Арынбаев ән арнаған әсем кеш



жүктеу 362.16 Kb.

бет1/4
Дата05.03.2017
өлшемі362.16 Kb.
  1   2   3   4

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

Жастар 

жетістігі – 

білім мен 

бірлікте

Ұлы ерлікке 

тағзым

4-бетте


7-бетте

8-бетте


Арынбаев 

ән арнаған 

әсем кеш

ҚазМемҚызПУ-дың Кә-

сіп  тік бағдар және карье-

ра бөлімі жыл сайын ұйым-

дастыратын тұрақты түрде 

бос орындар жәрмеңкесі жас 

мамандарға бүгінгі таңда 

білім беру ошақтарында қай 

саланың мамандарына сұраныс 

көп немесе тапшы, жұмыс 

өтілінсіз жұмысқа орналасуға 

м ү м к і н д і к   б а р   е к е н д і г і н 

анықтап, «дипломмен – жұ-

м ы с қ а »   ж о с п а р ы н   ж ү з е г е 

асыруға мүмкіндік береді. Осы 

мақсатта «Н.Назарбаев білім 

қоры» қоғамдық қоры «Ми-

рас» балабақшасынан, Алма-

ты қалалық жұмыспен қамту 

орталығының Алмалы, Алатау, 

Түрксіб, Наурызбай, Әуезов, 

Бостандық, Жетісу, Медеу 

аудандары бөлімдері, Алма-

ты облысының Жамбыл, Іле, 

Қарасай, Талғар аудандарының 

білім басқармалары, «Kaspi 

банкі» мен «Head hunter» 

компаниялары мен Алматы 

қаласының орта білім беретін 

бірқатар гимназиялары мен 

м е к т е п т е р і ,   Ж а м б ы л т а н у 

ғылыми зерттеу институтының 

және Қапшағай қаласынан 

«Ақбота», «Балауса» бала бақ-

ша ларының өкілдері қатысты. 

(Жалғасы 2-бетте)

лап, түзеп, жөндеп, жаңаруға ақ 

н и е т п е н   к і р і с к е н .   О с ы   р е т т е 

Қыздар университеті бабалардың 

жалғасындай жаңалықпен қарсы 

алды. Қалашықтағы 450 орындық 

ж а т а қ х а н а   қ ұ р ы л ы с ы   м е н   3 2 

орындық бассейн құрылысы білім 

нәрімен сусындауға келген барша 

ізденушілердің игілігі үшін жүргізіліп 

жатыр. Ал қыз мінезді Алматының 

ауа райымен жақсы таныс оқу орны 

басшылығы аптап ыстықта күн 

өтпесін, жауынды күні су болмасын 

деген қамқорлықпен жазғы сауық 

алаңының айналасын 12 бағанмен 

қоршап, уығын қадап, қазақтың 

12 қанатты киіз үйі іспетті етіп 

шаңырағын көтеріп, «Ақ шатыр» деп 

ат қойып, айдар тақты.



(Жалғасы 3-бетте)

8-бет 


газетінің «наурыз көжесі»

Мансап жолының сәтті қадамы

№4 (127)


20 cәуір

2015 жыл


15 сәуір күні Қазақ мем лекеттік қыздар педаго гикалық 

университетінде Бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Оқу орнының 

бітірушілері үшін арнайы ұйымдастырылған шараға 44 жұмыс 

беруші мекеме қатысты.

Күн жылынып, айнала жайма-

шуақ күйге енген ғажайып 

мезгілде ең ұзақ тойлана-

тын – Ұлыстың ұлы күні На-

урыз мейрамы. Жаңа жыл 

төрімізге енгенде Қыздар 

университеті ресми түрде атап 

өтіп, барша қауымды мейірімнің, 

татулықтың, ынтымақтың 

мерекесімен құттықтаған еді. 

Есігімізден еніп, төрімізден орын 

алған қамбалы да қазыналы Қой 

жылының дүбірлеген тойын Ару-

лар ордасы сәуір туғанда тәуір 

болатын Жер-Ананың бусанған 

шағында, айнала құлпырып, 

көк майса шығып, ағаштар 

бүршік жарып, шешек атқанда 

жарасымды жалғастырды. 

Жақсылықтың жаршысы болсын 

деген ниетпен Ұлыстың ұлы 

күнінде оқу орнының ұстаздары 

мен студенттері алдында «Ақ 

шатырдың» тұсауы кесілді.

Табиғат ананың адамзат біле 

бермейтін таңғажайып 

құбылыстары 

қаншама?! 

Жаратылыстың 

жұмбақ сырларын 

ашқан сайын адам 

нанғысыз дерек-

тер мен дәйектерді 

кездестіретініміз анық. 

Бүгінгі санда қызығушылық 

танытқандардың назарла-

рына ғалымдар зерттеген 

бірнеше деректерді ұсынуды 

жөн көрдік.

«АҚ ШАТЫРДА» 

ДҮБІРЛЕГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ

ҒАЖАЙЫПҚА 

толы ғалам

Арулар қалашығының сәнін 

кіргізген ерекше құрылыс ныса-

нын дәл осы тойда ашудың өзіндік 

себебі бар. Қазақ халқы Наурыз 

айы туғаннан «бір жылды аман-

есен өткердік, басымыз аман, ба-

уырымыз бүтін, мал-жанымыз 

түгел» деген шүкіршілік ниетпен 

Жаңа жылдың бастауын қарсы 

алуға ерекше дайындықты бастаған. 

Үй ішін тазалап, пәле-жала бол-

масын деп қасиетті санаған арша, 

адыраспан секілді өсімдіктермен 

а л а с т а п ,   қ о р а - қ о п с ы н ы   т а з а -

ФИЛОЛОГИЯ 

ФЕНОМЕНІНЕН 

ТАРИХИ ДӘРІС

10 сәуір күні Қазақ филоло­

гиясы және әлем тілдері» факуль­

те ті нің студенттеріне Ұлттық ғы­

лым  академиясының  ака де мигі, 

көрнекті ғалым, ұла ғатты ұстаз, 

ұлт жанашыры, осы кезде 90 

жасқа жетіп отырған ғалым Рәбиға 

Сыздық дәріс оқыды. 

Өткен жылы қыркүйек ай-

ында ғалымның 90 жасқа толған 

мерейтойына орай «Акаде мик 

Р.Сыздық атындағы дә  ріс-

хана» ашылған болатын. Р.Сәті -

ғалиқызы кездесуді сол дәріс-

ханада сұхбаттасудан бас тады.

«Сөздер тарихынан» тақы-

ры бындағы дәрісте филология 

феномені сөздердің шығу тарихы 

мен қазіргі сөйлеу мәдениетіндегі 

қолданыстар жайына көп тоқ-

талды. «Бір күні радио тың дап 

отырсам, бір дикторымыз  «пәлен-

шеге толағай табыс тілейміз» 

деді. Айналайын-ау, о заман да 

бұ заман, адамға толағай табыс 

тілеуші ме еді?! Толағай дегеннің 

мағынасы – тақыр, жалаңаш де-

ген ұғымды береді. Ендеше сіз ол 

кісіге жалаңаш табыс тілеп отыр-

сыз ба? Кейінірек қарап отырсам 

бұл тіркес көп жерде қолданып 

жүр екен. Соған қарағанда, «тола-

ғай» сөзін «тол» деген түбірге бай-

ланыстырып, «мол табыс» деген 

мағынада қолданып жүр-ау деп 

ойладым. Бірақ бұл тіркес қате» 

деген пікірді айтты. Дәріс бары-

сында Рәбиға Сыз дық ғылым 

жолындағы ғұмы ры жайлы да 

сыр шертті. Дәріс сту денттердің 

тіл біліміне қатысты көкейтесті 

сұрақтарымен, ғалымға арналған 

өлеңдерін оқумен жалғасты. 

Кездесу соңында ғалым өзінің 

соңғы жылдарда жарық көрген 

кітаптарын сыйға тартты. Ұла-

ғатты ұстаз Р.Сыздықоваға 

ректордың ар найы алғыс хаты 

мен сый лықтар табыс етілді.



Зүбәйра ЖОРАБЕК, 

Қазақ филологиясы және 

әлем тілдері факультетінің 

2­курс студенті

2

2

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№4 (127)

20 сәуір


2015 жыл

А Қ П А Р А Т



16 сәуір күні Қазақ 

мемлекеттік қыздар педа-

гогикалық  уни верситетінің 

ректоры Динар Жүсіпәліқызы 

Нөкетаева оқу орнының 

белсенді студенттерімен және 

топ басшыларымен кездесу 

өткізді.

Оқу орны басшысы оқу жылын-

да кемінде 2 рет ресми кездесу өткізіп, 

студенттердің оқу үлгерімдері мен тәртібіне 

қатысты мәселелер төңірегінде ашық 

әңгіме алаңын ұйымдастырып, студенттер 

тарапынан қойылған сауалдарға жауап 

береді. ҚазМемҚызПУ белсенділерімен 

өткен бұл жолғы жүздесі көктемгі сессия 

мәселесіне арналып, оқу жылын сәтті 

аяқтауға қатысты сауалдарға жауап беруді 

басты мақсат тұтты.

Қыздар университетінің ректоры 

Д.Ж.Нөкетаева арулар қалашығындағы 

жасалып жатқан жұмыстарға, 450 орын-

дық жатақхана мен 32 орындық бассейннің 

құрылысы, сонымен қатар жазғы алаңға ар-

найы шатырдың жабылуы жайында толық 

мағлұмат беріп өтті. Динар Жүсіпәліқызы: 

«Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің студенттері қабілет-

қарымы мықты, құзыреттілігі жоғары, 

бәсекеге төтеп бере алатын білімді болула-

ры үшін оқу үдерісінде біршама өзгерістер 

мен жаңалықтарды енгізіп жатырмыз. 

Бүгінгі таңда 4 жыл оқытылатын бакалавр 

мамандығының өзінде отандық және 

шетелдік дипломды алуға мүмкіндік жа-

салды. Белсенді әрі білімді студенттер 

АҚШ-тың Миссиссипи мемлекеттік 

университетінде, Англияның Лондон ме-

(Басы 1-бетте)

Барлығы 44 жұмыс беру мекемесі 600-

ге жуық бітіруші түлектерге ақпараттық 

қызмет көрсетіп, бос жұмыс орындары бар 

мамандықтарға сай түйіндемелерін жинақтады.

« Б о с   ж ұ м ы с   о р ы н д а р   ж ә р м е ң к е с і н 

ұйымдастыру жас мамандар үшін ғана емес, 

жұмыс берушілерге де маңызды. Бізге орыс 

тілі мен әдебиеті, дефектология секілді 

бірнеше саланың мамандары керек. Осындай 

жәрмеңкелер арқылы жас мамандарға ақпарат 

бере аламыз. Орта мектепке орналасқан жас 

маманға тәжірибесі мол ұстаздар бағыт-бағдар 

беріп, жұмысының алға басуына әрдайым 

көмек көрсетеді. Сондықтан жастар жұмыс 

істеуге құлшыныс білдірсе, біз өз тарапымыз-

дан қолдауға дайынбыз. Елімізде жас маман-

дар үшін «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы 

да бар. Бұл бағдарламаның да көмегі зор деп 

ойлаймын», – дейді жәрмеңкеге қатысушы 

Алматы облысы Қаскелең қаласы Н.Әлімқұлов 

атындағы орта мектебі директорының оқу ісі 

жөніндегі орынбасары Үмітхан Әділханова.

Жәрмеңке аясында Алмалы аудандық 

ж ұ м ы с п е н   қ а м т у   о р т а л ы ғ ы н ы ң   ө к і л і  

Г.Ө.Қазыбаева арнайы семинар өткізіп, 

«Жұ мыспен қамту – 2020», «Жол карта-

сы» бағдарламалары туралы, оның ішінде 

әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар 

тәжірибесі туралы толық мәлімет берілді. 

Ал Қазақ психологтар ассоцациясының 

мүшесі, практик-психолог К.Елшібаева жас 

мамандарға жұмысқа орналасуға, мансап жо-

лын бастауда көмек беретін психологиялық 

тренинг ұйымдастырды. 

Бірден еңбекке араласуға, мансап бас-

палдағына қадам басуға мүмкіндік беретін 

б о с   о р ы н д а р   ж ә р м е ң к е с і н і ң   б и ы л ғ ы 

ұйымдастырылуы да Қыздар университеті 

түлектерінің де қабілет-қарымын танытып, 

жұмысқа орналасуына септігін тигізеді деп 

сенеміз. 



Әлия КЕМЕЛБЕКОВА

«Атакент-Экспо» халықаралық көрме 

компаниясы, ҚР Білім және ғылым ми-

нистр лігі мен Астана қаласы әкімдігінің 

ресми қолдауымен өткен биылғы көрмеге 

65 шетелдік ЖОО мен 30 шақты отандық 

ЖОО-ы қатысты.

Көрменің мақсаты – барлық білім 

беру деңгейлерінің, заманауи оқыту 

технологияларының, оқу жабдықтарының 

жаңа оқу бағдарламаларының және жаңа 

ұр пақ оқу-әдістемелік кешендерінің маз-

мұны саласындағы жетістіктерді көрсету

жас мамандарға өз білімдерін іс жүзінде 

қол дануға ықпалды көмек көрсету болып 

табылады. «Білім және Мансап-2015» 

к ө р м е с і н і ң   ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л а р ы 

көрмеге келгендер үшін олардың та-

лабы мен тілектеріне орай қажетті оқу 

орнын таңдауға көмек берді. Көрме 

шеңберінде таныстырылымдар, көрмеге 

қатысушылардың семинарлары кіретін 

іскерлік бағдарламалар, жастардың үлкен 

тәжірибелік қызығушылығын тудыра-

тын ҚР Ұлттық тестілеу орталығының 

байқама тестілеуі жүргізілді. Сондай-

ақ, көрмеге келгендер үшін олардың 

талабы мен тілектеріне орай қажетті 

оқу орнын таңдауға көмек көрсетілді. 

Қатысушылардың пікірінше, бұл көрме 

11 сынып оқушыларын ЖОО-нын және 

мамандық таңдауда білімге шақыру 

шараларының ең үздігі болып табылады.

Көрме барысында ҚазМемҚызПУ 

Қабылдау комиссиясы ұжымы мен 

Дайындық бөлімінің әдіскерлері Кәмшат 

Жантаева мен Аяулым Қалжанова бака-

лавр-магистратура-докторантурада білім 

беру жүйесі туралы мәлімет берді. Сонымен 

қатар, кредиттік жүйе арқылы жүргізілетін 

оқыту үдерісі, NCC (Ұлыбритания) 

агенттігімен аккредиттелген Халықаралық 

Foundation (IFY) бағдарламасы туралы 

және ҰБТ мен КТ өту балын жинақтай 

алмағандар үшін Дайындық бөлімі жұмыс 

жасайтындығы жайында хабардар етті.

Қазақ мемлекеттік қыздар педаго ги-

калық университетінде мемлекеттік грант 

негізінде оқитын студенттер 3 мезгіл тегін 

тамақ және жатақханамен қамтамасыз 

етілетіндігі көпшіліктің қызығушылығын 

туғызды.


Қалима ЕЛШІБАЕВА, 

Қабылдау комиссиясының хатшысы

Университет қызметкерлері мен 

студенттеріне арналған жиын діни 

экстремизм мен терроризмнің ал-

дын алу, құқықтық бағыт-бағдар беру, 

ақпараттандыру мақсатында биресми 

форматта ұйымдастырылып, еркін сұрақ-

жауап алмасуға мүмкіндік жасалды.

Б а с қ о с у ғ а   А л м а т ы   қ а л а с ы   Д і н 

істері жөніндегі басқарма басшысының 

кеңесшісі, бас маман А.Н.Шалданбаев, 

Алматы қаласы Медеу ауданының бас 

имамы Т.Жакиев, Құқық және басқару 

негіздері кафедрасының аға оқытушысы 

Ж.Б.Мукалдиева, Тәрбие жұмысын 

ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л ы қ - ә д і с т е м е л і к 

қамтамасыз ету бөлімінің маманы 

М.А.Жанкебаева мен 6 факультеттің 

студенттері қатысты.

Жиын «Незримый фронт – Анти-

террор» атты 4 сериялы бейнефильм 

көрсетумен басталды. Алматы қаласы Дін 

істері жөніндегі басқарма басшысының 

кеңесшісі, бас маман А.Н. Шалданба-

ев: «Біздің жастар жан-жақты сауатты 

болу керек. Қазіргі таңда рухани, діни 

азық іздеймін деп жүріп көп жастар басқа 

ағымдардың жолына түсіп, адасып жатыр. 

Алматы қаласы бойынша айтар болсақ, 

қалада 42 мешіт жұмыс істейді, оның 38-і 

қайта тіркеуден өтті. Дін істері жөніндегі 

басқарма түрлі діни ұйымдарды тексеріп, 

олардың жұмыстарына бақылау жасай-

ды. Бірақ, сеантология секілді ұйымдар 

шет тілдерін оқыту сияқты түрлі қызмет 

түрлерін көрсететін ұйым ретінде тіркеліп, 

өздерінің жымысқы әрекеттерін астыр-

тын жүзеге асыруға бет алып отыр. Сол 

себепті де, жастар «тегін үйретеміз» де-

гендерге сеніп қалмаулары керек», – деп, 

көшедегі, қандай да бір орындардағы 

уағыздарға сеніп кетпеуге, берілген 

ақпаратты тексеруге шақырды. Студенттер 

тарапынан қойылған сан түрлі сауалдарға 

А.Шалданбаев пен имам Т.Жакиев, Құқық 

және басқару негіздері каыфедрасының 

аға оқытушысы Ж.Б.Мукалдиева жауап 

беріп, әрбір азамат өзінің конституциялық 

құқығын білу керектігін түсіндірді.

Қ.ТЕЛМАН

Мансап жолының 

сәтті қадамы

ҚазМемҚызПУ таныстырылды

«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ»

ЖӘРМЕҢКЕ


КӨРМЕ

БАСҚОСУ


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2015-2016 оқу жылының 

контингентін қалыптастыру үшін және кәсіби бағдар жұмысын жандандыру 

мақсатында Алматы қаласындағы «Атакент-Экспо» орталығында өткен ХVI «Білім 

және Мансап – 2015» халықаралық білім көрмесіне қатысып қайтты.

3 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан 

Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті жанындағы Қазақстан Республикасының 

Терроризмге қарсы орталығы мүшелерімен терроризм және діни экстремизм 

мәселелеріне арналған жиын өтті.

ҚҰЗЫРЕТТІ МАМАН БОЛУ – 

СТУДЕНТ МАҚСАТЫ

Кездесу барысында Жастар саясатын 

дамыту бөлімінің басшысы М.Ахтаева 

белсенді студенттер мен топбасшыларын 

студенттерді таза сессияға шақырып, 

жемқорлықпен күресті әрбір студенттен 

бастау керектігін, уақытылы сабаққа 

қатысып, үлгерімді жақсарту керектігін 

атап өтті. Кездесу барысында студент-

тер өздерін мазалаған сұрақтарды оқу 

орны басшысына, барлық проректорларға 

қойып, тікелей жауаптарын да ала алды.



Қ.МЫРЗАЛИМОВА

неджмен және ғылымдар академиясында, 

Түркияның Нийде университетінде білім 

ала отырып, қос дипломды маман атана 

алады. Ол үшін ең бастысы ағылшын 

тілін қажетті деңгейде меңгеріп, жақсы 

оқысаңыздар болғаны. Біз үштұғырлы тіл 

саясатын ұстанып отырған елміз. Өз ана 

тілімізбен қатар шет тілдерін еркін меңгеру 

арқылы сапалы білімге қол жеткізіп, 

Қазақстанның дамуына барынша үлес 

қоса аламыз», – деп «білімді мыңды 

жығатындығын» ерекше түсіндіріп өтті.

Ал Оқу ісі жөніндегі проректор 

Ә.Ж.Тойбаев студенттерге оқу үдерісі 

жөнінде әрдайым құлағдар болып, Универ 

жүйесінде, оқу орны сайтында, ректор бло-

гы арқылы жарияланған хабарламалармен 

таныс болып жүруге кеңес берді. Сонымен 

қатар мемлекеттік және халықаралық 

аккредиттелген мамандықтар туралы, қос 

дипломдық бағдарлама мен халықаралық 

білім беру мектебі, дуальді оқыту жүйелері 

туралы толық мағлұмат беріп өтті.

Сонымен қатар, шет тілдерін меңгеріп, 

қос дипломды бағдарламаның игілігін 

дер кезінде пайдалануға кеңес берді. 

Былтырғы оқу жылында Қ.Бабатаева мен 

Ә.Бахрамовалар АҚШ-та білім алып, 

алғашқы қос дипломды түлек атанса, 

биылғы оқу жылында олардың қатарлары 

артпақ. Миссиссипи мемлекеттік уни-

верситетінде 7 студент, Лондонда 3 сту-

дент білім алып жатыр. Жыл сайын бұл 

көрсеткіштің саны артпаса, кемімейтіні 

анық. Себебі еуропалық сападағы білім 

алып, халықаралық деңгейдегі маман 

атану – қоғам талабы. Оқу ісі жөніндегі про-

ректор Қыздар университетінің студенттері 

жұмыс беруші мекемелер таласып, өздері 

ұсыныс жасап, шақыратындай қабілетті, 

құзыретті болулары керектігін, ол үшін 

студенттік жылдарда сапалы білім алуға 

ұмтылу қажет екендігін жіті түсіндірді. 



3

3

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№4 (127)

20 сәуір


2015 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К



(Басы 1-бетте)

Жаңа жылға жаңалықпен қадам басқан 

бірегей оқу орны «Ақ шатырдың» аясында 

молшылық мерекесі Наурыз тойды, көпшілік 

асыға күтетін ынтымақтың, қуаныштың тойын 

шат-шадыман көңіл-күйде бастап кетті.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне 

арнал ған салтанатты шараға оқу орны басшы-

лығы, ғылыми педагогикалық құрамы мен 

сту денттері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат 

құрал да рының басшылары мен қызметкерлері 

қатысып, ешбір жоғарғы оқу орында жоқ, 

өзгелер де қаталанбайтын сұлулардың өнерін 

тамашалады.

М ы ң   б ұ р а л   б и   б и л е г е н   а р у л а р д ы ң 

ақ таяғын таянып, ақ күпіге оранған қыс 

мезгілінен кейін арайлаған таңымен, нұр 

шапақты сәулесімен жер дүниені жылғалардан 

газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп: – 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті – тек қана аруларға білім беретін 

оқу орны ретінде ерекше емес, сонымен қатар 

ұлт тәрбиешілерін қалыптастыратын шынайы 

тәрбиесі ордасы. Барлығымыз куә болдық. 

Қалашықтан тағы бір нысан бой көтерді. 

Қазақ халқы тіл-сұқтан сақтасын деп оңаша 

отау тіккен. Міне, көктемнің шуақты күнінде 

ашылу рәсімін жасаған «Ақ шатыр» арулар 

ордасының көркіне айналып, береке мен 

мерекеге толы болсын! Қазақта «тал бесіктен 

жер бесікке дейін» деген тіркес бар. Осыған 

ар бесігі деген ұғымды кіргізу керек деп ой-

лаймын. Ар бесік деген – тәрбие, ұят, тектілік. 

Қыздардың тәрбиесінде ар деген бірінші 

орында болуы керек, – деп ақ жарма тілегімен 

қатар тәрбиелік мәні зор сөздерін жеткізді. Со-

нымен қатар, Қыздар университетінен ғылыми-

дүниесінің ортақ мерекесі ұлыстың ұлы күні 

әз-Наурыз – ежелден еркіндік пен елдіктің 

нышаны. Келер жылы да ақ мол болып, 

ырыс- береке артсын, несібелі жыл болсын 

деген ниетпен ыдыс-аяқтың барлығын қымыз, 

шұбат, сүт секілді аққа және де арпа, би-

дай, жүгері секілді дәнді-дақылдарға толты-

рып, дастарқанын кең жайған молшылықтық 

мерекесі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мән-

мағынасы жойылмай беріліп келе жатқан. 

Наурыз мейрамы – ынтымақ пен бірліктің 

мерекесі. Алыстағы ағайын қыс бойы жол 

қашықтығынан бірін-бірі көре алмаған болса, 

күн жылынып, жер кепкен уақытта ат арыл-

тып, алыстан сәлем-сауқат сұрасқан. Ағайын 

арасындағы бірлікті нығайтуға сеп болатын 

кешірімнің, мейірбандылықтың, жылылықтың, 

татулықтың бастауы да – осы мереке.

Кез келген ортада қазақы салт-дәстүрлер  тысып, бәйгеге түсіп, теңге іліп, бойларындағы 

қызуқандылықтарын көрсете білетін ойын-

сауықтың мерекесіне оқу орны дарындыла-

ры үлкен үлес қосты. Тоңды жібітіп, тасты 

ерітіп, жүректі елжіретіп, көңілді тебірентіп 

жететін шуақты мерекені тойлауда Қыздар 

университетінің мақтанышына айналған 

«Айгүл» вокалды-аспапты ансамблі мен «То-

мирис» би ансамблі, «Шаттық» триосы, Өнер 

және мәдениет факультетінің студенттері 

Сымбат Разақова, Жанат Өтемісова, Жұлдыз 

Әділбекова, Март Ерболқызы бастаған та-

ланттар мен қыздардан құралған хор ұжымы 

дүйім жұртқа ән мен күйін паш етті. Қазақстан 

Республикасы Мәдениет қайраткері Бану 

Тұрғынбаева мен «Томирис» би ансамблінің 

орындауындағы «Раушан гүл» қойылымы 

көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Ал 

«Студенттік көктем – 2015» фестивалінің «Qazaq 

Style» ұлттық киімдер бағыты бойынша жас ди-

зайнерлер байқауында 2 орын алған «Кәсіптік 

оқыту» мамандығының 1-курс студенті 

Ж.Мұса мен 3 орынды иеленген«Кәсіптік 

оқыту» мамандығының 4 курс студенті 

Ж.Шәріпбаеваның «Дәстүр» коллекциясын 

арулардың Наурызында тамашалауға мүмкіндік 

туды. Сонымен қатар, найза ату, шахмат, 

тоғызқұмалақ сынды бірнеше ойындардан 

жарыс өткізіліп, үздіктер мақтау қағазымен 

марапатталды.

Тәуелсіздік таңын, Сарыарқаның самалын, 

көктемнің шуағын ән әуезіне, күйдің күмбіріне 

салған арулар барша қауымды жеті түрлі дәм 

қосылып жасалған Наурыз көже мен ыстық 

бауырсақ, құрт-май, жент-сөк қойылған әз-

Наурыздың кең дастарханынан дәм татуға 

шақырды. Дастарқанға баса назар аударып 

жатудың өз себебі бар. Мал шаруашылығын бес 

саусақтай білген ата-бабамыз шұрайлы жердің 

шөбінде жайылған қойдың сүті құнарлы да 

майлы болатындығын жақсы білген әрі одан 

түрлі дәмдерді әзірлеген. Жаңа сауылған сүтін 

саума дейді. Оны үйде де, түзде де қайнатып 

ішсе – шөл қандырар сусын, қарын тойды-

рар тағам. Қой сүтінен айран, қатық, кілегей, 

қаймақ, сүзбе, ақірімшік, қызылірімшік, са-

рысу, іркіт, тасқорық, уыз, сірне, құрт, т.б. 

жасайды. Су қосылған қой сүтін «сүмесін» 

деп атайды. Ет тапшылау болғанда қазақ 

сүмесінмен күн көрген. Ал жас балаларға беру 

үшін қазанда қойылғанша қайнатылған сүтті 

«балқаймақ» дейді. Көктемгі қой қоздаған 

кезде қойшылардың қой уызынан жасайтын 

тамағы – уызқағанақ. «Қойым жайып келемін 

бозғанаққа, өзім тойып келемін қағанаққа» – 

дейтін ел аузындағы өлең жолдары көктемдегі 

уыздың мол болуына байланысты шықса керек. 

«Қойдың сүті – қорғасын» деп бекер айтпаған. 

Оның құнарлылығы да, нәрлілігі де осы бір 

сөздің аясына сыйып кетеді.

Қой жылы өзінің болмысындай құт-

берекеге толы болсын деген ниетпен, сәні мен 

салтанатын жарастырып, мәні мен мазмұнын 

үйлестіріп өткізілген «Ақ шатырдағы» той 

республикамыздың әр аймағына педагог кадр-

ларды дайындайтын бірегей оқу орнының 

мықты ұстаздарының қазақы тәрбие мен 

халықтық педагогиканы сабақтастырып, әр 

студентті ел келбеті, нағыз ұлт тәрбиелеушісі 

етіп дайындауда аянбайтындықтарын танытты. 

Сәуірдің самалымен атап өтілген Ұлық мереке 

Қазақ мемлекетттік қыздар педагогикалық 

университетіне, Қазақ еліне молшылығымен 

келсін! Күйек қозы – құтпанға, мәйекті сөз – 

құтқа ұлассын!




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал