Арнайы баяндама



жүктеу 4.8 Kb.

бет1/18
Дата13.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ 
АДАМ ҚҦҚЫҚТАРЫ ЖӚНІНДЕГІ КОМИССИЯ  
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫНА 
ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҦҚЫҚТАРЫН 
ҚОРҒАУДЫҢ ӚЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ  
 
АРНАЙЫ БАЯНДАМА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам қҧқықтары жӛніндегі комиссия 
«Қазақстан  Республикасындағы  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл  саласындағы  адам 
қҧқықтарын  қорғаудың  ӛзекті  проблемалары»  арнайы  баяндамасы.  Жалпы 
редакциясын басқарғандар Қуаныш Сұлтанов, Тастемір Әбішев, 2015. -  170 б. 
 
Ұсынылып  отырған  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары 
жӛніндегі  комиссияның  «Қазақстан  Республикасындағы  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл 
саласындағы адам құқықтарын қорғаудың ӛзекті проблемалары» атты арнайы баяндамасы (бұдан әрі 
–  баяндама)  адам  саудасына  қарсы  күрестің  ӛзекті  мәселелеріне,  Қазақстандағы  адам  саудасы 
құрбандарының  құқықтары  мен  олардың  арнайы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетулерге  ие  болу 
құқықтарын қамтамасыз етудің ахуалын кешенді талдауға арналған. 
Баяндама  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2014  жылғы  29  желтоқсандағы 
№ 32-47.327 қарарымен мақұлданған. 
Онда Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық заңнама мен 
құқық  қолдану  практикасының  салыстырмалы  талдауы,  трафик  құрбандары  құқықтары 
ахуалының бағасы, орын алып отырған проблемалар мен оларды шешу жолдары келтірілген. 
Ішінара  алғанда,  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл  және  адам  саудасы  құрбандарына 
арнайы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсету  саласындағы  заңнама  мен  құқық  қолдану 
практикасындағы,  қатыгездік  қарым-қатынастың,  соның  ішінде  трафиктің  құрбандарының 
әлеуметтік-құқықтық қорғалуы деңгейіндегі ақтаңдақтар айқындалған. 
Баяндама  Адам  құқықтары  жӛніндегі  комиссияның  ӛзінің  ӛткен  уақыт  аралығы 
ішіндегі  құқық  қорғау  қызметінің  және  оның  арнайы  зерттеулерінің  нәтижелеріне 
негізделген.  Онда  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  органдары  мен  үкіметтік  емес 
құқық  қорғау  ұйымдарының,  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  (ХКҚҰ)  Қазақстандағы 
ӛкілдігінің, басқа да халықаралық ұйымдардың мәліметтері кеңінен тартылған. 
Баяндама  қорытындылар  мен  заңсыз  кӛші-қон  мен  адам  саудасы  фактілерін 
болдырмау,  адам  саудасы  құрбандарының  қылмыстық  іс  жүргізуден  тыс  құқықтық 
мәртебесінің  анықтамасын  заңнамалық  бекіту,  трафик  құрбандарын  қорғау  тетіктерін 
жетілдіру,  Адам  саудасының  құрбандарына  арнайы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетудің  бірыңғай 
стандартын әзірлеу және қабылдау, адамды саудаға салушылардың жауапкершілігін күшейту, 
адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл  саласында  құқық  қорғау  органдарының  ҮЕҰ-мен  ӛзара  іс-
қимылын  нығайту,  құқық  қорғау  органдары  қызметкерлері  мен  ҮЕҰ  үшін  білім 
бағдарламаларын дамыту, қоғамдағы әлеуметтік жанжалдар тәуекелдерін тӛмендету және т.б. 
жӛніндегі ұсынымдарды қамтиды. 
Баяндамада  қамтылған  материалдар  биліктің  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот 
тармақтары органдарына, құқық қорғау және құқық қолдану органдарына, адвокаттарға, адам 
құқықтарын  соттан  тыс  қорғау  институттары,  үкіметтік  емес  және  халықаралық  ұйымдар, 
басқа  да  қоғамдық  бірлестіктер,  Қазақстанда  аккредиттелген  дпломатиялық  қызметтер 
ӛкілдеріне пайдалы болады. 
 
     Бұл  жарияланым  (есеп)  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымының  Қазақстандағы  ӛкілдігінің 
техникалық  қолдауымен  дайындалды.  Жарияланым  (есеп)  материалдары  ХКҚҰ  ресми 
кӛзқарасын кӛрсетуі міндетті емес.
 


 
МАЗМҦНЫ 
 
ТЕРМИНОЛОГИЯ.......................................................................................................................................................... 5
 
I
 БӚЛІМ. ӘЛЕМДЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӚШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІ 
БАРЫСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ АХУАЛЫН ТАЛДАУ ................................................................... 
10
 
Кіріспе ............................................................................................................................................ 10
 
1.1. Адам саудасы ұғымы, адам саудасының түрлері мен олардың жіктемесі.......................20
 
1.2. Мигранттарды заңсыз алып кіру элементтері .................................................................... 21
 
1.3. Адам саудасының және мигранттарды заңсыз алып кірудің негізгі айырмашылықтары 
мен ұқсастықтары ......................................................................................................................... 21
 
1.4. Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықтың жай-күйі туралы және 
Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуы мәселелері ....................................................... 23
 
II БӚЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫ 
НОРМАТИВТІК-ҚҦҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ .......................................... 31
 
2.1. Адам саудасымен күрес саласындағы ұлттық заңнама ..................................................... 31
 
2.2. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың халықаралық-құқықтық тетіктері ......................... 37
 
2.3. Балаларды қанаудан қорғаудың халықаралық-құқықтық ұстанымдары ......................... 42
 
2.3.1. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұлттық тетіктері....................................................... 45
 
2.4. Әйелдерді адам саудасынан және кемсітуден қорғаудың ................................................. 49
 
халықаралық-құқықтық кепілдіктері .......................................................................................... 49
 
2.4.1. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес ................................................................ 51
 
2.5. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесі ............................................... 53
 
2.6. 1-ші и 2-ші бӛлімдердің ұсынымдары ................................................................................. 65
 
III БӚЛІМ. АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ............................................................................................... 68
 
3.1. Кіріспе ..................................................................................................................................... 68
 
3.2. Адам саудасының қозғаушы факторлары ........................................................................... 69
 
3.3. Зерттеулер жүргізу және мәліметтер жинау ....................................................................... 71
 
3.4. Білім беру және құқықтық ағарту ........................................................................................ 73
 
3.5. Жұртшылықты хабардар ету мәселелері ............................................................................. 75
 
3.7. Адам саудасымен күрестегі бұқаралық ақпарат құралдарының рӛлі .............................. 79
 
3.8. Адам саудасымен күрестегі азаматтық қоғамның рӛлі ..................................................... 81
 
3.9. Адам саудасына қарсы іс-қимылдағы халықаралық ұйымдардың рӛлі ........................... 84
 
3.10. Адам саудасымен күрестегі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының рӛлі....... 86
 
3.11. Адам саудасымен күреске жеке секторды тарту .............................................................. 90
 
3.12. Сыбайлас жемқорлықпен күрес ......................................................................................... 91
 
3.13. 3-ші бӛлімнің ұсынымдары: ............................................................................................... 92
 
IV БӚЛІМ. АДАМ САУДАСЫ ҚҦРБАНДАРЫН СӘЙКЕСТЕНДІРУ ЖӘНЕ ҚҦҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ 95
 
4.1.  Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру ........................................................................ 95
 
4.2. Адам саудасының құрбаны болған балаларды сәйкестендіру .......................................... 98
 


 
4.3. Қазақстандағы адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау проблемалары ........ 99
 
4.4. Адам саудасының құрбандарына қатысты адам құқықтарын қорғаудың стандартты 
халықаралық принциптері ......................................................................................................... 101
 
4.5. Қылмыстан зардап шеккендерге, соның ішінде адам саудасының құрбандарына зиянын 
ӛтеу мәселелері ........................................................................................................................... 106
 
4.5.1.  Қылмыстық істің, соның ішінде адам саудасының құрбандарына зиянын ӛтеу 
саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық актілер ................................................................. 106
 
4.5.2. Адам саудасының құрбандарына зиянын ӛтеу саласындағы ұлттық заңнама мен құқық 
қолдану практикасы ....................................................................................................................... 111
 
V БӚЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫ ҚҦРБАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТ 
КӚРСЕТУ ЖҤЙЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
 ............................................................................ 119
 
5.1. Адам саудасы құрбандарына кӛмек кӛрсету жӛніндегі жұмысты институционалдық 
ұйымдастыру ............................................................................................................................... 119
 
5.2. Гендерлік ағат пікірлер ....................................................................................................... 120
 
5.3. Дағдарыстық орталықтардың қызметі және олардың проблемалары туралы .............. 121
 
5.4. Адам саудасы құрбандарына әлеуметтік және заңгерлік қызмет кӛрсетудегі 
кедергілер.....................................................................................................................................123
 
5.5. Қазақстандағы адам саудасы құрбандарына кӛрсетілген қызметті бағалау 
(әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерінің негізінде) ................................................................ 124
 
5.5.1. Мәліметтерді жинақтау әдістері ......................................................................................... 126
 
5.5.2. Адам саудасы құрбандарымен сұхбаттың нәтижелері ..................................................... 129
 
5.5.3. Адам саудасы құрбандарына әлеуметтік қызмет кӛрсететін мамандармен сұхбаттың 
нәтижелері ....................................................................................................................................... 134
 
5.6. Қатыгездік қарым-қатынастың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам    
саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарты ........................ 137
 
5.6.1. Қатыгездік қарым-қатынастың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам 
саудасының құрбандары үшін уақытша тұруы жағдайында (қорғаудағы тұрғын үй) халықты 
әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарттарының 
жобасына түсіндірме жазба ........................................................................................................... 139
 
5.6.2. Қатыгездік қарым-қатынастың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам    
саудасының құрбандары үшін уақытша тұруы жағдайында (қорғаудағы тұрғын үй) халықты 
әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарттарының жобасы
 .......................................................................................................................................................... 141
 
5.7.5-ші және 4-ші бӛлімдердің ұсынымдары: ........................................................................ 161
 
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................................................................................ 164
 
ҚОСЫМША ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ПЕН ДЕРЕК КӚЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ..................................... 169
 
 
 


 
Терминология 
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары 
жӛніндегі комиссияның  «Қазақстан  Республикасындағы  адам  саудасына қарсы 
іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын қорғаудың ӛзекті проблемалары» атты 
арнайы  баяндамасында  БҰҰ  Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы 
конвенциясын  толықтыратын  Адамның,  әсіресе  әйелдер  мен  балалар 
саудасының алдын алу және жолын кесу әрі ол үшін жазалау туралы хаттамада, 
БҰҰ  Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы  конвенциясын  толықтыратын 
Мигранттарды  құрлық,  теңіз  және  әуе  жолымен  заңсыз  алып  кіруге  қарсы 
хаттамада,  Барлық  еңбекші-мигранттар  мен  олардың  отбасы  мүшелерінің 
құқықтарын  қорғау  туралы  халықаралық  конвенцияда,  Еуропа  Кеңесінің  Адам 
саудасына қарсы іс-қимыл туралы конвенциясында, сондай-ақ «Халықтың кӛші-
қоны  туралы»,  «Арнаулы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетулер  туралы», 
«Шетелдіктердің  құқықтық  жағдайы  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында  және  Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған  ӛзге  де 
конвенцияларда  және  келісімдерде  кӛзделген  терминдер  мен  ұғымдар 
пайдаланылды. 
 
Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық терминдер 
 
«Адам  саудасы»қанау  мақсатында  жүзеге  асырылатын  адамдарды 
азғырып-кӛндіруді, тасымалдауды, біреулерге беруді, жасыруды немесе күшпен 
қорқытуды,  оны  қолдануды  немесе  мәжбүрлеудің  басқа  түрлерін,ұрлауды, 
алаяқтықты,  алдауды,  билікті  немесе  жағдайдың  осалдығын  ӛрескел 
пайдалануды қолданyжолымен, не болмаса басқа адамды бақылайтын адамның 
келісімін  алу  үшін  тӛлем  немесе  тиімділік  беру  түрінде  сатып  алу  жолымен 
алуды  блдіреді.  Қанау  кем  дегенде  басқа  адамдардың  жезӛкшелігін  қанауды 
немесе  сексуалдық  қанаудың  басқа  нысандарын,  мәжбүрлі  еңбекті  немесе 
қызмет кӛрсетуді, құлдықты немесе құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптарды, еріксіздік 
жағдайын немесе ағзасын алып қоюды қамтиды
1

«Адам  саудасының  қҧрбандары»  -  адамды  саудаға  салу  қылмысының 
құрбаны болып табылатын адам
2

«Еріксіз  еңбек»  –  экономикалық  себептерге  байланысты  туындайтын 
тәуелділік  жағдайында  қызметкердің  ұсынатын  қызметтері.  Кӛбінесе  бұл  – 
қарыз  немесе  берілген  аванс  себебінен  берешектер.  Себеп  қарыз  болған  кезде 
қызметкердің (немесе оның асырауындағы адамдар, немесе мұрагерлері) белгілі 
                                                 
1
Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы БҰҰ Конвенциясын толықтыратын Адамдар, әсіресе әйелдер мен 
балалар, саудасының алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралыБҰҰ хаттамасы, 3-бап,2000 ж. 
2
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 


 
бір  немесе  белгісіз  кезеңге  қарыз  тӛленгенге  дейін  нақты  кредитормен 
байланысты болуы салдары болып табылады
3
;
 
 
«Мәжбҥрлі/міндетті  еңбек»  –  қандай  да  бір  адамнан  қандай  да  бір 
жазалау қаупімен талап етілетін кез келген жұмыс немесе қызмет
4
;  
«Қарыздық  кіріптарлық»  –егер  орындалатын  жұмыстың  тиісті 
дәрежеде анықталатын құндылығы қарызды ӛтеуге есептелмесе немесе егер бұл 
жұмыстың  ұзақтығы  шектелмеген  және  оның  сипаты  анықталмаған  болса, 
борышкердің  ӛзінің  жеке  еңбегінің  немесе  оған  тәуелді  адамның  еңбегінің 
қарызын  қамтамасыз  етуге  кепілдік  салуы  салдарынан  туындайтын  жағдайы 
немесе күйі
5

 
«Мәжбҥрлеу»  -  денелік  зорлық-зомбылық  немесе  денелік  күш  кӛрсету 
қауіптері арқылы мәжбүр ету
6
;
 
 
«Қҧлдық»  -  меншік  құқығының  атрибуттары  немесе  олардың  кейбіреуі 
қолданылатын адамның жай-күйі мен жағдайы  (Құлдық туралы  конвенцияның 
1-бабы, 1926 ж., Құлдық туралы конвенцияға ӛзгерістер енгізу туралы хаттама, 
1953  ж.).  Осылайша,  құлдықтың  негізгі  элементі  біреудің  ӛміріне  ие  болу 
немесе  бақылау,  жүріп-тұруын  мәжбүрлеу  және  шектеу,  сондай-ақ  жұмыс 
берушіден  кету  немесе  ауыстыра  алу  мүмкіндігінің  жоқтығы  болып  табылады 
(мысалы,  дәстүрлі  құл  еңбегі,  еріксіз  еңбек,  мәжбүрлі  еңбек  және  ғұрыптық 
немесе діни мақсаттар үшін құлдық)
7
;
 
«Реадмиссия» – мемлекеттің басқа мемлекетке заңсыз кірген немесеонда 
болған  адамға  (ӛз  азаматына,  үшінші  ел  азаматына  немесе  азаматтығы  жоқ 
адамдарға) қайтадан кіру үшін берілетін рұқсаттамасы
8
;
 
«Бала»  –  әрбір  адам  баласы  18  жасқа  толғанға  дейін,  егер  осы  балаға 
қолданылатын  заң  бойынша  ол  кәмелеттік  жасқа  бұрынырақ  толып  қоймаса, 
бала болып саналады
9

 
«Балалар  еңбегінің  ең  жаман  тҥрлері»  –  құлдықтың  немесе  құлдыққа 
ұқсас  (адам  саудасы,  қарыздық  кіріптарлық,  мәжбүрлі  немесе  міндетті  еңбек, 
соның  ішінде  балаларды  әскери  жанжалдарда  қолдану  үшін  міндетті  түрде 
жалдау)  институттар  және  әдет-ғұрыптар;  баланы  жезӛкшелікпен  айналысу 
үшін,  порнография,  порнографиялық  кӛрсетілімдер  жасау  үшін  пайдалану, 
сатып  алу  немесе  ұсыну;  баланы  заңсыз  қызметпен  айналысу  үшiн,  атап 
айтқанда  есiрткi  заттарды  ӛндiру  және  сату  үшiн  пайдалану,  азғырып-кӛндіру 
немесе  ұсыну;ӛзiнiң  орындалу  жағдайы  немесе  сипаты  жағынан  балалардың 
денсаулығына,  қауiпсiздiгiне  немесе  адамгершiлiгiне  зиян  келтiруi  мүмкiн 
жұмысты қамтиды
10
;
 
                                                 
3
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 
4
Халықаралық Еңбек Бюросының Кеңесiнін Мәжбүрлi немесе мiндеттi еңбек туралы № 29 Конвенция, 2 (1) бап, 
1930 ж. 
5
Құлдықты жою туралы БҰҰ қосымша конвенциясы, 1956 ж. 
6
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 
7
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 
8
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 
9
Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясы, 1-бап, 1989 ж. 
10
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Кӛші-қон жӛніндегі халықаралық ұйым, 2011 ж. 


 
 
«Қанау»  –  бір  нәрсені  немесе  біреуді  пайдаланумен  байланысты 
әрекеттер,  атап  айтқанда  біреуді  біреудің  жеке  пайдасы  үшін  (мысалы, 
сексуалдық  пайдалану,  мәжбүрлі  еңбек,  құлдық  немесе  құлдыққа  ұқсас 
институттар және ғұрыптар, еріксіз жағдай немесе адам мүшелерін алу)
11
;
 
 
«Балаларды пайдалану» – 1989 ж. Бала құқықтары туралы конвенцияға 
және  1999  ж.  Балалар  еңбегінің  ең  жаман  түрлеріне  тыйым  салу  және  жою 
жӛніндегі  шұғыл  шаралар  туралы  конвенцияға  сәйкес  балаларды  пайдалану 
келесіні  құрайды:  экономикалық  қанау  (оның  денсаулығына  қауіп  тӛндіретін 
немесе  білім  алуына  кедергі  келтіретін  немесе  денсаулығына  зиян,  дене 
бітімінің,  ақыл-есінің  жетілуіне,  рухани  және  моральдық,  әлеуметтік  жағынан 
дамуына  нұқсан  келтіретін  кез  келген  жұмыс),  сексуалдық  пайдалану  (заңсыз 
сексуалдық қызметке, жезӛкшелікпен айналысуға, балалар порнографиясы үшін 
пайдалану),  балаларды  ұрлау,  саудаға  салу  немесе балаларды  кез келген  түрде 
контрабандалау
12
;
 
«Адам саудасымен байланысты қылмыстар» -БҰҰ-ның Адам саудасы 
туралы хаттамасында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 
кӛзделген қылмыстар. 
«Мигранттарды  заңсыз  елге  әкелу»
тікелей  немесе  жанама  жолмен 
қандай  да  болмасын  бір  қаржылық  немесе  басқа  материалдық  пайда  алу 
мақсатында,  қандай  да  болмасын  мемлекетке  оның  азаматы  болып 
табылмайтын  немесе  оның  территориясында  тұрақты  түрде  тұрмайтын  кез 
келген тұлғаның заңсыз түрде кіруін қамтамасыз ету дегенді білдіреді
13

Заңсыз 
әкелуде  адам  саудасына  қарағанда  пайдалану,  мәжбүрлеу  немесе  адам 
құқықтарын бұзу элементтері жоқ
14
;
 
«Келуге/кетуге арналған жалған қҧжат немесе жеке куәлiк»:  
мемлекет  атынан  келуге/кетуге  арналған  құжатты  немесе  жеке 
куәлiктiдайындауға  немесе  беруге  заңды  тәртiппен  уәкiлеттiк  берiлгендерiнен 
басқа,кез  келген  адам  немесе  мекеме  жалған  жасаған  немесе  қандай  да  бiр 
материалдық түрде ӛзгертiлген; немесе 
тиiсiнше берiлмеген немесе жалған деректер ұсыну, сыбайлас жемқорлық 
немесе мәжбүрлеу немесе қандай да бiр ӛзге заңсыз түрде алынған; немесе 
заңсыз  иесiнен  ӛзге  адам  пайдаланатын  кез  келген  келу/кету  құжатын 
немесе жеке куәлiктi бiлдiредi
15

«Мигрант»  термині  Халықаралық  кӛші-қон  ұйымы  Конституциясының 
1.1  (а)  бабында  Адамның  кӛшіп-қону  туралы  шешімді  еркін,  «жеке  басына 
қолайлығы»  себепті  және  сыртқы  мәжбүрлеуші  факторлардың  араласуынсыз 
қабылдаған барлық жағдайларын белгілеу үшін қолданылады деп кӛрсетілген; 
                                                 
11
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Кӛші-қон жӛніндегі халықаралық ұйым, 2011 ж. 
12
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Кӛші-қон жӛніндегі халықаралық ұйым, 2011 ж. 
13
 БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясын толықтыратын Құрлық, теңіз және әуе 
бойынша мигранттарды заңсыз елге әкелуге қарсы Хаттама, 3-бап, 2000 ж.  
14
Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Кӛші-қон жӛніндегі халықаралық ұйым, 2011 ж. 
15
 БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясын толықтыратын Құрлық, теңіз және әуе 
бойынша мигранттарды заңсыз елге әкелуге қарсы Хаттама, 3-бап, 2000 ж. 


 
Еңбекші-мигрант  –  ӛзі  азаматы  болып  табылмайтын  мемлекетте  ақылы 
қызметпен айналысатын, айналысып жатқан немесе айналысқан адам
16

«Бару  елі»  –  кӛші-қон  легінің  (заңды  немесе  заңсыз)  бару  орны  болып 
табылатын ел
17


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал