Қарағанды тас көмірін алғаш тапқан Апақ Байжанов туралы алып-қашты əңгімелер төңірегінде



жүктеу 68.46 Kb.

Дата05.02.2017
өлшемі68.46 Kb.

 

Қарағанды тас көмірін алғаш тапқан 

Апақ Байжанов туралы алып-қашты əңгімелер төңірегінде 

 

Қарағанды  көмір  ошағының  тарихы  туралы  айтылмаған  əңгіме,  жазылмаған  жайлар 

қалдмағаңдай көрінгенімен, тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын қазыналы өңірге қатысты 

тың  деректер  мен  соны  тұжырымдар,  қилы  жорамалдар,  жұмбақ  жайлар  да  алдымыздан 

шығып  жатыр.  Бұл  заңды  құбылыс,  себебі  уақыт  озған  сайын  талап  та  өседі,  қоғамдағы 

өзгерістерге  орай  түсінік  те,  талғамда  жаңа  сипат  алады.  Соның  бірі  соңғы  он-он  бес  жыл 

мұғдарында бұқаралық ақпарат құралдарында арагідік болса да қылаң беріп қалып жүрген, 

Қарағандының таскөмірін ең алғаш кім тапты деген əңгіме. 

Біз бүгін өткен күңцер сорабына үңіліп, осы жайды тағы бір шиырлап, биыл туғанына 180 

жыл  толғалы  отырған  (қазіргі  энциклопедиялық  шығармалардағы  дерек  бойынша)  өсімі 

Қарағаңды  көмірін  алғаш  табушы  ретінде  тарихқа  енген  қойшы  бала  Апақ  жайында,  оның 

ұрпақтары туралы сөз етпекпіз. 

Қарағаңдының тарихы дегеңде алдымен қазақ əдебиетінің дарабозы, академик-жазушы, 

Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке»  романы  еске түседі. Ромаңдағы 

«...Игіліктің қойын бағып жүріп, Байжанның баласы Апақ суыр інінен шыққан жылтыр қара тас 

көмірге кездесті. Салпақтатып суырын, қойнына толтырып тас кемірін əкесіне əкеліп берді. 

Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, əр жағы сіресіп жатқан тас көмір екен» деген 

жолдар Қарағанды тас көмірінің алғаш қалай табылғанынан мағлұмат береді. 

Иə,  Апақ  ойдан  шығарылған  емес,  өмірде  болған  тұлға.  Қазір  көмірлі  Қарағаңцыда 

Апақ ұрпақтары да бар. Солардың ішінде арғы-бергі тарихты жете білетін, əрі атақты атасы 

жайындағы  деректерді  тірнектей  жинап,  көзінің  қарашығындай  сақтап  жүрген,  Аппақ 

Байжанов ұрпағының қазіргі ақсақалы Тұрсын Омаровпен жолығуымыздың сəті түсті. 

Кешегі  Кеңес  заманының  саясатына  икемделіп  Апақ  тақыр  кедейдің  баласы,  ұзақты 

күнін қой соңында өткергөн жалшы ретінде ұғындырылып келгені белгілі. Бұл қалыптасқан 

пікірдің кате екендігін Тұрсекеңнің осы өңір мен оны мекендеген жандар, ата-бабалары туралы 

еріден шиырлаған əңгімесі нақтылай түсті. 

Осы  бір  құйқалы  өңірді,  үсті  мыңғырған  мал,  асты  мол  қазына  өлкені Сармантай елі, 

Апақтың бабалары мекендеген. Қазіргі Қарағандының орны мен оның маңындағы кең алқапты 

жергілікті тұрғындар «Жеті құдық» деп атаған. Соның  ішінде  Қызылқұдық  казіргі  Доскей 

аулы,  Қарақудық,  бұрынғы  «Көктал»  совхозының  орталығы,  Жалғызқұдық  сол  совхоздың 

бөлімшесі  болған  елдімекен,  Тоғызқұдық  Кузнецкий  совхозының  орталығы,  Майқұдық  осы 

күнгі  Майқұдығымыз,  Қымызқұдық  Көкталдың  бөлімшесі,  Аққудық  Кузнецкий 

совхозының бөлімшесі қоныстанған жер екен. 

Тұрсынның айтуынша, Апақтың əкесі Байжан Тоқтамысұлы анау айтқаңдай тақыр кедей 

емес, өз шаруашылығын өзі дөңгелеткен орта шаруа болыпты. Осы өлкедегі 17 мың жылқы 

біткен  Жұман  бай, 12 мың  жылқыны  алдына  салған  Игілік  бай  Байжанның алдын орағытып 

өтпеген, небір жиын, алқалы бас қосуда Байжекеңді қатыстырып, əрі оның сөзіне ден қойып 

отырғанға  ұқсайды.  Орақ  ауыз,  от  тілді  Байжан  өзінің  шешендігімен,  ненің  болмасын 

əділіне жүгінетіндігінен болар ел ішінде «Қараби» атаныпты. Айдаған мыңдары болмаса да, 

карасөзде  ешкімге  дес  бермепті.  Алқалы  бір  отырыста  Жұман  бай  өзінің  байлығын  айтып 

асып-тасқан бір сəтте Байжан «Ау, Жұмеке, мыңғырған малым бар деп мақтанасың, ер  бір 

оқтық, мал бір жұттық деген емес пе, о дүниеге алып кетпессің, қалар артыңда» деп, мысын 

басыпты дейді. 

Көшелі қария, еліне сыйлы, баршаға құрметті болған Байжаннан төрт ұл бала тарайды. 

ОларБайғана,  Қожабек,  Кенжебек    жəне  кенжесі  Апақ  екен.  Байжанұлы  Апақ  өмірін 


зерттеушілердің  бірқатары  бұл  есімнің  оның  азан  қойып  аталған  аты  емес,  сірə, 

жеңгелерінің,  құрбы-к.ұрдастарының  еркелетіп  қойған  лақап  есімі  болар  деген  болжам 

жасайды. Бұл пікірді біз  де  жоққа  шығара  алмаймыз.  Апақтың қой жайып жүріп, болмаса 

ауыл  баласы  ретінде  тау-тасты,  ой-қыратты,  сай-саланы  кезген  шағында  суыр  інінен  шығып 

жатқан  кара  тасты  да  кездестіруі  мүмкін.  Сірə,  оның  күн  көзімен  шағылысып,  ерекше  бір 

түрге еніп жылтырауы, баланы  қызықтыруы  да  заңды.  Ал,  тас  көмірді қолға алған адамның 

қарақожалақ болатыны белгілі. Баланың жеңгелері алдыңда қара күйе болып жүруінен, оған 

еркелете  қойған  «əппағым»  деген  жанама  атаудың  көпшілікке  сіңісті  болып,  кейін  оның 

шын атын ұмыттырып та жіберуі мүмкін... 

Апақтан Омар жəне Оспан есімді екі бала тарайды. Кішісі Оспан 1946 жылы қайтыс 

болыпты.  Ал  Омар  ақсакал 1969 жылы 89 жасында  дүниеден  озады,  Қарқаралы  өңірінде 

жерленген.  Омекеңнен  Зекен,  Тұрар,  Тұрсын,  Шолпан  жəне  Айман  есімді  ұл-қыз  тараған. 

Турар 36 жасында қайтыс болады. 

Өзіміз  жолыққан  Тұрсын 1937 жылы  қазіргі  Бұқар  жырау  ауданының  Қызылқұдық 

деген жерінде өмірге келіпті. Қарағандыдағы №2 мектеп-интернатты 1956 жылы бітірген 

ол,  Армия  қатарындағы  азаматтық  парызын  өтеген  соң,  Қаркаралы  мал  дəрігерлік 

техникумын,  кейін  Целиноград  ауыл  шаруашылық  институтын  тəмамдаған.  Комсомол,  совет 

қызметтерінде болған. Облыстық деңгейдегі түрлі басшы қызметтерді атқарған. Бүгінде бес 

бала өсіріп,  тəрбиелеп, 11 немере  сүйіп  отырған Түрсекең зейнеткер.  Қаламызда,  сондай-ақ 

Апақ Байжановтың  жиендері  тұрып  жатыр.  Бір  сөзбен  айтқанда,  Қарағанды  таскөмірін 

алғаш табушы ретінде есімі тарихта қалған Апақтың ұрпақтары бүгіңде ортамызда. 

Апақ  есімі  Қарағандымен  қоса  аталады.  Бабаның  есімі  көркем  шығармаларға  да  арқау 

болды,  суретшілер мен мүсіншілер қиялынан ту ындаған  оның  бейнесі  де  қағазға  түсіріліп, 

мүсіні  де  жасалды.  Соның  ішінде  Қарағанды  қаласыңца 1999 жылы  Апақ  Байжановқа 

арналған ескерткіштің ашылуын ерекше оқиға деп бағалау қажет. Мұны тарихымызға деген 

құрмет,  өткенге  ізетпен  қарау,  бабалар  рухын  асқақтату  деп  танимыз.  Осы  орайда  қазыналы 

Қарағандының  мерекесімен  қоса  өріліп,  биыл  туғанына 180 жыл  толатын  Апақ  Байжанұлы 

есімі осылайша ұрпақтан-ұрпаққа ұласа бермек деп əңгімені доғарсақ та болар еді. 

Алайда  сөзіміздің  басында  айтып  кеткендей,  соңғы  жылдар  ішіңде  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының бетінде қылаң беріп жүрген қыңқыл сөздер, шынында да Қарағанды көмірін 

алғаш  тапқан  Апақ  па  деген  дудəмалға  жауап  беру  ушін  əңгіме  одан  əрі  сабақтастыруды 

тілейді. 

Апақ есімі алдымен жалпақ жұртқа Ғабеңнің жоғарыда аталған белгілі романы арқылы 

жайылды десек, онымызды ешкім жоққа шығармас деп ойлаймыз. Ал жазушы да ол деректі 

аспаннан  алмаған,  Қарағанды  аймағы  туралы  шығармасын  жазуға  материалдар 

іздестіргенде  ел  адамдарынан  естігендерін,  одан  соң  сол  кезде  тасқа  басылып  үлгерген 

деректерді дəйек ретінде алады. Құрғак. деректі жазушы өз ой-қиялы арқылы жандандырып, 

оған көркемдік сипат беріп халыққа жеткізеді. Осы орайда, қалай демейік, көркем шығармада 

айтылғандардың  бəрі  бірдей  тарихи  дəлдікті  сақтайды  деуге  болмайды.  Көркем  шығарма 

болған  соң  оған  ондай  міндет  жүктелмейді  де,  қай  жазушының  болсын  өзі  арқау  еткен 

тақырыпты  ашуы,  əрі  оқырманға  қызғылықты,  тартымды  етіп  жеткізу  үшін  жанама 

кейіпкерлерді  өз  қиялы  арқылы  қосуы  заңды.  Əйтпесе  ол  шығарма  жалаң,  тек  құрғақ 

деректердің  басын  қосып,  құрастырған  жылнама  ретінде  қалар  еді.  Сондықтан  да  болар 

еткеннің  əр  сəтін  жіпке  тізетін  тарихшылар  керкем  шығармаларда  айтылғандарды  бағыт-

бағдар  ретінде  алғанымен,  нағыз  тарихи  дерек  деп  қабылдамайды.  Соңдықтан  да  Апақтың 

өмірде  болған  тарихи  тұлға  екенін  мойындаса  да,  оның Қарағанды көмірін алғаш тапқанына 

күдікпен  қараушылар  Ғабең  шығармасындағы  айтылғандарды  тарихи  нақты  дерек  деп 

қабылдай қоймайды. 



Ойымызды  өрбітіп,  мəселенің  анық-қанығын  бағамдау  үшін  одан  əріге  үңілеміз.  Облыс 

тарихын  зерттеушілердің  бірі,  танымал қаламгер Тілеухан Жүсіпов пен белгілі  өлкетанушы, 

Қарағанды өңірі туралы жинаған мод деректерін Қарағанды облыстық мемлекеттік архивінің 

корына тапсырған Юрий Попов Қарағанды кемір кенінің ашылғанына 150 жыл толуына орай 

Апақ  Байжанұлы  туралы  деректі 1983 жылы  облыстық  қазақ  жəне  орыс  тілдеріндегі 

басылымдарға  тағы  бір  мəрте  жариялаған.  Осы  авторлар  өз  мақаласында  «Қарағанды 

көмірінің  ашылуы  жəне  соған  қатысты  Апақ  аты  алғаш  рет 1937 жылы  «Наша  страна» 

журналында  көрсетілген  екен.  Журналда  И.Ракитиннің  «Қарағанды»  деген  мақаласы 

басылған»  дейді.  Атауына  қарасақ,  бұл  журнал  Одақтық  басылым  болғанға  ұқсайды,  яғни 

осы жазбаларға сүйене отырып, Апақ есімін алғаш рет кең байтақ Совет еліне жария еткен 

Ракитин деген тұжырым жасауымызға болады. 

«Апақ  Қарағанды  көмірін  алғаш  тапқан  адам  ба»  деп  дүдəмалданып  жүргендердің  бұл 

сөзге  де  тоқтамауының  мынандай  сыры  бар.  Бұған  дейін  Ракитин  айтып  отырған  дерек 

республикалық  басылымдар  бетіңде  жарияланған  екен.  Яғни  Ракитин  мақаласын  Одақтық 

басылымға арнап жазғанда өзінен 5 жыл бұрын, атап айтқанда 1932 жылы Мəжит Дəулетбаев 

пен Абдолла Асылбековтің республикалық басылымдарда жарық көрген мақаласына сүйенген 

деген болжам жасайды.  Тарих дегеніңіз «Дейді  екендер дейді екенге» емес, нақты деректі 

ғана мойындайтын ілім екеңдігін ескерсек, тағы да табанымыз тайғанақтап, нақты дəйек таба 

алмай қобалжимыз. 

Рас,  сол 1932 жылдың  шілде  айында  Қарағандыға  жазушы  Мəжит  Дəулетбаев  пен 

Абдолла  Асылбеков  келген,  олар  Омар  Байжановпен,  ел  адамдарымен  кездесіп  Апақ  туралы 

барлық мəліметтерді қағаз бетіне түсірген, сейтіп Апақтың  Қарағандыбасы  деген  өңірден 

алғаш  болып  таскөмірді  тапқандығын  дəлелдеген.  Соған  қарамастан «олардың жазғандары 

тек ел аузындағы сөз, дерегі жоқ құр болжамға ғана арқа сүйеген», - деп Қарағаңды көмірін 

алғашқы табушы деген атақты Апаққа қиғысы келмейтіндер тағы жеңістік бермейді. 

Осы  мəселені  баспасөз  бетіне  шығарып,  орыс  тілді  басылымдарға  бірнеше  мақаласын 

жариялатып үлгерген, бір кезде Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінің 

оқытушысы  болған,  өлкетанушы  Болат  Əубəкіров  өзі  айтқандай,  тарихта  шындықтың 

орнығуы  үшін,  көңілдерде  күдік  пен  дүдəмалдың  қалмауы  үшін,  мəселенің  анық-қанығын 

тарих кеші ілгеріге кешпей тұрғанда, кешегінің көнекез куəлері ортамызда жүргенде анықтап 

алайық дегенмен шектелсе құба-құп дер едік. Алайда жанға бататыны осы жорамалға басқаша 

рең  беріп,  ұлттық  мақтанышқа  қылаң  түсіруді  ниет  етушілердің  барына  налисың.  Əрине, 

елкетанушы Əубəкіровтің сөзі, келтірген уəждері түбімен қате, теріс деуге болмайды. Рас, 

Сарыарқаның  иен  даласында  жанатын  тасты  Апақ  баладан  да  бұрын  əлдекімнің  тауып, 

білуі де абден мүмкін ғой. Аспан асты, Арқаның даласы кең. Басы-қасында тұрмаған соң, əрі 

бүгінгідей қағазға жазып, киноға түсіріп алушылар жаныңда болмаған соң, бір құдайым білер 

дегеннен  басқа  не  деуге  болады. Солай десек те, тарихта баршаның  маңдайы  жарқырап, 

мəңгілікке  қалудың  бақыты  əркімге  тие  бермейтінін  де  ескеру  қажет.  Тарихтың, 

тағдырдың  таңдауы  Апақтың  үлесіне  тисе,  оған  таусылып,  бүлінудің  де,  мəселені  басқа 

арнаға бұрам деп бос далбаса болудың да ендігі күнде қажеті жоқ. «Бақ шаба ма, бап шаба 

ма»  демекші,  əлемнің  екінші  ғарышкері  атанған  Герман  Титов  өзінің  бірінші  ғарышкер 

болмағанына өкініп өткен деседі. Болашақ ғарышкерді таңдаудың ең соңғы сəті туғанда, яғни 

ел  басшысының  алдына  келгенде,  Хрущевтің  іріктеуіне  ұсынылған  үш  адамның  бірінің 

фамилиясы,  келесісінің  есімі  ұнамаған  екен,  Есімінің  Герман  болуынан  Титов  ғарышқа 

тұңғыш  түрен  салудан  қағылған  деседі.  Сондай-ақ  Американы  алғаш  ашқан  Христофор 

Колумб  деп  келсек,  одан  бұрын  да  Америка  құрлығына  табаны  тиген  ақ  нəсілділер  болған 

көрінеді.  Міне,  соның  өзінде  де  тарихтың  таңдауы  Колумб  болды,  ол  ұрпақтан  ұрпаққа 

Америка құрлығын алғаш ашушы адам ретінде таныла бермек. Адам баласының болмысынан 



тыс  күштің  барын  дəлелдеушілер  де  бар.  Сонда  Арқа  өңіріңдегі  көмірді  алғаш  тапқан  адам 

ретіңде Апақ деген бала есімінің тарихқа енуі де ғажаптың ісі десе болғандай. Көмірдің қара 

болатынын білеміз, ал иен далада кемірді табушы неге кешегі Қойшыбай, Темірбайлар есімі 

тəріздес  басқа «-байлар»  немесе  Кəдірбек,  Сəдірбек  дегеңдей «-бектер» 

:

  болмаса  қазіргі 



Қанат, Самат, Мараттар емес, неге Аппақ есімді бала (тек бертін ғана Апақ деп жазып жүрміз) 

болды  екен.  Ал  енді  ғажайыпқа  сенбей  көріңіз.  Тіпті  «қара,  қап-қара»  деген  сөзге  қарама-

қарсы «ақ, аппақ» деген сөзді, атауды əдейі таңдап алып тұрғандаймыз, сондықтан да болар 

Қарағандының қара көмірін Апақ есімді бала тапты дегеңді басқалар емес, өзіміз кешегі Кеңес 

кезеңінің ойдан құрастырылып, қолдан жасағаны болар деп топшылағанымыз да рас қой. 

Апақтың Қарағанды көмірін тұңғыш табушы болғанына дүдəмал келтіруші өлкетанушы 

Əубəкіров халық ауыз əдебиетінде, болмаса Совет орныққан кездегі ақындар айтысында Апақ 

есімі  неге  жырға  косылмады  дегенді  айтады.  Бұл  жерде  қазақтың  кешпелі  өмір  сүргенін, 

оның  тұрмысы  энергия  көзі  ретінде  кемірді  жоғары  деңгейде  бағалай  қоймағанын  да 

ұмытпау керек. Ал одан кейін қалай демейік, Қарағанды көмірінен революцияға дейін қазақ 

игілік  көре  қойған  жоқ.  Қайта  сахараның  бір  қалыпты,  мамыражай  тіршілігі  Еуропа 

алпауыттарының  келуінен,  патша  өкіметінің  зымиян  саясатынан  зардап  шекті.  Ал  одан 

кейінгі  жылдарда  ашаршылық,  Сталиндік  қуғын-сүргін  халықтың  еңсесін  басып,  зəрезап 

етті.  Совет  тұсында  республика  көлеміндегі  ірі  айтысты  қазақ  əдебиетінің  классигі  Ғабит 

Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағандыда ұйымдастырды. Ал, бұл Апақты жатып 

келіп мақтап, жырға қосатын уақыт емес еді, кешегі отыз жетінің зұлматы саналарында беріш 

болып  калған  шақта  айтыс  ақындары  қайдағы  бір  Апак,  деген  баланы  айтып,  басымыз  пəлеге 

қалғанша,  жер  қопарып,  кен  қазғаңцарды,  баршаны  соған  жұмылдыра  білген,  адамзаттың 

данышпаны  ұлы  Сталинді  өз  жырларына  арқау  ету  əлдеқайда  қисынды  депбілді.  Кімнің 

«ұлтшыл»  болғысы  келсін,  заманның  ағымына  орай  байқап  сөйлеуді  ол  кезде  кімнің 

болмасын əбден түсініп қалған кезі еді ғой. 

Апақ Байжанұлының немересі Тұрсын Омаров өз атасының Қаранғаңды көмірін алғаш 

табушы адам болғанына дудəмал келтірушілердің сыпсың сөзі сонау 80-жылдардың басында 

қылаң бергенін айтады. Сол кездегі əредік естіліп қалатын сөз, кейін ойдағыны айтуға еркіндік 

берген 90 жылдың  басынан  бұқаралық  ақпарат  беттеріне,  одан  бертінірек  көгілдір  экранға 

шыға  бастаған.  Əрине,  оны  айтушылардың  бəрі  езіміз  жоғарыда  айтқандай  тарихымызды 

дұрыс тани білейік, дүдəмал жайлар болса соның аныққанығын көп болып, ақылдаса табайық 

десе  бір  сəрі,  əлдебір  көсемсігеңдердің  көкейінде  көмірді  қазақ  тапты  дегенді 

ұнатпаушылықтың  табы  жатқанын  да  аңғарасың.  Тағы  біреулердің  сенсация  үшін  елді 

дүрліктіріп жатқанын көресің. 

Қапай  демейік,  дүдəмал  болып,  əй  осының  өзі  қалай  демес  үшін  қолда  нақты  дəйек 

болғаны шарт. Ал Ғабеңнің романында айтылыпты, Ракитин деген Одақтық журналға басыпты 

ғой,  одан  қалды  Дəулетбаев  пен  Асылбеков  отызыншы  жылдың  басында  жазды  емес  пе, 

дегенмен  алып-қашпа  сөзді  құрықтай  алмаймыз. Себебі осы дауды бастап отырғандардың  да 

тарихи  шындықтың  неге  сүйенетіндігінен  хабары  бар.  Олар  нақты  деректі,  тасқа  басылған 

фактіні қажет етеді. 

Түрсекеңнің  айтуынша  ондаи  қағаз  өткен  ғасырдың  басында  Байжан  ұрпағының 

қолында  болғанға  ұқсайды.  Алайда  алма-ғайып  заман,  елдің  қараңғылығы  өкінішке  қарай 

құңды құжаттың жоғалуына əкеліп соққан. 

Көпес  Ушаковтың  өзі  бас  болып  көмір  кенішін  тапқан  адамға  арнайы  сый  да  берген 

көрінеді.  Ресей  кен  барлау  басқармасының  арнайы  бұйрығымен  қазба  байлықты  тапқан 

адамдарға арнайы ынталамдыру сыйлығы тағайындалған. Сонын нəтижесі деу керек, кен көзін 

табушы ретіңце Байжанұлы Апаққа жыл сайын 1 қадақ шай, 5 қадақ (фунт) қант, 3 пут ұн, соған 

қоса 40 сом ақша беріліп тұрыпты. 



Бұл  туралы  сол  отызыншы  жылдары  Дəулетбаев  жазған  екен.  Егер  шын  мəнісінде  осы 

шаралар  кезінде  жүзеге  асқан  болса  Байжан  ұрпағы  сақтай  алмаған  құжаттардың  Ресей 

архивтерінде, соның ішінде сол кездегі губерния орталығы саналған Омбыда сақталуы əбден 

мүмкін,  Орайы  келгенде  айта  кетейік,  жалпы  облысымызға,  қаламызға  қатысты,  əрі  дүдəмал 

болып  көрінетін  жайларды  осы  заманғы  Қазақстан  тарихын  шиырлап  жүрген 

ғалымдарымыздың зерттеп, аңызы қайсы, ақиқаты қайсы екенін елге уғындырып отырғаны жөн 

болар еді. 

Осы  орайда  буқаралық  ақпарат  құралдары  беттерінде  бірнеше  жылдан  бері  сөз  етіліп 

жүрген мəселе жайлы тарихшы-ғалымдардың жақ ашпай жүргені өкінішті. 

Ел арасында Апақ туралы алып-қашпа сөздер шыға бастаған сол 80-жылдардың басыңда 

сол  кездегі  Талды  ауаткомы  төрағасының  орынбасары  қызметінде  жүрген  Апақтың 

немересі  Тұрсын  Омаров  мұрындық  болып  Мəскеуге,  сол  кездегі  СССР  Геология 

министрлігіне  сауал  жолдап,  соған  жауап  алыпты.  Кен  орындарын  алғаш  ашушылар  ісі 

женінде Орталық комиссия төрағасы қол қойған сол жауап хатта Қарағанды көмірін алғаш 

ашушы  тас  көмірді  суыр  інінен 1833 жылы  тапқан  бақташы  Апақ  Байжанов  болып 

табылатындығы айтылады. Осы хаттың көшірмесі бүгін баспасөз бетінде алғаш жарияланып, 

ел  назарына  тұңғыш  рет  ұсынылып  отыр.  Осы  хатты  оқыған  соң  құр  байбалам  салып,  ел 

санасына  қонақтап,  тарихқа  айналып  кеткен  мəселеге  күдікпен  қарайтын  ағайындардың 

өрекпіген  көңілі  басылар  дейміз.  Əйтсе  де,  Апақ  Байжанов  туралы  фактілерді  тарихи 

құжаттармен  əлі  де  нақтылай  түсу  тарихшы  ғалымдарымыздың,  сол  сияқты  облыстық 

мемлекеттік архивтің, облыстық мұражайдың төл парызы деп білеміз. Тек қолда барды ғана 

қанағат етпей, облыс, өндірісті өңір жайлы  кененің  көзі,  құнды  жəдігерлерді ел ішінен ғана 



емес, уақыт і оздырып алмай алыс-жақын шеталдерден де жинастырғанымыз жөн. 

 

Ермағамбет Лұқпан, 

Қазақстан Журналистер 

одағының Ə.Бөкейхано 

атындағы сыйлығының 

лауреаты 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал