Қараша 15 қараша Қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин



жүктеу 52.91 Kb.

Дата02.02.2017
өлшемі52.91 Kb.

 

 

ҚАРАША 

 

15 қараша       



Қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл 

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ 

әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының 

Таран ауданы. 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның 

құрбаны болды.Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен 

қаламгер. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», 

«Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» 

поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл 

стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.Бейімбет Бейімбет 

он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. 

Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында 

ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.Бейімбет Майлиннің 

шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде 

халқымен мәңгі бірге жасайтын болады. 

 

Гимназия кітапханасынан оқи аласыз 



Майлин Б. Шұғаның белгісі:Әңгімелер.-Алматы: Атамұра,2003.-246б. 

       Аса  көрнекті  жазушы  Бейімбет  Майлиннің  қаламынан  туған  жүздеген  өлең,  ондаған 

поэма, көптеген әңгімелер тақырыбы жөнінен халық өмірінің сан қилы саласын барлайды, 

жаңалық  пен  ескілік  арасындағы  бітімсіз  тартыстың  ішкі  сырын  терең  ашып  көрсетеді. 

Әңгімелерін өмірдің көркем шежіресі деп бағалаған дұрыс.  

      Кітап көпшілік қауымға арналған. 

 

Желтоқсан

 

 



 

 

 

 

 

 

 



Зула, менің жыр-күймем, шабыт жегіп, 

Жер бетіне ғұмырлы жарық беріп... 

                                      Ф.Оңғарсынова 

 

5 желтоқсан Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 75 жыл 



Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (5 желтоқсан1939 жыл - 23 қаңтар2014 жыл)- 

қазақ ақыны, халық жазушысы. 



1966 жылы «Сандуғаш» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. «Маңғыстау 

маржандары», «Шілде»,»Жүрек күнделігі», «Сұхбат»т.б. өлеңдер жинақтары шықты. 

Чили халқының ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» поэтикалық кітабын, 

сондай-ақ А.А.Блоктың, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың т.б. шығармаларын қазақ 

тіліне аударған. 

 

Гимназия кітапханасынан оқи аласыз 



    Оңғарсынова Ф. Дауа:Өлеңдер.-Алматы:мұра,2002.-288бет 

        Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Фариза 

Оңғарсынованың бұл жинағы таңдамалы өлеңдерінен тұрады. 

     


6 желтоқсан 

 Мемлекет қайраткері, халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың  



                           туғанына 75 жыл 

                                                             

                                                             

                                                               

Кітапхана-адамзат жадының,  

                                                                            ұлт жадының алтын қоры                      

                                                                                                         Ә.Кекілбаев 

 

 



 

 

 

Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан1939 жыл Оңды ауылы, Маңғыстау 

облысы) - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері.

 

«Шандоз»,«Аңыздың ақыры»,«Үркер», «Елең-Алаң», «Конец легенды», «Плеяды – 



созвездие надежды», «Всполохи» романдары мен көптеген повесть, әңгімелері бар.

 

 



Гимназия кітапханасынан оқи аласыз 

          

            Кекілбайұлы Ә. 

   Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы. Үркер. Роман.1-том.-Алматы: 

Жазушы,2010.-352 бет 

    «Үркер» қилы замандағы орыс-қазақ қатынасында орын алған күрмеуі мол, 

күрделі оқиғаны өзек еткен кең құлашты роман.  

 

 Кекілбайұлы Ә. 



   Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы.Шандоз.Деректі тарихи 

баян.7-том.-Алматы: Жазушы,2010.-320 бет 

        Бұл тарихи-деректі романға өздерінің дара дарындарымен қол бастар көсемі, 

сөз бастар шешені болған, ұлтымыздың аяулы перзенттері Исатай мен 

Махамбеттің өмірі мен ерлік жолдары арқау болған. 

 


Кекілбаев Ә.  

   Ханша-дария хикаясы: Балладалар мен роман.-Алматымұра, 2003.-320 бет. 

      Көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаевтың бұл кітабына қазақ көркем прозасынан өз 

орнын алған, психологиялық, философиялық терең астарлыбалладалары мен 

«Аңыздың ақыры» романы енген. 

 

15 желтоқсан    Қазақтың тамаша суретшісі Гүлфайруз  Исмаилованың  

туғанына 85 жыл (1929) 

 

 

 

 

 

     

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



17 желтоқсан                                                 Қазақтың тамаша әншісі                

Бибігүл  Төлегенованың  

                                                                                          туғанына 85 жыл (1929) 



 

 

        Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — 

қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967). 1954 

жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. 


Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері ("Гауһар тас", 

"Жиырма бес"), Қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің 

"Бұлбұлы", Брусиловскийдің "Қос қарлығашы", Төлебаевтың "Еске алуы", 

Рахмадиевтің "Тарантелласы", Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", Тілендиевтің 

"Кел еркем, Алатауыма"), сондай-ақ П.П.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың 

романстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа 

сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар. Төлегенова опера 

өнеріне де елеулі үлес қосып, Жібек (Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), 

Гүлбаршын (Рахмадиевтің "Алпамысында"), Еңлік (Жүбановтың "Еңлік—

Кебегінде"), Джильда, Виолетта (Вердидің "Риголеттосы" мен "Травиатасында") т. 

б. партияларды орындады. Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана 

емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, 

Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда 

болып, өнер толғады. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1970) және Қазақ КСР 

Мемлекеттік сыйлығының (1960) лауреаты. 1957, 1958 жылдары Мәскеуде өткен 

өншілер байқауының лауреаты. Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденімен, 

медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын 

белгісімен (1999) марапатталған. КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 

сыйлықтарының, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының (2001) лауреаты. «Жыл адамы» 

атағын алған (2001. Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие (2002). 

«Орақ және балға» медалінің және Ленин орденінің ұсынылуымен қоса 

Социалистік Еңбек Ері (1991). Астана қаласының және Шығыс Қазақстан 

облысының құрметті азаматы. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. 

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның жарқын да бақытты 

болашағына сенемін». Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия. Хоббиі - көрнекті өнер 

қайраткерлерінің және Саяси қайраткердің монографияларын жинау. қыздары - 

Гүзел, Мәриямгүл; үлы - Төлеген. Немерелері - Әділ, Қайрат, Бағдад. Шөберелері - 

Дәмира, Ескендір. 



19 желтоқсан   

 

                                                                                     Қазақтың дарынды тіл  



                                                                                            танушы ғалымы  

Құдайберген  Жұбановтың 

 туғанына 115 жыл (1899) 

Жұбанов Құдайберген Қуанұлы (19.12.1899, Ақтөбе облысы, Темір ауданы – 25.2. 1938) 

– тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог

[1]



Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы 



Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі 

хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынбор қаласындағы “Хусайния” 

медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс 

тілдерін меңгереді. 1920 жылы “Ай” атты журнал ұйымдастырып, оның бетінде 

М.Горькийдің “Сұңқар туралы жыр”, “Дауылпаз туралы жыр”, “Хан мен ұлы”, т.б. 

шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Ақындық, жазушылық өнерімен де 



танылып, өлең, пьеса, т.б. жазған. Мысалы, “Мақпал – Сегіз” дастанының желісі бойынша 

Жұбанов Тілепбергеновпен бірігіп жазған пьесасы 1925 жылы Жұбановтың 

режиссерлігімен Ақтөбе қаласында М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасы қойылады.    

Өзінің отбасы, ошақ қасына деген сүйіспеншілігі ғаламат болған. Балаларына еміреніп 

тұратын. (Ол кісінің үш ұл, үш қызы бар). Балаларының бәрі де жоғары білім иелері. 

Олардың білім алып, ер жетуіне көп еңбек еткен адам – Құдайбергеннің зайыбы Раушан 

Жұбанова. Профессор Қ. Жұбановты қазақ зиялылары, ағарту саласының қызметкерлері 

өте жақсы білетін. И. И. Мещанинов, А. Н. Самойлович, В. В. Бартольд, С. Е. Малов, К. К. 

Юдахин, А. К. Боровков сынды ірі орыс оқымыстылары Қ. Жұбановты білікті ғалым, 

лингвист ретінде ерте танып бағалаған. Оның есімін біз қазақ лингвистикасының негізін 

салушылардың бірі ретінде бұл күнде ерекше құрметпен еске аламыз. 

 

30 желтоқсан    Қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиет     

зерттеушісі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125    жыл  

                                                                  (1889-1931) 

 

 Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) —  

қазақтың көрнекті жазушысы, драматург,  

публицист, қазақ әдебиетін  

қалыптастырушылардың бірі. 

Туып өскен жері  

Павлодар облысыныңБаянауыл ауданына

 

 қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі  



Жүсіпбек Аймауытов ауылы. 

          1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық 

ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы 

ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының 

директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы 

күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа 

ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, 

әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы 

қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. 

Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой 

шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, 

психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын 

саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің 

жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту 

жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - 

күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 

ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда 

«Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, 

№ 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Аймауытов 

- қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі 

тұлғалардың бірі.  «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және 

өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер 

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы 

шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр 

күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия 


Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» 

романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары 

мен аудармалары енген.

 

Гимназия кітапханасынан оқи аласыз



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал