Қармақшы таңы №79 (9333) Сәрсенбі 15 қазан



жүктеу 441.25 Kb.

бет2/4
Дата22.04.2017
өлшемі441.25 Kb.
1   2   3   4

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

ШАМШЫРАҚ—МИЛЛИОНЕР ҰСТАЗ



ҚАРМАҚШЫ

таңы


2

15 қазан, 2014 жыл

С

ЫРЛАСУ БАЯНЫ



Бүгінгідей  кино,  бейнетехни ка ның 

жоқ тығынан  әрі  құнт сыз  дығымыздың 

кесірінен  ке   зінде    Мұхтар  Әуезов  се кілді 

ұлы ла ры мыздың небір асыл сөз дері жазы-

лып алынбай қалды.

Сол  кемшіліктің  орнын  толтырай-

ын,  еліміздің  көзі  тірі  қай   раткерлерін 

сөйлетейін,  ес теліктерін,  толға ныс­

тарын жазып алып, кейінгіге сақ тайын де-

ген  мақсатпен  Еуразия  универ ситетінде 

телестудия ашқан едім.

Сол  студияда  әдебиетіміздің  кла­

ссигі  Әбдіжәміл  Нұрпейісовті  ғана  жазып 

алыппын.  Мен  университеттен  кеткен 

соң, әттең, осы бір пайдалы іс жалғаспай 

қалды. 

Әбең 2003 жылдың 25­29 шіл десі ара лы­

ғында бес күн бойы университет студия­

сына келіп жеті жарым сағаттық байтақ 

әңгіме  айтып  берген  еді.  Қасына  Ақселеу 

Сейдімбекті отырғызып қойып едім.

Әбдіжәміл  ағамыз  ауызекі  сөзге 

сараң,  кірпияз,  кез  келген  жерде  сөйлей 

бермейтін,  әркімге  ашыла  бермейтін 

томаға­тұйық,  тұңғиық  аспандай  те рең 

кісі ғой, құданың құдіреті, сол жолы ағынан 

жарылып, шешіліп сөйледі.

Жеті  жарым  сағаттық  бейнетас­

па ларды  таяуда  қайта  қа рап,  рахат 

сезіміне  бөлендім.  Суреткерді  жаңаша, 

өз ге  қы

 

ры нан  танығандай  болдым.  Абыз 

аға мыздың  аузынан  шыққан  жауһар  ле­

бізді сыр сандықта сақтай бермей, екшеп, 

ықшамдап, желісін де бұзбай, қаз­қалпында 

қа ғазға  түсіріп,  көпшілікке  ұсын ғанды 

жөн  көрдім.  Мұның  әде биетіміз  үшін  де, 

Нұрпейісов мұ расын зерт теушілер үшін де 

пайдалы болатындығында күмән жоқ.

Былайғы әңгімені Әбдіжәміл ағамыздың 

өзі баяндайды.

I

–  Мен  өзім  ауызекі,  шаппа-шап  сөзге 



жоқпын,  теледидардан  қысыласың,  аузы ңа 

дұрыс сөз түспейді. Ал мына тізелесіп от-

ырып әңгіме шертудің жөні бөлек. Ың ғайы 

келген  сияқты.  Әуелі  бұл  шіркінді  бас тау 

қиын,  арғы  жағы  көзін  ашсаң,  бұрқылдап 

шыға беретін естелік бұлағы секілді. Ме нің 

өмірім  жазылған  хаттай,  артыма  бұрылып 

қарасам  болды,  көз  алдыма  сайрап  шыға 

келеді.

Біздің  ру  Жақайым,  одан  Бәй дібек, 



одан  Бәйімбет  шыға ды.  Бәйдібек  батыр-

лау,  бір  тайпа  елдің  басшысы,  кө с  ем  бол-

ған  кісі.  Әбілхайырмен  бірде  тіл  табы-

сып,  бірде  тіл  табыса  алмай,  алшайысып 

жүретін  өркөкірек,  өзімшіл  жан  болып-

ты. Орыс офицерінің жазуында 1745 жы лы 

қайтыс болды делінген. Батырды жерлеуге 

Нұралыхан және Есет батыр келіпті. 

Бәйімбеттен  біз  тараймыз,  іні сі  Кө-

лім беттен  қазір гі  Қырым бек  Көшербае в-

т ар  тарай ды.  Жетін ші   атамыз  Тайқожа  ба-

тыр. Тайқожа атамыз құба қалмақпен біраз 

шайқасып, қолы бас ым түсіп, жеңіспен ора-

лады екен. 

О заманда қалмақ та, қазақ та көш пелі, 

бір соғыста атамыздың санына сад ақ жебесі 

тиеді.  «Жау  марқайып  кетеді»  деп  жа-

расын жасырып, жаралы санын қанжығаға 

қайырып байлап, соғыса берсе керек. Сөйтіп 

жарасы  асқынып  кетеді.  Ағасы  Қыдырбай 

дереу  сынықшы  алып  келіп  көрсетеді. 

Сынықшы:  «Аяқты  ке су  керек,  әйтпесе 

өледі. Ол үшін төрт жерге төрт қазық қағып, 

аяқ-қолын  байлап,  екі  жігіт  кеудесінен  ба-

сып отырсын» – дей ді. Өткір пышақ, тұзды 

су,  түйенің  шудасын  алдырып,  ем-дом 

жасауға  кәдімгі дей   дайындалады.  Сон-

да Тайқожа: «Көзім тіріде кеудеме ешкімді 

мінгізбеймін,  шыдаймын,  төзімім  жетеді!» 

–  деп  дес  бермей,  аяқ-қолын  кергізбей, 

тақия сын тіс теп, ақырына дейін шыдап жат-

са  керек.  Сынықшы  оқ  тиген  аяғын  кесіп, 

байлап, сыртқа шығады. Жігіттер батыр дың 

қарысып қалған жағын қылыштың ұшы мен 

ашса, тістелген тақия қырқылып қалып ты. 

Содан  әлгі  атамыз  Ақсақбөрі  атанған.  Бұл 

кісінің мінезін «Қан мен тер» романындағы 

Еламанның  бәзбір  тұс тарына  қиыс тыр ып 

келтірдім. 

Мына  қызықты  қараңыз.  Қыдыр бай 

атамыздың  кескін-келбетін  алып  «Соңғы 

парызға» кіргіздім. Қыдырбай би бірде шөл 

ішінде ауылына қайтып келе жатса, алдынан 

тепсең көгі бар ойдым-ойдым қақ шығады. 

Сайға  қырық  шатыр  тігілген,  қырық  нөк-

ер,  қырық  қызыл  нарды  шөгеріп  тастаған. 

Керуеннің  иесі  сол  кездегі  айтқаны  жүр іп 

тұрған, елден салық жинап оралған Мәм бет 

правитель екен.  

Есік  аузындағы  нөкерді  серпіп  тас тап, 

атамыз правительдің үстіне кір іп  келеді. 

–  Ассалаумағалейкөм,  –  деп  екі  қол ын 

ұсынса,  тәкаппар  правитель  қолын  бер у ге 

ерініп, оң аяғын ұсыныпты дейді. Намысқа 

шыдай  алмаған  би  әлгі  аяқты  қам шы мен 

тартып жіберіпті.  

Правитель  қаһарға  мінеді.  Сол  жер-

де  Қыдырбайды  ұстатып,  дүре  сала ды. 

Дүренің ауыр лығы сон ша – би: «Ай, мы на 

жазадан өлетін шығ ар мын, Ақсақбөріге бір 

талатармын сені деп», – кейі ген  ек ен. Көп 

ұзамай көз жұмады. 

Шындығында  біраз  уақ ыт  өт кен  соң 

ауылының тұс ынан өтіп  бара жат қан Мәм-

бетті  Ақсақбөрі  жекпе-жекке  шақырады. 

Ақсақбөрінің  күші  бас ым  боп,  Мәм-

бетті  сауырға  сыпырып  бара  жатқан да, 

әлгі  правитель  сауға  сұрайды.  Жекпе-жек 

соңынан екеуі биге жүгінеді. Би: «Бірі – ба-

тыр,  бірі  –  правитель,  татуластырайық»  – 

дейді.  Мәмбет  правительге  айып  сал а ды, 

Қыдырбайдың  қызын  Мәмбетке  айт ты  р ып 

беруге кесім шығарады. 

Алтыншы  атамыз  Қалдан  –  жуас,  қой 

аузынан  шөп  алмас  момын  кісі  болып ты. 

Дегенмен,  өз  жөнін  ақылына  бағын дыр-

ып  отырады  екен.  Бесінші  атамыз  Арғын-

бай – заманында би болған, сөз білетін, от 

ауызды  кісі  деседі.  Бірд е  жол  жүр іп  ке ле 

жатқан  Арғынбай  ауыл  шетіндегі  үйге  ке  -

ліп түседі. Үй иесі дастарқан жайып: «Аре-

ке, алдыңызға жібек дастарқан жайдық, зе-

рен  қойдық,  сол  зерендегі  асқа  ат  қо й ып 

ішіңіз», – депті. Ыдыстағысы боза болса ке-

рек. Сонда Арғынбай тұрып: «Мынау мой-

тап деген ас екен, Ішіп ал да ой тап деген ас 

екен, Ақылды ішсе – дана болатын ас екен, 

Ақымақ ішсе – диуана болатын ас екен», – 

деп ерніне тигізіп, қайтарып беріпті деседі. 

Арғынбайдың  басында  құлпытас  бар, 

оны  баласы  Сыланбай  кірешілерге  ілесіп 

Орынборға  барған  кезінде  әкеліп  ор на т    қ-

ан.  Сыланбайдан  –  Нұр пейіс,  Нұр пейіс тен 

– Кәрім, Кәрімнен – өзім. 

Нұрпейіс  1878  жылы  дүн ие  ден  өт ті. 

Сыланбай өте бай болған. Орынборға кі ре 

салған. 

Тағы  бір  оқиға  есіме  түсе ді.  Ар ғын-

бай дың  кіші  әйелі  жас,  емізулі  бал асы 

бар  екен.  Кенеттен  қол  ой нат қан  би құт 

қалмақ  тиіпті.  Жау  жаға дан  ал ған  кез де, 

әлгі  жас  келіншек  дереу  ес ін  жи ып,  бала-

сын  бір  кемпірге  ұстата  сал ып,  бе лін  бу-

ып, бұрымын төбесіне түйіп, жиде  қаданы 

қолына алып, әйел басымен соғысқа кір і с іп 

кетеді. Қалмақтарды тықсыра жөнеледі. Ат 

үстінде  ерлерше  шайқасып  дес  бер мейді. 

Бір  мезетте  омы р а уы  ашылып  кетіп ,  әйел 

екені сезіліп қалыпты. Екі қалмақ кеудесіне 

қосыла найза салып, сол ұрыста анамызды 

өлтірген екен. 

Әлі  есімде,  Сыланбай  ата мыз  қыз-

ыл  жүзгеннен  мұрындық  жасап  отыр ат-

ын.  Маңайына  жуықтаған  жігіт-желеңге: 

«Сендер  ғой  жаспын,  мықтымын  дей-

сіңдер,  кеуделеріңе  нан  піседі,  шығ ыңдар, 

белдесейік»,  –  деп  түрегеледі  екен.  Жігіт-

желең  үлкен  кісінің  қаһарынан  қаймығып, 

беттемейді  екен.  Әлі  есімде:  «Кеме  қал-

ған  –  кеме  бар...  Бір  комендат  келтірер» 

деп  ыңылдап  ән  салып  отыратын  жарық-

тық.  Әсте  Орынбордан  кіре  тартып,  орыс-

тармен  беттескен  кезеңін  еске  алғаны  бо-

лар, сірә. Жыра салып, қар суын тоқ тат ып, 

тары егіпті. Әлгі жерді «Сыланбай қаз ған» 

деседі. 


Әлім, шекті – жауынгер, өнерлі ха лық. 

Көтібардың  әкесі  Бәтен,  ал  баласы  Есет 

ба тыр.  Көтібар  Шалқардан  теріс тікте  74 

шақырым жерде жатыр. Есет батырдың бес 

ұлы  болған,  кіші  ұлы  Дәу  кемтар,  құныс 

болыпты.  Батыр  әлгі  ұлына  Тілеудің  ән-

ші, ақын, сұлу қызын айттырып алып бер-

мек  болады.  Өзінің  кіндігінен  шыққан  бір 

қызы болады. Ұзатамын дегенше әлгі қы зы 

екіқабат  болып  қалады.  Тілеудің  қызы  – 

есімі Таразы, келін болып түскенде екі  қа б ат 

екен. Іште келген баланы бірде, «тәйт», деп 

қағып жібергенде, келіні ауыз жиған ша бол-

май:


Әй, ата, сен де кәріп, мен де кәріп,

Сен-дағы тұрған жоқсың тектен жарып.

Бұл үйге келген де екеу, кеткен де екеу, 

Кетіпті  үлкен  үйге  қыдыр  дарып,  – 

деп  айтып  салыпты.  Өле-өлгенше  келінін 

сыйлап  өтіпті,  өсекшілерге  бет  қарат пап-

ты.  Көші-қон  кезінде  Есет  батыр  келіні-

не  бұрылып,  өзінің  баласы  кемтар  Дәу ді 

нұсқап,  өлең  шығаршы  депті.  Таразы  сон-

да мүдірмепті: 

Құйрығы келте келер торы тайдың,

Сықпытын көрмеймісің біздің байдың.

Құдайым жақсы болса алар еді,

Ғұмыры ұзақ болар осындайдың! 

Сонда Есет батыр: «Мына келін жаман 

балама келген жоқ, аруағымды сыйлап кел-

ген екен ғой», – депті. Сол Таразы – жазушы 

Ахтановтың апалары. 

Батақтың  Сарысы  деген  болған.  Ах-

мет  Жұбан овтың  «Замана  бұлбұлдары» 

кітабында Батақтың Сарысы туралы бір та-

рау бар. Өзі батыр, өзі әнші, орыстар ат ып 

өлтірген. Әндері шырқау, асқақ, биік регис-

трде. Жастайынан Шыман мен ұстасып үш 

рет  түрмеде  отырып  шығады.  Соң ғы  рет 

түрмеден шығып елге келе жатып: 

Басына шықтым шауып Айырықтың,

Дауысымнан құйқылжыған 

айырылыппын,

Он екі ай қыз көрмеген сорлы басым,

Қатынға тезек терген қайырылыппын, – 

деген сөздері әлі күнге ел аузында. 

Баласы мен Батақтың атым Сары,

Кеудесі әрі-сәрі елдің бәрі.

Он екі ай қараңғы үйде жатқанымда

Қара шай бір қайнатым болды дәрі.

Баласы мен Батақтың ұзын мұрын,

Қараңғы үй көргенім жоқ бұдан бұрын.

Ат мініп, ала шапан киіп алып, 

Сәндікке шығушы едік кешкіқұрым, – 

деген  өлеңі  есімде  қалыпты.  «Қыз 

қосқан»,  «Тарлан»,  «Аттың  сыны»  де-

ген  әндері  әлі  күнге  халықтың  аузын-

да.  Бұлардың  маған  тікелей  қатысы  бол -

мағанымен,  өзім  сол  Сары  ақынның 

тұ қымымын. 

Өзім туған 1924 жылымды білгеніммен, 

айы-күнін  білмеймін.  Соғыстың  алдында 

әкемнен: «Қай күні тудым», – деп сұраған 

едім, «Оны қайтесің», – деді. «Комсомолға 

өтейін  деп  едім».  «Ит  біліп  пе.  Теңіз 

жағасына қар жауды. Кешкісін ауылдың си-

ырына қасқыр тиді. Қасқыр қарнын жарған 

қара  өгіздің  етінен  шешеңе  қалжа  жасап 

бердік.  Ойымша,  шамамен  қараша  болуы 

мүмкін», – деген еді жарықтық. 

Нұрпейіс  екі  сайлауда  болыс  болған, 

екінші сайлаудың ортасында мешіт ұстаған. 

Имамы Бұхардан бітіріп келген Үмбет ақын. 

Беларан деген аласа тау бар. Қатпар-қатпар 

тас,  алқа  бел  ұзын,  бір  тұм сығын  теңізге 

сұғып жатады. Сол жердегі ауылда оқыдым. 

Бізде Арқадағыдай аштық болған жоқ, теңіз 

жағалап балық аула ған ашықпайды екен. 

Зәт дегеннің үйін жалдап оқыдық. Кей-

де  әйелі  шығып:  «Бүгін  сабақ  болмайды. 

Қожайын  ауырып  қалды»,  –  дейтін.  Ол 

күні қуанып үйге қайтамыз. Ақерке есім  ді 

сұлу апайымыз сабақ берді. Нұрпейіс ер те 

53 жасында қайтыс болды. Қаңтарда әж  ем 

қайтыс болды. Мен де шешемді мойындаған 

жоқпын. Нұрпейістің кенжесі болып өстім. 

Сол  жылы  өзім  жалаңаяқ  болған  соң  мек-

тепке  бармадым.  Келесі  жылы  екінші  сы-

ныптан оқыдым. 3-ші сыныпты Құландыда, 

4-ші  сыныпты  Көкаралда  оқыдым.  Ме нің 

оқуым ит тістеген терідей болды. 5-ші сы-

ныптан бастап дұрыстап оқыдым. 6-шы сы-

ныпта интернатта жаттым. Әр мектепке ау-

ысып  жүргендіктен  сауатым  шамалы  бол-

ды.  Әлі  күнге  дейін  жазған  сөйлемімнен 

көп қате жіберемін. 

10-шы  сыныпты  оқып  жүріп,  повесть 

жазғалы  бел  будым.  Әскер ден  қайта  орал-

сам,  –  баяғы  жазғандарымның  бә рі  жоқ. 

Қатесі көп еді, жоғалғаны жақсы болды. 

Біраз  жасадым.  Еш  уақытта  бұл  жасқа 

келемін  деп  ойламаппын.  Тәркілеу  бо-

лып жатқан уақыт есімде: Сол кез дегі көп 

нәрсе  көз  алдымда.  Аша ршылықты  көр-

дім:  өмірге  өкпем  жоқ.   Қайғы-қасіреті, 

қуа  ныш-қызығы  да  көп  болды.  Аш тық та 

есектің  етін  жегендер  болыпты.  Мектеп те 

оқып жүргенімде күнде маған сүтке сал ып, 

бір кесе сөк беретін. Әкемнің екі әйелі бол-

ды.  Кешқұрым  туыстар  біздің  үйге  жина-

лады. Көшелі атамыз кіріп келіп, екі келіні 

тазалап отырған шикі қаздың басын алып, 

тұмсығынан ұстап, аузына салып, ұзақ тал-

мап  шайнайтыны  есімде  қалып ты.  Бұл 

аштықтың тіршілігі еді. 

1943  жылы  мартта  лейтенант  бол-

дым.  Әуелі  ұшқыштар  курсын  оқы т ты. 

Курс  маған  қиын  болды.  Ұшқан  кезде  к өп 

құсатын  едім.  Ұшақты  қондыру  да    мағ ан 

қиын еді.

II

Әдебиеттің  жолы  мен  үшін  сәтті  жол 



болды.  Бәрі  алақанына  салды,  баладай 

әлдиледі.  Әдебиетті  жастайымнан  жақсы 

көріп  өстім.  Ақерке  апайымыздың  өзі 

шала  сауатты  еді.  Өзім  сауатсыз  болсам 

да,  кейіннен  апайдың  біреуге  жазған  ха-

тын  оқығанда  көз  жеткіздім.  Қатесі  көп 

екен. Тіл сындыртқан сол кісіге өмір бойы 

қарыздармын. 

Алғашқыда  қолыма  түскен  кез  келген 

кітапты оқыдым. Таңдау, талғау жоқ. Тасқа 

басылғанның бәрін оқыдым. Ең қатты әсер 

еткен  кітап  С.Мұқановтың  «Жұмбақ  жа-

лауы»  еді.  Есімде  қалғаны:  «Мына  жазу-

шы  әр  кейіпкерімен  бірге  жүріп  жаза  ма 

екен»  деп  ойлайтын  едім.  Сана  шолақ  еді. 

10-шы  сыныпта  «Балуаншолақ»  пове сін 

оқыдым. Мен 16 жасымда әлгі кітап тан ал-

ған  әсерімді  өзек  етіп  «Балуаншолақты» 

жаздым. «Социалистік Қазақстан» газетіне 

жазған  С.Мұқановтың  оқырмандарына 

жауабы  көп  сабақ  болып,  көзімді  аш ты. 

Жазудың қиындығын ерте түсіндім. 

«Қан  мен  терді»  жазғанда  Тәңірбер-

генге өзімнің әкемнің інісі Нәжім көкем нің 

бойындағы бар қасиетін, болмысын бер у ге 

тырыстым. Сүйеуді Сүйеубай дейтін кісі нің 

болмысынан алдым. Ештеңе қос қаным жоқ. 

Көшіре салдым. 

Шалқарға  келгенде  шешем  мені  көше-

де  жетектеп  келе  жатты.  Кенет  кілт  тоқ-

тады. Есімізді жисақ, бір байдың үйінің ық 

тұсынан  жүріппіз.  Бай  үйінде  пісіріп  жат-

қан  нанның  иісі  бізді  есімізден  тандырған 

екен.


Соғыстан  кейін  оқушы  дәптеріне  12 

бет етіп «Курляндия» деген роман жаз дым. 

Дәптерге  қара  қаламмен  жаздым.  Поезбен 

Алматыға  келдім.  Күту  залында  жат тым. 

Ақшам  болса  да  қонақ  үй  дегенді  білмей-

мін.  Көшеге  шығып  ұшырасқан  адамнан: 

«Мұқанов қайда, Әуезов қайда, Мүсірепов 

қайда», – деп үшеуін кезек-кезек сұраймын, 

ешкім  білмейді.  Үшінші  күн  дегенде  бір 

кісі: «Сен бұлай жүріп таппайсың, Жазу шы-

лар Одағына бар», – деп жөн сілтеді. Соны-

мен  Панфилов  паркінің  төменгі  жағында 

бір келте көшеден Одақ үйін тау ып алдым. 

Ес ік аузында тұрмын. Басынан желегі түс-

пеген жаңа түскен келіншек секілдімін. Бір 

кезде Тәжібаев келді, ақынды көргенде бой-

ымды  үрей  билеп,  тіпті,  бұрышқа  тығ ы ла 

түстім. Бір кезде Әбішев келді, Кәкімжано-

ва  келді.  «Вильс»  деген  мәшинемен  Мұқ-

анов  келді.  Ол  кезде  хатшы  емес,  төраға 

дейді.  Мұқанов  бөлмесінен  шығып  ме ні 

көрді. «Неге келдің?» – деп сұрады. «Сіз ге 

келген едім», – дедім. Өзімде іштей екі жо-

спар болды. Егер жазғаным ұнаса, өз аты-

жөнімді  айтамын,  егер  ұнамаса,  жалған 

аты-жөн айтамын ғой деп ойладым. Мұқан-

ов  аты-жөнімді  сұрағанда  мен:  «Каримов» 

дедім. «Қазір менің қолым тимейді, шар уам 

көп, Ғабиден Мұстафин деген жазушы бар, 

соған жіберсем ренжімейсің бе, менің баян-

дамам бар еді», – деді. Мұстафинге тіл дей 

хат жазып берді. «Ғабиден! Мына Кәрімов 

жолдастың шығармасын оқып, маған ертең 

түстен  кейін  келіп  пікіріңді  айтуың ды 

өтінемін, Сәбит» – деген записка. 

Ол  кезде  Ғабиден  Мұстафин  «Әдеб иет 

майданы»  деп  аталатын  журналдың  бас 

редакторы  екен.  Ғабиденнің  үйін  тау ып 

алып, Сәбең берген хатты ұсындым, оқушы 

дәптеріне  қара  қарындашпен  жазыл ған 

шимай-шатпағымды ұсындым.  

«Бұл не?» – деді. Мен бетім бүлк етпе-

стен:  «Роман»,  –  дедім.  Мырс  етіп  күлді: 

«Шырағым,  роман  деген  үлкен  нәрсе, 

мынауың 12 бет, не айтуға болады», – деп 

тосылып  қалды.  «Тамақтан  кейін  ұйықтап 

алатын едім, бір жарым сағаттан кейін кел», 

– деді. Ұйқыдан өліп бара жатырмын. 

Вокзалдың  күту  залында  үш  күн  шала 

ұйқы  болған  адаммын.  Көшеге  шығып 

әр  есікті  қағамын.  «Ұйықтап  алайын»,  – 

деп  өтінемін.  Ешкім  кіргізер  емес.  Әлден 

уақытта бір орыс әйелі есігін ашып бетіме 

қарап ойланып тұрды да, бәлкім, үстімдегі 

лейтенант  киімім  әсер  етті  ме,  мүсіркеген 

сыңаймен  үйіне  кіргізді.  Қуықтай  қараңғы 

бөлмесіне  өткізді.  Сынық  диванға  құлай 

кетіп  едім,  қандала  ду  еткізіп  түтіп  қоя 

берді.  Соған  қарамай  қатып  ұйықтаппын. 

Ертесіне  Сәбит  Мұқановтың  бөлмесінде 

кездестік.  Мұстафин:  «Жазу  қолыңнан 

келеді  екен»,  –  деп  айтқаны  сол,  қуанып 

кеттім.  «Ағайлар,  кешіріңіздер.  Менің  фа-

милиям  Каримов  емес,  Нұрпейісов»  деп 

шынымды айттым сол жерде. 

Мұқанов осы оқиғадан кейін біраз ойла-

нып отырып қалды:

– Бала, енді не істейсің? – деді. 

Мен:

–  Елге  барып  романымды  жазсам,  – 



дедім. – Әкем соғыста өлген. Елде бір неме-

ре апайым бар еді, соғыстың алдында татар-

дан сатып алған үйі бар еді, күйеуі соғыста 

өлген. 


Сол  жерде  Мұқанов  телефонды  біраз 

бұрап Талалаев деген кісіге телефон шалды, 

сөйтсем, әлгі кісі сол кездегі Главиздаттың 

бастығы  екен.  Жарықтық  Сәбең  сол  жер-

де қадалып отырып, мен үшін қалам, қағаз 

сұрады.  Дереу  жеңіл  мәшинесін  беріп, 

әлгі  телефон  шалған  бастыққа  барып 

қайтуымды  өтінді.  Талалаев  маған  11  кіле 

қағаз босатты. Қайтып оралдым. 

Сәбең иығына ауыр жүк түскен кісідей 

біраз ойланып отырды:

–  Ауданнан  райкомды  танисың  ба?  – 

деді. 

Мен  райком  дегеннің  не  екенін  біл-



мей тінімді  айттым.  Жазушы  ағамыз  көп 

әуреленіп,  тағы  бір  қосымша  жігіттерді 

жұмсап,  Шалқар  аупарткомының  бірінші 

хатшысының  аты-жөнін  сұрап  біліңдерші 

деді. Ертесіне келсем, Мұқанов Шалқардағы 

Букешев  Дәден  деген  райкомның  бірінші 

хатшысына хат жазып қойыпты. 

Әлгі  хатты  ерінбей  машинкаға  бас қы-

зып ты. 

«Мына жігіт дарынды, болайын деп тұр, 

роман  жазады,  шығармасын  аяқтағанша 

жәрдем беріңіздер» – деп жазыпты. 

Рахмет  айтып,  хатты  алып,  қоштасып 

шы ғып  бара  жатқанымда  Сәбең  қарлы-

ғыңқы даусымен: 

–  Бала,  Пролетарская  11  деген  адреске 

хат жазып тұр, жоғалып кетпе! – деп қатты 

тапсырды. 

Шынымды айтсам, сол кезеңде өзімнің 

тарапымнан қозғау, сұрау, жалыну болмап-

ты.  Мен  үшін  күйіп-жанып,  өзі  ойланып, 

өзі кесіп-пішіп, бар істі тындырып жүр ген 

Сәбең  ағамыз  екен.  Мұндай  жақсылықты 

әкемнен де көрген емеспін. Сол кезде үлкен 

жазушы  ағамыз

 

дың  жойқын  қызметін  я 



балалықпен,  я  ша ла лық пен  сезіне  бер-

меп пін.  Осының  бәрін  кейінше  ойлап,  өз-

өзімнен қысы ламын баяғы. 

Қаңтардың  бірі  күні  жол  қапшығымды 

арқалап елге шықтым. Шалқардан ауданның 

басшысын  көп  іздедім.  Райком  кең сес ін 

іздеп  жүріп  тауып  алдым.  Букешев  әкеліп 

берген  хатымды  асықпай  оқып  шық ты. 

Хизматулин деген қалалық сауда бөлімінің 

бастығын  шақырып  алды.  Ерінбей  отыр-

ып тізім жасады. 22 зат, ішінде тұз, сіріңке, 

сабын,  тағы  сондайлар  толып  жат ыр. 

Таңғалғаным сонша, талып түсе жазда дым. 

Әскерде  жүргенде  тамақ  байдан,  өл-

ім  құдайдан  деп  жүре  беріппіз.  Төрт  жыл 

соғыста  елдің  жағдайын  еш  білмейді 

екенбіз.  Коммунизмде  жүріппіз.  Енді  кел-

іп  қарап  тұрсақ,  елдің  жағдайы  өте  ауыр, 

тұрмыс жұтаң, нан, тұз, сабын бәрі карточ-

камен  беріледі.  Елде  жылан  жалағандай, 

түк жоқ. Ішетін тамақ жоқ. Қарындаш-қағаз 

жоқ. Кілең жамау-жасқау, киім өрім-өрім. 

Апайым  барып  әлгі  22  түрлі  зат ты 

алып  келгенде,  көршілер  кілең  ебіл-себіл, 

жалаңаш,  аш,  аспаннан  шұға  жауғандай 

сезінді.  Сонымен  мен  1947  жылы  бірін ші 

қаңтар күні романға отырдым. 

Көшеге шығып бір қызбен танысып, аз-

дап жүріп қойдым. 10-шы сыныпты бітірген 

әп-әдемі қараторы қыз екен. Алдында мек-

теп  директорымен  байланы сы  болған 

секілді. Екіқабат болып қалды. 

Ұзамай  Аралға  кетіп  қалдым.  Бізге 

шөбере,  Рыбсоюзда  бас  бухгалтер  бол-

ып  істейтін,  үш  бөлмелі  үйі  бар,  тұрмысы 

тәуір  ағай  бар  еді,  соны  сағаладым.  Ма-

мыр  айында  Сәбит  мені  шақырды.  Бар-

дым.  Жазғанымды  көрді  де,  Т.Нұртазин 

есімді сыншыға оқытуға жіберді. Қонақ үй 

қымбат, жатқанда – вокзалда күту залын да 

жатамын. Сағат екіден кейін ғана ұйықтауға 

болады.  Нұртазин  жазба  түрде  пікір  жа-

зып берді. Қайта айналып Сәбитке келдім. 

Кешқұрымғы уақыт. Сәбит кетейін деп жа-

тыр екен: «Мәшинеге мін, жолай апарып та-

стайын», – деді маған бұрылып: «Қай қон ақ 

үйде жатырсың?» 

Мен  екінші  вокзалда,  күту  залында 

қонып жүргенімді айттым. 

–  Ойбай,  көтек,  –  деді,  сөзінің  сияғы 

сондай  еді  Сәбеңнің,  –  ендеше,  Өксікбай, 

үйге  тарт,  біздің  үйге  барамыз,  –  деді 

жүргізушісіне.

Сәбеңнің  үйі  Артиллерийская,  35,  осы 

күнгі Құрманғазы мен Фурманов көшесінің 

бұрышында,  особняк  үйде  екен.  Мәриям 

жеңгей  күліп  қарсы  алды.  Ұйқыдан  өліп 

бара жатырмын. 

– Мәке, мынау пақыр бала вокзалда жа-

тады екен. Бүгінше үйде қонып шықсын, – 

деді Сәбең.

Ғұмырымда  бірінші  рет,  47  жылы  ма-

мырда, ас үйдегі диванда, асты-үстім әппақ 

сейсеп,  рахаттанып  қатып  қалыппын. 

Ертеңгісін  бауырсақпен  шай  іштік.  Сәбең 

сөз бастады.

–  Мәке,  пақыр  бала  вокзалда  жатады 

екен, әдебиетші, шығармасын оқыдық. Кет-

кенше біздің үйде жатсын, – деді. 

Сонымен,  Сәбеңнің  алты  баласы  бар 

екен,  жетінші  баласы  болдым.  Астымда 

әппақ  төсек,  алдымда  ыстық  шай,  жылы 

үйде  жатамын.  Ұйқыдан  өліп  қалған  ба-

сым  күнұзаққа  домалап  жата  беремін. 

Төрт  күннен  кейін  қайтатын  болдым.  Жол 

жүрерде Сәбең: 

–  Сен  бала,  телефонды  жазып  ал,  енді 

келетін  болсаң  42-15  телефонға  званда,  я 

хат жаз, я хабарлас, – деп қатты тапсырды. 

1947  жылдың  қазан  айында  жас  жазу-

шы лардың Республикалық кеңесі өтті. Се-

мейден  –  К.Оразалин,  Ақтөбеден  –  Т.Ах-

та нов,  соғыстан  жақында  оралған  бе ті 

Мәуленов,  Молдағалиев,  Шәймерденов, 

ығай  мен  сығай  сеңдей  ығысады.  Мендей 

емес, керемет дайындығы бар ма, Тахауи сөз 

сөйледі. Сол сөзімен-ақ Союзға мүшелікке 

өтті. Зейнолла бір өлеңімен мүшелікке өтті. 

Сол жолы Кәмен одаққа мүше болып өтті. 

Мен өткенім жоқ. 

Елге қайттым, баяғы романды аяқтасам 

деймін.


Аралдың  шет  жағында,  ауданда,  ағай-

дың  үйінде  тұрып  жаттым.  Таң  қа раң-

ғы  сынан  оянамын,  үй  мұздай.  Отын  аз. 

Сығырайтып  майшам  жағамын.  Әлі  күнге 

ерте тұратыным содан. Саусағым, мұрным 

қатып  қалады.  Көрпеге  оранып  отырып 

жазу  жазамын.  Ағай  мен  жеңгей  қолдан 

келген жағдайын жасап бағады.

1948 жылы наурыз айында бірінші хат-

шы  Шаяхметов,  идеология  хатшысы  Ома-

ров ел-елден жазушыларды шақырып жина-

лыс өткізді. Сол жиналыста Сәбит сөйлеп:

–  Нұрпейісов  әскерден  келді,  ро-

ман  жазып  жатыр,  талантты,  менің  қазақ 

әдебиетінде  жиырма  жыл  күткен  адамым 

енді келді! – деп жұртты елең еткізіпті. 

Бұл  жолы  жазғанымды  тағы  қарауға 

Нұртазинге жіберді. Артынша Мүсіреповке 

жіберді.  Мүсірепов  ыңыранып  сөйлей тін 

кісі екен, наурыз айында ЦК-да өткен жина-

лыста  болғанын  айтты:  «Сәбит  бүл ді р мей 

жүрмейді.  Жиырма  жыл  күткен  адамым 

келді деді». Сонда Шаяхметов: «Сәке, жас 

жігітті  бұлай  мақтауға  болмайды»,  –  деп 

қайырып тоқтатып тастады», – деді. 

Сәкең  бұдан  бұрын  бұл  оқиғаны  өзі ме 

айтқан:  «Сол  сөзім  Мүсіреповке  тиіп  кет-

ті», – деген еді. Ішім қылп ете қалды.

Әңгімеміз жүйесіздеу болып бара жатыр 

ма, қайдам. Бұл өзі архивке берілетін мате-

риал, қажетіңе жарайтын болса, маңызы та-

былса – осынау ажарсыз әңгімеден бірдеңе 

шығып  қалар.  Бір  аңғаратын,  астын  сыза-

тын  жайт:  кішкентайымнан,  көзімді  тыр-

нап  ашқаннан  талпыну,  ынта,  жігер  тегіс 

айтылды.  Сол  кездегі  Сәбең,  Ғаби д ен, 

Нұр та зиннің  ықылас-пейілі,  қамқорлығы, 

адамшылығында  шек  жоқ.  Сәбең  жар-

ты  жылда  алдына  бір  шақырып  ала ды. 

Шақырып алады да былай дейді: 

– Мына қағазды ал, арыз жаз, ме н ің аты-

ма, 3мың сом сұрап жаз, – дейді. 

Арыз  жаза  алмайтынымды  айтамын. 

Сонда  өзі  айтып  отырып  жазғызады.  Бұ-

рыш тама соғып ылғи қолыма үш мың сом 

ұстатады.  Бұл  не  қылған  батпан  құй рық 

деп  ойлаймын.  Сөйтсем,  литфондыда  жас 

жазушыға  арналған  қайтарымсыз  жәр дем 

болады екен. Кейінше білдім.

1948  жылдың  мамырында  болар, 

Сәбеңнің  үйінде  жатам.  Бір  жолы  Мұс та-

фин нің үйіне қондым. Ертесіне қайтып ай-

налып үйге келсем, үстел үстінде қағаз жа-

тыр.  Сәбеңнің  кіші  қызыл  тілі  келмей, 

мені  «Әбижәми»  дейтін,  қайтыс  болғанға 

дейін  мені  «Әбижәми»  деп  өтті.  Сол  за-

пискада  төмендегіше  сөздер  жазылып-

ты.  «Әбижәми!  Мүсіреповпен  келістім. 

Шығармаңды  оқитын  болды.  Үйіне  барып 

оқытып тұр. Есіңде болсын, Ғабит мендей 

жалпақшешей  емес,  алды  тар,  қытымыр 

адам, байқа», – деп жазыпты. 

Осы  жерде  есіме  түсіп  отыр,  Жам-

был  –  өзіміздің  Жәкең  –  өзі  білетін  әдеб-

иет маңайындағы адамдарға ат қойғыш еді. 

Мысалға:  Сәбитті  –  Балуаншолақ  дейтін; 

Ғабитті –Иіс май дейтін; Әуезовті – Қоң ыр; 

Әбділдәні  –Толағай;  Шаяхметовті  –  Таз; 

Оңдасыновты  –  Қоңырат;  Ғали  Орманов-

ты – Ұнға басын тығып алған бұқпа торғай 

бала; аудармашы Павел Кузнецовті – Шер-

нейсоп  дейтін.  «Ол  кісі  ренжіп  қала ды 

ғой»,  –  десең:  «Қызын  пәлен  етейін,  сен-

дерше солай шығар, мен үшін әлгі орыс ың 

Шернейсоп»,  –  деп  тұрып  алатын.  Шама-

сы,  жас  кезінде  Ташкенге  кірешімен  бір -

ге  барғанда  Шернейсоп  деген  орыспен  іс -

тес  болса  керек.  Осы  кісілер,  ағаларымды 

айта мын, неге екенін білмеймін, әдебиетке 

апыл-тапыл жаңа ғана келген маған ерек ше 

қамқорлықпен қарады. Алды тар, қыт ымыр 

дейтін Ғабиттің өзі бауыр тартып бас қаша 

қарады:  Кенен  Әзірбаев  ол  кісіні  князь 

дейтін.  Хұсни  жеңгей  көйлегін  өтек те ген 

кезде су бүрікпей, су орнына тройной оде-

колон бүркіп өтектейді екен. Сол кісінің өзі 

жазғанымды оқып шығып, сөзімді тыңдап: 

«Пікірімді  орысша  жазайын  ба,  қазақ ша 

жазайын ба» деп сұраған еді. Мен қысылып 

қалдым. Ол кісілердің алдында өзімді әдеп-

пен, кейде кереметтей ибалы ұстаушы едім, 

Сафуан, Тахауи емін-еркін сөйлесетін. Өзім 

қысыла беретін едім. 

Ғабең  пікірін  жазып,  Союздағы  Ва-

лентина  Петровнаға  басуға  беріпті.  Пікі-

рі  төмендегіше  шықты.  Қайнекей  хат шы, 

оқып  берді.  «Қазақ  көркем  сөзінің  мық ты 

бір  тұлғасы  болады  деген  сеніммен!»  деп 

жазыпты.  Алды  тар,  қытымыр,  тәкап пар, 

тік мінез деген кісінің жазғаны осындай. 

Сол хаттардың, записканың бірі де жоқ. 

«Курляндияның» қолжазбасы да жоқ. Бая  ғы 

ауыл баласының ойлау қабілетімен қал дым. 

Ешқандай қолжазбам сақталмапты. Қаз ақы, 

кеңқолтық, жайбасарлығым жеңіп кете ме, 

батыстың  мәдениетіне,  қабілетіне  үйр е не 

алмай-ақ қойдым. 

Мені тұлғалар өсірді. Өсу жас кезде де, 

есейген  шақта  да  үзілмейді  екен.  Шынын 

айтсам, кәсіби шеберлік жағынан бір ықпал, 

жүріс-тұрысы жағынан бір ықпал, ойымен, 

парқымен бір ықпал ететін адамдар өмірде 

көп  болды.  «Сізге  қоғамда  кімдер  ықпал 

жасады»  дегенде  соғыстың  алдында  да, 

соғыстан  кейін  де  жазушылығыма  бірі  – 

Әуезов, екіншісі Мұқанов үлкен ықпал етті. 

Бәріне тоқтала бермей-ақ қояйын. 

Соғыстың  алдында,  соғыстан  кейін 

де  бір-біріне  текетірес  екі  көзқарас,  екі 

пікір  қайшылығы  алдымызда  көлденеңдеп 

жатты.  Осы  екі  текетірестің  басында  екі 

үлкен тұлға тұрды: Бірі – Әуезов, екіншісі 

Мұқанов.  Екеуінің  көзқарасы  көбіне  бір-

біріне  қайшы  келіп  жатты.  Әдебиет  бұл 

күнгідей  емес,  қызықтау  еді.  Қолжазбаға, 

жаңа  дүниеге  немкетті  қарамайтын,  жа-

нын  салатын.  Одақ  іргесінде  талқылау 

қызу  жүріп  жататын.  Пьеса,  поэма,  ро-

ман болсын, я Одақта, я бір үйге жиналып 

алып  оқып,  дуылдасып  талқылап  жатушы 

едік.  Айтыс  қызу  жүретін.  Ресейде,  өткен 

ғасырда «Литературный салон» дег ен бол-

ды.  Біздің  бас  қосуымыз  соған  ұқсайтын. 

Кешегі  күні  ПЕН-клубты  сондай  қы зу 

талқылау үшін ұйымдастырған едім, жылы 

пейілмен  ұшырасатын  дастарқан  басын, 

пікір-талас үстелін құрғым келді. 

Сәбең  «Ш.Уәлиханов»  пьесасын  үйіне 

кісілерді жинап, дастарқан басында оты рып 

талқылаған еді. Жиында Шың ғыс Айтматов 

болды. Сызданып отыр ып Ға бит Мү  сірепов 

соңынан  сөйледі.  Әлі  есім де:  «Ақылдың 

қасіреті»  пьесасында  Чац кий  Петербордан 

кететін кезде, мына азып-тозып бара жатқан 

қоғамға,  надан  қауымға,  тоғышарларға 

қаратып  айтпаушы  ма  еді:  «Маған  күйме! 

Әкеліңдер  күймені!»  деп,  Шоқан  да  сол 

Грибоедов  кейіпкері  секіл ді  бір  сілкініп 

алып, тоғышар, тымыр  сық қауымнан кетуі 

керек қой», – деп көсілген еді ол кісі. Содан 

кейін  Одақта  талқыланды.  Ол  талқылуда 

Мұхаң ұзақ төгіліп сөйлеген еді. 

Қазір қарасам: ондай талқылаудың аты 

да,  заты  да  жоқ.  Жазушыға  бір  сын-пікір 

айтсаң, өмір бойы көрместей болып кетеді. 

Баяғы ағаларымыз әлгідей жиын үстінде жүз 

шайысып кетіп, артынан сүйісіп, қоштасып 

жатушы  еді.  Жеке  басын  сыйлауға  келген-

де – ауызбірлігі басым түсіп жататын. Бір-

бірінің  қадір-қасие тін  қатты  түсінуші  еді, 

бағалай білетін. 

Мәскеуде оқып жүрген кезім. Ғали Ор-

манов «Анна Карен инаны» аудар ып ты, со-

ған  1948  жылы  25  бет  пік ір  жаз ғ ан  едім. 

Ре цензияны  журналдан  оқыған  Сәб ең: 

«Әрине ол аудара алмайды. Қарымы жете-

тін  Әуезов  қана»,  –  деді.  Екінші  бір  жолы 

Сә  бең:  «Қазақ  жазушыларының  ішін  де 

Мұхтардай тілі бай шебер жоқ», – деген еді. 

Көріп отырсыз, бір-бірін сыйлауға кел ген де 

ылғи биіктеп сөйлейтін, азаматтық тұл  ға  сы 

әлдеқайда жоғары еді. 

Әдебиетке  келуіме  әрқай сысы  ның 

орны, ықпалы болды.  

Қырқыншы  жылы  «Ботагөзді»  оқы-

дым,  әдебиетші  болуға,  көзқарасым ның 

қа  лыптасуына  роман  үлкен  ықпал  ет-

ті.  Әйтсе  де,  неге  екенін  білмеймін,  тік-

елей  жауап  бере  алмаймын:  жазушылық 

 іш кі  сезім  дейсіз  бе,  инстинкт  дейсіз  бе, 

Мұхаңа  іштей  жақын  болдым,  тәнті  ед  ім, 

Әдебиеттегі академигім, ұстазым, әйтсе де, 

жан-тәніммен жақындасып кете алмадым. 

Шынымды  айтсам,  күркіреп,  дөң бек-

шіп жатқан теңіз жағасында тұрған кісінің 

бойын  әлдеқандай  үрей  билейді  емес  пе? 

Теңіздің түпсіз тереңдігінен бе, әлде арсы-

гүрсі жағаны ұрған толқыннан ба, әйт еуір, 

кісіні үрей сезімі тұсап тастайды. Мен үш ін 

Әуезов  те  сондай  болатын.  Қорқатын  едім 

дегенді ауызға алмай-ақ қояйын, Мұқаңнан 

жүрексінетін едім. Шыным осы!

Сәбеңнің  «Өмір  өткелдеріне»  8,5  бет 

сын  жазған  едім.  Ол  кісі  мақалама  қатты 

ренжіді.  Әлгі  сын  батып  кеткен  болуы  ке-

рек.  Өмірінің  соңғы  кезінде  біраз  уақ-

ыт  көрмей  кетті.  Бір  күні  үйінің  алдын да 

отыр  екен.  Герольд  екеуіміз  көше  бой лап 

келе   жатып  беттесіп  қалдық.  Сәбең  басын 

көтеріп алды да жарықшақ даусымен:

–  А,  жолдас,  келіп  қалдың  ба,  білгіш 

болсаң, айтшы, – деп қолындағы таяғымен 

жа  ңа туып келе жатқан көктегі бір жұл дыз-

ды  нұсқады,  –  анау  жұл дыз дың  аты  не?  – 

дейді. 

Жауап бере алмадым. Ренжіп жүр генін 



білдім.  Кейінше  үйге  шақырып  жібер дім, 

алдына  бас  тарттым.  Дастарқан  басын да 

шарт жүгініп алып: 

–  Әй,  Әбижәми,  осы  сөзіңді  маған 

берші,  –  деп  жиырма  минөттей  көсіліп 

сөйледі жарықтық. 

Сөз  кезегі  келгенде  «Мұқаңмен  неге 

біраз  уақыт  бас  араз  болдыңыз»,  –  деген 

көлденең сауал қойдым. Сонда ол кісі:

– Кәрі орыс мұсылман болмайды деген. 

Біз әдебиетке келгенде тап тартысы өртше 

қаулап тұрған. Мен Маркс, Ленин идеясы-

на  құлай  берілдім,  кедей  таптың  сойылын 

соқ тым, сол таптың сөзін сөйледім. Бәлкім, 

өзім кінәлі шығармын. Біздер сол тап тар-

тысымен бұрылмай кеттік қой. Әлеуметтік 

қалыптасқан  көзқарас  та  Мұхтармен  ара-

жігі мізді ажырата түсті, – деген еді.

III

Өз басым Мұхаңды 1948 жылы сәуірде 



алғаш рет көрдім. Одаққа келгенде алдым-

нан Әуезов шыға келді. Зәрем ұшып кетті. 

Деңгейіме келе бергенде: «Сәлеметсіз бе», 

– деп сәлем бердім. Ол кісі кілт қайырылды, 

кідірді. Жүзіме қарап тұрды.

– Роман жазып жүрген сен баласың ба? 

– Иә, мен едім. 

– Оперный театрдың қарсысындағы са-

ры  үйде  тұрамын.  Ертең  сағат  он  кезінде 

үй ге  келші.  Жазып  жүрген  романыңнан 

таңдап үш үзінді алып кел, – деді. 

Ертесіне  Мұхаңның  үйіне  келдім.  Ка-

би неті қора жақта екен, кішілеу, үстелінде 

мәрмәр  қаршыға.  Бөлмесіне  бастап  келді. 

Қолымнан үзіндіні алды. Өзі оқып шықты. 

Не дер екен деп жүрегім лүпілдей соғады. 

– Оқтың тілі шолақ, сен бала майданға 

ба рып тіл тапқан екенсің!.. – деді біраздасын 

барып.

Жалғыз ауыз айтқан сөзі осы болды. Бұл 



сөз менің өмір бойғы жадымда қалды.

Сосын ас үй жаққа бұрылып дауыстады: 

–  Валентина  Николаевна,  нас  накорми, 

пожалуйста, – деді. Ас үйге шығып салқын 

ет  пен шай іштік. Ел-сел болып терлегенім 

есім де. Шайды ішіп бола берген кезде Мұ-

хаң: 

–  Бүгін  опера  және  балет  театрын да 



сағат  12.00-де  декадаға  баратын  концер т  ті 

үкімет қабылдайтын еді, соған баратын ба 

едің? – деді. 

– Жоқ, шақырылған емеспін. 

Онда бірге барайық, – деді Мұхаң. 

Сонымен Мұхаңа іле сіп театрға келдім. 

Мұндай  үлкен  мәдениет  оша ғын  бірін ші 

көруім.  Сахнаға  тақау  орындықта,  сол  жа-

ғы мызда  үш  адам:  Шаяхметов,  І.Омаров, 

Байсейітов  жайғасыпты;  оң  жағымызда 

қы рық  шақты  кісі  тізе  бүккен.  Ал дың ғы 

қатардағы Сәбиттің жанында екі ор ын бос 

екен. Біздер барып сонда жайғастық.

Бір кез де оң жақтан қаншырдай қат   қан 

арық  жігіт  шық ты  да  қолын дағы  жіңіш-

ке  шыбығын  көтеріп  қалып  еді,  Құда ның 

құдіреті! Алдымыздағы апан орда үй мелеп 

отырған  кісілердің  аспабы  ду  ете  қ алды. 

Құрманғазының  әуені  жер  дүниені  кер-

неп  ала  жөнелді.  Орнымнан  қалай  тұр  ып 

кеткенімді  білмеймін.  Аузым  аш ыл ып,  ең-

сем ді салып, әлгі орға құлап түс  е  тін кі сідей 

емініп тұрып қалыппын. Бір кезде әлгі арық 

жігіттің шыбығы шошаң ет іп төмен түскен 

еді. Гуілдеген саз-әуен сап тыйылды. Қатып 

тұрған  күйі  қалып 

 

пын.  Мұхаңның  қоңыр 



үні естілді. 

–  Әй,  Әбдіжәми,  сен  бұрын  ор кес тр  ді 

тыңдамап па едің? 

– Жоқ, – деппін аузымды әрең жиып. 

Мұхаң біртүрлі тыжырынған қалып пен: 

– Бәлі, өзі роман жазып жүр, әлі нетро-

нутый мальчишка! – деді. 

Осындай-осындай  өмір  ғой.  Мұхаңнан 

ғұ  мыр  бойы  қашқақтап  жүрем.  Тағы  бір-

де  көзіне  түсіп  қалдым.  Бұл  1955  жылғы 

сәу ірдің  аяқ  кезі  болатын.  Литин ститут  та 

оқып жүрмін. Үш кісі институт алдындағы 

жайдақ орындықта күншуақта отыр

 

ған быз. 



Бір қарасам, Мұхаң оқу орнының шеберха-

на  сынан шығып келе жатыр екен. Ме     ні кө-

ріп:

– Қолың бос па, – деді, – біраз кітап ал-



ып  едім,  орталық  дүкеннен  сол  кітаптар -

ды  салатын  саквояж  алуым  керек,  жол  ға 

шығамын, менімен жүресің бе? – деді. 

Тіркесіп, ұшқасып көшеге шық тық. Со-

болевпен  аралары  суып  жүрген  кезі  екен. 

Маған бұрылып сауал қойды:

–  Әбдіжәми,  Соболев  сен дер ге  барып-

ты ғой, кім болып істейді ол? – деп сұрады.

–  Кафедра  меңгерушісі  болып  келді,  – 

дедім. 


Бәлі,  кілең  оңай  ақ ша  іздеп  жүре тін 

адам  еді,  жылы  жерді  тапқан   екен,  –  деді 

басын  шайқап.  Сонымен  орталық  әм бе  б-

ап дүкеніне соғып Мұхаңа саквояж ал д ық, 

өзім  қырынатын  оны-мұны  нәрселер  са-

тып алдым. Көшеге шығып қош ай ты с     т ық. 

Қоштасарда Мұх аң маған бұрылып:

– Мәскеу қонақ үйінде жатыр мын, қазір 

Одаққа барып қайтам, соңыра ке л, оты р ып 

ас-ауқат ішейік, – деді.

Неге екені есімде жоқ, сол жолы Мұ

 

хаң-



ды  іздеп  қонақ  үй і не  бара  алмадым.  Әлде 

ұялдым,  әлде  қыс ылдым,  анық-қанығы 

есім де қалмапты. 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал