Армандар орындалады! Енді мен осының рас екенін білемін! Менің жапон



жүктеу 15.27 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі15.27 Kb.

Армандар орындалады! 

Енді мен осының рас екенін білемін! Менің жапон 

мәдениетіне деген махаббатым балалық шағымда пайда 

болды. Барлығы анимені көргеннен басталды. Оның мені 

жаулап алғаны сонша, осы ерекше елге – Күншығыс еліне – 

баруға өз-өзіме сөз бердім. Курстарға барып жүріп, әр сабақ 

сайын Жапонияға деген ғашықтығым арта берді. Кейін осы 

курстарда сол елдің тұрғындарымен танысып, ғажайып 

мәдениеті бар ізгі ниетті халықтың маған ұнайтындығын 

түсіндім. Жапон тілін оқыған сайын осы елге бару 

құлшынысым арта берді. Жиі Токио мұнарасынан төмен 

қарап тұрғанымды елестеттім. Мен арманыма сендім де

сенбедім десе болады, дегенмен бір-ақ нәрсе белгілі болды 

– бәрін өз көзіммен көргім келді! Халқын, тұрмысын көріп, 

Жапонияның иісі мен ірі қалаларының асығыс ырғағын 

сезінгім келді! Басты жүлде Жапонияға жолдама болып 

табылатын конкурс жайлы естігенде, бұл – менің 

мүмкіндігім деп ойладым. Және мен онымен қолдандым. 

Бұл – ерекше адам сенгісіз сезім. Сөзбен айтып жеткізу 

мүмкін емес. Ұшуға біраз күн қалғанда қобалжығаннан көз 

ілмедім. Қалай ұшып баратынымды, онда не істейтінімді 

көз алдыма елестеттім, бұндай ғажайыпқа сене алмадым. 

Міне, өзіммен үлкен естелік қорын алып келдім, ол мен 

үшін бағалы әрі қажетті.  

Стажировка кезінде біз Осака, Токио, Киото, Нара және өзге 

де қызықты орындарда болдық. Бәрінен де Одайба, Скай 

Три, Токио мұнарасы секілді Токионың танымал жерлері 

таң қалдырды. Осакадағы океанарий таңқаларлық 



сұлулығы мен теңіз мекендеушілерінің алуандығымен 

ұнады. Кейбіреулерін тіпті қол тигізіп ұстап көруге болатын

сонымен қатар Нарадағы еліктер қуантты. Олар өте сүйкімді 

және адамдардан еш қорықпайды. 

Токиода Котаро-санмен кездестік. Онымен Алматыда 

Жапон орталығында танысқан едік. Ол үнемі өзінің елі 

жайында айтып отыратын, ал біз, сәйкесінше, өз қаламызды 

аралауда көмектесетінбіз. Осылайша достасып кеттік. Сол 

себепті Токиоға ұшып барғанда кездесуге келістік те, ол 

маған қаланы көрсетті.  

Жапон қоғамының ілтипаты мен қонақжайлылығы 

жүрегімде жылы сезім ұялатты. Бір күні мен адасып кетіп, 

жас қыздан жол сұрадым. Ол мені есікке дейін жеткізіп 

салуын ұсынды. Жаңбыр жауып тұрғандықтан, ол менімен 

қолшатырын бөлісті. Жолда ақсаңдап (аяғым қажалған еді) 

бара жатқанымды байқап, бұласыр (пластырь) берді. 

Болмашы нәрсе болып көрінер, алайда өзге елде туған 

қалаңнан шалғай жерде жүргенде, бұндай қылық – өте 

маңызды әсерлі болады. 

Танымал жерлерлі аралаудан бөлек, біз бағдарлама 

бойынша жапон отбасы мен бастауыш мектепке бардық. 

Міне! Менің армандағаным – дәл осы. Ол – менің 

жапондықтардың тұрмысын түсінуіме көмектесті. Біз 

Миюки-санның үйінде бір отбасы ретінде керемет уақыт 

өткіздік.  

Бағдарлама қатысушыларының әрқайсысы өз елі жайлы 

әңгімелеп берді, барлығымызға қызық болды. Менің 


ойымша, осындай кездесулер дүние жүзінің адамдарына 

бірін-бірі жайлы көбірек білуге көмегін тигізеді. Бұл – бір-

бірімізді жақынырақ әрі ұйымшыл етеді. 

Осы бағдарламаның жақсы жақтары өте көп. Жапон тілі 

түрлі елдің өкілдерін біріктірді. Мен дүние жүзінің әр 

бұрышынан келген қызықты адамдармен таныстым. Біз 

өзімізбен алып барған кәдесыйларымызды сыйладық

оларды өміріміздің соңына дейін сақтайтынымызға 

сенімдімін. 

Жапонияда өткізген уақытым көптеген жарқын әрі 

ұмытылмас естеліктерді сыйлады. Осы жолдама жапон 

тілінің көптеген мүмкіндіктерді ашатынын көрсетті, 

болашақта нені қалайтынымды түсінуге көмектесті.  

Кезінде кіп-кішкентай қыз болып Жапония жайлы 

армандайтынмын...Мінеки, арманым орындалды. Енді мен 

алдыма жаңа мақсат қойдым, ол, әрине, Жапониямен 

байланысты. Ал ол – мүлдем басқа әңгіме! 

Армандаңыздар, себебі армандар шынымен де 



орындалады! 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал