Қармақшы таңы №79 (9333) Сәрсенбі 15 қазан



жүктеу 441.25 Kb.

бет1/4
Дата22.04.2017
өлшемі441.25 Kb.
  1   2   3   4

ҚАРМАҚШЫ

таңы


№79

(9333)

Сәрсенбі

15 қазан 

2014 жыл

ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ

12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ

Газет аптасына 2 рет шығады

E-mail: Karm_tany @ mail.ru

ҚАРМАҚШЫ  АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ

ПРЕЗИДЕНТ

АЙМАҚ

ҚЫЗЫЛОРДА.  ҚазАқпарат  -  Спорттың  15  түрін 

қамтитын ауыл спортшыларының XXVIII  «Алтын күз» 

спартакиадасында    аймақтың  барлық  аудандарының 

құрама командалары өнер көрсетті.

Бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде сала-

уатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың маңызын 

арттыру  мақсатында  ұйымдастырылған  спартакиадаға 

1000-нан  аса  ауыл  спортшысы  қатысты.  Төрт  күнге 

созылған  жарыс  қорытындысына  келетін  болсақ,  жал-

пы командалық есепте Сырдария ауданының  команда-

сы  бірінші, Шиелі ауданы  екінші, ал Жаңақорған ауда-

ны үшінші орынға  ие  болды.

Жекелей  спорт  түрлері  бойынша  қазақ  күресінен 

Қуаныш  Тәтімбетов  (55  келі,  Қармақшы),  Талғат  Мұ-

нар бай  (60  келі,  Жалағаш),  Ғалымжан  Әбдірахманов 

(70 келі, Қармақшы), Қанат Асылбеков (80 келі, Шиелі), 

Мақсат  Исақабылов  (90  келі)  және  Марат  Баймаха-

нов  (+90  келі,  екеуі  де  Қармақшыдан)  топ  жарды. 

Командалық  есепте  Қармақшы  ауданының  команда-

сы бірінші орынға ие болса, қалған 2 жүлделі орындар-

ды  Шиелі және Жаңақорған  ауданының спортшылары 

өзара бөлісті.

Көкпардан  Жаңақорған  ауданының  спортшы-

лары  10  ұпаймен    чемпион    атанды.    Күміс  жүлде 

Шиелі  ауданының,  қола  Сырдария  ауданының  коман-

дасына бұйырды.  Ал, аударыспақ шеберлері 3 салмақ 

дәрежесінде  сынға  түсті.  70  келіде  жаңақорғандықтар 

Пазылхан Өміртаев пен 80 келіде Жасұлан Жәлімбетов, 

+80 келіде сырдариялық  Рүстем Байназаров  алтыннан 

алқа  тақты.  Аударыспақтан  жалпыкомандалық  есеп-

те  Жаңақорған  ауданы  бірінші  орынды  иеленсе,  Сыр-

дария ауданы  екінші, Жалағаш ауданы үшінші орынды  

иеленді. 

Теңге  ілу  сайысында  қарсылас  шақ  келтірмеген 

жаңақорғандықтар бас жүлдені жеңіп алды. 8 ұпаймен 

Шиелі ауданы екінші орынға, 6 ұпаймен Қармақшы ау-

даны үшінші орынға шықты.

Қол  күрес  пен  гір  көтеруде  мықтылар  анықталды. 

Атап айтсақ, Ермек Бақтияр  (60 келі, Жаңақорған), Ер-

хан Келдібайұлы (70 келі, Сырдария), Нұржан Үрзіматов 

(80 келі, Жаңақорған), Мұхамадин Жұмағалиев (90 келі, 

Сырдария),  Бауыржан  Бекжанов  (100  келі,  Қармақшы) 

және  Дархан  Төлеков  (+100  келі,  Жалағаш)  жеңіс 

тұғырына көтерілді. Қол күрестен Сырдария ауданы 44 

ұпаймен алға шықса, Жаңақорған ауданы күміс жүлдені, 

Жалағаш ауданы қоланы иеленді. Ал, гір тасын көтеруде 

сырдариялық  білекті  жігіттердің  мерейі  үстем  болды. 

Қалған орындарға Қазалы мен Қармақшы аудандары ор-

наласты.


Тоғызқұмалақ ерлер мен әйелдер арасында айналма 

жүйе бойынша 7 турда өткізілді. Нәтижесінде Сырдария  

бірінші, Қармақшы  екінші, Шиелі  үшінші орынға ие 

болды. Шахматтан Шиелі ауданы үздік шығып, Сырда-

рия және Қармақшы аудандары жүлделі ІІ-ІІІ орындарға 

ілікті. Ал, дойбыдан сырдариялық Руслан Рахымберди-

ев, қазалылық Асқар Сәрсенбай және аралдық  Дәулет 

Дүйсенбайлар  өз  тақталарында  ешкімнен  жеңілмей, 

жақсы  ойын  өрнегін  көрсете  білді.  Нәтижесінде  Сыр-

дария  ауданы  жеңімпаз  атанса,  Қазалы  ауданы  күміс, 

Шиелі ауданы қола жүлдені еншіледі.

Президенттік  көпсайыста  Қармақшы  ауданының 

командасы  озық  шықты.  Екінші,  үшінші  орындарды 

Жалағаш  және  Арал  ауданының  командалары  бөлісті. 

Үстел  теннисінде  сырдариялық  шеберлер  ешкімге  дес 

бермеді.  Екінші  орынға    шиеліліктер,  үшінші  орынға 

қазалылық спортшылар жайғасты.

Сонымен қатар, баскетболшылар мен волейболшы-

лар  арасында  да  тартысты  кездесулер  өтті.  Баскетбол-

дан ерлер арасында  Жаңақорған ауданы, әйелдер ара-

сында  Сырдария  ауданының  командалары  өздерінің 

мықтылықтарын дәлелдеді. 

Футбол  бәсекесінде  қазалылықтар  бас  бәйгені 

еншіледі.  Ал  гандболдан  Қазалы  ауданы  10  ұпаймен 

алға шықса, Сырдария ауданы күміс, Жаңақорған ауда-

ны қола жүлдені еншіледі.

Спартакиаданың  жабылу  салтанатында  облыстық 

дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасының  басшы-

сы Садық Мұстафаев аталмыш сайысты қорытындылап, 

жеңімпаз және жүлдегер командаларды марапаттады. 



АСТАНАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

ДАМУ БАРЫСЫН БАЯНДАДЫ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшы-

сы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Астана  қаласының 

әкімі  Иманғали  Тасмағамбетовті  қабылдады, 

деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

И.Тасмағамбетов  Мемлекет  басшысын 

Елорданың  әлеу

 

меттік-экономикалық  дамуы, 



сондай-ақ инвестициялық жобалар мен негізгі 

мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыры-

лу барысы жөнінде хабардар етті.

Қазақстан  Президенті  Астананың  өз-өзін 

қамтамасыз  ету  деңгейі  өсіп  келе  жатқанына 

және оған жұмсалған қаражаттың айтарлықтай 

тиімділігі байқалатынына назар аударды.

И.Тасмағамбетов  инвестиция,  құрылыс, 

қызмет көрсету және сауда сияқты салалардың дамуында оң қарқын бар екенін айтты. Қала әкімі республикалық 

бюджеттен трансферттелетін қаржы көлемі шаһардың өз кірісінің молаюы есебінен азайып келе жатқанын да атап 

өтті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.



 «АЛТЫН КҮЗ» 

СПАРТАКИАДАСЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ 

«Нұр  Отан»  партиясы  Қармақшы  аудандық 

филиалы  Кеңес  Одағының  Батыры  Т.Көмекбаев 

атындағы ауылдың құрылғанына 50 жыл толуына 

орай  ауыл  жастары  және  «Көзқарас»  пікірталас 

клубы мүше

 

лерінің қатысуымен кездесу өткізді. 



Кездесуді  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалы  төрағасының  бірінші  орынбаса-

ры  Күлжауһар  Раева  ашып,  өткізіліп  отырған 

шараның  мақсатымен  таныстырды.  Сайлауал-

ды  тұғырнаманы  іске  асыру  шеңберінде  «Біздің 

ауыл»  партиялық  жобасы  жұмыс  жасауда.  Пар-

тия  әрбір  Қазақстандықтың  өмір  сүру  деңгейі 

тұратын  жеріне  қарамастан  бәрінде  бірдей 

жоғары  болуы  керек  деген  ұстаныммен  жүреді, 

сондықтан  партия  өзінің  барлық  күш  –  жігерін 

ауыл өмірінің  деңгейін көтеруге жұмылдырады,- 

деді өз сөзінде. 

Жастармен  өткізілген  кездесуде  аға  буын 

өкілдері  ауылдық  елді  мекенді  абаттандыру 

мақсатында  ауылда  жасалған  жұмыстарды  жас-

тар арасында насихаттап, өз ойларын ортаға сал-

са, жастар ауылдың жаңа келбеті жайлы сүйсіне 

айтып  берді.  Аудандық  партия  филиалының 

«Көзқарас»  пікірталас  клубының  жетекшісі  Ше-

гебай  Құндақбаев  Көмекбаев  ауылының  50 

жылдық  мерейтойы  барысында  атқарылған 

ауқымды шаралардың маңыздылығын атап өтті. 

Осындай  тағылымды  мерейтой  қар саңында 

облыс  әкімі  Қырымбек  Елеуұлы  Кө  шер баевтың 

қолдауымен, аудан әкімі Нәжмадин Шәкизадаұлы 

Шамұратовтың  басшылығымен  ауылдың  абат-

тандырылуына  үлкен  мән  берілген.  Онда  Абай, 

Қызылқұм  көшелеріне  қайта  күрделі  жөндеу 

жұмыстары  жүргізіліп,  «Ақназар  –  Кедей» 

атындағы жаңа көк күмбезді мешіт пен «Жеңістің 

70 жылдығы» атындағы саябақ ашылды. 

Ауыл абаттанып, өңір тұр ғын дарының еңбекке 

деген  ықыластары  артып,  ризашылықтарын 

бір-біріне  қуаныса  жеткізіп  жатты.  Міне,  осын-

дай  қамқорлықтың  барлығы  Елбасы  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың елдің өркендеуі жолында 

жасап жатқан еңбектерінің айғағы. 

Сондай-ақ,  кездесу  барысында  «Жас  Отан» 

жастар  қанатының  мүшесі,  аудандық  Жырау-

лар  үйінің  қызметкері  Айдынбек  Скендіров, 

Қаратай Қуаңбаевтың шөбересі Әлішер Берлібек, 

Тұрмағамбет  ауылдық  округі  әкімдігінің  жас-

тар  саясаты  жөніндегі  маманы  Айдос  Мұхам-

бет қалиев, №121 орта мектеп мұғалімі Әсет Ас-

қарбаевтар елдің келешегі үшін жасалып жатқан 

игі  істерге  шынайы  ризашылықтарын  жеткізіп, 

ой-пікірлерімен бөлісті.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.

ПАРТИЯ 

БЕЛСЕНДІЛЕРІ 

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Термин  мәселесі  тіл  әлеміндегі 

тоқсан  толғаулы  тақырыптардың 

бірі.  Ол  жөнінде  талайдан  бері 

ой-пікірлер  айтылып,  неше  түрлі 

тартыс-таластардың 

болғандығы 

бел гілі  жәйт.  Қазір  таза  тіл  жоқ. 

Бүгінгі  көзқарастар  таразысымен 

алып  қарасақ,  ондай  таза  тілдің  бо-

луы  да  мүмкін  емес.  Жедел  жүріп 

жатқан  жаһандану  мен  интегра-

ция  (ықпалдастық)  үдерістерінде 

тілдер  де  бір-бірімен  жақындай 

түсіп,  ұлттар  мен  ұлыстардың  өзара 

түсінушілігінің  оңтайлана  түскенін 

аңғаруға  болады.  Бұл  жолда  термин 

сөздердің ықпалы ерекше зор.

Жер жүзінде алты мың тілде сөй-

лейтін халық тұрады екен. Солардың 

ішінде  ең  бай  тіл-  ағылшын  тілі 

деп  есептеледі.  Оксфорд  сөздігінің 

дерегіне сүйенсек, ондағы сөздердің 

ұзын  саны  бір  миллионға  жуық. 

Сондағы термин сөздер 300 мыңнан 

астам. Сол тілді дүниедегі халықтың 

70 пайыздан астамы қолданады екен. 

Я, солай бола тұрса да, одан ешкім де 

ұтылып жатқан жоқ.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Ұлытау 

төрінде  жасаған  әңгіме-сұхбатында 

ағылшын тілі жайлы былай деп баса 

айтты:  ”Ол-ғылым  мен  білімнің, 

ақпарат құралдарының, интернеттің, 

медицина  мен  мәдениеттің  тілі”. 

Президент сол әңгіме барысында тер-

миндер  жайлы  да  сөз  қозғады.  “Пи-

анино,  пиано”  деген  халықаралық 

термин. Оны біз “күйсандық” дедік. 

Ешқандай  жанаспайды.  Сандық  пен 

күйдің  арасына  пианиноны  қосуға 

бола  ма?  Мысалы  композиторды 

дүниежүзінде  “композитор”  дейді. 

Біз  “сазгер”  деп  жүрміз.  “Сазгер” 

деген  сөз  басқа  мағынаны  береді”.-

Міне,  Елбасы  термин  сөздер  жайлы 

осылайша салиқалы ой айтты.

Термин  сөздерді  жөнсіз  тәржі-

малау  тілді  шұбарландырып  қа на 

қоймай, оны түсініксіз халге жеткізіп, 

дүбара ұғымға әкеп соқтыратыны ай-

дан анық. Ондай жағдайлардың орыс 

тілінің  де  басынан  өткенін  ескі  та-

рихи  деректерден  жақсы  білеміз. 

Л.Толстой  бір  мақаласында  былай 

деп  жазған  еді:”Известный  процент 

иностранных  слов  врастает  в  язык. 

Не  нужно  от  них  открещиваться,  не 

нужно  ими  злоупотреблять.  Лучше 

говорить лифт, чем самоподыматель-

щик,  телефон  чем  дальнеразговор-

ня... Но там где можно найти корен-

ные  русское  слово-нужно  его  нахо-

дить”. Өте орынды ой байламы.

Терминдерді  әр  халықтың  өз 

тілдеріне  аударып,  жаңа  сөзжасам 

тудыруға  әрекеттену  көп  жағдайда 

сәтті  бола  бермейді.  Бір  кездері 

паравозды-“отарба”, 

велосипедті 

“шайтан  арба”  деп  жүрдік.  Бұлар 

халықтың өздері ойлап тапқан атаула-

ры болатын. Сол тұста қаламгерлер де 

жаңа сөз жасаумен айналысып кетті. 

Жазушылар  Ғ.Сланов  комендантты-

“қорғанбек”,  Ж.Тілеков  барлаушы-

ны “жортарман” деп жазғаны қалың 

оқырман  қауымға  аян.  Бірақ  ол 

сөздер тілдік қорымыздан тез шығып 

қалып жатты. Анығын айтсақ, халық 

оны қолайлаған жоқ.

Культура (cultura)-латын сөзі. Ол 

кең мағынада қолданылатын термин. 

Қазақ  тілінде  культура  көбіне-көп 

“мәдениет”  мағынасында  айтылып 

та,  жазылып  та  жүр.  Соғыс  жылда-

рында республикалық  “техническая 

культура”  деген  сөзді  “техникалық 

мәдениет” деп аударған ғой. Кезінде 

сол жаңылыс тәржіме біраз дау-дамай 

туғызған  көрінеді.  Кейін  басылым-

дар  әлгі  сөзді  “техникалық  дақыл” 

деп  тұрақты  түрде  жаза  бас тады. 

Ол  дақыл  түрлеріне  мақта,  кендір, 

зығыр, күнбағыс сияқты техникалық 

өңдеуден  өтетін  дақыл дар  жататы-

нын қазіргі жұрт жақсы біледі.

Искусствоны  тәржімалауда  да 

сондай келеңсіздіктер орын алыпты. 

Әлгі сөзді “өнер” деп қазақшалағанда 

оған  белгілі  тіл  маманы  Р.Бердібаев 

үзілді-кесілді қарсы болып: “Өнердің 

түпкі  мағынасы  орыстың  “про-

мысль”,  яғни  кәсіп,  кәсіпкерлік  де-

ген  сөзіне  жуық.  Сондықтан  да 

искусствоның  басқаша  балама-

сын  табу  қажет”-деп  өз  ойын  ашық 

білдірген  екен.  Келе-келе  искусство 

сөзі  “көркемөнер”  деп  жазыла  ба-

стады  ғой.  Мінекей,  термин  түзуде 

осындай  кереғар  ой-пікірлердің 

болғандығы  бұл  мәселеде  ұшқары 

болжам-пайым  жасаудың  ағат  іс 

екендігін аңғартпай ма?!

Әрбір  термин  сөздердің  өзіндік 

мән-мағынасы  бар.  Соның  бірі-

“биржа”.  Ол  Бан  де  Бурсе  деген 

кісінің есімімен байланысты шыққан. 

Сондай-ақ,  “маузер,  наган,  брау-

нинг” дегендер де кісі аттары. Соны 

кейбір  қаламгерлер  “тапанша,  алты-

атар”  деп  жазып  жүрді.  Бұл  дұрыс 

емес.  Ақиқатына  келгенде,  оның  өзі 

заттың  болмысын  бұрмалаушылық, 

жасанды  сөз  жасауда  әсіреәсерге 

бойұрушылық деуге болады.

Тiл  туады,  түлейдi,  түрленедi. 

Бұл  табиғи  құбылыс.  Әр  халықтың 

тiлi  өзiнше  әсем,  өзiнше  әуездi  әрi 

әсерлі.  Оны  “ұлы  тіл,  кіші  тіл”  деп 

бөле-жара  қарап,  бірін  екіншісінен 

асыра әспеттеуге болмайды. Осы ой 

турасында  Рашид  Әд-диннің  жазба-

ларынан бірер үзінді келтірейік. Жар-

ты әлемді жаулап алған Шыңғысхан 

қол  астындағы  халықтардың  ар-

намысына    тимей,  барлығына  да 

бірдей  әділетті  көзқараспен  қараған 

екен.  Ол  былай  деп  жарлық  етіпті: 

“Әр  тайпа  өз  тілінде  сөйлей  берсін. 

Оларды  менің  тілімде  сөйле  деп 

қыспаққа алмаймын. Әр құсты Тәңірі 

жаратқан, әр қайсысы өзінше сайрай-

ды...” Неткен көрегендік көзқарас!

Канттың  “Халық  өз  тілінен 

айрылған  кезде  қам-харекетінен  де 

айырылады”  деген  сөздерінде  терең 

тағылымды  ой  бар.  Келте  ойлы 

басшылардың таяз ұстанымдары сал-

дарынан талай ұлт тілдерінің жетімдік 

көріп, тажал қыспағында қалғандығы 

тарихтан белгілі. Хрущевтың  “Орыс 

тілін  жете  меңгерсек,  коммунизм-

ге  жедел  жететін  боламыз”  деп 

ұрандатқаны аға ұрпақтың жадында. 

Сөз  жоқ,  осындай  таяз  ұстанымның 

ұлт тілдеріне тигізген кесір-кесапаты 

орасан  зор.  Бір  деректі  келтіре 

кетелік.  Патшалық  Ресей  тұсында 

елде  270  тіл  болса,  қазір  содан 

қалғаны  130-дай  тіл  ғана.  Демек, 

тең  жартысынан  астамы  жойылған. 

Әне,  кеңестік  интернационализмнің 

жемісі! Бұл ұлт пен ұлыстардың ба-

сына төнген қасырет емей немене?!

Кеше  Кеңестік  кезеңде  қазақ 

тілінің  де  мүшкіл  хал  кешкендігі 

жасырын  сыр  емес.  “Орыс  тілі-

ұлы  тіл”  деп  ұрандатып,  сол  тілде 

мақтанышпен  сөйлеуді  дағдыға 

айналдырдық. Ол ненің әсері еді? Біз 

Кеңес елінің құрамында “Одақтас ре-

спублика”  деп  аталғанымызбен  дер-

бес  саясат  жүргізуге  еш  құқымыз 

жоқ  болатын.  Елуінші  жылдардың 

орта  тұсында  Алматыға  келген  Дж. 

Неру “Қазақстан Республика емес, ең 

тәуір  дегенде  доминион”  деп  ашық 

айтқан болатын. Доминион ағылшын 

сөзі.  Дәл  мағынасы-  отар  ел.  Отар 

елде  өзіндік  саясат  пен  тең  құқылы 

еркіндіктің  бола  бермейтіндігі  бесе-

неден белгілі емес пе?

Тілді саясаттандыру мүлдем қате 

көзқарас.  Венесуэлланың  бұрынғы 

призиденті  Уго  Чавестің  “тіл  ре-

формасы”  жөніндегі  қағидаттарына 

тоқталып  өтелік.  Ол  былай  деп 

ұрандатқан еді: 

“Біржола  испан  тілінде  сөйле, 

іскерлік, техникалық сөздер қорынан 

ағылшын тіліндегі терминдерді алып 

таста,  statf  (штат),  marketing  (марке-

тинг),  password  (пароль)  деген  ата-

уларды  испан  тілінде  қолдануға 

дағдылану керек”. 

Сол  елдегі  жапсырма  қағаздарда 

(билборд)  “Испанша  сөйле!  Мақ-

та нышпен  сөйле!”  деген  сөздер 

көр некті  әріптермен  жазылып  қой-

ылған.  Міне,  мұндай  көзқа рас тарды 

жаһандану,  ықпалдасу  (интеграция) 

көшінен оқшаулану, томағатұйықтық 

қағидатын ұстану деп бағалаған жөн. 

Ол  өмір  ағынына  ілесу  емес,  кері 

кету, ағысқа қарсы жүзу.

Көптеген  елдердің  басшыла-

ры  ағылшын  тілін  “өркениет  тілі” 

деп  бағалай  бастағанын  айқын 

сезінеміз. Беларуссияның президенті 

Л.Лукашенко  “Беларусь  тілі  арқылы 

жетістіріп  ештеңе  айта  алмайсың“ 

дей  келіп,  “дүниедегі  ұлы  тiл-

ағылшын  тілі”  деп  ағынан  жарыла-

ды. Түптің түбінде оның планеталық 

тілге  айналары  даусыз.  Әйткенмен, 

ол  тіл  адамзат  баласын  космополи-

тизмге  киліктіре  қоймас.  Ұлттық 

рухы  күшті  халық  қалайда  өз  тілін 

сақтап қала алады.  

Тілдердің  бір-біріне  әсері  ерек-

ше  зор.  Әсіресе,  аралас-құралас 

халықтарда оның өзара ықпалдастығы 

айқын  сезіледі.  Бүгіндері  ана 

тілімізге  төл  сөздеріміздей  боп 

сіңіп  кеткен  орыс  сөздері  аз  емес. 

Мәселен,  шәйнек,  пәрнек,  самау-

ыр, түбіретке, керует, жәшік, бөрене, 

бөлке  (нан)  деп  жүргендеріміз  орыс 

тілінен енген калька сөздер. Осыған 

керісінше орыс тіліне әбден сіңіп кет-

кен  түркі  сөздері  де  аз  емес.  Тілдер 

осылайша  бір-бірін  байыта,  да-

мыта  отырып,  өзінің  тілдік  қорын 

кеңейте,  ауқымдандыра  түседі.  Тер-

мин  сөздердің  де  осындай  жол-

мен  қалыптаса  түсіп,  ақыр  соңында 

халықаралық  түсінікті  сөзге  айнала-

тынын байқаймыз. 

Әңгімеміздің  басты  тақырыбы 

терминдер болған соң, сөз ауанын со-

лай қарай бұралық. Горбачевтік кезең 

тұсындағы жариялылық пен ой-пікір 

еркіндігін  (плюрализи)  пайдала-

на  отырып,  көптеген  басылымдар 

сөзжасам науқанын бастап кеткен-ді. 

Сол жылдары “Қазақ әдебиеті” газеті 

судьяны  “соттың  төрешісі”  деп  жа-

зып  жүрді.  Сәл  кейінірек  “төраға, 

төрайым”  деген  сөздер  тілімізге 

сіңісіп  кетті.  Тілімізде  кәмпит,  шәй, 

пәуеске  деген  сөздер  бар.  Әлбетте, 

олар төл сөздеріміз емес, сырттан ен-

ген сөздер еді. Мәселен, шай-қытай, 

конфетти-итальян,  киоск-француз, 

пәуеске(повозка) 

орыс 

сөздері. 



Сондай-ақ,  класс-латын,  тундра-

фин,  пионер  француз  тілдерінен  ен-

ген  сөздер.  Олардың  халықаралық 

терминге  айналып  кеткеніне  не  за-

ман!  Бірақ  соған  қарамастан  әлгі 

сөздерді қазақшалауға талпыныс жа-

сап,  әбігерге  түскендер  аз  болған 

жоқ. Қайта құрудың өтпелі кезеңінде 

басылымдарда  жарияланған  бір-

қа тар  терминдердің  қазақи  сөзжа-

самдарына  көңіл  аударалық.  Ин-

формация-ақпарат (“Лен.жас”), твор-

чества  -  шығарымпаздық  (“СҚ”), 

интуиция  -  көкейкөз  (“Зерде”). 

Сондай-ақ,  субұрқақ  (фонтан),  от-

шашу  (салют),  үдеунама  (эволю-

ция),  кеудемүсін  (бюст),  мосы  ағаш 

(мольберт)  деген  сөздер  баспасөз 

беттерінде  қаптап  кетті.  Өздеріңіз 

де байқап отырған боларсыздар, тым 

тұрпайы сөзжасамдар емес пе?

Фонтанды  “субұрқақ”  деу  аса 

келіспейді.  Су  мен  бұрқақтың  ара-

сында қандай үйлесімділік бар? Суды 

су  дейік,  ал  “бұрқақ,  бұрқасын”  де-

ген сөздер қыстың боранды күндерін 

көз алдыңа елестетпей ме? “Рыцарь” 

неміс сөзі. Ол салт атты жауынгер де-

ген ұғымды білдіреді. Соны 8- сынып 

оқулығына “сері” деп жазған. Серіні 

салт атқа мініп, бес қаруын асынған 

жауынгерге  теңеген  қай  қазақты 

көрдік?!  Банкеттің  француз  тілінде 

екі  түрлі  мағынасы  бар.  Бірі-атаулы 

жиындарда  құрметті  қонақтарға 

берілетін  кәделі  ас,  екіншісі-

кемелердегі  компас,  т.б.  жабдықтар 

қойылатын  арнаулы  орын.  Банкетті 

“қонақасы”  деп  қазақшаласақ,  әсте 

келіспейді. Біздің тілімізде соған ба-

лама  боларлықтай  “зияпат”  деген 

сөз бар. Зияпат түрік сөзі. Ұйғырлар 

да  зияпат  дейді.  “Қамбар  батыр” 

қиссасынан үзінді келтірейік:

-Қызмет етіп жүгірді,

Келмембет ердің жолында.

Неше түрлі дастархан

Бозбаланың қолында.

Зияпатын асырып,

Әзімбай тұрды оңында.

Демек, зияпат сыйлы қонақтарға 

дастархан  жайып,  иіліп  қызмет 

көрсетудің құрметті рәсімі екен. Тер-

мин  сөздердің  қазақша  баламасын 

түзуде көптеген күрделі міндеттердің 

тұрғандығы  айдан  анық.  Егер  оны 

асқан  жауаптылықпен  еңсере  алсақ, 

онда  тіл  тазалығын  сақтауда  келелі 

істерді тындырған болар едік.

Еліміздің  мектептерінде  19  тіл 

ана тілі пәні ретінде жүргізіледі. Егер 

терминді  тәржімалағанда  жоғарыда 

айтылғандай атүстілікке жол беретін 

болсақ, онда қазақ тілінің мемлекеттік 

мәртебесіне  нұқсан  келтіреріміз 

сөзсіз. Өйткені мән-мағынасын өзіміз 

шала-шарпы  түсінетін  сөзжасамдар 

өзге ұлт өкілдеріне таңсық бола қояр 

ма екен?! Бұл ойланатын жәйт.

P.S  “ЕҚ”  газетінің  осы  жыл-

ғы  9  қыркүйектегі  санын-

да  Пе да гогикалық  ғылымдар 

ака   де миясының  “Термин  жасау-

ха лықтық іс” деген шағын хабар-

ламасы  жарияланған  еді.  Онда 

30  томдық  терминологиялық 

сөздіктер 

Педғылымдар 

академиясының  сайтына  ілінгені 

жазылған.  Өкінішке  орай,  одан 

оқып  танысуға  мүмкіндік  бол-

мады.  Термин  сөздер  жайлы  өз 

ойтолғамымды  apnkaz  @  mail.ru  

электрондық адресіне жолдадым.

Р.ЖАРЫЛҚАСЫНОВ,

ардагер журналист. 

ТIЛ—ҰЛТТЫҢ РУХЫ



(Термин сөздер жайлы ой толғау)

Ұлытаудағы сұқбат ұлағаты

АУДАН ӘКІМІНІҢ, ОНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ 

АППАРАТ БАСШЫСЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫ  ЖЕКЕ 

МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Мемлекеттік 

органның 

атауы


Азаматтарды 

қабылдауды 

жүргізетін 

лауазымды адамның 

тегі, аты-жөні

Азаматтарды 

қабылдауды 

жүргізетін 

адамның 

лауазымы


Азаматтарды 

қабылдау күні 

мен уақыты

Мемлекеттік 

органның 

орналасқан жері

Байланыс 

телефоны


Аудан 

әкімінің 

аппараты

Шамұратов 

Нәжмадин 

Шәкизадаұлы

Аудан әкімі

Сәрсенбі күні 

сағат.17.00-19.00 

Жосалы кенті, 

Т.Рысқұлов, №2 А 

2-11-31


Қошалақов Әділ 

Үсенұлы


Аудан әкімінің 

орынбасары

Жұма күні 

сағат.17.00-19.00

Жосалы кенті, 

Т.Рысқұлов, №2 А 

2-12-36

Қарқынбаев 



Әлімжан 

Әбдісәлімұлы

Аудан әкімінің 

орынбасары 

Бейсенбі күні

сағат.17.00-19.00

Жосалы кенті, 

Т.Рысқұлов, №2 А 

2-11-85

Қаржаубаев Арман 



Молдабайұлы

Аудан әкімінің 

орынбасары

Сейсенбі күні 

сағат.17.00-19.00

Жосалы кенті, 

Т.Рысқұлов, №2 А 

2-11-34


Буханов Дастан 

Әбдібекұлы

Аппарат 

басшысы


Бейсенбі күні 

сағат.17.00-19.00

Жосалы кенті, 

Т.Рысқұлов, №2 А 

2-13-54

Қазан айының алғашқы күндері Қызылорда қаласында аймақ басшысы Қырымбек 



Елеуұлы  Көшербаев  халықаралық  ұстаздар  күніне  байланысты    өскелең  ұрпақты 

білім нәрімен сусындатып, олардың өмірден өз орындарын табуларына үлес қосып 

ке ле жатқан  бір топ үздік  сала мамандарын қабылдап,  құрмет көрсеткен болатын-ды.

Міне, осы мерекелік қабылдауда құрметке бөленген және де  1 миллион теңгелік 

сертификатқа ие болған ұстаздар қатарында  1999 жылдан бері Ақай ауылындағы №99 

орта мектепте  шәкірттерге әуез пәнінен тәлім беріп, абыройға кенеліп  келе жатқан І 

санатты ұстаз  Шамшырақ Баймағамбетова да бар. 

Ұлағатты  ұстаз  Шамшырақ  Өтегенқызы  өзінің  21  жылдық  педагогикалық 

жұмыс өтілі аралығында көптеген білімді шәкірттер тәрбиелеп өсіріп, бүгінде оның 

шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде ел экономикасын дамытуға өзіндік үлестерін 

қосып, ұстаздарының мерейін тасытуда.

«Еңбек-ер  атандырады»  демекші,  Шамшырақ  Өтегенқызы  Баймағамбетова  

шәкірт тәрбиелеудегі елеулі еңбектері үшін аудан, облыс әкімдерінің  және облыстық, 

аудандық  білім  беру  департаменті  мен  бөлімінің  марапаттары,  сондай-ақ    бірнеше 

рет білім саласы қызметкерлері арасында өткен халықаралық, республикалық және 

облыстық, аудандық байқауларда үздік атанып, Құрмет грамоталары мен Алғыс хат-

тарымен марапатталған білікті маман. 

Марапатың құтты болсын, құрметті ұстаз!




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал