Қарағанды қаласы 70 жылдығын үлкен мереке ретінде



жүктеу 21.81 Kb.

Дата23.02.2017
өлшемі21.81 Kb.

Қарағанды қаласы 70 жылдығын үлкен мереке ретінде

атап өтті. Осы мерекеге дайындық барысында Орталық

Қазақстанның, облыстың, қаланың өткені мен қазіргі жағ-

дайы туралы баспасөзде көптеген материалдар жариялан-

ды, теледидардан тартымды хабарлар берілді.

Әсіресе облыста мәдениеттің, білімнің, ғылымның да-

муы жөнінде көп айтылды. Сондай көл-көсір материалдар-

дың ішінен мен В.Мининнің «Біз энциклопедияны қалай жа-

садық» деген мақаласы көңілімді ерекше аударды. Әңгіме

Қарағандыда жазылып, 1986 жылы Алматыда басылып шық-

қан «Қарағанды. Қарағанды облысы» деген энциклопедия

туралы болатын. Бұл энциклопедия Қарағанды облысының

құрылғанына 50 жыл толуымен орайлас жазылған еді.

Осынау ұлан ғайыр жұмысқа зор үлес қосқан журналис-

тер еңбегін бағалай отыра, энциклопедияны шығару тура-

лы шешімнің қай уақытта қалай қабылданғаны туралы азы-

рақ айтып өткім келеді. Өйткені бұл жұмысқа мен де азды-

көпті араласқан едім.

Республика облыстарының энциклопедиясын жасау

идеясын 1984 жылдың басында ҚКЭ Бас редакциясы көтер-

ген болатын. Әлбетте, осынау абыройлы да жауапты жұмы-

стың басында еліміздегі аса ірі тарихшы ғалым, Қазақ Ке-

ңес энциклопедиясы Бас редакциясының басшысы Манаш

Қабашұлы Қозыбаев тұрды. Мен оны жақсы білетінмін.

Екеуіміз жерлеспіз, университетте бірге оқыдық, ұзақ жыл-

дар отбасымызбен араласып тұрдық. Соған орай Алматыға

барғанымда оған соқпай кетпейтінмін. Сондай бір кезекті

кездесудің бірінде ол маған: «ҚКЭ-ның 12 томы шығып бол-

ды. Маған дейін екі тілде «Қазақ Кеңес Социалистік Респуб-

ликасы» деген энциклопедиялық анықтамалық (1981 ж.) шы-

ғыпты. Енді облыстар энциклопедиясын шығару мәселесі

пісіп жетілді. Әзірге «Алматы» энциклопедиясы ғана шықты

(1983 ж.). Облыстар энциклопедиясын сендерден, яғни

Қарағанды облысынан бастамақпыз. Ол үшін Қарағандыда

ғылыми мүмкіндік мол, онда ірі-ірі жоғары оқу орындары,

ғылыми-зерттеу институттары, қуатты өндіріс объектілері

бар. Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласы Алматыдан

кейін екінші орын алады. Мәселе Қазақстан Компартиясы-

ның Орталық Комитетінде келісілді. Жуырда Қарағанды об-

комының бірінші хатшысы А.Г.Коркинмен телефон арқылы

сөйлестім. Ол идеяны қолдады, жан-жақты көмек көрсету-

ге уәде берді» деді.

Көп ұзамай жұмысқа кірісіп кеттік. Редакциялық алқа

құрылды. Оған Қарағандыдағы ірі ғалымдар Ә.Сағынов,

Т.Әбдіразақов, Ж.Әбішев, Д.Шаймұқанов, Ш.Қашықов және

осы жолдардың авторы; облыс басшылары А.Коркин, З.Ің-

кәрбаев; ірі өндірістік бірлестіктерді ұйымдастырушылар

М.Ақбиев, Н.Дрижд, Л.Думлер кірді. Сондай-ақ Бас редак-

циясының жауапты қызметкерлері Ж.Адаев , А.Мусинов

қосылды.


Біздерді, тарих жөніндегі бөлімнің ғалымдарын облыс-

тық партия комитетіне шақырып (оны обкомның хатшысы

Қ.Аманбаев басқарды), міндеттер мен мақсаттар, жұмыс-

тың аяқталу мерзімі туралы әңгімеледі. Тарих бөлімін

біздерге, тарих ғылымдарының докторлары Д.Шаймұқано-

вқа, А.Әбілевке және маған тапсырды. Материалдарды

ұйымдастырып, мақалалар жазу үшін тиісті мамандардан

шағын жүмыс тобы қүрылды. Оған қаладағы жоғары оқу

орындарының жетекші тарихшылары: Қ.Жуасов, Қ.Есімов,

Р.Спанов, Ә.Телғарин, М.Хасенов, Б.Адамбеков, Р.Жұма-

шев, С.Жауымбаев, С.Күрлеубаев, Н.Бейсенбекова және

басқалары жұмылдырылды.

Бір жарым жылдың ішінде облыс пен қала туралы ұлан

ғайыр материалдар жинақталды. Ол туралы В.Минин өзінің

мақаласында жан-жақты жазыпты («Индустриальная Кара-

ганда» 24.01.04 ж.). Кітаптың алғашқы варианты 1985 жыл-

дың соңында Алматыға жіберілді.

Сөйтіп 1986 жылдың қыркүйек айында «Қарағанды,

Қарағанды облысы» энциклопедиясы жарыққа шықты. Осы

оқиғаға байланысты 1986 жылы қазан айында Қарағанды

облыстық партия комитеті мен облыстық атқару комитеті

қабылдау ұйымдастырды. Оған Қарағандының іргесін қала-

ушылар, соғыс және еңбек ардагерлері, энциклопедияны

жасаушылар шақырылды. Обкомның бірінші хатшысы А.Г.-

Коркин 50 жылдық туралы тебірене сөйлеп, осыған орай

шыққан энциклопедияға тоқталды, энциклопедияны жа-

сауға белсене араласқан авторларға сый-сияпат жасау

қажеттігін атап өтті. Бұл біз үшін өте қуанышты сәт болды.

Алайда республикада көп ұзамай желтоқсан оқиғасы бас-

талып, жақсы жоспарлардың бәрі желге ұшты.

Коркин қызметінен кетіп, оның орнын бұрын облысқа

мүлде таныс емес В.И.Локотунин деген біреу басты. 1987

жылдың маусым айында СОКП ОК-нің «Қазақ ұлтшылдығы

туралы...» атақты қаулысы шықты. Енді біз, жоғары оқу

орындарының ғалымдары сый-сияпаттың орнына, студөнт

жастар арасында интернационалдық және патриоттық

тәрбиені босаңсытып жібергеніміз үшін шетімізден сөгіс

алдық. Әуелінде екі тілде шығарылмақ энциклопедия осы

жағдайға байланысты бір тілде ғана шықты. Энциклопеди-

яны шығару идеясын қозғаған академик М.Қозыбаев басқа

жұмысқа ауысып кетті.

Әрине, бұл жоспар кейінірек, 1990 жылы жүзеге асырыл-

ды. Энциклопедияны қазақ тілінде шығаруға «Орталық

Қазақстан» газетінің редакциясы ерекше үлес қосқандығын

атап өткен ләзім. Мәскеу өзінің қаулысын өзгертті. Міне

«Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясының жа-

рыққа шығу тарихы осындай. Кейінірек Ақмола облысының

энциклопедиясы жазылды. Жекелеген облыстардың тари-

хы шықты. Алайда Қарағанды облысының энциклопедиясы

үлгісіндегі іргелі туынды бола қойған жоқ. Мұндай жұмыс

одан әрі жалғасын табуға тиіс еді. Уақыт өте келе жарыққа

шыққан еңбектер толықтырулар мен өзгертулерді қажет етіп



отыр.

Ә.ЖҰМАСҰЛТАНОВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал