Ардақтауға не кедергі? Қ азақтың тұңғыш саяси партиясын құ рған және бүгінгі Тәуелсіздікке бастап



жүктеу 16.09 Kb.

Дата05.02.2017
өлшемі16.09 Kb.

АРЫСЫМЫЗДЫ 

ардақтауға 

не кедергі? 

Қ

азақтың тұңғыш саяси партиясын 

құ

рған және бүгінгі Тәуелсіздікке бастап 

әкелген Алашорда үкіметінің негізін қалаған 

Әлихан БӨКЕЙХАНОВТЫҢ есімі мен мұрасы 

- Кеңес үкіметі кезінде Лениннің өмірбаяны 

қ

алай бағаланса, одан артық болмаса, кем 

бағаланбауы тиіс. Бүгінгі тәуелсіз Мем-

лекетімізде бұл маселе, тіпті, көпшілікке 

міндеттелуі тиіс. Өйткені, Әлиханның ең 

басты мұраты орындалды. Қазақ өз алдына 

Тәуелсіз, дербес әрі бүкіл халықаралық қа-

уымдастық мойындаған мемлекет болып 

отыр. 

Әлекең армандаған қазіргі Тәуелсіз Қазақстан -

Алашорданың жаңарған, толыққанды бейнесі. Осыған 

көзіміз бүгін жетіп отыр. Оның үстіне, 1917-1919 жыл-

дары Алашорда автономиясын Ленин бастаған боль-

шевиктік билікке де мойындатуы - бүгінгі тәуелсіздіктің 

іргетасындай болып көрінеді. Автономияны мойын-

датып, Әлихан, Әлімхан бастаған қазақ зиялылары-

ның бүгінгі Қазақстанның шекарасын сол бұлыңғыр 

уақыттың өзінде-ақ бекіттіріп алуы - көрегендіктің, 

кемеңгерліктің белгісі. Ендеше, Әлихан Бөкейхан ҰЛТ 

КӨСЕМІ емей кім?.. Алайда, аузын буған өгіздей үн 

қ

атпаймыз... Ұлттық санамыз әлі де ұйқысырап жатыр. 



Алаштанушы белгілі ғалым Сұлтан Хан Аққұлы 

«Әлихан жапон мемлекетінің 1868-1889 жылдардағы 

«Мейзи жаңғыруы» деген даму тәжірибесіне қатты 

қ

ызыққан. Өйткені, олардың жиырма бір жылда артта 



қ

алған феодалдық мемлекеттен әлемдегі ең қуатты 

елдерінің біріне айналуы, «Алаш» бағдарламасын жа-

сауға үлкен септігі тиген. Ол сондай-ақ, Батыс Еуропа-

ның да даму үрдісін үлгі етіп алғысы келген. Германия, 

Дания, Англия, АҚШ, Швейцария, Аустралияның тәжі-

рибесін мұқият зерттеген. 1924 жылы «Теңдік» газетіне 

шыққан «Үлгі алыңыздар, Дания кооперативі және ел 

шаруашылығы» деген еңбегінде Данияның 1878 жыл-

дан 1900 жылға дейінгі аралықта агроөнеркәсібі ең 

дамыған елге айналғаны туралы жазған. Әлихан осы-

ларды көлденең тарта отырып, Қазақ елін ең дамыған 

аграрлық және өнеркәсібі бар елге айналдыруды көз-

деген. Бұл «Алаш» бағдарламасының бірден-бір стра-

тегиялық мақсаты болатын» деген қызықты деректер 

келтіреді. Бұл да Әлиханның көрегендігі. 

Көңілге демеу болатыны - 2015 жылдың қараша 

айында Парижде халықаралық ЮНЕСКО ұйымының 

38 сессиясында Қазақстан тарапынан келіп түскен 

Әлихан Бекейхановтың 150 жылдығын халықаралық 

деңгейде атап өту жайлы ұсыныс қаралып, қабыл-

данғандығы. Алайда, елімізде қазіргі таңға дейін іс-

телген іс-шаралар мардымсыз. Олай дейтініміз, баспа 

беттерінде, әсіресе, «Орталық Қазақстан» газетінде 

Октябрь ауданын және орталық көшелердің біреуін 

Әлихан Бөкейхановтың атына беру туралы мәселе бір-

неше рет көтерілген болатын. Облыс жұртшылығы да 

қ

олдау көрсеткен еді. Бұл мәселеге Октябрь аудандық 



ардагерлер ұйымы да қолдау көрсеткен. Бірақ, «баяғы 

жартас - бір жартас» (Абай) немесе «Жаңғырықтың» 

(оқыған боларсыздар, М.Сембайдікі) кері. Сөздің қыс-

қ

асы, ұзын сонарға салмай, Октябрь ауданын Әлихан 



Бөкейхановтың атына беру туралы мәселені оң ше-

шетін уақыт келді. Алдымызда Алаш қозғалысының 

100 жылдығы келе жатыр. Әлихан туған облыста оның 

атына не аудан, не көше бере алмай, бүгін шешетін 

мәселені кейінге қалдырып, қалғып жүре бермейік, аға-

йын! Арысымызды ардақтауға не кедергі? 



Ошақбай СУХАНБЕРЛИН, 

Октябрь аудандық ардагерлер 

кеңесінің мүшесі. 

Қ

АРАҒАНДЫ қаласы. 



Орталық Қазақстан. - 2016. - 7 сәуір (№61). - 6 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал