Қармақшы таңы №79 (9333) Сәрсенбі 15 қазан



жүктеу 441.25 Kb.

бет3/4
Дата22.04.2017
өлшемі441.25 Kb.
1   2   3   4

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,

академик, қоғам және мемлекет қайраткері.

Үзінді


ҚАРМАҚШЫ

таңы


3

15 қазан, 2014 жыл

Жүрегі кең, мейірімі мол аяулы анамыз Бодыбаева Үрәйра (Орай) Әшімқызының 

өмірден озғанына да қырық күнге жуықтады. Анамыздың нұрлы жүзін, мейірімді бейнесін 

сағындық. Ұзақ жылдар білім беру саласында жемісті еңбек еткен қимасымыздың өнегелі 

өмір жолын үлгі тұтамыз.

Болғанда өзің қуанар едің бізбенен,

Келеміз жүріп адалдық деген ізбенен.

Келбетің ана, кетпейді көздің алдынан,

Тұрғанда қарап мейірімді ыстық жүзбенен. Өмірдегі ең қымбат жанның арамыздан 

кеткеніне қырық күн толуына орай Көшербаев көшесі, №45 үйде 18 қазан күні сағат 11.00-

де құдайыжолы береміз. Оған ағайын-туыс, құда-жекжат, сыйластарды түгел шақырамыз.

Еске алып, қырқына шақырушы Есетовтер отбасы, балалары, немерелері.

Бұрынғы  “Қармақшы  астық” 

ашық  акционерлік  қоғамының  ұжы-

мы  осы  қоғамның  президенті  Керуе-

нов Сағладинге бауыры Ибрагимнің 

(Самат) қайтыс болуына байланысты 

қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

х х х 

№121  мектеп  ұжымы  осы  мек-



тептің денешынықтыру пәні мұғалімі 

Байшылықов 

Рахымжанға 

інісі 


Ғалымжанның қайтыс болуына бай-

ланысты қайғысына ортақтасып көңіл 

айтады.

ҚЫРҚЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

Аяулы  азаматымыз,  бір  шаңырақтың  қорғаны  болған  Байшылықов  Ғалымжан 



Ибрагимұлының дүниеден өткеніне де қырық күн толып отыр. Оның төрдегі орны ой-

сырап, көңіліміз құлазып қалды. Ардақты жанның нұрлы бейнесі мен аялы алақанын 

сағынамыз. Қазір кіріп келердей есікке елеңдейміз.

Азамат едің кіршіксіз таза көңілің,

Жаратқан Алла қысқа етіп жазған өмірін.

Амал қанша қол жайып қалдық артыңда,

Иманың жолдас, жұмақта болсын орының.

Қимасымыздың  18  қазан  күні  сағат  11.00-де  қырық  күндік  құдайыжолысын 

беретінімізді ағайын-туыс, құда-жекжат, сыйластарға хабарлаймыз. 

Еске алып, қырқына шақырушы әкесі Ибрагим, зайыбы Роза, қызы мен 

күйеубаласы, бауырлары.

ЖАРҚЫН ЖҮЗІН САҒЫНДЫҚ

Газетіміздің  ағымдағы  жылдың  26 

шілдесіндегі  санында  Қазақстан  Ре-

спубликасы 

Үкіметінің 

16.04.2014 

жылғы  Қаулысына  сәйкес,  экологиялық  

қауіптер  және  халық  денсаулығы,  ба-

лалар  денсаулығын  және  ұрпақты  болу 

денсаулығын сақтаудың жаңа технология-

ларын әзірлеу, Арал маңы тұрғындарының 

денсаулық 

жағдайын 

басқарудағы 

кешенді  тәсілдерді  дайындау  мақсатында 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 

министрлігі «Еңбек гигиенасы және кәсіби 

аурулар  ұлттық  орталығы»  РМКК    және 

Қарағанды  Мемлекеттік  Медициналық 

Уни верситетінен,  құрамында  бірнеше 

профессорлар  мен  ғылым  кандидатта-

ры  және  жоғары  санатты  дәрігерлер  мен 

ғылыми  қызметкерлері  бар  медициналық 

зерттеу  тобы  ауданымызда  болып,  өңір 

тұрғындарына 

меди циналық 

қызмет 

көрсеткен болатын-ды.



Міне, жоғарыда аталған Қаулы аясында 

Арал  маңы  және  Байқоңыр  ғарышкерлер 

айлағы  тұрғындарының,  оның  ішінде  5 

және  17  жас  аралығындағы  балалар  мен 

жасөспірімдердің  денсаулықтарын  зерт-

теу,  анықтап,  медициналық    кеңес  беру 

мақсатында жуырда Алматы қаласындағы 

республикалық  «Педиатрия  және  бала-

лар  хирургиясы  ғылыми  орталығының»   

бас  ғылыми  қызметкері,  медицина 

ғылымдарының  докторы  Валентина  Ни-

колаевна  Ишуова    жетекшілік  ететін 

медициналық топ, құрамында білікті кар-

дилолог,  дерматолог,  гастроэнтеролог,  пе-

диатр,  пульманолог,  хирург,  уролог,  оку-

лист,  аллерголог,  невропотолог  және 

УЗИ  мен  антропометрия  мамандары,  со-

нымен  қатар  Қарағанды  қаласындағы  

«Еңбек  гигиенасы  және  кәсіби  аурулар 

ұлттық  орталығы»  РМКК-ның  ғылыми 

қызметкерлері  Раиса  Олжабаева  мен 

Айнұр Мамедовалар  ауданымызда болып, 

аудандық  орталық  емханада  балалардың 

денсаулықтарын  зерттеп,  анықталған 

науқас  түрлерін  емдеуге  медициналық 

кеңестер берді.  

Осы  ретте,  топ  жетекшісі  Валенти-

на Николаевна Ишуовадан өзі жетекшілік 

ететін    медициналық  зерт теу  тобының 

аймағымызға  келу  мақсаты  жайлы 

әңгімелеп  беруін  сұрағанымызда:-  Мен 

басқарып  келген  медициналық  зерт-

теу  тобының  осы  өңірге  келу  мақ сатына 

тоқталар  болсам,  Арал  маңы  және 

Байқоңыр  ға рышкерлер  айлағында  ме-

кен  ететін  тұрғындар  бала ла рының 

денсаулықтарын  зерттеп,  оларға  толық 

меди ци налық  көмек  көрсету,  сондай-ақ 

өңір  балаларының  денсаулықтарының 

жақсаруына    жағдай  жасауға  көмектесу 

болып табылады. 

Міне,  біздің  Қармақшы  ауданы-

на  келгенімізге  де  үш  күн  болды.    Осы 

елге  келгенімізді  естіген  ата-аналар  мен 

кент  орталығындағы  мектептер  мен 

бала 


бақшаларындағы 

медициналық 

қызметкерлер    өздерінің  балалары  мен 

оқушы, тәрбиешілерін ертіп келіп, білікті 

сала  мамандарынан  толық  медициналық  

көмектер  алуда.  Бұған  дейін  өздерінің 

балаларының  денсаулықтарына  алаңдап 

келген  ата-аналар  білікті  сала  маман-

дарымен 

ақылдасып, 

ұрпақтарының 

денсаулықтарын  әрі  қарай  жақсаруына 

түрлі  кеңестер  алып,  алғыстарын  айтуда. 

Жергілікті  денсаулық  сақтау  саласының 

басшылығы  мен  медицина  маманда-

ры  бізге  өздерінің  көмектерін  аяған 

жоқ.  Біз  бірігіп  жұмыстар  атқарудамыз. 

Оларға  деген  алғысымыз  шексіз.  Ендігі 

кезекте    Жалағаш  ауданына    барып,  сол 

өңір 


балаларының 

денсаулықтарына 

медициналдық  зерттеу жүргіземіз,- деді.

Сөз  соңында    ел  болашағы  ұр-

пақтарымыздың  ден сау лықтарын  ны-

ғайтуда өздерінің еңбектерін аямай жүр ген 

ақ  желеңді  абзал  жандарға  алғысымызды 

айтып,  қыз мет теріне  сәттілік  тілеп, 

қоштастық.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

Б А Л А Л А Р Ғ А   М Е Д И Ц И Н А Л Ы Қ 

З Е Р Т Т Е У Л Е Р   Ж Ү Р Г І З І Л У Д Е

ЭЛИЗАБЕТ - ЕКІНШІ ОРЫНДА

Сыр  бойы  халқының  мақтанышына 

айналған  қызылордалық  жас  спортшы  Эли-

забет  Тұрсынбаева  өз  жеңісімен  барша  қа-

зақстандықтарды  тағы  бір  мәрте  қуантып 

отыр.  Германияның  Дрезден  қаласында  

конкимен  мәнерлеп  сырғанаудан  жастар 

арасындағы  Гран-при  додасының  алтыншы 

кезеңі  аяқталды.  Оған  20  елден  28  спортшы 

қатысты.


Жарыс барысында Элизабет Тұрсынбаева 

еркін  бағдарламада  үздік  нәтиже  көрсетіп, 

қорытындысында  164.79  балмен  күміс  жүл-

деге  ие  болды.  Айта  кетейік,  Элизабет  қыр-

күйек  айында  Жапонияда  өткен  Гран-при 

додасының төртінші кезеңінде үшінші орын-

ды иеленген болатын.

Енді Элизабет 14-19 қазанда Ниццада бо-

латын халықаралық жарысқа қатысады.

“Қт” ақпарат.

Халықаралық  “Қазақ  тілі”  қоғамының 

Қармақшы аудандық филиалы “Мәңгілік ел-

Мәңгілік тіл” идеясы аясында ана тіліміздің 

мәртебесін  арттыру,  оның  қолданыс  аясын 

кеңейту  және  халықтың  қазақ  тіліне  деген 

құрметін  күшейту,  сондай-ақ  ана  тіліміздің 

оралымдылығы  мен  рухани  қуатын,  тәр бие-

лік  рөлін,  халықтың  тарихындағы  ше шен-

дік  өнердің  маңызын  кеңінен  насихаттау 

мақсатында 2014 жылдың қараша айының 7 

күні    “Шешендік  өнер  және  сөз  сөйлеу  мә-

де ниеті”  тақырыбында  аудандық  байқау 

өткізеді.

Аудандық байқау өткізудің шарттары мен 

тәртібі


1.Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

*Шешендік өнерді Халықтың баға жетпес 

асыл  мұрасы  ретінде  жан-жақты  насихаттау 

және оның дамуына қолдау көрсету.

*Болашақ  ұрпаққа  шешендік  өнердің 

маңызын  жеткізу,  оның  сапалық  деңгейін 

жақсарта  отырып,  дәстүрлі  шара  ретінде 

қалыптастыру.

*Шебер  сөз  құрау,  философялық  тол-

ға  нысқа  толы  ойлардың  күш-қуатын  жұрт-

шылыққа паш ету.

*Адамдардың  сөйлеу  шеберлігі  мен 

сөздің  рухани  күш-қуатының  әсері  мен 

маңызын ашып көрсету.

2.Байқауды өткізу шарттары:

*Байқауға  барлық  ауылдардың  өкілдері 

қатысады.

*Байқауға қатысушылардың жас мөлшері 

16 жастан жоғары болуы тиіс.

3.Байқау тақырыптары:

*  “Мәңгілік  ел-Мәңгілік  тіл”  идеясы. 

Отаның-алтын бесігің.

*Жастар-біздің  болашағымыз.  Жастар 

тәрбиесіндегі ата-ана рөлі.

*Адалдық, тәртіптілік, тазалық-ең қастер-

лі құндылығымыз. Арыңды жастан сақта.

*Өз ұлтыңның тарихы мен дәстүрін терең 

біл.


Байқауға қатысушылар осы тақы рып тар-

дың кез келген біреуін таңдап, 5 минут бойы 

ауызша ой тербейді. Слайдтарды пайдалануға 

рұқсат етіледі.

4.  Байқауға  қатысушының  сөз  өнерін 

бағалау критерийлері:

*Тақырыпты дұрыс аша білуі.

*Айтылған 

тұжырымдардың 

әдеби 


жағынан сауаттылығы мен тереңдігі.

*Байқауға қатысушының тіл байлығы, сөз 

өнерін терең меңгеруі мен біліктілігі, ой өрісі, 

ойын нақты жеткізе білуі.

*Байқауға  қатысушының  дауыс  ырға ғы, 

киім кию, өзін-өзі ұстау т.б. сахна мә дениетін 

көрсететін ерекшеліктері.

Арнайы  құрылған  қазылар  алқасы 

(5  кісі)  Осы  шарттар  негізінде  байқауға 

қатысушының өнерін 5-10 баллдық жүйе бой-

ынша бағалайды.

5. Жеңімпаздарды марапаттау:

Жеңімпаздарды  марапаттау  үшін  бас 

жүлде, 1,2 және 3 орындар белгіленеді. Олар 

тиісті  дәрежедегі  дипломдармен,  бағалы 

сыйлықтармен  марапатталады.  Байқауға 

қатысқан,  бірақ  жүлделі  орын  алмағандарға 

ынталандыру сыйлықтары берілуі мүмкін.

6. Байқау кезеңдері:

*Аудандық  байқауға  қатысуға  тілек 

білдірушілер байқаудан кемінде 3 күн бұрын 

“Қазақ  тілі”  қоғамының  аудандық  филиалы-

на өтініштерін жібереді және онда өздері ту-

ралы  (білімі,  жұмысы,  жасы  т.б.)  барлық 

мәліметтер берілуі керек.

*Байқауға 

дайындаған 

материалда-

рын  байқау  кезеңінде  аудандық  филиалға 

тапсыруға тиіс.

*Жас  ұрпақтарды  шешендік  өнерге 

бау лып,  олардың  шеберлігін  ұштай  түсу 

мақсатында  байқауды  жыл  сайын  өткізу  ме-

желенуде.

Байқау  туралы  қажетті  мәліметтерді 

“Қазақ  тілі”  қоғамы  аудандық  филиалынан 

(Жосалы кенті, Аманкелді №6) немесе 2-13-

50, ұялы тел: 8-701-806-10-22, 8-775-127-04-

65 алуға болады.

Сондай-ақ,  осы  кезеңде  “Қазақ  тілі” 

қо  ғамы  бастауыш  ұйымдары  арасында 

“Белсенді  ұйым-қазақ  тілінің  мәртебесін 

арттырып,  сапалы  тәрбие  берудің  негізі” 

тақырыбы  бойынша  аудандық  байқау 

өткізіліледі. Онда бастауыш ұйым жұ мыс-

тары,  іс  қағаздары,  өткізген  шаралары 

зерделеніп, қорытындысы шығарылады.

“ШЕШЕНДІК ӨНЕР ЖӘНЕ СӨЗ СӨЙЛЕУ 

МӘДЕНИЕТІ” ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ 

БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛЕДІ

Медиация  сөзі  латын  тілінен 

аударғанда  делдал,  екі  тарапты 

мәмілеге  келтіруші  үшінші  тұлға  де-

ген  мағынаны  білдіреді.  Медиация 

тәсілі  сот  ісіндегі  тазалықты,  әділ 

төрелікті  қамтамасыз  етудің  бірден-

бір  жолы  болмақ,  яғни  екі  тарапты 

қанағаттандыру негізінде жүргізілетін 

келіссөз  рәсімі.  Бейтарап  медиаторды 

тарту арқылы келісімге келу жолымен 

уағдаластыратын  рәсім.  Бұл  тәсіл  ал-

пауыт елдерде ертеректе қалыптасқан, 

заңдастырылған. 

Көбіне  сот  шешіміне  бір  тарап 

қана  қанағаттанады,  екінші  тарап  сот 

шешіміне  риза  болмағандықтан  істі 

апелляциялық,  кассациялық  және 

қадағалау  сатыларында  қайта  қарауға 

өтініш  береді.  Аталған  сатылардың 

әрқайсысының өзінің уақыт мерзіміне 

байланысты  істерді  қарауы  бірнеше 

айларға,  ал  кейбір  жағдайларда 

жылдарға  созылып  кетеді.  Медиация 

арқылы  азаматтар  уақыт  пен  қаржы 

шығындарын үнемдейді. 

Медиатор  (бітімгер)-тараптардың 

дауларын реттеу мақсатында олардың 

арасында  біттестірушілік  рәсімдердi 

(медиация)  жалғастырудан  бас  тар-

тып,  жалпы  тәртіппен  сотқа  жүгінуге 

болады.  Заң  жобасының  құпиялығы 

туралы  7  бабы  бойынша  медиацияға 

қатысушы  тұлғалар  бітімгершілік 

рәсімдер  барысында  белгілі  болған 

мәліметтерді  осы  ақпаратты  берген 

тараптың  келісімінсіз  жария  етуге 

құқығы жоқ. Медиатордың өкілеттілігі 

туралы  заң  жобасының  13-бабын-

да  медиатор  тараптарымен  бірлескен 

немесе  жеке  кездесулерді  өткізуге, 

қажет  болған  жағдайда  медиатор 

даудың  техникалық  аспектілері  бой-

ынша  сарапшының  қорытындысын 

талап  етуге  құқылы.  Бұл  ретте  та-

раптар  қорытындыны  алуға  байла-

нысты  шығындарды  өтеуге  келісуі 

тиіс.  Егер  медиатордың  пікірі  бой-

ынша  бітімгерлік  рәсімдерді  одан 

әрі  жүргізу,  яғни  тараптар  арасын-

да  шешу  мүмкін  болмаса,  медиа-

тор  істі  жүргізуді  тоқтатуға  құқылы. 

Сондай-ақ,  медиатор  өзінің  функци-

яларын  жүзеге  асыруына  кедергі  бо-

латын мән-жайларды білген жағдайда 

бұл  істен  өздігінен  бас  тарта  ала-

ды.  Медиациялық  рәсімді  өткізудің 

уақыты мен күні тараптардың келісімі 

бойынша  белгіленеді.  22-бап  бойын-

ша  іс  соттың  қарауында  жүргізіліп 

жатып,  тараптардың  келісімімен  сот 

шешімі  шыққанға  дейінгі  уақытта 

тараптар 

істі 

қайтарып 



алып, 

медиатордың көмегіне жүгіне  алады. 

24-бап  негізінде  бітімгерлік  рәсімдер 

келісімі  он  күн  ішінде  аяқталу  тиіс. 

Қажет  болған  жағдайда  тараптардың 

өз  ара  шешімі  бойынша  бітімгерлік 

рәсімдерді жүргізу мерзімі отыз күнге 

дейін ұзартылуы мүмкін. 

Міне,  осындай  заң  шығарушымен 

қабылданған  Медиация  заңының 

ауқымды  қолданылуына  құқықтық 

сауаттылығымызды 

танытып, 

құқықтық  тұрғыда  дау  алған  мән-

жайды  медиаторлар  ісімен  шешкен 

жөн деп санаймын. 



С.ЖАЛҒАСБАЕВА,

аудандық соттың бас маманы.

МЕДИАЦИЯ - ДАУЛЫ МӘСЕЛЕНІ 

ОҢТАЙЛЫ ШЕШУДІҢ БАЛАМА ТӘСІЛІ

Жылдың  басынан  бастап  Мобильді  ХҚКО  арқылы  Қызылорда 

облысының  тұрғындары  14  мыңнан  астам  мемлекеттік  қызмет  алды. 

Қызылорда облысының Мобильді ХҚКО ағымдағы жылдың тоғыз айын-

да 6 ауданның 27 елді мекендерінің  тұрғындарына қызмет көрсетті.

500 шығу кезінде шалғайдағы ауылдық округтерінің тұрғындары 14 

727  құжаттар  ала  алды.  Берілген  электрондық  анықтамалар  саны  32% 

құрады.  Олардың  ішіндегі  көп  талап  етілетін  мемлекеттік  қызметтер-  

«ҚР жеке куәлігі мен төлқұжатын беру» 5149 құжат және «ҚР Ұлттық 

куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтару» - 1 203 

құжат. Сонымен қатар, кең тараған қызметтер әділет бағыты бойынша- 

1207  құжат  және  жергілікті  атқарушы  органдар  бағыты  бойынша-1957 

құжат.

Осы  жұмыс  Мобильді  ХҚКО-ның  әкімшіліктермен  тығыз 



ынтымақтастығының арқасында мүмкін болып отыр.

Бүгінгі  күні  Мобильді  ХҚКО  арқылы  160  мемлекеттік  қызмет  алу 

мүмкіншілігі  бар.  Көпшілік  талап  етілетін  қызметтер  электрондық 

форматқа  ауыстырылған.  Енді  оларды  электрондық  үкімет  порталында 

электрондық сандық қолтаңба көмегімен алуға болады. Порталмен жұмыс 

істеуге  шалғайдағы  ауылдық  округтерінің  тұрғындарына  Мобильді 

ХҚКО-ның инспекторы тегін үйретеді. Осы дағдылар арқасында әр аза-

мат  министрліктердің  бірінші  басшыларына,  облыс  әкіміне,  онлайн  – 

қабылдауға  жазыла  алады,  ХҚКО-на  кезекті  броньдауға,  баланы  бала 

бақшаға кезекке қоюға, айыппұл және салықтарды төлеуге, зейнетақы ау-

дарымдары туралы анықтамалар алуға болады.

С.ЕРАЛИЕВА,

бөлім инспекторы. 

МОБИЛЬДІ 

ҚЫЗМЕТ 

МҮМКІНДІГІ



АУДАН ӘКІМІ Н.ШАМҰРАТОВТЫҢ  2014 ЖЫЛДЫҢ 22 ТАМЫЗДАҒЫ «АУДАНДА КӨРКЕЙТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫҢ 2 

АЙЛЫҒЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ» № 73-Ө ӨКІМІНЕ СӘЙКЕС ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ №3-АЙМАҚ БОЙЫНША  МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕКІТІЛГЕН КӨШЕЛЕР ТІЗІМІ 

Комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары - Қошалақов Әділ Үсенұлы



Мекеме атауы, басшысы

көше атауы

1

Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Аяшов



Момышұлы көшесі

2

Қармақшы аудандық пошта-байланыс торабы  басшысының орынбасары 



З.Арапова 

Көмекбаев тұйығы

3

Қармақшы аграрлы -техникалық колледжі директорының уақытша міндетін 



атқарушы Ж.Сейталиев

Мұратбаев, Құлмұратов көшелері

4

Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық 



аурухананың бас дәрігері Б.Нысанбаев

Көшербаев көшесі

5

№121 орта мектебінің басшысы М.Ерғалиева



Алтынсарин, Жанәділов көшелері

6

Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының басшысы Қ.Сүлейменов



А.Боханов  (1-мамыр) 

7

Қармақшы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Б.Бисенов және 



Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы А.Сармолдин

Көмекбаев көшесі

8

Аудандық «Қармақшысушар» өндірістік учаскесінің басшысы  



М.Айтмағамбетов

Ораз ахун көшесі

9

Аудандық  жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Өтегенов



Жолдыбаев көшесі

10

Зейнетақы төлеу орталығының меңгерушісі Ә.Мырзақұлов



Алтынсарин тұйығы

11

Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы басшысы Қ.Тиынов



Сәтпаев көшесі 

12

Аудандық ветеринария зертханасының  меңгерушісі А.Зарипова



Момышұлы тұйығы 

13

«Kz-mvk» қонақ үйінің директоры Е.Назарқұлов



Батыс көшесі

Батыс тұйығы

14

Қармақшы ауданының әділет басқармасының басшысы Н.Асанова



Ниетбаев көшесі

15

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды 



қолдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Қармақшы аудандық 

бөлімінің меңгерушісі М.Ибраев

Есетұлы көшесі

16

Аудандық «Халық банкі» бөлімшесінің меңгерушісі Н.Үсенов



Сырдария көшесі

17

Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасы басшысының  міндетін 



атқарушы Д.Жунисхожаев

Әділов көшесі

18

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Д.Молдабаев



Ораз ахун тұйығы көшесі

№4-АЙМАҚ БОЙЫНША  МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕКІТІЛГЕН КӨШЕЛЕР ТІЗІМІ

Комиссия төрағасы, аудан әкімі аппаратының басшысы - Буханов Дастан Әбдібекұлы



Мекеме атауы, басшысы

Көше атауы 

1

Аудандық электр тарату торабы  мекемесінің басшысы М.Бекбаев



Томанов көшесі

2

Фитосанитария мекемесінің басшысы Ғ.Досмаханов 



Высоковольтная  көшесі

3

«Сардарбек» балабақшасы меңгерушісі Т.Желдербаева 



Жамбыл  көшесі

4

«Жұлдыз» балабақшасы меңгерушісі Қ. Байділда



Мамедова  көшесі

5

№30 орта мектеп басшысының міндетін атқарушысы М.Тұрғанова



Есқараев көшесі

Мүсірбаев көшесі

6

Аудандық  сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қ.Жалғасбаев



 Шумилов көшесі

7

ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қармақшы 



аудандық аумақтық басқармасының  басшысы Ж.Абдуллаев

 Қабылан батыр көшесі

Қабылан батыр тұйығы

8

Аудандық жер кадастр бөлімшесі басшысы Ғ.Мүбараков



Молдахмет жырау көшесі

9

№26 мектеп жанындағы интернаттың аға тәрбиешісі К.Тәжібаева



Сәрке батыр көшесі

10

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы  Б.Бекпанов



Жангелдин көшесі

11

Аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Байсынов



Достық  көшесі

12

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Айдаров



Чапаев  көшесі

13

«Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы  төрағасының бірінші 



орынбасары  К.Раева және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Т.Бекпанов

Энгельс көшесі

14

Аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы  Ә.Иса



Бәйтереков  көшесі

Жосалы кенті әкімі аппараты.

ҚАРМАҚШЫ

таңы


4

15 қазан, 2014 жыл

3080

961

Ұлттық  «Отау  ТВ»  жерсерiктiк  телеарнасы  Intelsat-904 

жерсерiгiнде 600-та, DVS-2/ MREG-4 стандартында жұмыс жасай-

ды. Бұл жаңа стандарт болғандықтан, телеарналар көрсетiлу сапасы 

мен сыйымдылығы өте жоғары. «Базалық», «Эконом», «Стандарт», 

«Элит»  пакеттерiнде  жалпы  саны  95  телерадио  бағдарламалары 

берiледi. Оның 15-i қазақ және орыс тiлiндегi орталық телеарналар, 

14-i 14 сағаттық облыстық телеарналар, қалғаны Ресейдiң және шет 

мемлекеттiң  қызықты  телеарналары.  Бұл  отбасылық  телеарналар 

жиынтығы «Отау-ТВ» жерсерiктiк арнасына жинақталған.  

  «Отау  ТВ»  жерсерiктiк  телеарнасын  орнатып,  тапсырыс  беру 

үшiн    87752260582,  87774560582,  қосымша  2-28-33,  2-31-09  теле-

фондарына хабарласуға болады. 

Аудандық iшкi саясат бөлiмi.

«ОТАУ ТВ» 

ЖЕРСЕРIКТIК 

ТЕЛЕАРНАСЫ

Құттықтаймыз!

Жақында  №3  «Ертөстік»  бала-

бақ  шасында  Қарттар  күніне  орай 

«Қарттарым-асыл қазынам» атты кеш 

ұйымдастырылып,  оған  «Балбөбек», 

«Ертөстік»,  «Арай»,  «Ясли»  бала-

бақшаларының  ардагерлері  қатысты. 

Кеште  ардагерлер  балабақша  бүлдір-

шіндерінің өнерлерін тамашалады. 

Шарада  Жосалы  кенті  әкімінің 

орынбасары Шыңғыс Сыдықов, арда-

гер  тәрбиешілер  Күнсұлу  Науанова, 

Айша Алдамжарова, Бақыт Қамратова, 

Кенже Қоспанова, Бақыт Бисембаева, 

Айман  Ерубаева  және  басқалар  осы 

кешті  ұйымдастырушыларға  алғысын 

айтып, құттықтау сөз сөйледі.

Ардагер  Қолғанат  Жалғас бай ұлы-

ның 70 жасқа толған туылған күні ата-

лып өтілді.

Кеште  балабақша  бүлдіршіндері 

Гүлсезім, Мұхамедәли, Еркеназ, Гүлім, 

Ақгүл,  Жанель,  Эльназ,  Досжан,  Ис-

лам,  Ринат,  Раушан,  Рамазан,  Айда-

на,  Аягөз,  Мансұр,  Жансұлу  ортаға 

шығып  тақпақ,  өлеңдерін  айтып, 

би  билеп  көрермендерге  өнерлерін 

паш  етті.  Аталған  балабақшаның 

әуез  жетекшісі  Нұрғиса  Байманов 

Н.Тілендиевтің  «Ата  толғауы»  күйін 

орындады.




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал