Қармақшы таңы №79 (9333) Сәрсенбі 15 қазан



жүктеу 441.25 Kb.

бет4/4
Дата22.04.2017
өлшемі441.25 Kb.
1   2   3   4

Алтыншаш КЕТЕБАЙ.

«Интернатта  оқып  жүр,  та-

лай қазақ баласы»,-деп ұлы Абай 

жырлағандай, аудан мектептері 

жанындағы  интернаттарда  да 

талай ұл-қыз тәрбиеленуде. 

Жазушылардың 

шығармаларын 

оқығанда 



Интернатта кара нанды жеп едім

Бірақ оны қара екен демедім, 

Аш кезіңде жегеніміз бір басқа

Оның  дәмін  әлі  ұмытпай  келемін,-  де-

ген  өлең  шумақтарын  кездестіресің. 

Оқисың да өткенге ой жүгіртесің. Бұл өлең 

қарынның ашқандығынан емес сол кездегі 

қазақ балаларының азды қанағат тұтып, бір 

нанды  бөлісіп  жеп,  бір  үйдің  балаларын-

дай ауызбірлікте болғанын, бәрі бірі үшін, 

бірі  бәрі  үшін  күресетінін,  бір-бірінен 

алыстап  кетсе  сағынысып    қауышатын 

бауырмалдылықтарын,  достыққа  адал, 

сертке беріктіктерін аңғартатындай. 

Кеңес  Үкіметі  кезінде  интернатта  жа-

тып  оқыған  балалардың  тұрмыс-тіршілігі 

аса  мәз  болмады  деу  теріс  пікір.  Үкімет 

балалардың білім алуы үшін бар жағдайды 

жасайтын,  тәртіп  қатаң  сақталатын.  Ин-

тернатта  апайларымыз  өтірік  айтуға, 

ұрлық  жасауға,  біреудің  ала  жібін  ат-

тап,  үлкенге  қарсы  сөйлеуге  болмайды 

деп  тәрбиелейтін.  Сабағымызды  оқытып, 

жүріс-тұрысымызды  қадағалап  отыратын.  

Ойын баласы болсақ та киімімізді ұқыпты 

киіп, ретсіз кірлетпеуге тырысып, шаң бол-

масын деп балағымызды қайырсақ, қыздар 

апалы-сіңілілердей  сырласып,  бір-бірінің 

шашын  өріп  беретін.  Біреуіміз  ауырып 

қалсақ  соның  қиналғаны  барлығымыздың 

жанымызға  бататын.  Қуанышымызды 

бірге  бөлісетінбіз.  Ұстаздарымызды  сый-

лайтынымыз соншалық аязды қыста апай-

ымыз  келе  жатқаннан  құлақшынымызды 

қолымызға  алып,  тік  тұрып  сәлемдесіп 

өткізіп жіберетінбіз. Апай алыстап кеткен-

де  тоңған  құлағымызды  уқалап  жіберіп, 

бас  киімімізді  қайта  киіп  алатынбыз.  До-

старымыз көп болатын. Интернатта оқыған 

балалардың барлығы көпшіл,  бауырмал бо-

лып келеді. Тәрбиешілеріміз ата-анамыздан 

артық тәрбие бермесе кем бермеді. Ағашты 

жастайынан  баптаса,  қажетінше  суын 

құйып, күтім жасаса тез көктеп, көгермейді 

ме? Адам да сол тәрізді. Жастайынан сана-

сына  не  сіңсе  солай  қалыптасады.  Қайсы 

бір  шығарманы  оқысақ  та,  қандай  да  бір 

белгілі  тұлғаны  кезіктірсек  те  солардың 

арасында  сұқбаттасқандардың  көбі    осын-

дай әңгімелерді тілге тиек етеді. Е-ее солай 

болған екен ғой дейсің де, ал, қазіргі мек-

теп  интернаттарының  жағдайы  қандай  де-

ген  сауалға жауап іздейсің. 

Сонау  1932  жылы  іргетасы  қаланған, 

аудандағы   70-80 пайыз ауыл балаларының 

киелі  мекені  болған  №26  мектептің 

жанындағы  интернатқа  ат  басын  тіредім. 

Онда  қазіргі  таңда  25  бала  тәрбиеленуде. 

Мұнда  көбіне  4  жылдық  мектептердің 

оқушылары келіп 5 сыныптан бастап оқуын 

жалғастырады.  Қорқыт,  Диірментөбе, 

Анакөл,  Ордазы,  Белтақыр  стансаларынан  

бір үйден 2-3 баладан оқитындары бар. Ин-

тернат балаларының қауіпсіздігі мен тәртібі 

аға  тәлімгер  Сәрсенкүл  Танкееваның 

жауапкершілігінде.  Ол  ұзақ  жылдан  бері 

еңбек  етіп  келе  жатқан  тәжірибелі  маман. 

2  тәрбиеші,  2  түнгі  бала  күтуші,  2  аспаз-

шы  қызмет  ететін  интернатта  жыл  басын-

да  жоспар  құрылып,  12  бағыт  бойынша 

тәрбие  сағаттары,  түрлі  мерекелерге  кеш-

тер  ұйымдастырылады.  Барлық  балалар 

туған  күндерін  атап  өтеді.  Ата-аналармен 

де тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. 

Осы интернатта 7 жыл бойы тұрып келе 

жатқан  Ботагөз  Орынбасарова  11  сынып-

та  оқиды.  Интернат  менің  екінші  үйім,  ал 

тәрбиеші апай екінші анам дейді,-ол.  

Ал, 70 орындық №250 мектеп-лицейінің 

интернатында  23  бала  тәрбиеленуде. 

Интернатқа    Гүлнұр  Мейрамбекқызы 

жетекшілік  етеді.  Балалардың  барлығы 

оқу  озаттары  мен  екпінділері.  Түске 

дейін  сабақтарына  барып  келген  ер  ба-

лалар  бос  уақыттарында  спорт  мектебіне 

барса,  қыз  балалар  би  үйірмелеріне, 

қосымша  сабақтарға,  Оқушылар  үйіндегі 

түрлі  үйірмелерге  қатысады.  5  мезгіл 

тамақтанады,  бөлмелері  жылы,  жайлы, 

ыстық,  суық  су  ағып  тұр,  барлық  жағдай 

жасалған. Тәрбиешілер сабақтарын оқытып, 

демалыстарда ауылдарына шығарып салып, 

келетін уақыттарында күтіп алады. Бір сы-

ныпта оқитын 3-4 бала бірігіп сабақтарын 

оқиды, түсінбегендерін, білмегендерін бір-

бірлерін  сұрап,  толықтырып  отырады.  5 

жылдың  ішінде  интернатта  тұрғандардың 

ішінде  Тұрсын  Жансерік,  Ким  Юля,  Ка-

мал  Сафура,  Жақсылық  Құралай,  Қайрат 

Ахметов,  Гүлфайруз  Ықыласовалар  «Ал-

тын  белгі»  иегері  атанса,  Ербол  Ибраги-

мов «Үздік аттестатқа» ие болған. Сырым 

Әділбеков  те  талай  додалы  айтыстар  мен 

мүшәйраларға қатысып, жүлделі орындар-

ды иеленді. Биылғы мектеп бітіруші түлек 

Дәуіржан Оразбаев облыс әкімінің грантын 

жеңіп алып, Санкт Петербургте білім алу-

да.  11  сыныпта  оқитын  Гүлдерай  Ғаниева 

облыстық  олимпиадада  орыс  тілі  пәнінен 

ІІІ  орынды  иеленсе,  10  сыныпта  оқитын 

Анар Төлеуова  аудандық “Қыз сыны-2014” 

байқауының бас жүлдегері. 

-Біз  бір-біріміздің  қуанышымызды 

ерекше  атап  өтеміз.  Ең  қиыны  11  сынып-

ты  бітіретіндермен  қоштасу.  Арамыз-

да  кеш  өткізіп,  қызықты  оқиғаларымызды 

еске  түсіреміз.  Естелік  суреттерге  түсіп, 

оларға  арнайы  сыйлық  әзірлейміз.  Қысқы 

демалысқа келгенде бітіріп кеткен түлектер 

бізге  міндетті  түрде  келіп  кетеді,-дейді 

олар. 


Ақнұр Ұзақбаева: - Мен қазір 10 сынып-

та  оқимын.  Интернатта  жатып  оқығаныма 

5 жыл болды. Біз бір үйдің балаларындай-

мыз. Арамыздағы ең кішкентайы 3 сынып-

та оқиды.  3 ай бойы жазғы демалысқа кет-

кенде  сағынып  ораламыз,  аналарымыз-

дай  болып  кеткен    тәрбиешілерімізге  де 

жиі-жиі  телефон  соғып,  хал-жағдайларын 

сұрасып отырамыз. 

Иә, мынадай жайлы орында білім алып 

жатқан балалардың ата-аналары да балала-

ры үшін  еш алаңдамасы анық. 

Интернатта 

бақытты 


балалар-

мен  жүздесіп,  бірер  сағат  орталарын-

да  болғанымда  өзімді  баладай  сезіндім. 

Әрқайсысының  жарқын-жарқын  шыққан 

жағымды  әңгімелері  құлағымнан  көпке 

дейін кетпей тұрды.  

Ертеңгі  елдің  атын  шығарар  спорт-

шысы  да,  бұлбұлдай  сайраған    әншісі  де, 

мың бұралған бишісі де, домбыраны қолға 

алған  күйшісі  де,  халқының  қалаулылары 

мен  елеулілері  де  осы  балалардың  ара-

сында  жүрген  шығар  деген  ой  түйдім. 

Интернаттың  жай-күйіне  іштей  сүйсініп, 

көңілім толып, үйіме қуанып қайттым. 



Гүлжанат ДҮЗЕНОВА.

ИНТЕРНАТТА  ОҚЫП  ЖҮР,  ТАЛАЙ  АУЫЛ  БАЛАСЫ

Тез арада Сейфуллин көшесі, №33 үй сатылады. Үй 5 бөлмелі. От бір жер-

ден жағылады, сарай, монша, құдық, колонка, аяқ су, бау-бақшасы бар.

Хабарласу телефондары: 8-705-705-89-82, 8-702-699-58-63.

Сізді 58 жасқа толып, зейнеткерлік демалысқа шығуыңызбен 

құттықтаймыз.  Деніңіз  сау  болып,  әрдайым  игі  мақсат,  ізгі 

армандарыңыз  орындалып,  тойыңыз  тойға  ұласа  берсін.  Сізге 

ғұмырлы да нұрлы өмір, шат-шадыман көңіл тілейміз.

Қашанда да біргеміз біз өзіңмен,

Тек жақсылық көрінеді көзіңнен.

Бақыт, байлық, қуаныштар болсыншы,

Дейміз біздер мерекелік сезіммен.

Ізгі ниетпен құттықтаушы жұбайы Бақытжан

балалары Ғани-Жүзім, Нұрлан-Айгүл, Гүлжанар-Серік, немерелері Әли,           

                                                                  Нұркелді, Фатима, Болатхан, Сұлтан.

Қармақшы тұйығы, №8 үй тұрғыны

Мәлікайдарқызы Маликаға!

Сізді  мектебімізде  ұзақ  жыл  табысты  еңбек  етіп 

зейнеткерлік  демалысқа  шығуыңызбен  шын  жүректен 

құттықтаймыз.  Берекесі  мен  мерекесі  мол  алтын  күзбен 

қатар келген мерейтойыңызда Сізге баянды бақыт, ұзақ өмір, 

мықты денсаулық, отбасының амандығы мен балаларыңыздың 

қуанышын тілейміз.

Өмірдің көр жақсылығын, қызығын,

Қуаныш тек сыйласыншы қыз-ұлың.

Туған күнің құтты болсын деп бүгін,

Ақ тілегін арнап жатыр ұжымың.

Игі тілекпен құттықтаушы №121 орта мектеп ұжымы.

№121 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Мәлікайдарқызы Маликаға!

Қызылорда  қаласында  «Өрлеу»  педагогикалық  қыз-

мет керлердің  біліктілігін  арттыру  орталығының  ұйым-

дастыруымен  өткізілген  «Білім.  Ғылым.  Инновация.  Өзекті 

мәселелері  және  даму  жолдары»  атты  халықаралық  ғылыми 

практикалық  Онлайн  режиміндегі  конференцияға  Алдашбай 

ахун ауылындағы №111 орта мектебінің мұғалімі Зухра Сай-

лыбаева  «Бізді  қоршаған  флора  мен  фауна»  тақырыбындағы 

авторлық бағдарлама жобасымен қатысып, нәтижесінде еңбегі  

республикалық жинаққа еніп, сертификатқа ие болды. 



«Қт» ақпарат.

ЗУХРА – СЕРТИФИКАТ ИЕГЕРІ

ҚР-сы  IIM-нің  4.10.2014  жылғы 

№  1-5-3-72/3160-и  нұсқауына  сәйкес, 

Қызылорда ОIIД-нің 8.10.2014 жылғы 

№ 1-5-54/3310 санды талабын орындау 

мақсатында аудан көлемінде заң сыз аң 

аулау, ағаш кесу мен ұрлау, су жануарла-

рын аулау, биологиялық ресурстардың 

объектілерін  шығару  және  тасу 

фактілерін  анықтау,  алдын  алу  және 

жолын  кесу  мақсатында  Қармақшы 

ауданы  көлемінде  2014  жылғы  10-19 

қазан  күндері  аралығында  табиғатты 

қорғау  заңнамасын  бұзушылықтарды, 

биологиялық  ресурстар  объектiлерi 

мен  өнімдерінің  заңсыз  айналы-

мын  анықтауға  және  жолын  кесу-

ге,  экологиялық  қылмыстарды  ашуға 

бағытталған  “Браконьер”  жедел-

профилактикалық  іс-шаралары  өткі-

зіледі.

Б.АҚТАЕВ,

АIIб-нің табиғатты қорғау 

тобының аға инспекторы, полиция 

майоры.

“БРАКОНЬЕР” 

ЖЕДЕЛ - ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС - ШАРАСЫ

Жуырда  әнші  –  сазгер 

Бек сұлтан 

Байкенжеевтің 

65 

жылдығына 



арналған 

«Жа ңақорған 

жаңғырығы» 

атты  вокалды  –  аспапты  ан-

самбльдердің  облыстық  өнер 

фестивалі болып өтті. 

Өнер  иесінің  шығар машы-

лығын  насихаттау,  вокалды  - 

аспапты ансамбль топтарының 

өнерлерін  шыңдау  мақсатында 

ұйымдастырылған  облыстық 

байқауда  «Қармақшы»  вокал-

ды – аспапты ансамблі жүлделі 

І орынмен марапатталды. 

Сонымен  бірге,  Орда-

бай  Төребаев  «Үздік  әнші», 

Ғалымжан  Шакизада  «Үздік 

дауылпазшы»  номинациясына 

ие болды. 

Ансамбль 

құрамында 

ау дандық 

мәдени 

дема-


лыс  кешенінің  меңгерушісі 

М.Бағатов,  аудандық  мәдениет 

үйі    директоры  Е.Құлмырзаев, 

Ақай  ауылдық  клуб  үйінің 

меңгерушісі 

Қ.Қуанышов, 

ІІІ  Интернационал  ауылдық 

мәдениет  үйінің  директо-

ры  Т.Асылбеков,  мәдениет 

қызметкері 

Ә.Дямуршаев, 

ау дандық  мәдени  демалыс 

кешенінің көркемдік жетекшісі 

Ғ.Шакизада, 

аудандық 

мәдениет  үйінің  қызметкері 

О.Төребаевтар өнер көрсетті. 

Ақмарал 

КІШКЕНТАЕВА,

аудандық мәдениет үйінің 

әдіскері. 

ӨНЕРЛІ — 

ӨРГЕ ЖҮЗЕР

Мемлекет  тарапынан  кәсіпкерлерге 

бағдарламалар  аясында  түрлі  қолдаулар, 

жеңілдіктер көрсетіліп келеді. 

Облыс  әкімінің  тапсырмасына  сәй-

кес  кәсіпкерлікті  дамыту  мақсатында 

бар лық  аудан  орталықтарында  индуст-

риялық аймақтарды ашу жұмыстары жүр-

гізілуде.  Оларға  өндіріспен  айналы сатын 

кәсіпорындар  мен  кәсіпкерлік  субъ ек-

телерін шоғырландыру жоспарлануда.

Аталған  өндірістік  аймақта  кәсіпкер  

өзінің 

кәсібін 


жүргізуге 

болады. 


Индустриялық аймақта жер телімімен қоса 

электр қуаты, су жол қосымша берілетін бо-

лады.  Инфрақұрылым  желілері  аймақтың 

шекарасына  дейін  жүргізіледі.  Кәсіпкер 

аталған  инфрақұрылым  желілерін  пайда-

ланып, өз кәсібін дамытуға жол ашылады. 

Индустриялық аймақта жер телімін алу 

үшін  бірінші  кезекте  кәсіпкердің  айналы-

сатын  кәсіп  түрі  өндіріс немесе  өңдеу  са-

ласында  болуы  тиіс.  Сонымен  қатар,  жер 

телімін алу үшін облыстық индустриялық 

инновациялық 

даму 

басқармасына, 



аймақтық  үйлестіру  кеңесіне  жоба 

ұсынылуы тиіс. Ұсынылған жоба “Үдемелі 

индустриялық 

инновациялық 

даму” 

мемлекеттік бағдарламасына сәйкес болған 



жағдайда кеңес шешімімен берілетін бола-

ды. 


Құрметті  кәсіпкерлер,  индустриялық 

аймақта  жер  телімін  алып,  өздеріңіздің 

жобаларыңызды іске асырғыңыз келсе осы 

мүмкіндікті пайдаланайық.

Қажетті  мәлімет  алу  үшін  аудандық 

кәсіпкерлік,  өнеркәсіп  және  туризм 

бөліміне хабарласуға болады. 

Мекен жайы: Жосалы кенті

Көшербаев көшесі, №36 үй. 

“Кәсіпкерлер үйі” ғимаратының 

екінші қабаты. Анықтама телефоны 

2-31-08, 2-26-19.

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫП ЖАТҚАН 

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Осындай  тақырыппен  «Сар-

дарбек»  балабақшасының  «Бал-

дырған»  ересектер  тобында  ұс-

таз дар  мерекесіне  орай  ашық 

тәрбие сағаты болып өтті.

Білікті  ұстаз  бүлдіршіндерге 

жан-жақты білім мен тәрбие бе-

ре  отырып,  олардың  қабілетін 

шыңдау  мақсатында  аянбай  ең-

бек  етеді,-  деді  тәрбие  сағаттың 

ашы луында  сөйлеген  сөзінде 

балабақша  әдіскері  Қуанышкүл 

Желдербаева. 

Ертеңгілікті  топ  тәрбиешісі 

Әйгерім  Жоламанова  жүргізіп, 

қызықты да әсерлі қылып өткізді.

Тәрбиеленуші 

Инабат 

Даруш ханованың  әжесі  Алтын 



Медеуова  бүлдіршіндердің  та-

лантты  да  білімді  болып  за-

ман  талабына  сай  тәрбиеленуі 

ұстаздардың  тынымсыз  еңбек 

етуінің  нәтижесі  дей  келе, 

ұстаздарды 

мерекелерімен 

құттықтап,  шығармашылық  та-

быстар тіледі.

“Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы”  заңның  9-бабына  сәйкес,  діни 

мазмұндағы әдебиеттер мен заттар жергілікті атқарушы орган белгілеген орындар-

да сатылуы тиіс.

Осы ретте, қала, аудан көлемінде діни мазмұндағы әдебиеттер мен ақпараттық 

материалдарды  сатуға  ниет  білдірген  жеке  және  заңды  тұлғалар  болса  онда 

облыстық дін істері басқармасына хабарласуға болатындығын хабарлаймыз. Байла-

ныс телефондары: 60-53-26 және 60-53-27.



Облыстық дін істері басқармасы.

КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

Қариясы  бар  ел  қазыналы  ел. 

«Үйіңде қартың болса жазулы тұрған 

хатпен тең»,- дейді халық даналығы. 

Оларға  қандай  құрмет  көрсетсе  де 

лайықты. Қарттық сірә бір келер тірі 

адамға,-  деп  айтылған  сөздің  аста-

рында өмір шындығы жатыр. 

Осы орайда, Қарттар күніне орай 

кент әкімі Сақтапберген Медеуовтың 

басшылығымен  «Мәлике  ана»  мей-

рамханасында  ардагерлерге  арнайы 

дастархан жайылды.

Аудандық  Ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы 

Тұрсынбек 

Бекпанов 

қарияларды  Қарттар  мерекесімен 

құттықтап,  отбастарына  амандық, 

дендеріне  саулық  тілеп,  қарияларға 

құрмет  көрсетіп,  арнайы  дастар-

хан  жайып  жатқан  кент  әкімі 

Сақтапберген  Медеуовке  ағалық  ақ 

батасын  беріп,  ризашылық  сезімін 

жеткізді.  Кездесу  соңында  қоғамға 

өздерінің белсенділігімен атсалысып 

жүрген бір топ қарияларға Алғыс хат 

пен естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, Болат Әбжәлиев, 

Мәскеубек  Ерболатов  және  басқа 

да  қариялар  өздерінің  жүрекжарды 

лебіздерін білдірді.

Қариялар 

өздерін 


қадірлеп, 

құрметтегендеріне    ақ  пейілдерімен 

баталарын  беріп,  риза  болып 

тарқасты.



Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.

ҚАРТТАРҒА 

ҚҰРМЕТ  КӨРСЕТІЛДІ

ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТЫМ, 

ҮЛГІ, ӨНЕГЕМ

Мұстафа  Шоқай  көшесі,  №31  үйдің  Ешмантаев  Сәтмағанбеттің  атына 

берілген кадастрлық нөмірі 10-151-004-338, №0045587 санды жерді өмір бойы 

мұраға қалдырып иеленуге құқық беретін мемлекеттік актінің жоғалуына бай-



ланысты іске аспасын.

ІСКЕ АСПАСЫН

САТЫЛАДЫ


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал