Қарағандыда жазушылар арасындағы жұмыс неліктен мұндай халде?



жүктеу 33.08 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі33.08 Kb.

Қарағандыда жазушылар арасындағы 

жұмыс неліктен мұндай халде? 

Быйыл  Қарағанды жазушыларының бір 

жыйналысында жазушы Пичугин мен  Қа-

зақстан жазушылар одағының  Қарағанды 

облысындағы өкілі Көшімов жолдас сәл 

нәрсе үшін жоқ жерден керісіп  қалды. 

Осыдан барып талқыға түсіп отырған твор-

честволық мәселелер өз жайына  қалып 

қойды да, жұрт ыю-қыюмен үйді-үйіне та-

расты. 

Егер бұл оқыйға  Қарағанды жазушыла-



рының өмірінде бірінші рет кездескен бол-

са, онда біз мұны әңгіме етпеген де болар 

едік. Ал мұнда оқта-текте шақырылатын 

бірен-саран жыйналыстардың барлығы дер-

лік, осындай  ұрыс-керіспен тарайды. 

Жазушылар одағының  Қарағанды облы-

сындағы өкілі жергілікті әдебиетшілердің 

творчестволық орталығы бола алмай келе-

ді. Мұнда жазушылардың жаңа шығарма-

лары талқыға түспейді. Олардың кемшілік-

тері, батыл сыналып, оны  қалай түзе-

тудің нақты жолдары көрсетілмейді. Жазу-

шылардың жыйналыстары сирек  ө т е д і . 

Оның өзінде де жазушылардың творчество-

лық жұмысына  қатысы жоқ,  ұсақ-түйек 

мәселелер  қаралады. Осыдан барып жергі-

лікті жазушылар өз өкілін танымайтын 

болды. 


Ертеректе ақын Көшімовтің күйші Ыхы-

лас жайында жазған жаңа поэмасын тал-

қылау үшін жыйналыс  ш а қ ы р д ы . Жый-

налысқа  қалада тұратын он шақты жазу-

шының тең жарымы  қатынасқан жоқ. 

Өйткені жыйналыс болатындығын оларға 

алдын ала ешкім хабарламаған. Поэманы 

талқыға салған уақытта автордан басқа 

үш жазушының екеуі бір жақ болды да, 

біреуі бір жақ болды. Бастапқы екеуі 

поэманы мақтады да, соңғысы жамандады. 

Сондықтан автор  қай пікірді  ұстарын біл-

мей, дал болып үйіне  қайтты. 

Қарағанды жазушылары көміршілердің, 

металшылардың,  құрылысшылардың ішін-

де отырып, солардың ерлік еңбегі жайын-

да әлі бір татымды шығарма бере алмай 

келеді. Себебі олар өмірден артта  қалып 

қойды. Шахталарда, кәсіпорындарында, 

құрылыстарда сирек болады. Осыдан ба-

рып  Қарағанды жазушыларының жұмыс-

шы табын көрсетпек болған бірен-саран 

шығармалары ылғый сәтсіздікке  ұшырап 

жүр. Жазушы Пичугиннің  Қарағанды та-

қырыбына арналған шикі повесті дәл осы-

лай болып шықты. 

ІІичугиннің сәтсіздікке  ұшырауына екі 

түрлі себеп бар. Біріншіден, ол көмірші-

лердің бүгінгі бай өмірін үстірт зерттеп, 

атүсті, асығыс жазды. Екіншіден, жазу-

шылар одағының жергілікті  ұйымы оның 

шығармасын жұртшылықтың талқысына 

салып, кемшіліктерін түзету жайында 

оған  қажетті көмек көрсете алмады. 

Қарағанды облысында жазушылар ода-

ғының онға тарта мүшесі болса керек. Бұл 

цифр кейде көбейіп, кейде азайып жүреді. 

Оның себебі жазушылар одағының өкілі 

Қарағанды облысында жазушылар одағы-

ның  қанша мүшесі барын әлі күнге дейін 

толық білмейді. Демек, ол жазушылардың 

толық санын білмегеннен кейін, олардың 

творчестволық жұмыста не істеп, не  қой-

ғанын да білмейді. 

Аудандық жерлерде тұратын жазушылар 

өздерінің азды-көпті шығармаларын оқта-

текте өкілге жіберіп, одан творчестволық 

кеңес күтеді. Бірақ өкіл олардың жіберген 

шығармаларын  құнттап іске тіккені бол-

маса, оларға кезінде келелі ақыл беріп 

отырмайды.  Қарқаралы ауданында тұра-

тын ақын Ғабдиман Игенсартов жазушы-

лар одағының өкіліне сан рет хат жазып, 

бір орынды жауап ала алмай  қойды. Соң-

ғы кезде ол тіпті өкілге хат жазуды тоқ-

татты.  Қарт ақын Көшен Елеуов өзінің 

жылқышы туралы жазған жаңа поэмасын 

сан рет талқыға салам деп алып келіп, 

орынды кеңес ала алмай сан рет алып 

қайтты. 


Былтыр облыс жазушылар  ұйымы әде-

биетке жаңа араласа бастаған жастарға 

творчестволық көмек көрсету мақсатымен 

ә д е б и е т т і ң әр жанрынан кезекті  к о н с у л ь -

танттар белгіледі. Олардың  а л д ы бір  а п т а , 

арты бірер күн кезекші  б о л ғ а н с ы д ы  д а , 

содан кейін ананы-мынаны сылтау етіп, 

бұл игі бастамадан ат-тондарын ала  қаш-

ты. 


Жазушылар одағының  Қарағанды облы-

сындағы  қазіргі өкілі Тиесов жолдас об-

лыстағы жас жазушылардың тек мөлшер-

мен жалпы  ұзын-ырғасын білгені болмаса, 

олардың тварчестволық  қандай жоспары 

барын және ол жоспарды жүзеге асыру 

үшін оларға жазушылар  ұйымы тарапы-

нан  қандай көмек керектігін білмейді жә-

не білгісі де келмейді. Мұны әңгіме етпе-

геннің өзінде, тіпті, жас жазушылардың 

көпшілігі Қазақстан жазушылар одағының 

Қарағанды облысында тұрақты өкілінің 

бар, жоғын да білмейді. Міне,  Қарағанды 

облысында жас жазушылар арасындағы 

жұмыстың жай-күйі осындай. 

Облыста оқушылар жұртшылығына көп-

тен аттары мәлім Шашубай бастаған бір 

топ халық ақындары бар. Бұлар  Ұлы Отан 

соғысы жылдарында халықтың патриоттық 

рухын көтеретін үгіттік мәні бар көптеген 

өлеңдер мен дастандар шығарды, айтыстар 

ұйымдастырды.  Қәзір соларға творчество-

лық бағыт беру, оларды еліміздің күнде-

лікті бай өмірімен таныстырып отыру, 

жазған және ауызша шығарған өлең, дас-

тандарын талқыға салу, кемшіліктері бол-

са, оларды түзету жағына көмектесу істе-

рін жазушылар одағының өкілі мүлдем 

ұмытты. 

Халық ақындарының арасындағы тәлім-

тәрбие жұмысы да жоқтың  қасы. Осының 

салдарынан кейбір ақындар ерте кезде 

жаттап алған,  қазақ халқының  қазіргі 

мүддесі мен мақсатына  қайшы келетін 

реакциялық шығармаларды жұртшылыққа 

уағаздаған. Мысалы Шет ауданының 

«Айғыржал» колхозында тұратын ақын 

Майасар Жапақов ертеде бір белгісіз ақын-

ның хан Кенесары  Қасымовтың баскесер 

батырларының бірі Ағыбайдың зұлымдық 

істерін дәріптеген дастансымағын жаттап 

алып, осыны баяғыда өзім шығарып едім 

деп көрінген жерде жырлап келеді. Ал 

мұндай өресікел  қателіктер басқа ақындар-

дың басында да бар. 

Қ а р а ғ а н д ы жазушыларының кейбір шы-

ғармалары идеялық  қателіктерден де сау 

емес. Жазушы Тиесов осыдан бірнеше 

жыл бұрын кезінде ірі феодал, әрі би бол-

ған  Қаздауысты  Қазыбеқ туралы «әңгіме» 

жазып, онысын баспасөз бетінде жарияла-

ды. Ол өзінің бұл «әңгімесінде»  қаздауыс-

ты  Қазыбекті халық данышпандығының 

жыйынтығы етіп көрсетуге әрекеттенді. 

Тиесов осыдан кейін Байдалы деген би 

туралы да әңгіме жазып, бұрынғы  қатесін 

қайтадан тереңдете

 ТҮСТІ.


 Ол өзінің жазу-

шылық творчествосындағы бұл өрескел 

саяси  қатесін мойындаудың орнына,  қайта 

оны бүркеп, жұмған аузын ашпастан КЕ-

леді. —— 

Ақын Әуезхан Көшімов осыдан екі-үш 

жыл бұрын Арқаның көріністері туралы 

бір топ өлең жазды. Онда Арқада совет 

өкметі орнаған жылдарда  Қарағанды, Бал-

қаш, Жезқазған, Теміртау сыяқты алып 

өнеркәсіп орталықтары орнағаны әңгіме-

ленбей, Арқаның таңертеңгі, түскі, кешкі 

көріністері жалпылама суреттеліп, шөл да-

лада осқырып, одырайып тұрған киіктер 

сөз болады. 

Қазақстан жазушылар одағы президиу-

мының  Қарағанды облысындағы өз өкіліне 

көрсетіп отырған басшылығы да, көмегі де 

жоқтың  қасы. Ол өкілді жылында бір рет 

шақырып алып, есебін тыңдағаннан басқа, 

Қарағанды жазушыларының творчестволық 

жұмысының жандануына бағытталған әлі 

бір көрнекті шара белгілеген емес. 

А. ТЕМІРЖАНОВ. 

ҚАРАҒАНДЫ.



 (8з тілшіміз). 

Социалистік Қазақстан. - 1951. - 22 дек. (№ 300). - 3 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал