Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 360.97 Kb.

бет4/4
Дата09.01.2017
өлшемі360.97 Kb.
1   2   3   4

Жуырда  халықаралық  жастар  мерекесіне  қатысты    əртүрлі 

іс-шаралар  қаламызда  өтті.  Соның  қорытындысы  осы  аптада 

жалғасын тапты. Қалалық ішкі саясат бөлімі жəне «Болашақ жаста-

ры»  жастар  қоғамдық  бірлестігінің  ұйымдастыруымен  «Шұғыла» 

мөлтек ауданындағы демалыс орнында жастар акциясы өткізілді. 

ЗАҢ ЖӘНЕ АДАМ

ОҢАЙ ОЛЖАҒА ЖОЛ ЖОҚ



ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

4

¹46     16 ÒÀÌÛÇ, 2014 ÆÛË

ӨÐÍÅÊ

3871

744


Бұрын көпшілігі тек үйлену той-

ын  ғана  үлкен  мейрамханаларда 

өткізуші  еді,  қазір  кішігірім  бесік 

салардан  бастап,  сүндеттой,  мерей-

той,  одан  қалды  құда  шақырыстың 

өзі  тойханасыз  тойланбайтын  бол-

ды.  Бұған  қарап,  елдің  жағдайы 

əжептеуір жақсарған ба деп қаласыз? 

Əйтпесе, қазіргідей нарық орнаған за-

манда той жасауда да оңай  еместігін 

жақсы  білеміз.  Жарайды,  бұл  өз  ал-

дына  бөлек  əңгіме.  Біздің  сөз  етейін 

деп отырғанымыз бұл емес. 

Əрине,  той  болғанға  не  жетсін? 

Бар  тапқанын  тек  тойға  жұмсайтын 

қазақтың  əрбір  тойы,  шымылдығын 

ашып,  бастап  беретін  асабасыз,  əсем 

əуенді  сазсыз,  күмбірлеген  күйсіз, 

мың  бұралған  бишілерсіз  өтпейтіні 

тағы  бар.  Қазір  қай  тойға  барсаң,  та-

мылжыта  əн  салған  тамаша  талант 

иелерін  көріп,  көңілің  бір  сергіп  қа-

лады.  Ондай  өнерпаздарды  ел  ыстық 

ықыласына бөлеп, тойға келгендер де, 

той иелері де алғысын жаудырып жа-

тады. Сондай ерекше өнер иесінің бірі, 

көпшіліктің  алдында  өзінің  өнерімен 

танылып,  халықты  ерекше  тəнті  етіп 

жүрген  сырбойылық  сырбаз  əнші – 

Баян Бектұрғанова. Бүгінде кез-келген 

қазақтың  тойы  Баянсыз  өтпейді  де-

сек,  артық  айтқандық  болмас.  Себебі, 

оның  орындаған  əндеріне  тойға  кел-

ген  əр  қонақтың  деребесі  қозып,  шыр 

көбелек  билеп  кетеді.  Сондықтан, 

ақжарқын мінезді, даладай кең пейілді, 

дархан көңілді халықтың «Ақбаянына» 

айналған 

Баян 

Келдібайқызымен 



сұқбаттасудың сəті түсті.

–  Баян,  сіз  өнеріңізбен  елге 

танылған  жансыз.  Киелі  өнер    

бойыңызға қайдан келді? 

¬  Əн  айту  менің  бала  кез-

ден  бергі  арманым  еді.  Əнге  де-

ген  құштарлығымды  байқаған  анам 

мені 3-ші  сыныптан  бастап  «Өнер» 

мектебінің  домбыра  бөліміне  берді. 

Іргетасы  ертеректе  қаланған  осы 

мектепте  жүріп,  киелі  өнердің  қыр-

сырына  қанықтым.  Осында  жүріп 

қазақтың  қара  домбырасын  қолыма 

алып,  күй  шертіп,  жыр-термелерді 

орындауды  меңгере  бастадым.  Мек-

теп  қабырғасында  жүріп  те,  түрлі 

əн  байқауларына  қатыстым.  Оның 

үстіне,  анам  да,  əкем  де  əн  айтады. 

Арғы  аталарымыз  да  таңды  таңға 

атырып,  жыр-терме  айтатын  болған. 

Маған  осы  киелі  өнер  ата-тегімнен 

дарыса керек. 

–  Өнер  жолында  жүргеніңізге 

қанша уақыт болды?

– 

Шығармашылық 

жолындағы  жетістікте-

ріңізді əңгімелесеңіз?

Жаңа  айтып  өткенім-

дей,  бала  кезімнен  əн  ай-

туды  тоқтатқан  емеспін. 

Музыка  саласында  алған 

кəсіби  білімім  болмаса  да, 

бойымдағы  бар  талантым 

тек пен  беріліп,  қанмен  сіңген 

деп  ойлаймын.  Мен  Қорқыт 

ата  атындағы  Қызылорда  мем-

лекеттік  университетінде  эко-

номика  жағын  оқып,  білім  ал-

дым. 

Оқуды 


тəмамдағаннан 

кейін,  облыстық  филармонияға 

жұмысқа  тұрдым.  Міне,  бүгінге 

дейін  осы  киелі  шаңырақта  қызмет 

етіп  келемін.  Əнші  əрі  филармо-

ния  əртісімін.  Шығармашылық 

жолдағы  жетістіктер  көп.  Түрлі 

облыстық,  республикалық  мə-

дени іс-шараларда алғыс хаттар-

мен  марапатталдым.  Еліміздің 

өзге өңірлеріне де өнер сапары-

мен барып концерт беремін. 



–  Сізді  халық  тойлардан 

жиі  көреді.  Əсіресе,  халық 

əндерін попури үлгісіне салып 

айтасыз. Осы ерекшелігіңізбен 

көпшіліктің көңілін де өзіңізге 

тез  аударып  аласыз.  Соған 

қарағанда тойға көп шығасыз 

ба деймін?

–  Иə,  тойға  барып,  жиі 

əн  салатынымды  жасырмай-

мын.  Оны  ел  біледі.  Өнер  ада-

мы – халықтың адамы. Өнерімізді 

ата-əжелеріміздің,  аға-апала-

рымыздың, 

іні-сіңі лілері-

міздің  тойларында  паш 

етіп, 


қуаныштарымен 

ор тақтасып,  халықтың  алғысына 

бөленіп жүреміз. Сіз айтқандай, елге 

таныс    ескі  əндерді,  болмаса  кейінгі 

шыққан заманауи үлгідегі хит əндерді 

өңдеп,  попури  үлгісінде  айтқанды 

жақсы  көремін.  Сонда  тойға  келген 

халықтың  көңілі  көтеріліп  қалады. 

Одан  бөлек,  той  басталарда  алды-

мен  халықтың  алдына  домбырамен 

дəстүрлі  əндерді  алып  шығамын. 

Ең  бастысы,  халық  ризашылығын 

білдіріп жатады. Меңінше, өнер ада-

мына одан асқан бақыт жоқ сияқты.  



–Əнді  өңдеуден  өткізуді  қайда 

жаса тасыз? 

Ал-

маты,  Аста-

на 

қала-

ларына  ба-

расыз 

ба, 

əлде  əн  жа-

затын 

сапа-

сы 

жоғары 

с т у д и я л а р 

Қызылордада 

да бар ма?

–  Осы  жақтан 

бұрын-соңды  екі-

үш  мəрте  əн  жаз-

дырып  көргенім 

бар. 


Бірақ, 

о й ы м д а ғ ы д а й 

сəтті 

шыққан 


жоқ.  Одан 

к е й і н 

Шымкентте  де  əн  жаздырған  кезім 

болды.  Бірақ,  қазіргі  орындап 

жүрген  əндерімнің  барлығы  Алматы 

қаласында жазылған.



– Əн айтудан бөлек, дəл қазіргі 

уақытта  басқа  немен  айналысып 

жүрсіз? 

–  Осы  жақында  ғана  белгілі  саз-

гер  Сакура  Елемесова  апайым-

мен  бірлесіп, «Керім-ай»  деген 

продюсерлік  орталық  ашып  жатыр-

мыз.  Мұндағы  мақсатымыз – халық 

арасында  дəстүрлі  əндерді  дəріптеп, 

танылмай  жүрген  жас  əрі 

талантты  өнерпаз  қыз-

жігіттерді  бір  орталыққа 

біріктіру. 

Сондықтан, 

ал дағы 

жұмыстарымыз 

осы 

бағытта 


жандана 

түспек. Мұнан бөлек, Сакура  

апамның  əні  мен  ақын 

Жүрсін  Ерманның  сөзіне 

жазылған «Əйелдер мəңгі жа-

сасын» деген əнге өткен айда 

ғана  Алматы  қаласына  ба-

рып,  бейнебаян  түсіріп 

қайттым.  Алла  бұйыртса, 

бір-екі  аптаның  көлемінде 

жергілікті  телеарналардан 

көрсетіліп, 

көрермендер 

назарына жол тартпақ.



–  Сіздің  тек  əн  айтып 

қана  қоймай,  оған  қоса 

асабалық  қабілетіңіздің 

де бар екенін білеміз... 

– Бұрын асаба бо-

лып,  той  жүргіземін 

деген 


ой 

үш 


ұйықтасам 

да 


түсіме  кірмепті. 

Осыдан 


екі 

жыл 


бұрын 

бір 


қызық  жағдай  бол-

ды.  Біздің  жұмыста 

Əзиза 

Іздіқұлова 



деген 

көркемдік 

жетекшіміз 

бар. 


Бір 

күні 


сол 

кісі: «Баян,  тұ-

саукесер  тойы 

шығып 


тұр. 

Соған 


сен 

барасың», – 

деді.  Мен 

б а с ы м -

ды алып 

қашып  жатырмын, «той  жүргізе  ал-

маймын,  қолымнан  келмейді»  деп. 

Содан не керек, əйтеуір баратын бол-

дым.  Түнімен  таныс  асабаларға  ха-

барласып,  маған  көмектес,  қалай 

жүргізем,  тілекті  кімнен  кейін  кімге 

берем  деп,  қолыма  қалам  алып,  де-

реу  айтқандарын  жазып  алдым. 

Алғашында  əрине,  қатты  толқыдым. 

Бірақ,  уақыт  өте  бірте-бірте  үлкен 

тойларды  жүргізе  бастадым.  Аса-

балық  қызметім  осыдан  кейін  жал-

ғасып кетті. Қазір, тіфə-тіфə бұған да 

біршама төселіп қалдым.  

– Тойдың жақсы өтуі ол асабаға 

байланысты  деп  жатады.  Қазір 

бір  тойдан  шығып,  келесі  тойға 

барсаңыз, барлық асабалардың ай-

татын сөзі бір. Осындай жаттанды 

сөздер сіз де қайталана ма?

–  Мен  өзім  əн  айтсам  да,  той 

жүргізсем  де  біреудің  айтқанын 

қайталағым келмейді. Сондықтан, мен 

əр  тойға  үлкен  ізденіспен  барамын. 

Əуелі  жақсылап  сценарийін  құрып 

алам. Сол бойынша түнімен дайында-

ламын. Егер жүргізетін тойым  сүндет 

той  болса,  оған  міндетті  түрде  бала 

туралы жақсы сөздерді жаттап баруға, 

қызық  ойындар  ұйымдастырғанды 

ұнатамын.  Тіпті,  əн  айтсам  да  солай.  

Бір  əнді  қайта-қайта  орындауға  аса 

құмарта  бермеймін.  Орындайтын 

əндерімді жиі жаңартып тұрғанды жа-

ным қалайды. 



– Қателеспесем сіздің бой жетіп 

отырған əп-əдемі қыздарыңыз бар. 

Олар да анасына ұқсап болашақта 

өнер жолын таңдаймыз демей ме? 

– Екі қызым менің Аружаным мен 

Аиидам көзімнің ағы мен қарасындай. 

Қазір  екеуі  де  Назарбаев   зияткерлік 

мектебінде  білім  алып  жатыр.  Егер, 

болашақта  өнер  жолын  таңдаймыз 

деп жатса, еш қарсылығым жоқ.

– Бүгінде өз өнерімен танылып 

жүрген  жастарымыз  көп.  Жалпы, 

өнер  жолында  жүрген  кейінгі  жас 

əншілердің талпынысы қалай?

–  Бұрынғыдай  емес,  қазір  ха-

лықтың  талғамы  өте  жоғары.  Тойға 

келген  əрбір  көрермен  əншінің 

айтқан  əні  мен  киген  киімі,  түр-

əлпеті,  жүріс-тұрысына  дейін  аса 

қатты мəн береді. Сондықтан, қазіргі 

жас  толқын  əншілер  үлкен  ізденіс 

үстінде  жүреді.  Мəселен, «Алтай», 

«АрҚаз», «Royal» сияқты жігіттерден 

құралған  топтарда  өздеріне  ғана  тəн 

ешкімде қайталанбайтын бір даралық 

бар.  Олар  болашағынан  зор  үміт 

күттіретін жастар.       



– Алда қандай жоспарларыңыз 

бар?

–  Жоспар  көп.  Өнер  сахнасын-

да жүргеніме келер жылы 5 жыл то-

лады.  Сол  мерейтойға  дайындық 

үстіндемін. 

Сұқбаттасқан 

Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА.

16 тамыз – Спорт күні. Атаулы мерекеге орай, еліміздің 

əр аумағында  бұқаралық спортты дамыту бағытында түрлі 

іс-шаралардың  өткізілуі  дəстүрге  айналды.  Мұндай  шара-

лар биыл да жалғасын табуда. 

Кеше Қызылорда қалалық дене шынықтыру жəне спорт, 

білім  бөлімдерінің  ұйымдастыруымен  мектеп  оқушылары 

арасында спорттың бірнеше түрінен сайыс өтті. Аталмыш 

шара Тəкей Есетов атындағы №264 мектептің жанындағы 

жаңа  спорт  алаңында  өткізілді.  Салтанатты  шараны 

қалалық дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы 

Асылжан Жаманқұлов ашып, сайыскерлерді айтулы мере-

кемен құттықтап, жарысушыларға сəттілік тіледі. 

Мектеп  оқушылары  арасында  болған  сайыс  асық  ату, 

баскетбол, арқан тарту, көңілді эстафета, гір тасын көтеру, 

футбол сияқты спорттың 6 түрі бойынша өтті.

Спортшылардың  кəсіби  мерекесі  қарсаңында  түрлі 

спорттық шаралар жалғаса беретін болады. Атап айтқанда, 

веложарыстан  басталып,  бүкіл  қала  тұрғындары  орталық 

алаңда  жаттығу  жасап,  кең  көлемде  өтетін  жекпе-жек 

күресіне ұласатын болады, – деді қалалық дене шынықтыру 

жəне спорт бөлімінің басшысы Асылжан Жаманқұлов. 

Шара  соңында  жеңімпаздар  марапатталып,  естелік 

суретке  түсті. 



Айнұр МАМАНҚЫЗЫ.

ӨМІРДІҢ ӨЗІ — ТОЙ

Қазіргі күннің Ақбаяны

Ұлттық спорт ұлықталған күн

Ұлттық спорт ұлықталған күн



Компьютер жазуы 

қолжазбаның орнын 

толтыра алмайды

ық 

е-

м-

й-



ін. 

лған 


да, 

антым 


сіңген 

Қорқыт 


да  мем-

де  эко-


білім  ал-

мдағаннан 

лармонияға 

не,  бүгінге 

ақта  қызмет 

филармо-


машылық

өп.  Түрлі 

лық  мə-

с хаттар-

ліміздің 

сапары-


мін. 

йлардан

халық 

е салып

гіңізбен

өзіңізге 

Соған

ығасыз 

п,  жиі 


ырмай-

нер  ада-

нерімізді

-апала-


лері-

ш

у



у

жаса тасыз? 

Ал-

маты,  Аста-

на 

қала-

ларына  ба-

расыз 

ба, 

əлде  əн  жа-

затын 

сапа-

сы 

жоғары 

с т у д и я л а р

Қызылордада 

да бар ма?

–  Осы  жақтан 

бұрын-соңды  екі-

үш  мəрте  əн  жаз-

дырып  көргенім 

бар. 


Бірақ, 

о й ы м д а ғ ы д а й

сəтті 

шыққан 


жоқ.  Одан

к е й і н

үр

талантты  өнер



жігіттерді  бір 

біріктіру. 

С

ал дағы 


жұмы

осы 


бағытта 

түспек. Мұнан бөл

апамның  əні  м

Жүрсін  Ерманны

жазылған «Əйелдер

сасын» деген əнге ө

ғана  Алматы  қал

рып,  бейнебаян

қайттым.  Алла 

бір-екі  аптаның 

жергілікті  телеа

көрсетіліп, 

кө

назарына жол тарт



–  Сіздің  тек  ə

қана  қоймай,  о

асабалық  қабі

де бар екенін

– Бұрын


лып,  той  ж

деген 


ұйықта

түсіме


Осыда

жыл 


бұ

қызық  жа

ды.  Біздің

Əзиза 


деген 

жетекшім


Бір 

к

кісі:  «



сауке

шығ


Соғ

бара


д

Психологтардың  пікірінше  жазу  адамның  мінез-құлқынан 

хабар  беретін  көрінеді.  Қалай  болса  солай,  ретсіз  жазылған 

хаттарға  көпшілік  тарапынан  жақсы  баға  берілмейді.  Əріптері 

біркелкі маржандай тізілген адамдардың жұмысы да жинақы, ойы 

ашық, тиянақты болады екен. Күнделікті өмірде де «жазуы тасқа 

басқандай  екен»  деген  сөз  тіркестері  айтылып  жатады.  Мұның 

сыры неде? Шынында солай ма? Бізді жазу сырын зерттеуге жете-

леген редакциямызға келіп түскен оқырман хаты болды. Хаттың 

мазмұнынан гөрі бізге көркем жазу үлгісі қатты ұнады. Біз бір сəт 

каллиграфия əлеміне саяхат жасап та көрдік.   

Діни-танымдық  энциклопедияларда  мұсылман  каллигра фия-

сы бейнелеу өнерінің жоғары жетістігі ретінде қабылданып, көр-

кем сурет жанрында ерекше орын алатындығы туралы жазылған. 

Бағзы  заманнан  бері  мұсылмандар  каллиграфияны  көркем 

өнердің ең озығы деп бағалаған. Каллиграфия немесе əсемдеп хат 

жазу үлгісі ислам діні дамытқан өнер түрлерінің арасында ерекше  

орын  алды.  Каллиграфияға  көңіл  бөлу  Құран  аяттарына  деген 

құрметтен туындаған. Құран Кəрімді көшіріп жазу қажетті шара 

болса,  аяттарды  барынша  əсемдеп  жазу  Алланың  разылығына 

бөлейтін сауапты амал болып саналған. Сондықтан каллиграфия 

араб  мұсылман  мəдениетіндегі    сəулет  өнерінде  мəтінді  жеткізу 

тəсілі ретінде жəне жай сəндеу құралы ретінде қолданылды.

Сəулетшілер  сарайлар  мен  мешіттердің  қабырғаларын 

араб  жазуымен,  стильге  келтірілген  гүлдер  мен  геометриялық 

өрнектермен  көмкеріп  отырды.  Бұл  басқа  мəдениеттерге  ұқса-

майтын  сол заманның озық үлгілерін тудырды. Араб əріптерімен 

əдемі  жазу  үлгісі  хат  немесе  хутут  деп  аталады  екен.  Тарихи 

бас тауы  негізінен VI жəне X ғасырларға  тəн  арабша  «хат»  де-

ген  сөз  «сызық»  деген  мағынаны  білдіреді.  Ал  əдемі  жазуды, 

яғни мұсылман каллиграфиясын меңгерген адамды «хаттат» деп 

атаған.  

Жазу  құпияларына  үңілуімізге  жол  сілтеген  кейіпкеріміз 

қала  тұрғыны    Бекназар  Əбсадықов  болатын.  Біз  ол  кісімен 

тілдесіп, əдемі жазу қабілетін қайдан үйренгенін сұрағанымызда 

ол кісі адамның суретінен басқаны кескіндей беретінін, тіпті төл 

теңгеміздің суретін де айнытпай салатынын айтты. Ол ешкімнен 

үйренбегендігін  алға  тартып,  өзінің  жазу  шеберлігін  «ерек-

ше  қасиет»,  яғни    «тума  талант»  деген  пікір  білдірді.  Бекназар 

ағаның мамандығы инженер. Бірақ ол математика пəнін де жетік 

меңгерген.  Үйдің  эскиздік  жобасын  да  өте  дəлдікпен  өлшеп, 

қолмен  ғажап  сызған  сызбаларына  қарап,  қайран  қалдық.  Ол 

əріптерден  сурет  салады.  Қазіргі  заманауи  «ксеркос  құрылғы» 

дерсің.  Əрі  тез  сызады.  Бір  адамның  тал  бойында  тоғысқан 

соншама  өнердің  ұшқынын  бір  жазу  үлгісіне  қарап,  зерттеп 

тапқанымызға өзіміз де таң-тамаша болдық. Осы кезде менің ойы-

ма  бір  басылым  бетінде  жазылған  Батыстың  кейбір  осы  саланы 

зерттеген мамандарының пікірі орала кетті. Олардың айтуынша, 

кейінгі  ұрпақ  енді  біраз  уақыттан  соң  қолмен  жазылған  хаттар-

ды, құжаттарды оқығанда,  бейне бір орта ғасырлық қолжазбаны 

шұқшиып оқығандай қиналатын шығар деп алаңдайды екен.   

Ал, кəсіпқой каллиграф Гетти «Өліп бара жатқан қолмен жазу 

өнері сағынышты түбі бір оятады» деп қолмен жазудың құдіретін 

мойындайды.  Ғалымдардың  пікірінше,  адамдар  түсінікті  болу 

үшін əріптерді маржандай қылып жазғанда ондай адамдардың жаз-

баша ой-пікірлері өтімді болады.    Сондықтан Орхон-Енисей жаз-

баларынан бастау алып, тасқа қашалып, тарихта қалған қолжазба 

құнын ешқандай компьютер толықтыра алмайтыны ақиқат. 



Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА.

Басы 1-бетте


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал