Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 393.09 Kb.

бет1/4
Дата05.06.2017
өлшемі393.09 Kb.
  1   2   3   4

апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

қараша


сейсенбi

22

№91 (1292)

2016 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қалалық қоғамдық-саяси газет        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

ЕЛ ТЫНЫСЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ

ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА

2-бетте

Қадірлі оқырман! Өздеріңіздің сүйікті 

ба сы лым дарыңыз – 

«Ақмешіт ап талығы» газе ті не 

2017 жылдың бірінші жарты 

жылдығына жа зылу  жүріп жатыр. 

Басылымның алты айға жазылу  бағасы: 

Жекелер үшін-2000 теңге, 

мекемелер үшін – 3000 теңге.

Газет индексі: жеке тұл ғаларға – 65463, 

мекемелерге –15463. 

Мекен-жайы: Қызылорда қа ла сы, Бейбарыс  

Сұлтан көшесі №4 үй. 

Анықтаманы 40-01-09, 70-00-37, 40-05-81 

телефондарынан алуға болады. 

Біздің есеп-шотымыз: ТОО «Сыр медиа» 

СТН 331 000 011 645  БСН 100 740 005 115 

ҚҚС бойынша тіркеу куəлігі 

Серия 33001 №0003930 от 17.08.2012 ИИК 

KZ349260701180488005  

АО Казкоммерцбанк КБЕ 17,  БИК 

KZKOKZKX    КОД 158872

«АҚМЕШІТ 

АПТАЛЫҒЫНА» 

ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

БАСПАСӨЗ  – 2017

ФОРУМ

ТАЛАП

ПРАГАДА АБАЙ 

ҚҰНАНБАЕВҚА ЕСКЕРТКІШ 

ОРНАТЫЛАДЫ

ҚР  Сыртқы  істер  министрі  Ерлан  Ыды-

рысов  Қазақстанға  ресми  сапармен  келген 

Чеxияның  сыртқы  жəне  еуропалық  істер 

министрі Любомир Заоралекпен кездесті. Бұл 

жөнінде ҚазАқпарат мəлім етті.  

Тараптар  Прага  қаласында  қазақтың  ұлы 

ақыны  Абай  Құнанбаевқа  арнап  ескерткіш 

тұрғызуға 

уағдаласты, 

деп 


xабарлайды 

ҚазАқпарат  тілшісі. «Бүгінгі  кездесуде  екі-

жақты 

сауда-экономикалық, 



мəдени-гу-

ма  ни  тарлық  жəне  xалықаралық  мəселелер 

талқыланды.  Қазақстан  мен  Чеxия  арасындағы 

ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгіледік. 

Біз Чеxияның машина жасау, ауыл шаруашылығы 

мен  денсаулық  сақтау  саласындағы  үлкен 

əлеуетін білеміз. Дəл, осы бағыттарға басымдық 

беріледі.  Қазіргі  кезде  Чеxия  жерінде  көптеген 

қазақтандық  студенттер  білім  алып  жүр.  Ал, 

мəдениет  саласына  келер  болсақ,  жақын  арада 

Прага  қаласында  біздің  ұлы  ақынымыз  Абайға 

ескерткіш  орнатылады  деп  сенеміз», – деді 

кездесуден  кейінгі  брифингте  Е.Ыдырысов. 

Министрліктің  баспасөз  қызметінің  мəліметіне 

сəйкес, екі министр Чеxияның астанасы – Прага  

қаласында  Абай  ескерткішін  орнатуға  келісті. 

Алдағы уақытта ескерткіштің жері анықталады. 

Оны қаланың қақ ортасында ашу жоспарланған. 

Чеxия  сыртқы  істер  министрі  Любомир  Зао-

ралек  өз  кезегінде  қазақ  тілінде  амандасып, 

Астанадағы  қонақжайлылық  үшін  өз  алғысын 

да  қазақ  тілінде  жеткізді.  Сапар  барысында 

оның  Президент  Н.Назарбаевпен  кездесетіні 

жоспарланған.  Бұдан  бөлек,  Қазақстан-Чеxия 

бизнес  форумына  қатысады.  Айта  кетейік, 

Л.Заоралекпен  бірге  келген  делегацияның 

құрамында 30-дан  астам  бизнесмен,  осы  елдің 

аймақтық даму министрі, сондай-ақ Астанадағы 

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Чеxия павильонының 

ұлттық 


комиссары 

бар. 


Е.Ыдырысовпен 

өткен  бүгінгі  кездесу  аясында  ҚР  Президенті 

жанындағы  басқару  академиясы  мен  Чеxияның 

сыртқы  істер  министрлігінің  дипломатиялық 

академия  сы арасында өзара ынтымақтастық ту-

ралы меморандумға қол қойылды.  



«ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ-2017» 

ЭКСПЕДИЦИЯСЫ 

Орталық  коммуникациялар  қызметінде 

«Жаңа  Жібек  жолы-2017»  халықаралық 

экспедициясының 

басталуына 

арналған 

баспасөз  конференция  өтті,  деп  жазады 

ҚазАқпарат.

Шараға 


«Жаңа 

Жібек 


жолы-2017» 

жобасының  авторы,  белгілі  поляк  репортер-

зерттеушісі  Яцек  Палкевич  жəне  Польша 

Республикасының  Қазақстандағы  елшілігінің 

үшінші хатшысы Анджей Бобер қатысты. Яцек 

Палкевич  экспедицияның  дайындық  бары-

сы  туралы  ақпарат  берді.  Оның  айтуы  бойын-

ша,  жобаның  негізгі  мақсаты  ескі  континентті 

бойлай  Қытай мен Орталық Азия елдерін алдағы 

уақытта  қосатын  экономикалық  белдеуді, 

көліктік-коммуникациялық  желілерді  құру  бо-

лып  табылады. «Жоба – ең  алдымен  қоғамдық 

байланысты,  өзара  түсіністікті  жəне  халықтар 

арасындағы  достықты  нығайтуға  шақырады. 

Бүгінгі  жаһандық  мəнмəтінде  көне  жол  барлық 

аймақтардағы  сауда,  мəдениет  жəне  сая-

сат  саласындағы  жоғары  əлеуеттің  симво-

лы  болуы   мүмкін», – деп  атап  өтті  ол.  Экспе-

диция  Қытайдан  басталады  жəне  Қырғызстан, 

Өзбекстан,  Қазақстан,  Ресей  жəне  Беларусь 

аумақтарынан  көктей  өтеді  жəне  Польшада 

аяқталады.  Қатысушылар  алпыс  күн  ішінде  он 

мыңнан аса шақырымды еңсереді деп жоспарла-

нуда. Қазақстан Ұлы Жібек жолы өткен ел бола 

отырып, елдер арасындағы сауда жəне мəдениет 

саласындағы  байланыс  пен  коммуникацияны 

дамытуда  үлкен  маңызы  бар, – деп  атап  өтті 

Палкевич.   

Экспедиция уақытында оның қатысушылары 

Польшаны «Бір белдеу жəне бір жол» бастама-

сы жобысының негізгі бөлшегі ретінде, сондай-

ақ  мəдениетке  бай  жəне  орасан  зор  туристік 

əлеуеті  бар  ел  ретінде  таныстыратын  болады. 

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойын-

ша жаңа сауда-көліктік дəліз өзі байланыстыра-

тын  елдерде  үлкен  коммуникациялық  əлеуетке 

ие болады. Бұдан басқа, ұйымдастырушылардың 

жоспары  бойынша  аталған  жоба – Польшаға, 

польшаның  экономикасына,  Польшаның  жа

-

ғымды  бейнесін  насихаттауға,  оның  туристік 



құндылығына  назар  аудартады,  сондай-ақ  «Бір 

белдеу жəне бір жол» бастамасына Польшаның 

қатысатынына  көңіл  аудартады.  Бұл  жоба 

экспедиция  бағытынан  шалғай  орналасқан 

елдердің  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 

кеңінен  жарияланады,  телевизиялық  репортаж-

дар, фото-көрмелер, сұхбаттар, конференциялар 

өткізілетін болады.

Бүгінде аймағымызда көз аурулары кең тараған. Əсіресе, мектеп 

қабырғасында  оқитын  оқушылардың  басым  көпшілігі  көзілдірікке 

тəуелді.  Мұны  байқаған  Алтынай  мен  Аида  өздерін  толғандырған 

мəселе  төңірегінде  зерттеу  жасауға  ден  қояды.  Оларға  бұл  тұрғыда 

биология пəнінің мұғалімі Дариға Мұнарбаева  бағыт-бағдар береді. 

–  Жалпы,  қазір  мектеп  жасындағы  балалардың  көру  қабілеті 

нашарлаған.  Өзім  сабақ  беретін  сыныптағы  оқушылардың  басым  

бөлігі  көзілдірік  киеді.  Осыны  аңғарған  екі  шəкіртім  сабақ  ба-

рысында  көз  ауруларының  кең  таралу  себебін  зерттейік  деген 

ұсынысын  білдірді.  Осыдан  соң, «Қызылорда  қаласындағы  мектеп 

оқушыларының  көру  қабілетінің  бұзылысы  мен  алдын  алу  жолда-

ры»  тақырыбында  ғылыми  жобамызды  дайындадық, – дейді  жоба 

жетекшісі Д.Əбсаматқызы. 

Көздің көру қабілетінің нашарлауы соңғы жылдары белең алды. 

Себебі,  күнделікті  тұрмыста  заманауи  технологияның  көмегіне  жиі 

жүгінеміз. Оған қоса көзге айрықша күтім керек. Мұның барлығы көз 

жасушаларының бұзылысына əкеледі. Жас ғалымдар өз зерттеуінде 

осы мəселені қамтыған. Оның алдын алу жолдарын қарастырған.

– Біз зерттеу жұмысын екі бағытта жүргіздік. Оның бірі – сыртқы 

фактордың  əсері  болса,  екіншісі – тұқымқуалаушылықтан  туындай-

тын  көз  ауруы.  Оған  өзіміз  білім  алатын  орынмен,  қаладағы  қазақ-

түрік лицейі мен жанымыздағы №264 мектебінің 13-15 жəне 16-18 жас 

аралығындағы оқушылары қатысты. Алдымен статистикалық мəліметке 

жүгіндік.  Артынша,  сауалнама  жүргізу  арқылы  қанша  баланың  көзі 

көрмейтіндігін  жəне  тұқымқуалаушылық  фактордың  бар-жоғын 

анықтадық. Мұнан соң оларды көз дəрігеріне апарып, қазіргі уақыттағы 

көру  қабілетін  тексерттік.  Біздің  сынақ  жүргізуімізге  қатысуға 12 

оқушы келісім берді. Олардың көру қабілетін 4 топқа бөлдік. Бірінші. 

топ көз жаттығуларын жасады. Екінші топ көз жаттығуымен бірге сəбіз 

жеуді əдетке айналдырды. Ал, үшіншіде оқушылар тек сəбіз жеумен 

шектелді. Төртінші топқа ешқандай шара қолданылмады. Төрт топтың 

мүшелерін 4 ай өткен соң дəрігерге апарып, көздерін қайта тексерттік. 

Нəтижесінде екінші жəне үшінші топтағы оқушылардың көру қабілеті 

біршама  жақсарғанын  байқадық.  Яғни,  көз  ауруының  алдын  алуда 

жаттығулар  мен  пайдалы  дəрумендерді  жиі  қолдану  керектігіне  көз 

жеткіздік.  Бұл  мектеп  жасындағыларға  аса  қажет.  Зерттеу  жұмысы 

көзге ота жасамай-ақ оның алдын алуға болатынын дəлелдеді. Ол үшін  

оқушылардың  əр  сабақ  барысында 2 минут  көз  жаттығуын  жасауды 

жүйеге енгізуді ұсындық. Бүгінде мектебімізде бұл жаттығу тұрақты 

орындалады.  Сондай-ақ,  оларға  мұнымен  ғана  шектелмей  күнделікті 

А  дəруменіне  бай  көкөніс  пен  жемістерді  жиі  тұтыну  керектігі  ай-

тылды.  Біздің  ғылыми  жобамыз  мектепішілік  байқауда  ІІ-орынға  ие 

болды.   Бұған қоса, республикадағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік 

мектептері арасында өткен байқауға қатыстық. Қорқыт ата атындағы 

ҚМУ-дың  оқытушысы,  биология  ғылымдарының  докторы,  профес-

сор Салтанат Ибадуллаева ғылыми жетекшілік жасады.   Көпшілік бұл 

жобаны  оң  қабылдады.  Елімізге  танымал  ғалымдар  мұны  əрі  қарай 

жіті зерттеуге кеңес беріп, жөн сілтеді. Алдағы уақытта көз ауруына 

психологиялық  фактордың  əсерін  зерттеуді  қолға  алмақ  ниеттеміз, – 

дейді жас зерттеушілер.

Ғылыми жоба барысында анықталғандай қаламызда көздің түйілу 

бейімділігі 2015 жылы  екі  мыңға  жуық  адамда  кездессе,  биыл  үш 

мыңға  жеткен.  Сондай-ақ,  алыстан  көрмейтін  адамдар  саны  был-

тыр 953 болса, 2016 жылы 1308 адамды  көрсетіп  отыр.  Сауална-

ма  барысында  ұлдарға  қарағанда  қыз  баланың  көру  қабілеті  нашар 

екендігін  анықталған.  Себебі – олар  көп  оқып,  компьютер  алдын-

да жиі жұмыс жасайды. Ал, сауалнамаға қатысқан 160 баланың 31,9 

пайызы ата-анасының көзілдірік тағатынын айтқан. Бұл тұқымқуалау 

факторының көзге айтарлықтай əсерін айғақтайды.

Айдана СЕЙІЛ.

Сондықтан 

құрылыс 

саласын-


да  едəуір  болғанын  жасыра  алмайты-

нымыз  анық.  Осы  істің  қыр-сырына 

қанық мамандар уақытша болса да өзге 

кəсіптердің  құлағын  ұстауға  мəжбүр 

болды.  Жеке  азаматтар  бір-екілі  ғи-

мараттың  құрылысын  жүргізгенімен 

өзге өзгерістер байқала бермейтін. 

Одан бергі кезеңде дəулетіміз арта түсті. 

Сəулетіміздің сəні кірді. Тұрғын үйлер бой 

түзеді. Сəнді ғимараттар қала келбетін арт-

тыра түсті. Көптеген əлеуметтік нысандар 

елдің игілігіне айналды.

Екі  ғасырға  жуық  шежіресі  тарих 

беттерінде  қатталған  Қызылорда  соңғы 

уақытта  өзгеше  кейіпке  енді.  Бүгінгі 

заманға  сай  келбетке  ие  бола  бастады. 

Əлемдегі біртқатар мемлекеттердің аста-

налары өзеннің екі бетін ала орналасқан. 

Айталық, жауһар қала Париж Сена, Лон-

дон Темза өзендерінің қос жағалауында. 

Біздің  Қызылорда  сылаң  қаққан  Сыр-

дарияның жағасына жайғасқан. Келешек 

кемерінде  дарияның  сол  жағалауы  да 

келбеті көркем, сəулеті келбетті, ажары  

асқақ аймаққа айналмақ. 

Ұлы 


өзеннің 

оң 


жағасында 

дамыған  қала  енді  сол  жағалау  бойын-

ша  да  өрістей  түспек.  Соңғы  жылдар-

да  салынған  жаңа  ғимараттар,  тұрғын 

үйлер  қала  құрылысын  жанданды-

ру  үстінде.  Бұл – бүгінгі  уақыт,  қазіргі 

даму, жаңару. Ал, кешегі өркендеуді тек 

тарих беттерінен байқай аламыз. 

1970-1980  жылдардың  шамасын-

да  қалада  жаңа  ғимараттар  көбейген 

сайын  оған  қажетті  материалдарға 

да  сұраныс  арта  түскен.  Құрылыс 

алаңдарын арзан, əрі сапалы кірпіштен 

қамтамасыз  етуге  мəн  берілген. 

Шаһар бұрын жыл сайын сырттан 9-10 

миллион  кірпішті  алдыртып  отырған. 

Осы  қиындықтан  құтылу  мақсатында 

қаланың оңтүстігінен ірі құрылыстың 

силикатты 

кірпіш 


зауыты 

іске 


қосылды.  Қызылорда  қаласының  бас 

жобасын 1976 жылы  «Казгорстрой-

проект»  институты  жасап  шығарды. 

Бас  жоба  Қазақ  КСР  Министрлер 

Кеңесінің  мəжілісінде  бекітілгеннен 

кейін қалада ірі кешендер мен тұрғын 

үйлер салуға мүмкіндік туды.

Бұл  салтанатты  рəсім  «Ұлы  дала  елі – Тəуелсіздіктің 25 негізі» 

тақырыбындағы іс-шаралар жоспарына сəйкес жүргізілуде.

–  Қазақстан  егемендігін  алғаннан  кейін  үлкен  тарихи  қадамдар  жасады. 

Мемлекеттің экономикасы мен мəдениеті дамып, Орта Азиядағы қуатты елдің 

біріне  айналды.  Соның  ішінде  Сыр  өңірі  де  жасарып,  алға  жылжып  келеді. 

Елбасының «Тəуелсіздік жылдарындағы елдің жетістігін бір ғана Қызылорда 

облысынан  көруге  болады»  деген  сөзі  біраз  нəрсені  аңғартқандай.  Облыс 

бюджеті соңғы үш жылда 2,3 пайызға өсті. Бұл – бірлік пен еңбектің арқасында 

қол жеткізген нəтиже, – деді облыс əкімінің орынбасары.

Одан  соң  өз  саласында  жемісті  еңбек  етіп,  көзге  түскен  мамандар 

«Қоғамға қызмет», «Бүгінгі күннің батыры», «Кəсібінің үздігі», «Патриот»,  

«Шығармашылық  жеңіс», «Үміт  пен  сенім», «Ұлағат», «Саламатты  спорт-

шы», «Қажырлы  қайрат», «Жігерлі  жас»  номинациялары  бойынша  ма-

рапатталды.  Сонымен  қатар,  ақын, «Құрмет»  орденінің  иегері  Шəкизада 

Əбдікəрімов рухты өлең жолдарын оқыды. Ал, корей этномəдени бірлестігі 

төрағасының  орынбасары  Вилюрий  Шин  елдің  дамуы  тұрақтылық  пен 

тыныштықтың арқасында екенін атап өтті.

–  Мен  бір  нанды  бөліп  жеген,  қамқорлығын  аямаған  қазақ  халқына 

əрқашан  алғыс  айтамын.  Қиын  күндерде  кеудеден  итермей,  панасына  алып, 

бауырмалдық танытты. Бүгінде түрлі ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астын-

да тату-тəтті күн кешуде. Бұл – менің Отаным, – деді ол.

Шара барысында Сыр жұлдыздары көптің көңілін жүректі тербер əнмен 

көмкерді. Сонымен бірге, патриоттық форумның үндеуі қабылданды. 



Мəди ҚҰРМАНƏЛІ.     

Қаладағы  «Мұз  айдыны»  спорт  кешенінде  Тəуелсіздіктің 25 

жылдығына  орай  облыстық  ішкі  саясат  басқармасы  жəне  «Ауған 

соғысының  ардагерлері  мен  мүгедектері»  қоғамдық  қорының 

ұйымдастыруымен  «Болашағымыз  бірлікте»  атты  патриоттар  форумы 

өтті. Оған облыс əкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты.

ХАЛЫҚТЫҢ ҚУАТЫ – 

БІРЛІКТЕ


Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында құрылыс саласының қарқыны бəсең 

тартты. Себеп – қаржы жетімсіздігі. Рас, еліміз егемендік алған алғашқы жыл-

дарда еңсемізді бірден тіктеп кетуге ешбір мүмкіндік болған жоқ. Қай салада 

да ақшаның жетіспеуі байқалып, қысқа жіп күрмеуге келмей жататын. Оны 

көпшілік  ұмыта  қоймағаны  белгілі.  Тіпті,  бұрынғы  салынған  ғимараттарды 

ұстап тұрудың өзі көп қиындық алып келді. 

Келбеті көркем 

көрікті шаһар

Оған 

облыс 


əкімінің 

орынбасары 

Серік 

Сүлейменов қатысып, өңірлік аталмыш жасақтың қыс 



мезгілінде  орын  алу  қаупі  бар  апаттық  жағдайларға 

қарсы  тұру  қауқарын  бақылады.  Сондай-ақ,  сала 

мамандарының  оқу-жаттығуға  əзірлік  жұмыс  бары-

сы жəне күш-құралдарының дайындығымен қанықты. 

Басқару 

органдарының, 

авариялық-құт қару 

қызметтері күштері мен құралда рының, тіршілікпен 

қамтамасыз  ету  нысан дарының  қысқы  жағдайдағы 

іс-қимыл  туралы  тұрғындарды  құлақтандыру 

мақсатында  ұйым дастырылған  шарада  техникалық 

күш  құры лымдарының  əзірлік  деңгейлері  қалыпты 

жағдайда екендігі аңғарылды.  

Айта  кетейік,  жедел  əрекет  ету  жасағы  қысқы 

кезеңде орын алуы мүмкін  ірі апаттық жəне төтенше 

жағдайларды  жою  мақсатында  жасақталған.  Ал, 

оның құрамына жалпы саны 264 адам мен 69 техни-

каны құрайтын 20 құрылым жұмылдырылған.



***

Республика  көлемінде  өтіп  жатқан  «Қыс-2016»  командалық-штабтық  оқу-

жаттығуы Қызылорда облысында да жалғасын тапты. Осы орайда қалада төтенше 

жағдайлардың  алдын  алу  мақсатында  жедел  əрекет  ету  жасағының  дайындығы 

тексерілді.

ҚЫСқа әзірлік қатаң пысықталуы тиіс

Облыс  əкімдігінің  мəжіліс  залында 

«Қыс-2016» республикалық командалық-

штабтық оқу-жаттығуын өткізу барысын-

да  барлығы 15 басқару  органдарының 

қызмет  басшыларын  тыңдау  бойынша 

жиын  өтті.  Оған  облыс  əкімінің  орын-

басары  Серік  Сүлейменов  төрағалық 

етіп,  қызметтік  құрылымдардың  қысқы 

маусымға дайындық барысымен танысты.

Жиында  қыс  мезгілінің  құбылмалы 

ауа  райы  салдарынан  орын  алатын  түрлі 

апаттық  жəне  төтенше  жағдайлардың  ал-

дын  алуға  бағытталған  іс-шаралардың 

маңыздылығы  баса  ескертіліп,  барлық 

жауап ты  мамандарға  тиісті  тапсырмалар-

ды  сапалы  орындау  міндеттелді.  Сондай-

ақ,  бас  қосқан  түрлі  саланың  маманда-

ры  осы  мəселе  төңірегіндегі  атқарылған 

жұ мыстары  туралы  есеп  берді.  Оларға 

облыс   əкімінің  орынбасары  аталған  оқыс 

жағдайларды  мүм кіндігінше  болдырмау 

ба  ғытындағы тапсырмаларын  қадап тапсы-

рып, техни ка лар дың міндеттерді орындау 

кезінде  күштер  мен  құралдарды  үздіксіз 

басқара  алу  машығы  мен  қуаттылығын 

тек серіп  отыруды  ескертті.  Сонымен 

қатар, мəжілісте барлық ауданның аталған 

сала бойынша жауапты мамандары қысқы 

мезгілге  əзірліктің  қалыпты  деңгейде 

екендігін хабарлады.

Ал, «Казгидромет»  РМК  Қызылорда 

облысы  бойын ша  филиалы  мамандары 

желтоқсан айынан бастап күн қабағының 

суыта  түсетіндігін  мəлімдеді.  Сондай-

ақ,  сала  маманының  айтуынша,  ал дағы 

уақытта  тұрғындардың  қауіпсіздігін  арт-

тыру мақ сатында құбылмалы ауа райы ту-

ралы  ақпарат  арнайы  хабарлама  арқылы 

ұялы  байланыс  телефондарына  тұрақты 

түрде жіберілетін болады. 



      Бағлан 

ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

КӨЗ АУРУЫН ЗЕРТТЕГЕН ӨРЕНДЕР

Өркениеті дамыған алпауыт елдермен тереземіз тең тұруы үшін жас ұрпақтың бойында ғылымға деген құштарлықты оятуымыз керек. Са-

палы білім мен тəжірибені ұштастыра отырып, бізде ғылыми жетістіктерге жетуге мүмкіндік бар. Бұл ретте қазіргі жеткіншектердің ғылымды 

игеруге деген құштарлығы – жарқын болашақ бастамасы. Оларға ел сеніммен қарайды. Сондай ертеңінен үміт күттіретін өрендер – қаладағы 

Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің 10 сыныбында оқитын Аида Болатқызы мен Алтынай Əбдіжəмил. 


ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹91      22 ҚÀÐÀØÀ, 2016 ÆÛË

ҚÎҒÀÌ

2

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

БРИФИНГ

ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы жылдары Қызылорда қаласы 

тұрғын  үйдің  қарқынды  құрылыс 

алаңына  айналды.  Өткен  жылдармен 

салыстырғанда  оның  көлемі  бірнеше 

есеге  артты.  Тəуелсіздік  жылдары 

ішінде  аймақта  жалпы  аумағы 4 млн. 

шаршы  метрден  асатын  тұрғын  үйлер 

пайдалануға  берілді.  Егер 2004 жылы 

облыста 92 мың шаршы метр тұрғын үй 

тұрғызылса, бүгінде бұл көрсеткіш 500 

мың  шаршы  метрге  дейін  жетті.  Яғни, 

5,5 есе жоғары. 

Облыс  əкімі  Қырымбек  Көшербаев 

Сыр  өңірі  басшылығына  келген  сəттен 

қаланың  сəулеті  мен  дəулеті  артуына, 

инвестициялық  тартымды  қалаға  айна-

луына айрықша көңіл бөліп келеді. Бұл 

бағытта қала басшылығы тарапынан да 

нақты  жұмыстар  жасалып  отыр.  Осы 

уақыт  аралығында  шаһарды  көркейтіп, 

кемелдене  түсуі  үшін  атқарылып 

жатқан  жұмыстары  көпшілік  көңілінен 

шығып келеді. 

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту-

ға  да  жағдай  жасалуда.  Республикалық 

бюджеттен  бөлінген 8,5 млрд.  теңгеге 

қалада  «Бəйтерек»  мөлтек  ауданының 

980  гектарлық  аумағына  инженерлік-

инфрақұрылымдық  жұмыстар  жүргізі-

луде.  Онда 6600 адамға  бөлініп 

берілген  жер  телімдерінде  болашақта 

36 000-нан  астам  адам  қоныс  тебеді. 

Айтпақшы,  бұл  соңғы  үш  жылда 

тұрғын  үй  бағдарламасы  аясында  об-

лыс  орталығында  салынып  жатқан 11 

мөлтек ауданның бірі болып саналады. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге 

асыру бағытында облыс көлемінде нақты 

іс-шаралар  қолға  алынып  отыр.  Соның 

нəтижесінде қандай да күрделі кезеңнен 

сенімді  өтуге  мол  мүмкіндік  туды. 

Болашаққа  бағытталған  басты  құжат 

негізінде серпінді істер Сыр өңірінде де, 

облыс орталығы – Қызылорда қаласында 

өз деңгейінде жүзеге асуда.

Облысымызға  республикалық  бюд-

жеттен  жəне  ұлттық  қор  есебінен 

барлығы 20,4 млрд.  теңге  қаржы 

бөлінгендігі  белгілі.  Оның 5,6 млрд. 

теңгесі  салынып  жатқан  тұрғын  үйлер 

құрылысына,  инфрақұрылымды  дамы-

туға, 2,6 млрд.  теңгесі  қаладағы  да-

рия  үстінен  өтетін  көпір  құрылысына 

жұмсалатын  болса,  жергілікті  бюджет-

тердің шығыстарын өтеу мен өңірлердің 

экономикалық  тұрақтылығын  қамтама-

сыз етуге 3,4 млрд. теңге бөлінді.

Айта  кету  қажет,  аталған  көпір  об-

лыс дамуына ықпал ететін стратегиялық 

маңызы  бар  нысан  болып  санала-

ды.  Сол  жағалауды  игеруге  оң  əсерін 

тигізеді.  Қызылорда  қаласының  даму 

жоспарына  сəйкес,  Сырдария  өзенінің 

сол  жағалауын  дамыту  мəселесіне 

мəн  беріліп  отыр.  Ол  аумақта  бүгінгі 

талаптарға  сəйкес  заманауи  үлгідегі 

жаңа  қала  салынбақ.  Осы  мақсатта 

Мұратбаев  көшесі  бойымен  дарияның 

екі  жағалауын  байланыстыратын  атал-

мыш құрылысты жүргізуге мəн берілді. 

Расында  да,  қазір  құрылыс  қар-

қынына  көз  ілесер  емес.  Шаһар  келбе-

тіне  көрік  қосқан  зəулім  ғимараттар 

алыстан менмұндалайды. Санаулы ғана 

уақытта  бой  түзеген  тұтас  мөлтек  ау-

дандар жергілікті тұрғындар жүрегінде 

жылылық ұялатты. Мамандар шаһардың 

батыс  бөлігіндегі  «Мерей», «Ақмешіт» 

ықшам  аудандары 6-7 жылдан  астам 

уақытта  салынғанын  айтады.  Қазіргі 

уақытта  ондай  жұмыстарға 1-2 жыл 

ғана  жұмсалады.  Кейінгі  жылдары 7 

мыңға жуық отбасының жаңа пəтерге ие 

болды. Ол 30 мыңнан астам баспаналы 

болған қызылордалықтардың қуанышы 

екені  белгілі.  Бүгінгі  күні  шаһар  үй 

құрылысын  жүргізу  жағынан  еліміздің 

бас қаласы – Астанадан кейінгі орында 

екендігі белгілі. 

Сондай-ақ, аталмыш көше бойынан 

170 пəтерлі көпқабатты үйдің құрылысы 

басталды.  Тұрғын  үй  құрылысын 

«Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мү-

лік  қоры»  АҚ  мен  «Бақ-береке 2030» 

ЖШС бірлесіп жүзеге асырады.

Құрылыстың  қыр-сырын  кеңінен 

меңгерген «Бақ-береке 2030» ЖШС ди-

ректоры,  қалалық  мəслихат  депутаты 

Қайрат Ерназаров: 

– 

Соңғы 



жылдардағы 

айту-


лы  жетістіктердің  бірі – тұрғын  үй 

саласындағы  жақсы  нəтижелер.  Қала-

ның  қай  жағынан  қарасаңыз,  құрылыс 

қарқынды жүруде. Бірі зəулім ғимарат, 

енді бірі əдемі үй салып жатыр. Мұның 

өзі  Қызылорданың  сəулетіне  көрік 

қосады.  Өйткені,  тəуелсіздік  алған 

жылдардан  бергі  уақытты  саралай-

тын  болсақ,  қалада  үлкен  даму  мен  оң 

өзгеріс бары байқалады.

Қазіргі  күні  біздің  серіктестік  ау-

қымды істі қолға алды. Аталмыш нысан-

да 100 екі бөлмелі, 70 үш бөлмелі пəтер 

болады.  Құрылыстың  жалпы  аумағы 

2  гектарды  құрайды.  Бұл  жұмыс  келер 

жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Жалпы,  кез  келген  дамыған  елдер-

дің  өзен  бойына  орналасқан  қалалары 

өзіндік  кескін-келбетімен,  көз  тар-

тар 


сəулеттілігімен 

ерекшеленеді. 

Осы  орайда  соңғы  уақыттағы  Қызыл-

орданың  дамуы,  құрылысының  қарқын 

алуы  көңілге  қонады.  Кезінде  аста-

на  болған  қаламыз  қазіргі  таңда  алып 

шаһарлардың  біріне  айналып  отыр. 

Қалың  қатпарлы  тарихтың  куəгері 

болған өңіріміз дамудың жарқын жолы-

на түсті, – деді. 

Олай болса, аймақ экономикасының 

барлық  салаларының  локомотивіне 

айналған  қалада  биылдың  өзінде 80 

көпқабатты  тұрғын  үйлер  құрылысы 

жүргізіліп, үш жылда жаңадан 11 шағын 

аудан  бой  көтерді.  Мұндай  құрылыс 

қарқыны келер жылы да жалғасын таба 

бермек. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал