Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 360.56 Kb.

бет1/4
Дата29.05.2017
өлшемі360.56 Kb.
  1   2   3   4

апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

наурыз


сенбi

25

№22 (1324)

2017 жыл

•       Қалалық қоғамдық-саяси газет        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

БЕРЕКЕ

СЕРПІН

БІРЛІК

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



КƏСІПКЕРЛІКТІҢ 

ДАМУЫ – ƏР АУДАННЫҢ 

БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

Наурыз  мейрамы  қарсаңында  облыстың 

бес  ауданында  кəсіпкерлердің  жəне  ауылдық 

округтер  əкімдерінің  қатысуымен  шағын  жəне 

орта бизнесті дамыту жөнінде актив отырыста-

ры өтті. Онда аталмыш салада алда атқаратын 

жұмыстар  мен  міндеттер  таразыланды.  Оған 

облыс əкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 

20  наурыз  күні  бұл  шара  Арал,  Қазалы, 

Қармақшы  аудандарында  өткізілді.  Онда  əсіресе 

ауылдық  жерлерде  кəсіпкерлікті  дамытудың  жəне 

кəсіпкерлердің  құқықтарын  қорғаудың  өзекті 

мəселелері талқыланды. 

Шағын 

жəне 


орта 

кəсіпкерліктің 

да-

муы  облыс   үшін  аса  маңызды.  Себебі,  ол  жаңа 



жұмыс  орындарының  ашылуына,  жергілікті 

бюджеттің  нығаюына  жəне  салық  базасының 

ұлғаюына  септігін  тигізеді.  Бұл  мəселе  мысалға 

алдағы  уақытта  енгізілетін  міндетті  əлеуметтік 

медициналық  сақтандыру  жүйесі  өзін-өзі  жұ-

мыспен  қамтығандар  мен  жұмыссыздардың, 

жеке  кəсіпкерлердің  заңды  түрде  тіркелуін  қажет 

етеді.  Облыс  əкімі  ауыл  халқын  бизнестің  негізін 

үйрететін «Бизнес-Бастау» жəне «Бизнес-Кеңесші» 

бағдарламаларына  мейлінше  көптеп  тартуды, 

кəсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша жаңа жо-

балар  əзірлеуді тапсырды. 

Актив отырыстары 21 наурызда Жалағаш, Сыр-

дария  аудандарында  жалғасты.  Жиын  барысында 

облыс əкімі Қырымбек Көшербаев əсіресе ауылдық 

жерлерде  кəсіпкерліктің  дамуы – əкімдердің 

жұмысының  ең  басты  көрсеткіштерінің  бірі 

екендігін атап өтті. 

–  Алғашқы  кезекте  əрбір  аудан  бойын-

ша  олардың  географиялық  орналасуын,  табиғи 

бай лығын,  кəсіби  салтын  ескере  отырып,  биз-

нес  жобалардың  іске  асырылуын  қолға  алу 

қажет.  Мысалы,  Қармақшы,  Жалағаш,  Сырда-

рия  аудандарында  суармалы  егін,  көкөніс,  бақша 

шаруашылықтарын  дамытуға  болады.  Жалағаш 

ауданында   мия  өңдеу  зауыты  айналасында  мия 

сусыны,  тыңайтқыш  өнімдері,  фармацевтикалық 

өнімдер,  комбикормдық  жем  шығаруға  назар  ау-

даруымыз  тиіс.  Ал  элеватор  кешені  айналасын-

да күріш лапшасы, күріш ұны, күріш майы, күріш 

сабанынан  қап,  крафт  қағаздарын  шығаратын 

кəсіпорындарды  дамыту  керек, – деді  облыс 

басшысы. 

Облыс  əкімінің  орынбасары  Евгений  Ким,  ау-

дан  əкімдері  жəне  облыстық  өңірлік  кəсіпкерлер 

палатасының  төрағасы  Асқар  Махамбетов  ШОБ 

дамыту  жəне  жуырда  қабылданған  аймақтағы 

кəсіпкерлікті  дамытудың 2017 жылға  арналған 

бірыңғай  жол  картасын  жүзеге  асыру  бойынша 

баяндамалар  жасады.

Отырыс  қорытындысы  бойынша  мемлекеттік 

мекемелер  мен  аймақтық  даму  институттарының 

басшыларына  Өңірлік  кəсіпкерлік  палатасы-

мен  жəне  «Байқоңыр  ƏКК»-мен  бірлесе  оты-

рып,  ең  бірінші  кезекте  елді-мекен  тұрғындарына 

шағын кəсіп ашудың негіздерін үйрету шараларын 

қабылдау,  бизнес  жобаларды  жүзеге  асыру  мен 

аудандардағы  индустриялық  аумақтарды  дамыту, 

жұмыссыз жəне өзін-өзі қамтыған, жаңадан кəсібін 

ашқан азаматтарға қолдау танытып, көмек көрсету 

жұмыстары тапсырылды. 

Енді  мұндай  отырыстар  Жаңақорған,  Шиелі 

аудандары   мен  облыс  орталығында  да  өтеді  деп 

жос парлануда.



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ 

ФЕСТИВАЛІ

«Түркістан – Түркі əлемінің мəдени астана-

сы» жылы  аясында «Бұраң бел» Халықаралық 

би фестивалі өтті.  

ТҮРКСОЙ  халықаралық  ұйымы,  Оңтүстік 

Қазақстан  əкімдігі  жəне  облыстық  мəдениет 

басқармасы  ұйымдастырған  байқауға 11 елден 21 

би  ұжымы  қатысты.  Жеңімпаздарға 2 млн.  теңге 

көлемінде қаржылай сыйлық берілді, деп хабарлай-

ды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, халықаралық 

фестивальдің  мақсаты - түркітілдес  ұлттар 

арасындағы  бауырластық  байланыс  пен  достықты 

нығайтып,  түркі  мəдениеті  мен  өнерді  ұрпақтан-

ұрпаққа  жеткізу.  Сондай-ақ  ұлттық  өнер  сайысы 

өзге  түркітілдес  халықтардың    шығармашылығын 

кеңінен  насихаттау  мен  өзара  қарым-қатынасты 

нығайту  бағытында  ұйымдастырылды.  Шараға 

Қырғызстан («Датқа  айым», «Taжи»  би  топтары), 

Əзербайжан («Жанги» би тобы), Венгрия («Forras» 

би тобы), Түрікменстан («Лебап» би тобы), Босния 

жəне Герцеговина ( «Гажрет» би тобы ), Румыния 

(«Гарасу»  би  тобы),  Болгария («Родоп  Есинтиле-

ри»  би  тобы),  Башқұртстан («Кружева»  би  тобы), 

Татарстан («Алтын  ой»),  Түркия («Реджеп  Ердо-

ган») елдерінен  11 би ұжымы қатысса, Қазақстан 

Республикасынан  9 би  ұжымы («Шамсинур», 

«Қаракөз», «Жұлдыздар», «Жастар», «Айгөлек», 

«Таңшолпан», «Шаттық», «Has Sanat», «Үкілім»  

би  топтары)  топтары  өнер  көрсетті.  Халықаралық 

байқауға  қатысқан  би  ұжымдарының  əрқайсысы 

өз ұлтының ерекшелігін, достықты дəріптейтін би 

өнерін паш етті.



ЕЛ ТЫНЫСЫ

–  Елбасы  Жолдауында  айтылғандай, 

біздің  өңірде  де  жол  қатынасын  жақсарту 

бағытында  біршама  жұмыстар  атқарылуда. 

Атап айтсақ, облыс жəне аудан орталығынан 

шалғай  орналасқан,  жолаушылар  ағымы  аз 

жəне  жол  сапасы  төмен 11 қоғамдық  көлік 

əлеуметтік  мəні  бар  маршурттар  қатарына 

енді. Сондай-ақ, олардың жолақы тарифтері 

ең  төменгі  деңгейде  қалдырылды.  Жыл 

сайын   оған  облыстық  бюджет  есебінен 17,6 

млн. теңге бөлінуде, – деді Е.Жаңабаев.

Сонымен  қатар,  оның  айтуынша  был-

тыр  жалпы  ұзындығы 101,6 шақырымды 

құрайтын  қаладағы 174 көшенің  жолда-

ры  жөнделген.  Ал,  биыл  ұзындығы 17,42 

шақырым  көше  жөндеуден  өткізіледі  деп 

күтілуде.

Осыдан 3 жыл  бұрын    Қорқыт  ата 

əуежайына  халықаралық  ұшуларды  қамта-

масыз  етуге  рұқсат  берілді.  Қазіргі  кезде 

аталған  əуежай  арқылы  аптасына 30 рейс 

орындалуда.  Айта  кету  керек,  үстіміздегі 

жылдан  бастап,  мемлекетаралық  рейстерді 

жасау  жоспарлануда.  Сондықтан  облыс 

жұртшылығына  алдағы  уақытта  көршілес 

Ресей,   Қытай,  Өзбекстан,  Қырғыстан  ел-

деріне тікелей қатынауға мүмкіндік тумақ. 



Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ.

Жаңа 

ауданда 


келешекте 

580  отбасы  тұрады  деп  жоспар-

ланып  отыр.  Бұдан  бөлек  «Ти-

тов»  шағын  ауданында  апатты 

жағдайдағы  үйлердің  орнына 100 

пəтерлік  көпқабатты 2 тұрғын  үй 

пайдалануға берілді. 

Аймақ  басшысы  жиналған 

қауымды  Наурыз  мерекесімен 

құттықтап, 

құрылысшыларға 

же місті   еңбектері  үшін  риза-

шылығын жеткізді. 

– Елбасы тапсырмасымен биыл 

«Нұрлы  жер»  мемлекеттік  бағ-

дарламасы  іске  асырылады.  Ол 

бойынша  елімізде  алдағы 15 жыл-

да 1,5 миллион    отбасын  тұрғын 

үймен  қамтамасыз  ету  көзделуде. 

Бұл  мақсатты  жүзеге  асыру  ісін-

де  де  Сыр  өңірі  көшбасшылар  қа-

тарында    болатынына  сенім  зор, – 

деді облыс əкімі.

Айта  кетейік, 4 жыл  ішінде 

қала да  жаңадан 11 шағын  аудан 

бой көтеріп, 7 мыңнан астам отбасы 

баспанаға  қол  жеткізді.  Құрылыс 

жұмыстары  барысында 20 мыңнан 

аса  адам  еңбекпен  қамтылды. 

Сон дай-ақ,  жыл  өткен  сайын  тұр-

ғындар санының, оның ішінде жас 

отбасылардың  қатары  артып  келе 

жатқандығы  қуантады.  Соңғы 2 

жыл да  өңірде 5250-дей  жұп  неке-

ге тұрған болса, жаңа жылдан бері 

500-дей жас отау құрды.



Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Күллі мұсылман халқына ортақ  Ұлыстың Ұлы күні Қызылорда қалалық автобус паркінде де ерек-

ше тойланды. Оған қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев қатысып, барша ұжым қызметкерлерін  құттықтады.

ше тойланды. Оған қ



ТАРТУ

Қызылөзектегі қуаныш

Сыр жұртшылығы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін көтеріңкі көңіл-күймен, шаттыққа толы қуанышпен 

қарсы алды. Қаладағы орталық алаңға 30 киіз үй мен 6 қайырымдылық дастарқан шатыры тігілді. Сондай-

ақ, Елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің билеттері сатылатын павильон ұйымдастырылды.

Ұлыстың  Ұлы  күнінде  Қызылордада  қоныстой  тойланды.  Наурыз 

мерекесінде көпқабатты 12 үйден тұратын тағы бір жаңа мөлтек аудан елдің 

игілігіне айналды. Оған облыс əкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 

МЕРЕЙЛІ күндегі

ҚОНЫС ТОЙЫ



ИГІЛІК

Бүгінде  Сыр  өңірінде  шалғайда  орналасқан  елді  мекен-

дер 100 пайыз  көлік  қатынасымен  қамтылған.  Бұл  туралы   

облыстық  жолаушылар  көлігі  жəне  автомобиль  жолда-

ры  басқармасы  басшысының  міндетін  атқарушы  Ерлан  

Жаңабаев  өңірлік  коммуникациялар  қызметінде  өткен 

баспасөз мəслихатында мəлімдеді.

КӨРШІЛЕС ЕЛДЕРГЕ 

ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ашылмақ

нышпен


Сондай-

рылды.


Àâòîáóñ ïàðêіíäåãі àòàóëû øàðà

–  Осыдан 3 жыл  бұрын  қалаішілік 

қоғамдық  көлік  тасымалын  сапалы 

қызметпен  қамтамасыз  ету  мақсатында 

«Қызылорда»  автобус  паркі»  құрылған 

болатын.  Қазіргі  таңда  облыс  орталы-

ғындағы  кіші  сыйымдылықтағы  қо-

ғамдық  көліктердің  орнына  жаңадан 

барлық талаптарға сəйкес, жолаушыларға 

ыңғайлы  жағдай  жасалған  автобустар 

жеткізілді. Олар экологиялық таза, үлкен 

сыйымдылықта.  Осындай  заманауи 112 

автобус қазір қала халқына қызмет етуде. 

Мұнан бөлек, жаңадан диспетчерлік пун-

кттер  іске  қосылды.  Ең  үлкен  жағымды 

жаңалық, жалпы аумағы 5 гектар жерге, 

200  автобусқа  шақталған  жаңа  үлгідегі 

автобус паркі салынуда, – деді қала əкімі.

Өздеріңіз  көріп  тұрғандай,  автобус 

паркінің  құрылысы  аяқталуға  жақын. 

Ол  алдағы  мамыр  айында  пайдалануға 

берілетін  болады.  Бірлігіміз  бен  тірлігі-

міздің  арқасында  талай  белестерді  бағын-

дырып,  бұдан  да  зор  жетістіктерге  жете-

ріміз анық.

– Ұлтымыздың рухының асқақтығын, 

тегінің  тектілігін,  салт-дəстүріміздің 

салтанатын  паш  етер,  халқымызды  ға-

сырлар  бойы  нұр  шуағына  бөлеген 

Ұлыстың  Ұлы  күні  шаңырақтарыңызға 

шаттық,  отбасыларыңызға  бақ-береке-

сімен енсін, – деді қала əкімі.

Салтанатты  шара  барысында  қала 

басшысы жаңа үлгіде салынып жатқан ав-

тобус  паркінің  құрылыс  жұмыстарымен 

танысып,  оны  сапалы  жəне  мерзімінде 

орындау қажеттігін ескертті. 

Айшықты  мерекенің    көркін  асық 

ату, арқан тарту, кір тасын көтеру секілді 

ұлттық ойындар қыздыра түсті. Ақшаңқан 

киіз  үйлерде  қонақтарға  наурыз  көже  та-

ратылып, түрлі рəсімдер жасалды.



Г. ҚОЖАХМЕТОВА.

Шаттық нұрын төккен

 

ұлық мейрам



Жиналған  көпшілікті  облыс  əкімі  Қырымбек  Көшербаев  ұлттығымызды  айшық-

тайтын ұлық мерекемен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін арнады.

– Былтыр біз Тəуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойын ауызбірлікпен атап өттік. 

Жылды  жемісті  қорытындыладық.  Сыр  өңірі  орасан  зор  жетістіктерге  қол  жеткізді. 

Өңдеу  өнеркəсібін  дамыту,  тұрғын  үй  құрылысы  бойынша  елімізде  көшбасшылар 

қатарында  тұрмыз.  Төрт  жыл  қатарынан  күріштен  рекордтық  өнім  жиналды, – деді 

аймақ басшысы ел алдында.

Мерекелік жиын барысында салт-дəстүріміз ұлықталып, ұлттық ойындар мен жарыс-

тар  ұйымдастырылды.  Наурыз  көже  дайындау  сайысында  аспаздар  өз  шеберліктерін 

сынға  салды.  Олардың  аспаздық  өнеріне  көпшілік  бағасын  берді.  Қазақылықтың 

қаймағы  бұзылмаған  өңірде  тұратын  қызылордалықтар  бұл  күні  өздерін  жан-жақты 

қырынан көрсетіп, əдет-ғұрпымызды берік ұстанып келе жатқандарын əйгіледі.

Сондай-ақ,  салтанатты  шарада  ТҮРКСОЙ  түркі  мəдениеті  халық-

аралық ұйымының өнерпаздары өнер көрсетті. Бауырлас 11 халықтың 

əндері  шырқалып,  билері  орындалды.  Түбі  бір  түркі  халқының 

ортақ  мейрамымен  құттықтаған  ТҮРКСОЙ  ұйымының 

бас  хатшысы  Дүйсен  Қасейінов  өз  сөзінде  түркі  мəде-

ниетінде  Сыр  өңірінің  айрықша  орны  бар  екендігін 

ерекше атап өтті.

Мереке  барысында  облыс  əкімі  мен  халықаралық 

ұйым  басшысы  екі  сəбидің  тұсаукесер  рəсіміне 

қатысты.  Сонымен  қатар,  өңірдің  беделді  азаматта-

ры  жеті  баланың  айдарын  кесіп,  ата  дəстүр  бойынша 

жөн-жоралғы  жасады.  Тұсауы  мен  айдары  кесілген 

бүлдіршіндерге естелік сыйлыққа кітаптар табыс етілді.

Күн  мен  түн  теңеліп,  тіршіліктің  жаңарған  күнін 

Сыр  жұртшылығы  осындай  мерекелік  көтеріңкі  көңіл-

күймен  тойлады.  Жаңа  жылда  жақсы  тілектер  айты-

лып, жылы лебіздер арналды.  

 

 



 

 

 



Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА,

Суреттерді түсірген Н.НҰРЖАУБАЙ, 



Б.ЕСЖАНОВ.

Қалаға  қарасты  Қызылөзек  ауылдық  округінде  Ұлыстың  Ұлы  күні  қарсаңында  бірқатар 

жаңа  нысандар  ашылды.  Оның  ашылу  рəсіміне  қала  əкімінің  орынбасары   Шахмардан 

Байманов   қатысты. 

Ұлыстың 

Ұлы 


күні 

Қара өзек  ауылы  жаңа  бас-

тамалар  куəсі  болды.  Жер-

ананың  тоң  кеудесі  жібіген 

тұста  тұрғындар  көптен  бері 

елеусіз  қалған  жеміс-жидек 

бағын  қайта  түлетті.  Атал-

мыш жеміс бағы тоқсаныншы 

жылдары  Қараөзек  кеңша-

рының  директоры  болған 

Алтай   Сыздықовтың  бас-

тамасымен  бой  көтерген. 

Сөйтіп, ел өтеуі мен игілігіне 

жарады.  Кейін  «Қараөзек» 

шаруашылық серіктестігі та-

раған  соң  қараусыз  қалған-

ды.  Ол  енді  қайта  жан-

данып  отыр.  Оған  ауыл 

əкімдігінің 

бас тамасымен 

тазарту  жұ мысы  жүргізіліп, 

А.Сыздықовтың  есімі  бе-

рілді.  Мерекеге  орай  бақ 

ішінен  ардагерлер  мен  жас-

тар  аллеясы  ашылып,  ай-

наласына  жаңа  көшеттер 

отырғызылды. 

Сонымен  наурыз  мере-

кесіне  орай  ашылған  тағы 

бір  нысан – «Хандəулет 2» 

мектепке  дейінгі  білім  беру 

мекемесі.  Бүгінге  дейін 50 

орындық  шағын  орталықты 

қанағат  тұтқан  қызылөзектік 

бүлдіршіндер үшін бұл үлкен 

тарту  болды.  Аталмыш  ме-

кеме 70 орынды  қамтиды. 

Балабақша  заман  талабы-

на  сай  құрал-жабдықтармен 

қамтылған.  Ағылшын  тілі 

мұғалімі,  логопед  маман-

дар жəне үйірме жетекшілері 

тұрақты жұмыс жасайды. 

«Қарты 


бар 

елдің 


қазы насы 

бар» 


дейтін 

қазекеңнің 

ұрпағы 

қа-


шанда 

үлкенді 


сыйлай  

білген.  Бүгінде  Қы зылөзек 

ауылында 300-ге  жуық 

еңбек жəне 27 тыл ардагері 

бар.  Көпті  көрген  көнекөз 

қариялардың  ақыл-кеңесі, 

өмірлік  тəжірибесі  бүгінгі 

жастарға 

азық 

бола-


ры  сөзсіз.  Осы  орайда, 

«Қараөзек»  мешітінің  жа-

нынан  ардагерлер  бөлмесі 

ашылып,  оларға  құрмет 

көрсетілді. 

Аталмыш 


орында  ардагерлердің  өз-

ара  пікір  алмасып,  бос 

уақытта  шахмат,  дойбы 

ойнауына, 

газет-журнал 

оқуына жағдай жасалған. 

Ұлыс  күні  бастау  алған 

игілікті  істердің  жалғасы 

ауылдың  орталық  алаңында 

жалғасын тапты.  Мұнда ауыл 

халқы  Наурыз  мерекесін 

тойлады.   Дəстүрге  сай  жөн-

жоралғылар  жасалды.  Бал-

уандар  боз  кілемде  белдес-

се,  жастар  арқан  тартысты. 

Жігіттер  кір  тасын  көтеріп, 

мықтылығын 

көрсетті. 

Жас   тар  қауымы  осылайша 

бəсекеге  түссе,  ауылдың  мə-

дениет  үйінде  ақындар  ай-

тысы  өтті.  Респуб лика,  об-

лыс 

көлемінде 



танымал 

М.Ниязов,  Е.Əбдиев  сын-

ды  елге  белгілі  ақын дар  ай-

тыстың көрігін қыздырды. 



Айдана СЕЙІЛ. 

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹22      25 ÍÀÓÐÛÇ, 2017 ÆÛË

ҚÎҒÀÌ

2

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

АҚПАРАТТАР 

АҒЫНЫ

МӘЖІЛІС

ТӘРТІП

ӨРКЕН

ЖАНАШЫР

КӨҢІЛГЕ ШАТТЫҚ 

СЫЙЛАДЫ

Облыстық  ТЖД  Өрт  сөн-

діру  жəне  авариялық-құтқару 

жұмыстары  қызметі  №1  ма-

мандандырылған  өрт  сөндіру 

бөлімінің 

ұжымы 

ардагер 

Наталья   Новикованың  үйіне 

барып,  мерекемен құттықтады.   

Ол  осы  салада  жиырма  бес 

жылдан  астам  еңбек  етіп,  ел 

алғысына бөленген жан.  

Бөлім  бастығы,  азаматтық 

қорғау  майоры  Н.Ілиясов  ұжым 

атынан  зейнеткерді  Ұлыстың  Ұлы 

күні  мерекесімен  құттықтап,  ұзақ 

ғұмыр, əулетіне қуаныш тіледі. 

Наталья  Новикова  да  ұжым-

дастарына  алғыс  білдіріп,  өзінің 

жүрекжарды лебізін айтты. 

 

ҰЛЫҚ МЕЙРАМ 

АТАП ӨТІЛДІ

Наурыз  мерекесіне  орай  ЗК-

169/5  мекемесінде  жаза  мерзімін 

өтеуші сотталған азаматтар ара-

сында салтанатты шара өтті.  

Шараға  жазасын  өтеушілердің  

ата-аналары  шақыртылды.  Олар 

бауырсақ  пісіру,  наурыз  көже 

дайындау  сайысына қатысты.  Жа-

засын  өтеп  жатқан  азаматтар  да 

қазақша  күрес,  футбол,  волей-

бол,  гір  тасын  көтеру,  арқан  тар-

тыс, асық ату жарыстарынан сынға 

түсті. 


Облыстық  филармония  əртіс-

тері  əннен  шашу  шашса, «Арылу»  

қоғамдық ұйымы мен дене шынық-

тыру  жəне  спорт  басқар масы  ма-

мандары  спорттық  шара ларға  бел-

сене атсалысты. 

Ата-аналар  ұйымдастырушы-

ларға өз алғыстарын білдірді.



ВОЛЕЙБОЛДАН 

ЕЛ БІРІНШІЛІГІ

«Мұз  айдыны»  спорт  ке-

шенінде 2001-2002 жəне 2003-2004 

жылдары  туылған  қыздар  ара-

сында  волейболдан  Қазақстан  

Республикасының көктемгі чем-

пионаты  басталды, – деп  хабар-

лайды облыстық спорт жəне дене 

шынықтыру 

басқармасының 

баспасөз қызметі.  

Жарысқа  əр  облыстан  келген 

36 команда қатысып, бақ сынауда.

2003-2004  жылғылар  арасын-

да  алғашқы  ойында    Қызылорда 

облысының      командасы  еліміздің 

солтүстігінен  келген  волейболшы-

ларды  3:0 есебімен ұтты.

Жалпы,  жол-көлік  инфрақұры-

лы мы 


саласында 

жаңа 


жоба-

лар  жүзеге  асырылуда.  Осындай 

ауқымды  жоба  аясында  ең  үлкен 

жолдың  бірі – Қорқыт  ата  көшесін 

қайта жаңғырту жүргізіледі. Маман-

дардың  айтуынша,  оған  облыстың 

тайқазанынан 1 млрд. 426 млн. теңге 

қаралған. 

Қомақты  қаржыға  Қазыбек  би 

көшесінен  Жезқазған  автожолына 

дейінгі  ұзындығы 5,8 шақырымды 

құрайтын жолдың ені 14 метрлік 4 

жолақты  болады.  Сонымен  қатар, 

жаяу  жүргіншілер  жолы,  түнгі 

жарық бағаналары, 22 аялдама са-

лынады  жəне  екі  бетіне  барлық 

талаптарға  сай  суағар  орналаса-

ды.  Қазіргі  күні  қайта  жаңғырту 

жұмыстары басталып кетті.

Оған  қоса  қала  көлемінде 

14  көшеге  орташа  жол  жөндеу 

жұмысы  жүргізіледі  деп  жоспар-

лануда.  Ал, 50 көше  ағымдағы  жол 

жөндеуден  өтеді.  Облыстық  бюд-

жеттен  бөлінген  қаражатқа  Ақсуат 

ауылдық  округінде  ұзындығы 6,9 

шақырым болатын 6 көшеге орташа, 

Тасбөгет кентіндегі 2,2 шақырымды 

құрайтын 2 көшеге  күрделі  жол 

жөндеу  жұмыстары  жүргізіледі. 

Мұндай  науқан  «Өңір лерді  дамы-

ту» бағдарламасы бойынша басқа да 

елді мекенде жалғасын таппақ.

Соңғы 4 жылда жол құрылысын 

дамытуға 21 млрд.  теңге  тарты-

лып, 400 шақырымнан  астам  жол-

дар  орташа,  күрделі  жəне  қайта 

жаңғыртудан  өтті.  Оның  ішінде 

шет  аймақтан 37 көше  жөнделді. 

Сондай-ақ, жаяу жүр гінші жолдары 

салынып,  жарық  бағаналары  орна-

тылды. 


Облыстық  бюджеттен  бөлін-

ген 


қаржыға 

Сұлтан 


Бейба-

рыс тан  Əбілхайырхан  көшесіне 

дейінгі  аралықта,  Сырдария  өзе -

нінің  бойы нан  ұзындығы 7 ша-

қырымды 

құрайтын 

«Тəуелсіз-

дік»  даңғылы  ашылды.  Мұнда 

барлық 

стандарттарға 



сəйкес 

жарық  бағаналары,  аялдамалар, 7 

шақырымды  құрайтын  жаяу  жүр-

гіншілер  жолы  мен  арнайы  вело-

жолақ қарастырылған.

Сыр  елінің  бас  шаһары – 

Қызылорда қаласының даму жос-

парына сай Сырдария өзенінің сол 

жағалауын  дамыту  мақсатында 

заманауи  үлгідегі  жаңа  қала 

тұрғызу  жобасы  қолға  алынды. 

Сол жағалауды игерудің алғашқы 

қадамы  басталды.  Құны 6 млрд. 

Теңгеге  өзеннің  екі  жағалауын 

байланыстыратын, 

автомобиль 

кө пірінің  құрылысы  аяқталып, 

халық игілігіне берілді. 

Жалпы,  шетелде  жол  жөндеуге 

ерекше  ден  қояды.  Онда  мамандар 

жөнделген  жолдың  сапасы 50-60 

жылға дейін сақталу керектігіне мəн 

береді. Жыл сайын біздегі ауқымды 

жобаға 


орай 

қомақты 


қаржы 

бөлінуде.  Сондықтан,  қала  халқы 

жасалған  істің  сапалы  болғанын 

қалайды. 



Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Суретті түсірген: 



Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.  

Аталған  клуб 2005 жылдан  бері  жұмыс  істейді.  Оның  негізгі 

мақсаты – саяси-экономикалық,  əлеуметтік-мəдени  бағыттағы 

мəселелерді  талқылау.  Үстіміздегі  жылдан  бастап   бұл  топ  өңірлерді 

аралауды бастады.

Жиын  барысында  заң  ғылымдарының  кандидаты  М.Ғабдуалиев 

еліміздің саяси алаңындағы басты тақырып – Конституциялық реформа  

туралы ой-пікірімен бөлісті 

–  Əлеуметтік-экономикалық  үдерістегі  біршама  өкілет тілікті 

Үкімет  пен  Парламентке  беру  олардың  жұмысын  қоғамның  бет 

алған  бағытына  сай  нəтижелі  ету  үшін  жасалып  отыр.  Бұл  əсіресе, 

партиялардың сайлаушылар алдындағы саяси жауапкершілігін артты-

ра түседі, – деді ол.

Сондай-ақ,  Елбасының  бастамасымен  билік  тармақтарын  бөлу 

реформасына  кеңінен тоқталды. 

–  Алдағы  уақытта  жергілікті  өзін-өзі  басқару  талаптары  да 

жаңа  конституциялық  кезеңге  лайықталады.  Осыған  дейін  ауыл 

əкімдері  аудан  əкімінің  ұсынысына  орай  жергілікті  мəслихат 

депутаттарының дауыс беруімен сайланды.   Енді оларға тікелей сай-

лау жүйесі енгізіледі, –  деді М.Ғабдуалиев.

Отырыс  соңында  қатысушылар  тарапынан  бірқатар  сауалдар  

қойылып, оған тұшымды жауаптар алынды.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал