Қарасай батыр (1589 1671 ж ж)



жүктеу 12.51 Kb.

Дата13.01.2017
өлшемі12.51 Kb.

Қарасай батыр (1589

-1671 ж.ж) 

 

Алтынайұлы Қарасай -қазақтың қаһарман батыры, қолбасшы, есімі ша-



пырашты  руының  ұранына  шыққан  аса  көрнекті  тарихи  тұлға.  1589 жылы 

Алматы облысының, Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде, 

Жетісу  өңіріндегі  Қарасаз  деген  жерде  дүниеге  келіп,  1671 жылы  Сары-

арқадағы Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. То-

пырақ  Көкшетау  алабындағы  Айыртау  сілеменің  Құлшынбай  деп  аталатын 

төбесінен  бұйырған.  Қасына  өзінің  қанды  көйлек  доы  арғын  Ағынтай  батыр 

жерленген. 

Қос арыс-шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олар-

мен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орна-

тылған. (1999ж). 

Қарасай  батырдың  шыққан  тегі  ұлы  жүз  шапырашты.  Шежіре  дерегі 

бойынша,  Шапырашты  Шам  (Ыстық), одан  Малды,  Желді, Қалды  есімді үш 

ұл  туады.  Малдыдан  Екей,  Еміл,  Емілден  жайы

қ  пен  Есқожа  туылады. 

Есқожадан  Алысай,  Алтынай,  Шуаш  есімді  үш  ұл  туған.  Алтынайдың 

үшінші әйелінен Қарасай батыр туған. 

Сөз  орайында  айта  кеткен  жөн,  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш 

Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  осы  Қарасай  батырдың  тікелей 

ұрпағы. Атап айтқанда Қарасайдан Көшек, одан Айдыр, одан Мырзатай, одан 

Айдыр, одан Мырзатай, одан Кенбаба, одан Еділ, одан Сапақай, Одан Назар-

бай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан туылады, 

Қарасай батырдың өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар ара-

сында екі ғасырға созылған қанқасап соғыстың ені тұтанып, ені шиеленісіп, 

бірте-бірте екі көшпелі елдің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бас-

таған кезі еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, 


біртұтас этникалық сана-сезімінің орныққанына екі ғасырдың жүзі болған. 

Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен жерін 

қорғау үшін алғаш рет атқа қонып, елдің шетіне, желдің өтіне, жаудың бетіне 

шығып, ерлік көрсеткен батырлардың сапында Қарасай Алтынайұлы да бол-

ды. Қазақ-жоңғар соғысы XVI ғасырдың өзінде-ақ шиеленіскені жөнінде та-

рихшы В. В. Вельямминов-Зернов жазалады. Ал ағылшын көпесі А. Джен-

кинсон 1557 жылы Қытайға бармақшы болып жолға шыққан, бірақ қазақ-

жоңғар арасында Ташкент үшін қырғын соғыс болып жатқандықтан Қытайға 

өте алмағанын жазып қалдырған. Демек Қарасай батыр ат жалын тартып 

мініп, сарбаздар сапына тұрған кезде көшпелі екі ел арасындағы соғыс 

тәсілдері, қорғаныс әдістері әбден шыңдалып, өліспей беріспейтіндей ши-

еленісіп үлгерген. Міне, бұл тұрғыдан келгенде, қазақ халқының ұлттық пат-

риотизмін, ерлік дәстүрін алғаш рет қалыптастыру, орнықтыру миссиясы 

Қарасай қатарлы батырлардың пешенесіне жазылған. Жетісуда туған Қарасай 

батырға Арқаның Айыртауынан топырақ бұйыруы, Қызылжарда туған Баян 

батырдың соңғы демінің Іле бойында таусылуы, Еділ бойында туған тама 

Қабанбай батырдың Арқадағы Сарысу бойындағы шайқаста қаза табуы, 

Ерейментаудың Малайсарының Алатай бөктерінде



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал