Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5.01 Kb.

бет15/15
Дата15.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
часть
 
part
бүтін
 
целое
 
whole
 
 
Түстер
 
Цвета
 
Colors
Қызыл
 
Красный
 
Red
Сары
 
Желтый
 
Yellow

153 
Көк
 
Синий
 
Вlue
Жасыл
 
Зеленый
 
Green
Қара
 
Черный
 
Black
Ақ
 
Белый
 
White
 
 
Өлшем, шама, 
кеңістікте бағдарлау
 
Размер, величина, 
пространственное 
расположение
 
Resolution, size, position 
in space
 
Үлкен,  кіші
 
большой,  маленький
 
big small
Ең үлкен, ең кіші
 
самый большой, самый 
маленький
 
the largest, the smallest
орташа
 
средний
 
average
Биік,  аласа
 
высокий, низкий
 
tall,  short
Кең,  тар
 
широкий, узкий
 
wide.  narrow
Ұзын,  қысқа
 
длинный, короткий
 
long,  short
Ауыр,  жеңіл
 
тяжелый,  легкий
 
heavy,   light
Сол, оң 
 
левый,  правый
 
left,  right
Сол жақта,  оң жақта
 
слева, справа,
 
on the left,    on the right
Жоғары,  төмен
 
верх, вниз
 
top, bottom
Жоғарыда,  төменде
 
вверху, внизу
 
on (at) the top,  on  (at) the 
bottom
 
Алды(да) арты (та)
 
передний,  задний
 
front  back
Алдында,  артында
 
перед, за
 
in front, behind
Жақында,  алыста
 
близко, далеко
 
close, far away(from)
Арасында,  (ортасында)
 
между, посередине
 
between,  in the middle
жанында
 
рядом
 
beside
 
 
Сан, 
Есептік санау
 
Количество 
Количественный счет
 
Quantity 
 
0 – нөл 
1 – бiр      
2 – екi      
3 – үш      
4 – төрт      
5 – бес      
6 – алты      
7 – жетi      
0 – ноль 
1 – один      
2 – два      
3 – три     
4 – четыре     
5 – пять      
6 – шесть    
7 – семь     
0 – zero 
1 – one 
2 –  two 
3 –  three 
4 –  four 
5 – five 
6 – six 
7 – seven 

154 
8 – сегiз      
9 – тоғыз        
10 – он
 
8 – восемь    
9 – девять      
10 – десять    
8 – eight 
9 –  nine 
10 –  ten
 
 
 
Реттік санау
 
Порядок 
Порядковый счет
 
Order
1 – бiрiншi      
2 – екiншi      
3 – үшiншi      
4 – төртiншi      
5 – бесiншi      
6 – алтыншы      
7 – жетiншi      
8 – сегiзiншi      
9 – тоғызыншы        
10 – оныншы
 
1 – первый    
2 – второй     
3 – третий   
4 – четвертый     
5 – пятый     
6 – шестой    
7 – седьмой      
8 – восьмой   
9 – девятый        
10 – десятый    
 
1 – first 
2 – second 
3 – third 
4 – fourth 
5 – fifth 
6 – sixth 
7 – seventh 
8 – еighth 
9 – ninth 
10 – tenth
 
 
 
 

155 
Қосымша материалдар 
Сергіту жаттығулары 
1. Орнымыздан тұрайық, 
Алақанды ұрайық. 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз бір дем алайық. 
2. Күн ұйықтайды. 
Күн оянады. 
Жел соқты. 
Жаңбыр жауды. 
Бұлт жапты. 
Күн ашылды. 
Жел басылды. 
3. Ұшты-ұшты, құлын ұшты. 
Ұшты-ұшты, мұрын ұшты. 
Ұшты-ұшты, кептер ұшты. 
Ұшты-ұшты, дəптер ұшты. 
Ұшты-ұшты, қарға ұшты. 
Ұшты-ұшты, арба ұшты. 
 
4. Бала, бала, балақан, 
Кəне, қайсы алақан. 
Саусақтарың əйбат, 
Былай-былай ойнат. 
 
Топ-топ басайық, 
Жалаудан күн жасайық. 
Жаса, жаса, алтын күн, 
Жаса, жаса, жарқын күн. 
5. Кəне қанат жазайық, 
Қарлығашқа ұқсайық. 
Ұшып-ұшып алайық, 
Орнымызға қонайық. 
Білімде алда болайық. 
 
6. Оңға, оңға түзу тұр, 
Солға, солға түзу тұр. 
Артқа қарай бір адым, 
Алдыға қарай бір адым. 
Жоғары, төмен қарайық, 
Орнымызды табайық. 
7. Сағаттың тіліндей 
Иіліп оңға бір, 
Сағаттың тіліндей 
Иіліп солға бір, 
Оң аяқ, сол аяқ 

156 
Жаттығу оңай-ақ. 
 
 
8. Ақ қоян-ау, ақ қоян, 
Бетіңді жушы, 
Қолыңды сүртші, 
Айнаға қарашы, 
Шашыңды тарашы, 
Киіміңді киші, 
Мектепке қарай жүрші, 
Орныңа отыршы, 
Сабағыңды оқышы. 
 
9. Ұшып келді бір топ қаз, 
Қонған жері, бірақ саз. 
Сазды шоқып, тағы шоқып, 
Ұшып кетті бір топ қаз. 
10. Ормандағы аюдың, 
Құлпынайы көп екен. 
Теріп-теріп алайық, 
Қалтамызға салайық. 
11. Бетімізге жел соғады, 
Тербеледі ағаштар. 
Тына қалса қатты жел,  
Тоғай биік көрінер. 
12. Бас бармағым – əкем, 
Балаң үйрек – шешем, 
Ортақ тірек – ағам, 
Шылдыр шүмек – апам, 
Кішкентай бөбек – мен. 
Бір үйде біз нешеуміз? 
Бір үйде біз бесеуміз. 
 
13. Біз жазамыз,  
Біз жазамыз. 
Саусақтарды дем алдырып, 
Қайта жазу жазамыз. 
 
14. Отырып-ақ орныңда 
Айдың көлді кешемін 
Сен білмесең егерде 
Былай ескек есейін. 
 
15. Ұзын құлақ, сұр қоян 
Естіп қалып сыбдырды, 
Ойлы-қырлы жерлермен 
Ытқып-ытқып жүгірді. 

157 
16. Бір, екі, үш, 
Қолға қалам аламыз 
Əдемі етіп жазамыз. 
 
17. Жел соқты гу-гу 
Жаңбыр жауды тырс-тырс. 
Жаңбыр басылды, 
Күн ашылды. 
18. Бір, екі, үш 
Жинап алдық күш. 
Төрт, бес, алты 
Біз жазамыз мықты. 
Дəптерімізді ашайық  
Көрсетілген үлгіге, 
Əдемі етіп жазайық. 
 
19. Бір, екі, 
Сапқа тұр. 
Үш, төрт, 
Ерінбестен бас алға. 
Бес, алты, 
Қолыңды соз алға. 
Жеті, сегіз, 
Отырып-тұр. 
20. Балық жүзді таза суда, 
Бір керіліп, бір жиырылуда. 
Жүзіп, жүзіп шаршағанда, 
Тығылады тасты құмға. 
 
21. Көкке қарай шығамыз 
Шанамызбен 
Төмен қарай құлдилап, 
Біз сырғанақ тебеміз. 
 
22. Бақа, бақа, балпақ, 
Басың неге жалпақ? 
Көзің неге тостақ? 
Бұтың неге талтақ? 
 
23. Айгөлек-ау, айгөлек, 
Айдың жүзі дөңгелек. 
Айдай толған кезімде, 
Би билеймін дөңгелеп. 
24. Қаз қанатын жайды 
Аққу мойнын созды. 
Үйрек келіп қонды. 
 
25. Бір – таңертең тұр. 
Екі – шынығып бекі. 

158 
Үш – тазала тісті. 
Төрт – сабындап жу бетті. 
Бес – сүртін тез. 
Алты – үйді жина. 
Жеті – киін енді. 
 
26. Бір, екі, үш –  
Қарлығаш боп ұш. 
Төрт, бес, алты –  
Қарлығаш боп қалқы 
Жеті, сегіз, тоғыз,он –  
Қарлығаш боп қон. 
27. Нан қоқымын шашпаңдар, 
Жерде жатса баспаңдар. 
Теріп алып қастерлеп, 
Торғайларға тастаңдар. 
 
28. Бір, екі, үш, 
Кəне, қанат қағамыз. 
Бір, екі, үш, 
Қарлығаш боп ұшамыз. 
Бір, екі, үш, 
Жинап алдық күш. 
29.Соз қолыңды оң жаққа, 
Соз қолыңды сол жаққа. 
Қолды айналдыр бұлданбай, 
Шеңбер жасап тұрғандай. 
 
30.Желкілдеген желменен, 
Жел егінді тербеген. 
Өсірді оны дихандар, 
Тамшылаған терменен. 
31.Жаздық, жаздық өзіміз, 
Талды əбден көзіміз. 
Əуенімен əндердің 
Əдемі қимыл жасаймыз. 
 
32. Жел улейді – у-у, 
Құйын келіп билейді– зу-зу, 
Қатты, қатты жел соқты– гу-гу, 
Жапырақтар қол соқты – ду-ду. 
33. Оң қолымда бес саусақ, 
Сол қолымда бес саусақ, 
Қосып едім екеуін, 
Болып шықты он саусақ. 
34. Мысығым, тұршы, 
Айнаға қарашы, 
Шашыңды тарашы. 
Балалардың ішінен, 

159 
Ең тапқырын таңдашы.  
 
35.   
Жалғыз саусақ тіпті де, 
Ұстай алмас жіпті де. 
 Екі саусақ бірікті, 
 Ине қолға ілікті. 
Үш саусағым орамды, 
Жүгіртеді қаламды. 
 Өнерлі екен он саусақ: 
 Қала салсақ, жол салсақ. 
 
36.  
Оңға түзу тұр, 
 Солға түзу тұр. 
 Алға бір адым, 
 Артқа бір адым. 
 Оңға бұрылып, 
 Солға үңіліп, 
 Жоғары, төмен қарайық, 
 Орнымызды табайық. 
 
37. «Ойыншықтар» 
Тұрады барлығы үлкен қорапта - 
Мен ұйықтап жатқанда. 
Барлығы ойнай бастайды! 
Оңға, солға бұрылдық, 
Алға, артқа иілдік. 
Тіземізді бүктіріп, 
Қолды создық тік тұрып, 
Секіреміз топ-топ, 
Шапалақтап көп-көп. 
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш, 
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш. 
 
38. «Бауырсақ». 
Иледі апа нан емес, құймақ емес, 
Алды пештен бəліш емес, 
Тəтті нан емес 
Қойғанда үстел үстіне 
Əжесі  мен атасынан қашып кетті 
Кім жүгіреді аяқсыз? 
Бұл,əрине, бауырсақ! 
 
 
39.«Қонаққа барамыз». 
Бас бармақтың үйіне, 
Келді бүгін қонақтар. 

160 
Бес саусағың — бақытың, 
Сонда балам, бар құтың. 
Бес саусағың біріксе, 
Текке кетпес уақытың. 
Барлық саусақтар – достар, 
Бір- бірінсіз болмайды. 
 
40. Сағаттың тіліндей, 
Иіліп оңға бір, 
Иіліп солға бір, 
Жаттығу жасаймыз. 
 
41. Денсаулықты сүйеміз, 
Шынығамыз күнде біз 
Бір екі үш! 
Бір екі үш! 
Бұлшық етте күш! 
 
Ал, балалар, тұрайық 
Алақанды ұрайық. 
Оңға қарай иіліп 
Солға қарай иіліп 
Бір отырып, бір тұрып 
Бойымызды созайық. 
Белімізді жазайық, 
Оңға-оңға түзү тұр 
Солға-солға түзу тұр. 
Жоғары-төмен қарайық 
Қолымызды созайық, 
Бойымызға күш жинап, 
Біз шынығып алайық. 
 
42. «Пойыз». 
Пойыз «Ду-ду!  
Мен жүремін,  
Мен жүремін», -деп шулайды 
Ал вагондар зулайды 
«Так-так-так! Так-так-так! 
Так-так-так! Так-так-так!»-деп. 
Біз сендермен, балалар, 
Ұшамыз биікке, биікке. 
Жоғары қарай тартыламыз. 
Сосын қолымызды көтеріп, 
Бір, екі, үш, төрт, 
Ұшамыз биікке, биікке. 
 
 
43. Суда балық жүзеді, 

161 
Суда балық өмір сүреді. 
Айнадағы бейнедей, 
 Қимылдарды қайтала. 
Оңға, солға бұрылдық, 
Алға, артқа иілдік. 
Тіземізді бүктіріп, 
 Қолды создық тік тұрып.
 
 
44. «Ұшақ» ойыны 
 
45.Еркiн ұста денеңдi, 
Тарсылдатпай едендi 
Орнымыздан тұрып ап 
Жүгiрейiк бiр уақ. 
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. 
Аяқты алға созайық 
Тiк көтерiп, қозғайық. 
Тым сылбыр да болмайық 
Алға қарай озбайық. 
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. 
 
46. Міне, қыстың күні ызғарлы 
Жел соғады мұздатып, 
Қар аспанға көтеріліп 
Ағаш түпке қоян тығылып, 
Қу түлкі де жасырынып, 
Отырады барлығы. 
Боранның ашуы басылып, 
Күлімдейді аспанда. 
Шуақтарын шашып   күн 
Шығады түлкі де  
Біз де біраз жүрейік  
Орнымызға келейік. 
 
 

162 
Қосымша 
 
Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері! 
 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі міндет-
терінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру сабақтастығын 
қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш сыныптардағы оқыту 
жəне тəрбиелеу жұмысы біртұтас даму үрдісін құраған жағдайда осы міндеттерді орындау 
мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлықпен бастауыш мектептің үздіксіз 
сабақтастығының міндетті шарттарының бірі – бағдарламалар жəне оқу-əдістемелік 
кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы. Мектепалды даярлықпен бастауыш мектеп 
бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл 
бағдарламалардың құрылымы біртұтас тəсілдерді қамтиды: 

 
педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға жəне балалардың жетістіктерін бағалауға 
мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы; 

 
оқу  үрдісін  күнделікті  өмірге  жəне  қарым-қатынас  жасауға  қажетті  қабілеттер 
мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау; 

 
балалардың  əлеуметтік  маңызы  бар  тақырыптарды  терең  шолуына  бағытталған 
тақырыптық оқу мазмұнының болуы; 

 
пəнішілік жəне пəнаралық мазмұнының кіріктірілуі; 

 
мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тəрбие үрдісінің ортақ үлгісін 
қамтитын əдістемелік қолдауды қамтамасыз ету. 
 
Осы  қағидалардың  барлығы  Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу 
бағдарламасының  мазмұнымен  құрылымында  жəне  жаңа  оқу-əдістемелік  кешендерінде 
қамтылған. 
Барлық  тарау  тақырыптары  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  сыни  ойлауын  көрсететін 
нақты үлгеретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар 
төңірегінде берілген. Балалар өздері куə болған адамдар əрекетінің, табиғи құбылыстардың, 
оқиғалардың  себептерін  үнемі  білгісі  келеді.  Бұл  сұрақтар  баланың  миын  белсенді  жұмыс 
істете отырып, ойлау қабілетін дамытады. 
«Алматыкітап  баспасы»  мектепалды  даярлық  жəне  бастауыш  мектеп  оқу-əдістемелік 
кешенінің  ерекшелігі,  оқулықтар  мен  əдістемелік  оқу  нұсқауларының  мазмұнында  бірдей 
ортақ  тақырыптың  қамтылуында  болып  отыр.  Бұл  мектепалды  даярлық  жəне  мектепте 
білім беру мазмұнын сапалық кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Бұл  əдістемелік  нұсқау  қысқамерзімді  жоспар  түрінде  орындалған  ҰОҚ  мазмұнынан 
тұрады.  Жоспарлаудың  бұл  түрі  бірінші  сыныпқа  арналған  оқу  құралдарында  да  бар, 
сондықтан  ол  мектепалды  даярлық  пен  бастауыш  мектеп  ОƏК-ін  əдістемелік  қолдаудың 
бірізділігін тағы да бір рет дəлелдейді.  
 
 
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымының ерекшелігі бар: 

163 
1.  Оқу  мақсаттарының  болуы  (олар  бағдарламада  белгілі  бір  бөлім  мен  бөлімшелер 
ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн).  
2. Жоспарда ҰОҚ-нің сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалар-дың 
көпшілігі жəне кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға 
мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін 
айтарлықтай қарапайым жəне оқу барысы үшін тиімді. 
Жоспар 3 бөлімнен тұрады: 
Бірінші  бөлімде  баланың  эмоционалдық  көңіл  күйін  қамтамасыз  ететін  əдіс-тəсілдер 
қаралған. 
Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған əдіс-
тəсілдер мен құралдар буынын қамтиды. 
Үшінші  бөлім  рефлексия  түрінде  қорытынды  шығаруға  бағытталған.  Жоспардың 
«Ресурстар»  атты  айрықша  тармағында  дидактикалық,  əдістемелік,  электрондық  сипаттағы 
əртүрлі  апарат  көздері  берілген  (кейбірінің  электрондық  мекенжайы  бар).  Қысқа  мерзімді 
жоспарда əліппе-дəптердің, оның ішінде жұмыс дəптерінің барлық тапсырмалары ескерілген. 
Егер əліппе-дəптерде бір ҰОҚ-де 2–4 тапсырма орындау ұсынылса, əдістемелік нұсқауда 
əдістемелік  тапсырмалар  көлемін 15–20-ға  дейін  кеңейтеді.  Əдістемелік  нұсқаудағы 
тапсырмалар  осы  əдіс-тəсілдер  есебінен  барынша  қызықты,  мазмұнды,  ойын  түрінде 
тартымды болады. Онда əдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, 
ойнау, фольклор, сергіту сəті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер жəне т.б. бар. 
Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір 
тиімді  шығармашылық  əдістер  енгізуге  немесе  өздігінен  өзгертуге  құқығы  жоқ  дегенді 
білдірмейді.  Басты  шарты:  жоспарда  қаралған  оқу  мақсаттарын,  тақырыпты,  оның 
жүйелілігін, сондай-ақ əліппе-дəптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.  
Қысқамерзімді  жоспардың  осы  үлгісін  пайдалану  кезінде  мектепалды  даярлық 
сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:  
1.  Мектепалды  даярлық  педагогтерінің  көпшілігі  пайдаланған  технологиялық  картаның 
қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылығы бар?  
2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма? 
Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма, əлде технологиялық картаны пайдалана 
ма – өзі шешеді.   
Бірақ  қысқамерзімді  жоспар  үлгісін  технологиялық  картаға  өзгертпеген  жөн,  өйткені 
мектепалды  даярлық  жəне  бастауыш  мектеп  жоспарларының  бірізділігі  мен  тұтастығы 
бұзылады. 
 
Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар: 
 
 
Технологиялық карта 
Қысқамерзімді жоспар 
1  Оқу мақсатын педагог таңдайды. 
Оқыту жəне тəрбиелеу мақсаты оқу 
бағдарламасында айқындалған.  
2  3 кезеңнен тұрады: 
– мотивациялық-қозғаушылық; 
3 кезеңнен тұрады: 
– ҰОҚ-ның басталуы (ҰОҚ-ға ден қоюды 

164 
– ұйымдастырушылық-ізденушілік; 
– рефлексивтік-түзетушілік. 
қамтамасыз ету); 
– өмірлік тəжірибені өзектендіру; 
– ҰОҚ-нің соңы (қорытынды, рефлексия). 
3  ҰОҚ-нің негізгі бөлімі: 
– ұйымдастырушылық-ізденушілік. 
ҰОҚ-нің негізгі бөлімі:  
– өмірлік тəжірибені өзектендіру. 
4  ҰОҚ-нің əдістемесі педагогтің 
басқарушылық іс-əрекетін жəне 
балалардың іс-əрекетін қарастырады. 
ҰОҚ-нің əдістемесі, əдістемелік тəсілдер, 
құралдар, ресурстарды пайдалану мен 
технология элементтерін қарастырады. 
5  ҰОҚ-нің қорытындысы: рефлексия. 
ҰОҚ-нің қорытындысы: рефлексия. 
 
Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық 
карта да) ҰОҚ-нің үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен 
тəрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Кезінде технологиялық картаны меңгерген 
мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне қысқамерзімді жоспар үлгілерімен жұмыс 
істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тəсілдері айтарлықтай ұқсас. 
Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОƏК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту мектепалды 
даярлық пен бастауыш мектепте оқыту мазмұнының сапалы сабақтастық байланысын 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

165 
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР  
 
1.  Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016. 
2.  https://www. stihi.ru/2012/08/01/ 7434 
3.  Сборник загадок http://www.vsezagadki.ru/2010/01/zagadki-o-vremeni-i-vremenax-goda/ 
4. http://prazdnovik.ru/zagadki-pro-geroev-russkix-narodnyx-skazok.html 
5. http://deti-online.com/zagadki/zagadki-ovoschi-frukty/-Жұмбақтар.  
6.  Источник: http://doshvozrast.ru/konspekt/poznovrazv15.htm 
7.  Задачи в стихах: http://ped-kopilka.ru/blogs/elena-anatolevna-kovaleva/zadachi-v-stihah-dlja-
starshih-doshkolnikov-i-mladshih-shkolnikov.html 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

166 
 
Мазмұны 
 
Түсіндірме жазба...........................................................................................................................3 
 
Ұзақмерзімді жоспарлау. I жартыжылдық.................................................................................7 
II жартыжылдық ..........................................................................................................................10              
Қысқамерзімді жоспарлау...........................................................................................................13 
ҰОҚ-де пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар сөздігі .......................................151 
Қосымша материалдар. Сергіту жаттығулары .......................................................................155 
Қосымша.....................................................................................................................................162 
Пайдаланған əдебиеттер ...........................................................................................................165 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

167 
 
 
 
 
 
 
 
Оқулық басылым
Ақпаева Əсел Бакировна 
Лебедева Лариса Анатольевна 
Өтемісова Жанна Ербосыновна 
 
ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ 
ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Əдістемелік нұсқау 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік 
оқу бағдарламасы бойынша мектепалды 
дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне 
арналған 
 
Методист Б.С. Тажинова 
Редакторы Л.С. Ахметова
Басуға 26.07.2017 ж. қол қойылды. 
Пішімі 60х84
1
/
8

Əріп түрі «Times New Roman». 
Таралымы 1300 дана. Тапсырыс № 1398.
 
Қазақстан Республикасы, 
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС, 
050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй, 
тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10. 
e-mail: alkitap@intelsoft.kz 
www.almatykitap.kz
Учебное издание 
 
Акпаева Асель Бакировна  
Лебедева Лариса Анатольевна 
Утемисова Жанна Ербосыновна 
 
ФОРМИРОВАНИЕ ЭЛЕМЕНТАРНЫХ 
МАТЕМАТИЧЕСКИХ ПРЕДСТАВЛЕНИЙ 
 
Методическое руководство 
для педагогов предшкольных групп  
и классов по Типовой учебной программе  
дошкольного воспитания и обучения 
 
 
Методист Б. С. Тажинова 
Редактор Л.С. Ахметова 
 
Подписано в печать 26.07.2017 г. 
Формат 60х84
1
/
8

Гарнитура «Times New Roman». 
Тираж 1300 экз. Заказ № 1398 
 
Республика Казахстан, 
ТОО «Алматыкiтап баспасы» 
050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111, 
тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10. 
е-mail: alkitap@intelsoft.kz 
www.almatykitap.kz 
 


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал