Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі



жүктеу 366.69 Kb.

бет1/2
Дата21.01.2017
өлшемі366.69 Kb.
  1   2

2

KAZ Minerals Инфо

      

№ 3 (10) мамыр 2016



Жаңалықтарға шолу: өркендеу жобалары

Аралады

Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба-

қауов келді. «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС директоры Джереми Аллен аймақ 

басшысына жобаның мәртебесі, өндірістік нәтижелер мен болашақ жоспарлар 

жайлы әңгімелеп берді. Ақпан айында мұнда мыс концентратының алғашқы 

партиясы өндірілді.



Жөнелтілді!

Сәуір айының соңында Бозша-

көлде мыс концентратының алғашқы 

коммерциялық партиясы жөнелтілді. 

Мұнда коммерциялық өндіріс кезеңіне 

2016 жыл барысында қол жетеді. Ал, 

толық жобалық қуатына кеніш 2017 

жылы шығады. Содан соң кәсіпорын 

күніне 20 вагон мыс концентратын 

өндіруді көздеп отыр. Дайын өнім 

Қытайға экспортталады. KAZ Minerals 

концентратты Қазақстанда қайта өңдеу мәселесін қарастырып жатыр. Өйткені, 

қолданыстағы мыс балқытатын өндіріс орындары Бозшакөл концентратынан 

алынған мысты балқытуға жарамсыз. Оның құрамында күкірті көп.



Құрметті 

әріптестер!

Қазақстанда мамыр айы мерекелерге 

толы. Қазақстан халқының бірлігі күні 

біздің  компания  үшін де  ерекше  ме-

рекелердің бірі. Кәсіпорындарымызда 

еліміздің түпкір-түпкірінен келген қазақс-

тандықтар ғана емес, шетелдік маман-

дар да иық тіресе еңбек етіп, ортақ іске 

үлес қосып келеді. Жергілікті мамандар 

үшін де, шетелдік кадрлар үшін де бұл 

кәсіби және мәдениет аралық байланыс 

орнатуға берілген таптырмас мүмкіндік 

деп білемін. Нәтижесінде өкілеттіктер 

отандық  мамандардың  қолына  өткен 

кезде компания шетелдіктердің бағалы 

тәжірибесін меңгереді. Ал, шетелдік ма-

мандар біздің тұрмысымызбен, мента-

литетімізбен танысады. Мен шетелден 

келген қызметкерлерден «қазақстандық-

тармен жұмыс істеу ыңғайлы», «біздің 

мамандарымыз үйреткенді қағып алатын 

алғыр», «Қазақстан халқы өте қонақжай» 

дегенді жиі естіп жүрмін.

Мамырда біз Отан қорғаушы күнін 

атап өтеміз. Әрине, Екінші Дүниежүзілік 

соғыс қатысушыларының алдында бас 

иеміз. Корпоративтік басылымның бі-

раз бөлігін тарихтан ойып тұрып орын 

алатын  Жеңіс  күніне  арнап  отырмыз. 

Онда  ардагерлердің  өткен  ғасырдың 

қасіреті болған сұм соғыс туралы естелік-

тері топтастырылған. Бұл соғыс қазіргі 

Қазақстанның келбетіне едәуір өзгеріс 

енгізді:  еліміз  көпұлтты  мемлекетке 

айналды, индустрияландырылды. Өйт-

кені, Қазақстан сол бір сұрапыл жылдары 

күштеп қоныс аударылған және эвакуа-

цияланған мыңдаған адамның екінші 

үйіне айналды.

Сіздерді осы бір тамаша мерекелермен 

шын жүректен құттықтаймын! Отбасы-

ларыңызға бақыт пен бірлік тілеймін! 

Техника қауіпсіздігі шараларын мереке 

күндері де естен шығарып алмауға ша-

қырамын.

Игі тілекпен,

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы

Олег Новачук

1-мамыр

Елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің 

аталып келе жатқанына 20 жылдың жүзі болды. 1996 жыл-

дың 1-мамырынан бастап тойланып келе жатқан бұл мере-

ке еліміздің барлық аймақтарындағы көптеген ұлттардың 

өкілдерін бір-біріне жақындастыра түсті. Ресми деректерге 

сүйенсек, бүгінде пейілі даласындай дархан қазақ жерінде 

150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті тіршілік етіп жатыр. Мәдени орта-

лықтар, еңбек және көркемдік ұйымдар мереке құрметіне арнап Қазақстанда тұ-

ратын халықтардың дәстүрі мен мәдениетін паш ететін көрмелер, концерттер мен 

спорт шараларын ұйымдастырады.

KAZ Minerals Тобының еңбек ұжымы да ұлттық құрамы жағынан әртүрлі. Ком-

панияда еңбек ететін мыңдаған адам тілі мен мәдениетіндегі өзгешеліктерге қа-

рамастан біртұтас болып тер төгіп жатыр! KAZ Minerals Инфо басылымының ре-

дакциясы осы мерекеге орай арнайы материалдар әзірледі.

7-мамыр

2012 жылдың қазан айында ҚР Парламенті «Қазақстан 

Республикасының «Мерекелер туралы» заңына толықты-

рулар енгізу жөнінде» ереже қабылдаған болатын. «Отан 

қорғаушы күні» деп аталатын мемлекеттік ресми мейрам 

осы құжат негізінде дүниеге келді. Мерекенің 7-мамырда 

тойлануы неліктен деген сұраққа келсек, 1992 жылғы 7-мамырда еліміздің Ұлттық 

Қарулы күштер құрылған болатын. Бұл мереке ел арасында Ерлер күні деп аталып 

кеткені де жасырын емес. Соның арқасында әйелдер қауымы әкелерін, күйеулері 

мен ұлдарын құттықтауға қосымша мүмкіндік алды. KAZ Minerals Тобында жұмыс 

істейтін сегіз мыңнан астам ер азаматтарға арналған құттықтауларға біздің редак-

ция ұжымы да қосылады.



9-мамыр

1945 жылғы 8-мамыр күні Орталық Еуропа уақыты бо-

йынша сағат 22:43-те (Мәскеу уақыты бойынша 9-мамыр 

күні сағат 00:43-те) Берлинде генерал-фельдмаршал Виль-

гельм Кейтель Германияның капитуляциясы туралы актіге 

қол қойды. Соғыс 9-мамыр күні Мәскеу уақыты бойынша 

01:01-де тоқтатылды. Германияның капитуляциясын Кеңес 

одағы тарапынан маршал Жуков пен одақтас күштер бас қолбасшысының орынба-

сары Теддер қабылдап алды. Ұлы Отан соғысы осылайша аяқталды.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында KAZ Minerals Инфо редакциясы әріптестерінен ата-

әжелерінің ХХ ғасырдағы ең сұрапыл соғыс туралы естеліктерін еске түсіруді сұраған 

болатын. Оны газетіміздің 7-14 беттерінен оқи аласыздар.



Мамыр мерекелері

3

№ 3 (10) мамыр 2016

      

KAZ Minerals Инфо



Жаңалықтарға шолу: Шығыс аймағы

Тегіс жол

«Шығыстүстімет» ЖШС облыстық 

маңызы бар Секисовка-Шемонаиха тас 

жолының орташа жөндеу жұмыстарына 

700 млн теңге бөлді. Глубокое және Шемо-

наиха аудандары арқылы өтетін күре жол 

жалпы пайдалануға арналған. Мемлекет 

меншігіндегі жолдың ұзындығы 54 км. 

Қаржы жөндеу жұмыстарымен айналыса-

тын мердігер компанияның есеп-шотына 

аударылды.

Үздік геологтар атап өтілді 

Геолог күні құрметіне «Шығыстүстімет» ЖШС бірқатар геологтары саланы дамытуға 

қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды. Оларға Инвестиция және даму министрлігінің 

грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.



Энергетикалық 

ұжымдық шарт 

«Востокэнерго» ЖШС қызметкерлері 

мен жұмыс беруші 2016-2018 жылдарға 

арналған ұжымдық шартқа қол қойды. 12 

бөлімнен тұратын құжат тараптар арасын-

дағы еңбек және әлеуметтік-экономикалық 

мәселелерді реттейді. 

Жаңа көлік 

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің «Восток-

АвтоТранс» филиалына жуырда 32 дана 

су жаңа көлік жеткізілуі тиіс. Техника 2015 

жыл бюджетінен үнемделген қаржы есебі-

нен сатып алынған. 2016 жыл бюджетінен 

бөлінген қаражатқа тағы 23 жеңіл көлік са-

тып алынады. Жыл басынан бері филиал 

автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты. 

Автобустар жеке-жеке орындықтармен 

және үш нүктелі қауіпсіздік белдіктерімен 

жабдықталған.



Емін-еркін жүреді 

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің қызмет-

керлерін тасымалдайтын автобустарда 

бақылаушылар пайда болды. Олардың мін-

деті – қызметтік автобусқа Шығыстүстімет 

рұқсатнамасы немесе «ВостокАвтоТранс» 

филиалымен шарт жасасқан мердігер 

ұйымдардың қызметкерлеріне берілетін 

арнайы жол жүру билеті жоқ адамдарды 

мінгізбеу. 



Сәнқой жүргізушілер

2016 жылдың мамырынан бастап 

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің автобус жүргі-

зушілері жұмысқа бірыңғай пішіндегі жұ-

мыс формасын киіп шығады.

Құрмет кітабы

«Шығыстүстімет» ЖШС-

де Құрмет кітабы пайда 

болды. Оны компания мен 

кәсіпорын бөлімшелерінде 

он жылдан астам уақыт ең-

бек еткен қызметкерлердің 

өзіндік алтын қоры десек, 

артық айтқандық болмас. 

Қызметкер туралы мәлі-

мет Құрмет кітабына бір 

рет қана енгізіледі. Ол са-

налы ғұмырын өндіріске сарп еткен аза-

маттардың еңбегіне деген компанияның 

сый-құрметінің дәлелі болмақ. Кітапқа 

енген еңбеккерлерге арнайы сертификат 

беріледі.

Келісімшарт түзетілді

ҚР Еңбек кодексінің жаңартылуына 

байланысты «Шығыстүстімет» ЖШС-нің 

2014-2016 жылдарға арналған ұжымдық 

шартына өзгерістер енгізді. Өзгертулермен 

толық танысу үшін кәсіподақ ұйымдары-

на хабарласуға болады. 2016 жыл соңында 

«Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері мен 

жұмысберуші 2017-2018 жылдарға арнал-

ған ұжымдық шартқа қол қою жұмыстарын 

бастайды. 

Құрылыс

KAZ Minerals Семей қаласындағы спорт 

интернатының және  Шығыс Қазақстан 

облысындағы Республикалық гематология 

орталығының құрылысына ақша бөледі. 

Интернат жобасында демалыс бөлмелері, 

оқу және тұрмыстық бөлмелер, жаттығу 

залы, медициналық пункт және жуынатын 

бөлмелер қарастырылған. Гематология 

орталығы қан ауруы мен лимфоид жүйесі 

сырқаттарына шалдыққан пациенттерге 

медициналық көмек көрсететін клини-

калық кешенге айналмақ.

Спорттық өмір салты

«Шығыстүстімет» ЖШС футбол ко-

мандасы Өскеменде футзалдан өткен қа-

ла біріншілігінде 3-ші орынға ие болды. 

Жарысқа осымен үшінші жыл қатарынан 

қатысып отырған компания қызметкерлері 

жүлделі орынға тұңғыш рет қол жеткізді.


4

KAZ Minerals Инфо

      

№ 3 (10) мамыр 2016



- Ж

ыл сайынғы дәстүр 

бойынша 28-сәуірде 

Халықаралық еңбекті 

қорғау күні атап өтіледі.  Тау-кен са-

ласындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі мен 

еңбек қорғаудың ерекшеліктері жайлы 

әңгімелеп берсеңіз...

- Біз тау-кен, кен өндіру компанияла-

рында жұмыс істеудің қауіпті екенін жақ-

сы білеміз. Себебі, бұл істе жарақат алу 

және кәсіби сырқаттарға шалдығу қаупі 

өте жоғары. Бірақ бұл жарақат пен ауру-

ларды кен өндірісінің ажырамас  бөлігі 

деп қарастыру керек дегенді білдірмейді. 

Бұл өндірістегі қауіп-қатерлерді басқару-

ға көбірек уақыт пен күш жұмсау қажет 

деген сөз. Компания басшыларынан бас-

тап әрбір жұмысшыға дейінгі аралықтағы 

барлық қызметкерлерден қауіпсіздікті 

қамтамасыз етуге көбірек атсалысып, тұ-

рақты күш жұмсауды талап етеді. Барлық 

деңгейдегі бақылау – қауіпсіз, әрі тиімді 

өндіріске қол жеткізуге көмектесетін 

бірден-бір жол.

Кейбір компаниялар қауіп-қатерлерді 

басқару мен оның адам денсаулығына 

әсерін төмендету саласында белгілі бір та-

быстарға жетіп те үлгерді. Компаниямызда-

ғы қауіпсіздікке қатысты статистика кешегі 

күнге дейін қанағаттанарлықсыз деңгейде 

болды. Меніңше, соңғы бірнеше жылда 

жұмысшылардың талпынысының арқа-

сында жағдай едәуір жақсарды. Дегенмен 

атқаратын жұмыс көп. 



- КAZ Minerals осы жолда қандай 

тәсілдерді пайдаланады және неге 

талпынады? 

- Қазақстандағы және ТМД айма-

ғындағы өзге компаниялар сияқты KAZ 

Minerals та қауіпсіздік талаптары тәптіш-

теп жазылған заңдарды сақтауға күш 

салады. Бұл өте маңызды. Дегенмен, ком-

пания басшыларының жауапкершілікті өз 

мойнына алғаны бұдан да маңызды деп 

ойлаймын. Мемлекет біздің қауіп-қатер-

лерімізді реттей алмайды. Онымен біз 

өзіміз айналысуымыз керек.

Сұхбат


Тікелей тілдесу

 

1970 жылдары Батыста өнеркәсіп 



қауіпсіздігі саласындағы заңдар қай-

та қаралды. Жан-жақты талаптар мен 

нормативтік талап-

тар жойылды. Оның 

орнына компаниялар-

дың қауіп-қатерлерді 

басқару жөніндегі 

менеджерлеріне 

қойылатын талаптар 

енгізілді. Нәтижесінде 

қауіпсіздік көрсеткіш-

тері айтарлықтай 

жақсарды.

Қазақстан мен 

ТМД-ның өзге 

елдеріндегі заңдар 

Батыс мемлекеттері 

мен Ұлыбритания-

ның 1950-1960 жылдардағы заңнамалар 

деңгейінде. Нормалар мен талаптардың 

көптігінен мемлекеттік механизм дер 

кезінде шара қолданып, технологиялар 

мен қауіп-қатерлерді басқарудың жаңа 

тетіктерін енгізіп үл-

гермейді. Менің ойым-

ша, бұл ең алдымен әр 

компанияның опера-

циялық басшысының 

міндеті. Жалпы, біздің 

қауіпсіздігіміз үшін 

жауапкершілік өзгенің 

емес, өзіміздің мойны-

мызда болуы тиіс.

- KAZ Minerals 

кәсіпорындарындағы 

жарақат алу көр-

сеткішіне қандай баға 

берер едіңіз?

- Осыдан бірер жыл 

бұрын компанияда әр апта сайын соңы 

адам өліміне әкеп соқтыратын бақытсыз 



Питер Плавина:

«Қазақстанда 

адамдар қажетсіз 

тәуекелдерге барады»

Өндірістік жарақаттар жөніндегі мәлімет-

терді жасыру кімге қажет? KAZ Minerals 

өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы 

жағдайды түбегейлі өзгерту үшін не істеп 

жатыр? KAZ Minerals Инфо редакциясы 

осы және өзге де сұрақтарды Топтың 

өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі дирек-

торы Питер Плавинаға қойған болатын. 

Оның бүкпесіз жауаптары төмендегі 

сұхбатта.

Әйгерім Түкіпова, Алматы

«Мен бала кезде пианист 

болуды армандайтын-

мын. Бірақ, әкем білікті 

инженер болғандықтан 

ба, әйтеуір, инженер-

металлург мамандығын 

таңдадым»



5

№ 3 (10) мамыр 2016

      

KAZ Minerals Инфо



жағдайлар болып тұратын. Бүгінде бұл 

көрсеткіш едәуір жақсарды. Бірақ жағдай 

әлемдегі жетекші тау-кен компанияла-

рындағы деңгейге жете қойған жоқ.

Ал, көрсеткіштерге келер болсақ, KAZ 

Minerals Тобына қарасты кәсіпорын-

дарда жарақаттану 

деңгейі төмен. Мұны 

жұмысшылардың алған 

жарақаттарын жасы-

руға тырысатынымен 

түсіндіруге болады. 

Біз қазір осы құбылыс-

ты жоюға күш салып 

жатырмыз. Алайда, 

ахуалды түбегейлі 

өзгерту қиын. Себебі, 

жұмысшылардың жа-

лақысының жартысы 

өндірістегі бақытсыз 

жағдайларға тікелей 

байланысты. Біз даму 

жобаларында мұны 

қайта қарап жатыр-

мыз. Онда жалақының 

пайызы жарақатқа 

байланысты емес. Енді 

сынап көреміз. Ал, 

белсенділік танытқан 

жұмысшылар мен өзгелерге үлгі болған, 

сондай-ақ, жұмыс орнын жақсартып

қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтаған 

жұмысшыларды ынталандырып отыра-

мыз. Біз жұмысшылардың өндірістегі 

проблемалар жайлы хабарлап отырғанын 

және жалақыдан қағылмағанын қалай-

мыз. Егер олар өндірісте қауіпсіздікті 

бақылау шараларын 

қолға алмаған жағдай-

да ғана жалақының бір 

бөлігінен айырылмақ.

- KAZ Minerals 

жуырда жаңа 

өнеркәсіп қауіпсіздігі 

стандарттарын 

қабылдады. Осыған 

қатысты пікіріңізді 

білсек... 

- KAZ Minerals 

өнеркәсіп қауіпсіздігі 

мен экология мәсе-

лелерін басқарудың 

жаңа стандарттар 

жиынтығын енгізгені-

не көп болған жоқ. Бұл 

стандарттар әлемдегі 

ең үздік тәжірибелер-

ге толығымен жауап 

береді. Олардың 

маңыздылары жан-

жақты жазылған болса, 

енді бірі туралы аз 

жазылған. Бұл «ма-

невр жасауға ыңғайлы 

болуы үшін» жасалып 

отыр. Уақыт өте келе 

әрбір кәсіпорынның 

өзіне сай, ыңғайлы 

дербес стандарттары 

қалыптасуы тиіс. Бұл 

бұрынғыдан мүлдем 

бөлек дүние.

Мен учаскелердегі 

басшылардың бас кеңседегі жетекшілер-

ден нақты тапсырма күтіп отыратынын 

аңғарып жүрмін. Әлбетте, бұл дұрыс, 

онсыз болмайды. Бірақ, қауіпсіздік жайлы 

сөз болып тұрған кезде қалыптасқан 

және операциялық қызметтер атқар-

дым. Әрбір операциялық басшы үшін 

өнеркәсіп қауіпсіздігінің маңызды рөл 

атқаратынын дәл сол кезде түсіндім.

Бірде австралиялық тау-кен ком-

паниясында жұмыс істеп жүргенде 

өнеркәсіп қауіпсіздігі саласына ауысуға 

мүмкіндік туды. Бірнеше жылдан кейін 

мен өндірістік қауіп-қатерлерді басқару 

саласында зерттеу жүргіздім. Бұл менің 

салада сол күнге дейін жинақтаған тәжі-

рибемді қайта құрылымдауға мүмкіндік 

берді. Енді бұл салада да жұмыс істегені-

ме 20 жыл толып отыр. Бұл оңай шаруа 

емес. Себебі, бұл техника, психология, 

өндірісті басқару, жоспарлау, аудит сала-

сындағы білімімді пайдаланып, бизнес 

пен заңның қалтарысын жетік меңгеруді 

талап етеді. Мен өз жұмысымнан ләззат 

аламын. Өйткені, менің мақсатым – адам-

дардың денсаулығы мен қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету, сондай-ақ, өндірістің 

қоршаған ортаға әсерін мейлінше төмен-

дету болып табылады.

- Мүмкіндікті пайдалана отырып 

газетіміз арқылы KAZ Minerals қыз-

меткерлеріне не айтар діңіз?

- Адам өмірі мен денсаулығынан, 

сіздердің қауіпсіздіктеріңізден маңызды 

ештеңе жоқ. Сіздер отбасына, жора-жол-

дастарыңызда өте керексіздер. Немен ай-

налыссаңыздар да, қай жерде жүрсеңіздер 

де, бір секунд аялдап, неге бәс тігіп отыр-

ғандарыңызды, оның салдары туралы 

ойланып көріңіздер. Егер бір нәрсе дұрыс 

жасалмаса оның сіз үшін де, өзгелер үшін 

де салдары ауыр болатынын ұмытпаңыз-

дар. Отбасының сізсіз тіршілігін елестетіп 

көріңіз. Өзіңізді мүгедек арбасына та-

ңылған күйде, құлағыңыз саңырау немесе 

көзіңіз соқыр күйінде елестетіңіз.  Өзіңіз-

ге және қасыңыздағыларға: қандай қате 

кетуі мүмкін, бұл қаншалықты қауіпті, не 

істеуге болады деген сұрақтарды қо-

йып отырыңыз. Титтей күмәніңіз болса, 

асықпаңыз, тоқтап, өзгелердің көмегіне 

жүгініңіз. «Көтере алмайтын шоқпарды» 

белге байлаудың қажеті жоқ. Сұраңыз, 

тексеріңіз, тағы да тексеріп көріңіз. 

Қауіп-қатер жоғына көз жеткізіңіз. 

Өзіңізге абай болыңыз, айналаңыздағы-

ларды да қарайлай жүріңіз. Бәрі дұрыс бо-

лады деп өзіңізді сендірудің қажеті жоқ. 

Кеткен қателіктің соңы бірде болмаса, 

бірде қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы 

мүмкін. Басыңызды қатерге тікпеңіз! Егер 

сіз басшы болсаңыз адамдардың өмірі 

үшін жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. 

Олардың өмірі сіздің қолыңызда! 

жағдайды бағамдау, қауіп-қатерлерді 

басқару орталықтағы басшының емес, әр 

учаскедегі менеджердің міндеті. Техни-

ка қауіпсіздігі мен экология жөніндегі 

корпоративтік стандарттар ең төменгі 

стандарттарды анықтау үшін ғана қажет. 

Ал, оларды іс жүзін-

де жүзеге асыру – 

жергілікті жерлердегі 

операциялық басшы-

лардың міндеті.



- Жұмысшылар-

дың қауіпсіздік тех-

никасы талаптарын 

толық сақтауына 

қандай факторлар 

әсер етеді деп ойлай-

сыз? Осы олқылықты 

түзету үшін компа-

ния қандай шаралар-

ды қабылдауы тиіс?

- Қазақстан мен 

ТМД аймағында 

адамдар басын қатерге 

тіккіш. Бұл елдердің 

Батыстан айырмашы-

лығы осында. Мәселен, 

Австралияда немесе 

Ұлыбританияда ашуға булыққан бірде-бір 

жүргізуші көрмейсің. Ол жақта жүргізуші-

лер өте мұқият, әр қадамын аңдып ба-

сады. Бұл мемлекеттің көптеген жылдар 

бойы атқарған жұмысының нәтижесі. Ал, 

мұнда жүргізушілер көліктерін бір-біріне 

тым тақап айдайды. Салдарынан түрлі 

апатты оқиғалар күнделікті нормаға ай-

налған. Өндірісте де солай. Заң бұзушы-

лықтар мен жарақат 

қалыпты жағдайға 

айналған. 

Жалпы, мен 

өмірлік тәжірибемнен 

мынадай тұжырым 

жасадым: жұмысшы-

лар желі басшылары 

мен өздерінен жоғары 

тұрған адамдар сақта-

ған талаптарды ғана 

сақтайды. Белгілі бір 

жарақатқа кінәлілерді 

іздеп, талаптарды 

«нашар» орындаушы-

ларды іздеу саясатын 

доғармасақ жағдай 

мүлдем өзгермейді. 

Жұмысшылар жұмыс 

істеу үшін келеді. Мен 

жұмысқа жарақат алу 

үшін келетін адамды 

кездестіріп көрген 

жоқпын. Жұмысшы-

лардың қауіпсіздікке 

қатысты көзқарасын 

қауіп-қатерлерді 

дұрыс, нақтылап 

басқарған жағдайда 

ана өзгертуге болады. 

Мен өз жұмысымды 

осы бағытта жүргізуге 

тырысамын.



- Сіз өнеркәсіп 

қауіпсіздігі саласына 

қалай келдіңіз?

- Мен бала кезде пианист болуды 

армандайтынмын. Бірақ, әкем білікті 

инженер болғандықтан ба, әйтеуір, инже-

нер-металлург мамандығын таңдадым. 

Бастапқы 17 жылда түрлі техникалық 

Сұхбат

«Қазақстан мен ТМД 



аймағында адамдар 

басын қатерге тіккіш. 

Бұл елдердің Батыстан 

айырмашылығы осын-

да. Мәселен, Австралияда 

немесе Ұлыбританияда 

ашуға булыққан бірде-бір 

жүргізуші көрмейсің. Ол 

жақта жүргізушілер өте 

мұқият, әр қадамын аңдып 

басады. Бұл мемлекеттің 

көптеген жылдар бойы 

атқарған жұмысының 

нәтижесі. Ал, мұнда 

жүргізушілер көліктерін 

бір-біріне тым тақап ай-

дайды»

«Біз жұмысшылардың 



өндірістегі пробле-

малар жайлы хабар-

лап отырғанын және 

жалақыдан қағылмағанын 

қалаймыз. Егер олар 

өндірісте қауіпсіздікті 

бақылау шараларын қолға 

алмаған жағдайда ғана 

жалақының бір бөлігінен 

айырылмақ»

«Компаниямыздағы 

қауіпсіздікке қатысты 

статистика кешегі күнге 

дейін қанағаттанарлықсыз 

деңгейде болды. Меніңше, 

соңғы бірнеше жыл-

да жұмысшылардың 

талпынысының арқасында 

жағдай едәуір жақсарды»


6

KAZ Minerals Инфо

      

№ 3 (10) мамыр 2016



Пайдалы ақпарат



  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал