы  тиіс.  Оған  қоса,  бұл  мәліметтер  егер  тиісті  келісім  болмаса,баспасӛз 
немесе  қоғамның  басқа  да  ӛкілдеріне,  оның  ішінде  отбасы  мүшелеріне 
қолжетімді болмауы тиіс. 
Адам  саудасынан  жәбірленушілердің  барлығы  олардың  кӛші-қондық 
мәртебесіне,  ӛздері  атқарған  жұмысының  (қайыршылық  пен  сексуалдық 
пайдалану)  заңдылығына  қарамастан  оларды  пайдаланған  немесе  қорлаған 
сатушылар  мен  ӛзге  де  адамдарға  қарсы  қылмыстық  іс  қозғауға  құқығы  бар 
екендігіне кепілдік беру мақсатында барлық қажетті шараларды қолдану.  
Адам  саудасына  қарсы  күрес  жӛніндегі  әрекеттер  бұл  құбылыстың 
құрбандарына емес, құқық бұзушыларға бағытталуы тиіс.  
Құрбандардың  құқықтары  мен  қажеттіліктеріне  қарағанда  кӛбінесе  жиі 
заңсыз  орын  ауыстыру  мен  қылмыстық  қудалауға  қатысты  болатын  адам 
саудасымен күрес жӛніндегі заңнаманы кейбір мемлекеттердің үкіметтері адам 
саудасынан және олардың негізгі адами құқықтарына қысым жасалудан зардап 
шеккен  адамдарды  жазалау,  криминалдандыру  үшін  қуғын-сүргінге  салу 
құралы ретінде пайдаланады. Бұл ретте мемлекет: 

 
адам  саудасы  құрбаны  жәбірленуші,  куәгер,  арыз  беруші  немесе 
жауапкер  ретінде  кӛрініс  табатын  барлық  қылмыстық,  азаматтық,  әкімшілік 
тыңдаулар  барысында  жәбірленушілерді  білікті  аудармашымен  және 
адвокатпен қамтамасыз етуі; 

 
сот ісін тыңдау адам саудасынан жәбірленген адамдардың (бұл осы 
тыңдаудың  куәгерлеріне  де  қатысты)  құқықтарын  бұзбайтындығына,  олардың 
психологиялық  теңдігі  мен  дене  қауіпсіздігіне  қауіп  тӛндірмейтініне  кепілдік 
беруі тиіс. 
Кем дегенде мемлекет мыналарға кепілдік беруі тиіс: 
а)  саудагердің  сот  тыңдауы  және  оған  дейінгі  уақытта  кінәны  мойындау 
ауыртпалығы адам саудасы құрбандарына емес, сот органдарына жүктелуі тиіс; 

104 
 
б)  айыптаушы  кем  дегенде  бір  адам  саудасы  мәселелері  немесе  оның 
салдарлары  жӛніндегі  сарапшыны  жәбірленген  адам  үшін  шақырады  немесе 
қылмыстық 
тыңдауларға 
дайындау 
процесінде 
мұндай 
сарапшыдан 
консультациялар алады; 
в)  дәлелдерді  тексеру,  айқындау,  жинақтау  және  түсіндіру  құрбанның 
қадірін тӛмендетпейді және гендерлік теріс пікірлерді жояды
г)  жауапкерлерге  қорғанудың  дәлелі  ретінде  адам  саудасынан  зардап 
шеккен адамның жеке мәліметтері, қызметі (мысалы, жеңіл жүрісті әйел немесе 
үй жұмысшысы) туралы ақпарат ұсынуға тыйым салынады; 
д) сексуалдық қорланған адам саудасының құрбандарына немесе осының 
куәгерлеріне камера немесе электрондық және ӛзге де арнайы құралдар арқылы 
дәлелдеуге құқық беріледі
е)  адам  саудасынан  жәбірленген  адамдарды  олардың  рӛлі  мен 
мүмкіндіктеріне,  ісінің  сипаты  мен  процестердің  дамуына  қатысты  хабардар 
етуге; 
ж) адам саудасы құрбандарының кӛзқарасы жалған сенімсіз және ұлттық 
конституциялық  нормаларға  сәйкес  олардың  жеке  мүдделеріне  қатысты 
тыңдаулардың тиісті кезеңдеріне ұсынылуы және қарастырылуы мүмкін. 
Ӛтеу кепілі:жәбірленушілерді кінәлі адамдардан ӛтемақы алу құқығымен 
қамтамасыз етуі тиіс. 
Мемлекет  адам  саудасының  барлық  құрбандары  олардың  кӛші-қондық 
мәртебесіне, ӛздері атқарып жатқан жұмысының заңдылығына немесе құқыққа 
қайшылығына  қарамастан  саудагерлерге  және  оларды  пайдаланған  немесе 
жұмыс  жағдайын  асыра  пайдаланған  ӛзгелерді  (қоғамдық  және  лауазымды 
тұлғаларды  қосқанда)  қарсы  азаматтық  немесе  ӛзге  де  іс  қозғауға  құқығы  бар 
екеніне  және  ӛтемақының  заңдық  іске  асыралатын  ӛзге  де  түрлеріне, 
реституцияға  және  экономикалық,  дене  және  психологиялық  зардаптардың 
орнын  толтыруға  қолжетімдігі  бар  екеніне  кепілдік  беретін  барлық  қажетті 
шараларды қабылдауы қажет. Одан бӛлек:  
сот  арқылы  жаза  кесілген  саудагерлердің  барлық  мүлкін  саудадан 
жәбірленген адамға ӛтемақы, рестиуция және қалпына келтіру ретінде тәркілеу;  
тиісті  биліктер  адам  саудасы  құрбанының  немесе  оның  ӛкілінің  сұрауы 
бойынша  сұрап  жатқан  тарапқа  жәбірленуші  адамның  ӛтемақыны, 
реституцияны  және  қалпына  келтіруді  қоса  отырып,  қаржылық  шығындарды 
ӛтеу туралы талабына сәйкес,барлық құжаттарға және ӛзге де ақпаратқа немесе 
ӛтемақыға қолжетімдік береді.  
Резиденттік  мәртебе:мемлекет  адам  саудасынан  жәбірленген  адамдарды 
қылмыстық,  азаматтық  және  ӛзге  де  процестер  немесе  тыңдаулар  кезінде 
мемлекет  аумағында  заңды  түрде  болуға  құқық  (жұмыс  істеуге  берілетін 
құқықты  қоса  отырып)  беретін  тиісті  уақытша  визамен  қамтамасыз  етуі  тиіс. 
Мемлекет  сонымен  қоса  жәбірленушілерді  шығарылған  мемлекеттен  тұрақты 
баспана сұрау, ал депортация жағдайында бұл мемлекетке қатысты репрессалий 
қолдану мүмкіндігін беру құқығымен қамтамасыз ету тиіс. Одан бӛлек:  

105 
 

 
депортацияның  кезкелген  әрекетін  тоқтату  арқылы  дереу  қуылуды 
болдырмау  және  жәбірленген  адам  азаматтық  іс  қозғау  қажет  пе  немесе 
қылмыстық  процесте  адам  саудагерлеріне  қарсы  куәгер  ретінде  жауап  беру 
немесе  жауап  бермеу  қажеттігін  шеше  алатын  уақытта  алты  ай  мерзімге 
резиденттік мәртебемен (еңбек етуге құқықты қоса) қамтамасыз ету

 
егер  адам  саудасынан  жәбірленген  адам  азаматтық  іс  қозғауды 
немесе қылмыстық процесте куәгер ретінде сӛйлеуге немесе екеуіне де шешім 
қабылдаса,  онда  мемлекет  жәбірленген  адамды  резиденттік  мәртебемен  (еңбек 
етуге құқықты қоса) қамтамасыз етуі тиіс;  

 
адам саудасынан жәбірленген адам қауіпті жағдайда болуына нақты 
себептер бар болса онда жбірленуші адамды жер аудармайды;  

 
депортация заңға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;  

 
адам  саудасынан  жәбірленген  адамдарды  ақпаратпен  қамтамасыз 
ету және ұлттық заң мен халықаралық келісімдерге сәйкес тұрақты тұрғылықты 
мекенжай сұрау құқығын беру;  

 
егер адам саудасынан жәбірленген адам азаматы болып табылатын 
мемлекет оның азаматтығын себепсіз мойындаудан бас тартса, ондай жағдайда 
ол  адам  тұрып  жатқан  (заңды  немесе  заңсыз)  ел  ол  адамның  азаматтығы  жоқ 
адамдарға  қатысты  БҰҰ  Конвенциясына  сәйкес  барлық  құқықтары  мен 
артықшылықтарын қамтамасыз етуі тиіс.  
Медициналық  қызметтер  және  әлеуметтік  қамтамасыз  ету:  мемлекет 
жәбірленуші  адамдарға  қажетті  медициналық  кӛмек  кӛрсетуі,  сондай-ақ  бұл 
елде  уақытша  болу  кезеңінде  әлеуметтік  қызметтермен  қамтамасыз  етуі  тиіс. 
Одан бӛлек: 

 
саудадан зардап шеккен адамдармен, адам саудасынан жәбірленген 
адамдарға  кӛмектесетін  құқық  қорғау  органдарымен  және  үкіметтік  емес 
ұйымдармен ынтымақтастықты қолдау; 

 
мемлекеттің азаматтарына кӛрсетілетін кӛмектің деңгейіндей білікті 
құпиялы медициналық кӛмекпен қамтамасыз ету;  

 
АИВ/ЖИТБ  және  жыныстық  жолмен  берілетін  басқа  да 
сырқаттардан конфиденциялдық тестілеуден ӛтуді қамтамасыз ету. 
Репатриация жәнеқалпына келтіру: мемлекет жәбірленушілерді егер олар 
ӛздері  келіссе  және  бұған  мүмкіндіктері  болса  олардың  толық  қауіпсіздігі 
жағдайында  Отанына  оралуын  қамтамасыз  етуі  қажет.  Кӛп  жағдайда  адам 
саудасынан  жәбірленген  адамдар  үйіне  қайтуға  жол  шығындарын  тӛлей 
алмаған.  Адам  саудасынан  жәбірленген  адамдарға  қаржыдан  басқа  жол  жүру 
құжаттары  жетпеуі  мүмкін,  себебі  саудагерлер  әдетте  ӛз  құрбандарынан 
тӛлқұжат  пен  сәйкестендіруші  құжаттарды  тартып  алады.  Бұл  олар  бірнеше 
жыл  бойы  кӛбінесе  адам  тұрмайтын  жағдайларда,  баспаналарда  немесе  ұстау 
орындарында болатынына алып келеді. Осыған орай мемлекет:  

 
егер  адам  саудасы  құрбаны  үйіне  оралатын  болса,  оны  қажетті 
қаржымен қамтамасыз етуі немесе жаңа сәйкестендіруші құжаттар алуға кӛмек 

106 
 
кӛрсетуі; 

 
қалпына  келтіруші  кӛмек  ұсынуы  және  қалпына  келтіруші 
бағдарламаларды қолдауы тиіс. 
Қалпына 
келтіруші 
бағдарламаларалдағы 
жұмысқа 
орналастыру 
мақсатында  білім  беруді,  тренингтерді  және  практикалық  кӛмекті  қамтуы  тиіс 
және адам саудасынан жәбірленген адамдарды айыптамауы немесе қудаламауы 
тиіс. 
Оңалту  процесі  медициналық  және  психологиялық  қамтамасыз  етуді, 
заңнамалық  қорғауды  және  әлеуметтік  қызметтерді  қамтуы  қажет  және 
жәбірленушілердің сауығуына бағытталуы тиіс.  
Халықаралық  ынтымақтастық:Стандарттардың  ережелерін  орындау  үшін 
мемлекеттер ұйымдасқан қылмыстық желілерге қарсы күрес үшін кең ауқымды 
және кӛп деңгейлі стратегияларды кеңейтуі қажет. Одан бӛлек:  

 
мемлекетаралық  ынтымақтастық,  бұған  адам  саудагерлерін  тергеу 
мен адам саудасынан жәбірленген адамдардың ӛмірі мен құқықтарын қорғауға 
қатысты  шекаралық  аумақтардағы  ынтымақтастықты  қоса  адам  саудасын 
болдырмау  жӛніндегі  стратегиялар  мен  ортақ  әрекеттерді  қабылдау  үшінекі 
жақты, ӛңіраралық және халықаралық тетіктерді пайдалануға негізделуі тиіс

 
адам саудасынан жәбірленген адамдарды ерікті түрде және қауіпсіз 
репатриациясын қамтамасыз ету жӛніндегі әрекетін үйлестіру қажет;  

 
адам  саудасы  жағдайлары  мен  салдарларына  қатысты  қоғамның 
хабардар  болуын  арттыру  үшін  үкіметтік  емес  ұйымдар  іске  асыратын 
бағдарламаларды қолдау қажет.  


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал