Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы



жүктеу 0.81 Mb.

бет1/7
Дата21.02.2017
өлшемі0.81 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

 

Қарағанды облысы білім басқармасы 



Қарағанды облысы білім беруді дамытудың 

 оқу-әдістемелік орталығы 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кәмелетке толмағандар арасында қҧқық бҧзушылықтың алдын 

алу бойынша жҧмысты ҧйымдастыру»   

әдістемелік нҧсқаулығы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды  2015 

 

 

 

 

УДК 343.121.5 



ББК 67.408 

О - 64 

 

Идеяның  авторы:  Аймағамбетов  А.Қ.,  Қарағанды  облысы  Білім 

басқармасының басшысы 

 

Қҧрастырушылар:  



Қожахметова  Г.Ш.,  «Қарағанды  облысы  білім  беруді  дамытудың  оқу-

әдістемелік орталығы» КМҚК директоры; 

Куттыбаев  Р.С.,  Қарағанды  облысы  ІІД  Әкімшілік  полиция  басқармасының  

ювеналды полиция бөлімі бастығы; 

Копбаева  Г.С.,  Қарағанды  облысы  білім  беруді  дамытудың  оқу-әдістемелік 

орталығы   директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 

Баграмова  Г.Т.,  Қарағанды  облысы  білім  беруді  дамытудың  оқу-әдістемелік 

орталығы ҚББ және ҰТИД бөлімінің  әдіскері. 

 

     О-64    «Кәмелетке  толмағандар    арасында  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу 



бойынша  жұмысты  ұйымдастыру:  әдістемелік  нұсқаулықтар.-

Қарағанды: ҚО ББД ОӘО,2015.-76 б. 



 

                  ISBN 978-601-7791-19-3 

 

       Әдістемелік  ұсыныстарда  білім  беру  ұйымдарында  кәмелетке  толмағандар 



арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесін ұйымдастыру  бойынша 

материалдар берілген.  

        Осы 

құралдағы  әдістемелік  құралдар  білім  беру  ұйымдарының 

басшыларына,  директорлардың  тәрбие  ісі  бойынша  орынбасарларына, 

ұйымдастырушы 

педагогтерге, 

әлеуметтік 

педагогтерге, 

педагог 


– 

психологтерге,  сынып  жетекшілеріне  және  жасӛспірімдер  ісі  бойынша  

инспекторларға ұсынылады. Берілген материалдар ұсыныстар ретінде.      . 

 

 



УДК 343.121.5 

ББК 67.408 

 

 



 

Қарағанды облысы  ББД ОӘО әдістемелік кеңесінде ұсынылды 

№ 6  хаттама , 11.11.2015 ж. 

 

ISBN 978-601-7791-19-3



 

КЕЛІСІЛДІ  

Қарағанды облысы ІІД 

бастығының орынбасары 

_______________  

полковник Қасенов Б.Т. 

«___» ________ 2015ж. 

 

КЕЛІСІЛДІ  

Директор 

ҚО ББД  ОӘО директоры 

______________ 

Қожахметова Г.Ш. 

«___» ________ 2015ж. 

          БЕКІТЕМІН  

Қарағанды облысы 

Білім басқармасының 

басшысы  

________________ 

Аймағамбетов А.Қ. 

«___» ________ 

2015ж. 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жасӛспірімдер арасында қҧқықбҧзушылықтың алдын алу 

бойынша жҧмысты ҧйымдастыру»   

әдістемелік нҧсқаулықтары 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмҧны  



1 БӚЛІМ  

Кәмелетке томағандар  арасында қҧқық бҧзушылықтың алдын алу 

бойынша жҧмысты ҧйымдастыру 

Жасӛспірімдер мен балалардың психологиялық ерекшеліктері.........................6 

Құқықтық күндер күнтізбесі..................................................................................7 

Құқықтық нормативтік қамтамасыз ету................................................................8 

Жасӛспірімдер ісі жӛніндегі инспектор, директордың тәрбие ісі – жӛніндегі 

орынбасары, психолог, әлеуметтік педагогтің бірлескен жұмысы....................9 

Мектептің «қиын балалармен»  ӛткізілетін  іс-шаралар тізімі...........................9 

 

2 БӚЛІМ  

Қҧқық бҧзушылықтың алдын алу  Кеңесі қызметін ҧйымдастыру 

Қажетті құжаттар тізімі.........................................................................................10 

Құқық бұзушылықтың алдын алу  Кеңесі туралы Ереже..................................11 

Қарағанды облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы   ювеналды полиция 

бӛлімінің құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысын ұйымдастыру 

бойынша ұсыныстары...........................................................................................14 

Құқық бұзушылық алдын  алу Кеңесіне шақырылған оқушы туралы 

ақпарат....................................................................................................................16 

Құқық бұзушылықтың алдын алу  Кеңесі  хаттамалары үлгілері....................16 

Рейд жүргізу  карточкаларын толтыру үлгісі….................................................18 

Жасӛспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың жай-күйі 

туралы ақпарат мониторингі................................................................................20 

Құқық бұзушылықтың алдын алу  Кеңесі мамандарының функционалдық 

міндеттері ..............................................................…............................................21 

Құқықбұзушылықтың алдын  алу Кеңесінде қарауға ұсынылатын  

тақырыптар.............................................................................................................24 

Оқушыларды  мектепішілік  есепке қою немесе  мектепшілік есептен шығару 

туралы ережелер....................................................................................................24 

Жасӛспірімді жеке зерттеу картасы.....................................................................30 

Мектепшілік  есепке қою немесе есептен шығару туралы  ата-анаға 

жіберілетін ескертпе-хабарламалар үлгісі..........................................................31 

МІЕ тұрған оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыс түрлері...........................31 

Қарағанды облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы   ювеналды полиция 

бӛлімінің  мектепішілік  есепте тұрған оқушылармен жүргізілетін  

жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынған материалдары.........................32 

Жасӛспірімдердің отбасылық тұрмыс – жағдайын зерттеу  актісі...................35 

Мектепішілік есепте тұрған оқушының мінездемесі.........................................36 

Мектепішілік есепте тұрған оқушының жеке ісі................................................37 

Кәмелетке толмағандар  арасындағы  қаңғыбастық пен қараусыздықтың 

алдын алу бойынша рейдтерді  ӛткізу ережесі...................................................38 

Жасӛспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен  қараусыздықтың алдын 

алу Кеңесінің  отырыстар кестесі........................................................................40 



 

Құқық бұзушылықтың алдын алу  Кеңесінің  жұмыс жоспары......................41 



Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын  алу жұмысының 

жоспары ................................................................................................................44 



 

3 БӚЛІМ  

Білім беру ҧйымдарында жалпыға бірдей қҧқықтық  оқытуды 

ҧйымдастыру 

Білім беру ұйымдарында жалпы құқықтық білім беру  туралы Ереже............48 

Полициямен бірлескен   Отрядтың  қызметі туралы   ереже............................50 

 

4 БӚЛІМ 

Қарағанды облысы білім беру ұйымдарында жасӛспірімдер арасында құқық 

бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысын тексеру бойынша 

жадынама................................................................................................................52 

Қарағанды облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы   ювеналды полиция 

бӛлімінің  оқушылар үшін  ұсынған  материалдары..........................................53 

Балалар мен жасӛспірімдердің қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс 

ережелері................................................................................................................55 



 

5 БӚЛІМ  

Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық 

бұзушылықтың алдын-алу  Кеңесінің қызметін нормативті-құқықтық 

қамтамасыз ету......................................................................................................56 

Оқыту және тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес келмейтін ақпараттар тарататын 

ғаламтор желісінің ресурстарын оқушыларға қолжетімсіз ету мақсатында 

білім беру ұйымдарында жасауға ұсынылатын шаралар.................................65 

 

 6 БӚЛІМ  

Полицияның учаскелік инспекторлары жұмысын ұйымдастыру 

Глоссарий .............................................................................................................65 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі..............................................................................73 

Қысқартулар тізімі ..............................................................................................73 

 

          



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

      Қазақстан  Республикасындағы  азаматтық  қоғамды  қалыптастыруда 



бастысы  азаматтық  пен  құқықтық  мәдениетті  дамыту  болып  табылады.  Бұл 

азаматтардың  қоғам,  ел  ӛміріне  сапалы  түрде  және  ӛз  бетімен  қатысуын 

кӛздейді.  

         Оқушыларға  құқықтық  тәрбие  беруді  қамтамасыз  ету  мазмұнындағы 

құқықтық  тәрбие, білім беру  жүйесінің  заманауи  бӛлігі  және  басым  бағыты 

болып табылады.  

Құқықтық  білім  беруді    қалыптастырудың  маңыздылығы  қоғамда 

болып жатқан әлеуметтік үдерістердің   жоғары динамизмі мен әлеуметтік  – 

техникалық қажеттіліктердің жоғарылауымен ғана емес, ғылыми-техникалық 

ӛркендеу    талаптарының    жоғарылауымен  де    тығыз    байланысты.  Саяси 

ӛмірдің  әртүрлі  мәселелерін  кәсіби,  терең  түрде  түсіну  үшін,  заманауи 

қоғамның  барлық  салаларындағы  динамикалық  ӛзгерістерді  анықтау  үшін 

жақсы  ойлау  қабілеті,  дүниетанымдық  кӛзқарасқа  сенімділік  және  жүйелі 

құқықтық  ұстаным болуы қажет. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2015 

жылдың  22  сәуіріндегі  №  227  бұйрығы    негізінде  бекітілген    Тәрбиенің 

тұжырымдамалық    негіздеріне    сәйкес    тәрбие  жұмысының      басты 

бағыттарының  бірі    жас  жеткіншектерге    құқықтық  тәрбие    беру  болып 

табылады. 

 

            Балалар мен жасӛспірімдердің психологиялық ерекшеліктері 



 

        Құқықтық тәрбие беру  орта және жоғары сынып   оқушылары үшін ӛте  

маңызды. Жасӛспірімдік  кезең –  бұл  құқықтық  тәрбиеге    қалыптастырудың 

ең  қолайлы  кезеңі.  Осы  жастағы  оқушылар  құқық,  еркіндік  жӛніндегі 

ақпараттарды  және заңды толық түсіне алады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты-

мемлекеттің  заңын  құрметтейтін  ұрпақ  тәрбиелеу.  Құқықтық  тәрбиенің 

бастамасы  оқушыларға  терминдер  мен  ұғымдарды  түсіндіру.  Терминдік 

түсініктерді  еркін  меңгеру  арқылы  оқушы  жауапкершілікті  сезініп,  іс  -

әрекеттің құқықтық жағын саралайтын болады.  

Жасӛспірімдік  кезең  –  есею,  жетілу,  мүмкіншілік  кезеңі.  Бұл  кезеңде 

ӛзгерістер,  әсіресе  ӛзара    қарым  –  қатынастағы  ӛзгерістер  жедел  түрде 

болады.  

10  жас-  балалардың  алтын  уақыты,  бұл  жастағы  балалар  ӛмірді  жеңіл 

қабылдайды, сенгіш, ата- аналарына бірдей қарайды, ӛз түр – тұлғасына аса 

кӛп мән бермейді.  

11  жастағы  балаларда  ағзаның  қалыптасу  кезеңі  басталады,  бала 

импульсивті  болады,  қарсылық  әрекеттері  байқалады,  кӛңіл  –  күйі  жиі 

ауысып  тұрады,  қатарлас  балалармен  келіспеушіліктер,  ата  –аналарына 

қарсы шығу байқалады. 

12 жаста балалардың  ӛмірге деген кӛзқарасы жақсарады, олай болмаған 

жағдайда  тәртібі  нашарлайды,  отбасында  ӛзін  –  ӛзі  билеуі  артады, 

достарының  әсері  кӛп  болады.  Жасӛспірім  ӛзіне  түр  –  тұлғасына  мән  бере 

бастайды.  Ұлдардың  немесе  қыздардың  мәселеріне  қызығушылық  таныта 



 

бастайды.  (Еркіндік  іздейді,  қатарластарымен  және  қыздар  ұлдармен,  ал 



ұлдар қыздармен қарым – қатынасты іздейді) 

13  жаста    ішкі  ойлары  пайда  бола  бастайды,  ӛзінен  мін  іздеу,  сынау 

пайда  болып,  сынға  келгенде  сезімтал  болады,  психологияға  қызыға 

бастайды, ата – аналарына сыни кӛзқараспен қарайды, араласатын достарын 

да    таңдайды  (Жалғыздық  тақырыбы,  ішкі  келіспеушіліктер,  ата  – 

аналарымен  келіспеушіліктер,  ӛзін  басқалардан  бӛлек  сезіну,  жаңа  ортада 

ӛзін жайсыз сезінуі).  

14 жаста – интроверсия экстраверсияға ауысады, жасӛспірім экспансивті 

болады,  адамдармен  жақсы  қарым  –  қатынаста  болуға  ұмтылады,  кӛпшіл 

болады,  ӛзіне  деген  сенімділігі,  адамдарға  деген  қызығушылығы  артады, 

олардың  әр  түрлілігі  қызықтырады.  (Барлығына  сыйластықпен  қарайды, 

ӛзіне де, ӛзгеге де сыйластықпен қарауға талпынады) 

15

 

жас- жаңа жоғары даму кезеңі: 



-  еркіндік  сезімінің  жоғарылауымен  байланысты    отбасында,  мектепте 

жасӛспірімнің  күйгелектігі  байқалады.  Ең  жағымдысы,  ӛз  еркімен  жүруге 

талпыныс  ӛзін-ӛзі  басқарумен  үндеседі  және  жасӛспірімнің  ӛзін  –  ӛзі 

тәрбиелеу  санасының  оянуы  басты    болып  табылады.  Бұл  жасӛспірімнің 

зиянды  әсерлерге  тез  бейімделіп  кету    сезімталдығының  күшеюіне,  жаман 

әдеттерге  үйір  болуына  алып  келеді.  Топтық  қажеттілік  пен  топтық 

идентификасия  мӛлшері  артады  (ең  үлкен  мәселелер:  еркіндік  іздеу,  ата- 

аналарымен келіспеушіліктер, ӛзін іздеу, жалғыздық, жаман әдеттердің әсері, 

сәнге айналған дәстүрлі емес топтарға қатысу).  

           Жоғары  сыныптағы  жасӛспірімдердің    ар  –  намыс  сезімдері  алда 

тұрады,  парыз,  серіктестік,  ғашықтық  сезімдерге  бой  алу  басым    болады. 

Жасӛспірімдер  бір  –  біріне  жоғары  моральдік  талаптар  қояды.  Бір-бірімен 

дос  болуда  сабақты  жақсы  оқу  қасиеттері    аса    маңызды  болмайды,  тек 

адамгершілік  қасиеттеріне  кӛп  мән  береді:  жолдастарын  батылдығы,  ерлігі, 

қиын  сәттерде  кӛмек  кӛрсету  т.б  қасиеттеріне  қарап  бағалайды.  Достық 

қарым-қатынас  орнату  қажеттілігі  тән  болады,  яғни,  достарымен 

әңгімелескенді ұнатады, достықты жоғары бағалайды және келіспеушіліктер 

болса соған  қатты алаңдайды.  

      Жасӛспірім    жеке  тұлға  болып  толық  қалыптаспағандықтан  және  әлі 

қоғамдық ортада ӛз орнын таппағандықтан,  осы кезеңде оқушыларға отбасы 

тарапынан,  мектептен,  қоғамнан    әлеуметтік  бақылауды  күшейту  керек. 

Ӛйткені,  жасӛспірімге  ата  –  аналардың  ықпалынан  гӛрі  араласатын 

ортасының,  топтардың  ықпалы  басымырақ    болады  және  бұл- 

жасӛспірімдерде  қоғамға қарсы жат әрекеттерге бейім болу қылықтарының 

кӛбеюіне бірден-бір себеп болушы фактор. 

Қҧқықтық кҥнтізбелік кҥндер 

1 маусым  – Халықаралық балаларды қорғау күні 

4 маусым  - Халықаралық агрессия құрбандарының күні. 

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні 



 

20 қараша – Бүкіл әлемдік балаларды қорғау күні 



10 желтоқсан  – Адам құқықтары күні 

                           

                           Қҧқықтық нормативтік қамтамасыз ету 

 

     Құқық бұзушылықтың алдын  алу Кеңесі қызметінің  нормативтік базасын 

Қазақстан Республикасының тӛмендегідей стратегиялық құжаттары құрайды:  

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылдың 30 тамызында 

республикалық  референдумда  қабылданды,  ӛзгертулер  мен  толықтырулар 

2011 ж. 2 ақпанында енгізілді

2.  Қазақстан  Республикасының  «Неке  (ерлі-зайыптылық)    және отбасы»  туралы 

кодексі № 518-IV 2011ж.  26 желтоқсан (ӛзгертулер мен толықтырулар  2014 ж. 

17 қарашасында енгізілді); 

3. Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» заңы № 319-III 2007 жылдың 

27 шілдесінен (ӛзгертулер мен толықтырулар  13.11.2015  енгізілді);  

4.  «Қазақстан  Республикасындағы  балалар  құқығы  туралы»    Қазақстан 

Республикасының  заңы  №  345-II  2002  ж.  8  тамыз,  (ӛзгертулер  мен 

толықтырулар  2014 ж. 29 желтоқсанында енгізілді);  

5. «Діни қызмет пен діни бірлестіктер»  туралы Қазақстан Республикасының 

№ 483-IV ЗРК 2011 ж. 11 қарашасындағы заңы;  

6.  «Қазақстан  Республикасында      білім  беруді  дамытудың    2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 2010 ж. 7 желтоқсанында ҚР 

Президентінің  №  1118  жарлығымен  бекітілген.  (ӛзгертулер  мен 

толықтырулар 2014 ж. 12 тамызында енгізілді);  

7.  Қазақстан  Республикасының  2015-2025  жылдарға  арналған  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің   

2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген ; 

8.  «Барлық  білім  беру  ұйымдарында  оқытудың  тәрбиелік  құрамдасын 

күшейту  жӛніндегі  үлгілік  кешенді  жоспарды  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы  

9.  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің    2015  жылдың  22  сәуіріндегі  №227  

бұйрығы негізіндегі «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»; 

10.  «Қазақстан  2020:  болашаққа  жол»  Қазақстан  Республикасы  мемлекет  - 

тік  жастар  саясатының  2020  жылға  дейінгі  тұжырымдамасы.  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  27  ақпандағы  №  191  Қаулысымен 

мақұлданған;    

11.Қазақстан  Республикасының  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие 

тұжырымдамасы.  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 

2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген;  

12.Кәмелетке 

толмағандар 

арасындағы 

құқықбұзушылықтардың 

профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  және  панасыз  қалуының 

алдын-алу туралы ҚР  2004 ж. 9 шілдесіндегі №591  заңы; 

13.  «Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың    алдын  алу  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2009 жылғы 4 желтоқсанындағы № 214 заңы. 


 

14.  «Орта  білім  беру  ұйымдарындағы    психологиялық    қызметтің  жұмыс 



істеу    қағидасы»  Қарағанды  облысы  әкімдігінің  17.06.2015  ж.  №33/01 

Қаулысы; 

15. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі  

2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ ҚР Қылмыстық кодексі

16. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі №231-VҚРЗ Кодексі; 



17. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 маусымдағы №235-

V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексі; 

18.  Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  министрлігі  мен  Юстиция 

министрлігімен  бірлескен  1995  жылғы  14  маусымдағы  №4/7  «Қазақстан 

Республикасы  білім  беру  ұйымдарында  құқықтық  тәрбие    беру  және 

құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесі туралы Ереже» 



 

Ескерту:    нормативтік-құқықтың  құжаттарда  өзгерістер  мен  толықтырулар  болған 

жағдайда толықтырылып отырылуы керек. 

Жасӛспірімдер ісі жӛніндегі инспектор, директордың тәрбие ісі 

жӛніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагогтің 

бірлескен жҧмыстары 

Жҧмыстың мазмҧны 

1. Оқушылардың сабаққа қатыспауын  бақылап, жеке журналға тіркеу. 

2. Оқушылармен жеке әңгімелер  жүргізу. 

3. Ата –аналармен жеке әңгімелер жүргізу. 

4. Үйлерді аралау. 

5. Психологиялық – педагогикалық кеңестер ӛткізу, аталған оқушылармен 

жұмыс жүргізу бойынша сынып жетекшілерімен консилиумдар ӛткізу. 

6.Агрессия деңгейін тӛмендететін тренингтік сабақтар ӛткізу. 

7.Келіспеушілік іс – әрекеттерін түзету тренингтік сабақтарын ӛткізу. 

 8.Аталған оқушыларды мектептің, сыныптың іс – шараларына қатыстыру, 

үйірмелерге, секцияларға тарту. 

 

        Мектептің «қиын» оқушылармен жҥргізілетін іс – шаралар тізімі: 

•  Қараусыз  жүретін    бақылаусыз,  педагогтердің  назарынан  тыс  қалған  

балаларды анықтау. 

•  Балалардағы    әлеуметтік  –  педагогикалық  қараусыздықтың    себептерін 

анықтау. 

• Тәртібі қиын балалар туралы мәліметтер базасын  жасау. 

• «Қиын» оқушыларға құқықтық білім  беру. 

•  Жасӛспірімдердің  отбасында  және  ӛз  қатарластары  арасында  ӛзін  –  ӛзі 

ұстау туралы ережелер мен жадынамаларды жасап, қолдану. 

• Тәртібі қиын оқушылардың ата –аналарына семинарлар ӛткізу. 



10 

 

•  «Тәрбиесі  қиын  оқушылармен  жұмыс»,  «Педагогикалық  баса  назар 



аударуды  талап  ететін  қараусыз  балалардың  отбасымен  жұмыс»  

тақырыптарында педагогикалық кеңестер ӛткізу. 

• Балалар мен ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер жүргізу. 

• Педагогикалық –педагогтік концилиумдер  ұйымдастыру. 

•  Ұжымдағы  жасӛспірімдердің  сыныптастары  арасындағы  жай  –  күйін 

зерттеу (социометрия) 

• «Қиын» балалармен жеке жұмыс жүргізу. 

•Жеке  тәлімгерлікті    ұйымдастыру    (әлеуметтік  педагог,  жоғары  сынып 

оқушылары). 

• Тәртібі қиын оқушыларды тәрбие орталықтарына, үйірмелерге, секцияларға 

тарту. 

• Жазғы алаңдар мен туристік клубтарға баруын  ұйымдастыру. 



• Спорттық секциялардың жұмысын ұйымдастыру. 

•  «Балалардың  бос  уақытына  арналған  сабақтар»,  «Біз  және  балалар»  және 

т.б. тақырыптарда дӛңгелек үстелдер ӛткізу. 

• «Қиын» оқушылармен ойын – жаттығуларын, ойын-тренингтер ӛткізу. 




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал