Қарағанда қарқынмен өтіп жатыр



жүктеу 0.77 Mb.

бет1/7
Дата04.03.2017
өлшемі0.77 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 2-бетте 

БО

ЛЖ



АМ

Нұрлан ҚАПАРОВ, 

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі:

– Қазақстанда климаттың жылынуы дүниежүзіне 

қарағанда қарқынмен өтіп жатыр. ХХ ғасырдың 

соңында Тянь-Шань мұздықтарының ауданы 25-

35%-ға азайды. Егер мұздықтардың еру қарқыны 

осындай болып сақтала беретін болса, 2050-інші 

жылға қарай мұздықтардың көбі еріп кетеді. 

Жағдай олай өрбісе, ол ауыл шаруашылығы, өнер-

кә сіп пен ел халқына қауіп төнеді. Сондай-ақ бү-

гін де Қазақстанда су тапшылығы – 20 %. Келешекте, 

тұтыну көлемі артуымен және климаттың өзгеруімен 

су тапшылығы да арта береді. Елімізде су үнемдеудің 

мүмкіндігі үлкен. Коммуналдық секторда су үнем-

деу әлеуеті 50%-ды құрайды. Ауыл шаруа шы лы-

ғына суүнемдегіш технологияларды енгізу керек.

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, 

«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:

– Иә, Қазақстанға 2050 жылға қарай шөлге ай-

налу қаупі төніп тұр. Біз мұздықтарымызды сақтап 

қалуымыз керек. Әйтпесе ауызсусыз қаламыз. Сол 

себепті қаражат бөліп, заманауи технологияларды 

қолданып, мұздықтарымыздың толық еріп кетуіне 

тосқауыл болуымыз керек. Ал халық тарапынан 

Жер-Ананы жасыл желекке орап, тазалыққа жіті 

мән беру арқылы бүкіл тірі жанның тағдырын 

сақтап қалуға болады.

Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

Қазақстан 2050 жылы 

шөлге айнала ма?

ОЙ-КӨКПАР



Өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға қатысты аппеляция мерзімін 15 жылға дейін азайту керек деген пікірмен келісесіз бе?

Сексен көлді Көкшетау сусап отыр...

Сексен көлі мөлдіреп, Бурабайы әлем елдерін 

тамсандырған Көкше жері де ауызсудан тапшылық 

тартып отыр дегенге сенбейтін де шығарсыз. 

Алайда іс осылай орын алғасын, айтпасқа амал да 

жоқ. Дәл қазір Көкшетау жұртын толғандырып 

отырған ең маңызды мәселенің бірі де – осы ауызсу 

жағдайы.


Он жылдан астам уақыт жүріп еш қайраны 

болмаған «Таза су» бағдарламасы былтырдан бері 

«Ақ бұлақ» болып өзгертілді. Алайда бұл өзгерістен 

де көкшеліктерге соқыр тиын пайда болмай тұр. 

Кеңес заманынан бері келе жатқан су құбырлары 

биылғы қыс бойы әр жерден жарылып, халық 

жұмалап сусыз отырды. Ал сол краннан аққан 

судың дәмі кермек татығандықтан, СЭС мамандары 

әлдеқашан ішуге жарамсыз деп таныған болатын. 

Солай бола тұра, халық сол суды ілдебайлап 

қайнатып ішуге мәжбүр. Қолы жеткендері көшедегі 

ұңғымалардан тасып алады.

Құбыр жарылғанымен, қысы-жазы суы бір 

таусылмайтын бұлақ сулары қала халқының 

игілігіне жарап келген еді. Алайда жуырда талай 

жылдан бері көкшеліктерді ауызсумен қамтамасыз 

етіп, жергілікті жұрт «Бармашино» бұлағы деп атап 

кеткен қайнар көз «қазір санитарлық талапқа 

сәйкес келмейді екен» деген қауесет ел арасына 

жылдам тарап кетті. Санитарлық эпидемиологиялық 

мамандар аталған бұлақта радон көлемі шамадан 

тыс көп деп тауып, дабыл қағуда.



Су – тіршілік көзі. Мемлекет 

басшысының тікелей бақылауымен 

«Ақ бұлақ» бағдарламасы қолға 

алынғанымен, ауыз шаяр су 

таба алмай, таңдайы құрғаған 

ағайынның қатары әлі де баршылық. 

Су құбырларын тарту, ескілерін 

жаңарту мәселелері жер-жерде 

жиі талқыланғанымен, жергілікті 

жерде су мәселесін шешуде кедергі 

тудыратын кертартпа жағдайлар 

жетіп-артылады...

Бүгінде «аборт вирусы» асқынып 

тұр демеске амал кем. Құрсақтағы 

құн дылығынан құтылу үшін жасы да, 

жасамысы да осы бір қауіпті отаға 

жүгінуге жүгіріп жүргендері. Елі-

мізде жылына 150 мыңнан 300 мың ға 

дейін аборт  жасалады екен. Сан дар 

осылай «сайрайды».  Ұлттың бо-

лашағына алаңдайтын адамды ұй қы-

сынан шошытып оятатын қо р қы нышты 

цифрлар әрине. Мұндай көр сеткішпен 

еліміз басқа жағынан мақ тана алмаса 

да, әлемнің алпауыт ел дерін шаң 

қаптырып,  Гран  приді  қа н жы ға сына 

байлағалы қашан?! Тіпті арт та қалған 

деп саналатын бірқатар елдер енді аз 

ғана жылдан кейін шаңымызға да ілесе 

алмай қалатын түрі бар.

МӘСЕЛЕ


Жалғасы 2-бетте 

Ең қорқыныштысы – болашақ аналарымыз – 

бү гінгі жас қыздар құрсағын қырнатып, абортқа 

жүгініп жүргені жүрегіңді ауыртады. Мысал керек 

пе, мархабат... Өткен жылы 15-18 жас аралығын-

дағы қыздарға 241 түсік жасалыпты. Бесіктен белі 

шықпаған, қылығы түздегі қыздарымыздың тірлігі 

осы болып тұр бүгінде. Бұл жағдай ұлтымыздың 

төрдегі басын көрге сүйрейтіні анық енді... Бұл 

әңгіме бүгінде айтыла-айтыла тулақ болып кеткен 

түрі бар. Осы мәселеге қатысты түйінді тарқату әл-

әзірге мүмкін еместей. Түсік жасату әйелдердің 

денсаулығына зиянын тигізе отырып, ұлттың тектік 

қорын бұзады деп дәрігерлер дабыл қаққалы 

қашан. Бірақ... сол баяғы бірақ... Қай дінді алып 

қа расақ та, түсік тастағандарды маңдайынан си-

па майды. Турасын айтқанда адам өлтіру деп са-

нап, оның тозақ отына өртенетінін, зауалы мол 

бо латынын ескертеді. Алайда бүгінгісін ғана ой-

лап, ертеңгісін «көре жатармызға» жауып қоя са-

латын жаулықтыларымыз мұндай қауіпті қадамға 

бар ғанда мойнына адам қанын жүктеп отырғанын 

ес кергісі де келмейді. Бүгінде әлемнің бірнеше ел-

де рінде түсік жасауға тыйым салынған. Мұндай 

қа  дамға барғандарға үкім кесіп, заңмен қу-

далайды. Ал біздің елімізде  аборт жасатып, адам 

өл тіруге барлық жағдай жасалған. Бағасы да қол-

жетімді. Қалтаны қақпайды. 7-8 мыңнан бастап, 

10-15 мың теңгеге дейін барады. Мемлекеттік ме-

ке мелерден бастап, жеке клиникаларға дейін жа-

тыр дағы жаны бар дүниені құртуға рұқсат беріп 

қойған. Оған емшісымақ, бақсы-балгер, көріпкел-

дер дің де  айқайға қиқу қосатыны бар. Оларға, 

әри не, қазақтың қамы емес, қалтаның қоңы ма-

ңыз ды. Негізінде, дәрігерлер «абортқа тек ананың 

денсаулығы көтермейтін, баланы дүниеге әкеле 

алмайтындай жағдайда ғана алдыруға рұқсат 

етілуі тиіс» дейді.

Алматы

+27..+29


о

+14..+16


о

+24..+26


о

+13..15


о

Астана


ИƏ

АҢДАТПА

ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ

Дедім-ай, ау!

-бетте

3

ЖОҚ

– Жалпы, өмір бойына бас бос-

тан дығынан айыру дегеніміз – өлім 

жазасына кесілумен тең. Қазір бізде 

өлім жазасына мораторий берілген. 

Сондықтан енді оны да жұмсарту 

керек дегеніміз орынсыз болар. 

Еуропа елдері «қылмыскерді өлім 

жазасына кеспей, өмір бойына бас 

бостандығынан айыру керек» деген 

ұстанымды қолдайды, насихаттайды. 

Бірақ мен онымен келісе алмаймын. 

Олар дың басшылыққа алып отыр-

ған дары – абстрактілі гуманизм. 

«Адамға жанды берген Құдай, ен-

де ше, оны алатын да тек Құдай болу 

ке рек» деген сияқты түсініксіз фи ло-

софиялық «гуманизм» жатыр. Алай-

да дәстүрлі қазақ қоғамында  қыл-

мысы дәлелденген кісінің жанын алу 

жазасы болған. 

– Әрине, мен бұл ұсыныспен ке-

лісемін. Халықаралық нормаларға 

сү йенетін болсақ, бұл орынды ұсы-

ныс болар еді. «Өмір бойы бас бос-

тан дығынан айыру жөніндегі Ве на-

лық ұсыныс» атты құжатта бұл мерзім 

8-12 жыл аралығында жүзеге асы ры-

лу керек деп көрсетілген. Ал қа зіргі 

кезде Қазақстанда бұл мерзім 25 

жылды қамтиды. Бұл – өте ұзақ мер-

зім, халықаралық нормадан екі есе 

жоғары. Әлемнің көптеген ел де рінде 

өмір  бойына  бас  бос тан ды ғы нан 

айырылуға кесілгендер 15 жылдан 

ке йін ап пеляция бере алады. Қазір 

Қа зақ стан да  Қылмыстық  кодекстің 

жаңа нұс қасы дайындалып жатыр. 

Ме нің ше, сол құжатқа осы айтылған 

ұсы ныс енгізілсе дұрыс болар еді. 

Өткен аптада ішкі істер вице-министрі Ерлік Кененбаев 

өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар жөнінде 

бірер ұсыныс айтқан еді. Соның бірі – оларға 

белгіленген аппеляциялық мерзімді қысқарту. 

Қазақстанның қылмыстық кодексі бойынша өмір 

бойына бас бостандығынан айырылғандар тек 

25 жылдан кейін ғана мерзімнен бұрын 

шартты түрде босануға мүмкіндік алады 

екен. Ал шетелдік тәжірибеге сүйенсек, 

Британияда сегіз жылдан кейін, АҚШ-та 

– 10 жыл, Францияда 18 жылдан кейін 

аппеляцияға мүмкіндік беріледі екен. 

Қазақстандық сарапшылардың бұл 

туралы пікірі екіге жарылды.

Көкесі барлар 

көлігіне қымбат 

нөмір тағады...

Ауыл 

техникасы 



титықтап тұр

Сәпиев AIBA-

ның СЕРІКтесі

-бетте

-бетте

-бетте

2

4



7

Аңсар МҰСАХАНОВ:

ДАТ!

Аңсар МҰСАХАНОВ:

Шалғай елді мекендерге 

орталықтандырылған 

таза су жеткізу – басты 

міндеттеріміздің бірі

148,70

187,24

23,35

12554,20

1001,21

1590,10

4,60

1,26

1296,98

100,33

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЮАНЬ

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

с

с



с

с

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

– Біздің шенеуніктерден қазақша 

сұх бат алған кезде «соңғы кезде не 

оқы дыңыз?» десе, 99 пайызы «Абай 

жо лын» оқып шықтым» деп, өтірікті 

жалп еткізе салады. Сол сұрақты қой-

ған журналистер әрі қарай дамытып, 

мы салы, ұлы романның бір сюжетін 

сұ раса екен деймін. «Қо дар қалай 

өл ді?» «Тәкежан Абайдың Лондонда 

бір ге оқыған керемет досы еді ғой» 

де ген сияқты қитұрқы бірдеңені 

айтып, өтірігінен ұстап алса ғой...



(Facebook-тегі жеке 

парақшасынан)

Астана уақытымен 18.00 бойынша

Қауіпті дәрілер құрсақтан алады

Сәуле МЕКТЕПБАЕВА, 

«Халықаралық түрмелік реформасы» 

ұйымының  Орталық Азиядағы 

өкілдігінің директоры:

Алтай ТАЙЖАНОВ, 

ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының 

академигі, философия ғылымының 

докторы, профессор:

бетте

6

Аб



ай ОМАРОВ (к

олла


ж)

Климаттың жылынуы дүниежүзіндегі өзге 

елдерге қарағанда, Қазақстанда жылдам болып 

жатыр. Күніне мың құбылатын ауа райын түсінудің 

өзі қиын. Вулкандардың атылып, жердің сілкінуі де 

жиілеп кеткен. Аяқасты жадыраған жаз шығып, бір 

демде қар жауса таңғалмайтын болдық. Десек те, 

Жер-Ананың бекерге бұлқынбасы анық. Сонда 

ғаламдық жылынудың ақыры не болмақ?

№100 (782) 

12 маусым, сейсенбі

2012 жыл


       БІЗДІҢ ОЛИМПИАДАШЫЛАР

Жалғасы 7-бетте 

Айбынды 

Алмас

Тепсе темір үзетін 

жігіт. Бой десе бойы 

бар, алпауыт күші 

бар. Дарыннан да 

кенде емес, бірақ 

халықаралық дүбірлі 

додаларда Алмас 

Өтешовтің жолы 

болмай келеді. 

Дегенмен бүгінде 

толағайымыздың 

нағыз бабына келген 

шағы. Олимпиадада 

ол тек жүлделі 

орындарға ғана 

емес, алтын 

медальға да 

таласатын болады.

Гүлжан КӨШЕРОВА

№100 (782) 

12.06.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ҚОҒАМ


 

Жүргізушіге ақы қай разрядпен төленуі тиіс?

Аз қамтылған отбасы ретінде жәрдемақы төленуі тиіс пе?

Мен  мемлекеттік мекеме басшысын тасымалдайтын автокөлік 

жүргізушісі болып жұмыс істеймін.  Айлық жалақым аз болып отыр. 

Өйткені маған 4-квалификациялық разрядпен ақы төленуде. Жалпы, 

қанша квалификациялық разряд болады? Менің разрядымды көтеріп, 

заңды түрде айлық жалақымды көтеруге бола ма?

Ермек ЕГІЗХАНОВ, Қарағанды облысы  

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы 

төлеу басқармасының сарапшы мама-

нының мәліметінше, бүгінгі күні аза-

маттық  қызметшілерге, мемлекеттік 

бюд  жет қаражаты есебінен ұсталатын 

ұйым  дардың  қызметкерлеріне,  қазы на-

лық кәсіпорындардың қызметкер ле ріне 

ең бекақы төлеу «Азаматтық қыз мет ші-

лерге, мемлекеттік бюджет қа ра жаты 

есе бінен  ұсталатын  ұйым дар дың  қызмет-

кер леріне, қазыналық кә сіпорындардың 

қызметкерлеріне ең бек ақы төлеу жүйесі 

туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметі-

нің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы 

№ 1400  қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы)  

рет те леді.

Қаулының 3-тармағына сәйкес, 

ұйым  дар  қызметкерлерінің  лауазымдық 

жа  лақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқа ра-

тын лауазымдарының лауазымдар санат-

та рына жатқызылуына және ма ман дығы 

бо йынша  жұмыс  өтіліне,  таға йын далған 

бі лікт ілік  разрядтарына  (жұ мысшылар 

үшін) қарай лауазымдық жа  лақыларын 

(став каларын) есептеу үшін бекітілген 

тиісті коэффициенттерді Қа зақстан Рес-

пуб ликасының Үкіметі бел  гілеген базалық 

ла уазымдық  жала қы  ның  (БЛЖ)  мөл ше-

ріне көбейту жолы мен айқындалады.

«Жүргізуші» кәсібі бойынша жұ мыс-

тарды тарифтеу Бiрыңғай тарифтiк-бiлiк-

тiлiк анықтамалық (БТБА) негізінде 

жүргізіледі (52 шығарылым, 4-7-раз  ряд-

 тар).

Жұмысшылардың лауазымдық жа-



лақыларын (ставкаларын) есептеуге ар-

налған коэффициенттер қаулыға 

3-қосымшада берілген.

Бүгінгі күні БЛЖ мөлшері 17697 тең-

гені құрайды.

Мен бес баланың анасымын. Балаларымның үлкені 10 жаста. Қазіргі уақытта үш айлық 

ба ламен бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырмын. Балаға алатын ай 

са  йын ғы жәрдемақы мөлшері 22 мың теңге көлемінде. Жолдасымның айлық жала қы сы 40 

мың теңге. Осы орайда менің білгім келгені, маған аз қамтылған отбасы ретінде мем -

лекеттен арнайы жәрдемақы төленуі тиіс пе? Төленер болса, оның мөлшері қанша бо ла ды? 

Зүбайра ЖАЙДАРХАНОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан 

Рес пуб ликасындағы  арнаулы  мемлекеттік 

жәрдем ақы туралы» Заңы бойынша бірге 

тұратын төрт жә не одан көп кәмелетке толмаған 

балалары, оның ішінде орта, техникалық және 

кәсіптік, орта білім нен кейінгі білім беретін 

ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі 

оқу нысанында оқитын ба лалары бар көпба-

лалы отбасылар, балалары кә ме леттік жасқа 

тол ғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақыт-

қа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа 

толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәр-

демақы алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының «Балалы отба-

сы лар ға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 

тура лы» Заңына байланысты он сегіз жасқа 

дейiнгі ба 

лаларға тағайындалатын және 

төленетін ай са йын ғы мемлекеттік жәрдемақы 

төленеді. Отба сы ның орта есеппен жан басына 

шаққандағы та бы сы азық-түлік себетінің құны-

нан төмен бол ған жағдайда, балаларға 

арнал ған жәрдемақы алуға құқығы бар.

Осы Заңға сәйкес, балаларға арналған 

жәр дем ақы әр балаға бір айлық есептік 

көрсеткіш мөл шерінде белгіленеді.

Жәрдемақылар тиісті қаржы жылына 

арнал ған республикалық бюджет туралы 

заңда бекі ті ле тін айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерінің өзгеруі ес 

керіле отырып 

төленеді (2012 ж. – 1618 т).

Осыған орай, көтерілген сұрақтар 

жөнінде нақты жауап алу үшін сізге тұратын 

жеріңіз бо йынша Жұмыспен қамтуды үй-

лес тіру  және  әлеу мет тік  бағдарламалар 

бас қармасына және Зей нетақы төлеу жө-

ніндегі мемлекеттік орта лыққа баруы-

ңызды сұ раймыз.

ҚЫЖЫЛ

Қауіпті дәрілер құрсақтан алады

Ал бізде... селтеңдеп жүріп сорлап 

қалған қыздар бетінен басып, бала тууға 

ұяла қалады. Төсек төңірегіндегі мәселе-

лерді «беске» білетін қыздарымыз сақтану 

жолдарын білмей қалатыны таңғалдырады. 

Әрі бүгінде ақ төсекке адал боп бару деген 

үрдіс те сәннен қалып кеткелі қашан? Қы-

рық үйден тыйым көрмеген қыздарымыз 

мек тепте жүріп-ақ мама атанып, бала емі-

зіп жүр. Тіпті болмағанда тым «ұялшақтары» 

бе тінен басып, осы қадамға баруға мәж-

бүр. Оған түрлі жағдайлар көмек қолын 

со зып отырғаны анық. Түріктің «сабын» се-

риал дарын сүйсіне көретін қаракөздеріміз 

көп бүгінде. Онда тәрбие беретін түгі жо-

ғын түсінбейді де. Ата-анасының бетінен 

алып, төсіне шауып, бауырларын жауынан 

бетер жеккөрушілікке үндейтін, осы се-

риал  дар да әр жігітпен бір жүріп, аяғы 

ауыр лап қа латын, одан аборт жасата сала-

тын көрі ністер көп. Тап бір көрнекі құрал 

іспетті, со қырға таяқ ұстатқандай бәрін 

үйретіп отыр. Осыны аңқау қыздарымыз 

қалыпты жағ дайдай қабылдайтыны бар. 

Одан қалса, бүгінде әртүрлі шетелден 

келген қо ға мдық ұйымдар мен қайырым-

дылық қорлары мектептерімізді төңіректеп 

жүр. Бекерге емес. Оқушыларға мүшеқапты 

қа лай пайдалану керектігін, бала болдыр-

май тын дәрілерді қалай дұрыс пайдала-

ну керектігін үйретеді. Оларды түре қуып 

шы ғуға қауқарымыз жоқ. Халықаралық 

дау туындап кетуі кәдік. Қарап тұрсақ, бәрі 

де, айналып келгенде, қазақты түп-тамы-

ры мен құрту үшін жаныға жұмыс істеп жат-

қан дай көрінетіні бар. Оның үстіне, бүгінде 

Қы тайдан ағылып келіп жатқан қауіпті дә-

рілер жығылған үстіне жұдырық болып 

тұр.. Бейресми статистикаға жүгінсек, өт-

кен жылы аборт жасатуға аңсары ауған 

170 қазақстандық әйел Қытайдан 

әкелінген күмәнді дәрілердің кесірінен 

аурухана төсегіне таңылған. Әупірімдеп 

ажалдан аман қалыпты, әйтеуір. Әсіресе 

«А» деп аталатын дәрісі іштегі шарананы 

түсірмек былай тұрсын, жатырды қоса 

шірітіп жібе ре ді екен. Азаптанып ауырған 

әйелдер ау ру ханаға түскен соң, дәрігерлер 

ананың өзін аман алып қалу үшін, амал 

жоқ, жа тырын алып тастауға мәжбүр 

болады. Бұл дегенің ұлтты тамырынан 

суал ту демеске амал жоқ. Құр са ғынан 

қоса айырылған ананың 

ұлттың  өсіп-өр кен деуіне 

үлес қоса ал май тындығы 

тағы анық. Соны дәріні 

ішпей тұрып неге ой-

ланбады екен дейсің? Бір-

ақ амал не? Кінәні бұлақ-

тың ба сы нан іздеген жөн 

сияқты. Жал пы, мұндай 

қауіпті де кү мәнді дәрілер 

кеденнен  қалай  өт кі зі леді, 

кімдер әке леді, со ларды 

ұстап жа за лау жағы кем-

шін. Нәтижесінде ұлты-

мыз  дың 

болашағына 

қауіп төніп, талай қара-

көз  де ріміз  қу  тізесін  құ-

шақтап жүр. Құрсақтағы 

құй та қандай  жан  иесіне 

ғана емес, әйелдің өзіне 

де қауіпті мұндай дәрілер 

көше-кө ше де, базарларда 

емін-еркін  сауда лану да. 

Дәл осындай қауіпті 

дәрілердің жолын кесу дің 

құлақ күйін таба алмай 

келеміз.  «Елі мізге контра-

бан далық  жол  мен  жеткізі-

ле тін  дә рілер дің  көбейіп 

кетуі – фармацев 

тика 

сала сында  мемлекеттік 



қатаң  бақы лау  дың  жоқ-

тығынан» дей ді мамандар. 



Бақыт ТҮМЕНОВА, 

«Аман-саулық» қоғамдық қорының 

директоры: 

– Дәрі-дәрмекті дәріханалардан 

басқа жерде сатуға тыйым салу қажет. 

Арнайы мемлекеттік тізімге тіркелген, 

сапасы тексерілген, сертификат 

беріл ген  дәрілерді  ғана 

дәріханаларда сатуға қатаң бақылау 

керек. Елімізде сапасы күмәнді 

дәрілер оңды-солды сатылып жатыр. 

Оны бақылап жатқан ешкім жоқ. 

Бақылауды қатаңдату қажет. 

Қауіпті дәрілерді кеденнен алып өтк-

ен 

дерді де, сатып жүргендерді де 



қылмыстық жауапкершілікке тарту – 

қиынның қиыны. Ұсталған күнде де аз-

маз айыппұл төлеп құтылып кетіп жатады. 

Ең ауыр жазаның түрі бір жылға дейін 

шартты түрде бас бостандығынан айыру 

екен. Тым күлкілі емес пе? Мына жақта 

жатырынан айыры лып, жылап жүрген бір 

жұрт, ал соған кінәлілерді бұзықтық 

жасаған баланы басынан сипағандай етіп 

босатып жібереді. Шетелден ағылған 

дәрі-дәрмектің бәрі де ең алдымен 

Алматыға келіп түседі. Одан еліміздің 

түкпір-түкпіріне таратылады. Міне, 

талайлардың көз жасын көлдетуіне 

себепші боп жүргендерді осыдан ұстау 

қиын ба? «Бармақ басты, көз қысты» әре-

кеттер болмаса, жазалыны табу қиынға 

соқ пас.


ТҮЙТКІЛ

Сүйікті темір тұлпарынан ақшасын ая-

май тындар нөмірдің өзін бірнеше мың 

АҚШ долларына сатып алады. Астына 

атын жазады, алтынмен аптап, күміспен 

күп тейді. Болмаса туған жылымен сәйкес-

тен діреді. Тіпті дәстүрге айналдырып, от-

басы мүшелері бірдей нөмір алатындар 

бар. Қала берсе, қымбат, ерекше сыйлық. 

Әри не, ол – әркімнің өз еркі. Бірақ көліктің 

«кру той» нөмірін көпшілік әсемдік үшін 

таң дамайды. Жол тәртібін бұзған жағдай-

да көп көмегі тиеді деген ой ел арасында 

жиі айтылады. Тамыр-таныстың аты-жөнін 

қолданушылық әбден қалыпты жағдайға 

айналды. Солайша таңдаған нөмірге де 

қол жеткізу болады. Көкесі бардың жолын-

да әрдайым жасыл шамның жанатынын 

ескерсек, істің мәнін түсіну қиын емес. Қа-

рапайым адамның қалтасында қара темір 

тұлпарына тағатын, қаңылтыр бетін дегі үш 

санға берер 3 мың доллар қайда? Нөмір 

болса болды емес пе дейтін ағалар ойының 

әр жағында арман неге болмасын. Әдемі, 

есте сақтауға ыңғайлы, мақтанып көрсетуге 

лайық шығар. Тек көлденең жолда қанаты 

бардай айдайтын көлік иелерінің өзгеге 

зардабы тимесе болды. Бағдаршамның 

қызыл түсін аяқасты көзі көрмей қалатын-

дардың қалтасында қызыл «корочка» бар. 

Ал жаяу жүргіншіге жол бермейтін жүр-

гізушінің көкесі бар. Қазіргі тілмен айт-

қанда, «Бір қоңырау мәселені демде 

шеше ді». Қалған жүргізушілерде ше? 

«Ағалап», «бауырлап», айыппұлдың пара-

ғын пара беріп жазғызбайтынын айтудың 

еш ұяттығы жоқ. Бәрінің басынан өткен, 

айтыла-айтыла жауыр болған әңгіме. 

Сонда «крутой» нөмірдің кімге қан дай 

пайдасы бар? Көлігінің нөмірі «кру той лар-

дың» өздері де крутой болғаны ма? Ақыры 

дүниенің бәрі айналып келіп ақ шаға тірел-

ген екен, есептеп көрейік. 

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 

тө  ленетін кейбір айыппұлдардың мөл-

шері:



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал