Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 360.97 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі360.97 Kb.
  1   2   3   4

апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

тамыз


сенбі

16

№46 (1062)

2014 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қызылорда қалалық газеті        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

БАС РЕДАКТОР БАҒАНЫ

Облыс əкімінің қаулысымен Қызылорда облысында қоғамдық 

келісім  орталығы  құрылды.  Штаттық  бірліктері  мен  бюджеті 

айқындалып, орталық бүгінде жұмысын бастап кетті.

Оның  этносаралық  қатынастарды  талдау  жəне  монито-

ринг,  ғылыми  сараптама  жəне  əдістемелік  қамтамасыз  ету, 

ұлттық-мəдени  орталықтармен  жұмыс  жасау  жəне  қоғамдық 

шараларды  ұйымдастыру,  қаржы-шаруашылық  бөлімдерінде 

барлығы 27 штаттық  бірлік  қарастырлыған.  Қазіргі  таңда  тиісті 

қызметкерлерді, оның ішінде саясаттанушы, философ, дінтанушы, 

журналист, экономист, заңгерлерді қабылдау жұмысы жүргізілуде. 

Басшысы  боп  Рахима  Ахметова  тағайындалды.  Ол  бұған 

дейін  облыс  əкімінің  кеңесшісі,  əйелдер  істері  жəне  отбасылық-

демографиялық  саясат  жөніндегі  комиссия  төрайымы  қызметін 

атқарды.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ!

Құрметті қала тұрғындары! 

Қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің редакци-

ясы «Сұрақ сізден, жауап бізден» атты тікелей желі 

шарасын апта сайын ұйымдастырып отыр. Аталмыш 

шараға қаладағы барлық деңгейдегі бөлім басшыла-

ры кезең-кезеңімен қатыстырылуда. Тиісті құзырлы 

мекеменің басшысына өзіңізді толғандырып жүрген 

көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, оған толық жауап   

ала аласыздар. 

Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Аралбаев Марат Жайылханұлымен 

болатын  тікелей  желі  шарасы  келер  аптаның  бейсенбісінде,  яғни 21-тамыз  сағат 

10.00-12.00  аралығында  өтетіндігін  хабарлаймыз.  Ол 

Қызылорда  қаласындағы  білім  саласына  қатысты  барлық 

сауалдарыңызға жауап беретін болады.  

Ол  үшін  Сіздерге 8 (7242) 40-11-10 телефоны  мен 

интернеттегі akmeshit.kz@mail.ru электронды  адресі  қызмет 

көрсетеді.

2-бетте

ҚР  Қазақстан  спорт  күні  қарсаңында 

16  тамызда  Қызылордада  бірқатар  шаралар 

ұйымдастырылады.  Оның  ішінде, 9-00де  ҚР 

Бірінші Президенті атындағы демалыс орнын-

да  басталып,  облыс  орталығындағы  алаңда 

аяқталатын  «Масс-старт»  вело  жарысы  өтеді. 

Жəне спорттық мерекеде қызылордалықтардың 

көпшілік  гимнастикалық  жаттығу-

лары  осы  уақытта  орталық  алаңда 

бас талады.  Ал  кешкі 19-00де  «Еура-

зия» спорткомплексінде белгілі спорт 

саңлақтары қатысатын аралас жекпе-

жектен  халықаралық  турнир  өтетін 

болады. 

4-бетте

Алғаш    рет  қабырғасы  қамыстан  қаланған  төл 

қаламыздың  тарихы  тереңде  жатыр.  Зерттеушілер 

қазіргі  Қызылорданың  табанында 3-ші, 7-ші  ға-

сырларда-ақ көптеген асарлардың болғанын айтады.

Ал,  біздің    қала  Бұқара,  Қоқан  хандықтары 

салдырған  Қосқорған,  Шымқорған,  Күмісқорған, 

Жаңақорған  секілді  көп  қорғанның  бірі  есебінде 

бой  көтерген.  Қамал-қорғанның  үйлері  қам  кесек-

тен,  сабан  араласқан  саз  балшықтан,  жұмбаздан 

тұрғызылған.  Сондықтан  ол  алыстан  қарауытып 

көрінген,  ал,  ортасында  аппақ  болып  бір  мешіт 

қана  асқақтап  көзге  түсетін.  Бұл  қала  əуеліде  

Сырдарияның  сол  жағалауына  орын  тепкен.  Міне, 

бүгінгі тəуелсіздігіміздің арқасында осы сол жағаны 

сəн-салтанатқа қайта бөлейтін күн жақын. 

Сөйтіп, əуелі Ақмешіт аталған қорған (1818 ж.) пат-

ша үкіметінің генералы Перовскийдің басқыншылық 

жасап,  қаланың  орыс  билігіне  өтуімен  байланысты 

Перовск (1853 ж. ) деп аталды. Ал, кеңес үкіметінің 

алғашқы  жылдары  ол  қайтадан  Ақмешіт (1922-1925 

ж. ) атауын алып, 1925 жылы Қазақстанның астанасы 

болуына орай Қызылорда  болып өзгерді. 

Аз-маз  тарихқа  үңіліп  жатқан  себебіміз, 

Қызылорда  өз  тарихында    сəулеті  мен  дəулеті 

жағынан  күні  бүгінгідей  биікке  көтерілген  емес.   

Айналайын  ақ  мекенімнің  бақ  мекенге  айналған 

бейнесіне  мақтанбауға қақым жоқ.

Əсересе  ол  соңғы  бір  жарым  жыл  ішінде  бере-

ке  мен  ырыстың  ыстық  ошағындағы    тайқазандай 

тасыды. 

Қала  бюджеті  өткен  жылмен  салыстырғанда 

20  пайызға  ұлғайтылып, 36 млрд. 363 млн.  теңгені 

құраған.  Оның  ішінде  өз  кірістеріміз  екі  есеге  өсіп, 

жалпы  бюджет  кірісіндегі  үлесі 45,3 пайыз  болып 

отыр. Облысқа салынған инвестицияның  65 пайызы 

Қызылорда қаласына тиесілі.

Алдағы кезеңде «Қазақстан ипотекалық компания-

сымен» бірлесіп 230 пəтерлі 4 үй, «Самұрық-Қазына 

жылжымайтын мүлік  қоры» АҚ арқылы  210 пəтерлі 

6 тұрғын үй құрылысы басталып, 2015 жылы халық 

игілігіне берілмек.

Қызылорда  қаласы    халқының 18%-ы  қалаға 

қарасты  кент  жəне  ауылдық  округтерде  тұрады. 

«Əрбір ауыл тұрғыны тəуелсіздік шапағатын  сезінуі 

тиіс»  деген  болатын  Елбасымыз.  Қызылордаға 

қарасты  ауылдарда  көптеген  халық  қажетін  өтеу 

нысандарының  қатары жыл сайын көбейе түсуде.

«Ауылына  қарап  азаматын  таны»  дейді  атам 

қазақ.  Бұл  қыруар  жұмыстардың  орындалуы  қала 

басшысының  іскерлік  қабілеті  мен  билік  органдары 

алдындағы беделінің бағасы дегеніміз орынды - ау.

Баға  демекші, «Рейтинг kz» зерттеу  агенттігі 

шілдедегі жасаған сараптамасында қарымды жас бас-

шы Нұрлыбек Нəлібаев жетекшілік ететін Қызылорда 

қаласы əкімдігін республика аумағындағы өзге облыс 

орталықтарымен салыстыра келіп көшбасшы деп та-

ныды.


Қазір əлеуметтік желілерді ашып қалсаң қала əкімі 

атына айтылатын жылы лебіздерді жиі кездестіресіз.

Соның 

бірі 


қызылжармалықтар 

атынан 


(Ш.Бекпан) жазылыпты.  Хабарламада қала əкімінің  

ауыл  тұрғындары  алдында  жол,  спорт  алаңын  салу, 

бейіттерді  қоршау  секілді  мəселелерге  уəде  етіп, 

қазір  сөз  үдесінен  шығып  отырғаны  айтылады.  Со-

нымен  бірге,  тағы  бір  хабарламада  Қызылорданың 

бірнеше  тұрғын  үйлеріндегі  жылу  жүйелерін  қайта 

жанғыртуға қала бюджетінен 50,5 млн.  теңге қаражат 

бөлінгендігі хабарланған (Б.Мəмен). 

Байыпты  қараған  кісі  бүгінгі  Қызылорда  кел-

бетінің күн сайын құлпыра түсіп, қала тұрғындарының 

тұрмыстық 

деңгейі, 

əлеуметтік 

жағдайының 

жақсарып келе жатқанына куə болады.

«Сөз түзелді, тыңдаушым сен де түзел»  демекші, 

бұл — əрине, ең біріншіден, тəуелсіздігіміздің тартуы, 

екіншіден,  соған  сай  атқамінер  азаматтарымыздың 

мандай  тері,  туған  жерге  арналған  перзенттік 

парызының өтеуі.



Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.

Тарихым, 

талбесігім -

туған қалам

Қызылорда 

қаласының 

«Шұғыла»  шағын  ауданындағы 

№44  көпқабатты  үйдің  Ясса-

уи  көшесіне  қараған  бетінен 

қымызхана ашылды.

Бұрын «Электроника» үйі, кілем 

жуатын  орталық  болып  келген 

бөлмелері кең ғимарат құтты орнын 

енді  тапқан  секілді. «Кездесу»  деп 

аталатын  қымызханада  ағарғаннан 

жасалатын  дəмнің  барлық  түрлері 

бар.  Қымыз  да,  шұбат  та,  айран 

да,  сүт  те,  қатық  та,  құрт,  ірімшік 

те  осы  жерден  табылады.  Аяқ  жа-

зып,  жастық  жастанып  отыратын 

жайлы  бөлмелері  бар  қымызханаға 

келушілер    домбыра  шертіп,  шах-

мат ойнай алады. 

Тапсырысыңызға  қарай  ет  асы-

лып, қуырдақ дайындалады. Бұл істі 

кəсіпкер Нұрлыбек Кеденбаев қолға 

алып  отыр.  Қымызхананың  ашылу  

салтанатында ол былай деді:

–  Қымыздың  ауруға  ем,  сауға  

қуат екенін бəріміз де білеміз. Қазір 

еліміздің  əр-əр  жерінде  қымыз 

өндіріп  сатушылар  көп.  Бұл  іс  тек  

Қызылордада  ғана  етек  жая  алмай 

тұр.


Елбасымыз 

жақында 


Пав-

лодар    облысында  болған    сапа-

рында  қымыз  өндіруші  Төлек 

Кұшмановамен  кездесіп: «Арақ-

шарапты  қойып,  қазақ  қымызға 

көшуі  керек.  Ата-бабамыздың    су-

сыны сол болатын. Қымыз өзіміздің 

ата  кəсібіміз» – деп  кəсіпкерге 

ризашылығын білдірді.

Мен  де  осы  ата  кəсіпті 

жандандырғым  келеді.  Əзірге  жеке 

қаржыммен  жұмыс  бастап  отыр-

мын. Болашақта тілекші достарым-

мен  бірігіп  бұл істі кеңейте түсеміз. 

Қымызды  қазір  өзіміз  ыстап 

дайындаймыз.  Оның  саумал,  құнан 

қымыз,  дөнен  қымыз,  асау  қымыз 

деген сияқты түр-түрі əр күн сайын   

тұтынушыға  шығарылады.  Мақсат 

қызылордалықтарға    пайдалы  қыз-

мет етіп, жайлы демалыс сыйлау.

Кəсіпкердің 

пікіріне 

риза 


болдық.  Расында біздің қаламыз-

дағы 


шамдары 

жарқылдап 

көз  тартып    тұратын  жерлер-

ге  кіріп  барсаң,  тек  спиртті 

ішімдікке  кездесесіз,  сырамен 

сырласып 

отырғандарды 

ғана  


көресіз.  Ал,  қымыз  базарлардың 

бұрыштарында, 

күзде 

көшіп 


кететін  қараша  үйлерде  ғана    са-

тылатын.


«Енді  қымыздың  да  сəнді, 

еңселі  отауы  бар.  Бұл  бəріміз  үшін 

де  қуаныш.  Осы  кəсіпті  бастап 

отырған  азаматтарға  мың  алғыс» 

деді қымызхананың ашылуында сөз 

алған «Шұғыла» шағын ауданының 

тұрғыны Қазыбек Əшірбеков.

Біз  де  газет  атынан  кəсіпкердің 

адал  ісіне  сəттілік  тілеуді  парызы-

мыз деп білдік.



Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.

Қызылорда қаласындағы 

Сырдария  шағын  ауданын-

дағы  бірінші,  екінші  жəне 

төртінші  көпқабатты  үй-

лер 2004 жылы  салы-

нып, 2006 жылы  берілген. 

Қолданысқа 

берілгеніне 

сегіз  жылдай  ғана  болған 

тұрғын  үйлердің  сыртқы 

қас  беті  қайта  жөн деуді 

қажет етіп тұрғаны баршаға 

мəлім.  Осы  орайда  қала 

əкімінің  тапсырмасы  бой-

ынша  орталық  көшелерде 

орналасқан 

көпқабатты 

үй  лердің  қас  беті  қайта 

жөндеуден өтуде.

Аталмыш  ғимараттардың 

сырт қы  қас  беттерін  ретке  

келтіру,  аулаішілік  жұ мыс-

тарды  жөндеу  мақса тында 

«Техсервис»  ЖШС   мердігер 

мекемесі  демеушілік  жасап, 

орташа  жөндеу  жұмыстарын 

жүргізді.  Бүгінде құрылысы 

бітіп тұрған нысандардың 23 

аулаішілік жəне көлік қоятын 

орындар  ретке  кел тіріліп, 

тас жолдар қайта жөндеуден 

өтіп,  қолданысқа  берілді. 

Құрылыс 


нысанына 240 

млн.  теңге    қаражат  бөлініп, 

толықтай игерілді. 

Бүгінде  көпқабатты  үйде 

ор наласқан 

тұрғындардың 

қуа  нышында  шек  жоқ.  Тұр-

ғындар 


қала 

əкімдігіне 

жəне  демеушілік  көрсетіп 

жөндеу  жұмыстарын  жүргіз-

ген  мердігер  мекемеге   риза-

шылығын  білдіруде.  Ал дағы 

уақытта  да  осындай  игі  бас-

тамалар  жалғасын  табатын 

болады. 

А.ҚАДЫРХАН.

Биылғы жыл қаламыз үшін де,  жастар үшін 

де үлкен жеңісті жыл болды. Оған себеп жақын 

арада  «Рейтинг  КZ»  зерттеу  агенттігі  өткізген 

облыс  əкімдерінің,  республикалық  деңгейдегі 

қалалар  мен  облыс  орталықтары  əкімдерінің 

2014  жылдың  ІІ  тоқсанындағы  жұмыс  жүргізу 

сапаларына  сауалнама  нəтижесінде  Қызылорда 

қалалық əкімдігі көшбасшы атанды. Бүгінде Сыр 

елінде  айтулы  қуаныш  болып  жатыр.  Мұндай 

көрсеткіш  жас та болса бас болып жүрген қала 

əкімі Нұрлыбек Нəлібаевтың жүйелі жұмысының 

жемісі  деп  білеміз.  Қызылорда  халқы  оның 

ішінде  жастарға  мұндай  жеңіс  үлкен  жетістік, 

зор қуаныш болды. Ал, өзіме келсем биылғы об-

лыс  əкімінің  «Сыр  үміті»  сыйлығының  иегері 

атандым. Бұл сыйлық  мені одан əрі шабыттан-

дырып,  күш-жігер,  өзіме  деген  сенімділік  ала 

келді.  Жастардың  еңбегінің  еленгені  біз  үшін 

үлкен мəртебе.

Бүгінде  қаладағы  тың  серпілістер  мен  оң 

өзгерістерге  қарап,  көңілің  толады.  Қала  жол-

дары  кеңейтіліп,  көшелер  жарықтандырылып, 

зəулім  ғимараттар  бой  көтерді.  Халықтың  да 

əлеуметтік  ахуалы  жақсарып,  еңсесі  көтеріліп 

келеді. Ел экономикасының дамуында құрылыс 

саласының  алар  орны  ерекше.  Бүгінде  қай 

жерде  болсын,  аталған  сала  қарқынды  жүріп 

жатқанын  байқауға  болады.  Еңсесі  биік 

қаламыздың    күннен-күнге  дамып,  қанат  жай-

ып  келе  жатқандығының  бір  көрінісі – биік 

ғимараттардың  сəулетіне  қарап  саралауға  бо-

лады.  Көздің  жауын  алатын  небір  нысандар –  

қаламыздың  дамуының  кепілі.  Міне,  осы  орай-

да  Сырдарияның  сол  жағалауына  салынатын 

қаланы да ерекше айта кеткеніміз жөн. 

Сыр  бойының  басты  шаһары  Қызылорда 

қаласы күннен-күнге ажарланып, көше бойлары 

жасыл  желекке  айналып,  гүлмен  көмкерілуде. 

Дегенмен  кейбір  қаланың  тұрғындары  жаңадан 

салынған  аялдама  əйнектерін,  орындықтардың 

ағаштарын,  электр  бағаналарындағы  жарық 

шамдарды сындырып, қаланың келбетіне нұқсан 

келтіруде.  Осындай  əдемі  дүниелерге  кері  əсер 

тигізіп,  бұзбай  ұстаған  жөн.  Таза  қала  келбетін 

ажарландыру  біздің  қолымызда  жас  достар! 

Сондықтан əрбір жасалып жатқан игі іске қолдау 

білдіргеніміз  абзал.  Бұдан  кейін  де  өңіріміздің 

одан əрі гүлденіп, жаңарып, дамуына əрбір қала 

тұрғыны үлес қосса нұр үстіне нұр болар еді.   



Дастан САДЫҚ,

Облыс əкімінің

 «Сыр үміті» сыйлығының иегері.

Мен  Сыр  өңірінде  дүниеге 

келгенімді  мақтан  тұтамын.  Əр 

аймақтың  өз  ерекшелігі  болады. 

Ең  алдымен  «қызылордалық» 

десе – қонақжайлылық  еске 

түседі.  Халқының 90 пайыз-

дан  астамы  қазақ  ұлты  тұратын  

Сыр  топырағы-  ата-бабамыздың  

ықылым заманнан сақталып келе 

жатқан    дəстүрін  берік  ұстанған  

нағыз қазақтардың  мекені. Қазақ 

елінің  тұңғыш  астанасы  деген 

атқа ие Алаш Ақмешітінің бүгінгі 

келбеті қазіргі заманға сай, бүкіл 

сырбойылықтардың 

бойында  

«бұл - менің  қалам»  деген  

мақтаныш  сезімін  туғызатындай 

дəрежеге ие болуы керек деп ой-

лаймын. 

Осы  орайда  мен  əсем  қала 

Алматыда  бірталай  жылдар-

дан  бері  тұрып,  еңбек  етсем  де, 

туған  жерім  жүрегімнің  төрінде 

жұлдыздай  жарқырайды.  Мен 

құрылыс  саласында 24 жыл 

үздіксіз  еңбек  етіп  келемін. 

Мамандығым  құрылыс  сала-

сына  қатысты  болғандықтан, 

Сыр  топырағына    қадам  басқан 

сайын,   шаһардың  архитектура-

лық  келбетіне  зер  салатыным  

бүкпесіз  шындық.  Соңғы  жыл-

дары  жаңарған,  жасарған,  гүл-

денген  туған  өлкем  Қызыл орда 

қаласының  көркіне  көңі  лім  то-

лып,  жан  сарайым   жадырап  ат-

танып  жүрмін.  Зеңгір  көк пен 

таласқан  зəулім  үйлер,  халық 

игілігіне  қызмет  етіп  жат -

қан  əлеуметтік  нысандар   бас 

шаһардың    келбетін  нұрлан-

дырып  тұр.  Сан түрлі бояумен 

көмкерілген  гүлзарлар  қала  ты-

нысын аша түскендей.  

Əсіресе, облыс орталығының 

ажарын  келтіретін  алты  жо-

лақты  Жібек  жолы  даңғылы 

бойындағы  қазақы  ұлттық  ою-

өрнекпен  нақышталған  самала-

дай  жарық  шамдар,  қазақтың 

шаңырағын  шаттыққа  бөлейтін 

қара домбыра, тек біздің ұлттық 

болмысымызға  тəн  əже,  анала-

рымыз  тағатын  құсмұрын  жүзік 

қасиетті  қазақ  елінің  төрінде, 

сұлу Сырдың өзінде жүргенімізді 

паш еткендей. Ескерткіштен көп 

ұзамай, егемен еліміздің тұңғыш 

Президенті  саябағы  да  еріксіз 

қалаға  келген  қонақтарды  өзіне 

тарта  түсердей  керемет  көрініс 

сыйлайды. 

Мұндай 

өрнекті 


өзгерістердің 

бой 


түзеуіне 

қала  басшысы  Н.  Нəлібаевтың 

қажырлы  еңбегі  жұмсалғаны 

ақиқат.  Жақында  жарияланған 

«Рейтинг kz» сараптамасының 

қортындысы бойынша біздің қала 

əкімдігінің  көшбасшы  болуы  

соның  бір  айғағы.  Өркендеп, 

көркейіп,  даңқы  атақты  Сырда-

риясымен  де,  жыр  дариясымен 

де,  күрішімен  де,  ырысымен  де 

тарихта  аңыз  болып  аты  қалып, 

талай  даңғайыр  жыраулардың, 

дүлдүл ақындардың туындысына 

арқау болып, бұлбұл əншілердің 

көмейінде  əн  боп  күмбірлеген 

туған жерімнің мерейі үстем бол-

сын  деп  тілеймін.  Ұлттық  ны-

шандарымыздың  алтын  арқауы 

болған біздің сүйікті қаламыздың 

болашақтың жұлдызды қаласына 

айналарына сенімдімін.        



Сəрсен ƏБУОВ,

Қазақстанның Құрметті  

құрылысшысы.

ÄÅÌÅÓØІËІÊÏÅÍ ҮÉËÅÐÄІҢ

ҚÀÑ ÁÅÒІ ÆӨÍÄÅËÄІ

СҮЙІНШІ

Қûìûç құòòû îðíûí òàïòû

Ұлттық нышандарымыздың алтын арқауы

Қала көркі — өз көркің

Дене  тəрбиесі  арқылы  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруда  спорт 

түрлерін  дамыта  түскен  өте  орынды.  Ол  баланың  денсаулығын  шыңдаумен 

қатар, ой-қабілетінде арттырады. Мəселен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің 

мазмұнында  адам  денсаулығына,  психологиясына  жағымды  əсер  ету  жағы  көп 

болуы тиіс. Қазіргі таңда елімізде адамдар мен балалар денсаулығына барынша 

көңіл бөлініп отыр.  

Осыған  орай,  Қазақстанда  барлығы 100-ден  аса  спорт  түрлері  даму  үстінде. 

Оның ішінде өзіміздің ұлттық спорт түрлері де бар. Адамның сана-сезімі артқан 

сайын  спорт  түрлері  де  жылдан-жылға  жаңаша  сипат  алып  артып  келеді.  Бұл 

бағытта  Қызылорда  қаласында  бұқаралық  спортты  дамытуда  жүйелі  жұмыстар 

атқарылып,  биылда  жалғасын  табу  түсу  үстінде.  Үстіміздегі  жылы  ашылған 

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт клубында спорттың 15 түрі бойынша 

жаттығулар жүргізіледі. 

Газетіміздің 

өткен 

санын-


да 

хабарлағанымыздай, «Сұрақ 

сізден,  жауап  бізден»  айдарымен 

ашылған  кезекті  тікелей  желіге 

қалалық құрылыс бөлімінің басшысы 

Мұхамедиса  Əлсеріков  шақырылған 

болатын.  Əдеттегідей,  бүгін  де  ха-

бар  басталардан  бұрын  да  газет  ре-

дакциясына 

қоңырау 


шалғандар 

саны  көп  болды.  Аталмыш  құрылыс 

саласының 

басшысы 


жергілікті 

тұрғындарды  толғандырып  жүрген 

көптеген  сауалдарға  жауап  берді. 

Алғашқы  болып  қоңырау  шалған 

телефон  желісіндегі  қала  тұрғыны   

Айгүл Молдашева өз сұрағын қойды.

«Той  дегенде,  қу  баста  домалайды», - 

демекші, жасымыз бар, жасамысымыз бар 

əйтеуір, «қонағым  бол  деп»,  шақырған 

жерден  қалмай,  уақыт  тауып  баруға  ты-

рысамыз.  Содан  болар,  жалпақ  жұртқа 

қазақтың  «тойшыл  қауым»  деп  аталып 

кетуінің себебі. Кең сарайдай тойхана жал-

дап,  оған  бар  алыс-жақын  ағайындарды 

жинап, дүркіретіп той жасау бүгінде сəнге 

айналғалы қашан. 



ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ

Сұрақ сізден, 

жауап бізден

2-бетте

Аула клубтары мен спорттық ойын 

алаңдарына қамқорлық қажет 

Қазіргі күннің

 Ақбаяны

ÄÅÌÅÓØІËІÊÏÅÍ ҮÉËÅÐÄІҢ

ҚÀÑ ÁÅÒІ ÆӨÍÄÅËÄІ


ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹46    16 ÒÀÌÛÇ, 2014 ÆÛË

ÍÀÇÀÐ

2

Басы 1-бетте

ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ

Қызылордада  атақты  ауыр  атлет  Илья  Ильин 

алты  жыл  бұрын  туған  қаласына  сыйға  тартқан 

спорт  алаңы  қайта  қалпына  келтірілуде,  деп  ха-

барлайды BNews.kz Қызылорда  қаласының  дене 

шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы Асылжан 

Жаманқұловқа  сілтеме  жасап.  «Олимпиаданың  екі 

дүркін чемпионы Илья Ильин 2008 жылы Бейжіңде 

ең алғаш рет чемпион атанғанда, өзінің жеңіп алған 

ақшасына  «Южный»  ауданындағы  спорт-ойын 

алаңын қалаға сыйға тартты. Қазіргі таңда алаңдағы 

жабдықтардың  тозығы  жетті,  осыған  байланысты 

алаңды  қалпына  келтіру  шешімі  қабылданды.  Бұл 

жобаға  қаржылай  көмектесетін  демеушілер  де  та-

былды», - деді ол. 

Қызылорда  облысында  бірінші  қыркүйек  күні 

алты  мектеп  пайдалануға  беріледі,  деп  хабарлайды 

BNews.kz  облыстық  білім  басқармасының  басшысы 

Наурызбай Байқадамовқа сілтеме жасап.

  Қазір  мектеп  жабдықталып,  безендіріліп  жа-

тыр. Ал жыл соңына дейін 27 мектептің құрылысын 

аяқтау  жоспарлануда. 11 мектеп  апатты  білім  беру 

ошақтарының орнына салынуда. Қызылорда облысының 58 

мектебінде күрделі жөндеу аяқталуға жақын. Əрине, ең үлкен 

жұмыс  көлемі  облыс  орталығында – 16 мектеп,  оқушылар 

сарайы, сонымен бірге бірнеше балабақшаға күрделі жөндеу 

жүргізілуде.  Барлық мектептер жылу беру маусымына дай-

ындалып  жатыр,  əсіресе  орталықтандырылған  жылумен 

қамту жүйесі жоқ ауылдарды бұл жіті бақылауда. 

Бейсенбі күні Қызылорда қалалық тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау басқармасының 

ұйымдастыруымен туризм саласының жұмысын дамыту 

аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынды  қалалық  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау 

басқармасы басшысының орынбасары А.Бисенов жүргізіп, туризм 

саласының  аталмыш  басқармамен  байланысына  тоқталып  өтті. 

Қазіргі кезде, еліміздегі туризм саласы бойынша тур агенттіктердің 

саны  артқан.  Бұл  ретте,  Қызылорда  қаласында    да  туристік  фир-

малар  көптеп  ашылып,  жұртшылықтың  қалаған  жерлеріне  ба-

рып,  саяхат  жасауларына  мүмкіндік  туғызуда.  Дегенмен,  көп 

жағдайда шетелге барып, демалуды жөн санайтын, тұтынушылар 

саяхат жасайтын қаладағы саяси ахуалды, денсаулық саласындағы 

өзгерістерді алдын-ала анықтап алғаны жөн. Осының шеңберінде, 

жиынға  қатысушыларға  қаладағы  бірқатар  тур-фирмалардың 

өкілдері  кеңестерін  айтып,  оларға  турларды  брондау,  саяхат  жа-

сау  кезіндегі  тасымалдаумен    орналастыру  жайында  түсіндірме 

жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, саяхатшылардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігі 

мен  туроператорлардың  келісім-шарт  бойынша  міндеттерін 

орындамайтындықтары туралы да талқыланды. Жасыратыны жоқ, 

биылғы  жылы  туристік  фирмаларға  қатысты  түрлі  дау-дамайлар 

жиі орын алып жүр. Сол есепті тұтынушылардың өз құқықтарының 

аяқ-асты  болуына  байланысты,  агенттік  өкілдеріне    сенімсіздік 

пайда  болған.  Осы  орайда,  демалысын  шетелде  өткізгісі  келетін 

əрбір турист таңдаған тур-фирмасының сенімділігіне, қауіпсіздікті 

қамтамасыз ете алатындығына, көз жеткізіп, саяхат жасайтын елде 

дүние  жүзі  кең  тараған  жұқпалы  аурулардың  таралуы  қаупі  бар- 

жоғын анықтап алуды да ұмытпаған абзал,-дейді мамандар.

                                                   



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал