Арал аудандық газеті №65 (10015) №65 (10015)



жүктеу 414.68 Kb.

бет1/5
Дата10.03.2017
өлшемі414.68 Kb.
  1   2   3   4   5

Арал аудандық газеті

№65  (10015)

№65  (10015)

№65  (10015)

№65  (10015)

№65  (10015)

Сенбі,  30  тамыз,  2014  жыл

Сенбі,  30  тамыз,  2014  жыл

Сенбі,  30  тамыз,  2014  жыл

Сенбі,  30  тамыз,  2014  жыл

Сенбі,  30  тамыз,  2014  жыл

Газет 1930 жылғы

1 қарашадан шығады

...Астанада жыл соңына дейін 5 жаңа қонақүй пайдалануға

беріледі. Қала әкімі аппараты баспасөз қызметінің хабар-

лауынша, осы аралықта бұдан бөлек тағы «Астық логистік»

ЖШС, «Жасылтас» ЖШС және «Astana food tood trade» ЖШС

сияқты бірқатар сауда-логистикалық орталық өз жұмыстарын

бастайды.

* * *

Қызылордада бұқаралық велошеру ұйымдастырылды. Оның

соңы сала үздіктерін марапаттауға ұласты. Облыс әкімінің

орынбасары Ақмарал Әлназарова оларға облыс әкімінің Алғыс

хаттарын, сондай-ақ, «Денешынықтыру мен спортты

дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Құрметті спорт қыз-

меткері» төсбелгілерін табыс етті.

(«Егемен Қазақстан» газетінен).

Бүгін Конституция күні





ӘРБІР  ЗАҢ  АТА  ЗАҢНАН  ТУЫНДАЙДЫ

ҰЛЫТАУ  ТӨРІНДЕГІ  ТОЛҒАНЫС

ҰЛЫТАУ  ТӨРІНДЕГІ  ТОЛҒАНЫС

ҰЛЫТАУ  ТӨРІНДЕГІ  ТОЛҒАНЫС

ҰЛЫТАУ  ТӨРІНДЕГІ  ТОЛҒАНЫС

ҰЛЫТАУ  ТӨРІНДЕГІ  ТОЛҒАНЫС



Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен

Жезқазған өңірінде болғаны газет оқырмандарына жақсы мәлім. Бүгін

жұртшылық назарына Елбасының Ұлытау төріндегі ұлт туралы тол-

ғаныстарын ұсынып отырмыз. Әңгіме қазіргі экономика мәселелері,

ел тарихы, тіл тағдыры, дін ахуалы төңірегінде өрбіді.

Сұхбатты «Хабар» агенттігінің тілшісі Ринат Думанұлы жүргізді.

–Құрметті Нұрсұлтан Әбіш-

ұлы, бүгін Жезқазған өңіріне келіп,

тек аймақ үшін ғана емес, жалпы

еліміз үшін стратегиялық тұрғы-

дан аса маңызды «Жезқазған-Бей-

неу» және «Арқалық- Шұбаркөл»

теміржол магистральдарының тұ-

сауын кестіңіз. Бұл-біздің ел үшін

шын мәніндегі тарихи оқиға. Енді

осы сапар ауқымында Қазақ елінің

рухани орталықтарының бірі-

қасиетті Ұлытау жеріне арнайы

ат басын бұрып отырсыз. Кезінде

ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай,

біздің елдің «тарихы қалың». Ен-

деше, сол тарихымыздан, әсіресе,

қазір біз әңгімелесіп отырған Ұлы-

тауға байланысты тарихымыздан

халқымыз қандай тағылым алуы

керек?

-Біріншіден, Жезқазған жерінде

үлкен тарихи оқиға болды деп са-

наймын. Бұл-Жезқазған өңірінен

ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың

мыс кенін табуымен және Жезқаз-

ған қаласының орнығуымен сабақтас

нәрсе. Қазір арада 50-60 жыл өтті,

қаншама кен шығарылды, мыс

алынды. Жер қойнауындағы байлық-

тың таусылатын кезі болады. Жез-

қазғанның төңірегіндегі мыс кені де

таусылып, қаланың жағдайы нашарлай

бастады. Бұл-табиғи жайт. Кеңес Одағы

тұсында әрбір кен орны, әрбір электр

стансасы төңірегіне ауыл салынатын

еді ғой. Ал енді мына жердегі жұмыс

ауқымы біткеннен кейін халық не іс-

терін білмей қалды. Жезқазғанның

теміржол тұйығында тұрғаны бәрімізді

әр уақытта қинайтын еді. Екіншіден,

Кеңес Одағы кезінде барлық теміржол

Ресейге қарай салынды. Ал көлденең

жүретін, елді бір-бірімен қатыстыра-

тын жол салынған жоқ. Ол Кеңес Ода-

ғының да, Ресейдің де ешқандай жос-

парына кірмеді. Қазақстанды ешкім

ойламады. Енді, міне, еліміздің эконо-

микасы ілгерілеп, 500 миллиард теңге

ақша бөлінетін жағдайға жеткеннен

кейін осындай 1200 шақырымдық

теміржол салынып отыр. Бұл-айта сал-

ғанға өте оңай. Ал маңызына келсек,

алдағы 50-100 жылда пайдаланатын игі-

лігіміз. Жаңа тікұшақпен ұшып келе

жатқанда өзің көрдің, тақыр даланың

торғай қонатын бұтасы жоқ. Сол тақыр

далада ел тұрмайды. Себебі, оған жұ-

мыс та жоқ, шаруашылық та жоқ. Ал

теміржол төрт облыстың бірнеше ау-

данына тіршілік нәрін береді. Темір-

жолдың бойынан жұмыс табылады.

Жұмыс болғаннан кейін кенттер бой

көтереді. Халық қоңданады, даламыз-

ды ел жайлайды. Экономикалық жағы

өз алдына бір мәселе.

Комбинаттың жұмысын ұзарту

үшін былай істейді. Жердің астында

қалған «целиктер» болады. Шахтаның

төбесін ұстап тұру үшін жер қойна-

уына үлкен-үлкен кенді қалдырып қоя-

ды. Сол кеннің ішінде мыстың бай қо-

ры жатыр. Оны алайын десең, үстінде

тұрған ауылдар бар. Ол ауылдарды кө-

шірмесе, «целикті» алған кезде ойдым-

ойдым жермен бірге төмен түсіп кету

қаупі төнеді. Сол үшін мемлекет 250

миллион қаржы шығарып, жұпыны

үйлерде тұратын 6 мың халықты жақсы

үйлерге көшіріп, астындағы

кенді алады. Кеннің өзінің 200

миллион тонна рудасы болса,

содан 2 миллион тонна мыс

шақса, комбинат үшін 20-30

жылға жұмыс табылады деген

сөз. Одан кейін барлау жұмыс-

тары жүрер болса, жұмыс орны

көбейе береді. Сондықтан мұ-

ның маңызы өте үлкен.

Мына өзіміз келіп отырған

Ұлытау-өте қасиетті жер. Ұлы-

тау деп аталуының өзінің тари-

хи мәні бар. Қазақтың ен дала-

сының қай шетіне барсаң да,

осындай қасиетті жерлер табы-

лады. Шығысқа барсаң-Берел

қорғаны бар, Орталыққа кел-

сең-қалмақтармен соғысқан

Аңырақай шайқасы өткен жер

бар. Батысқа барсаң-Алтын

Орданың хандары тұрған Са-

райшық сияқты қасиетті мекен

бар, Оңтүстікке барсаң-Түр-

кістан тұр. Қазақстанда осын-

дай қасиетті жерлер көп. Деген-

мен, Ұлытаудың орны бір басқа.

Біздің жастарымыз оны біле

бермейді. Біз өз тарихымызды жаңа-

дан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақ-

тың тарихы өте бай. Оны білуіміз ке-

рек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы

деген жылды жарияладық. Дүние жү-

зінен-Қытайдан, Ираннан қазақ тари-

хының жазба жәдігерлерін жинадық.

Қазақтың көп дүниелері атадан балаға

ауызекі түрде беріліп келген.

Біздің елдігіміз, қазақ жұртының

арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұн-

дардан кейін көк түріктерге жалға-

сады. Одан кейін Алтын Орда орны-

ғады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып,

кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп

тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз

бар. Жастарымыз мұны білуі керек.

Біз кеше ғана пайда бола қалған халық

емеспіз. Бұл-жаңағы айтқан ғұндар-

дың да, көк түріктердің де, Алтын

Орданың да орталығы болған жер.

Өзінің тұрған жері-Қазақстанның

кіндік ортасы. Мұнда тұрған тау-

аумағы 200 шақырым қырат-қырат

таулар. Ең биігі-Әулиеата деп

аталады. 1100 метр. Одан ағып жатқан,

мына біз маңында отырған бұлақ

Әулиебұлақ деп аталады. Осының

бәрін ата-бабамыз бекер атамаған

ғой. Жаздың күні осы жерді жай-

лаған қазақ малын Ұлытаудың етегіне

айдап келеді. Батыстан да, Оңтүс-

тіктен де, Солтүстіктен де, Шығыстан

да ағылады. Мына таудан бұлақ

ағады, төңірегі жайылымға қолайлы.

Мыңдаған, миллиондаған мал жатса

да көрінбейтін шүйгін дала болған.

Бар қазақ жан-жақтан келген соң

киіз үй тігеді, ат шаптырып, той жа-

сайды. Осы жерде қыз ұзатады, бала-

сын үйлендіреді. Бір-бірімен құда бо-

лып тарасады. Мына елдің қызы бы-

лай кетеді, ана елдің жігіті мына жақ-

тан қыз алады. Еліміз осылай арала-

сады.


(Басы. Жалғасы 2-бетте.)

Еліміз тәуелсіздік алғаннан

кейін зайырлы, демократиялық,

құқықтық және әлемге ашық

мемлекет құруға кірісті. Конс-

титуция-мемлекеттің саяси

және құқықтық құжаты, негізгі

заңы.


«Тәуелсіздігімізді алғаннан

кейін бізге бүгінгі өмір

шындығымен және алдағы уа-

қытпен бірге қадам басып,

өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі

мен жарқын болашаққа деген

сенімді жинақтаған негізгі

Заң қажет болды. Тәуелсіз

Қазақстанның Конститу-

циясы ашық және демократия-

лық қоғам орнатудың негізгі

принциптерін баянды етуге

тиіс болатын»,-деп жазады

Елбасымыз өзінің «Қазақ-

стан жолы» атты кітабында.

Еліміз егемендік алғаннан

бері екі Конституция қабыл-

данды. Біріншісі-1993 жылы

өмірге келді. Бірақ, оның елеулі

жетіспеушілігі де бар еді. Нақ-

тылап айтсақ, ел ішінде болып

жатқан саяси-экономикалық

және әлеуметтік процестерді

бірден ой елегінен өткізу, мем-

лекетіміздің мүмкіндіктерін

ғылыми тұрғыдан нақты

айқындау мүмкін болмады. Күр-

делі қайта құрулар мен рефор-

малар жаңа Конституция әзір-

леп, қабылдауды қажет етті. 1995

жылы 30 тамызда бүкілхалық-

тық дауыс беру арқылы рефе-

рендумда еліміздің жаңа Конс-

титуциясы қабылданды. «1995

жылғы Конституция тақыр

жерде пайда болған жоқ. Ол

егемен Қазақстанда конститу-

циялық құрылыс орнату үшін

бұрыннан жинақталған тәжіри-

белерді, сондай-ақ, біздің жағда-

йымызға сәйкес келетін ең прог-

ресшіл шетелдік тәжірибелерді

барынша толық пайдаланған еді.

Сондықтан да, кімде-кім еліміз-

дің негізгі Заңының рухы мен

маңызын терең түсінгісі келсе,

оны жасаудың, қалыптастыру-

дың тарихын жақсы білуі ке-

рек» деген еді Елбасымыз.

Жаңа Конституцияға көпте-

ген өзгеріс енгізілді. Көлемі жа-

ғынан едәуір қысқарып, 9 бө-

лімнен, 98 баптан тұрады. Елі-

міздің экономикалық күш-қуа-

ты мен мүмкіндіктері тиянақта-

лып, халықтың әлеуметтік топ-

тарына тиісті кепілдікті құқық-

тар беретін көкейкесті мәселе-

лерді шешу ескерілді. Жаңа Ата

Заң құқықтық мемлекет құруға

бағдарланған. Конституцияның

кіріспесінде: «Қазақстан Рес-

публикасы өзін демократиялық,

зайырлы, құқықтық және әлеу-

меттік мемлекет ретінде орнық-

тарады: оның ең қымбат қа-

зынасы-адам және адамның өмі-

рі, құқықтары мен бостан-

дықтары»,-делінген.

Бұрынғы Ата Заңда көр-

сетілген, бірақ жете тиянақ-

талмаған көптеген маңызды

мәселелердің түйіні кейінгі

Конституцияда жаңаша ше-

шілген. Оны әсіресе, жер, тіл,

азаматтық, негізгі құқықтар

мен бостандық сипаты ту-

ралы, қос палаталы парламент

құрылымы мәселелері жөнін-

дегі баптар мен тармақтардан

айқын көруге болады. 2007

жылы мамырда «Қазақстан

Республикасының Консти-

туциясына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы»

заң қабылданды. Ол республика

халқы тарапынан түсіністікпен

жылы қабылданды. Конститу-

циялық реформалардың негізгі

мақсаты-қоғамды одан әрі де-

мократияландыру.

Президенттік жүйеден бас-

қарудың президенттік-пар-

ламенттік моделіне көшудің

конституциялық негігі қаланды.

Жергілікті өзін-өзі басқару жа-

ңа деңгейге көтерілді. Мәсли-

хаттар мен олардың депутат-

тарының өкілеттілігі кеңейтіл-

ді. Сонымен бірге, саяси партия-

лардың қоғамдағы рөлін күшей-

туге көп негіз жасалды. Сот

жүйесінің тәуелсіздігін қамта-

масыз етуге бағытталған шара-

лар ескерілді. Сондай-ақ, аза-

маттардың құқықтары мен бос-

тандықтарын сақтауға бағыт-

талған Конституцияның 16-ба-

бының 2-тармағы жаңа редак-

циямен қабылданды.

Ата Заңымыздың әлемдегі

ең жас Конституциялардың бірі

болып саналғанмен, ең үздік 50

конституцияның қатарында бо-

луы-зор жауапкершілік пен са-

уаттылық және жан-жақты көз-

қарас негізінде қабылданған-

дығын көрсетеді.

«Конституцияны қатаң ұс-

тану-бұл мемлекеттіліктің та-

бысты дамуының және қоғам-

дағы азаматтық келісімнің не-

гізі. Ол бойынша өмір сүру-бұл

демократияның ең жоғарғы

мектебі. Бұл мектептен барлы-

ғымыз өтуге тиіспіз. Біздің мін-

дет-Конституцияға аса ұқыпты-

лықпен қарау. Өзіміздің еліміз-

ді, өзіміздің тарихымызды, өзі-

міздің жетістіктерімізді қалай

құрметтесек, оны да солай ая-

лауымыз керек» деген Мемле-

кет басшысының сөзі қазақс-

тандықтардың басты ұстанымы

болуы керек. Себебі, біздің Ата

Заңымыз халқымыздың бір-

неше ғасырлар бойы аңсаған

шынайы егемендікке қол жет-

кізгендігінің нақты көрінісі бо-

лып табылады. Сондықтан, рес-

публикамыздың әрбір азаматы

Ата заңымыздың мазмұнын

жете біліп, оның талаптары мен

қағидаларын мүлтіксіз сақтауға

міндетті.

1995 жылы 30 тамызда бүкіл-

халықтық республикалық референ-

думмен еліміздің тәуелсіздігін

айқындайтын басты құжат-Қазақ-

стан Республикасының Конститу-

циясы қабылданып, қолданысқа ен-

гізілді. Биыл мемлекетіміздің құ-

қықтық-демократиялық даму жо-

лындағы өркендеуінің бірден-бір

ұйытқысы болған Конституция-

мызға 19 жыл толады.

Ата Заңымыз 9 бөлімнен, 98 бап-

тан тұрады. Және бұл бөлімдер елі-

міз өмірінің әртүрлі аспектілерін

қамтиды. Конституция бойынша,

ҚР Президенттік басқару нысанын-

дағы біртұтас мемлекет, ал Респуб-

лика Президенті халық пен мемле-

кеттік билік бірлігінің, Конститу-

цияның мызғымастығының, адам

және азамат құқықтары мен бос-

тандықтарының нышаны, әрі кепі-

лі.  Біздің Конституциямыздың бас-

ты артықшылығының бірі-ең алды-

мен, адам және оның өмірі, құқық-

тары мен бостандықтарын мемлеке-

тіміздің ең қымбат қазынасы, бай-

лығы деп тануында. Ата Заңымыз-

дың 2-бөлімінде аталған басым-

дықтардың көрініс табуы-соның

дәлелі.


Конституциямыз халық үшін

жазылған. Оның ең басты мақсаты-

халыққа, қоғамға қызмет ету. Тек,

оның әлеуетін дұрыс пайдалануға

ерекше көңіл бөлу керек. Мұның

барлығы ұлтымыздың өткені мен

Құрметті  аудан  тұрғындары!

Қымбатты  ұстаздар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конститу-

циясы күнімен  және  соған тұспа-тұс келген  Білім

күні  мерекелерімен  шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі Ата Заңымыз-Елбасы ұсынып, халық қолда-

ған, өзінің өміршеңдігін дәлелдеген маңызы зор құжат.

Көп ұлтты халқымыз Конституция кемелдігінің аясын-

да баянды өмір сүріп, еселі еңбек етуде. Ел іргесін тіреп

тұрған Ата Заңымыз негізінде нарықтық экономика

құрылып, халықтың әл-ауқаты артуда. Мұның айғағын

ауданымызда атқарылып жатқан игі істерден көруге

болады. Теміржолдар, мектептер мен балабақшалар,

ауруханалар салынып, тұрғын үй бағдарламасы табыс-

ты орындалуда. Осындай игіліктерге қол жеткізуіміз

Ата Заңымыздың  арқасы екенін әрбір азамат шын

жүрекпен сезінулері қажет.  Конституциямызды ар-

дақтау, оның маңызын жоғалтпау-барша  қазақстан-

дықтың парызы.

Елдің болашағы жас ұландар бойына білім мен

өнерді, рухани байлық пен ұлттық құндылықтарды сіңі-

ріп, оларды тұлғалы азамат етіп тәрбиелеуде ұстаз-

дардың  үлесі зор. Қазіргі технологиялар ерекше дамы-

ған заманда да білім сапасын қамтамасыз етудегі

мұғалім рөлін еш нәрсемен ауыстыруға болмайды. Білім

бәйгесіндегі тұлпарлардың бағын ашып, маңдайын

жарқырату Сіздердің қолдарыңызда. Арал ауданыны-

ның мерейі мен мәртебесі  де  алдарыңыздағы  шәкірт-

тер білімімен  көтеріледі.

Құрметті  аудан тұрғындары, ұстаздар қауымы,

Сіздерге зор денсаулық,  абырой  мен  жетістік  және

еңбектеріңізге сәттілік тілеймін.



Ізгі тілекпен, аудан әкімі   Абзал МҰХИМОВ.

МЕРЕКЕЛІК

МЕРЕКЕЛІК

МЕРЕКЕЛІК

МЕРЕКЕЛІК

МЕРЕКЕЛІК

ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ

ЕГЕМЕНДІКТІҢ  НЫШАНЫ

ЕГЕМЕНДІКТІҢ  НЫШАНЫ

ЕГЕМЕНДІКТІҢ  НЫШАНЫ

ЕГЕМЕНДІКТІҢ  НЫШАНЫ

ЕГЕМЕНДІКТІҢ  НЫШАНЫ

сабақтастығын үзбеуге арналуы

тиіс. Ол-халықтың таңдауы. Конс-

титуцияны құрметтеп, мақтан тұ-

туымыз және қорғауымыз қажет.

Қабылданғанына 19 жыл болған

ҚР Конституциясы өзінің өмір-

шеңдігін осы уақыт ішінде дәлел-

деді. Әсіресе, сот төрелігінің тиім-

ділігін арттыру, сот-құқық жүйесін

жүйесін жетілдіру мақсатында бір-

қатар маңызды шаралар қабылда-

нып, іске асырылды. ҚР Президен-

тінің «Сот жүйесін жетілдіру жө-

ніндегі шаралар» туралы Жарлығы

және ҚР «Сот жүйесі және судьялар

мәртебесі туралы» Конституция-

лық заңы-осындай шаралардың нә-

тижесі. Ата Заң мемлекеттің бола-

шақтағы дамуының бағдаршамы

іспеттес.

Қазіргі қолданыстағы Консти-

туциясының ең басты артықшылы-

ғы адам және оның өмірін, құқық-

тары мен бостандықтарын мем-

лекетіміздің ең қымбат қазынасы,

байлығы деп тануында болып отыр.

 Иә, Елбасы айтқандай, «Біз

Мәңгілік Ел боламыз» деп кемел

мемлекет құруды көздеген халық-

пыз. Халқы заңын сыйлайтын, со-

тына сенетін қоғам-ең дамыған қо-

ғам. Біздің мақсатымыз-дәл сондай

қоғам құру.



К. ӨТЕПБЕРГЕНОВ,

Арал аудандық сотының бас

маманы.

1 қыркүйек    Білім  күні



27 тамыз күні қаладағы №262 мектеп-гимна-

зиясында білім қызметкерлерінің дәстүрлі  тамыз

мәслихаты болып өтті. Аудан әкімі Абзал Мұхи-

мов алқалы жиынды ашық деп жариялап, артынша

Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Бұдан соң,  аудан  әкімі  Абзал Мұхимов «Білім

берудің инновациялық стратегиясы-мемлекеттің,

қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму

факторы» тақырыбында баяндама жасады. (баян-



дама мәтінін 3 - беттен оқи аласыздар). Баян-

дамада Елбасымыздың «Барлық елдер бойынша

әлемдік стандарт деңгейінде білім берудің сапалы

қызметін ұсынуға қол жеткізуіміз қажет» деп,

теңестірілген білім беру жүйесінің маңыздылы-

ғын айтып келе жатқандығына және  білім беруді

реформалау жағдайындағы ең өзекті мәселелер-

дің бірі-қазіргі қоғамдағы мұғалім қызметі екен-

дігіне ерекше тоқталды. Жалпы ҰБТ бойынша,

ауданның орташа балдық көрсеткіші 72,71 пайыз-

ды құраған.

Жиында алдағы уақытта сапалы білім беруге

жоғары талап деңгейінде мән  беру керектігі сөз

болды. Сонымен бірге, білім беру жүйесін модер-

назициялаудағы түйіні шешілмеген мәселелер

жан-жақты айтылды. Аудан әкімі мектеп дирек-

торлары мен жиынға қатысушылар назарын кезек

күттірмейтін басым міндеттерге аудара отырып,

ЖАҢА  ОҚУ  ЖЫЛЫ  ЖАҢА

МІНДЕТТЕР  ЖҮКТЕЙДІ

жаңа оқу жылының ойдағыдай өтуіне сәттілік ті-

леді. Өз кезегінде, №177 орта мектеп директоры

Б.Төреахметов сөз алып, Үкімет тарапынан мұға-

лімдерге барлық жағдай жасалғанын, соның нәти-

жесінде, өткен оқу жылында жақсы көрсеткіш-

терге қол жеткізгендіктерін ортаға салды. Ал, ар-

дагер ұстаз Ж. Сұлтанова білім саласындағы арда-

герлерге  көңіл бөлген атқарушы билік өкілдеріне

ризашылығын білдірді. Облыс әкімінің «Үздік

педагог-2013» номинациясы бойынша сыйақысы-

ның иегері Ж.Қонарова  шәкірттерінің  жетісті-

гі арқасында сый-құрметке бөленгендігін айта ке-

ле, еңбегінің ұшталуына қолдау көрсеткен әріп-

тестері мен аудан мұғалімдерін жаңа оқу жылы-

мен құттықтады.

Мазмұнды шарада 1- сынып табалдырығын ат-

тайтын  бүлдіршіндер мерекелік сәлемдемелерін

жолдаса, аудандық Оқушылар үйінің өнерлі

өрендері сахнаны ән-жырға бөлеп, ұстаздар қауы-

мына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Аудан  әкімі Абзал Мұхимов бір топ озат ұс-

таздарды Қызылорда облыстық білім басқармасы

мен Арал ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен

және Алғыс хаттарымен марапаттап, гүл шоқта-

рын ұсынды. Естелік суретке түсті.

(Өз тілшімізден).

ХХІ ғасырда біздің еліміз

ғаламдану мен жаһандану

дәуіріне қадам басуда. Осы

көшті жандандырып дамытуда

жас ұрпақтың білімі мен

біліктілігі орасан зор рөл

атқарады. Бүгінгі таңда

республика мектептері

толығымен жаңа ақпараттық

компьютерлік техникалармен

қамтамасыз етіліп, жаңашыл

мұғалімдердің сапалы және

инновациялық

технологияларды меңгеруі-

қазіргі заман талабынан

туындап отыр. Білім сапасын

көтеруде көтеруде

инновациялық

технологияларды дұрыс және

сауатты қолдану жылдан-

жылға күрделі және өзекті

мәселеге айналуда. Оқыту

барысында озық, тиімді

технологиялар тәжірибеге

енгізілуде.

Халқымыздың заңғар

жазушысы Мұхтар Әуезов

«Халықты халықпен

теңестіретін-білім» деп атап

көрсеткендей, қай елдің

болсын, өркендеп өсіп-өнуі

сол елдің білім деңгейі мен

даму жүйесіне байланысты.

Рухани ұлттық қажеттілікке

жараған білім-ең мықты білім,

оның нәрін бойына сіңірген

ұрпақ елімізді гүлдендіріп,

болашағымызды дамыта алады.

Ал, сол білімді шәкірт

санасына себуші-ұстаз.

Мұғалімдер жаңалықтардан

қалмай, үнемі білім алып,

ақпараттық дәуірдің белсенді

мүшесі болуы керек. Әрбір

жаңашыл ұстаз ақпараттық

технологиялардың ғылыми-

теориялық негізін меңгеріп,

оны жұмысында қолдануға

тырысуы қажет.

Жаңа технологияны

меңгеру-мұғалімнің оқу-

тәрбие үрдісін жүйелі

ұйымдастыруына көмектеседі.

Оқытудың озық

технологиясын меңгеру

мұғалімнің кәсіптік

шеберлігіне байланысты. Бұл

әрбір ұстазды ойландырып,

жаңаша жұмыс істеуге

жетелейді. Осы орайда,

Жүсіпбек  Аймауытов «Сабақ

беру үйреншікті жай ғана

емес, ол жаңадан жаңаны

табатын өнер»,-деп тұжырым

жасайды. Сондықтан, мұғалім

өз пәніне психологиялық

тұрғыдан қарап, әдістемелік

шеберлікпен келу керек.

Сабақ барысында әртүрлі

технологияларды қолдану

мұғалім жұмысын өнімді,

нәтижелі, ал оқушылардың

білім алу әрекетін мәнді,

қызықты, пайдалы етеді.

Ұстаздықтың ұлы жолында

талмай еңбек еткен адам ғана

білім биігін бағындырады.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал