Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/15
Дата15.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

-артық, кем, сонша. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
–Саны бойынша заттарды қалай салыстыру керек екенін түсіндір. 
–Қай заттар көп деп ойлайсың?  
–Неге?  
–Салыстырудың қандай тəсілдерін білесің?  
Жазу:  
-түрлі түсті қарындаштармен бояу, біріктіру сызықтарын 
жүргізу. 
Алдыңғы білім 
Заттардың сандық ұғымы туралы алғашқы  білім, геометриялық 
фигуралар мен денелердің атауы. 

49 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог ҰОҚ-нің алдында балалардың көңіл күйін көтеру 
мақсатында шаттық шеңберін құруды ұсынады. 
Өзектендіру. 
Балалар 20-ға дейін санамақ-əнін айтады. 
Педагог балалардан сұрайды: 
- Қандай сандар осы санға қатысты көрші сандар деп 
аталады? (сандық қатарда бірлікке тең аралықпен осы 
санның екі жағында тұрған сандар). 
 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ)Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы 
орындауды ұсынады. Балалар үйлерді олардың  нөмір 
тізбегінің тəртібімен біріктіріп, содан кейін нөмірлері 
тапсырмада айтылған жарық қосылған үйлердің 
терезелерін бояйды.  
Педагог: 
– Қай үйлер көбірек? 
– Қай үйлер азырақ? 
– Неге? – деп сұрайды.   
Жаңалық ашу. 
(Ұ)Проблемалық жағдайды шешу үшін, педагог 
балалардан: 
– Мұны қалай анықтауға болады? – деп сұрайды.  
Қиындық туындаған жағдайда, педагог балаларға 
заттардың санын салыстыру тəсілдерінің бірін ұсынады. 
Балалар жарық жағылған əрбір үйді жарықсыз үймен 
сызықпен біріктіре отырып, бірыңғай сəйкестік тəсілін 
таңдайды.  Балалар өз бетінше қорытынды жасайды: 
өйткені қалған жарықсыз үйлерді біріктіретін ештеңе жоқ, 
яғни олардың саны жарығы бар үйлердің санынан көбірек. 
Əрі қарай балалар жарығы бар үйлердің саны жарықсыз 
үйлердің санынан аз деген кері сəйкестікке келеді.  
Сергіту сəті. 
Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың 
соңына қараңыз.) 
Əліппе-дəптер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптер 
16–25 
Жаңаны қолдану. 
(Ж) Торкөз қағаз бетінде бағдарлау іскерлігін бекіту үшін 
балалар 2-тапсырмадағы нүктені белгілеуден бастап 
торкөздер бойынша суретті көшіріп салады. Балалар 
торкөздердің санын санайды жəне ұсынылған суретке 
сəйкес оларды санау бағытын сақтайды. Мұндай 
жаттығулардың маңыздылығы мынада: жазықтықта 
бағдарлай білуін бекіту, санау дағдыларын жетілдіру, 
өлшеу əрекетін енгізу – бір торкөз өлшем бірлігі ретінде 
қабылданады. 
(Т) Əліппе-дəптердің 3-тапсырмасында балаларға үйлер 
көп пе, əлде шатырлар көп пе екенін анықтау ұсынылады.  
Əліппе-дəптер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптер. 
 

50 
Балалар үйді шатырмен жұптастырып сызық арқылы 
біріктіреді. Педагог:  
– Олар тең болу үшін не істеу керек? – деп сұрайды.  
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 
 
№18  ҰОҚ. Тақырыбы: Қатарға 
тұрамыз. Алдыңғы. Кейінгі 
Мектеп/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.2.1.4. Кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан 
шығатынын түсіну. 
0.2.1.5. Кез келген саннан бір санды кемітсе, одан бұрынғы 
(алдыңғы) сан шығатынын түсіну. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан шығатынын, 
кез келген саннан бір санды кемітсе, одан бұрынғы (алдыңғы) сан 
шығатынын түсінеді. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-кез келген сан үшін алдыңғы жəне кейінгі санды атайды. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-оның алдындағы жəне одан кейінгі санды біле отырып, санды 
анықтайды. 

51 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог  пен тəрбиеленушілердің 
сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен 
терминологияны пайдалана алады. 
Пəндік лексика жəне терминология
-кейінгі, алдыңғы
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
– Осы санға қатысты кейінгі сан қалай туындайтынын жəне осыған 
қатысты алдыңғы сан қалай туындайтынын түсіндір.  
– Қалай ойлайсың, алдыңғы жəне келесі сандар орындарын 
ауыстыра ала ма? 
– Санаудың қандай түрлерін білесің?  
Жазу:  
-түрлі түсті қарындаштармен бояу, біріктіру сызықтарын 
жүргізу. 
Алдыңғы білім 
Заттардың сандық ұғымы туралы тұрмыстық білім, геометриялық 
фигуралар мен денелердің атауы. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог тəрбиеленушілерді бойларына қарай қатарға 
тұрғызып, мұның не үшін керек екенін түсіндіреді. 
Өзектендіру. 
Педагог балалардан сұрайды: 
- Қандай қағида бойынша қатарға тұруға болады? (Бойына 
қарай  немесе футболкасындағы нөмірлерінің реті 
бойынша). 
- Бұл не үшін қажет? (Жаттығуларды орындаудың 
қолайлылығы жəне адамдардың қатарда ретімен тұру 
тəртібінің дұрыстығын бақылау үшін).  
- Қатардағы келесі жəне алдыңғы элементтерді қалай 
анықтау керек?  
- Олардың кезектілігі неге байланысты? (Санаудың басына 
жəне бағытына қарай.)  
 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ)  Əртүрлі  заттардың  кезектілігін  көрсету  үшін  педагог 
№6-8 
электрондық 
жиынтық 
полотноны 
немесе 
үлестірмелі материалды қолдана алады. 
 Ол  балаларға  бірінші  не,  екінші  не  бейнеленгенін 
айтуларын  сұрайды.  Реттік  санауды  дұрыс  айтқан 
балаларды  мадақтайды.  Бүгінгі  сабақта  реті  бойынша 
тұрған заттарды дұрыс атауды үйренетіндерін айтады. 
Жаңаны ашу. 
(Ұ)  Педагог  балаларға əліппе-дəптердегі № 1 тапсырма-
ның суретін қарап,  балалардың футболкаларындағы 
нөмірлері бойынша алдыңғы жəне кейінгі баланы атауды 
сұрайды.   
Одан кейін балалар педагогпен бірге 20-ға дейін санамақ-
əнді орындайды.  
Əліппе-дəптер. 
№6-8 электрон-
дық жиынтық 
полотно 
 
 

52 
Сергіту сəті. 
Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың 
соңына қараңыз.) 
 
16–25 
Жаңаны қолдану. 
(Ж) Келесі тапсырмада балаларға 11-ден 20-ға дейінгі 
сандардың реттік қатарында қалып қойған цифрлары бар 
жапсырмаларды жапсыру ұсынылады.  
Əліппе-дəптердегі 2-тапсырмада балаларға шырғалаң 
суретте цифрларды тауып, оларды қоршау жəне бояу 
ұсынылады.  
) Əліппе-дəптердегі 3-тапсырмада балалар реттік 
тəртіппен цифрларды сызып біріктіреді.  
Əліппе-дəптер 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 
№19 ҰОҚ. Тақырыбы: Ынтымағы 
жарасқан  отбасым. Алдыңғы. Кейінгі. 
Мектеп/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.2.1.4. Кез келген санды бір санға арттырса одан кейінгі сан 
шығатынын түсіну. 
0.2.1.5.Кез келген саннан бір санды кемітсе одан бұрынғы 
(алдындағы) сан шығатынын түсіну. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан шығатынын 
түсінеді. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-кез келген сан үшін алдыңғы жəне кейінгі санды атайды. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-оның алдындағы жəне одан кейінгі санды біле отырып, санды 
анықтайды.  
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагогпен тəрбиеленушілердің 
сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен 
терминологияны пайдалана алады. 

53 
Пəндік лексика жəне терминология: 
-алдыңғы, кейінгі. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
– Осы санға қатысты кейінгі сан қалай туындайтынын жəне осыған 
қатысты алдыңғы сан қалай туындайтынын түсіндір.  
– Қалай ойлайсың, алдыңғы жəне келесі сандар орындарын 
ауыстыра ала ма? 
– Санаудың қандай түрлерін білесің?  
Жазу:  
-түрлі түсті қарындаштармен бояу. 
Алдыңғы білім 
Заттардың сандық ұғымы туралы алғашқы білім, геометриялық 
фигуралар мен денелердің атауы. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог балаларды өздерінің отбасы туралы 
əңгімелеулерін сұрайды. «Отбасы» сөзінің мағынасын 
түсіндіреді. 
Өзектендіру. 
Педагог балалардан отбасы деген не, оның бала өміріндегі 
маңызы қандай деп сұрайды. Əрбір адам үшін отбасы – бұл 
бала кезімізден бері бізбен бірге болған туған адамдар. 
Отбасында адамның жеке басы, оның тəрбиесі 
қалыптасады. Сондықтан əдетте адамның кім болатыны 
отбасының қандай болуына байланысты
.
 
 
Ортасы 
6–15 
Үйренгенді бекіту 
Балалар педагогпен бірге 20-ға дейін санамақ-əнді 
орындайды. 
(Т) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-суретке қарауды 
ұсынады. 
Балалар отбасы мүшелерін, содан кейін олардың 
вагондарға орналасу тəртібін атайды.  
 Педагог балаларға сызықпен вагонды оның реттік нөміріне 
сəйкес келетін цифрмен біріктіруді ұсынады.  
Сергіту сəті. 
Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың 
соңын қараңыз.) 
 
Əліппе-дəптер. 
Компакт-диск, 
20-ға дейін 
санамақ-əн. 
 
16–25 
Бұрын үйренгенді бекіту 
(Ө) Əліппе-дəптердегі 2-тапсырманы орындау ұсынылады. 
Балалар  қалдырылған    цифрды  тауып,  оны  төмендегі 
карточкалармен  сызып  қосып,  бояйды.  Осы  тапсырманы 
орындау  реттік  санау  жəне  цифрлық  бейнені  санның 
сандық  сəйкестігімен  беттестіру  білімін  бекітуге  ықпал 
жасайды.  
 
Əліппе-дəптер 
 
Рефлексия 
25-30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Əліппе-дəптер
 
 

54 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
 
 
 
 
№20 ҰОҚ. Тақырыбы: Достарыммен 
ойнаймын. Заттардың қасиеттері. 
Мектеп/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.2.2.1.Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру. 
0.2.2.2.Жиын элементтерін атау. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-заттарды көрсетілген қасиеті бойынша топқа (жиынға) біріктіреді. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-жиын элементтерін атайды жəне заттар қандай белгі бойынша 
топтастырылғанын көрсетеді.  
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-берілген жəне/немесе өз бетінше таңдалған белгілер бойынша өз 
бетінше жиындарды жасайды. 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-заттардың пішіні мен түсі туралы сөйлемдерді құрастыра алады.  
Пəндік лексика жəне терминология: 
-заттың қасиеті,пішімі, өлшемі, түсі. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
– Осы топтағы заттар несімен ортақ екенін түсіндір.  
– Қандай зат (фигура) артық деп ойлайсың? 
– Осы топқа қандай заттарды (фигураларды) қосуға болады?  
Жазу:суретті  бастырып салу, жалғастыру.  
Алдыңғы білім 
Шеңбер, үшбұрыш, шаршы. 
Негізгі түстер. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог балалармен ойнауды жақсы көресіңдер ме, 
достарыңмен қандай ойындар ойнайсыңдар деп 
əңгімелеседі. Олардың ҰОҚ- де пайдалы жəне қызықты 
ойындар ойнай алатыны туралы хабарлайды.  
Үлестірмелі 
материал. 

55 
Өзектендіру. 
«Затты  тап»  ойыны.  Топпен  ойнаймыз.  Əр  команда  (топ) 
бір затты жасырады. Ал басқа командалардың (топтардың) 
мүшелері оларға «иə» немесе «жоқ» деген жауаптар беруге 
болатын  сұрақтар  қояды.  Мысалы,  бұл  заттың  пішіні 
дөңгелек пе? Ол қызыл түсті ме? Бұл киімнің бөлшегі ме? 
Бұл ыдыс па? 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ)Жиынтық полотномен (немесе кесілген материалға 
ұқсас) жұмыс. Жиынтық полотнода фигуралардың екі тобы 
қойылған. Бірінде түстері бойынша, екіншісінде пішіні 
бойынша фигуралар жиналған. Бірінші топтардың бірі 
қаралады. Педагог мынадай сұрақтар қояды: Мына топтағы 
заттар несімен ортақ? (Барлық фигуралар жасыл түсті.) 
Екінші топтағы заттар несімен ортақ? (Олардың пішіні 
бірдей.)   
Жаңалық ашу. 
(Ұ) Қандай фигураларды бірінші (екінші) топқа қосуға 
болады? (Балалар фигураларды кенепке немесе жұмыс 
үстелдеріне – кесілген фигураларды қояды). 
Əрі қарай топтағы артық затты іздеуге арналған тапсырма 
беріледі жəне зат қандай белгісі бойынша алынып 
тасталатыны негізделеді. Алдымен белгілі бір белгісі 
бойынша «артық» затты таңдау ұсынылады – шешімдер 
нұсқаларынсыз (түсі, пішіні, көлемі бойынша). Ал содан 
соң əртүрлі «артық» зат  болуы мүмкін тапсырма ұсынуға 
болады.  
Мысалы, бір зат түсі бойынша «артық», екіншісі – пішіні 
бойынша.  
Мына топта қандай зат артық жəне не үшін екенін айта 
аласыңдар ма? (текше – пішіні бойынша, қызыл шар – түсі 
бойынша).  
Электронды 
қосымша. 
Үлестірмелі 
материалдар.Кес
ілген 
геометриялық 
фигуралар. 
16–25 
Жаңаны қолдану. 
(Ж) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырма. Балалар заттарды 
қарап, олардың белгілерін (пішінін, түсін, көлемін) айтады. 
Содан соң педагог заттарды түстері бойынша 
қорапшаларға жинап, оларды санауды ұсынады. Мұғалім 
əрбір қорапшаға айналасындағы тағы қандай заттарды 
(ойыншықтарды) салуға болатынын ойланып көруді 
ұсынады.  
 (Ж) №2 тапсырманы мысалы, тек қатарларды ғана 
жалғастырып қоймай, бірінші қатардағы пішіні бірдей 
фигураларды бір түспен боятып, күрделендіруге болады.  
№3 тапсырманы орындамас бұрын түс – пішін – көлем 
деген шартты белгілер нені білдіретіні нақтыланады. Əрі 
қарай тапсырма кейіннен тексеру арқылы өз бетінше 
орындалады.  
Əліппе-дəптер 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 

56 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
 
 
 
№21 ҰОҚ. Тақырыбы: Əжеме 
көмектесемін. Заттардың жиыны.  
Мектеп/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.2.2.1.Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру. 
0.2.2.2.Жиын элементтерін атау. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-заттарды көрсетілген қасиеті бойынша топқа (жиынға) біріктіреді. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-жиын элементтерін атайды жəне заттар қандай белгі бойынша 
топтастырылғанын көрсетеді. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-берілген жəне/немесе өз бетінше таңдалған белгілер бойынша өз 
бетінше жиындарды жасайды. 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-заттардың пішіні мен түсі туралы сөйлемдерді құрастыра алады. 
Пəндік лексика жəне терминология: 
-заттардың қасиеті, пішіні, өлшемі, түсі. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
– Мына топтағы заттар несімен ортақ екенін түсіндір? 
– Қандай зат (фигура) артық деп ойлайсың? 
– Бұл топқа қандай заттарды (фигураларды) қосуға болады?  
Жазу: суретті жиекте, сал, жалғастыр.  
Алдыңғы білім 
Шеңбер, үшбұрыш, шаршы. 
Негізгі түстер. Заттардың қасиеттері (пішін, көлем, түс, мақсат). 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 

57 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Лексикалық тақырыпқа кірісу үшін педагог əжелер туралы,  
көбінесе олар үйде  қандай жұмыстарды орындайтыны 
жəне балалар оларға қалай көмектесе алатыны туралы 
əңгіме жүргізеді.  
Көбінесе пəтерді жинағанда заттарды орын-орнына қояды.  
Өзектендіру. 
Педагог сұрақтар қояды: 
– Заттар қандай белгісі бойынша жиналған? 
Түсіндіріңдер. 
–Топтардың əрқайсысына тағы не қосуға болады?  
 
Үлестірмелі 
материалдар 
 
 
 
 
 
Электронды 
жиынтық 
полотно, 
№34 кесте 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ) Жиынтық полотнода педагог заттар жиынын 
құрастырады. Мысалы, музыкалық аспаптар жиыны, 
киімнің  жиыны.  
(Ұ) – Заттарды қарап шығыңдар.  
– Оларды қандай ортақ сөзбен атауға болады? (Музыкалық 
аспаптар). 
–Мұқият қараңдар, екінші топтағы заттарды қалай атауға 
болады? (Киім) Барлығы дұрыс па ? 
Балалар ойыншықты – асықты байқауы керек, ол киімге 
жатпайды. 
– Бүгін біз заттарды белгілері бойынша іріктеп, артығын 
алып тастауды үйренеміз жəне оны бекітеміз. 
Өздік жұмыс.  
(Ұ) Əліпби-дəптердегі № 1 тапсырманы орындауды 
ұсынады. Карточкалардың əрқайсысындағы заттар 
жиынын атаңдар (дөңгелек заттар, текшелер, 
ойыншықтар). Топтардың əрқайсысына тағы не қосуға 
болады? Балалар сызықтармен жалғап, өз нұсқаларын 
ұсынады. 
Жиынтық 
полотно. №12 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптер 
16–25 
Өткен материалмен жұмыс. 
(Ж) Əліппе-дəптердегі 2-тапсырманы жұптасып жұмыс 
жасау ұсынылады.  
Балалар топтағы заттарды бір сөзбен атап, осы топқа не 
жататынын түсіндірулері керек.  
(Т)  Əліппе-дəптердегі 3-тапсырманы балалар топқа 
бөлініп жұмыс жасай алады, əрбір топ бағандардың біреуін 
таңдайды жəне не салынуы керек екенін талқылап, 
тапсырманы орындайды. Жиынтық полотнода жұмыс 
жасауды ұсынуға болады. Мысалы:  
– Фигуралардың қайсысы артық?   
Балалардың бір бөлігі –  қызыл шарды, қалғаны – жасыл 
текшені атайды. Балаларға өздерінің таңдауын түсіндіруді 
ұсынады. Əрі қарай қорытынды жасайды: дұрыс жауап 
таңдалған белгіге  – фигураның түсіне жəне пішініне 
байланысты. 
 
Əліппе-дəптер. 
Жиынтық 
полотно  
Рефлексия 
26–30 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Əліппе-дəптер
 
 

58 
 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
 
 
№22  ҰОҚ.  Тақырыбы:  Достарыммен 
ойнаймын. Заттарды жиынға біріктіру.  
Мектеп/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.2.2.1.Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру. 
0.2.2.2.Жиын элементтерін атау. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-заттарды көрсетілген қасиеті бойынша топқа (жиынға) біріктіреді. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-жиын элементтерін атайды жəне заттар қандай белгі бойынша 
топтастырылғанын көрсетеді. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-берілген немесе өз бетінше таңдалған белгілері бойынша өздері 
жиындар  құрайды. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал