Арал аудандық газеті №49 (9999) №49 (9999)



жүктеу 339.34 Kb.

бет1/4
Дата28.02.2017
өлшемі339.34 Kb.
  1   2   3   4

Арал аудандық газеті

№49  (9999)

№49  (9999)

№49  (9999)

№49  (9999)

№49  (9999)

Сенбі,    5 шілде,  2014  жыл

Сенбі,    5 шілде,  2014  жыл

Сенбі,    5 шілде,  2014  жыл

Сенбі,    5 шілде,  2014  жыл

Сенбі,    5 шілде,  2014  жыл

Газет 1930 жылғы

1 қарашадан шығады

...Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде қазақтың ақиық

ақыны Мұқағали Мақатаевтың түрік тіліне аударылған шы-

ғармаларының тұсаукесері салтанатты түрде өткізілді.

Іс-шараға мәдениет қайраткерлері және Түркиядағы қазақ

қоғамдастықтарының өкілдері  қатысты. Салтанатты рәсім-

ге атсалысқан Түрік Парламентінің депутаты Өзжан Енічери

екі ел халықтарының одан әрі жақындасуына ықпал ететін

қазақ классикалық әдебиетінің түрік тіліне аударылуының

маңыздылығына тоқталды. Ескішаһар провинциясының губер-

наторы Гүнгөр Туна шығармалар жинағының басылып шыға-

рылуын түркітілдес халықтар кеңістігіндегі мәдени ынты-

мақтастықтың дамуымен байланыстырды. Қазақстанның

Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев кітаптың тұсаукесер

рәсімі барысында М. Мақатаев шығармашылығы ішкі дүние-

сінің күші мен маңыздылығын баяндады.

Құрметті  оқырман!  «Толқын»  газетіне  2014  жылдың  екінші  жарты  жылдығына  жазылу  жүріп  жатыр.  Жекелер  үшін  жазылу  бағасы  6 айға -2000  теңге  (индексi:

68028),  мекемелер  үшін  3000  теңге  (индексi: 18028)  болып  белгіленген.  Газетке  жазылу  редакцияның  өзінде  және  «Қазпошта»  бөлімшелерінде  жүргізілуде.

Жыр-шашу

АЗАТТЫҚТЫҢ

АЗАТТЫҚТЫҢ

АЗАТТЫҚТЫҢ

АЗАТТЫҚТЫҢ

АЗАТТЫҚТЫҢ

КОРАБЛІ

КОРАБЛІ

КОРАБЛІ

КОРАБЛІ

КОРАБЛІ

САЛТАНАТТЫ  ЖИНАЛЫС

САЛТАНАТТЫ  ЖИНАЛЫС

САЛТАНАТТЫ  ЖИНАЛЫС

САЛТАНАТТЫ  ЖИНАЛЫС

САЛТАНАТТЫ  ЖИНАЛЫС

ЕЛЕУЛI  ЕҢБЕКТІҢ,  ЖАРҚЫН  ІСТЕРДІҢ   ЖЕМІСІ

ЕЛЕУЛI  ЕҢБЕКТІҢ,  ЖАРҚЫН  ІСТЕРДІҢ   ЖЕМІСІ

ЕЛЕУЛI  ЕҢБЕКТІҢ,  ЖАРҚЫН  ІСТЕРДІҢ   ЖЕМІСІ

ЕЛЕУЛI  ЕҢБЕКТІҢ,  ЖАРҚЫН  ІСТЕРДІҢ   ЖЕМІСІ

ЕЛЕУЛI  ЕҢБЕКТІҢ,  ЖАРҚЫН  ІСТЕРДІҢ   ЖЕМІСІ

ÑÀËÛ•  Ò‡Ñ²Ì²  50  ÌÈËËÈÎÍ

ÒÅŒÃÅÃÅ  ÀÐÒÀÄÛ

(«Ана тілі» газетінен).

Қымбатты аралдықтар және қала қонақтары!

Баршаңызды 6 шілде-Астана күні мерекесімен

шын жүректен құттықтаймын. Астана-исі алаш

баласының ортақ мақтанышы, халқымыздың маң-

дайға ұстар мақтанышы, көпұлтты Отанымыздың

айбары. Биыл ел Астанасына 16 жыл. Осынау

қысқа мерзімде ежелгі Есіл өзенін бойлай бой

көтерген егеменді еліміздің жаңа Астанасы

төрткүл әлемді түгел мойындатқаны белгілі. Қазақстан Респуб-

ликасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назар-

баевтың тікелей бастамасымен және қолдауымен Арқа төсінде

асқақтаған осынау ғажайып шаһар күн санап көріктене түсуде.

Бұл күндері Астанамыз саяси-мәдени өміріміздің нағыз орта-

лығына айналды. Жыл санап, күн санап төбесі жеті қат көкпен

таласқан жаңа ғимараттар қатары көбейіп келеді. Мұнда адам-

дар игілігі үшін барлық жағдай жасалғанын көзбен көріп, кө-

ңіліңді мақтаныш сезімі билейді.

Егеменді еліміздегі үлкенді-кішілі басқа да қалалар Астанаға

қарап бой түзейтіні белгілі. Бұл орайда туған қаламыз Аралдың

да келбеті соңғы жылдары айшықтана, ажарлана түскенін көре-

міз.


Астана-арман қала, жастар мекені. 2017 жылы мұнда «ЭКС-

ПО-17» дүниежүзілік көрмесін жоғары дәрежеде өткізуге қам-

қарекет жасалуда. Мұның өз мәнінде өтетініне ешқандай күмән

жоқ. Себебі, көп ұлтты Отанымыздың халқы ынтымақшыл,

бірлігі мол. Астана-алаштың ажары, бақуатты базары. Астана

тойы құтты болсын, қадірменді аралдықтар!



  Абзал  МҰХИМОВ,

аудан әкімі.

Қондырған Ақ ордамды оу, Астанам!

Астана бол мәңгілік алашқа аман!!!

Кетейін тиіп демде төбем көкке,

Жетейін биіктерге,

жол аш маған!

Бейжің мен Токиоға теңей көрме,

Қазақтың Астанасы-ол ей, пенде!

Керемет арман болған қалам осы,

Керексе Жәнібек пен Керейлерге...

Кербез таң алмастырып кешін бұққан,

Еркелеп ел алдынан Есіл шыққан...

Айшықтап Астанасын,

атам қазақ

Арқаға дәл осы күн көшін жыққан...

Осы жер...

ұрпақ бүгін танып алғай,

Хан Кене қамал шапқан қабыландай.

Елбасы салды Астана Сарыарқадан,

Алаштың басын қосып Абылайдай.

Астанам Ай мен Күнге төсін керген,

Талайды таңырқатты тосын келген.

Күнікей қыз сияқты

Күн астында,

Әнекей, әйбат қалам досым көрген!

Шаттанып шартараптан тосқан досын,

Мәртебең әлемдегі аспандасын!

Алыс пен жақындағы ақ ниетті,

Астанам Адамзаттың қосқан басын.

Алыптай алға басқан әр адымы,

Астанам-Азаттықтың кораблі.

Далада алтын шаһар асқақтатқан,

Қазақтың баласының даналығы!

Сәулетің сұлуланып сан жаңарар,

Көркіңе кім мендей боп толғана алар?!

...Астанам ажарынан аңыздағы,

Шаһары Шамның тіпті жолда қалар...

...Кезің жоқ тоқмейілсіп, толастаған,

Әлемде көркем сенен қала аспаған.

Жалынды сәлем, жұмыр жер үстінен,

Жарқ еткен жапан түзде Жаңа Астанам!!!

Т. НҰРЖАН-БАЛТА.

Астана күні қарсаңында

бәрекелді дегізерлік  жаңалық-

тан құлағдар болдық. Жалпы,

мемлекет әлеуетінің артуы ең

бірінші кезекте бюджет түсі-

міне тікелей байланысты екені

ақиқат. Әйгілі химик Менде-

леевтің таблицасында кездесе-

тін барлық пайдалы қазбалар-

дың жиынтығы бар ұланғайыр

даланы қызғыштай қорыған

ата-бабаларымыз игілігін ке-

йінгі ұрпағы көруін мақсат ет-

кен…

…Сол арман орындалды да.



Қазіргі таңда республикамыз-

дың түкпір-түкпірінде алпауыт

өндіріс ошақтары, тау-кен

орындары жұмыс көрігін қыз-

дыруда. Десек те, кейбір іргелі

құрылымдардың өздері орна-

ласқан жерлеріндегі аудан ор-

талықтарына ауыз толтырып

айтарлықтай пайда түсірмеуі

жүрегі елім деп соққан азамат-

тарды қынжылтатыны жасы-

рын емес.

Айталық, Аралқұм ауылдық

округі, Шөміш елді мекенінен

17 шақырым шалғай орналас-

Жағымды  жаңалық



қан «Латон-Маркет» жауапкер-

шілігі шектеулі серіктестігі

қаншама жылдан бері пайдасы

орасан құм шығару үстінде. Сол

шикізат ретінде табиғи кварц

құмын өндіретін мекемеде 49

адам жұмыспен қамтылған. «Екі

қолға бір күрек» тапқандардың

20-ға жуығы жергілікті тұрғын-

дарды құрайды деседі. Бұл әри-

не, қуантарлық жағдай.

Алайда, негізгі мәселе мұнда

емес, сол серіктестіктің салық

төлемдеріне қатысты болып

отыр. Нақтырақ тоқталсақ, «Ла-

тон-Маркет» ЖШС-гі өткен жы-

лы 154,132 мың тонна кварц құ-

мын өндіріп, салықтар мен тө-

лемдер бойынша шамамен

39 301,5 мың теңгені Алматы

қаласының Алмалы аудандық са-

лық басқармасына төлеген кө-

рінеді.


Ал, күні бүгінге дейін өнді-

рілген  өнімнің 6 пайызын, яғни

2 671 мың теңге көлемінде ғана

аудан бюджетіне пайда түсірген.

Иә, таяуда ғана 75 мыңға

жуық халқы бар Арал ауданын

басқару міндетін иеленген аудан

әкімі Абзал Мұхимов осынау ең

маңызды мәселеге сергек қа-

рап, салық түсімін ұлғайтуды

күн тәртібіне қойды. Сөйтіп, аз

уақыт ішінде аудан басшысы-

ның салық базасын кеңейту жө-

ніндегі бастамасы өз нәтижесін

беріп,  жоғарыда аталған серік-

тестік басшылығымен екі жақ-

ты уағдаластық жасалды. Ендігі

жерде «Латон-Маркет» ЖШС

тарапынан аудан бюджетіне

түсетін салық көлемі 50 миллион

теңгеге артпақ.

Елбасы Нұрсұлтан Назар-

баевтың шағын және орта биз-

несті дамыту бағдарламасы ая-

сында атқарылған жарқын іс-

тердің барлығы да құптарлық.

Соның ішінде аудан әкімінің

алғашқы жемісті қадамы тұра-

лап қалған кейбір салалар жұ-

мыстарының алға басуына,

әлеуметтік-экономикалық жағ-

дайдың қазіргіден де жақса-

руына мол мүмкіндіктер ашпақ.

Жоғарыда жағымды жаңа-

лық деп деп айдар тағуымыздың

мәні де осында.



(Өз тілшімізден).

Уақыт шіркін көз ілеспей

осынау дөңгеленген дүниедей

көз алдымызда өтіп жатыр. Мі-

не, бүгін қазақ елінің тәуелсіз-

дік алғанына да 22 жылдан асты.

Осы қас-қағым сәтте, яғни, та-

рих үшін «теңізге тамған там-

шыдай» аз ғана уақыттың өзінде

біздер қандай игілікті істермен

қуанып, немізбен масаттана-

мыз. Еуразия кеңістігінде орын

теуіп, батысында Еділ, Жайық,

Оңтүстігінде Сырдария, Шығы-

сында Ертіс, Сарыарқаның кін-

дігінен бой көтерген Астана қа-

ласына  16 жыл толып отыр.

Енді осы кезеңге көз жүгір-

тіп, ойымызды түйіндесек: Елі-

міздің әлеуметтік, рухани, саяси

және экономикалық өміріндегі

өзгерістен біздің ақиқатымыз-

ды, өмірлік ұстанымымыз дә-

лелденгендей.

Атап айтсақ, бірінші-саяси

өмірімізде: Президенттік басқа-

ру жүйесі, биліктің  үш тармағы,

қос палаталы Парламент, Ата

Заңымызда жазылған «Азамат-

тық қоғам», «Құқықтық мемле-

кет» екенімізді растайды. Оны

дүниежүзілік қауымдастық та

әділ мойындап отыр. Біз 1993 жылдан бері

толыққанды БҰҰ-ның мүшесіміз. Жүзден

астам елде елшілігіміз болса, Астанада

сондай елшіліктері мен консульствола-

рымен дипломатиялық қарым-қатынас

жасап отырмыз. Дүниежүзілік жаһандық

дағдарыстың алдын алуда Президентіміз

тың идеялардың бастамашысы болып

отыр. ЕҚЫҰ-на және Ислам конферен-

циясы ұйымына төрағалық жасадық. Енді

2017 жылға қарай Біріккен Ұлттар Ұйымы

сессиясына төрағалық ету міндеті тұр.

Ал, екінші-экономикалық жүйемізде;

әрине, біз нарық заманына көштік. Ата-

мыз қазақ «Көш бара түзеледі» дейді.

Қиындықсыз ешнәрсе болмайды және ол

өздігімен келмейді. Шүкір, оны да жеңіп

келеміз. Алысқа бармай-ақ, яғни ЭКС-

ПО-2017-ні айтпағанда, Арал өңіріне

тоқтала кетсек, САРАТС жобасы, «Ба-

тыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолы,

мұнай-газ құбырлары, жалпы айтқанда,

ғасырлық мега жобалар ауданымыздың

үстінен өтіп, халқымызға шерепеті тию-

де. Осыдан екі жыл бұрын Астана күні

қарсаңында Елбасы Н. Назарбаев  сал-

танатты жағдайда «Жезқазған-Сексе-

уіл-Бейнеу» темір жолы құрылысын

бастандырған еді. Енді міне, келер жылы

пайдалануға беріліп, қаншама сексеуіл-

дік, қарақұмдық ағайындар жұмыспен

қамтылуда. Аралдықтардың қуанышына

айналған бұл тарихи жол келешегімізді

көрікті етіп, Батыс пен Шығысқа, одан

әрі Еуропаға даңғыл жол тартылмақшы.

Осы жылдары қаншама бюджеттен

қаржы бөлінді, қаншама адам жұмыспен

қамтылды. Оның үстіне өз ісіне беріл-

ген, сыннан өткен «білікті маман» көш

бастаса, ұтарымыз көп. Ол-жерлесіміз,

билік баспалдағынан өткен Қырымбек

Көшербаев келгенде, облыс халқы, оның

ішінде Арал ауданы тұрғындарының

қуанышында шек болмады.

Үшінші-мәдени өмір: 140-тан астам

ұлыстар мен халықтар мекендеген ілгері

заманнан бері «халықтар достығының

лабораториясы» болып келген, қиын-

қыстау заманда қоныс бөліп берген,

олардың келешегіне кепілдік берген қа-

зақ елі  Халықтар достығының Ассам-

блеясы қолға алынды. Бүгінгі

таңда осы болмысты, яғни «бір

жағадан бас, бір жеңнен қол шы-

ғарып», бір Отан, бір тарих деп

отырған тәжірибесін бүкіл дүние

жүзі қауымдастығы мойындап,

пікір алысуда. Астананың 16

жылдығына байланысты басқа-

ны айтпағанда, дүние жүзі бо-

йынша бірінші бестікке кіретін

Астана «Опера» театры мен Пре-

зидент кітапханасы ғажайып ғи-

мараттарының  ашылуы, әрине

ол үлкен құбылыс, жетістік.

Төртінші-әлеуметтік өмір:

Сонау шөл далада қала тұрғызып

көгалдандырып, сәулетті мекен-

жай жасау тарихта ілуде біреу

ғана. Әр заманның оның халқы-

ның болмысында біртуар тұл-

ғасы болады. Ол-әрине, сөз жоқ,

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы На-

зарбаевтың ерен ерлігі. Сөз жоқ,

осынау Ұлт Көшбасшысы халық-

аралық деңгейдегі қандай мара-

патқа да лайықты тұлғалы бір-

туар азамат.

Қай жағынан алсақ та, жетіс-

тіктер мен жақсылықтарға, сая-

си жаңалықтарға толы Астана-

ның 16 жылдығына толағай та-

быстармен келдік. Әрине, Елбасының

сара да сарабдал саясаты арқасында ин-

дустриялық-инновациялық жобалар бі-

рінен соң бірі елімізде қарқынды жүзе-

ге асырылуда. Сөйтіп, біз «Қуатты Қазақ-

станды бірге көркейтетін боламыз».

Елордамыздың мерейлі 16 жылдығы қа-

сиетті Рамазан айына тұспа-тұс келуі де

әсте тегін болмаса керек-ті. Иә, бұл ай ақ

тілектер қабыл болатын қасиетті ай. «Ас-

танам-бағым, Аралым-арым» демекші,

киелі Арал, Сыр өңірін де алда үлкен сер-

пілістер күтіп тұр. Лайым, осы бағытпен

жүрсек, күні ертең-ақ әлемдегі өрке-

ниетті отыз елдің қатарынан табылары-

мыз сөзсіз.



Құндыз ДӘУІТОВА.

Отанымыздың жүрегі, тә-

уелсіздігіміздің тірегі болған

ару Астананың келбетіне қара-

саң көз тойған ба, шіркін?! Ға-

сырға бергісіз азғантай уақыт

ішінде төрткүл дүниенің төрт

бұрышына танылып үлгерген

Елордамыздың төрінде күні

бүгінге дейін жарыса бой кө-

терген зәулім ғимараттар қата-

ры жетерлік. Осынау бабалар

жайлауының ізі қалған Сары-

арқа төсін кейінгі ұрпағы құт-

ты қоныс еткелі де биыл 16

жыл. Елбасы Н. Назарбаевтың

жемісті еңбегі. Әр жыл Аста-

наның ажарын одан әрі көрік-

тендіре түскендей. Ару қала-

ның алып кеудесі әлі күнге қы-

зу құрылыстан арылған емес.

Демек, жас қаланың жыл өт-

Ерке Есілдің жағалауы бүгінде көрген көз сүйсінерліктей дә-

режеге жеткен. Зәулім үйлер жарыса бой көтеріп, қараған жан-

ның бөркі түсетін ғимараттар алыстан мен мұндалайды. Ал, тату

тіршілік пен мамыражай бейбiтшілік жөніндегі маңызды құжаттар

қаншама мәрте Ақорда төрінде сұрыпталғаны көзі қарақты, кө-

кірегі ояу жандарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  таныс.

Себебі, бұл қала Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саяса-

тының басты жемісі ретінде алаш жұртының астанасы атанған.

Рас, Астананың ажары айшықты. Әлгі қазақ ертегісіндегі Тола-

ғай сынды жыл санап емес, күн санап өскен бас қаланың келешегі

кемел екенін  әлемнің өзі мойындап отыр. Бұл сөзімізге дәлелді

алыстан іздемей-ақ, 200-ге жуық мемлекет арасынан ЭКСПО-2017

көрмесін қазақ елінде өткізу мәртебесін жеңіп алғанымызды

айтсақ та болады.

Иә, бүгінгі қарқынмен өркен жайса, Қазақстанның ертең-ақ

ғажапстанға айналары ақиқат. Президентіміздің биылғы Жолда-

уында жан-жақты айтылған жарқын бастамалар соны меңзейді.

Қысқасы, сенімді басшылық пен халықаралық дәрежеде ұйымдас-

тырылатын көрме қазақ ұлтының мерейін асырары даусыз.

Әсия ЕЛЕШОВА,

№67 орта мектеп жанындағы «Ботақан»

шағын орталығының тәрбиешісі.

ЖАҢА ДӘУІР КӨРІНІСІ

БҮГІНГІ ҚАЗАҚСТАН

ЕРТЕҢГІ ҒАЖАПСТАН

кен сайынғы келбеті түрлі кө-

ріністермен өзгере бермек.

Міне, күллі қазақтың мақ-

танышына айналған әсем қала

ғұмыры санаулы күндерден

соң 16 жылды артқа тастайды.

Яғни, шілденің 6 жұлдызы әр-

бір отандасымыздың ыстық

ықыласына бөленген, ерке

Есілдің етегін жағалай орна-

ласқан Астананың туған күні,

ару қаланың алаш баласының

абыройы болған күн. Бұл өз ке-

зегінде барша қауымға ортақ

мереке екенін әркез дәлелдеп

келеді.

Олай болса, туған күнің



құтты болсын, қазағымның бас

қаласы, еліміздің Елордасы-Ас-

тана!

А. ҚАРАСАЙ.

АСТАНА  ТОЙЫ    АЛАШТЫҢ  ТОЙЫ

АСТАНА  ТОЙЫ    АЛАШТЫҢ  ТОЙЫ

АСТАНА  ТОЙЫ    АЛАШТЫҢ  ТОЙЫ

АСТАНА  ТОЙЫ    АЛАШТЫҢ  ТОЙЫ

АСТАНА  ТОЙЫ    АЛАШТЫҢ  ТОЙЫ



«Сыр елі-достық

мекені» атты  шара

ұйымдастырылады.

Атап айтқанда,

орталық алаңда

7 шілдеде сағат

19.00-20.00-де

этномәдени ор-

талықтарының

көрмесі және сағат

20.00-23.00-де

концерттік акция

өткізіледі.

КӨШКЕРУЕН

КОНЦЕРТІ

ӨТКІЗІЛЕДІ

МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

Бүгінде Астана күнін мерекелеу ха-

лықтық сипатқа ие болды. Кеше  аудан-

дық мәдениет Үйінде «Жақсылыққа

тұмар, жаңалыққа құмар-Астана» атты

мерекелік кеш өтті. Жиналғандар Есіл

жағасындағы көркем Астананың бет-

бейнесін айшықтайтын слайдты тама-

шалады. Сосын мемлекеттік Әнұран-

ымыз шырқалды.

Осынау шарада қалың жұртшы-

лықпен қуаныш бөліскен аудан әкімі

Абзал Мұхимов:

-Сүйікті Отанымыздың жүрегі са-

налатын Астана ерке Есіл жағасынан

еңсе тіктеді. Сарыарқаның сағым да-

ласын сән-салтанатқа бөлеген Астана

барша қазақстандықтардың мақтаны-

шы. Елбасы бастамасымен салынған

Арқа төсіндегі осынау шаһар күн санап

көркейе түсуде. Астанамыз саяси-

мәдени өмірдің нағыз орталығына ай-

налды. Бүгінде Арал ауданында да сер-

пінді жобалар іске асуда. Жарқын

бастамалар әлі жалғасады. Астана күні

құтты болсын, Арал халқы!-деп өзінің

жүрекжарды лебізін білдірді.

Мұнан соң аудан әкімі бір топ сала

мақтаныштарына қоғам өмірін алға

бастыруға қосқан үлестері үшін Алғыс

хаттар тапсырды. Ал,  Қазақстанға ең-

бегі сіңген қайраткер М. Сыдықовтың

«Тойға шашу» күйі кеш ажарын одан

әрі әрлендірді. Кеш соңы мәдениет Үйі-

нің өнерпаздарының концерттік бағ-

дарламасына ұласты.

«Толқын»-ақпарат».


5  шiлде,  2014 жыл

2

2



2

2

2



ОЗЫҚ  СӘУЛЕТТІҢ  ЖЕМІСІ

«Арал теңізінің айналасын-

дағы әр төбенің басы бір-бір та-

рих»-деп жазушы З. Шүкіров

бекер айтпаса керек. Себебі,

300 жылдан асып бара жатқан

аталмыш оқиғаның қазақ хал-

қы тарихында орны ерекше.

Тарихта 1710 жылы болған «Қа-

рақұм құрылтайының» орны

Арал теңізінің солтүстік шы-

ғысында немесе Жезқазған об-

лысының батысында деп көр-

сетіледі.

Аудан территориясындағы

«Қараның құмы», «Құлжұмыр-

Қасқа төбе», «Бес төбе», «Қара-

үңгір», «Тұздақ», «Қыздар

шыққан», «Банды қашқан»,

«Өмір бөгеті» сияқты жер атау-

ларының тарихы әріден шер

тарқатса керек. «Құлжұмыр-

Қасқа төбе» Қарақұм елді ме-

кенінен шығысқа қарай 60 ша-

қырым қашықта орналасқан

биік төбе. Жері шүйгін, жуса-

ны мен баялышы, алабұта мен

сексеуілі қалың, орғыл құм ай-

мақ. Сексеуілінің биіктігі атты

кісінің бойы көрінбейтіндей.

Алыстан көгілдірленіп «Бес тө-

бе» көрінеді. Көбінесе жері

бұлыңғырланып, бұлттанып

тұрады. Осы өңір туралы сонау

отызыншы кәмпескенің тұ-

Көкейдегі  сауал



ӨТКЕН  КҮННЕН  БЕЛГІ  БОЛСЫН

ӨТКЕН  КҮННЕН  БЕЛГІ  БОЛСЫН

ӨТКЕН  КҮННЕН  БЕЛГІ  БОЛСЫН

ӨТКЕН  КҮННЕН  БЕЛГІ  БОЛСЫН

ӨТКЕН  КҮННЕН  БЕЛГІ  БОЛСЫН

сында Бектібай бай айдауға кетіп

бара жатқанда Ораш шайыр бы-

лай деген екен:

Ей әдіре қалғыр, Қарақұм,

Еділ менен Жайықтай.

Ел жайлаған алабың,

Аспаннан борай күн жауса,

Ылдидағы малға жел өтпес.

Көңірліп тұрған қабағың,

Топырағың алтын паластай,

Шық жұқпайды-ау үстіне,

Қабақта аунап жатқан бала-

ның.

Міне, осы жер Кеңес өкіметі



кезінде алпысыншы жылдары

Жезқазған облысының террито-

риясынан әскерилердің сынақ

алаңы үшін бөлінген жер. Кейін

Арал ауданының Қарақұм кең-

шары шопандарының жайылым-

дық жері болды. Ауылдың көне-

көз қариялары «Қарақұм деген-

ше, қарағым десейші» деп те бе-

кер айтпаса керек. Бұл жер ма-

ңызды екі тарихи оқиғаға куә

болған жер. Бірі елдің басын бі-

ріктіріп, жоңғарларға қарсы кү-

ресте елдігімізді сақтап қалуға

күш біріктірген «Қарақұм құ-

рылтайының» өткен жері болса,

екіншісі Кеңес өкіметінің сола-

қай саясат негізінде жасалынған

ұжымдастыру науқанына қарсы

Қазақстандағы халық көтеріліс-

терінің ішіндегі ірі көтерілісте-

рінің бірі болған жер.

Қазақтармен болған ұрыста-

ғы жеңісіне масаттанған жоңғар

қонтайшысы Сыбан-Рабдан 1703

жылы әскерін Шығысқа қарай

бұрып, қытай-ойрат соғысы қай-

та тұтанды. Негізгі әскерін шы-

ғысқа бұрған қонтайшы басып

алған қазақ шекарасында 30 мың

әскер қалдырды. Қаһарлы дұш-

пан қазақтардың көшіп-қонып

жүрген жерлеріне бұдан кейінгі

жылдарда да талай рет әскери

жорықтарға шықты. Осы қытай-

ойрат соғысы кезінде қазақтар

Жетісу, Алтай, Сыр бойы айма-

ғынан қазақтың Ұлы және Орта

жүз рулары Арқа мен Арал теңі-

зінің төменгі ағысы бойына жыл-

жи бастады. Осы аралықтағы

жоңғар-қазақ соғысы кезіндегі

бір мүшел жас тыныш уақытта,

Тәуке хан бастаған қазақ хан-

дары мен сұлтандары, билері үш

жүзге сауын айтып қазақ жасақ-

тарының басын қосатын тыныш

аймаққа жинастыруды Әйтеке

биге тапсырады. Бұл 1707-1709

жылдар шамасында болуы ке-

рек. Кіші жүздегі рулардың ор-

наласуы мен әлеуметтік тұрмы-

сын жақсы білетін би құрылтай-

ға келетін қонақтардың бірнеше

күн жайлануын осы елге, бай-

лығы мен жомарттығы жөнінен

атағы шыққан Көлімбет Байкі-

сіге сенім артады. Міне, үш жүз-

дің ақсүйектері мен марқасқа-

лары жиналған құрылтайда Құ-

рым бидің асы беріліп, бәйгеге

тігілген 5 мың бас жылқы, 1 мың

нар, 1 мың бас сиыр, кілем-ша-

панымен жабылған 600 бас нар,

адам санын білмекке таратылған

50 мың қой жаугершіліктен күй-

зелушілікке ұшыраған Орта жүз

қорына аударылады. Тарихтағы

үш жүзге ас берген Құрым би

асы осылай есте қалады.

Сол кездегі елдегі ауызбір-

шілік пен шапқыншылықтан жә-

не экономикалық күйзелістің

салдарынан кейінге шегеріліп

келген басқосу мәслихаты 1710

жылға сәйкес келеді. 1710 жылы

қазақ халқының беделді өкілдері

жиынға шақырылды.  Қазақ ақ-

сүйектерінің құрылтайы Қара-

құмда өткізілді. Онда Бөгенбай

батыр бастаған бүкілқазақтық

жауынгерлік жасақ құру жөнін-

де шешім қабылданды. Құрыл-

тайда Бөгенбай батыр: «Таланған

көштің, тұтқындалған бала-шаға-

ның бейшара бақылаушысы бо-

лып отырмын. Жаудан кек ала-

мыз, өлсек, қару ұстап өлеміз!

Қыпшақ даласының сарбазда-

рының жалтарған кезі болды ма?

Жаудың зұлымдығына шыдап

отыра алман?! Жауға мінер тұл-

пар құрып па? Сұр жебе толы қо-

рамсақ қаңырап бос қалып па?-

деп жалынды сөзін сөйлеген

көрінеді.

Жоңғарлар тарапынан күшті

қауіп-қатер төніп келе жатқан

сол бір қиын-қыстау жағдайда

құрылтай жиналысы Кіші жүз-

дің ханы етіп Әбілқайырды сай-

лады және оған бүкілқазақтық

жауынгерлік жасаққа жалпы

басшылық етуді сеніп тапсырды.

Кіші жүздің ханы Әбілқайыр

мен оның жанындағы батыр, әрі

қолбасшы Бөкенбай Қараұлы-

ның (1669-1742 ж.ж) рөліне жа-

зушы Смағұл Елубай ерекше

тоқталады. Сөйтіп, Әбілқайыр

Баһадүр хан, Бөкенбай бас сар-

дар болып сайланып, жоңғарға

қарсы ұлт-азаттық соғысының

туы қайта көтерілді.

Төле, Қазыбек, Әйтеке би

бастаған билердің де әлгіндей те-

біреніске түсуі сол кездің ахуа-

лына сәйкес келеді. 1710 жылы

қазақ жүздерін Қарақұмда бас-

қосуға мәжбүр етті. Онда: «Қа-

зақ енді не істеуі керек, мұндай

жағдайда қазақ әскерін кім бас-

қаруы керек?»-деген мәселе

талқыланады.

Соның нәтижесінде біріккен

қазақ жасақтары 1711 жылы

жауға тойтарыс береді. Тарих-

шы Н. Г. Апалованың 1711 жыл-

ғы «Қарақұм құрылтайы» ел ба-

сына түскен жағдайға байла-

нысты батырлардың басым түс-

кен жиыны болды деп бағала-

нуының жаны бар. Тәуке зама-

нының бастапқы кезеңінде би-

лердің, аяқ кезінде батырлар-

дың үстем түсуі де сондықтан

деуі де шындыққа келеді. Қазақ

тарихындағы жоңғарларға қар-

сы күрестегі Мәртөбеде, Күлтө-

беде өткен мәслихаттардан Қа-

рақұм құрылтайының маңызы

айрықша.


Біріншіден, қазақ халқының

алдында тұрған ел боламыз ба

не құл боламыз ба деген сұрақ-

қа халықты ауызбіршілікке ша-

қырып, жауабына нүкте қойса,

екіншіден, жастарды патриот-

тық, отаншылдық рухта тәрбие-

леген «Мың бала» қозғалысы-

ның тууына, елін, жерін жауға

бермей қорғайтын хас батыр-

ларды шыңдауға алып келді.

Елбасы бастамасымен «Бей-

неу-Жезқазған» бағытында те-

мір жол құрылысы басталды.

Енді Сексеуіл бағытымен тіке-

лей тартылған жол бойына бү-

кіл ел болып, тарихи оқиғаның

куәсі болатындай, яғни Орда-

басыдағыдай үлкен монумент

орнатсақ, артық болмас еді деп

ойлаймын.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал