Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/15
Дата15.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
Ə.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева, Ж.Е. Өтемісова 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ 
ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 
бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы  
педагогтеріне арналған 
 
ƏДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ 
 
 
Қазақстан Республикасының Білім 
жəне ғылым министрлігі ұсынған
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматыкітап баспасы 
2017 

ƏОЖ 373.2 
КБЖ 74.102 
А 37 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақпаева Ə.Б., Лебедева Л.А., Өтемісова Ж.Е. 
А 37       
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған 
əдістемелік нұсқау./ Ə.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева, Ж.Е. Өтемісова. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 
2017. – 167 бет. 
 
ISBN 978-601-01-3061-6 
 
ƏОЖ 373.2 
КБЖ 74.102 
 
ISBN 978-601-01-3061-6                                       
©Ақпаева Ə.Б., Лебедева Л.А., Ж.Е. Өтемісова, 2017 
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
 


Түсіндірме жазба 
 
 
 
«Қарапайым  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру»  оқу-əдістемелік              
кешені жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарына сəйкес дайындалған.  
1.
 
Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты 
(Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы  № 292 қаулысымен 
бекіген).  Аталған  стандарт  Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  жəне 
мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды.  
2.
 
1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік 
оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің  2016 
ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген). 
3.
 
Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы  (Қазақстан 
Республикасының  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  2016 ж. 12 тамыздағы  № 499 
бұйрығымен  бекіген).  Жаңартылған  бағдарлама  мектепке  дейінгі  білім  берудің 
контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.  
ОƏК  дайындаудың  негізгі  мақсаты – аталған  нормативтік  құжаттарда  көрсетілген 
мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы  оқытудың бірізділігін сақтау.  
 
Бағдарламада 
қарапайым 
математикалық 
ұғымдарды 
қалыптастыру 
ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) мақсаттары мен міндеттері толық айқындалған.  
 
Мақсаты:  
-қарапайым  логикалық-математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру  жəне  зияткерлік-
шығармашылық қабілеттерін дамыту.  
 
Міндеттері:  
-ақиқатты танудың математикалық тəсілдерін таныстыру: санау, өлшеу, қарапайым есептеу; 
-тапсырманы  стандартты  емес  жолмен  шешуге  деген  тапқырлығын,  зеректігін, 
ұғымталдығын, ұмтылысын дамыту;  
-ойлау əрекетінің тəсілдерімен таныстыру. 
«Қарапайым  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру»  ҰОҚ-нің  мазмұны  оқу  бөлімдері 
бойынша ұйымдастырылған.  
 
Бөлімдер  күтілетін  нəтижелер:  дағды,  білім  немесе  ұғым  түрінде  берілген  оқу 
мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Əрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған 
оқу  мақсаттары  педагогтерге  жұмысын  жоспарлауға  жəне  балалардың  жетістіктерін 
бағалауға, сондай-ақ оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.  
 
Бөлім 
Бөлімше 
1. Кеңістікте бағдарлау 1.1
.
Заттардың кеңістікте орналасуы 
2. Сан жəне санау 
2.1. Заттарды санау 
2.2. Жиын жəне логика элементтері 
2.3. Тізбектер  
2.4. Шамалар  
3. Геометриялық фигуралар 
3.1. Фигуралар мен денелер 
3.2. Фигуралардың өзара орналасуы 
4. Математикалық модельдеу 4.1. 
Математикалық тіл жəне математикалық модель 
 


Мектепке  келетін  сəтте  балалар  жиын  жəне  сандар,  пішін  жəне  шама  туралы  өзара 
байланысты  білімнің  салыстырмалы  түрде  кең  аясын  меңгеруі,  кеңістікті  жəне  уақытты 
бағдарлап  үйренуі  керек.  Тəжірибе  көрсетіп  отырғандай,  дайындық  тобының 
тəрбиеленушілерінің  қиыншылығы  əдетте  абстрактілі  білімді  меңгеру,  нақты  заттармен, 
олардың бейнесімен жасалатын əрекеттерден сандармен жəне басқа да абстракт ұғымдармен 
жасалатын əрекеттерге өту қажеттілігімен байланысты. Мұндай деңгейге өту балада дамыған 
ақыл-ой  өрісінің  болуын  талап  етеді.  Сондықтан  мектепалды  сыныпта  балардың  «тең», 
«көбірек», «азырақ», «бүтін  жəне  бөлік»  сияқты  кейбір  маңызды  математикалық 
байланыстарды,  қатынастарды,  тəуелділікті,  шамалардың  арасындағы  тəуелділікті,  өлшеу 
нəтижелерінің жəне т.б өлшем шамаларына тəуелділігін бағдарлай білу іскерлігін дамытуға 
ерекше  көңіл  бөледі.  Балалар  түрлі  математикалық  байланыстар,  қатынастар  орнату 
тəсілдерін, мысалы, жиын элементтерінің арасында сəйкестік орнату, жиын элементтерін іс 
жүзінде  бір-біріне келтіріп салыстыру, шамалардың қатынастарын анықтау үшін беттестіру, 
тұстастыру амалдарын пайдалану тəсілін игереді. Олар сандық қатынастарды анықтаудың ең 
дұрыс  тəсілдері – заттарды  санау  жəне  шамаларды  өлшеу  екенін  түсіне  бастайды.  Оларда 
санау жəне өлшеу дағдылары берік əрі саналы түрде қалыптаса бастайды.  
 
Маңызды математикалық байланыстар мен тəуелділіктерде бағдарлай білу жəне тиісті 
əрекеттерді  меңгеру    мектепке  дейінгі  балалардың  көрнекі-бейнелі  ойлау  қабілетін  жаңа 
деңгейге  көтеруге  мүмкіндік  береді  жəне  олардың  тұтастай  ақыл-ой  əрекетінің  дамуына 
жағдай  жасайды.  Балалар  ішінен  санауға  үйренеді,  оларда  көзбен  өлшеу,  пішінге,  түске, 
мөлшерге, санға əрекет етудің шапшаңдығы дамиды.  
 
Осы жаста ақыл-ой қабілетін, ойлау дербестігін, талдау, біріктіру, салыстыру сияқты 
ойлау  операцияларын,  ойын  бөлу  жəне  жалпылау  қабілетін,  кеңістіктік  қиялын  дамытудың 
да маңызы аз емес.  
 
Балалардың  математикалық  білімге  тұрақты  қызығушылығын,  оны  пайдалана  білу 
жəне оны өз бетінше өмірде қолдана білуіне тəрбиелеу керек. 
 
ОƏК кешеніне: 

 
№1, №2 əліппе-дəптер; 

 
үлестірмелі материалдар; 

 
интерактивті қосымша; 

 
əдістемелік нұсқау кіреді.  
ОƏК-нің ерекшеліктері 
 
Балалардың  оқу  əрекетіне  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  авторлар  өтпелі 
кейіпкерлер – ұл  бала  мен  қыз  баланы  енгізді.  Педагог  оларға  өзі  есім  бере  алады.  Біздің 
нұсқада  бұл – Əлия  жəне  Сырым.  Бұл  тəсіл  сөйлеу  жəне  тыңдау  дағдыларын  дамытуға 
мүмкіндік  береді.  Педагог  жағдай-тапсырмаларды  ойнату  тəсілін  енгізеді,  мұнда  тапсырма 
кейіпкердің атынан беріледі немесе бала кейіпкерге түсіндірме береді. Əліппе-дəптердің  сол 
жақ  бетіндегі  бірінші  тапсырма  жаңа  тақырыпты  суреттеуге  көмектеседі.  Біз  ұсынып 
отырған  №1  тапсырмалардың  бүкіліне  жуығын  сыныпта/  топта  балалардың  қатысуымен 
модельдеуге  болады.  Сондықтан  педагог  балалардың  іс-əрекетін  тек  əліппе-дəптерді 
қараумен шектемегені жөн. Екінші беттегі тапсырма жаңаны қолдануға, жиектеу дағдысын 
игеруге,  қолды  цифрларды  жазуға  дайындауға,  логикалық,  шығармашылық  тапсырмаларды 
орындауға  арналған.  Барлық  тапсырмалар  əрекеттік  сипатта  екенін  жəне  баланың  оны 
орындау  процесіне  белсенді  қатысуын  көздейтінін  атап  өткен  жөн.  Бұл – бояу,  суретті 
толықтырып  салу,  біріктіру,  жапсырмаларды  жапсыру,  жиектеу.  Сондай-ақ  «пішін,  түс, 
көлем»  деген  белгілер  көптеген  тапсырмаларда  жүреді.  Шартты  белгілердің  бұл  жүйесі 
балаларға тапсырманың мəнін оны оқымай-ақ анықтауға мүмкіндік береді, өйткені балалар 
əлі оқи алмайды.  


Əрбір  парақта  өзінің іс-əрекетін рефлексиялау,  өзіне баға  беруге  үйрету  үшін  сəттілік 
баспалдағы бар: 

 
Үлестірмелі  материалдар  кешенді  толықтырады  жəне  педагогке  тек  қолда  бар 
материалды  ғана  емес,  қиып  дайындаған    құралдарды  пайдалана  отырып,  ҰОҚ-не 
жылдам дайындалуға мүмкіндік жасайды.  

 
Интерактивті қосымша – интерактивті тақтаға арналған жиынтық полотнолар кешені. 
Сондай-ақ  онда  сан  есімдерді  есте  сақтауға  арналған  өлеңдер  жəне  ҰОҚ-нің 
тұсаукесері  бар.  Тұсаукесерлер  көп  емес.  Бұл  ұғымдардың  көрнекілігінің 
маңыздылығына қарамастан, осы жастағы балалардың материалды іс жүзінде əрекет 
жасаған кезде жақсы игеруіне байланысты.  
Əдістемелік нұсқауда: 

 
ұзақмерзімді жоспарлау; 

 
қысқамерзімді жоспарлау; 

 
негізгі терминдер мен ұғымдар сөздігі берілген. 
Көптілділік саясатын іске асыру – жаңартылған мазмұндағы күрделі мəселелердің бірі, 
сондықтан  біз  негізгі  терминдер  сөздігін  келтіріп  отырмыз,  оны  педагог  мүмкіндігінше 
баланың лексикалық қорына енгізеді.  
Жоспарлау ерекшеліктері 
 
 
 
Ұзақмерзімді  жоспарлау  жаңартылған  бағдарламаға  сəйкес  жасалған.  Бөлімдер  мен 
тақырыптардың  бірізділігі  сақталған.  Əрбір  ҰОҚ-де  оқытудың  бір-екі  мақсаты  таңдалған. 
Бұл  педагогтің  баланың  жетістіктерін  нормативтік  бағалау  үрдісін  жеңілдетеді.  Сондай-ақ 
жыл  бойы  өткен  материалды  үнемі  қайталап  отыру  ұстанымы  сақталған.  Бұл  мектепке 
дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды берік меңгеруіне қажетті шарт болып 
табылады. Кейбір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бір ҰОҚ-ті емес, ҰОҚ сериясы бөлінген. 
Материал  жеңілден  неғұрлым  күрделіге  көшу  арқылы  ашылады.  Бағдарламаның  соңғы 
бөлімін оқыған кезде «0.4.1.3. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды 
шешу»  мақсаты  тұтастай  ҰОҚ  сериясына  қойылған.  Бұл «4.1. Математикалық  тіл  жəне 
математикалық  модель»  бөлімінің  нақты  жағдайларды  модельдеуге  жəне  оларды 
математикалық  тілге  аударуға  арналған  неғұрлым  жоғарғы  тəртіптегі  тапсырмаларда 
алдыңғы бөлімдердің материалын жалпылауға мүмкіндік беруіне байланысты.  
 
Ұзақмерзімді  жоспарлауда  өтпелі  тақырыптар  сақталған.  Ұсынылған  бірізділік 
бағдарламасында 8 лексикалық  тақырып  бар.  Əр  ҰОҚ-не 8 тақырыптың  бірінің  аясында 
тақырыпша берілген, ол математикалық тақырыпшамен бірге ҰОҚ-нің атауына шығарылған. 
Бұл  педагогке  балаларды  тиісті  лексиканы  пайдалануға  бағыттауға  көмектеседі.  Өтпелі 
тақырыптар  біркелкі  бөлінген,  сондықтан  математикалық  жəне  лексикалық  бөлімдер 
синхронды  түрде  аяқталмайды.  Бұл  кейбір  математикалық  тақырыптарға  неғұрлым  көп 
уақыт бөлу керектігіне байланысты.  
 
 
Мектепалды бағдарламасының 8 өтпелі тақырыбы: 
1.
 
Мен кіммін жəне қандаймын? 
2.
 
Мектеп не үшін керек?  
3.
 
Менің айналамда кімдер бар? 
4.
 
Менің айналамды не қоршап тұр? 


5.
 
Жолдар бізді қайда бастайды? 
6.
 
Салт-дəстүрді білу не үшін керек? 
7.
 
Мен үшін не дəмді жəне пайдалы? 
8.
 
Денсаулықты қалай күту керек? 
 
 
Осы  нұсқаулықта  келтірілген  қысқамерзімді  жоспарлар  педагогті  Əліппе-дəптерді 
жəне  оның  қосымшаларын  (электронды  жəне  үлестірмелі  материалдарды)  пайдалануға 
бағыттайды.  Ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  (ҰОҚ)  ұсынылған  түрі  жеке  тұлғаға 
бағдарланған,  қызметтік  тəсілдерді  пайдалануды,  оқытудың  активті  жəне  интерактивті 
əдістерін қолдануды көздейді. 
Қысқамерзімді жоспарлауда жұмыс түрлерін жүргізу ұсынылған: ұжымдық (Ұ), топтық 
(Т), жұптық (Ж), өзіндік (Ө). 
Келтірілген  жоспарларда  формативті  бағалау  берілген.  Бұл  педагогтің  əрбір  нақты 
сыныпта  (топта)  бұл  үрдісті  балалардың  жеке  қасиеттерін  ескере  отырып  құруына 
байланысты.  Дегенмен,  қысқамерзімді  жоспарларда  рефлексия  жəне  бағалау  жөнінде 
кеңестер берілген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Ұзақмерзімді жоспарлау.  I жартыжылдық 
 
 
Бөлім, бөлімше 
ҰОҚ-нің тақырыбы, өтпелі 
тақырып 
Оқыту мақсаттары 
1-бөлім. 
Кеңістікте 
бағдарлану 
Мен кіммін жəне 
қандаймын? 
 
1.1.Заттардың 
кеңістікте орналасуы 
1.
 
Танысу.  Не  қайда 
орналасқан? 
0.1.1.2. Кеңістікте бағдарлану: сол 
жақ, оң жақ, үстінде, астында, 
алдында (алды), артында, (арты), 
жақын, арасында, қасында. 
2.
 
Менің  бөлмем.  Қағаз 
бетінде бағдарлаймын. 
0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлану, 
карточкалардағы геометриялық 
фигуралардың орналасуын сипаттау. 
3.
 
Менің 
ойыншықтарым.  Не  қайда 
орналасқан? 
0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлану, 
карточкалардағы геометриялық 
фигуралардың орналасуын сипаттау. 
0.1.1.2. Кеңістікте бағдарлану: сол 
жақ, оң жақ, үстінде, астында, 
алдында (алды), артында, (арты), 
жақын, арасында, қасында. 
4.
 
Менің аулам. Не 
қайда орналасқан? 
0.1.1.2.Кеңістікте  бағдарлану:  сол 
жақ,  оң  жақ,  үстінде,  астында, 
алдында  (алды),  артында, (арты), 
жақын, арасында, қасында. 
5.
 
Менің мерекем. 
Заттарды өлшемі (биіктігі, 
ұзындығы, қалыңдығы) 
бойынша салыстырамын. 
0.1.1.3.Заттарды ені, биіктігі, 
жуандығы бойынша салыстырып, 
көлемдерінің арақатынасы 
көрсетілген заттарды табу, оларды 
өлшемдерінің өсу (кему) ретімен 
орналастыру. 
6.
 
Менің 
ойыншықтарым. Заттарды 
салыстырамын жəне ретімен 
қоямын.  
0.1.1.3. Заттарды ені, биіктігі, 
жуандығы бойынша салыстырып, 
көлемдерінің арақатынасы 
көрсетілген заттарды табу, оларды 
өлшемдерінің өсу (кему) ретімен 
орналастыру. 
2-бөлім. Сан жəне 
санау 
 
Мектеп не үшін керек?
 
 
2.1. Заттарды санау 7.
 
Анама көмектесемін. 
5-ке дейін санаймын.  
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі  сандарды  тура 
жəне кері санау. 
0.2.1.2.  Заттарды  саны  бойынша 
салыстырып,  олардың  реттік  нөмірін 
атау. 
 
8.
 
Айналамдағы 
заттарды санаймын.  
1-ден 5-ке дейінгі сандар.  
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура 
жəне кері санау. 
0.2.1.2. Заттарды саны бойынша 
салыстырып, олардың реттік нөмірін 
атау. 


9.
 
Санап үйренемін.  
1-ден 10-ға дейінгі сандар.  
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура 
жəне кері санау. 
0.2.1.2. Заттарды саны бойынша 
салыстырып, олардың реттік нөмірін 
атау. 
10.
 
 Айналамдағы 
заттарды санаймын. 10-ға 
дейінгі реттік санау. 
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура 
жəне кері санау. 
0.2.1.2. Заттарды саны бойынша 
салыстырып, олардың реттік нөмірін 
атау. 
11.
 
Сурет салып 
үйренемін. «Нешеу?» жəне 
«Реті  бойынша нешінші?» 
екенін анықтаймын.  
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура 
жəне кері санау. 
0.2.1.2. Заттарды саны бойынша 
салыстырып, олардың реттік нөмірін 
атау. 
12.
 
Менің 
оқу 
құралдарым.  
11-ден 20-ға дейінгі сандар.  
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура 
жəне кері санау. 
0.2.1.2. Заттарды саны бойынша 
салыстырып, олардың реттік нөмірін 
атау. 
13.
 
Менің 
оқу 
құралдарым.  
1-ден 20-ға дейінгі сандар.  
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура 
жəне кері санау. 
0.2.1.2. Заттарды саны бойынша 
салыстырып, олардың реттік нөмірін 
атау. 
14.
 
Құрылысшы боламын.
20-ға дейін санап үйренемін. 
Алдыңғы. Кейінгі.  
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура 
жəне кері санау. 
0.2.1.2. Заттарды саны бойынша 
салыстырып, олардың реттік нөмірін 
атау. 
15.
 
20-ға дейін санап 
үйренемін.  
Санау бойынша нешінші? 
Қанша? 
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі  сандарды  тура 
жəне кері санау 
0.2.1.2.  Заттарды  саны  бойынша 
салыстырып,  олардың  реттік  нөмірін 
атау. 
16.
 
Достарыммен бірге 
үйренемін. Артық. Кем. 
Сонша.  
0.2.1.3.Топтардағы  заттарды  алып 
тастап  немесе  қоса  отырып,  санын 
салыстыру  /теңдік  пен  теңсіздікті 
анықтау,  топтарды  салыстыру  жəне 
санау 
негізінде 
сандық 
мəнін 
жалпылау. 
Менің  айналамда  кімдер 
бар? 
 
17.
 
Менің көршілерім. 
Артық. Кем. Сонша.  
0.2.1.3.Топтардағы заттарды алып 
тастап немесе қоса отырып, санын 
салыстыру /теңдік пен теңсіздікті 
анықтау, топтарды салыстыру жəне 
санау негізінде сандық мəнін 
жалпылау. 
18.
 
Қатарға 
тұрамыз. 
Алдыңғы. Кейінгі. 
0.2.1.4. Кез келген санды бір санға 
арттырса, одан кейінгі сан 


 
 
шығатынын түсіну. 
0.2.1.5 Кез келген саннан бір санды 
кемітсе, одан бұрынғы (алдындағы) 
сан шығатынын түсіну. 
19.
 
Ынтымағы жарасқан 
отбасы. Алдыңғы. Кейінгі. 
 
0.2.1.4. Кез келген санды бір санға 
арттырса, одан кейінгі сан 
шығатынын түсіну. 
0.2.1.5. Кез келген саннан бір санды 
кемітсе, одан бұрынғы (алдындағы) 
сан шығатынын түсіну. 
2.2 
Жиын 
жəне 
логика элементтері 
20.
 
Достарыммен 
ойнаймын. Заттардың 
қасиеттері. 
0.2.2.1.Заттарды  белгілі  бір  қасиеті 
бойынша жиынға біріктіру. 
0.2.2.2.Жиын элементтерін атау. 
21.
 
Əжеме көмектесемін. 
Заттар жиыны.  
 
0.2.2.1.Заттарды  белгілі  бір  қасиеті 
бойынша жиынға біріктіру 
0.2.2.2.Жиын элементтерін атау. 
2.3.Тізбектер 
22.
 
 Достарыммен 
ойнаймын.  Заттарды  жиынға 
біріктіру.  
0.2.2.1.Заттарды  белгілі  бір  қасиеті 
бойынша жиынға біріктіру. 
0.2.2.2.Жиын элементтерін атау. 
23.
 
Анама көмектесемін. 
Фигуралар тізбегі.  
 
0.2.3.1.Түрлі жағдаяттардың/ 
фигуралардың /уақыттың (күн, апта, 
ай, жыл) тізбегін орнатып, 
жалғастыру. 
24.
 
Достарыммен 
жасаймын. 
Тізбек 
жəне 
заңдылық. 
0.2.3.2.1-ден 20-ға дейінгі сандардың 
реттік қатарында қалып қойған санды 
атау. 
0.2.3.4.Заңдылықты талдап, қатені 
мұғалімнің көмегімен табу. 
Менің айналамды не 
қоршап тұр?
 
25.
 
Қай уақытта болады? 
Бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; 
таңертең, кешке, күндіз, 
түнде.  
 
0.2.3.1.Түрлі жағдаяттардың/ 
фигуралардың /уақыттың (күн, апта, 
ай, жыл) тізбегін орнатып, 
жалғастыру. 
0.2.4.1.Уақыт туралы түсінікті білу: 
бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік 
бөліктері. 
 
26.
 
Мен айналаны танып - 
білемін. Апта күндері. 
0.2.4.2.Аптадағы күндердің/жылдағы 
айлардың санын білу. 
2.4.Шамалар 
27.
 
Маған ұнайтын жыл 
мезгілі. Оқиғаның ретін 
белгілеймін. 
0.2.3.1.Түрлі жағдаяттардың/ 
фигуралардың /уақыттың (күн, апта, 
ай, жыл) тізбегін орнатып, 
жалғастыру. 
28.
 
Ас атасы – нан. Ай 
атаулары, апта күндері, 
тəулік бөліктері.  
0.2.4.1.Уақыт туралы түсінікті білу: 
бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік 
бөліктері. 
0.2.4.2.Аптадағы күндердің/жылдағы 
айлардың санын білу. 

10 
29.
 
Біз өнім жинадық. 
Ұзындықты өлшеймін.  
0.2.4.3.Шартты өлшемнің көмегімен 
заттарды ұзындығы/салмағы бойынша 
салыстыру. 
30.
 
Фермада.Заттарды 
ұзындығы бойынша 
салыстырамын.  
0.2.4.3.Шартты өлшемнің көмегімен 
заттарды ұзындығы/салмағы бойынша 
салыстыру. 
31.
 
Фермада. 
Заттың салмағын  
анықтаймын.  
0.2.4.3.Шартты өлшемнің көмегімен 
заттарды ұзындығы/салмағы бойынша 
салыстыру. 
32.
 
Табиғаттың 
сыйы.
Заттарды  салмағы  бойынша 
салыстырамын. 
 
0.2.4.3.Шартты өлшемнің көмегімен 
заттарды ұзындығы/салмағы бойынша 
салыстыру. 
 
II жартыжылдық 
 
Бөлім, бөлімше 
Сабақтың тақырыбы, өтпелі 
тақырып 
Оқыту мақсаттары 
3-бөлім. 
Геометриялық 
фигуралар 
Жолдар бізді қайда бастайды? 
 
3.1.  Фигуралар  мен 
денелер 
33.
 
Мен жол саламын.  
Фигуралар мен заттардың пішінін 
атаймын. 
0.3.1.1. Геометриялық фигуралар 
(шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, 
тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, 
текше, цилиндр) ажыратып, дұрыс 
атау. 
34.
 
Көліктер. Фигуралар мен 
заттардың пішінін атаймын. 
0.3.1.1. Геометриялық фигуралар 
(шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, 
тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, 
текше, цилиндр) ажыратып, дұрыс 
атау. 
35.
 
Серуенге атпен шығамыз. 
 Фигуралар мен заттардың 
пішінін білемін. 
 
0.3.1.1. Геометриялық фигуралар 
(шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, 
тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, 
текше, цилиндр) ажыратып, дұрыс 
атау. 
0.3.1.2. Фигураларды (шаршы, тік- 
төртбұрыш) екі қасиеті бойынша 
жіктеу. 
36.
 
Ұшақпен ұшамыз. Бүтінді 
жəне бөлікті салыстырамын. 
0.3.1.3. Заттарды бірнеше бірдей 
бөлікке бөлу, бүтін мен 
бөлшектерді салыстыру. 
37.
 
Жол бойынан нені көруге 
болады? Бүтін жəне бөліктер 
0.3.1.3. Заттарды бірнеше бірдей 
бөлікке бөлу, бүтін мен 
бөлшектерді салыстыру. 
3.2.  Фигуралардың 
өзара орналасуы 
38.
 
Астанаға саяхат. 
Бөліктерден фигура 
құрастырамын. 
0.3.2.1.Үлгі бойынша геометриялық 
фигураларды құрастыру. 

11 
39.
 
Атам мен əжемнің 
ауылына  барамын. Бөліктерден 
фигура құрастырамын.  
0.3.2.1.Үлгі бойынша геометриялық 
фигураларды құрастыру. 
40.
 
Велосипед тебеміз. 
Фигураларды таңдаймын жəне 
құрастырамын.  
0.3.2.2.Объектілерді бірден бірнеше 
белгісіне сүйене отырып, үлгі 
бойынша таңдай алу. 
0.3.1.2. Фигураларды (шаршы, тік- 
төртбұрыш) екі қасиеті бойынша 
жіктеу. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал