Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет11/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

органдарының рӛлі 
 
2013 жылғы 4 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір 
заңнамалық  актілеріне  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл  мәселелері  бойынша 
ӛзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Заңына  сәйкес,  осындай 
қылмыс  үшін  жауапкершілік  күшейгенін  атап  ӛткен  жӛн,  бұл  алдын-алу 
шараларына келешекте оң әсер етуі тиіс.   
Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  Республикасы  Конституциясыныңсақталуымен 
заңдардың орындалуын  прокурорлық бақылау  айқын  құқық  қорғаушы  сипатқа 
ие  болып  отыр.  Қоғам  мен  мемлекеттің  ауыспалы  қажеттіліктерін  ескере 
отырып,  кейбір  бастапқы  түсініктердің,  сондай-ақ  Қазақстанның  БҰҰ,  ЕҚЫҰ, 
ИЫҰ  және  басқа  да,  соның  ішінде  адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен 
бостандығын  қорғауға  қатысты  халықаралық  ұйымдардағы  міндеттерінің 
трансформациясы орын алуда.  
Қылмыстық  кӛріністердің  алдын  алуды  ҚР  Бас  Прокуроры  прокуратура 
органдарының  қадағалаушы  қызметінің  негізгі  бағыттарына  жатқызды. 
Прокурорларға  ұйымдастырылған  қылмыс,  адам  саудасы  және  басқа  қауіпті 
қылмыстық әрекеттер нысандарымен күреске бағытталған заңдарды орындауға 
ерекше назар аудару тапсырылды.  
Кӛбінесе  атап  айтқанда  прокурордың  қылмыстық-құқықтық  саладан  тыс 
жүзеге  асырылатын  ӛкілеттігі  қылмыстық  жазаланатын  әрекеттермен,  соның 
ішінде  мәжбүрлі  еңбек,  құлдық  және  адам  саудасымен  байланысты 
құқықбұзушылықпен күресте пәрменді профилактикалық нәтижеге ие.  
Осы  саладағы  құқықтық  қатынас  жасырын  сипатқа  ие  екенін,  бұл  осы 
проблеманың  ауқымы  туралы  нақты  бейнені  алуды  қиындататынын  БҰҰ 
сарапшылары  атап  ӛтуде.  Халықаралық  ұйымдардың  мәліметтері  бойынша, 
жыл  сайын  әлемде  шамамен  4  млн  адам  құлдықтың  қазіргі  нысандарының 
құрбаны  болуда,  бұл  –  мәжбүрлі  некелер,  әйел-иммигранттарды,  реттелмейтін 
мигранттарды қанау, арзан жұмыс күшін жеткізу және т.б.    
Құлдықтың  және  адам  саудасының  барлық  нысандарына  қарсы  әрекет, 
сӛзсіз,  адамдарды  әлеуметтік  құқықтармен,  ӛмір  сүру  деңгейімен  және 
сапасымен  толығымен  қамтамасыз  етумен  тікелей  байланысты,  яғни  ұлттық 
заңнаманыңсақталуы прокурорлық қадағалаудыңнысанына жатады. 
Прокуратура  органдарының  құлдық  және  адам  саудасы  проблемаларын 
еңсеру  мәселелеріндегі  қызметін  жандандыру  қажеттігі  туралы  Шанхай 
ынтымақтастық  ұйымына  қатысушы-мемлекеттердің  Бас  прокурорларының 
отырыстарында ерекше аталып ӛтті. Сонымен қатар, жыл сайын мыңдаған адам, 
бірінші  кезекте,  әйелдер  мен  балалар  құлдықтың  құрбандары  болуда  екендігі 
атап ӛтілді.   
Соңғы  жылдары  ТМД  елдерінің  адам  саудасымен  күрестегі 
ынтымақтастығы  айтарлықтай  жанданды.  Достастық  шеңберінде  адам,  адам 
ағзалары  мен  ұлпалары  саудасымен  күресте  қатысушы-мемлекеттердің 

87 
 
ынтымақтастығы  туралы  (2005  ж.),  сондай-ақ  кәмелет  жасқа  толмағандарды 
тұрақты  мекендеу  орнынан  мемлекеттерге  қайтару  мәселелері  бойынша  (2002 
ж.) келісім қолданыста. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Адам саудасы 
құрбандарына жәрдем беру туралы 2008 жылдың 3 сәуіріндегі Модельді заңын 
нақты  және  біркелкі  орындауды  бақылау  мемлекеттердің  Бас  прокурорларына 
тапсырылды.  Модельді  заңда  адам  саудасы  құрбандарының  құқықтары  мен 
заңды  мүдделерін  қорғау  осы  қылмыстың  таралуын  тоқтата  алмаған 
мемлекеттің сӛзсіз борышы болып табылады деген ұстаным белгіленген.   
Статистикалық  дерекнамаларды  талдау  адам  саудасы  масштабтарын 
жаһандық  бағалау  соңғы  он  жылда  маңызды  ӛзгерістерге  ұшырамағанын 
кӛрсетті,  бұл  проблеманы  осы  саладағы  құқықбұзушылықтың  алдын-алу 
шараларына  екпін  жасай  отырып  шешудің  жаңа  жолдарын  іздеу  қажеттігін 
дәлелдейді.  
Кӛші-қон  заңнамасын  орындауды  бақылауды  жүзеге  асыру  барысында 
мигранттардың,  әсіресе  кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  құқықтарын  сақтау 
мәселелеріне  жіті  назар  аудару  қажет.  Адам  саудасы  құрбандары  заңсыз 
иммигранттар ретінде анықталатын  әрі ұстауға және депортацияға ұшырайтын 
жағдайлар  кешірілмейді.  Прокурорлық  ден  қою  шаралары  адам  саудасы 
құрбандарының  елге  келуінің  заңды  мәртебесіне  бекітілместен,  нақты 
мигранттардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталуы керек. 
Шетелдік  қызметкерлерді  тарту  мен  пайдалануға  рұқсат  алған  және 
шетелдік  қызметкерлермен  жұмыс  атқаруға  (қызмет  кӛрсетуге)  еңбек  немесе 
азаматтық-құқықтық  келісімдерге  қол  қойған  жұмыс  берушілер  халықты 
жұмыспен  қамту  органдарына,  салық  органдарына  шетелдік  қызметкерлерді 
еңбек әрекетіне және олармен еңбек немесе азаматтық-құқықтық келісімдерге 
қол  қойғаны  туралы  мәліметтер  жібермейтін,  еңбекақы  тӛлеу  кезеңдігін 
орындамайтын кездегі ахуалды тереңдетіп зерттеген жӛн.   
Кӛп  ӛңірлерде  жұмыс  берушілер  қызметкерлермен  еңбек  қатынастарын 
рәсімдеуде  еңбек  туралы  заңнама  талаптарын  елемейді.  Кәсіпорындарда  және 
тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық,  құрылыс,  агроӛнеркәсіптік  кешендер, 
кӛлік  және  сауда  ұйымдарында  еңбек  қатынастарын  мердігерлік  азаматтық-
құқықтық  келісімдермен  немесе  белгілі  бір  жұмыстарды  атқару  үшін  қысқа 
мерзімге жасалған ақылы қызмет кӛрсетуге алмастыру фактілері таралған.   
Мәжбүрлі  еңбек  секілді  адам  саудасы  нысандарының  таралуы  халықтың 
тиімді  жұмысбастылыққа,  білімге,  әлеуметтік  қорғауға  және басқа ресурстарға 
қолжетімділігінің  шектеулігімен  байланысты  екенін  ұмытпау  керек. 
Қарастырылып  жатқан  құқықтық  қатынастардың  аса  әлсіз  субъектілері 
кәмелетке  толмағандар,  әйелдер,  мигранттар,  тұрмысы  тӛмен  азаматтар,  егде 
жастағы  адамдар,  мүгедектер  болып  табылады.  Сондықтан  прокурорлық 
әрекеттің  нүктелі  шараларын,  ең  алдымен,  олардың  құқықтарын  қорғау 
бойынша қабылдау керек.  
Азаматтардың  еркін  еңбекке,  еңбек  үшін  марапаттау,  жұмыссыздықтан 
қорғау,  соның  ішінде  қауіпсіз  еңбекке  және  оның  ӛз  уақытында  және  толық 

88 
 
кӛлемде тӛленуіне құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысты жалғастыру 
керек.  
Қазақстанда  еңбек  және  сексуалдық  пайдалану  мақсатындағы  ішкі  адам 
саудасы проблемасы аса кӛп алаңдаушылық тудырады.   
Мысалға,  2013  жылы  Қостанай  облысының  Қылмыстық  істер  бойынша 
ауданаралық  мамандандырылған  соты  ҰҚТ  ісі  бойынша  Елена  Прокуратоваға 
үкім шығарды. Ол  күйеуімен және серіктестерімен бірге сексуалдық құлдыққа 
негізделген бизнес ұйымдастырған.  
Қылмыстық  топ  жыл  ішінде  облыстан  19  қызды  әрі  қарай  сексуалдық 
пайдалану  мақсатында  ұрлаған.  Бұл  аты  шулы  іс  бойынша  тергеуді  Қостанай 
облысы прокуратурасының арнайы прокуроры басқарған топ жүргізді.  
Ұйымдастырылған  қылмыстық  топтың  барлық  мүшелері,  оны 
ұйымдастырушысымен  қоса  сот  үкімімен  айыпты  деп  танылды.  Күйеуі  мен 
әйеліне 11 жыл бас бостандығынан айыру берілді. Тағы екі адам 10 жылға және 
бір серіктесі 5 жылға сотталды.  
БҰҰ БА мәліметтері бойынша, барлық әлемде қылмыстық сот тӛрелігінің 
негізгі  элементтерінің  тиімділігін  арттыру  жӛнінде  мемлекеттер  қабылдаған 
күш  салуларға  қарамастан,  кінәлі  тұлғаларды  жауапкершілікке  тарту 
жағдайлары сирек болып қалуда, ал адам саудасы құрбандарының саны артып 
келеді.  БҰҰ  Бас  хатшысының  мақаласында  келтірілген  40  БҰҰ  мүше-
мемлекеттердің  практикасын  талдау  мәжбүрлі  еңбекті  қосқанда,  құлдықты, 
адам саудасын таратумен күрес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларымен 
ғана  болуы  мүмкін  емес  екенін  кӛрсетті.  Адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл 
туралы  заңнама  талаптарының  тиімді  сақталуына  қол  жеткізген  жӛн. 
Адамдарды 
мәжбүрлі 
еңбек 
проблемасы 
алдында 
әлсіз 
ететін 
жағдайларды,«осалдық  факторларын»  жою  айтарлықтай  маңызды  екені  атап 
ӛтіледі: кедейлік кӛлемін қысқарту, экономикалық құқықтарды және әлеуметтік 
қорғансыз  отбасылар  мүмкіндіктерін  кеңейту,  мемлекеттік  және  қоғамдық 
бағдарламалардың жүзеге асырылуын қолдау және т.б.
43
 
Осыған  байланысты,  құлдық  және  адам  саудасымен  байланысты  құқық 
бұзушылыққа  қарсы  іс-қимылға  заңнаманы,  соның  ішінде  осы  қылмыстардың 
құрбандары  болған  тұлғалар  құқықтарын  қорғауды  қоса,  орындауды 
прокурорлық қадағалау мүмкіндіктерінің бағыты ерекше ӛзекті. Ішінара алғанда 
олардың  қолжетімді  медициналық,  психологиялық,  заңгерлік,  әлеуметтік  және 
қаржылық кӛмекке құқықтары.  
Мысалы,  Беларусь  Республикасында  прокуратура  органдары  құқық 
қорғау  органдарының  адам  саудасымен  күрес  бойынша  қызметін  қылмыстық-
құқықтық  ықпал  ету  шараларымен  үйлестіріп  қана  қоймай,  заңнаманың 
орындалуына тиімді тексеруді де жүргізеді.  
Іс жүзінде қарастырылып жатқан құқықтық қатынастар саласындағы адам 
құқықтары 
бұзылуының 
терең 
қатпарлары 
нақ 
прокурорлық 
                                                 
43
Әйелдер  мен  қыздар  саудасы.  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  67  сессиясы  шеңберінде  БҰҰ  Бас  хатшысының 
баяндамасы. 23.07.2012. 

89 
 
тексерулербарысында 
анықталады. 
Бұл 
тек 
прокурорлардың 
еңбек 
заңнамасының бұзылуына ғана қатысты емес. Мәжбүрлі еңбектің және онымен 
түйіндес  құбылыстардың  таралуының  себептерін  заңсыз  кӛші-қонмен, 
панасыздықпен, 
маскүнемдікпен, 
нашақорлықпен, 
кедейлікпен, 
жұмыссыздықпен  және  т.б.  байланысты  проблемалар  тудырады.  Бұл 
салалардың  барлығы  қандай  да  бір  дәрежеде  заңнаманы  орындауды 
прокурорлық  бақылаумен  қамтылады  және  құлдық  пен  адам  саудасы 
проблемаларына қарсы іс-қимыл призмасы арқылы қарастыруды талап етеді.  
ҚР  азаматтарын  шетелде  тап  болуы  мүмкін  ықтимал  қауіптер  мен 
проблемалар  туралы  күні  бұрын  ескерту  мақсатында,  ҚР  СІМ  ауқымды 
ақпараттық  жұмыстыұйымдастырды.  Бірқатар  ҚР  мемлекеттік  органдары  мен 
Қазақстандық туристік қауымдастығына әуежайларда, авто- т/ж вокзалдарында 
және  жолаушылар  арасында  тарату  үшін  «Шетелге  шығатын  Қазақстан 
азаматтарына  арналған  жадынаманың» 150 мың данасы және 500 ҚР шетелдік 
мекемелерінің ұсыныстары мен байланыс мәліметтері бар ақпараттық плакаттар 
берілді.  Шетелге  келісімен,  ҚР  азаматтары  роумингтің  қосылуы  барысында 
СМС – ҚР СІМ «қызу желі» телефондары туралы ақпарат бар хабарлама алады.  
Адам саудасына барабар және тиімді түрде қарсы тұру және ел халқының  
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Бас 
прокуратурасының үйлестіруші рӛлімен ҚР ҰҚК, ІІМ, ДСжӘДМ, СІМ және осы 
мәселеде  мүдделі  басқа  мемлекеттік  билік  органдарымен  күштерін  біріктіру 
орынды кӛрінеді.  
Қазіргі  күнде,  адам  саудасымен  күресте  ҚР  ІІМ  және  оның  Қазақстан 
ӛңірлеріндегі аумақтық органдары маңызды рӛлгеие.  
Адам саудасы фактілерінің алдын-алу, жол бермеу және ашу мақсатында, 
ҚР ІІМ тұрақты негізде «СТОП-трафик» жедел-профилактикалық іс-шараларын 
жүргізеді.   
Адам құқықтары жӛніндегі комиссиякӛзқарасы тұрғысынан, ҚР ІІМ және 
оның  аумақтық  органдарының  адам  саудасымен  күрес  жӛніндегі  арнайы 
бӛлімшелерінің  кадрлық  құрамын  қосымша  штаттық  бірліктер  бӛле  отырып, 
біліктілігі жоғары мамандармен  нығайту қажет.  
Адам  саудасына  маманданушы  қылмыстық  топтар  ӛз  қызметі 
ортасындағы  ӛзгерістерге,  соның  ішінде  құқық  қорғау  органдары  жағынан 
қарсы  әрекеттерге,  полицияның  тікелей  іс-қимылына,  стратегиялық  шараларға 
немесе  заңнамалардағы  ӛзгерістерге  сәтті  бейімделетінін  мамандар  атап  ӛтеді.  
Адам  саудасының  ӛзгермелі  сипатын  мойындау,  осы  қылмыспен  күрес  үшін 
қолданылған ӛткен жылғы стратегия, биыл тиімділігі тӛмен немесе тіпті мәнсіз 
болуы  мүмкін  деген  қорытындығы  әкелуі  ықтимал.  Қарсы  тиімді  іс-қимылмен 
адам  саудасымен  күрес  стратегиясын  әзірлеу  үшін  жоспарлау  кезеңінде  дәл 
ақпарат  алу  шешуші  мәнге  ие.  Бұл  мәселе  мәліметтерді  жинау  және  ӛңдеудің 
бірыңғай немесе ортақ жүйесі жағдайында күрделі болуын жалғастыруда.  

90 
 
 
3.11. Адам саудасымен кҥреске жеке секторды тарту 
 
Жеке  секторды  заңды  бизнес  және  адам  саудасы  арасындағы  кез  келген 
байланыстарды ажыратуға бағытталған корпоративтік саясатты жүзеге асыруға 
тарту  маңызды.  Жеке  сектор  ӛкілдеріне  адам  саудасымен  күрес  бойынша 
бастамалар  шеңберінде  жеткіліктсіз  назар  аударатыны  сирек  емес,  оларға, 
әдеттеӛзгерістерге  әсер  етуші  үкіметтік,  үкіметаралық  және  үкіметтік  емес 
ұйымдар ӛкілдерін ғана тартады.  
Адам  саудасының  алдын  алу  және  жолын  кесу  туралы  хаттаманың  10 
бабының  ережелеріне  сәйкес,  «әр  Қатысушы-мемлекет,  оның  заңды 
қағидаларын  ескере  отырып,  заңды  тұлғалар  жауапкершілігін  белгілеу  үшін 
талап етілуі мүмкін шараларды қабылдайды». 
Адам  саудасы  туралы  Хаттаманың  11  бабының  3  тармағына  сәйкес, 
қатысушы мемлекеттер адам саудасы қылмысы жасалған кезде «коммерциялық 
тасымалдаушылар  пайдаланатын  кӛлік  құралдарын  пайдаланудың  бар 
мүмкіндігінше  алдын  алудың  заңнамалық  немесе  басқа  тиісті  шараларын» 
қабылдауы  тиіс.  Мұндай  шараларға  «коммерциялық  тасымалдаушыларға, 
соның ішінде кез келген кӛліктік компанияға немесе кез келген кӛліктік құрал 
иесіне  немесе  операторына  барлық  жолаушылардың  қабылдаушы  мемлекетке 
кіруі үшін қажетті кіру/шығу құжаттарына ие екендігіне кӛз жеткізу міндеттерін 
белгілеу» жатады. 
Заңды  тұлғалардың  жауапкершілігін  қамтамасыз  етумен  қоса,  олардың 
проблеманы сезіну деңгейін арттыру және оларды адам саудасының қандай да 
бір  нысаны  және  жекелей,  балалар  саудасы  туралы  айтылғанда,  абсолютті 
тӛзбеушілік саясатын жүргізуде талап ететін этикалық саясат және мінез-құлық 
кодекстерін әзірлеуге тарту маңызды.  
Жеке  сектордың  рӛлі  сексуалдық  туризм  мақсатында  адам  саудасы 
туралы  айтылғанда,  ерекше  маңызды.  Осындай  жағдайларда,  туристік 
бизнеспен байланысты агенттіктер мұндай практикадан пайда таба алады және 
тіпті пайда алу мақсатында оған ашық түрде жағдай жасауы да мүмкін. Мұндай 
агенттіктер құрамына отельдер, таксомоторлық парктер және туризм мен саяхат 
жӛніндегі агенттіктер жатуы мүмкін.   
Бизнес-құрылымдар,  кәсіпорындар  және  фирмалар,  туристік  компаниялар, 
жұмыспен қамту  агенттіктері, неке  агенттіктері,  шетелдік бала  асырау  агенттіктері, 
жарнама  агенттіктері,  массаж  салондары,  түнгі  клубтар  және  басқа  ұйымдар  ҚР 
құқық  қорғау  органдарына  адам,  соның  ішінде  бала  саудасымен  байланысты 
қылмыстардың алдын-алуда және жолын кесуде жәрдемдесуі керек.  
Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссия  кӛзқарасы  тұрғысынан,  адам 
саудасымен  күрес  туралы  заңнама  туристік  және  кӛліктік  компаниялар, 
жұмыспен  қамту  агенттіктері,  неке  агенттіктері,  шетелдік  бала  асырау 
агенттіктері, жарнама агенттіктері, массаж салондары, түнгі клубтар және басқа 
ойын-сауықтыру орталықтарының қызметіне қатысты қолданылуы тиіс.  

91 
 
Жеке  құрылымдардың  адам  саудасымен  күрестегі  үлесін  арттыру 
мақсатында: 
адам  саудасы,  балалардың  сексуалдық  туризмі  және  пайдаланылатын 
еңбектің  барлық  нысандарының  құрбандарына  қатысты  этикалық  мінез-құлық 
кодекстерін әзірлеу және ендіруге жеке секторды ынталандыруды;  
жеке сектордың пайдаланылатын жұмыс күшін қолданудан бас тартуына, 
мысалы  қабылданған  этикалық  нормаларды  ұстанатын  корпорациялар  үшін 
нарықтық жеңілдік енгізу жолымен ынталандырудыұсынамыз.  
 
3.12. Сыбайлас жемқорлықпен кҥрес 
 
Адам  саудасының  ӛркендеуі  едәуір  мӛлшерде  оған  мемлекеттік 
лауазымды  тұлғалардың  кӛмескі  немесе  ашық  қатысуымен  немесе  олар 
тарапынан болатын әрекетсіздікпен түсіндіріледі. 
БҰҰ Ұйымдасқанқылмыс туралы конвенциясының 9 бабында қатысушы-
мемлекеттердің  «адалдыққа  жәрдемдесу  үшін,  сондай-ақ  бұқаралық 
лауазымдық  тұлғалар  арасында  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын-алу  және  сол 
үшін  жазалау  үшін  заңнамалық,  әкімшілік  және  басқа  тиімді  шараларды 
қабылдауын» (1 тармақ) талап етіледі. Талдау кӛрсеткендей, елдер осы міндетті 
орындауға  әр  түрлі  қарайды.  Олардың  бірі  мемлекеттік  лауазымдық 
тұлғалардың  адам  саудасына  қатыстылығыншартты  жазаланатын  қылмыс  деп 
нақты  жариялады.  Ал  басқалары  мемлекеттік  лауазымдық  тұлғалардың 
қатысуын  жазалауды  күшейтуді  қажет  ететін  ауырлататын  жағдайлар  ретінде 
қарастырады.  
Мысалы,  Индонезияда  ӛз  билігін  теріс  пайдаланған  кез-келген 
мемлекеттік  әкімшіліктік  лауазымдық  тұлға  оның  қызметі  нәтижесінде  адам 
саудасы қылмысы жасалса, ең азы бас бостандығынан 4 жылға айыру түрінде, 
ең  кӛбі  –  15  жылға,  сондай-ақ  алпыс  миллион  рупи  кӛлемінде  ең  тӛмен 
айыппұлға, ал ең кӛбі – үш жүз миллион рупиға жазалауға ұшырайды.  
Біріккен  Араб  Әмірліктерінде  адам  саудасы  қылмысы  үшін,  егер 
қылмыскер  мемлекеттік  лауазымдық  тұлға  немесе  мемлекеттік  қызметті  іске 
асыруға  тағайындалған  тұлға  болса,  ӛмір  бойы  бас  бостандығынан  айыру 
жазасы беріледі.  
БҰҰ  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  конвенциясында  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  бойынша  шаралар  қатары  аталған,  олар  осы 
қылмыстың  қарапайым  криминалдандыру  аясынан  шығады  және  мыналарды 
қамтиды:   
сыбайлас  жемқорлықтың  алдын-алу  жӛніндегі  органдар  құру  және 
бұқаралық лауазымдық тұлғалар үшін тәртіп кодексін әзірлеу секілді сыбайлас 
жемқорлықтың  алдын-алу  шаралары,  сондай-ақ  сот  жүйесінің  сатылмайтынын 
нығайту жӛніндегі және мемлекеттік әкімшілік аясында ашықтықты қамтамасыз 
ету жӛніндегі шаралар; 
халықаралық ынтымақтастықты орнату бойынша сыбайлас жемқорлықты 

92 
 
қылмыс  ретінде  жіктейтін,  қылмыскерді  ұстап  беру  үшін  негіз  болатын  ӛзара 
құқықтық кӛмек секілді шаралар
сыбайлас  жемқорлық  қылмысын  жасау  жолымен  алынған  активтер  мен 
мүлікті қайтару жӛніндегі шаралар. 
Үкіметтік  емес  саланың  кӛптеген  ӛкілдерінің пікірінше,  заңсыз кӛші-қон 
мен  адам  саудасының  проблемасы  ӛте  ауқымды  және  мемлекеттік  билік  пен 
қоғамның  кӛптеген  құрылымдарына  қандай  да  бір  түрде  әсер  етеді.  Бұл 
құбылыспен күрес, сыбайлас жемқорлық жойылып және қазіргі кезде еңбек пен 
сексуалдық  пайдаланудың  кӛптеген  құрбандары  ӛз  жаулары  ретінде  кӛретін 
полиция  бейнесі  ӛзгермейінше,  айтарлықтай  тиімді  болмайды.  ЮНИСЕФ 
балаларды  пайдалану  және  сату  проблемасы  бойынша  Қазақстанда  ӛткізген 
зерттеуіне  сәйкес,  респонденттердің  кӛпшілігі  құқық  қорғау  органдарының 
қанағаттанарлық емес жұмысына наразылық білдірді. ЮНИСЕФ қызметкерлері 
сұраған  468  респонденттің  305  респонденті  полицияға  барғанын  айтты. 
Олардың  тек  16,7%  олардың  проблемаларына  орай  полицияның  қызметіне 
қанағаттанғанын  хабарлады.  Қалған  респонденттер  полицияның  олардың 
ӛтінімдеріне  орай  әрекет  етуіне  не  жекелей  қанағаттанды,  не  мүлдем 
қанағаттанбады
44
.  Оған  қоса,  адам  саудасының  кӛптеген  құрбандары  полиция 
адам саудасының сыбайластары болғанына шағымданды.  
ЮНИСЕФ  баяндамасына  сәйкес,  сондай-ақ  Халықаралық  кӛші-қон 
ұйымы  респонденттерден  алынған  ақпаратқа  сай  полиция  кӛбінесе  адам 
саудасы  туралы  шағымдар  мен  ӛтінімдерді  шынайы  қабылдамайды  және 
қылмыстарды ашу мен айыпталушыларды ұстау үшін аз әрекет етеді.  
ҚР-да  адам  саудасына  қарсы  күрестің  тиімділігін  арттыру  мақсатында, 
мыналарды ұсынамыз:  
құқық қорғау органдары қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті 
нығайту, сондай-ақ полиция бейнесін жақсарту бойынша шаралар қабылдау
полиция  бейнесі  мен  оның  қызметінің  сапасын  жақсартуға  бағытталған 
түрлі әлеуметтік және ақпараттық науқандар ӛткізу; 
адам  саудасымен  байланысты  қылмыстарды  жасағаны  үшін  айыпты  ҚР 
мемлекеттік  лауазымдық  тұлғаларының  қылмыстық  жауапкершілігін  күшейту 
және ҚР Қылмыстық кодексіне тиісті қосымшаларды енгізу
адам  саудасымен  байланысты  сыбайлас  жемқорлық  туралы  істер  тиісті 
тұрғыда  тергелуін  және  олар  бойынша  соттық  қудалау  қозғалуын  қамтамасыз 
ету.  
 
3.13. 3-ші бӛлімнің ҧсынымдары: 
 
1.
 
Уәкілетті мемлекеттік органдар:  
-
 
адам  саудасы  тәуекелдері  туралы  жұртшылықтың  хабардарлығын 
арттыру жӛніндегі;  
                                                 
44
 Робин Н. Хаарр, «Қазақстанда тәуекелді мінез-құлық, сексуалдық пайдалану және адам саудасына 
қатысы бойынша балалардың осалдығын бағалау» (ЮНИСЕФ, 2012), 111. 

93 
 
-
 
адам  саудасы  құрбандары  үшін  қолданыстағы  қызметтер  туралы 
жұртшылықтың және тәуекел топтарының хабардарлығын арттыру жӛніндегі; 
-
 
арзан  еңбек  күшіне,  коммерциялық  секс  қызметтеріне  және  басқа 
пайдалану  нысандарына тәуекелді тӛмендету  жӛніндегіоқыту және ақпараттық 
науқандарды  қаржылай  қамтамасыз  етсін  және  БАҚ-та  жариялай  отырып 
жүйелі түрде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп ӛткізсін. 
2.
 
11616 сенім телефоны үшін мемлекеттік қаржыландыру қамтамасыз 
етілсін.  Сонымен  қатар,  «Қазақтелеком»  АҚ-мен  сенім  телефонына  ақысыз 
негізде телефон байланысы қызметін ұсыну мүмкіндігін келісу ұсынылады.   
3.
 
ҚР  адам  саудасының  құрбандары  ел  азаматтарымен  қоса,  Орталық 
Азия мемлекеттерінің жұмысшы-мигранттары болуын ескере отырып, Орталық 
Азияда  адам  саудасына  қарсы  күрес  бойынша  бірыңғай  сенім  телефоны  (бір 
нӛмір) желісін құруға бастамалық ету. Хабарласудың бірыңғай нӛмірі бару елі 
ретіндегі  ҚР-да  сенім  телефонының  жұмысы  туралы  тәуекел  топтарындағы 
адам саудасының ықтимал құрбандарының хабардарлығын арттыруға мүмкіндік 
береді.  
4.
 
Сондай-ақ  адам  саудасы  саласындағы  қылмыстарды  жасауға  жол 
бермеуге  бағытталған  шараларды  күшейту  мақсатында,  құқық  қорғау 
органдарына мыналар ұсынылады:  
-
 
адам саудасымен байланысты тауарлар мен қызметтері бар, сондай-
ақ  осындай  қызметтерге  сұраныс  тудырушы  материалдарға  БАҚ-та  және 
телекоммуникациялық желілерде мониторингті тұрақты жүзеге асыру; 
-
 
ҚР  ІІМ  арнайы  бӛлімшесінің  және  оның  адам  саудасына  қарсы 
күрес  жӛніндегі  аумақтық  органдарының  кадрлық  құрамын  біліктілігі  жоғары 
мамандармен қосымша штаттық бірлік бӛлу арқылы нығайту; 
-
 
құқық  қорғау  органдарында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресті 
күшейту,  сондай-ақ  полиция  бейнесін  полиция  қызметкері  және  оның 
жұмысының  сапасын  арттыруға  бағытталған  әлеуметтік  және  ақпараттық 
науқандар ӛткізу кӛмегімен жақсарту бойынша шаралар қабылдау; 
-
 
адам саудасымен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін айыпты 
ҚР мемлекеттік лауазымды адамдарының қылмыстық жауапкершілігін күшейту 
және ҚР Қылмыстық кодексіне тиісті толықтырулар енгізу
-  кәмелеттік  жасқа  толмағандар  құқықтарын,  соның  ішінде:  жұмысқа 
орналасу  туралы,  балалардың  еңбегін,  ӛмірін  және  денсаулығын  қорғау, 
халықаралық  бала  асыруды  қоса  бала  асырау  және  қамқорлық  туралы 
құқықтарын  қорғау  туралы  заңдарды  орындауды  прокурорлық  қадағалауды 
нығайту;  
-  туристік  фирмалардың,  сондай-ақ  шетелдік  азаматтарға  және  ҚР 
азаматтарына  кеңес  беру  және  басқа  қызметтер  ұсынатын  ұйымдар  мен  жеке 
тұлғалардың қызметінің заңдылығын үнемі тексеруді қамтамасыз ету; 
-  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  жұмысқа  орналасу  және  оқу 
жӛніндегі қызметтерді ұсынатын заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің, 

94 
 
сондай-ақ  неке  және  модельдік  агенттіктер  қызметінің  заңдылығына 
прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру
-  халықты  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу  және  жұмыссыздықтан  қорғау 
саласында  қызмет  кӛрсету  бойынша  жұмыспен  қамту  қызметтері  жұмысының 
заңдылығына назар аудара отырып, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік 
қамту туралы заңнаманың бұзылуына дер кезінде әрі тиімді ден қою
-  прокурорлық  бақылау  негіздерінің  болуы  барысында  алынған 
материалдарды  жедел  түрде  тергеу  органдарына  қылмыстық  іс  қозғау  үшін 
жіберу керек. 
5.
 
Уәкілетті  мемлекеттік  органдар  қиын  ӛмірлік  жағдайға  тап  болған 
балаларға, ҚР-на келген жұмысшы-мигранттарға және халықтың әлсіз топтары 
қатарындағы  басқа  санаттағы  тұлғаларға  олардың  құлдыққа  ұшырауын 
болдырмау  мақсатында  дер  кезінде  әлеуметтік  жәрдем  кӛрсетуге  бағытталған 
профилактикалық бағдарламаларды әзірлесін және іске асырсын. 
6.
 
Уәкілетті мемлекеттік органдар жергілікті және шетелдік үкіметтік 
емес  ұйымдармен,  әмбебап  және  ӛңірлік  халықаралық  ұйымдармен, 
дипломатиялық 
ӛкілдіктермен 
және 
шетелдік 
мемлекеттердің 
консулдықтарымен 
адам 
саудасына 
қарсы 
күрес 
бойынша 
тығыз 
ынтымақтастықты жүзеге асырсын. 
7.
 
Құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлеріне  –  полицияның 
учаскелік  инспекторларын,  ювеналды  полиция  инспекторларын  адам  саудасы 
құрбандарына  біржақты  кӛзқарасты  жою,  тиісті  қылмыстарды  анықтау  және 
тергеу барысында зардап шеккендердің адам құқықтарының және мүдделерінің 
басымдықтарын  ұстануды  қамтамасыз  ету,  адам  саудасы  құрбандарына 
толерантты  қатынас,  аяушылық,  эмпатия  сезімдерін  тәрбиелеу  үшін  тұрақты 
оқыту ӛткізуге үкіметтік емес ұйымдар тартылсын. 
8.
 
Адам  саудасы  саласында  тәуелсіз  сарапшылар  мен  азаматтық 
секторды тарту арқылы кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілсін. 
9.
 
Адам  саудасының  алдын-алу  жӛніндегі  құзырлы  мемлекеттік 
органдардың қызметіне тұрақты түрде мониторинг жүргізілсін. 

95 
 
 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал