Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 360.97 Kb.

бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі360.97 Kb.
1   2   3   4

  А.СЕЙІЛ. 

Биылдың 


өзінде 37 балалар  

ойын  жəне  спорт  алаңдары  салыну-

да.  Ал  көптеген  аула  клубтары  мен 

ойын  алаңдарында  түрлі  іс-шаралар 

ұйымдастырылып, жарыс тар өткізілуде. 

Қазіргі 


таңда 

осындай 


нəтижелі 

жұмыстардың  арқасында  балалар  аула 

клубтары мен спорт ойын алаңдарында 

бос  уақыттарын  тиімді  пайдалана 

білуде.  Олар  спорт  түрлерін  үйреніп, 

жаттығып  жатса,  енді  бірі  қолөнерге 

икемделіп,  ағаштан  ою  жасап,   сурет 

сырларына  қанығып,  темірден  түйін 

түюге  машықтануда.  Балаларының 

осындай  бос  уақыттарында  тиімді  іс-

термен  айналысқандарына  ата-аналар 

да  өте  қуанышты.  Жасыратыны  жоқ, 

бұрын  олар  балаларын  жазғы  кани  кул 

кездерінде  қайда  жіберерлерін  біл мей 

қатты қиналатын болса, енді балалары 

көз алдарында ойнап, болмаса қазақтың 

ұлттық  ойындары  мен  өнерлерін 

үйренуге  жол  ашылғандарына  дəн 

риза.  Бұл  салауатты  өмір  салтын  

қалыптастырумен қатар, баланың жан-

жақты өсіп жетілуіне ықпал етуде. 

Баяғыда біздің бала кезімізде «Арқа-

ласпақ»  ойыны  болды.  Дəу  ірі  қара 

малының  асығын  тазалап  алып,  соны-

мен асықты бір-біріне атып тигізіп ой-

найтынбыз. Бірінші бала асықты алды-

мен алысқа лақтырып жібереді. Соның 

асығына  сенің  лақтырған  асығың  тиюі 

керек. Егер оның асығына тигізсең, ол 

сені сол тиген асыққа дейін арқалап апа-

рады.  Бұл  ойынды    «Арқаласпақ»  деп 

атайды.  Ол  əшейін  жай  ғана  асық  ата 

салу емес, онда ең бірінші дəл көздеуді 

үйренесің.  Жатқан  асыққа  дəл  тигізу 

үшін  көзбен  мөлшерлейсің.  Отырасың 

тұрасың,  қайткенде  тигізе  аламын  деп 

ойланасың.  Ойын  шарттарын  келісіп 

алу  деген  онда  да  болады.  Ол  ойын-

да да бірігіп 3-4 бала келісіп алып ой-

найды.  Асықты  лақтырып  тастауда 

үлкен мəн бар. Баланың ойын тактика-

сы  мықты  болса,  барынша  кішкентай 

шұқыр жерге қарай тастауды ойласты-

рады.  Екіншіден,  тиген  асық  алысқа 

домалап  кетпей,  сол  шұқырда  қалып 

қояды. Арқалап апаруда жеңіл болады. 

Ол жағында асықты ең бірінші тастаған 

бала  ойластырып  тастайды.  Кей-

де  көбіне  көздеп  лақтырған  асықтар 

шұқырдың  бетінен  асып  кетіп,  тигізе 

алмай  əуреге  түсіп  жатады.  Ойынның 

ең  қызығы  осы.  Жатқан  асыққа  ешкім 

тигізе алмаса, оның егесі келесі ойын-

да тастаған асыққа тигізе алмай қалған 

жағдайда,  оған  кезектен  тыс  екінші 

рет  көздеп  ату  мүмкіндігі  беріледі. 

Бұл ойынды да қазіргі уақытта ұлттық 

ойын  қатарына  қосуға  болады.  Бірін-

бірі  арқалаудың  ешқандай  ұяты  жоқ. 

Керек десеңіз,  бұны əскери тактикалық 

ойын  ретінде  қабылдауға  болады.  Бұл 

да көздеу мен мергендікті қажет етеді. 

Соғыста 

жараланған 

жауынгерді, 

досыңды  жауға  тастап  кетпейсің  ғой. 

Сондықтан  бұл  ойын  ауадай  қажет. 

Бала  шымыр  болып  өседі.  Бұл  ойында 

тəрбиелік, пайдалы жақтары жатқанын 

көруге  болады.  Бүгінгі  аула  клубтары 

мен ойын алаңдарында аталмыш ойын 

түрін ендірсе ешқандай сөкеттігі жоқ.  

Ең  бастысы,  қалада  ашылып  жатқан 

аула  клубтары  бала  денсаулығын 

нығайта  түсіп,  өмір  баспалдағының 

қадамдарына  дайындап,  тіршілік  ете 

білуге  бейімдеуде.  Міне,  бұл  бала 

өміріне,  келешегіне  қажетті  нəрсе. 

Жүгірген аң мен ұшқан құс та балапанда-

рын  тіршілік  заңдылықтарына  баулиды,  

үйретеді. Сондықтан балаға жол көрсету, 

оны  тəрбиелеу  біздің  де  адами  парызы-

мыз.  Осы  бағытта  мемлекет  тарапынан 

жасалып жатқан балаға деген қолдаулар 

мен  қамқорлықтарды  тиімді  пайдалана 

білуіміз қажет. Балаларға арнап салынып 

жатқан  ойын  жəне  спорт  алаңдарына 

жанашырлықпен  қарап,  оны  тиімді 

пайдалануға аса мəн берген дұрыс. 

Жасыратыны  жоқ,  кейбір  бала-

лардың 

ойын 


алаңдарында 14-

15  жастағы  жасөспірімдердің  əт-

кеншек  теуіп  жат қандарын  көптеп 

кездестіреміз.  Олардың  салмақтарына 

шыдас  бере  алмай,  майда  балаларға 

арналып 


жасалған 

əткеншектер 

қирап  қалғандарын  да  көріп  жүрміз. 

Осы  ойын  алаңына  келіп  ойнай-

тын  балалардың  жас  мөлшерін  кіре 

беріс  жақтауға  тақтаға  іліп,  соған 

жазып  ескертіп  қойса,  деген  ой 

қиялымызға  келді.  Бəлки  бұл  ойымыз-

ды  биліктегілер  де  қолдайтын  шығар 

деген  үміттеміз.  Өйткені  қалада  салы-

нып, пайдалануға беріліп жатқан ойын 

алаңдарының  ұзақ  мерзімге  пайдалану 

төңірегіндегі жанашырлық ой-пікіріміз 

еді бұл. Оны жоғары жаққа құлаққағыс 

етудегі себебіміз де сондықтан.  

Шынын 


айта 

кетуіміз 

керек, 

бұрын  пайдалануға  берілген  ойын 



алаңдарындағы  жабдықтардың  көбісі 

қазір  жарамсыз  болып  қалған.  Осыдан 

соң,  аула  клубтары  мен  спорттық  ойын 

алаңдарына  адамдардан  қамқорлық, 

жанашырлық,  жылы  көзқарас  қажет 

екенін айта кетуді парыз санадық. 

                                                                                          

К.БАЙЕГІЗ.

– Алло, тыңдап тұрмыз. 

– Сіз тікелей желідесіз.



– Бұл «Ақмешіт апталығы» газеті ме екен?

– Иə, тыңдап тұрмын.



– Менің қоятын сұрағым, Абай даңғылындағы 

«Болашақ»  университеті  қасына  жəне  «Жайна» 

базары аумағына жаяу жүргіншілер көпірі салы-

нады делінген еді. Сол құрылыс қашан салына-

ды? Оған тиесілі қаржы бөлінді ме?

Жауабы:

–  Тұрғындардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

мақсатында  өзіңіз  жоғарыда  айтқан  жаңа  көпір 

құрылысын  салуға  облыстық  бюджеттен 150 млн. 

теңге  қаралып, «Энергия»  ЖШС  мекемесінің 

мердігерлігімен  құрылыс  монтаж  жұмыстары  ба-

сталып кетті.  

Майра Өміртаева:

– «Ақбұлақ» 

бағдарламасы 

аясында 

Ақсуат,  Абай,  Айнакөл,  Ақжарма,  Қараөзек 

елді  мекендеріне  сапалы  ауыз  су  жеткізіліп,  су 

есептегіш құралдары орнатылғандығын естідік. 

Болашақта  тағы  қалаға  қарасты  қандай  ауыл-

дар осы игіліктің нəтижесін көрмек?

Жауабы:

–  Келер  жылы  Бірқазан  елді  мекенінде 

Қосшыңырау  ауылдық  округіне  қарасты  До-

сан  ауылында  ауыз  су  жүйесін  салу  жоспар-

лануда.  Сондай-ақ,  Махамбет  ауылында  биыл 

басталған  ауыз  су  жүйесін  жаңғыртуға  қатысты 

жұмыстар келер жылы толық шешімін таппақ. Бұл 

мақсатқа 250 млн. теңге жұмсалмақ.



Күлпаш Сейілова: 

– Мен жас отбасыларға арналған арендалық 

тұрғын үй кезегінде тұр едім. Үстіміздегі жылы 

осындай бағдарламамен неше үй жəне қай жер-

ден берілмек?

Жауабы:

–  Биылғы  жылы  жас  отбасыларына  арна-

лып  Сұлтан  Бейбарыс  көшесінде 5 көпқабатты 

тұрғын  үй — 220 пəтер  пайдалануға  берілмек. 

Қазір 2 тұрғын үй тиісті мамандардың тексеруімен 

қабылданды.  Тағы 2 үй  жыл  соңына  дейін 

пайдалануға беріледі.   

Роза Əбішова: 

– «Жұмыспен  қамту — 2020» бағдарламасы 

аясында  биыл  тұрғындар  баспаналы  болаты-

нын  естіп  қуандым.  Оның  құрылысы  қашан 

аяқталып, пайдалануға беріледі?

Жауабы:

–  Аталған  мемлекеттік  бағдарлама  бойынша 

Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан 60 пəтерлік 1, 

Қызылжарма  ауылдық  округінен 14 пəтерлік 7 үй 

қыркүйек айының соңында жергілікті тұрғындардың 

тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандырмақ.



Əселхан Рыспамбетова:

– Сыр елінің бас шаһары құрылыс алаңына 

айналды  деп  көңіліміз  орныққандай.  Дегенмен 

халықтың  саны  ұлғайған  сайын  сол  баспанаға 

сұраныс та арта түсуде. Менің білейін дегенім, ке-

зекте тұрған отбасыларына арналған арендалық 

тұрғын  үйлер  қай  жерден  беріледі?  Үстіміздегі 

жылы неше тұрғын үй берілмек?

Жауабы:

–  Кезекте  тұрған  отбасыларына 156 пəтерлі 3 

тұрғын үй биыл беріледі деп жоспарланса, Тасбөгет 

кентіндегі 36 пəтерлік 1 тұрғын  үй  қабылданып 

алынды.  Жаппасбай  батыр  көшесіндегі 2 тұрғын 

үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.   



Айдана Бақытова:

–  Инфрақұрылымдық  дамыту  бағдарлама-

сында биыл қаланың шет аймағындағы көшел-

ерге ауыз су жүйесін құру қалай жоспарлануда?

Жауабы:

– Шет аймақтардан «Жаңа ауыл» кварталының 

6,6 шақырымына 24 млн. 600 мың теңгеге ауыз су 

құбыры  жүргізілуде.  Əл-Фараби  мөлтек  ауданын-

да ұзындығы 7,7 шақырымдық құны 60 млн. теңгені 

құрайтын су жүйесі тартылуда. Сондай-ақ, аталмыш 

бағдарлама аясында Сəулет мөлтек ауданындағы 8 

көшеге,  Саяхат  тұрғын  ауданындағы 10 көшеге 

ауыз су жүйесі жүргізілмек. 

Бақытжан Бакеев:

– Жезқазған трассасы бойынан жеке тұрғын 

үйлер  салуға  жер  бөлінеді  деп  естіген  едік.  Осы 

мəселеге тоқтала кетсеңіз.

Жауабы:

–Жергілікті 

халықтың 

жерге 


сұранысын 

қанағаттандыру  мақсатында  Жезқазған  трассасы 

бойында жеке тұрғын үйлер құрылысына 980 гектар 

жер бөлінген болатын. Қазірде соның 325 гектарын 

игеру үшін жоба сметалық құжаттарын дайындауға 

48 млн. теңге қаралды. 



 Серік Сүлейменов:

–  Жалпы  қаладағы  заманауи  үлгіде 

салынып  

жатқан 

зəулім 

ғимараттарға 

өзімнің  кіндік  қаным  тамған  туған  жерім 

болғандықтан  құрметпен  қараймын.  Əсіресе, 

қаланың  дария  аумағына  жақын  орналасқан 

Президент саябағы гүлзарлармен көмкеріліп, 

көрсең көзің тояды. Ол жерде рəміздер алаңы 

салынып  жатқаны  рас  па?  Ол  қай  кезде 

ашылады? 

Жауабы:

–  Бүгінде  шаһардың  шырайлы  жерінің  біріне 

айналған  Президент  саябағында  Рəміздер  алаңы 

салыну  жоспарланып  отырғаны  рас.  Қазір 4 млн. 

теңге  қаражат  қаралып,  құжаттар  əзірленуде.  Жыл 

аяғына дейін пайдалануға беріліп, халықтың ортақ 

отанымызға  деген  патриоттық  сезімін  оятатын 

қастерлі жерге айналмақ.



Роман Аманов:

–  Кейде  салынған  құрылыстар  сыр  беріп, 

қандай  да  бір  ақау  орын  алса,  тұрғындар  кімге 

жүгінеді?  Соған  жауап  беретін  құзырлы  орын 

бар ма?

Жауабы:

–  Жаңадан  салынған  құрылыстардың  сапа-

сына  мердігер  компания  жауап  береді. 1 жылға 

дейін  тұрғын  үйлерден  ақау  шығып  жатса,  сол 

нысанды  жөндеп беру солардың жауапкершілігіне 

жүктеледі.

  Қосшыңырау  ауылдық  округіне  қарасты 

Досан  ауылы тұрғындары атынан:

–  Мен  «Досан»  ауылы  тұрғындары  атынан 

хабарласып  тұрмын.  Су-тіршілік  көзі.  Басқа 

ауылдарға су есептегіш құралдары орнатылып, 

сапалы су жеткізілуде.  Біздің ауылға таза ауыз 

су  қашан  келеді  екен?  Су  есептегіш  құралдары 

тегін  орнатыла  ма?  Жалпы  жақын  жылдары 

жобада  осы мəселе қаралған ба?

Жауабы:

–Жоғарыда айтып өткенімдей, Досан ауылында 

ұзындығы 2,51 шақырым ауыз су жүйесін салу жəне 

тұтынушыларға дейін 2,2 шақырым ауыз су жүйесін 

салу, 35 дана  су  есептегіш  құралдары  орнатылады 

деп жоспарлануда.  



Тікелей желіні жүргізген

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА.

P.S:Естеріңізге сала кетейік, 

тікелей желінің келесі қонағы 

- қалалық білім бөлімінің 

басшысы Марат Аралбаев. 

Білім саласынан өздеріңізді 

толғандырып жүрген 

мəселелеріңіз болса 40-11-10 

номеріне хабарласыңыздар.

Сұрақ сізден, жауап бізден

Саяхатыңыздың 

сәтті өтуін 

ескеріңіз

Аула клубтары мен спорттық ойын 

алаңдарына қамқорлық қажет 

Жақында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда 

облыстық  филиалының  ұйымдастыруымен 

«Галактика  сақшылары»  фильмінің  ал-

дын  ала  көрсетілімі  «Жібек  жолы»  ойын-

сауық  орталығының  кинозалында  өтті. 

Көрсетілім  алдында  облыстық  партия  фили-

алы  төрағасының  орынбасары    Ж.Базартай 

сөз  сөйлеп,  партияның  мемлекеттік  тілді 

дамытуға байланысты тың жұмыстарын атап 

айтты.

Фильмнің  көрсетіліміне  «Ұшқын»  мүгедектер  қоғамдық 

ұйымының  жетекшісі  Б.Жұмашев,  мүмкіндігі  шектеулі  балалар, 

«Невада-Семей»  халықаралық  қозғалысына  қатысушылардың 

балалары   жəне  «Батыр  аналар»  қоғамдық  ұйымының  жетекшісі 

Р.Бакирова, «Нұр  Отан»  партиясы  Қызылорда  облыстық  филиалы 

партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жəне бақылау 

бөлімінің меңгерушісі Қ.Əбдуов қатысты. 

«Батыр аналар»  қоғамдық ұйымының жетекшісі Рая Бакирова 

«Нұр  Отан»  партиясының  үнемі  қамқорлық  көрсетіп,  балалардың 

мəдени  тынығуына  ықпалын  тигізгені  үшін  алғысын  білдірді. 

Расында  да фильм балаларға өте ұнады. Себебі, олар қуанып, дема-

лып, көтеріңкі көңілмен қайтты. 

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Áàëàëàð 


«Ãàëàêòèêà ñàқøûëàðû» 

ôèëüìіí òàìàøàëàäû



ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

3            

¹46    16 ÒÀÌÛÇ, 2014 ÆÛË

ÊÅËÁÅÒ

Арал  қаласының  орталық  алаңында  аудан  əкімінің 

қолдауымен  тұрғындарға  арнап  тегін wi-fi сымсыз 

интернет   желісі  қосылды.  Бұл  туралы  аудан  əкімінің 

баспасөз қызметі хабарлады.

Оның  орталық  алаңға  орнатуылуы  тегін  емес. 

Себебі  бұл – қаладағы  халық  ағыны  мол,  жастар 

көп шоғырланатын орын. Қазіргі таңда ақпараттық 

жүйелер  дамыған  заманда  сым-

сыз  ғаламтордың  көпке  көмек  екені 

сөзсіз. 

«Алдағы  уақытта  қаланың  басқа 

да  адам  көп  жиналатын  аумақтарына 

wi-fi  қызметін  орнату  жоспарлануда», - 

делінген хабарламада.

ХҚКО  РМК  Қызылорда  облысы  бойынша 

филиалының  Сырдария  аудандық  бөлімінде  ата-

аналарына еріп келетін бүлдіршіндер үшін «Балалар 

бұрышы» ашылды. 

Ол түрлі ойыншықтарға толы. Үлкендер қызмет 

алып,  есеп  айырысқанша  балалар  алаңсыз  ойынға 

кіріседі. Бұл – ХҚКО-ның бизнес үдерістің деңгейін 

жоғарлату бағытында атқарған кезекті сəтті қадамы. 

Н.Ілиясов  ауылының  тұрғыны,  жас  ана 

Сандуғаш  Жалғасбай  жуырда  бала  күтіміне 

жəрдемақы  алу  үшін  баласымен  бірге  келіп  құжат 

тапсырды.  Құжат  тапсыру  кезеңінде  анасына 

қиындық  туындамас  үшін  бөлім  қызметкері  оған 

көмек көрсетті.

Басылымның негізін қалаған 

Əділхан Бəймен кім еді? 

Жүрегі жомарт, аяулы азамат Əдекең Жалағаш 

ауданы  Қаракеткен  ауылының  тумасы. 1971 

жылы  С.М.Киров    атындағы  Қазақ  мемлекеттік 

университетінің  филология  факультетін  тəмам-

дағаннан  кейін  Алматы  қаласында  қалып,  Қазақ  

радиосының  «Шалқар»  редакциясында  қызмет 

атқарады.  Ол  үш  жылдан  соң  туған  жері  Сыр 

өңіріне  оралып,  облыстық  «Ленин  жолы» (бүгінгі 

«Сыр  бойы»)  газетінде  журналистік  қызметін 

жалғастырады.  Осы  басылымда  бас  редактордың 

бірінші  орынбасары  болады.  Осылайша  ол  отыз 

жылдан  аса  уақыт  журналистика    саласының, 

соның ішінде Сыр журналистикасының өркендеуіне 

өзіндік  үлесін қосқан қарымды қаламгер.

1993  жылы    аймағымызда  алғашқы  ашылған 

облыстық  тіл  басқармасының  басшысы  болып 

тағайындалған  Əдекең, «Ақмешіт  апталығы»  газе-

тін осы басқарма органы есебінде өмірге əкелді, ба-

сылымның  бас редакторы болды. Басылымға балауса  

жас  журналистерді  тартып,  оларға  бағдар - бағыт 

беріп  отырды.  Жас  журналистердің  қа ламдарының 

төселе  түсуіне  көп  қамқорлық  жасады.  Өмірдегі 

өзекті  мəселелерді  көтере  білуге,  нағыз  журналист 

болып  қалыптасуларына  көп  ықпал  етті.  Оларды 

уақыт талабына сай баули білді. Көп ұзамай басқарма 

өзге  басқармаға  қосылды  да,  газетті  жабылу  қаупі 

туды.  Бірақ  Əдекең  газетті  жаппады,  оның  тəуелсіз 

басылым  ретінде  шыға  беруіне  күш  салды.  Осы 

құрамдағы  жас  тілшілерді  де  ешқайда  жібермеді. 

Оларға бар білімі мен біліктілігін, кеңесі мен көмегін 

беруден  жалыққан  жоқ.  Сол  кезде  Əдекеңнің 

қарауында қызмет атқарған, газетінің бірінші  саны-

нан  бастап  басы-қасында  болған  жас  журналистер: 

Аманжол  Сақыпұлы,  Дүйсенбек  Аяшұлы,  Айнұр 

Тұңғышбаева,  Нұржан  Оспанов  сияқты  азаматтар 

бүгінде  баспасөз  саласының  белгілі  есімдеріне  ай-

налды.  Ақылдастар  алқасында    журналист-жазушы 

ағаларымыз Н.Уəлиев, А.Жанаев болды. Газетіміздің 

«отынан кіріп, күлінен шыққан» Гүлжаһан Жүсіпова 

газет   беттерін  көркемдеуші  болды.  Қаламқас 

Кенесариева   редакцияның  бүкіл  есеп-қисабын 

жүргізді. Кейін басқа да жас журналистер Əдекеңнің  

«апталығынан» ақыл тоқтатып қияларға қанат қақты.

Газет əлеуметтік жағдайды да қамтитын, тарихи 

тақырыптарға да тереңдей білетін.  Газеттің  соңғы 

беті «Қуақы» деген айдармен əзіл-оспақ  сын-сықақ 

беретін.  Газет    жарық  көргеннен  бастап,  мен  осы 

беттің  тұрақты авторы болып араластым. 

Əдекең бірде:  

– Газеттің сегізінші бетіндегі шымшымалардың 

көбі  сенікі.  Мен  сені  жарты  айлыққа  жұмысқа 

алайын,   –  деді.

–  Ой,  Əдеке,  сіздермен  араласып - құралысып 

жүргенімнің  өзі  мен  үшін  рухани  демалыс.  Қажеті 

жоқ, мен осылай келіп кетіп жүре берейінші, - дедім. 

Əдекең  бұған  келіспей,  бірден  мені  өзі  айтқандай  

жұмысқа  қабылдауға  бұйрық  шығарды.  Сөйтіп, 

«Қуақыға»  шымшымаларды  жазуды  жалғастыра 

бердім. Арада бірер айдай уақыт өткен соң Əдекең:

 – Мені сені толық штат бірлігіне қабылдаймын. 

Бүгіннен  бастап  осы  ұжымның  толық  мүшесісің,  

«Қуақыны»  енді  мықтап  қолыңа  ал! – деді.  Менің 

келіспеуге  шарам  қалмады.  Ертеңіне  жұмысқа 

келсем,   Редакциядағы    үлкен  бір  бөлменің  есігіне,  

«Сатира бөлімінің меңгерушісі Қ.Əшірбекұлы» деп 

қақтырып қойыпты. 

Иə,  Əдекең  өте  сыпайы,  жаны    жайсаң,  адал  да 

абзал азамат еді.  Сол жылдары ол газетке қосымша 

«Ойқамшы»  деген  атпен    тағы  бір  басылымды    дү-

ниеге   əкелді.  Басылым  арнайы  тіркеуден  өтіп,  оқыр-

мандардың қолына тиді. Оның шығуына ұжым болып 

ат салыстық.  Мен алғы сөз жаздым. Бірақ, түр лі  се-

бептермен  газеттің    өмірі  ұзақ  болмады.  Əрине,  бəрі 

де қаржы мəселесіне келіп тірелетін. Ал, «апталықты» 

əр  апта  сайын    қызметкерлеріміз  көрші    Шымкент 

қаласындағы баспаханадан бастыртып  əкелетін. 

Сол  күндер    де    жиырма  жылды  артта 

қалдырыпты.  Қазір бұл газетті кемелденген шағында 

тұр  десем,  артық  айтқандық  болмас.  Қаламыздағы 

жалпы  қоғамдық  күрделі  мəселелерді  дер  кезінде 

көтеріп,  оқырман  қауымның  көңілінен  шығуда. 

Бүгіндегі    бас  редактор  бұрынғы  осы  газеттің 

жарыққа шығуынан бастап ыстық - суығына көніп 

ысылған,  Əдекеңнің  шəкірттерінің  бірі.  Қазіргі 

құрамда да жас журналистер еңбек етіп жатыр. Мен 

үшін  қарашаңыраққа  айналған  «апталыққа»  анда - 

санда барып тұрамын.  Газеттің сонау алғашқы жыл-

дары еріксіз еске түседі. Ол кезде де осындай, бəрі 

де өрімдей жастар еді.

Соған  қарамастан  газет  туған  қаламыздың 

мəртебесін асырып, туған жердің еңбек ырғағы мен 

ел  келбетін  өрнектеп  келе  жатыр.  Көптің  жоғын 

жоқтап,  барын  базарлап,  əр  қызылордалықтың 

сырлас  досына  айнала  бер, «Ақмешіт».  Мен  соған 

тілекшімін.



Қазыбек ƏШІРБЕКҰЛЫ,  

зейнеткер,

«Ақмешіт апталығының» алғашқы 

жылдардағы қызметкері.

ƏР ЕЛДІҢ 

ӨЗ КҮНІ БАР 

Қай  елдің  болмасын  басты 

капиталы  оның  халқы,  соның 

ішінде  жастары    болып  табыла-

ды.  Сондықтан 1999 

 жылдың 17 

желтоқсанында  БҰҰ-ның  Бас  Ас-

самблеясы 12 тамыз – Халықаралық 

жастар күні деп бекітті.  

Ең 


алғашқы 

жастар 


күні 

2000  жылдың 12 тамызында  атап 

өтілді.  Қытайда  бұл  күнді  ресми 

түрде 4 мамыр  деп  бекітсе,  түрік 

бауырларымыз   19  мамыр  күні  той-

лайды екен. Ал, ТМД елдері жастар  

күні  деп 27 маусымды  атайтын 

көрінеді. 

Осы  орайда  Қазақстан  жас-

тары  да  əлемдік  интеграциялық 

үрдістерден тыс қалмайды. Бүгінде 

аймақтық,  халықаралық  жастар 

ұйымдарының  белді  мүшесі  болып 

қана қоймай, өз Отанымызда да ірі 

халықаралық  жастар  форумы  мен 

конференцияларды  ұйымдастырып 

келеді.  

Жастар  қазіргі  қоғамның  же-

текші  күші  ретінде  еліміздің 

дамуы   үшін  жауапты  екені  мəлім. 

Еліміздің тарихы мен мəдениетінің 

тағдыры, дамуы мен модернизация-

лануы,  жалпы  бүгіні  мен  ертеңі  де 

жастарға байланысты. Жігерге толы 

жастар  бойында  басқа  ешбір  топта 

кездеспейтін  қабілет  пен  қоғамда 

басқа  ешбір  топ  орындай  алмай-

тын  қызмет  атқарады.  Бір  сөзбен 

айтқанда, 

қоғамның 

маңызды 

əлеуметтік  стратегиялық  ресур-

сы  болып  табылады,  сондықтан  да 

Қазақстанның  тұрақты  əлеуметтік-

экономикалық дамуы білімді, ақыл-

ойы терең жастардың қолында.  

Жастар – жаңашылдықтың жар-

шысы.  Сондықтан  болар,  ғылым, 

техника,  білім  мен  мəдениеттегі 

жаңашыл  реформаларды  қоғам 

дамуының  негізі  деп  қабылдайды. 

Мемлекет  те  жастардың  баста-

маларын  қолдау  үшін  түрлі  іс-

шаралар атқарады. Сонымен қатар, 

мемлекеттік жастар саясатында жас 

ұрпақтың  экономикалық,  мəдени, 

əлеуметтік,  интеллектуалдық,  ин-

новациялық  əлеуетін  дамытуға 

бағытталған нақты шаралар жүйесі 

көрсетілген.




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал